Постмодернизм ХХ ғасырдың ағымы
1. Постмодернизм – ХХ ғасырдың ІІ жартысында модернизмнен кейін өнер, сәулет, кескін, әдебиетте, жалпы көркем мәдениет тенденциялары негізінде пайда болған ағым. Модернизм өз кезеңін аяқтаған кезде ХХ ғасырдың ІІ жартысында оған қарсы бағытта – постмодернизм дәуірі тарих сахнасына шығады.
Ең алдымен постмодернизмді ағым ретінде не болмаса ХХ ғасырдың құбылысы ретінде тану үшін постмодернизмнің негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтап алуымыз керек. М.Эпштейннің ойынша постмодерн – модерннен кейін немесе модернизмнен соң пайда болады. "Это два нравно значных понятия "пост", одно из которых "постмодерность (соотносимая с "модерностью"), есть длительная эпоха, в начале который мы живем – второе же "постмодернизм" (соотносимый с "модернизмом") есть первый период, вход в эту большую эпоху. Если две большие эпохи, модерная и постмодерная зеркально отражаются друг в друге, то естественно что последний период эпохи модерности, а постмодернизм это первый период эпохи постмодерности″ М.Эпштейннің сенімі бойынша біз постмодерн мен постмодернизмнің арасында тұрмыз.
″Модернизм Батыста 1960 жылдарға дейін созылса, Ресейде одан да ерте 1920 жылдары постмодернизмге, коммуникациялы формацияға орын беруі тегіннен тегін емес″ дейді М.Эпштейн.
В.Рудневтің көрсетуінде: "Постмодернизм – қазіргі заманғы философия, өнер мен ғылымдағы негізгі ағым. Ол ең алдымен модернизмнен бойын бөлек салады."
Постмодернизмнің пайда болуымен теоретиктер мен сыншылардың арасында постмодернизмге байланысты ол модернизмнің орнын басқан тарихи мәдени дәуір ме? деген сияқты тақырыптар төңірегінде үлкен даулы меселе туды.

1. Постмодернизм – ХХ ғасырдың ІІ жартысында модернизмнен кейін
өнер, сәулет, кескін, әдебиетте, жалпы көркем мәдениет тенденциялары
негізінде пайда болған ағым. Модернизм өз кезеңін аяқтаған кезде ХХ
ғасырдың ІІ жартысында оған қарсы бағытта – постмодернизм дәуірі тарих
сахнасына шығады.
Ең алдымен постмодернизмді ағым ретінде не болмаса ХХ ғасырдың
құбылысы ретінде тану үшін постмодернизмнің негізгі қасиеттері мен
ерекшеліктерін анықтап алуымыз керек. М.Эпштейннің ойынша постмодерн –
модерннен кейін немесе модернизмнен соң пайда болады. "Это два нравно
значных понятия "пост", одно из которых "постмодерность (соотносимая с
"модерностью"), есть длительная эпоха, в начале который мы живем – второе
же "постмодернизм" (соотносимый с "модернизмом") есть первый период,
вход в эту большую эпоху. Если две большие эпохи, модерная и постмодерная
зеркально отражаются друг в друге, то естественно что последний период
эпохи модерности, а постмодернизм это первый период эпохи постмодерности″
М.Эпштейннің сенімі бойынша біз постмодерн мен постмодернизмнің
арасында тұрмыз.
″Модернизм Батыста 1960 жылдарға дейін созылса, Ресейде одан да ерте
1920 жылдары постмодернизмге, коммуникациялы формацияға орын беруі
тегіннен тегін емес″ дейді М.Эпштейн.
В.Рудневтің көрсетуінде: "Постмодернизм – қазіргі заманғы философия,
өнер мен ғылымдағы негізгі ағым. Ол ең алдымен модернизмнен бойын бөлек
салады."
Постмодернизмнің пайда болуымен теоретиктер мен сыншылардың
арасында постмодернизмге байланысты ол модернизмнің орнын басқан
тарихи мәдени дәуір ме? деген сияқты тақырыптар төңірегінде үлкен
даулы меселе туды.
"Постмодерн в философии, и науке, культуре" деп аталатын
хрестоматияда постмодернизмнің шығуы жайында былай делінген:
"Постмодернизм термині бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Р.Панвицтің
"Кризис европейской культуры" (Европа мәдениетінің тоқырауы) 1917 жылғы
еңбегінде берілсе, Ф.де Онис 1984 жылы өзінің "Испан және латын –
америка поэзиясының антологиясы" деп аталатын еңбегінде модернизмге
қарсы түрдегі мағына ретінде пайдаланады″.Алайда, эстетикада бұл
термин тұрақталмайды. 1947 жылы А. Тойнби "Тарихты зерттеу" ("Изучение
истории") деген кітабында постмодернизмге мәдени мағына береді:
"Постмодернизм – мәдениет пен діндегі батыстың билігінің ақыры″ дейді.
1970 жылдардың басындағы Латын Америкасының діни проблемаларына
арналған жұмыстарында Кокс "постмодернистік теология" деген терминді
кеңінен қолданады.
Постмодернизмнің термин ретінде қалыптасуы туралы М.Эпштейн былай
жазған: ''Постмодернизм термині 1971 жылдан бастап алғаш рет Ихаб Хассан
әдеби ағымдарға байланысты қолданғаннан кейін кең түрде қанат жая
бастады. 80-жылдардан кейін қоғамдық ғылымдар мен герменевтикада
пайдаланылды″ десе, Ф. Джеймсон: "Терминнің (постмодернизмнің)
танымалдылығы Ч.Дженкстің "Постмодернистік сәулет өнерінің тілі" деп
аталатын 1977 жылғы еңбегінің арқасында болды.Ч.Дженкс 60-70 жылдарда
бұл термин модернистік әдеби тәжірибелерде латын америка сынын анықтау
үшін қолданса да, өзі постмодернизмді авангардизмнен бас тартушылық пен
дәстүрге қайта оралу деп қабылдайтынын айтады ″.
Жалпы постмодернизмнің гүлденуі адам санасы мен өмір
төңкерістерінің мықты дамуы, қазіргі кездегі ақпарат жүйелері, масс-
медиа, аудио-видео жаңа мәдени және көркем сапаларды өзімен бірге алып
келді. Кейбір ғалымдардың пікірінше постмодернизм қазіргі заманғы
мәдениеттің эстетикалық құндылықтарын жоғалтады. Ф.Джеймсонның ойынша
постмодернизм музыка, сәулет өнері және тағы да басқа өнер түрлеріне
қызмет етеуде
В.Ивбулис постмодернизм терминінің мәнін айта келіп: "Бұл
термин 30 жылдарда басқа мағынада қолданылған. Философия мен әдебиетте
ол 1979 жылы Жан Француа Лиотардың "Постмодернистік жағдай″ деген
кітабы" постмодернизмді түсіндіру мақсатында шықты″- дейді.
Ихаб Хасанның жұмысын талдай келе, В.Ивбулис: "Постмодернизм
қазіргі өмірде болып жатқан құбылыстарды сипаттайды" деп қорытады. Ал
Фредерик Джеймсон болса: "Мәдениетке деген постмодернизмнің ұмтылысы
күшті, онда тарихи факторлерден гөрі қазіргі заманның белгілері мен
пародия мен сатиралық сарын басым" – деген.
Модернизмнің орнын басып бүкіл өнер салаларын жаулап алған
постмодернизмді ғалымдар болсын философтар болсын жан-жақты зерттеуге
тырысты. Постмодернизмнің табиғатын зерттеушілердің бірі- А.А. Пелипенко
постмодернизмдік сананың феномені ретінде қарастырды.
И.Ильин постмодернизмді Батыс еуропа мен АҚШ-та кеңінен тараған
жалпы өнер және әдебиетпен тығыз байланысты әдеби ағым деп атай
отырып, зерттеуші Д.Фоккеманың постмодернизмді еш күмәнсыз әдеби ағым
екенін мойындайтынын, 50-жылдардан бастап біздің қазіргі уақытымызға
дейін жаулап алғандығын, оның алғашқы көріністері Джойстың "Поминки по
Финнегану″ (1939 ж) деп аталатын шығармасында көрініс тапқандығын
мәлімдей келіп, постмодернизм американ әдебиетіне қарыздар″- деп
санайды.
Д.Фоккема үшін ″Постмодернизм – өмірге деген ерекше көзқарас,
көп уақыт бойғы қалыптасу мен қорытылудың нәтижесі″ дейді Н. Б.
Маньковская.
"Мәдениеттану ХХ ғасыр" деп аталатын энциклопедияда постмодернизмнің
күшті жақтарын ашып көрсетеді: "постмодернизм – модернизм дәуіріндегі
"тоталитаризация", "объективті білімді жатсыну", "адамдарды әртүрлі
елестермен еліту" деген сияқты қоғамның жағымсыз құбылыстарымен
күресуге шақырады.″
Н.Б.Маньковская жаңа заманның төсбелгісі (эмблема) ретінде –
иронияны ала отырып, постмодернизмнің негізгі белгілері деп мыналарды
көрсетеді: парадокс, абсурд принциптері, эстетикалық іс-әрекеттердің діни
сарындары символизм, ал ойын жеткізудің негізгі құралы ретінде:
полисемия (көп мағыналылық) акценті, семиотика, мәтін құрылымы,
эстетикалық феномендерді талдауды алады.
Постмодернизмнің ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы жетекші әдеби
бағыт ретіндегі даулары мен бізге жұмбақ қырлары тек қана
әдебиеттанудың мәселелері ғана емес. Осы бағыттың зерттеушілерінің бірі
А.А.Пелипенко: "Біз бұны қаласақ та, қаламасақ та постмодернизм ауасы
менен дем алып, оны тарихи құбылыс ретінде қарастырып жүрміз ″дейді
Зерттеуші, италия жазушы Умберто Эконың ойынша: "Постмодернизм – қандай да
бір бекітілген хронологиялық құбылыс емес, ол – рухани күй. Әрбір
дәуірдің өз постмодернизімі бар" деген. Постмодернизмнің синонимы
ретінде бейклассикалық деген сөз көп қолданылатыны белгілі.
В.Кондратович осы жайлы былай дейді: "Постнеклассическая наука исследует
не только сложные организованные системы, но и сверхсложные системы,
открытые и способные к самоорганизации. Его объектом становиться и
"человекоразмерные" комплексы, неотъемлемым компонентoм которых является
человек. Он характерезуется повышением субъективности, гуманистичности,
самокритичности, и истичностью." В.Курицин постмодернизмнің жалпы
табиғаты жайлы былай дейді: "Постмодернизм тек мәтінге құрылады.
Оның бойынан дәйексөз, ирония, интертекст мәдени дәстүрлерді рухани аяда
қарастырады. Постмодернизм – қазіргі заманғы мәдениетте классикалық
дәстүрдің жаңа идеялары мен әр түрлі мәтін құрылымдарын жарыққа
шығарды"
Умберто Эконың постмодернизм коллаж (сурет) секілді өзінде тек не
бейнеленгенін айтып қана қоймай, өзі жайлы да айтады деген сөзін
келтіре отырып, В.Курицин: "Әлем бұл мәтін сияқты″ деген формуласын айтады
В.Курицин ойынша: "Мәтін әлемді суреттейді, сол сияқты мәтін әлеммен
суреттеледі, мәтін мен әлем матрешкалар сияқты бір-бірінің ішінде болады.
Батыстан орыс әдебиетіне келген постмодернизмнің өкілі ретінде
1955 жылы Владимир Набоковтың "Лолита" (алғашында ағылшын тілінде) жарық
көрген романы осы постмодернизм ағымында жазылған шығарма.
Постмодернизмнің алдындағы постструктурализм мен деконструкция
философиялық әдіс болып саналады. Осы екі ұғым постструктурализм мен
деконструкция постмодернизмнің негізгі құрылымдары болып табылады. .
Жоғарыда айтылып кеткен В.Курициннің: "әлем-мәтін сияқты" деген ойымен
ойы сәйкес В.Руднев: "Постмодернизмнің негізгі объектісі – үлкен әріппен –
мәтін. Постмодернизмнің басты көшбасшының (лидерлерінің) бірі- Ж.Деррид:
"Мәтін мырза" деп постмодернизмді атаған″ деп көрсетеді
Н.Я. Малахов постмодернизм мен модернизмді салыстыра келіп былай
дейді: "Егер модернистік өнер – әлемдегі жалпы адамзатты бейнелеуде өз
күшін сарп етсе, постмодернизм – азғындалған қазіргі заманға қарсы
шығады".
″Антиутопизм дегеніміз постмодернизм ″ - деп айта отырып, Н.Я.
Малахов постмодернизмнің бірнеше белгілерін береді. Американдық
әдебиетші Ихаб Хасан постмодернизмнің он бір белгісін атағанын айтып
кетеді. Олардың ішінде "белгісіздік", "фрагменттілік", "меннің жоғалуы",
"ирония" т.б. бар. Ш.Әдібаева өз авторефератында неміс философы Арнольд
Геленнің сан түрлі стильдер мен мүмкіндіктердің араласып кеткендігін атай
отырып екімағыналылық, плюрализм, күмәнділік міне осылар постмодернизмнің
басты қасиеттеріне жатады деп көрсетеді. ″Постмодернизм қазіргі заманғы
дүниетанудың адамзаттық болмысты тануының өзіндік бір белгісі″- дей
отырып, Н.Б.Маньковская: ″Әдебиеттегі постмодернизм мен қазіргі заманғы
визуалды өнердің қасиеттері арасындағы байланыстарды анықтайды.
Постмодернизмге тән дәйексөзділік, интертекстуалдылық, әр түрлі
имитацияларда, дәстүрлі жазудың ирониялық әрлеулерінде (коллаж) көріне
бастады″дейді.
Қазіргі уақытта постмодернизмнің қосымша мәдениеттің феномені
ретіндегі бірнеше концепциялары бар. М.Липовецкий Х.Кюнгтің постмодернизм
терминін тек қана әдебиеттану мен өнертануда ғана қолданып қоймай
бүкіл әлемдік тарих деңгейінде пайдалану керек деген ойын
келтіре отырып, Х.Кюнгтің жаңа уақыттың келуінде төрт доминанттық
күштің – жаратылыстану, техника, индустрия, демократияның әсері барлығын
және ақылға, прогресске жаңа сенімнің пайда болуынан дейді. Соңғы
жылдардағы постмодернизмнің төңірегіндегі талқылаулара бұл ағым
өнердің барлық түрлеріне тәндігі, дәстүрдің жаңа мағынаға ие болғандығы
жайлы В.Курицин: "Соңғы он жылдықта өнердегі, философиядағы, ғылымдағы,
әдебиеттегі постмодернизмді әр қилы аспектілерден талқылап жүрген
бірнеше зерттеушелірді айтуға болады. Олардың ішіндегі атақтылары –
Францияда- А Ж.Бодрийар; италияндық -Дж.Ваттимо; германдық- В.Вельш,
Х.Кюнг, Д.Кампер, Д.Барт, В.Джеймс, Ф.Джеймсон, Ч.Дженс, Р.Рорти; А.Хайсен,
И.Хассан сияқты американ зерттеушілері; ресейден В.Бычков, И.Ильин,
Н.Б.Маньковская; А.Крокер мен Д.Кук сияқты канаданың зерттеушілері мен
австриялық- М.Роз бен чилилік М.Шульцті атап өтуге болады"дейді.
Постмодернизмнің эстетикалық спецификасы (өзіндік ерекшелігі) әр
қилы өнер жанрлары мен түрлерінде классикалық қалыптардың
бейклассикалыққа өтуі, "пост" деген сөз модернизмнің көркем догмаларымен
стереотиптерінен құтылу деген символ болып саналады. Көркем мәдениетті
бүтін деп қабылдап өткенге сын көзбен қарай отырып, постмодернизм
жаңа көркем дәстүрге жол салады.
М.Липовецкий орыс әдебиетінде:″Мәтіннің шыңына шыққан жазушылар
В. Ерофеев, А.Битов,Пецух, Т.Толстая мен Е.Харитонов, Петрушевская”-
дейді.
Н.Л.Лейдерман мен М.Липовецкий постмодернизмнің әдебиетте, өнерде,
философияда пайда болғандығын айта келіп: ″Постмодернизм авангард пен
модернистік принциптерден бас тарта отырып, постмодернистік мәтін –
өзінің дәйексөздік табиғатын жасырмайды, ол танымал эстетикалық тілі
мен үлгілеріне сүйенеді. Еуропа мен америкалық постмодернизмнің
классикасына Х.Л.Борхестің новеллалары, В.Набоковтың "Лолитасы",
У.Эконың "Имя розы" романы, Дж.Фаулздың романдары, Х.Кортасардың,
Г.Маркестің, П.Хандке, И.Кальвиноның шығармалары жатты. Ал
постмодернизмнің философиясына Ж.Дерридтің деконструкциясы, М.Фукконың
"археология знаниясы", Ж.Бодрииярдың симулякр теориясы, Ж.Ф.Лиотордың
әлеуметтік мектебі жатады” деген.
Батыс теоретиктері постмодернизмді "кейінгі капитализмдік" мәдени
сана (Ф.Джеймсон), өркениеттегі масс-медианың (Ж.Бодриияр) пайда болуы,
Ф.Фукуяманың "тарихтың соңы" деп анықтайды. Бұл мінездемелерді орыс
әдебиетінде қолданбаса да, кеңес мәдениетінде Батыспен бірдей уақытта
Андрей Битовтың, Венедикт Ерофеевтың, Саша Соколовтың, Иосиф Бродскийдің
тағы да басқа бірнеше авторлардың шығармалары, 1980 жылдың аяғында
орыс постмодернизімінің алғашқы адымдары деп саналды. Постмодернизмнің
орыс әдебиетіне келуінің Н.Л.Лейдерман мен М.Липовецкий постиндустриалды
экономика мен компьютеризациядан басқа мынадай себептерін көрсетеді:
1) утопиялық идеологияның тоқырауы коммунистік утопия мен
тоталитаризм күнәсынан "арылу" мақсатында коммунизмге әлеуметтік
прогресстің жоғарғы формасы деп қараудың жалған сенімі;
2) қоғамдық сана терең идеялданған сайын өмірді өтірік идеологияға
толтырып, қоғамның идеологиялық құндылықтарының құлдырауына алып
келді;
И.Ильин постмодернизмді модернизмге қарсы бағытта туғанын айта
келе: “Кейбір ағылшындарға бұл құбылыс яғни постмодернизм таза
американдық құбылыс болы көрінді. Олар бұл құбылысты И.Хассанға (оның
ойынша постмодернистер "тарихтың иронистері") сілтеме жасай отырып
талдады. ″Постмодернист – это радикальный скептик, который преподносит
нам имитацию романа, в авторском исполнений, имитируя роль автора и
парадируя себя уже самим актом породирования" - деген тұжырымды айтады
Постмодернизм қандай құбылыс, ол өнердің қандай салаларына тән, қай
жақтан ең алдымен келді сол жайлы біраз сөз өрбіте отырып , Л.А.Молахов
постмодернизмнің төмендегі ерекшеліктерін атап өтеді:
″1) белгісіздік; 2) фрагменттілік; 3) ирония – бұл ирония
белгісіздікке ұласуы; Постмодернизмнің мәтіні ауызша болсын, жазбаша
болсын қағазға ие болмаса ауызша айтуға сұранып тұрады ″-дейді.
Постмодернизмде И.Ильиннің ойынша метафора мен метонимия көп
қолданылады. "Улицы были белыми и сухими, как при сталкновении на большой
скорости кладбища с грузовиком, груженным мешками с мукой" деген
мысал айтады .
Постмодернизмнің әдебиетке келуін В.Руднев модернизмге қарсы
1930 жылдардың соңында пайда болып, постмодернизмнің алғашқы
романы деп Дж.Джойстың "Помнинки по Финнегану"; "Мастер и
Маргарита";"Доктор Фаустус"; Дж. Джойстың "Улисс" деген романын атап
өтеді. Оның ойынша Фаулздың романдары, Кортасардың романдары мен
повестері, Борхестің новеллалары жаңа романдар ағылшын тілді
В.Набоковтың "Бледная пламя" романы, Д.Галковскийдің "Бесконечный тупик",
Милорд Павичтың "Казанский словари", Владимир Сорокиннің романдары
осының барлығы – таза постмодернизм″деген. Постмодернизмнің философиялық
ұғым болып қалыптасуы француз философы Жан Француа Лиотордың
"Постмодернистік удел" деп аталатын кітабын талқылағаннан кейін
барып қалыптасты. Постмодернизм - бұл мәтіннің пайда болуы тарихы
мен талқылануы. Осыдан бастап интер мәтін (интер-текст), гипер-мәтін
(гипер текст) деген сияқты ұғымдар қалыптаса бастады.
1999 жылғы шыққан “Введение в литературоведение” деп аталатын
кітапта: ″интермәтін – анонимді формулалардың жалпы кеңістігі,
автоматты және тырнақшасыз берілген дәйексөз.″делінген.Осылай
″интермәтінділік – дәйексөз бен реминисценцияға қарағанда ұғымы кең"деген.
Ал, Аслан Жақсылықовтың айтуынша: ″Интермәтін - өзге тілдердің
лексикасынан жиналған ортақ лексика,бір шығармадағы сюжеттің, екінші
бір басқа шығармада болуы.″Гипермәтін дегеніміз – бір сөйлемнің бірнеше
не болмаса бір бетті алуы, яғни күрделі лексика.″ Постмодернизмнен
дүниетанудың жүйесі мен әлемді оны түсінуге деген белгілі бір үлгі дей
келе В.И.Самохвалова: "Постмодернизм - фактически не подлежит критике,
ибо его можно критиковать только иммоннетно на его собственном поле, а не
извне в терминах других мировоззренческих позиций″деп тұжырымдайды.
Постмодернист әлемді жаңаша көзқарастар мен жаңа іс-әрекеттерімен
өзгерту мақсатында жалпылылықтан жалқылыққа өтеді.
В.И.Самохвалованың пайымдауынша: ″Орыс постмодернизімі мәдениет әлемін
бейнелеуде өзіне сенімділігімен идеял. Сонымен қатар, орыс Күміс
ғасырының руханилығы тек оның ерекшелігі ғана емес, оның мықты жағы да
болып саналады. Постмодернизм плюрализмділігімен (көп көзқарастар, жан-
жақты әртүрлі пікірлерімен) де ерекшеленеді″- дейді.
Филология ғылымдарының докторы, профессор А.С.Мигунов дәстүрлі
эстетиканың негізі жоғарылыққа интеллектуалды құндылықтар идея,
әсемдік сияқтыларға бағытталатынын айта отырып, Гегельден мына
төмендегі тезисті келтіреді:″Суреткер мен ғалым екеуі де ойлау
шығармашылығымен айналысады, суреткер бейнелермен , ал ғалым ұғыммен
ойлайды.Мұндай жағдайда интеллектке жіберілмейтіні сезімдік
тәжірибе , осы төменгі антиэстетикалық тәжірибенің төңірегінде өнердің
жаңа ұғымдары – поп-арт, хеппенинг, перфоманс, концептуалды поэзия,
постмодернистік архитектура, музыка мен киномотографа назар аудартып
жүр.″ Деп талқылай келе Лиотардың постмодернизм жайлы білдірген пікірін
келтіреді: ″Постмодернизмнің түп тамыры батыста, одан әрі шығыста
жатыр. Постмодернизмге жақын тәжірибе реалності (шындықты) виртуалды
меңгеру, виртуалды кеңістік адамның базалық адами сезімдерін
игеруге көмек береді. Реалды адам осы бес сезінің ішіндегі тек
екеуін – түс пен дыбысты ғана (ақыл мен қиюластырып) үйренген. Ал
қалғандарына біреу үйренуге тыйым салған. Бұл шектеу адамның психикасы
оның физиологиялық құрылысы жағынан өз мүмкіндіктері шектеулі екенін
көрсетеді. Жаңа жағдайда психика физиологиялықтан тәуелсіз, жеке өз
бетімен өмір сүру қабілетіне ие болған. Бұл біздің сезімталдығымызды
эстетикалық аспекті жағынан да өсіреді″деген. Югослав ғалымы, профессор
М.Узлецтің көрсетуімен: ″Постмодернизм мәтін идеясының ләззатына
айналып, асқақтық, таңқалушылық, трагикалық-пардоксалдылықпен ауысқан.″
Ол өз еңбегінде иронизм постмодернизм өнерінің мән-мағына беретін
принципі болып қалыптасқан. "Быть может, наиболее существенным философским
отличием постмодернизма является переход с позиций классического,
антропоцентрического гумнизма на платформу современного универсального
гуманизма, чье экологическое измерение обнимает все живое:
человечество, природу, космос, Вселенную" дей отыра, постмодернизмнің жаңа
философиялық көзқарастардың қалыптасуына құлдырау мен қасаңдықтан
шығудан жол іздеу әсер етті″деді. Бірінші орынға симулякр, мета тіл,
интертекстуалдық, көркем, мәдени, тарихи, ғылыми, діни мәтіндер
шықты. Симулякрдың постмодернизм эстетикасында, классикалық
эстетикада, көркем бейненің орнын басқанын көрсетті. Сонымен бірге,
Н.Б.Маньковская симулякрға төмендегідей анықтама берген: ″Симулакр –
образ отсутствующей действительности, праводоподобное подобие, Лишенное
подлинника, поверхностный, муляжный, гиперреалистический объект, за
которым не стоит какая-либо реальность. Эта пустая форма,
самореференциальный знак, артефакт, основанный лишь на собственной
реальности"деген. Постмодернизм эстетикасының артықшылығы классикалық
дәстүрдің бейклассикалық талдауымен байланысты емес, классикалық
эстетиканың аясынан шыға отырып постмодернизм оныменен қақтығысқа
түспейді, алайда оны өзінің аясына жаңа теориялық негізде кіргізгісі
келеді. Яғни постмодернизм эстетикасы антисемантикалық, оның
құрылымдары қатаң да қасаң , консептуалды негізгі символдары –
ризома мен лабиринтті атайды
Осығанға дейін адамның төмендегідей ынта, тәртіпке деген
махаббат, негізділік, ұқыптылық, жұмысқа қабілеттілік, қауіпсіздік пен
қамтамасыз ету, өмір шығармашылығына қолдау, карьера жасауды құптау деген
сияқты қасиеттердің дамуына көңіл бөлсе, постмодернизм дәуірінде
адамшылыққа, елестету күшіне, эмоционалдылық, жан жылулығы, нәзіктілік
сияқты құндылықтарға мойын бұрғанын байқаймыз. Өзін өзі тануға өзінің
жеке тұлғалық жағынан дамытуға, сезімталдылықтың күшеюі, тұлға
арасындағы нәзік әрі жұқа қарым-қатынас пен байланыстың күрт
жоғарлауы, әлеуметтік мәселелерді шешуде дәлділік, табиғатқа,
өсімдіктер, жан-жануарларға деген ерекше көзқарас байқалады. И.Ильин
постмодернизмді "жазу стилі" ретінде қарастырады. Келесі бір
постмодернизм төңірегіндегі дау туғызатын мәселе – постмодернизмнің
пайда болу тарихына И.Ильиннің мысалы төмендегідей: ″И.Хассан үшін ол
Джойстың 1939 жылы шыққан "Поминки по Финнегану" деген еңбекпен
байланысты дегенді К.Батлерде қолдайтын өз еңбегінде атап өтеді. Басқа
зерттеушілер оның пайда болу 50-жылдардың ортасы мен 60 жылдардың
басы өнердегі билеуші тенденцияға айналған кезімен байланысты. Алайда
біршама батыс ғалымдары, әдебиет теоретиктері мен өнертанушылар да
модернизмнен постмодернизмге өткен кез 50-жылдардың ортасы дегенді
қолдайды″ дейді.
В.Кондратович Постмодернизм жайлы мынадай пікір білдіреді: "Как
собственно постмодернистский по своей природе стал рассматриваться
такой влятельный и распространенный в интеллектуальных кругах Запада
феномен (наиболее отчетливо проявившийся в последние два десятилетия и
лежащий на стыке литературы, критики, философии, лингвистики и
культурологии), как феномен "поэтического языка и поэтического
мышления"деп көрсетткен. Осы поэтикалық ойлау постмодернизм
теоретиктерінің ойынша постмодернистік қасиеттердің іргелі белгісі
болып табылады.
Постмодернизмнің өзіне дейінгі ағымдардан тағы бір ерекше белгісі
ол әлемді "хаос" деп қарауында. В.Курицин суреткер-постмодернисттің
дүниетанымы әлемді хаос деп беруге ұмтылуын, көркем-бейнелеуіш
құралдардың шарттылығын, теоретиктердің "жазу беделі" (авторитет письма)
деген ұғымға байыппен қарау керек екендігін мәселе ретінде
қарастыра кел , кез-келген тарихи дәуір олар үшін ең негізгі құжат болып
табылатынын өз еңбегінде жазған.
В.Курицин:″Жаңа әдебиетшілердің өмірі- көркем мәтін заңдылықтарының
негізінде құрылады. "Мәтін" көз алдымызда "әлемді" ауыстырады.″дей
отырып:″Постмодернистік сананың келесі бір сыртқы белгісі – жоғарғы
рефлекция. Бұл мәтін ішіндегі рефлекция деген сөз. Яғни автор өзінің
шығармасын жасау үрдісінің үстінде белгілі бір мезгіл аралығында
өзінің сөзін бөле отырып, сол немесе өзге бейненеің мағынасын,
үрдіс кезінде болып жатқан жағдайды, оның шарттары мен формаларын
түсіндіреді″ деп анықтайды. Постмодернизмге талдау жасай
отырып:″Андрей Битовтың "Пушкин үйі" деген шығармасын орыс
постмодернизіміндегі соңғы шығарма″- дейді. Ал М.Липовецкий болса
синкретизм (тұтастық) бұл постмодернизм қасиеттерінің бірі деп
қарастырып, әр түрлі өнердің қосылып, тектер мен жанрдың бірігуі
сыртқы жағынан тұтастық емес″- дей отыра ″Постмодернизмнің сапасы бұл
технологиясында жатыр. Тамаша шығарманы алып келу үшін тәжірибе
аздық етеді. Әр түрлі әдіс-тәсілдер, нақты оқиғаға ,өнерге қажет
шабыт болуы тиіс″- деп айта келе, Пригов, Левкин, Верников, Берг,
Тарщиков″ сияқты жазушыларды постмодернистер қатарына жатқызады.
Постмодернизмнің сапасын айтқанда постмодернизмге тән
постмодернистік сезімталдық деген ұғымды түсіндіріп кеткен жөн.
Өйткені бұл термин постмодернизмді толықтыратын бір бөлшек ретінде
саналады. Постмодернистік сезімталдылықтың пайда болуы
постструктуралистік теориялардың қайтадан жаңа мағынаны иеленуі:
″Постмодернистік ділдің көрінісі ретінде 80-жылдың орта шенінде
пайда болып, батыс философтары мен мәдениеттанушыларының талқылау
объектісіне айналды″ деген тұжырымды И.Ильин өз еңбегінде атап
өтеді. Постмодернистік сезімталдық дегенде екі түрлі құбылысты
түсінуге болады. Бұл екі түсінікті И.Ильин төмендегідей талдап, атап
көрсетеді:″Бірінші аспектіге әлемді хаос деп түсіну, бұл аспектіде
қандайда бір құндылықтың мағыналық бағдарлауыда белгілер болмайды.
Екіншісі постмодернистік сезімталдылықтың сын теориясында жарқын
көрінген ерекшелігі бұл "жазудың" ерекше әдебі. Бұл тек әдебиетшілерге
ғана емес, философтар мен мәдениеттанушыларға да тән.″
Осы дәуірдің бірнеше прозаиктерін – В.Шаровты, В.Ерофеевты,
В.Сорокинді, Е.Попованы одан да жас В.Пелевинді, Т.Толстаяны, Ю.Буйды,
К.Степнян ХХ ғасырдың әлемдік бағыттарының универсалды (әмбебап)
постмодернизмінің өкілдеріне жатқызады. Алайда К.Степняннің ойынша:
″Отандық әдебиет дәстүрі біреуінде күшті, біреуінде әлсіз, (бұл жерде
биологиялық жас ерекшелік рөл атқармайды: біршама жасырақ Т.Толстая мен
В.Пелевиндер өздерінен үлкендерге қарағанда дәстүрге жақын)
дегенмен де олар орыстың ерекшелігін толығымен жоғалтқан жоқ, Олардың
шығармаларында қоршаған ортаға деген идеологиялық проблематика
автордың позициясы көрінеді″ деп санайды.
Итальяндық постмодернистік – жазушылардың шығармасын
Н.Б.Маньковская "жас әдебиет" деген жинақтау терминімен атайды:
″И.Кальвино мен У.Эконың ізбасарлары мен қазіргі американдық
постмодернистік-жазушыларды біріктіретін үш ағым бар. И.Кальвиноның
мектебіне жататын А.де Карло, Д.дель Гвидичи және басқа бақылаушылар.
Олар көзбен көруге болатын, көрермендік әдебиетті жасаушылар ретінде
танымал, олар кинематограф фотографиясының көмегін актив қолданып,
өздерінің әдеби видеоклиптерін жасап шығару үшін компьютерлік
техниканы пайдаланды. "Жаңа романды" жасаушыларға қарағанда
"бақылаушылардың – өзгеше көзқарастары бар және олар қызықтырады.″
Н.Б. Маньковская ғылымның гуманитарлану мен адам мен техника
арасындағы гармонизация проблемаларын қозғайды: ″Өздерінің роман-
мысалдары мен антидективтерінде С.Венни, А.Вузий, П.Тонделий американдық
жалпы мәдениетті пародиялай отырып, өткен мәдениет пен қазіргі
өркениеттің арасындағы диалогтың жемісті екенін айтып өтеді. Испандық
әдебиеттің постмодернистік тенденциялары маңызды өзіндік ерекшелігімен
өзгешеленеді″ деп көрсеткен.
Жоғарыда айтылып кеткен Батыс өміріндегі постмодернизм
Н.Б.Маньковскаяның ойынша визуалды өнер төңірегінде туып кейін
басқа өнерлерге тараса, орыс постмодернизмі дәстүрлі
әдебицентризімімен көзге түседі.
И.Иванованың ұйғаруымен орыс постмодернистерден модернистердің
айырмашылығы, олардың идеалдарды іздеп гармонияға (үйлесімділік),
шынайылыққа ұмтылуында. Орыс постмодернизімінде реалдылық бар. "Никакие
позитивные выгоды, никакой утилитарный расчет, а только творческая
вера во что-нибудь бесконечное и бессмертное может зажечь душу
человеческую "Без веры в божественное начало мира нет на земле
красоты, нет справедливости, нет поэзии, нет свободы" – деп жазған.
К.Степанянның ойынша: Постмодернизм хаоспен диалогқа түсіп,
былық пен кірдің арасынан шындықты іздейді Мысалға: Татьяна Толстая,
Людмила Петрушевская, Андрей Битовтың шығармаларында құлдырауға ұшыраған
адамның жан-айқайы байқалады. К.Степанян "болмыс хосы" деген не?
сұрақты қоя отырып, классикалық дәуірдегі Ф.М.Достоевскийдің мына
мысалын келтіреді. Оның ойынша (Ф.М.Достоевскийдің) әлемде хаос мүлдем
жоқ, әлемдік гармонияның бөлшектерінің бұзылуы бұл хаос емес десе,
К.Степнян: ″Өзгерген әлем емес, мүмкін біздің замандастарымыз өзгерген
шығар″ деген пікірге тоқтайды. М.Липовецкий: "Постмодернизм - всего лишь
логичная эволюционная фаза в развитии искусства, открывающая возможность
новой художественной стратегии – диалога с хаосом" деген болжам айтады.
Алайда М.Липовецкий хаосқа анықтама бермейді.
Н.Б.Маньковская: ″Постмодернизмнің болашағын, дамуын өнердің
шарықтау шегіне жеткен кезінде жаңа бір дәуірдің орын
басуымен аяқталады″ дейді. Алайда ХХ ғасырда пайда болған бұл ағымда
артықшылығымен қоса жеткілікті кемшілігіде аз емес.
Орыс және батыс постмодернизмнің белгілерін біз қазақ
әдебиетінен де табуымызға болады. Орыс постмодернизімімен қазақ
постмодернизмінің өте көп ұқсастығы бар. Шолпан Әдібаеваның ойынша: "Орыс
әдебиетіндегі постмодернизм сияқты қазақ әдебиетіндегі де постмодернизм
"модернизм аясында" дүниеге келді."
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің соңын Н.Қожабекова төмендегідей
сипаттап береді: ″Қазіргі қазақ прозасының өкілдерінің нақты бір бағыт
ұстанып, мектепке бірікпеуінің тарихи астарлы себептері де бар. ХХ
ғасырдың соңы қандай да бір қоғамдық құрылымдар жойылып, ортақ идеялардан
бас тарту заманы болды. Бірнеше адамның бірдей идеяны ұстануы сирек
кездесетін құбылысқа айналды. Әр жазушы аласапыран дүниеден шындықты өзі
ғана іздейді, әрі соны жалғыз ақиқат деп дәлелдеуге тырысады.
Жазушылар әрқайсы өз субъективті пікірін ұстанады, өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz