Әскери қылмыстардың түрлері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 БӨЛІМ. Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы 5
2 БӨЛІМ. Әскери қылмыстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1. Әскери қызметшілері арасында бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым.қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар ... ... ... ... ...10
2.2 Әскери қызметті өту тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар ... ... 20
2.3 Арнайы қызметтерді атқару тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстар27
2.4. Қаруды, оқ.дәрілерді, басқа әскери мүлікті ұстау тәртібін және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктерін бұзатын қылмыстар ... ... ... .35
2.5. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.6. Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар51
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 БӨЛІМ. Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 5
2 БӨЛІМ. Әскери қылмыстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1. Әскери қызметшілері арасында бағынушылық тәртібіне және жарғылық
қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар ... ... ... ... ...10
2.2 Әскери қызметті өту тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар ... ... 20
2.3 Арнайы қызметтерді атқару тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстар27
2.4. Қаруды, оқ-дәрілерді, басқа әскери мүлікті ұстау тәртібін және
әскери техниканы пайдалану ерекшеліктерін бұзатын қылмыстар ... ... ... .35
2.5. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің
мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.6. Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған
қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5 6
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
К і р і с п е
Еліміздің Қарулы Күштері – оқшауланған әлеуметтік тетік емес, ол
қоғамның негізгі ажырамас бөлігі болып танылады. Әлеуметтік қайшылықтар
қатты шиеленістен ыдырау процестері ұдайы асқынып жаатқан жағдайда
әскерилер еңбегінің беделі мен қадірі шұғыл төмендеп әскерилер еңбегінің
беділі мен қадірі шұғыл төмендеп әскери қызметшілердің құқық бұзушылық
жасауы арта түседі
Қылмыстық заңнама Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құрудағы
жаңа үрдістерді және қазіргі жағдайда әскери құқық тәртібін нығайту
қажеттілігін көрсетеді. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының әскери
құрылысты реттейтін ережелеріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
жалпы әскери жарғыларына, мысалы ҚР 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қорғаныс және
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы заңына; Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы ІІ-1897 Жалпыға бірдей әскери
міндет және әскери қызмет туралы заңына және ҚР 1993 жылғы 20 қаңтардағы
Әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік
қорғалуы туралы заңына және 2001 жылғы 20 наурыздағы Келісім-шарт бойынша
әскери қызмет туралы заңына сәйкес келтірілген.
Қылмыстық құқық пен әскери заңнаманы бөліп қарастыруға болмайды. Бұл
ерекшелік әскери қылмыстық заңнамаға қылмыстық құқықтың міндеттері мен
принциптері туралы ережелердің, қылмыстық жауапкершлік негіздерінің толық
таралатынымен түсіндіруге болады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде көзделген барлық қылмыс
құрамдары бар іс әрекет қана қылмыстық жауапкершілікті тудырады. Қылмыстық
заңда берілген қылмыс, кінә және оның нысандары түсінігі, іс әрекеттің
қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар, аяқталмаған қылмыс, қылмысқа
қатысуы үшінжауапкершілік жағдайлары бүкіл қылмыстық заңнама үшін біртұтас
болып келеді.
Қылмыстық және әскери қылмыстық заңнаманың біртұтастығы әскери қылмыс
ұғымынан көрінеді.
Қазақстан Республикасы ҚК 366-бабында қылмыстың жалпы белгілері
қайталанбай, тек қана әскри қылмыс объектісі мен субьектісінің
ерекшеліктері көрсетіледі.
Арнайы орныдалған диплом жұмысында әскери қылмыстардың қылмыстық
құқықтық сипаттамасы беріліп олардың мазмұнын ашуға бағытталған.

Қазақстан Республикасын қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің ең
маңызды функцияларына жатады және бүкілхалықтық іс болып келеді.
Конституцияның 36-бабының 1-бөлігіне сай Қазақстан Республикасын қорғау,
ұлтына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, мүліктік және лауазымды
жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, дінге қатынасына, кәсібінің тегіне
және мінезіне, саяси және өзге сенімдеріне, қоғамдық ұйымдар мен
бірлестіктерге жатуына қарамастан, оның әр азаматының ардақты борышы және
міндеті болып келеді [1].
Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті заңмен белгіленген
тәртіпте және түрлерде атқарады (Конституцияның 36-бабының 2-бөлігі).
Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бөлімдері, басқармалары,
мекемелері және ұйымдарының әскери қызметшілері әскери қызметті атқаруының
қатаң тәртібін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұзушылықтар
жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, материалдық, әкімшілік және
қылмыс жауапкершілігін көтереді.
Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының ҚК 16-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған.
ҚК 336-бабына сай: "Әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа
да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери
қызметшілердің, сондай-ақ запастағы аза-маттардың жиындардан өту кезінде
әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген
қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады".
Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әскери қызметті атқару
тәртібін реттейтін қатынастарға (әскери қылмыстардың тектік объектісі)
қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады [2].
Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне
озбырлық жасамайтын құқыққа қайшы іс-қимылды жасауы, мысалы: қарақшылық,
зорлау, бұзақылық және с.с. әскери қылмыстарға жатпайды және
жауапкершілікті ҚК басқа тиісті тарауларының баптары бойынша тудырады.
Бөлек әскери қылмыстарының нақты объектісі болып – әскери қызметті
өтудің бір немесе өзге жақтарын орнататын қатынастар келеді. Нақты
объектісі бойынша әскери қылмыстарды алты топқа бөлуге болады:
1. Әскери қызметкерлерінің арасындағы бағынушылық тәртібіне және
жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар: бұйрыққа бағынбау
немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап); бастыққа қарсылық көрсету немесе
оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (ҚК 368-бап); бастыққа қарсы
күш қолдану әрекеттері (ҚК 369-бап); бір-бірінің бағыныштық қатынастары
болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың
жарғылық ережелерін бұзу (ҚК 370-бап); әскери қызметшіге тіл тигізу (ҚК 371-
бап);
2. Әскери қызметті өту тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстар: бөлімді
немесе қызмет орнын өз бетімен тас-тап кету (ҚК 372-бап); қашқындық (ҚК 373-
бап); дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери
қызметтен жалтару (ҚК 374-бап);
3. Арнайы қызметті атқару тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар:
жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ережесін бұзу (ҚК 375-бап); шекаралық
қызмет атқару-дың ережесін бұзу (ҚК 376-бап); қарауыл (вахта) қызметін
атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 377-бап); ішкі қызмет атқарудың және
гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (ҚК 378-бап); қоғамдық
тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет
атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 379-бап);
4. Қаруды, оқ-дәрілерін, өзге әскери мүлікті күтіп ұстаудың тәртібіне
және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктеріне қиянат жасайтын қылмыстар:
құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету (ҚК 382-бап); әскери мүлікті
қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 387-бап); әскери мүлікті абайсыздықта
құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап); әскери мүлікті жоғалту (ҚК 389-бап);
айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен
нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (ҚК 390-бап); машиналарды жүргізу немесе
пайдалану ережелерін бұзу (ҚК 391-бап); ұшу немесе оған даярлану ережелерін
бұзу (ҚК 392-бап); кеме жүргізу ережелерін бұзу (ҚК 393-бап);
5. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің
мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар: билікті теріс пайдалану, биліктің
асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі (ҚК 380-бап); қызметке селқос қарау
(ҚК 381-бап); жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (ҚК
383-бап); әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери
сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту (ҚК 386-бап);
6. Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған
қылмыстар: тұтқынға өз еркімен берілу (ҚК 384-бап); тонаушылық (ҚК 385-
бап);
Әскери қылмыстардың объективтік жағы әрекеттерден, мысалы бастыққа
қарсы күш қолдану іс-әрекетінде (ҚК 369-бап), әскери қызметшіге тіл
тигізуде (ҚК 371-бап) немесе әрекетсіздіктен, мысалы: қызметке селқос
қарағанда (ҚК 381-бап) тұруы мүмкін.
Өзінің құрылысы бойынша әскери қылмыстардың құрамдары – формальды (ҚК
373-бап), материалды (ҚК 390-бап) немесе формальды-материалды болуы мүмкін
(ҚК 376-бап).
Көптеген әскери қылмыстардың субъективтік жағы қасақана кінәмен
сипатталады, мысалы: бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК
372-бап), қашқындық (ҚК 373-бап), әскери мүлікті қасақана құрту немесе
бүлдіру (ҚК 387-бап) және басқалары. Кейбір әскери қылмыстар абайсыздықтан
да жасалынуы мүмкін, мысалы: әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру
(ҚК 388-бап). Бөлек қылмыстар қасақана да, абайсыз да жасалынуы мүмкін,
мысалы: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап),
жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 375-бап).
Бөлек жағдайларда субъективтік жақтың қосымша сипаттары болып қылмысты
жасау мақсаты мен себебі келеді, мысалы: дене мүшесіне зақым келтіру
жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап), жауға
соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (ҚК 383-бап) және с.с.
Әскери қылмыстардың субъектісі арнайы, яғни әскерге шақыру бойынша не
келісім шарт бойынша Қазақ-стан Республикасының Қарулы Күштерінде,
Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрамаларында әскери
қызмет атқарушы адам, осымен қатар жиындарды өтіп жатқан азаматтар.
1992 жылғы 22 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының "Қорғаныс және
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы" Заңының 4-бабына сай
Қарулы Күштер өзіне: әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін –
құрлық әскерлерін, ауаға қарсы қорғаныс әскерлерін, әскері – ауа күштерді,
тылды, әскери - құрылыс бөлімдерін, әскери-оқу орындарды кіргізеді [3].
Өзге әскери құрылымдары ретінде шекаралық және ішкі әскерлер,
Республикалық Ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскерлері, азаматтық
қорғаныстың басқару органдары мен бөлімдері.
Қазақстан Республикасының ҚК Ерекше бөлімі қарастырған құқыққа қайшы
әрекеттерден әскери қылмыстар екі ерекшеліктермен – сұғынушылықтың ерекше
объектісімен және қылмыстың арнайы субъектісімен айырылады.
Әскери қылмыстарды соғыс уақытында немесе жауынгершілік жағдайда жасау
бағалау жағдайы болып келеді және өлім жазасына дейін көтеріңкі
жауапкершілікті тудырады.
2 БӨЛІМ. ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар
Қазақстан Республикасының "Қорғаныс және Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері туралы" Заңының 5-бабына сай Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері құрылуының ең маңызды қағидасы болып орталықтандырылған басқару
және бірбастылық келеді. Соңғысы командирді (бастықты) бағыныштыларына
қарағанда өкімді биліктің толықтығына бөлеуден және олардың әскери қызметті
атқаруының барлық жақтары үшін оған жеке жауапкершілікті жүктеуден
құралады. Қарулы Күштердің Уставына сай бір бастылық қағидасы командирге
(бастыққа) бағынышындағыларға бұйрықтарды беру және соңғыларды осы
бұйрықтарды сөзсіз орындауға міндеттеу құқығын береді [4].
Командир (бастық) – бұл бір немесе армия, флот, әскери құрылым, әскери
бөлімше, әскери кеменің немесе олардың бөлімшелерінің оған тұрақты болмаса
уақытша басқа әскери қызметшілері бағынатын әскери қызметші.
Командирлер (бастықтар) бір-бірімен қызмет жағдайына немесе әскери
атақтарына қарай айырылады. Мысалы: әскери бөлімнің немесе оның құрамындағы
бөлімшенің командирі өзінің қызмет жағдайына сай сол бөлім немесе
бөлімшенің жеке құрамы үшін бастық болып келеді, ал әскери атақтарына сай
генералдар мен офицерлер сержанттар, старшиналар, прапорщиктер, мичмандар
үшін бастық болып танылады. Соңғылары өз кезегінде қатардағы сарбаздар мен
матростар үшін бастық (командир) ретінде танылады.
Бұйрық қызмет мүдделерінде заңдар мен әскери жарғылардың талаптарына
сай беріледі. Ол жазбаша немесе ауызша нысанда, телефон, радио немесе
телеграф немесе біреуді жіберу арқылы және басқаша да берілуі мүмкін.
Бұйрық, басым көпшілік жағдайларда, бағынышты адамның әскери қызметі
саласына жатады, бірақ та оның қызметтен тыс, көпшілік орындардағы және
с.с. жерлердегі жүріс-тұрысына да қатысты болуы мүмкін.
Командир (бастық) бұйрығын орындамау – қауіпті әскери қылмыстардың бірі
болып келеді және заң бұл үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырған.
367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
ҚК 367-бабы бұл қылмысты: "Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын
орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіпте
берілген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп
өзгедей әдейі орындамау" деп анықтайды.
Осы қылмыстың нақты объектісі болып – армия мен флотта бағыну тәртібін
қатаң сақталуын қамтамасыз ететін әскери қарым-қатынастар келеді.
Объективтік жақ командир (бастықпен) бекітілген тәртіпте берілген
бұйрықты орындамау, елеулі зиян болуында және іс-әрекет және салдары
араларындағы себепті байланыста болып келеді. Бөлім, бөлімше жарғыға,
жоғары тұратын бұйыруына сай өткізілген маңызды әскери шаралар сәтсіздікке
ұшыраған жағдайларда зиян елеулі болып танылады.
Бұйрықты орындамау нысаны бағыныштының командирдың бұйрығын үзілді-
кесілді орындамауында, әлде оның бұйрығын өзгеше орындамауында, яғни,
бұйрықты алған бағынышты адам оны орындаудан бас тартатыны туралы тікелей
айтпаса да, іс жүзінде оны орындаудан бас тартқаны көрініс табуы мүмкін
[6].
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей немесе жанама арам ниет түріндегі
қасақана кінәмен сипатталады. Кінәлі ол бастық (командир) бұйрығын
орындамағанын сезінеді, қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірілуі
мүмкіндігін немесе оның болмай қалмайтынын алдын ала болжайды, осындай зиян
болуын қалайды немесе саналы түрде жол береді, әлде оның туындауына
немқұрайды қарайды.
Қылмыс субъектісі арнайы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
бұйрықты берген адамға бағынышты болып келетін әскери қызметші немесе
әскери міндетті адам.
ҚК 367-бабының 2-бөлігі адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша
немесе ұйымдасқан топпен (31-бапты қараңыз), осымен қатар ауыр салдары
туғызған дәл осындай іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастырады.
Ауыр салдар ретінде бөлім, бөлімше, кеменің ұдайы жауынгершілік
дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралардың олқылығы жауынгершілік
техниканы бұзу, әскери бөлімге елеулі материалдық залал келтіру және с.с.
түсініледі [7].
ҚК 367-бабының 3-бөлігі баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде
көрсетілген іс-әрекеттерді соғыс жағдайында немесе жауынгершілік
жағдайларда жасау үшін қарастырады.
ҚК 367-бабының 4-бөлігі ауыр салдары туғызған бұйрықты қызметке салақ
немесе арам ниетті қарау себебінен орындамау үшін жауапкершілікті
анықтайды.
ҚК 367-бабының 4-бөлігінің диспозициясынан бағынышты адамның бастық
бұйрығын орындамауы абайсыздықтан, яғни қылмысты немқұрайлық немесе
қылмысты менмендіктен болатыны шығады.
Кінәлі адам оның қызметке неқұрайлы қарағаны салдарынан бастық бұйрығы
орындалмайтынын, яғни бұйрықпен бұйырылған әрекеттер жасалмайтынын
болжамайды, осының себебінен ауыр салдар туындайды, алайда, қажетті
ұқыптылық және сақтық болған ретте осыны болжау тиіс тұғын және осыны алдын
ала болжай алатын. Немесе кінәлі адам қызметке жеткілікті дәрежеде адал
болмауы себебінен ауыр салдар туындай алатынын болжаған, бірақ та осыған
жеткілікті негіз болмай тұра ол олардың алдын алам деп ойлаған еді.
Құрылымы бойынша 367-баптың құрамы – материалды. Қылмыс елеулі зиян
келтірілген немесе ауыр салдар туындаған сәтінде аяқталған болып
есептеледі.
ҚК 367-бабының 5-бөлігі жауапкершілікті осы баптың төртінші бөлігімен
қарастырылған іс-әрекеттерді соғыс уақытында немесе жауынгершілік жағдайда
жасағаны үшін анықтайды.
368-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін
бұзуға мәжбүр ету
ҚК 368-бабы жауаптылықты екі бөлек қылмыс үшін қаратылады:
1) бастыққа сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген әскери
міндетті орындайтын өзге адамға қарсылық көрсету немесе
2) оны осы міндеттерді бұздыруға күш қолдану және күш қолданамын деп
қорқыту арқылы мәжбүр ету.
Бірінші және екінші қылмыстың да объектісі болып – бағыныштылық тәртібі
және әскери қызметшілері арасындағы жарғылық қарым-қатынастар келеді.
Қосымша объект – командир (бастықтың) сол сияқты өзіне жүктелген әскери
міндетті орындайтын өзге адамның өмірі, денсаулығы, бас бостандығы.
Қылмыстың объективтік жағы – бастық немесе әскери қызмет міндеттерін
атқаратын өзге адам ретіндегі белсенді әрекеттер арқылы білінеді, нақты
алғанда, қарсылық көрсетуде немесе оны әскери міндеттерін бұзуға
мәжбүрлеуде [8].
Қарсылық білдіру бұл – бастыққа немесе әскери қызмет міндеттерін
атқаратын өзге адамға оларға жүктелген әскери қызмет міндеттерін жүзеге
асыруға белсенді түрде кедергі ету.
Бастықты немесе әскери қызмет міндеттерін атқаратын өзге адамды
мәжбүрлеу, күш қолдану немесе оны қолданам деп қорқытумен қосыла жасалатын
және мақсаты болып көрсетілген адамдарды өз міндеттерін бұздыру, яғни
қызмет мүдделеріне қарсы заңға қайшы әрекеттерді жасатуға мәжбүрлеу
әрекеттерінен көрінеді. Мысалы:"дедовщина" жағдайларында екінші жыл қызмет
ететін әскери қызметшілер сержанттар, старшиналар және с.с. күш қолдану
арқылы қызметті бастап жатқан әскери қызметшілеріне қарағанда қызметті
атқарудың қолайлырақ жағдайларына иемденеді.
Мәжбүрлеу – дене немесе психикалық зорлық (күш қолдану) арқылы жасалады
[9].
Қаралатын қылмыстардың құрамы – формальды. Бастыққа қарсылық көрсету
немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету, бастық әскери қызмет
міндеттерін атқару мүмкіншіліктерінен айырылғаны– айырылмағанына қарамастан
немесе заңға қайшы мәжбүрлеу әсерінен орындағанына (орындамағанына)
қарамастан, кінәлі осы әрекеттерді жасаған сәттен аяқталған болып
есептеледі.
Екі жағдайда да субъективтік жақ тікелей қасақаналықта болады. Кінәлі
бастыққа сол сияқты әскери қызмет міндеттерін атқаратын өзге адамға
қарсылық білдіріп тұрғанын немесе осы міндеттерін бұзуға мәжбүрлейтінін
сезінеді, мәжбүрлеуін күш қолданумен түйістіреді немесе оны қолданам деп
қорқытады және осы әрекеттерді жасауды қалайды.
Субъект арнайы – ол ретінде бапта көрсетілген әрекеттерді жасайтын
бастықтың қарауындағы әскери қызметші болып келеді.
ҚК 368-бабының 2-бөлігі дәл осы әрекеттер үшін төмендегідей
жауапкершілікті қарастырады:
а) адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша немесе ұйымдасқан топпен
(ҚК 31-бабын қараңыз);
б) қаруды қолданумен;
в) денсаулыққа ауыр немесе орта дәрежедегі зиян немесе өзге ауыр салдар
ұштасуымен.
Қару ретіндегі штаттық армиялық қару (винтовка, автомат, пистолет,
граната, штык, кортик және с.с.), сол сияқты аңшылық қару, финдық пышақ,
кастет және зауытта немесе қолдан жасалынған, нысананы жоюға арналған өзге
де оқ-дәрілі немесе суық қару түсініледі [10].
Осы қылмысты жасаудың ең қауіпті әдісіне –қаруды қолдану арқылы
командирдің денсаулығына оқ-дәрілі немесе суық қарумен зиян келтіру, сол
сияқты психикалық қорқыту – қаруды ашу және бастыққа қарай көздеу, қорқыту
үшін ауаға қарай ату және мақсаты болып бастықты заңсыз әрекеттерді әскери
қызмет мүдделеріне қайшы жасаттыруға бағытталған с.с. көрінісін табады.
Бастықтың денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлық зиянды немесе өзге
ауыр салдарын тудырған қаруды қолдану ҚК 368-бабы 2-бөлігінің "б" және "в"
тармақтары бойынша бағаланады.
Денсаулыққа келтіретін ауыр зиянның ұғымы ҚК 103-бабында, орта
ауырлықтағы зиян ұғымы ҚК 104-бабында берілген. Өзге ауыр салдар ретінде:
бөлім, бөлімше, кеменің ұдайы жауынгершілік дайындығын қамтамасыз ету
бойынша шаралардың олқылығы жауынгерлік техниканы бұзу, әскери бөлімге
елеулі материалдық залал келтіру, жәбірленушіні абайсыздықтан өлтіріп алу
танылуы мүмкін.
Денсаулыққа ауыр немесе орта ауырлықтағы зиянды келтіру қаруды
қолданбағанда да (мысалы: өмірге қауіп төндірген құбылыстардың айқын
білінген кешенімен ұштасқан көру қабілетінен айыратындай жұдырықпен бетке
ұру, жарақаттар (сынықтар және сүйектердің шығып кетуі, мойын органдарын
қысу және с.с) орын- далғанда мүмкін болатынын ескеруге тиіс. Осы ретте
кінәлінің әрекеттері ҚК 368-бабының 2-бөлімінің "в" тармағы бойынша
бағалануы тиіс.
ҚК 368-бабының 3-бөлігі жауапкершілікті осы баптың бірінші және екінші
бөлігімен қарастырылған іс-әрекеттерді соғыс уақытында немесе жауынгершілік
жағдайда жасағаны үшін анықтайды.
369-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері
Бұл қылмыстың мәнісі – бастықты оның әскери қызметтерін орындауы үшін
немесе осы міндеттерді орындауға байланысты жасалған ұрып-соғуда немесе
оған қатысты өзге күш қолдануда болып келеді.
Бұл қылмыстың нақты объектісі болып – Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріндегі бағыну тәртібі келеді. Қосымша объект – бастықтың денсаулығы.
Қылмыстың объективтік жағы – бағыныштымен бастықты ұрып-соғудан, оған
жеңіл зиян келтіруден немесе соңғысына басқа да күш қолданудан құралады.
Ұрып-соғу және өзге күш қолдану терминдерінің талқылануы осы оқулықта ҚК
106-бабымен қарастырылған қылмыс қаралғанда берілген.
Бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттері ол әскери қызмет міндеттерін
атқарған кезде жасалады, мысалы бағынышты әскери жарғыны бұзғаны жөніндегі
әділ ескертуге жауап ретінде немесе бұдан бұрын бағынышты әскери қызмет
міндеттерін орындамағаны үшін салынған тәртіптік сөгіс үшін жазалау себеп
етіледі [11].
Қылмыс қызмет бабында да немесе қызметтен тыс та, мысалы бастықтың
бағынышты демалыста жүргенде онымен кездейсоқ кездесуі кезінде жасалынуы
мүмкін.
Қарсылық білдіру кезде немесе бастықты әскери қызмет міндеттерін
бұздыруға мәжбүрлеу әдісі ретінде жасалынған бастыққа қатысты күш қолдану
іс-әрекеттері ҚК 368-бабы бойынша бағалануға жатады.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі
бастығы әскери қызмет міндеттерін атқарғанына байланысты ол ретінде күш
қолдану әрекеттерін жасап тұрғанын сезінеді және осы әрекеттерді (ұрып
соққанда) жасауды қалайды. Салдарына қарай (денсаулыққа зиян келтіру)
қасақаналық тікелей немесе жанама болуы мүмкін.
Субъект арнайы – күш қолдану әрекеттері жасалатын бастықтың қарауында
болып келетін әскери қызметші.
ҚК 369-бабының 2-бөлігі дәл осы әрекеттер үшін жауапкершілікті олар
мынадай жағдайларда жасалғаны үшін қарастырады:
а) адамдардың тобымен, адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша
немесе ұйымдасқан топпен (ҚК 31-бабын қараңыз);

ұштасуымен. Көрсетілген бағалау сипаттары ҚК 368-бабының 2-бөлігі
қарастырған сипаттарға тән болып келеді.
ҚК 369-бабының 3-бөлігі жауапкершілікті осы баптың бірінші және екінші
бөлігімен қарастырылған іс-әрекеттерді соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда
жасағаны үшін бекітеді.
370-бап. Бір-бірінің арасында бағыныштық қатынастары болмаған кезде
әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық
ережелерін бұзу
Қылмыстық кодекс бұл қылмысты келесі жолмен тұжырымдайды:"Бір-бірінің
арасында бағыныштық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің
арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу,
денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен
қадір қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні масқаралауға байланысты бұзуы".
Нақты объект – бір-бірінің арасында бағыныштық қатынастары болмаған
кезде әскери қызметшілерінің арасындағы өзара қарым-қатынастардың тәртібі.
Объективтік жақ қызмет жағдайына қарай тән, сол сияқты олар арасында
бағыныштық қатынастары болмаған ретте әскери атақтары үлкен және кіші
әскери қызметшілері арасындағы қарым-қатынастардың жарғылық тәртібін бұзуда
болып келеді [12].
Бұзушылық – ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш
қолдану, не ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні
масқаралаудан көрінуі мүмкін. Бұл жәбірленушіні ұятты түрде табалап және
мейірімсіз күлкіге шығаруда, беттен соғуда, погондар мен өзге белгілерді
жұлып тастауда, арнайы киімдерді бүлдіруде, аяқ-киім мен арнайы киімге
бөтен заттарды салып қою, байлап тастау, бір бөлмеге қамап тастауда көрініс
табуы мүмкін.
Бұл қылмыстың құрамы – формальды болып келеді. Заң қылмыс ретінде
әскери қызметшілері арасындағы қарым-қатынастардың қандай да болсын
бұзушылықты емес тек жәбірленушіге қатысты күш қолдану немесе ұятты
әрекеттер түрінде көрініс тапқан бұзушылықты анықтайды.
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақаналықпен сипатталады.
Кінәлі әскери қызметшілері арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін жарғылық
тәртіптерді бұзатынын: ұрып-соғатынын, денсаулыққа жеңіл зиян келтіретінін
немесе ар-ождан мен қадір-қасиетті кемсітумен немесе жәбірленушіні
масқаралаумен байланысты күш қолдану жасайтынын сезінеді, осы әрекеттерді
жәбірленушінің ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту, басқаларға қарағанда
үстем болу және өзі үшін қызметтің артықшылықтық жағдайын тудыру мақсатында
жасауды қалайды [13].
Субъект арнайы – жәбірленушінің қарауында болып келмейтін әскери
қызметші.
ҚК 370-бабының 2-бөлімі жауапкершілікті дәл осы іс-әрекеттерді сипаттау
белгілері бола тұра жасау үшін қарастырады:
1. Бірнеше рет, яғни екі және одан көп рет.
2. Екі және одан көп адамдарға қатысты. Дәл сол әрекеттерді бөлек-бөлек
уақыт кезеңдерінде бір әскери қызметшіге қарсы жасау – ҚК 370-бабының 2-
бөлігінің "а" тармағына сай бағаланады.
3. Адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша немесе ұйымдасқан
топпен. Адамдар тобының және қосыла қатысушылықтың көрсетілген нысандарының
ұғымы ҚК 31-бабында берілген.
4. Қаруды қолданумен қаралатын 370-бап мағынасында, қаруды қолдану
ретінде қаруды басқа әскери қызметшінің ар-ожданын, қадір-қасиетін табалау
үшін (мақсатында) қолдануды түсіну қажет.Мысалы: қарумен қорқытып кінәлі
жәбірленушіні оның адамгершілік, қадір-қасиетін төмендететін немесе
қорлайтын әрекеттерді жасауға немесе жеке ұятты сұраныстарын (басына
кіргенін) қанағаттандыруға мәжбүрлеуі, әлде қызмет пен басқа әскери
қызметшілерге көзқарастарды өзгерттіруі мүмкін.
5. Жәбірленушінің денсаулығына орта ауырлықтағы зиян келтірумен (ҚК 104-
бабын қараңыз).
Бұл қылмыстың ерекше бағаланатын түрі заңда көрсетілген әрекеттердің
салдарынан ауыр нәтижелер туындауына байланысты орын алады (ҚК 370-бабының
3-бөлігі). Осылар ретінде жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру,
оның өлуі, өзін-өзі өлтіруі және с.с. танылуы мүмкін [14].
371-бап. Әскери қызметшіге тіл тигізу
Қылмыстық заң әскери қызметті атқару кезінде немесе оны атқарумен
байланысты бір әскери қызметшінің екіншісіне тіл тигізгені үшін
жауапкершілікті бекітеді (ҚК 371-бап).
Қылмыстың объектісі – әскери жарғыларымен анықталған, реттелінген,
әскери сыпайылық, әскери қызметшінің және адамның ар-ожданын және қадір
қасиетін қамтамасыз ететін әскери құқықтық қатынастардың саласы.
Қылмыстың объективтік жағы – бір әскери қызметшінің екіншісіне тіл
тигізуі. Қазақстан Республикасы Әскери Жарғылары әскери қызметшілерінің
өзіндігін сыйлау, олардың жеке қадір-қасиетін таптауға жол бермейтіні,
әскери сыпайылылық және сәлем беру туралы талаптарды қарастырған. Тіл
тигізу – әскери қылмыс ретінде дәл осындай жалпы қылмыстан ол адамның ар-
ожданы мен қадір-қасиетіне және бір уақытылы әскери жарғылармен бекітілген
әскери қызметшілері арасындағы өзара қатынастар тәртібіне озбырлық
ететінімен және жәбірленуші немесе тіл тигізуде кінәлі адам араларында
әскери міндеттерді орындау кезінде әлде орындауға байланысты болатынмен
ерекшеленеді.
Тіл тигізу сөз, жазбаша немесе ұятты нысанда жасалынатын әрекеттер
арқылы білдірілуі және арсыз ұрысуда, кір келтіретін мадақтауларда және
сыпайылықпен сыйыспаудың қандай да болсын қимылдарда, соққыларда,
погондарды, марапаттау белгілерін жұлып тастауда және с.с. көрінісін табуы
мүмкін.
Тіл тигізу әрекеттері жәбірленуші әскери қызметшінің көзінше, әлде тіл
тигізген адамның жәбірленушіні оның әскери қызметшісі және адам ретінде ар-
ожданы мен қадір-қасиетін табалануы жөнінде белгілі болатынына үміттенуі
салдарынан, ол жоқ болған кезде де жасалынуы мүмкін.
Қылмыс құрамы – формальды. Қылмыс тіл тигізетін әрекеттер жасалынған
сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.
Субъективтік жақ тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі әскери
қызметшінің ар-ожданын және қадір-қасиетін табалайтынын сол сияқты тіл
тигізуді өзі әлде жәбірленуші әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде
немесе атқаруға байланысты жасайтынын сезінеді және тіл тигізуді қалайды.
Тіл тигізудің себептері мен мақсаттарының бағалау үшін мәні болмайды.
Қылмыстың субъектісі – қандай да болсын қызметші.
ҚК 371-бабының 2-бөлімі жауапкершілікті қылмыстың дәрежеленген түрі
үшін қарастырады: бағыныштының бастығына немесе бастықтың бағыныштысына
әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе атқару байланысты тіл
тигізуі үшін. Яғни дәл сол баптың бірінші бөлімінен айырмашылық тіл
тигізілген және тіл тигізетін әскери қызметшілерде бағынушылық қатынастары
болуынан тұрады.
2.2. Әскери қызметті өту тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде басқа әскерлерінде және әскери
құрылымдарында әскери қызметті өту тәртібі қатаң реттеледі. Әрбір әскери
қызметші қызметті заңмен бекітілген мерзім ішінде атқаруы тиіс және бөлім,
гарнизон және қызмет атқарудың өзге орнында үздіксіз болуы тиіс.
Бұл тәртіп Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндет және
әскери қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Жалпы әскери
Жарғыларына, ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтарына негізделген. Ол
қылмыстың тікелей объектісі болып келеді.
372-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
Бұл қылмыстың объективтік жағы – ҚК 372-бабының 1-бөлігінде берілген,
онда былай айтылған: "Шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші әскери
қызметшілер жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол
сияқты бөлімнен босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде іс сапардан,
демалыстан немесе емдеу мекемесінен қызметке екі тәуліктен ұзақ, бірақ он
тәуліктен артық емес уақытқа дәлелді себептерсіз мерзімінде келмеу".
Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету деген – бұл бөлімнен
немесе қызмет орнынан тиісті командирдың (бастықтың) рұқсатынсыз шығып
кету.
Әскери қызметші заңсыз тастап кететін әскери бөлім белгілі аумақта
казармаларда немесе өзге жайларда орналасуы мүмкін, лагерлерде немесе
жорықтарда болуы мүмкін. Қызмет орны әскери қызметші әскери қызмет
міндеттерін іс жүзінде орындайтын жермен анықталады.
Мерзімінде қызметке келмеу – бөлімнен босатылған кезде, тағайындау,
ауыстыру кезінде іс сапардан, демалыстан немесе емдеу мекемесінен оралатын
кезде белгіленген мерзімде бөлімге дәлелді себептерсіз келмегенде орын
алады.
Әдетте, келмеудің дәлелді себептері болып – бөлім немесе қызмет орнына
мерзімінде келуге кедергі ететін әскери қызметшінің немесе оның жақын
туыстарының ауыруы, табиғи апат немесе мәжбүрлі қажеттілікпен сипатталатын
оқиға танылады.
Бөлім немесе қызмет орнын тастап кетудің субъективтік жағы – тікелей
қасқаналықпен сипатталады. Мерзімінде қызметке келмеу қасақана да,
абайсыздықтан да жасалынуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі – әскери қызметтегі шақыру бойынша өтіп жатқан
әскери қызметші.
Бұл қылмыстың дәрежеленген түрі (ҚК 372-бабының 2-бөлігі) осы баптың 1-
бөлігінде қарастырылған іс-әрекеттерді тәртіптік әскери бөлімде жазасын
өтеп жатқан әскери қызметші жасағанда орын алады.
ҚК 372-бабының 3-бөлігі шақыру немесе келісім шарт бойынша әскери
қызметшінің бөлім немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты
қызметке он тәуліктен артық, бірақ бір айдан көп емес уақытқа дәлелді
себептерсіз мерзімінде келмеу үшін қарастырады.
Қылмыстың осы құрамының бұл баптың бірінші бөлімі қарастырған іс-
әрекеттерден айырмашылығы – әскери қызметшінің бөлімде болмауының әр түрлі
мерзімдерінде болып келеді. Осымен қатар ҚК 372-бабының 3-бөлігі бойынша
қылмыстың субъектісі болып тек қана шақыру бойынша емес, келісім-шарт
бойынша да қызмет атқаратын әскери қызметші келеді.
ҚК 372-бабының 4-бөлігі жауапкершілікті осы баптың үшінші бөлімімен
қарастырылған іс-әрекеттер үшін, егер өз бетімен болмау бір айдан астам
болса, сол сияқты жазасын тәртіптік әскери бөлімде өтеп жатқан әскери
қызметші жасаған дәл сондай іс-әрекеттер үшін егер өз бетімен болмау он
тәуліктен асса орнатады.
ҚК 372-бабының 5-бөлігі жауапкершілікті соғыс жағдайында жасалған осы
баптың бірінші және екінші бөлімдерімен қарастырылған іс-әрекеттер үшін
анықтайды, егер өз бетімен болмау бір тәуліктен асса.
ҚК 372-бабының 6-бөлігі ұзақтылығына қарамастан бөлімді немесе қызмет
орнын өз бетімен ұрыс жағдайында тастап кету үшін анықтайды.
Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке
дәлелді себептерсіз келмеу барлық реттерде әскери қызметті өтуден бас
тарту мақсатын алып тастайды, осымен қашқындықтан ерекшеленеді.
ҚК 372-бабында ескерту бар, оған сәйкес осы баптың бірінші немесе
үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасаған әскери қызметші, егер
бөлімді өз бетімен тастап кету ауыр жағдайлардың себептерінен болса және
егер ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот
оны қылмыстық жауаптан бо-сатуы мүмкін.
Осындай жағдайлар болып мыналар танылуы мүмкін: одан ауыру орналасқан
жерге жедел келуді талап ететін ата-аналарының немесе әскери қызметшінің
жақын басқа адамдардың кенет ауыр ауыруы, табиғи апат, өрт және с.с.
жәбірленген жақын туыстарға кейінге қалдыр-май көмек көрсету.
373-бап. Қашқындық
Бұл қылмыс заңда әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді
немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке
келмеу болып анықталады (ҚК 373-бап).
Қашқындықтың объективтік жағы – әскери қызметшінің әскери бөлімді
немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кетуден әлде әскери бөлімге
(қызметке) демалыстан, іс сапардан, емдеу мекемесінен сол мақсатпен
келмеуде көрінеді. Қашқындық құрамы – формальды, созылмалы қылмыс болып
келеді және әскери қызметші бөлімнен шығып кеткенде, қызмет орнын тастап
кеткенде, немесе белгіленген мерзімде демалыстан, іс сапардан, емдеу
мекемесінен оралмаған сәттен аяқталған болып есептеледі.
Бірақ та қашқынның қылмысты жағдайы онда оған Қазақстан Республикасының
Конституциясымен (36-бап) және ҚР жалпыға бірдей әскери міндет және әскери
қызмет туралы Заңымен, оған сай шақырылуға жынысы ер, жасы 18-ден 27-ге
дейін адамдар шақырылуға жатады, жүктелген әскери қызметті атқару бойынша
міндеті сақталғанға дейін сақталады. 27 жасқа толғаннан соң олар шақырудан
босатылады. Осыдан шыға тұра қашқындық созылмалы қылмыс ретінде адамда іс
жүзінде әскери қызметті атқару міндеті жойылған соң нақты алғанда
тоқтатылады.
Оның қылмысты жағдайының тоқтатылуының басқа негіздері болып – оның
кінәсін мойындап келуі немесе оны билік органдарымен ұстау келеді.
Қашқындықтың субъективтік жағы – тікелей қасақаналықпен және әскери
қызметтен жалтару арнайы мақсатыменен сипатталады.
Қылмыстың субъектілері болып – шақыру бойынша әскери қызметті атқарушы
әскери қызметшілер болады.
Осы қылмыстың дәрежеленген түрі ҚК 373-бабының 2-бөлігімен
қарастырылған. Заң қызмет бойынша берілген қарумен, сол сияқты алдын ала
келісу бойынша адамдардың тобымен немесе ұйымдасқан топпен жасалынған
қашқындық үшін қатаңдау жауапкершілікті қарастырады.
1959 жылғы ҚКСР ҚК бұл сипаттарды қарастырмаған еді. Жаңа ҚК бойынша
егер әскери қызметші оған қызметіне байланысты сеніліп берілген қарумен
бірге қашып кетсе, оның әрекеттері толығынан ҚК 373-бабының 2-бөлігімен
қамтылады. Тек оған берілмеген қаруды ұрлаған ретте жауапкершілік
қылмыстардың жиынтығы үшін туындайды.
Адамдардың тобымен, алдын ала келісу бойынша жасалған қашқындық ұғымы
31-баптың 2-бөлігінің негізінде ашылады, ал ұйымдасқан топпен жасалған
қашқындық – осы кодекстің дәл осы бабы 3-бөлігінің ережелері негізінде.
ҚК 373-бабының 3-бөлігі жауаптылықты соғыс уақытында немесе ұрыс
жағдайда жасалынған дәл сол іс-әрекет үшін орнатады.
ҚК 373-баптың ескертуі бар: осы баптың бірінші бөлігінде көзделген
қашқындықты жасаған әскери қызметші, егер қашқындық ауыр жағдайлардың
себебінен болса және ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен
келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Ауыр жағдайлар болып мыналар танылуы мүмкін: ата-аналары немесе жақын
туыстары бірінің өлімі немесе ауыр ауыруы, оларға көмектесу үшін әскери
қызметшіден залал шеккендермен бірге болуды талап еткен табиғи апат немесе
өртпен отбасының тұрған үйін жою және с.с.
374-бап. Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен
әскери қызметтен жалтару
Заң жауапкершілікті әскери қызметшінің ауруды сылтау ету немесе өзіне
қандай да болсын зақым келтіру (дене мүшесін зақымдау), не денсаулығына
өзге зиян келтіру немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен
әскери қызмет міндеттерін атқарудан жалтаруы үшін қарастырады (ҚК 374-бабы
1-бөлігі).
Қылмыстың объективтік жағы – әскери қызметтен ауруды сылтау ету, дене
мүшесін зақымдау жолымен немесе өзге тәсілмен жалтаруда болып келеді [15].
Заңда аталған әскери қызметшінің әскери қызмет міндеттерін атқарудан
жалтаруының барлық тәсілдерінің негізінде – алдау жатыр.
Ауруды сылтау еткенде әскери қызметші командирде (бастықта) және басқа
да өкілетті адамдарда онда әскери қызмет міндеттерін атқаруға уақытша
немесе ұдайы кедергі ететін аурудың барлығы туралы алданышты көзқарасты
қалыптастырады, әлде ондағы бар аурудың (көз көрмеуі, естімеу, сақаулық,
мүшелердің ауруы) сипаттарын (белгілерін) әдейі арттырады.
Дене мүшесін зақымдау әскери қызметші өзі немесе басқа адамның
(көмектесуші) көмегімен, оны әскери қызметті атқаруға жарамсыз деп тану
үшін, өзіне бір немесе өзге органдарын, мүшелерін, ткандарын
зақымдайтынында көрінеді.
Бұл үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдар қолданылады: механикалық
(мысалы: кінәлі оқ-дәрілі, суық қару, кесетін құралдармен, жылжымайтын
көлік және с.с. көмегімен өзінің қолын, аяғын, көзін зақымдайды), химиялық
(мысалы: ішке қабылданған немесе терінің астына енгізілген дәрі-дәрмектер,
улар), қызулық және с.с.
Жалған құжат жасау арқылы жалтаруда әскери қызметші басшылыққа өзімен
немесе оның сұрауы бойынша басқа адаммен жасақталған құжатты ұсынады
(мысалы: жасы туралы, жақын туыстары біреуінің өлімі немесе ауыр ауруы,
өртпен немесе табиғи апатпен олардың тұрғын үйін жою туралы және с.с.) және
осының негізінде әскери қызмет міндеттерін өткеруден уақытша немесе тұрақты
босатуды алады. Басқа алдау әскери қызметшімен әскери қызметті өткеру
мерзімін қысқарту мақсатында онда жоғарғы білім барлығы (алғаны) туралы
мәліметтерді беруде, кейбір реттерде – бір немесе әскери тапсырма
орындалуын мүмкін етпейтін әскери техниканың бұзушылықтары және олардан асу
мүмкін емес кедергілердің пайда болғаны туралы жалған мәліметтерді
хабарлауда көрініс таба алады.
Кінәлімен әскери қызметті өткеруден жалтару мақсатында алдаудың бір
немесе басқа тәсілін таңдауы оның әскери қызмет міндеттерін өткеруден
уақытша жалтарғысы келгеніне (ҚК 374-бабы 1-бөлігі) немесе өзінің мақсаты
қылып осы міндеттерден толық босатылуды қоюына (ҚК 374-бабы 2-бөлігі)
байланысты болады. Әскери қызмет міндеттерін атқарудан қысқа мерзімге
босатылу ниетіне иемдене отыра (ҚК 374-бабы 1-бөлігі) әскери қызметші,
әдетте, жалған құжат немесе өзге алдау жасайды, ал әскери қызмет
міндеттерін атқарудан толық босатылу мақсатында (ҚК 374-бабы 2-бөлігі) –
ауруды сылтау етеді немесе дене мүшесін зақымдайды.
Қылмыс жаңылыстырылған командир (бастық) немесе орган әскери қызметшіні
әскери қызмет міндеттерін атқарудан босату туралы шешім қабылдаған сәттен
аяқталған болып есептеледі. Егер шешім қабылданбаса, кінәлі осы шешім
қабылданғанға дейін әшкереленген болса, онда оның әрекеттері қылмысқа
оқталу болып танылады.
Субъективтік жақ – тікелей қасақаналық және әскери қызметтің бір немесе
барлық міндеттерін өткеруден уақытша немесе тұрақты жалтару мақсатымен
сипатталады.
Қылмыстың субъектісі – қатардағы, сержанттық (старшиналық) құрамның
әскери қызметшілері, прапорщик, мичман және офицерлік құрамдағы адам,сол
сияқты әскери жиынға шақырылған әскери міндетті тұлғалар.
ҚК 374-баптың 3-бөлігі жауапкершілікті осы баптың бірінші және екінші
бөліктерімен қарастырылған, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жасалынған
іс-әрекеттер үшін белгілейді.
2.3. Арнайы қызметтерді атқару тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстар
375-бап. Жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу
Бұл қылмыстың мәнісі – мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян
келтіретін немесе зиян келтіруі мүмкін Қазақстан Республикасына кенеттен
жасалған шабуылды дер кезінде байқау және тойтару бойынша не оның қауіп-
сіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгершілік кезекшілікті (жауынгершілік
қызмет) атқарудың ережелерін бұзу әрекеттерінде болып келеді (ҚК 375-
бабының 1-бөлігі).
Қылмыстың нақты объектісі – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің
ішкі қызмет Жарғысымен, басшылықтың басқа нормативтік актілерімен
анықталған және Қазақстан Республикасының құрлық, теңіз және ауа аумағына
қол сұқпаушылықты қамтамасыз ететін жауынгершілік кезекті (жауынгершілік
қызметті) атқарудың тәртібі.
Жауынгершілік кезекшілік (жауынгершілік қызмет) – жауынгершілік
міндетті орындау болып келеді. Ол әскери бөлімдерден, әскери күштер
түрлерінің және әскер тектерінің бөлімшелерінен тағайындалған кезекші
күштер және құралдармен жүзеге асырылады. Кезекші күштер және құралдардың
құрамына жауынгершілік есептер, кемелер мен ұшу аппараттарының экипаждары,
басқару пунктілерінің және әскери қамтамасыз ету және қызмет көрсетудің
күштері және құралдарының кезекші сменалары кіреді.
Қылмыстың объективтік жағы – құрлық, теңіз және ауа аумағына қол
сұқпаушылықты қорғау немесе Қазақстан Республикасына кенет шабуыл жасауды
тойтару бойынша әскери кезекшілікті атқарудың тәртіптерін қалай да болсын
бұзудан құралады.
Бұзушылық – жауынгершілік кезекшілікті өз бетімен тастап кетуде, пайда
болған нысанаға бақылауды тоқтатуда, жауынгершілік тапсырманың орындалуын
қамтамасыз ететін қосылған радиотехникалық және өзге аппаратураны назарсыз
қалдыруда, кезекшілік кезінде спирт ішімдіктерін ішуде және с.с. көрінуі
мүмкін.Әрбір ретте нақты жағдайда, қандай тәртіптер бұзылғанын анықтау
қажет.
Құрылымына сай қылмыстың құрамы формалды-материалды, себебі қылмыс
тәртіптерді бұзу мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе
келтіруі мүмкін болса аяқталған болып есептеледі.
Мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтіргені немесе келтірмегені
әр бөлек жағдайда оқиғаның нақты жағдайларына байланысты анықталады.
Бұзушылық пен келтірілген зиян немесе зиян келтірілу мүмкінділігі арала-
рындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей немесе жанама қасақаналық
түріндегі қасақана кінәмен сипатталады.
ҚК 375-бабының 2-бөлігі жауапкершілікті дәрежеленген белгі – ауыр
зардап туындауы бар рет үшін орнатады. Ауыр зардап болып мыналар танылуы
мүмкін: Қазақстан Республикасы аумағына шетелдік әскери, барлаушылық
ұшақтардың, кемелердің өтіп кетуі, адамдардың өлуі, қатардан әскери
техниканың шығуы, маңызды әскери шараның сәтсіздікке ұшырауы және с.с.
Кінәлінің іс-әрекеттері мен ауыр зардап арасындағы себепті байланыс
анықталуы тиіс.
Қылмыстың субъектісі арнайы – тиісті командир (бастықтың) бұйрығымен
әскери кезекшілік (әскери қызметті) атқаруға тағайындалған әскери қызметші.
ҚК 375-баптың 3-бөлігі жауапкершілікті осы баптың бірінші және екінші
бөліктерімен қарастырылған, соғыс уақытында жағдайда жасалынған іс-
әрекеттер үшін белгілейді.
ҚК 375-баптың ескертуі бар: осы баптың бірінші бөлігінде көзделген
алғаш рет жасаған әскери қызметшіні, қылмысты жеңілдететін мән-жайларда,
сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
376-бап. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу
Нақты объект болып – 1993 жылғы 13 қаңтардан "Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен
бекітілген шекаралық режим сақталуын қамтамасыз ететін қатынастар келеді.
Қылмыстың объективтік жағы – шекаралық наряд құрамына кіретін адамның
шекараның қорғалатын учаскесін тастап кетуінде,қорғау маскировканы бұзу,
шетелдік мемлекеттің шекаралық күзетімен құқыққа қайшы қатынасқа кіру,
заставаға мемлекеттік шекараның бұзылуы жөнінде хабарламау, қару мен
қорғаныстың арнайы құралдарын қолданудың тәртіптерін сақтамауда және с.с.
көрінеді.
Құрылымына сай ҚК 376-бабының 1-бөлігіндегі қылмыстың құрамы формальды-
материалды, себебі қылмыс іс-әрекет мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне зиян
келтірсе немесе келтіруі мүмкін болса аяқталған болып есептеледі.

Қылмыстың субъектісі – мемлекеттік шекараны қорғау бойынша шекаралық
нарядтың құрамына кіретін әскери қызметші.
ҚК 376-бабының 2-бөлігі жауапкершілікті ауыр зардаптарға әкеліп
соқтырған дәл осындай әрекеттер үшін қарастырады. Ауыр зардап ретінде:
мемлекеттік шекара арқылы есірткі, улы, уландыратын, радиоактивті және
жарылғыш заттардың, қару-жарақтың, жару құралдары-ның, оқ-дәрілі қарудың,
оған арналған оқ-дәрілерді, ядролық, химиялық, биологиялық және жаппай
құрту қаруының басқа түрлерінің, оларды дайындау үшін материалдардың, сол
сияқты Қазақстан Республикасы мен шет елдер халықтарының көркемөнерлік,
тарихи және археологиялық байлығы заттарының заңсыз ауысуы, ҚР аумағына
шетелдік барлау агенттерінің өтіп кетуі, адамдардың құрбан болуы және с.с.
танылады.
Бұл бөліктегі қылмыс құрамы – материалды, қылмыс көрсетілген ауыр
зардап туындаған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.
ҚК 376-баптың ескертуі бар: осы баптың бірінші бөлігінде көзделген
әрекеттерді алғаш рет жасаған әскери қызметші, қылмысты жеңілдететін мән-
жайларда, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
377-бап. Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу
ҚК бұл қылмыс – қарауыл (вахта) күзететін объектіге зиян ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz