Ақыл ойы бұзылған балаларға білім беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Ақыл ойы бұзылған балаларға білім беру
  2. Ақыл ойы бұзылған балаларды оқыту әдістері
  3. Ақыл ойы бұзылған балаларды тәрбиелеуде ойынның маңызы
  1. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Дефектология (лат. дефект - жетімсіздік және гр. логия - ілім) - педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылымның арнаулы саласы.

Бұл саладағы зерттеу нұсқасы мүмкіндігі шектеулі балалар, яғни тәрбиелеуі қиын (аномальді) балалар. Ондай жандарға қарап арың, ұятың оянады. Олармен жұмыс істеу өте қызықты, сонымен қатар аса жауапкершілікті, шыдамдылықты талап етеді.

Олигофренопедагогика - ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым. Олигофренопедагогика педагогикалық ғылымның жеке тарауына әзірлеуі жалпы білім беру мектептерінің кеңейтілгеніне байланысты балалар арасындағы ақыл-ой жағынан қалып қойғандық кұбылысына дәрігерлер, ұстаздар, психолоттар мен қоғам қайраткерлердің назары аударылған кезі ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ гасыр басына катысты. Олигофренопедагогика мазмұны болып табылатыны:

1. Балалардағы ақыл-ой қалып қойғандық мэні, аномалды баланың ерекшеліктерін педагогикалық және психологиялық зерттеудің жолдары мен құралдары туралы ілім;

2. Ақыл-ой дамуынан қалып қойған баланы оқытудың теориясы (дидактика) ;

3. Көмекші мектептердегі ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды оқытудың гылыми негіздемесі;

4. Мектеп курсының пәндері бойынша ақыл-ой дамуынан қалып қойган балаларды білім мен дағдыларға оқытудың жеке әдістемелердің негіздемесі;

5. Ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларда еңбекке сәтті енгізуі мен социалистік жатакхананың ережелерін орындауына қажетті жа5ымды өнегелі қасиеттерді тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістердің негіздемесі.

1. Интеллектісі бұзылған адамға арнайы білім берудің мемлекеттікстандарты негізіндегі тұжырымдар төмендегі жағдайларды анықтайды:

  • Педагогикалық сенім, қазіргі гуманистік көзқарасқа негізделген, әрбір адамның, оның интеллектуальды қабілеті мен шектеулі мүмкіншілігіне қарамай білім үрдісін қосылу құқығын мойындайды;
  • Ертелеу педагогикалық көмек көрсету, бала дамуындағы ауытқушылықты ертерек байқап, анықтауды қамтамасыз етуді көздеп, оның білімділік сұраныстарының ерекшеліктерін анықтай отырып, баланың дамуын-дағы алғашқы ауытқушылықты анықтаған сәттен мақсатты бағытта коррекциялық - педагогикалық көмек көрсетудегі бастау қажет;
  • Білім беру бағытының (түзетіп-теңестіру) коррекциялы - теңестіруі - оқушының сау күйіне сүйене отырып, жұмсалған және жартылай қызметін компенсациялау үрдісінде қосымша мүмкіндіктер жасауды болжайды;
  • Әлеуметтік-бейімдеу бағытындағы білім беру-арнайы білімдік-коррекциялық үдерісте даму мүмкіншілігі шектеулі адамның әлеуметтік өмірде тәуелсіз және өз бетінше болуын қамтамасыз ететін кұрал ретінде қарастырылады;
  • Арнайы білім берудің құралы ретінде ойдың ділдің және сөйлеуді дамыту - интеллектуалды жетіспеушілігі бар адамдардың өзіндік арнайы ерекшеліктерін таным қызметінің тұрақты бұзылуы деп санау қолданылады. Сондықтан оларға білімдік сұраныста маңыздысы ойлау, тіл және сөйлеуді дамытуға коррекциялы-педагогикалық көмек қажет болып келеді;
  • Оқыту және тәрбиелеуге іскерліктің бабын табу интелектісін бұзылған балаларды заттық-практикалық қызметін ұйымдастыра отырып, сөз жүзінде оқытуды енгізуге негізделген. Заттық-практикалық қызметі жоғары психикалық функцияның сенсомоторлық даму негізіне өмірлік және практикалық тәжірибиеден әлеуметтік қарым-қатынасқа икемдеуді меңгеруге көмектеседі;
  • Жеке және дара тұрғыдан кему-интелектуалды жетіспеушілігі бар балалар мен жасөспірімдердің түрлі типтік ерекшеліктерінің ақыл-ой бұзылуы;
  • Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану;
  • Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады ; логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды.

2. Ақыл ойы - кем балаларды оқытудың негізгі әдісі - біріктіру болып табылады . Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап, білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап, зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу - басты мақсат болып отыр. Біріктіру әдісі - білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып табылады.

Біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі:
- дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету
- дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері.

Біріктіре оқыған балаға түзету көмектері міндетті:
Біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау психоэмоционалдық дамуы терең бұзылған балалар қалыпты балалар арасында тәрбиелене алмайды. Ақыл - ойы кем балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасау.

« Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы жұмыс тобын құрып, әр баланың қабілет - қарымын анықтап, дұрыс бағыт - бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек ».
Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға Үкіметтен бастап, мектептерге дейін мән берілуде . Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды.
Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы » Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ .

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады . Осыған орай мәселелерді шешу жолында әр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап, үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн . Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек . Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық - педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді.

3. Ақыл ойы бұзылған балаларды тәрбиелеуде ойынның маңызы

Ойын - балаға қарым-қатынас жасаудың әдіс-тәілдерін және аттармен іс-әрекет жасауды үйрететін, баланы тәрбиелеу мақсатында қолданылатын балалар әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала тұлға ретінде дамиды, психикасы қалыптасады. Жас баланың өміріне ойын өте керек екендігі әркімге де мәлім. Оқып жүргенде бала ойнап жүрсе, оның жігері, күші молайып, құлқы түзеліп, білігі артады. Ойын адамның денесін ширатады, зейінін ашады, басқалармен бірге сыйласып, жұмыс істеуге дағдыландырады.
Тәрбиеші баланың кез келген іс-әрекеті белгілі бір міндетті шешуге бағытталғанын есінен шығармауы тиіс. Ойын барысында балаға берілетін мақсат, оқу үрдісіндегі міндеттер ерекшеленіп тұруы қажет. Ойын мақсатының мазмұны баланың өмірімен, оның айналасындағылармен, оның білімімен тәжірибесіне сай болуы міндетті.

Ойын шынайы эмоцияға толы болу үшін, педагог оны басқарып отыруы тиіс, дәлірек айтсақ, баланы біртіндеп шартты ойын жоспарына итермелей отырып, баланың тактикалық тәжірибесін мақсатты түрде одан ары байыта түсуге ықпал жасау керек. Баланың шығаршашылық қабілеті ойнау барысында анық көрінеді.

Жақсы ойын және әрекет жасау тәсілері ақыл - ойы төмен, эмоциялық сферасы бұзылған және қолайсыз отбасында тәрбиеленуі балалардың дамуына өз ықпалын тигізбей қоймайды.

Ойын баланың жақын арадағы аймағын құрып, мектепке дейінгі жаста жетекші іс-әрекеті болып табылады. Ол біріншіден, ұжым арасында жұмыс жасауы қалыптастуымен, шығармашылық қабілетін көрсетумен, өз мінез-құлқын басқарумен байланысты болса, екінші жағынан ойын балалардың өмірлік тәжірибесін кеңейте түспек. Ойын барысында баланың дамуы біріншіден оның мазмұнының әр бағытта өрбитіндігінен жүзеге асырылады.
Ойынның дене тәрбиесіне ( қозғалмалы), эстетикалық ( музыкалық), ақыл-ой
(дидактикалық және сюжетті) тәрбиесіне арналған түрлері көп. Оның көпшілігі баланың адамгершілік тәрбиесін (сюжеті-рөлдік, ойын-драматизация, қозғалмалы және әуендік) дәріптеуге қолайлы. Сюжетті және танымдық, әуендік ойындар әр баланың жалпы психикалық дамуы үшін үлкен маңызы бар өзінің дамытушы функциясымен бағалы.
Ақыл-ойы кем кіші сынып оқушысы ойынды өз бетінше дөңгелетіп алып кете алмайды. Оның себебі : ми қабатының интегративті іс-әрекетінің дамымаушылығы, үлкендермен эмоцияллық-іскерлік қарым-қатынасының жоқтығы. Арнайы мектепке келген ақыл-ойы кем кіші сынып оқушысы мүлдем ойнай алмайды. Ақыл-ойы кем бала ойнауға арнайы үйретілмесе, ол ойынның бірізділігін және жетекші әрекет екенін түсінбейді, ойын баланың психикалық дамуына әсе ете алмайды. Бұндай түрдегі ойын ақыл-ойы кем баланың дамуындағы кемістіктерін түзету және толықтырудың тәсілі бола алмайды.

Соңында айтылатын ой, оқытушы-дефектологтың және тәрбиешінің алдында ақыл-ойы кем баланы ойын әлеміне біртіндеп енгізу, оған әртүрлі ойын тәсілдерін үйрету, өз құрдастарымен қарым-қатыныс жасаудың түрлі тәсілін қолдануға үйрету мақсаты тұрады. Ақыл-ойы кем баланың ойынға деген құлшынысы ояну үшін, ойын алдын-ала дайындалып және баламен бірге ойналуы керек.

Қорытынды

Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр.
Бүгінгі күні білім саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер жеткілікті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терең зиятының бұзылуы
Зият ауытқуларының түрлері
Тұқым қуалаушылық ауруы бар балалар
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту жағдайлары
Аномальды балалар
Көмекші мектептегі маметикалық білімді тексеру
Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арнайы типтік оқу бағдарламалары
Көру кемшілігі бар балаларды мектепте оқыту
«Ақыл-ой кем балалармен коррекциялық түзету әдістерін жүргізу»
Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz