Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстары және олардың бағалау әдістері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Туризм географиясының теориялық . әдістемелік мәселелері 5
1.1 Рекреациялық және туризм географиясының негізгі ұғымдары 5
1.2 Туристік.рекреациялық ресурстар 10
1.3 Территорияны рекреациялық бағалаудың әдістері мен белгілері 15
2. Қазақстанның туристік.рекреациялық ресурстары және олардың бағалау әдістері
2.1 Солтүстік.Қазақстан 21
2.2 Шығыс.Қазақстан 28
2.3 Оңтүстік.Қазақстан және Алматы облысы 35
3. Туризм дамуының қазіргі жағдайы және келешегі 52
3.1 Туристік шаруашылықтың сипаттамасы 52
3.2 Туризм дамуының негізгі бағыттары 61
3.3 Туризм дамуының алғышарттары 65
Қорытынды 70
Қолданылған әдебиет тізімі 72
Қосымша А 75
Қосымша Б 76
Қосымша В 77

3
1. Туризм географиясының теориялық – әдістемелік мәселелері 5
1. Рекреациялық және туризм географиясының негізгі ұғымдары
5
2. Туристік-рекреациялық ресурстар
10
3. Территорияны рекреациялық бағалаудың әдістері мен белгілері 15
2. Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстары және 21
олардың бағалау әдістері
2.1 Солтүстік-Қазақстан
21
2.2 Шығыс-Қазақстан
28
2.3 Оңтүстік-Қазақстан және Алматы облысы
35
3. Туризм дамуының қазіргі жағдайы және келешегі
52
3.1 Туристік шаруашылықтың сипаттамасы
52
3.2 Туризм дамуының негізгі бағыттары
61
3.3 Туризм дамуының алғышарттары
65
Қорытынды
70
Қолданылған әдебиет тізімі
72
Қосымша А
75
Қосымша Б
76
Қосымша В
77
КІРІСПЕ
Біздің мемлекеттіміз тек қана таңғажайып табиғи ертегі көріністермен
ғана емес, табиғи қорлармен да ғажап. Қазақстанның ғасырлар тарихы- бұл
біздің халықтың ежелгі мәдениеті, тарихи ескерткіштері, байлықтары мен
бірігей мұрасы, әдет ғұрыптары мен дәстүрлері, осының барлығы өте үлкен
қызығушылыққа шақырады.
Республика тарихымыздың байлық пен қазіргі уақыттың даму дәрежесін
көрсетуі мен пропогандасы-туристік ағымының ең жоғары деңгейге жақындатудың
ең басты қайнар көзі болып табылады.
Туризмнің таралуы бүкіл әлемдегі жылдан жылға ұлғаюда, осында да
солай. Қазақстан азаматтары белсенді турист болып, өзіміздің отанымызды
жақсылап білуді көздеп, оның барлық жерлердің табиғаттын, салт-дәстүрі мен
мәдениет ерекшеліктерін танып білуде. Туризмнің материалдық базасын
күшейту, автомобиль, авиация, темір жол, теңіз және өзен маршруттарды даму,
қонақ үйлер, мотельдер, туристік базалар мен лагерлердің құру шараларын
жүзеге асыру бұған жақсы жағдай жасайды.
Қазақстан- жаңа туристік маршруттарды ашылушылар үшін табиғаттың
таусылмас құпиясы болып табылады.
Туризм дамуының потенциалды мүмкіндіктердің маңызды факторлардың бірі
мемлекеттің табиғи-климаттық жағдайы, зонаның қарама-қарсы ландшафтына
байланысты үйлестіруі болып табылады, бұлардың барлығы турист-саяхатшының
таңдану мен таңғалуын міндетті түрде шақыртады, және бұған сай қажет
жұмысты жақсы ұйымдастырып және қолданып, Қазақстан территориясына туристік
ағымының ең жоғары деңгейіне жетуіне белсенді әсер етуін біз міндеттіміз.
Ішкі және шетел туризм дамуының Қазақстан республикасын перспективті аудан
ретінде санауға болады. Бұл үшін бұнда өте көп және бай табиғи мен
әлеуметтік-экономикалық мүмкіншіліктер бар.
Қазақстан Республикасы қызметтестік туралы 8 мемлекетімен келісім-
шарттын бекітті, ал Қазақстанның 400 туристік фирмалар мен ұйымдар дүние
жүзінің 80 мемлекеттерімен қарым-қатынасын орнатты.
Қазақстанда өте күрделі туристік-рекреациялық шаруашылық тәжірибе және
де туристік-рекреациялық территорияның ғылыми тұрғыдан зерттеу мен жобалау
тәжірибесі жинаған.
Мамандықтардың жоспарлауы бойынша 2007 ж дейін туризм табысы бойынша
бірінші орынға шығып, автомобиль мен мұңай экспорттын озып шығады.
Көбінде, туризм индустриясы халық айналысу мәселесін де шешеді, барлық
жұмыс істейтін халықтың 10% туризм сферасында жұмыс істейді. Бұл көтерілу
процессі келіп шыққан территорияны жаңарту мен кеңею жұмысыныың арқасында
жүзеге асырылады, өйткені, туристік нарығының дәстүрлі аудандары
рекреациялық сиымдылықтың шегіне жетті. Қазақстан қазіргі туристтің әр
түрлі қажеттіліктірді қанағаттандыра алатын ерекше туристік потенциалы бар
территория ретінде мәлім ете алады.
Бірақ, өкінішке орай, республикамыздың кейбір аудандарда бәрі де жақсы
емес болып келеді. Анық, туристік қатынас бойынша республиканың көрікті жер
зоналарды белгілі бір кейінгі қадаммен жүзеге асырылуы тиіс.
1 ТУРИЗМ ГЕОГРАФИСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
2 Рекреациялық және туризм географиясының негізгі ұғымдары
Соңғы жылдардағы туризмнің өсуі біздің мемлекетімізге ғана емес,
бүкіл әлемге де тән- бұл ғылыми техникалық революциясының нәтижесі болып,
көліктің арзандануына және жылдамдануына әкеліп соқтырды, халықтың жылжуы
өсті. Бұл себептен біздің елімізде де, шет елдерде де туризм туралы
мәселелерді шешу- ғылым мен тәжірибенің ең маңызды сұрақ болып, медико-
географиялық пен курорттық, экономикалық және техникалық зерттеулердің
объектісі болып табылды [1].
Географтар халык миграцияның нақты нәтижелермен қызығып, туризмнің
дамуы туралы болжау жасайды, бұндай зерттеулер туроператорларға пайдалы
болып қалады. Маршруттық жүйенің тығыздығы мен кеңістік құрылымын жоспарлау
іс әрекеттегі геоерафияның маңызы зор. Талайдан бері рекреациялық
ресурстарды қолданылып жүрген мемлекеттерге қарағанда туризмнің материалдық-
техникалық базаның даму деңгейі бойынша біз әлі артта келе жатырмыз. Жақсы
дайындалған объектілер бізде аз, бір қалыпты емес орналасқан және де кейбір
курорттық аудандарда шоғырланған. Миллиондаған адам мың километр қашықтықты
өтіп Крым, Кавказ, Карпат және Прибалтикаға барады, бірақта сондай
объектілер пансионаттармен, турбазалармен бірге біздің республикамыздың әр
ауданында орналасып, жақсы жұмыс істеуі мүмкін.
Соңғы уақытында ТМД елдерінің барлығында, ірі экономикалық
аудандарында жергілікті рекреациялық ресурстарға және оларды қолдану мен
интенсивтілігін күшейтуіне қызығушылықты жоғарлады.
Бұл мәселелер тығыз мекендеген, өнеркәсіп ірі қалалар бар аудандардағы
ерекше орын алады. География мен туризм- бұл екі түсініктің арасында қарым
қатынас бар: көп уақыт бойы бұл түсініктер бір жақты болған [2].
Географиялық ғылым туризмнің жанында тіршілік етті, оның қатынасы
туризмге аз болған. Халқының туристік қозғалуы жаппай миграцияның түрі
болып қалып, халық геграфия мен транспорт сферасының мамандықтары және
территориялық өндірістік кешеннің дамуын болжайтын экономистер мен эконом-
географтар бұған көңіл бөле бастады. Туризмде қызмет көрсету мен комфорт
үшін керек құралдармен қамтамасыз етуі-экономикалық географияның маңызды,
жаңа бөлім болып, қызмет көрсету болып табылады [3].
Туризмде географиялық аспектілерді зерттеуге деген қызығушылық
географияның түрлі салаларда пайда болды. Бірақ-та ең маңыздысы- туризм
географиясының бөлек саланың объектісі ғана емес, ірі кешенді бөлімдердің
объектісі де болып табылады. Туризм мәселелері салалық ғылым мен
бөлімдерінен бөлініп, оларды синтетикалық тұрғыдан қарастырып қажет болды
[4].
Әрине, қазіргі туризм- бұл спецификалық қоғамдық қозғалыс және де зор
мәдени-тәрбиелік, ғылыми-танымдық және спорттық-сауықтыру маңызы бар
белсенді демалыстың түрі болып табылады. Сондықтан бұны зерттейтін
география туризмнің бұның бәрін ескерілуі қажет [5].
Демалысты жақсы көретіндер сапарға барып, әр түрлі мақсаттарын
көздейді. Біреулер мемлекеттің көрікті жерлермен танысады, екіншілер
табиғаттың сұлулығымен әсемдейді, таза орман немесе тау ауамен тыныс алғысы
келеді. Үшіншілерге жаяу сапар- бұл спорттық оқиға. Басқа сөзбен айтқанда,
рекреацияда және туризмде үш негізгі функцияларды бөлуге болады: танымдық,
спорттық-сауықтыру және емдік. Кейбір авторлар бұл негізгі үш функцияларды
бірігіп, “еңбекке жарамдықты қалпына келудің мақсаттары” деген ұғымға
жалпыланады, яғни адамның физикалық және психологиялық күштерін қалпына
келтіруі [1].
Барлық авторлар танымдық функцияларға ең біріншіден көңіл бөледі.
Танымдық- бұл психологиялық күштерін қалпына келтірудің ерекше түрі. Турист
келген территорияға қызығушылықты талаптану бере отырып оның ойларын жұмыс
туралы болады, яғни, танымдық адамды ойлауға итереді, бұл арқылы ол адамның
миың жиналған психологиялық шаршауынан босатады. Танымдық функция турист
барған ауданның табиғи, мәдени-тарихи, этнографиялық, шаруашылық және де
басқа көрікті жерлерге деген қызығушылықта көрінеді.
Табиғи-климаттық факторларға көрікті жерлер, жайлы климаттық
жағдайлар: бір қалыпты ауа температурасы, құрғақ, күн және желсіз күндердің
көп болуы; әдемі табиғат көрінісі: ормандар, таулар, өзендер, көлдер,
үңгірлер, теңіздер және т.б жатады. Мәдени-тарихи көрікті жерлерге тарихи,
археологиялық, архитектуралық ескерткіштер, мұражайлар, сурет галереялар,
театрлар және т.б объектілер жатады.
Ал этнографиялық көрікті жерлерге халық шығармашылықтың салт-дәстүр,
рәсімдер, ұлттық киім, тамақ, фольклор және т.б жатқызуға болады.
Шаруашылық көрікті жерлер туралы айтсақ, шаруашылықты ерекше әдіспен іске
асыру немесе оның белгілі бір аудандағы өте жоғары дамып келуі, дамыған
қызмет көрсету сферасы жатады.
Турист белгілі-бір территорияға келгенде оның бұл себептері де болуы
мүмкін- жергілікті оқиғалар, мысалы, театрлық және музыкалық фестивальдар,
кинофестивадьдар, слеттер, конгресттер, жәрменкелер, карнавалдар, ірі
спорттық жарыстар т.б.
Халықтың мәдени деңгейінің дамуы туризмнің танымдық жағының ұлғаюын
қажет етеді, өйткені, туризм қоғамның ең маңызды мақсаттарын-адамның
мәдениетін тәрбиелеу іске асыруға көмектеседі.
Туризм арқылы сауықтыру- бұл адамның физикалық пен психологиялық және
өндірістік пен өндірістік емес шаршандау мәселелерін шешу әдістерінің бірі
болып келеді. Жақсы ұйымдастырылған және белсенді демалысты кең қолдануы
(жаяу сапар, кеме, велосипед, моторлық емес көлік арқылы сапарлар)
адамдарды физикалық жағынан күшті етіп, олардың жағымды емес жағдайларға
қарсы қарсыласуды күшейтеді.
Сауықтыру-спорттық туризмде адамның денсаулықты жақсарту және
жалығудан бас тарту үшін жалпы шаралар қолданылады. Сондай жағдайларда
серуендер, жаяу сапарлар, экскурсиялар, әртүрлі оқиғалар, ауа және күн
серуендер, теңіз бен көл шомылулар және т.б шаралардың маңызы зор болып
келеді.
Бұл функциялардың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы өте зор,
өйткені, ол мыңдаған адымның денсаулығын жақсартуына бағытталған, яғни,
олардың еңбеккке жарамдылығы жоғарылайды. Өсіп тұрған ұрпақтың үйлесімдік
дамуын сауықтыру мен спорттық шараларсыз іске асыруы мүмкін емес.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі- халқының
денсаулығын сақтау мен жақсарту және еңбек жарамдылығын көтеру. Бұл
міндеттін іске асырудағы белгілі-бір сауықтыру функцияларын орындайтын және
демалыстың белсенді түрі болып табылатын туризм маңызды орын алады. Демалыс
пен еңбек- қалыпты өмірлік процессінің екі жағы болып, ал жақсы
ұйымдастырылған демалыс- еңбек етудің жоғары деңгейде болуының ең керекті
шаралардың бірі болып табылады. Іс әрекеттің бір түрінен екіншіге
ауысқанда, адам жақсы демалады [1].
Ғылымда рекреацияның қоғамдық функциялардың классификациясы әлі жоқ
болуына қарамастан, олларды бес негізгі топтарға бөлуге болады: медико-
биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық, саяси және экологиялық [1].
Медико-биологиялық функция санаторлық-курорттық емдеу мен сауықтыруға
жатады. Туризм арқылы сауықтыру- адамның шаршау мәселелерін шешу
әдістерінің бірі болып табылады. Бірақ бұл жалғыз жол ғана емес. Мысалы,
ғалымдар болашақ қаланың оптималды территориялық жоспарлауды ізденуде, бұл
жағдайдағы адам мен қаршаған орта арасындағы қарым-қатынас бір деңгейде
болар еді.
Әлеуметтік-мәдени функция- бұл рекреацияның басқарушы функция болып
есептеледі. Мәдени немесе рухани қажеттілік- бұл кең мағынадағы танымдылық
қажеттілігі, қоршаған ортаның және ондағы өзінің орнының танымдылығы,
өзінің мәнділігі мен тағайындаудың танымдылығы болып табылады.
Рекреацияның экономикалық функциялардың ішінде жұмыс күшінің жай және
кең қайта өндірсі маңызды орын алады. Рекреация қажетті қоғам уақытын
сақтап отырады. Саяси үнемдеу көзқарастан қарағанда еңбек демалыс
сферасында жинақталады, кейін материалдық өндіріс сферасының жұмыскерлер
арқылы заттандырылады.
Экономикалық көзқарастан қарағанда тауар мен қызмет көрсету сұраныстың
жаңа формасы ретінде рекреацияның мыңызы зор, рекреация шаруашылық іс
әректінің бір тұтас сферасының құрылуына әкеліп соқтырады, ол ауыл
шаруашылық пен өнеркәсіптің дәстүрлі салалардың өнім саның кенейтеді.
Тауар-ақша қатынас жағдайдағы рекреация басқа функуияларды да
орындайды [6]. Олар мынадай:
• мемлекеттің белгілі бір бөлігінің шаруашылық құрылымның шапшаң дамуы;
• рекреациямен байланысты салалардағы ререациялық қызмет көрсетудің
арқасында халқының айналысу деңгейінің жоғарлауы;
• мемлекеттің территориясындағы рекреациялық ауданға пайда әкелуге
бағытталған халқының ақша шығысы мен табысының құрылымына әсері;
• шет капиталды табудың қайнар көзі ретінде шетел туризмнің эффектілігін
көтеру.
Халықтың интернационалды деңгейде тәрбиелеудегі туризмнің ролі өте
үлкен. Халықтың арасында бейбітшілік пен әріптестік күшейтудегі халықаралық
туризм ең маңызды орын алады.
Халық денсаулығының күшейту, сақтау және белсенді өмір сүруінің
ұзақтығын үлкейтумен байланысты туризмнің экологиялық функциялар тіршілік
әрекетінің табанды экологиялық ортаның құрылуында анықталады.
Халықтың денсаулығының жағдайына әсер ететін демалыс пен туризм
қоршаған табиғи ортаның қалпына келтіру және сақтау үшін стимул ететін
факторлар ретінде болады [7]. Жер пайдаланудың жалпы құрылымында туризмді
дамуы мен рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін табиғаты
өзгермеген мағыналы территориялар айырылады және қорланады, орман парктер
және т.б жабдықталынады [8].
1.2 Туристік-рекреациялық ресурстар
Туризм даму үшін белгілі-бір территорияның құндылығы мен жарамдылығын
анықтаудың мықсаты туристік-рекреациялық ресурстардың зерттеуі болып
табылады. Бұндай туристік-рекреациялық ресурстар емдік, сауықтыру-спорттық
және танымдық туризмдегі туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын
туристік-экскурсиялық қызметін өндіруге жарамды қоршаған ортаның табиғи
және антропогендік объектілер мен құбылыс жиынтығын құрайды. Бұнда
”туристік-рекреациялық ресурстар” дегеніміз бұл белгілі-бір деңгейде
өзгерген таьиғи және антропогендік (мәдени) жер бедерінің үйлесуі, бұлар
қоғамдық қажеттілік әсерінің арқысында технологиялық деңгейге әкелінген
және де оларды туристік-экскурсиялық қызметте тура қолдануға болады [1].
Қазіргі уақыттағы туризм бұл ресурстарды орналастырудың ерекшелігі мен
олардың сапаларын тіркеусіз жүре бере алмайды. Барлық туристік-
рекреациялық ресурстардың жиынтығын екі ірі топқа бөлуге болады: табиғи
және әлеуметтік-экономикалық (бұрын мәдени-тарихи деп аталынған).
Л.А Багрова, Н.В Багров және В.С Преображенский (1977) айтуынша
“табиғи-рекреациялық ресурстар” дегеніміз бұл рекреациялық іс әрекет үшін
ыңғайлы қасиеттерге ие және де белгілі бір адамның денсаулығын дақсарту
және десалысты ұйымдастыру үшін біраз уақыт ішінде қолдануы мүмкін
табиғаттың табиғи және табиғи-техникалық геожүйелер, заттар мен құбылыстар
болып саналады.
Рекреациялық ресурстардың кешенінде мекендеген аудандарда территорияда
орналасқан әлеуметтік-экономикалық ресурстар ерекше орын алады, олар
экскурсиялық маршруттардың бағытын және рекреациялық ағымын орналастарып,
танымдық туризмнің дамуына себеп болады.
“Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға” тарихи-мәдени
объектілер (ескерткіштер, мұражайлар, галереялар және т.б.) және құбылыстар
(этнографиялық, саяси, өндірістік және т.б.) жатады. Бұл ресурстар
материалдық және рухани- бір жақтан, екінші жақтан- ққозғалмалы және
қозғалмалы емес деп бөлінеді.
Материалдық ресурстар қоғам дамуының тарихи сатыдығы басқа да
қоғамдағы материалдық құндылықтың өндіріс амал жиынтығын қамтиды, ал рухани
ресурстар-мемлекеттік және қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы, еңбек етудегі,
тұрмыс пен білім, ғылым, өнер және әдебиет сферасындағы қоғамның
жетістіктердің жиынтығы болып келеді.
Жылжымалы емес ресурстарға тарихи ескерткіштер, археологиялық және
монументалды өнер ескерткіштер және т.б. соның ішінде архитектураның
ажыратылмайтын бөліктің өнер ескерткіштері жатады. Ал жылжымалы ресурстар
болса, оған өнер ескерткіштері, археологиялық қазбалар, минералды,
ботаникалық және зоологиялық коллекциялар, деректі ескерткіштер және т.б.
жылжитын заттар жатады. Бұл топ ресурстарын тұтынуы мұражайларға,
кітапханаларға, архивтерге баруымен байланысты (әдетте сондай ресурстар
бұнда шоғырланады).
Тарихи және мәдени ескерткіштердің негізгі сипаттарына байланысты бес
түрге бөленеді: тарихи, археологиялық қалақұрылыс пен архитектуралық, өнер,
деректі құжаттар. Тарихи ескерткіштерге қоғамның маңызды тарихи
оқиғалармен, қоғам мен мемлекеттін дамуымен, революциялық қозғалыспен,
халықаралық қарым№қатынас күшейтуімен, халықтын мәдениеті мен тұрмыстың
және ғылым мен техниканың жақсаруымен, атақты саяси, мемлекеттік, әскери,
халық қаһармандардың және өнер, әдебиет және ғылым өкілдерінің өмірімен
байланысты ғимараттар, іргетастар және ұмытылмайтын жерлер мен заттарды
жатқызуға болады.
Археологиялық ескерткіштер- бұл қорғандар, қалашықтар, ежелгі
қоныстанған жерлер қорғаныстар, өндірістер, каналдар мен жолдардың
қалдықтары жерлеген жерлер, тас суреттер, ежелгі заттар, ежелгі мекендеген
тарихи, мәдени аймақтар [9].
Қалақұрылыс пен архитектураның ескерткіштеріне келесі объектілер тән:
архитектуралық кешендер мен ансамбілер, тарихи орталықтар, аудандар,
алаңдар, көшелер, қалалар мен қоныстанған пунктілердің ежелгі
планировкалардың қалдықтары; азаматтық, өнеркәсіп, әскери, табынушылық
архитектураның және халық зодчествоның ғимараттарын, және де олармен
байланысты бау-парктік, сәндік - қолданбалы, монументалдік, бейнелеу
өнерінің шығармалары. Өнер ескерткіштерге монументалді, бейнелеу, сәндік-
қолданбалы және т.б. өнер шығармалары жатады.
Деректі ескерткіштер- мемлекеттік басқару мен билік актілері, басқа
жазба және графикалық құжаттар; кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалар, және
де көне колжазбалар мен архивтер, фольколор пен музыка жазбалар, сирек
кездесетін басылым шығарулар [9].
Әлеуметтік-экономикалык рекреациялық ресурстарға тарих пен мәдениет,
адамның қазіргі уақыттағы іс-әрекеттермен байланысты басқа да объектілерді
жатқызуға болады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және көлік кәсіпорандар,
ғылыми кеңселер, театрлар, спорт ғимараттар, ботаникалық бау-бақшалар,
зоопарктер, океанарийлер, этнографиялық және фольклорлық көрікті жерлер,
кустарлық кәсіптер, және де сақталған әдет-ғұрып пен мерейтой рәсімдер және
т.б.
Бірақ-та туризм үшін жайлы табиғи және әлеуметтік-экономикалық
жағдайларға ие болған территориялар өз бетімен туристік ресурстар бола
бермейтінін ескерілу қажет. Туристік шаруашылық белгілі-бір қажеттілік пен
мүмкіндіктерді игерілген соң бұл ресурстар туристік ресурстарға айналады.
Табиғат кешенінің туритік-рекриациялық ресурстарға айналуы келесі
схема бойынша іске асырылады [1]:
1. табиғат кешендер табиғи құрылымы ретінде бола береді, олар туристік
сұраныс жоқ болуынан ресурс сипатына тән емес.
2. туристік сұраныстың пайда болуы табиғат кешенінің зерттеуін және
бағалауын қажет етеді.
3. қоғам қажеттіліктері, адам еңбегі және амал-құралдардың бар болуының
ең құндылықты табиғат кешендер ресурстарға айналады.
4. туристік сұраныстың үлкейтуі мелиорациядан кейін жайлы емес табиғат
кешенінің ресурс болып айналуына әкеліп соқтырады.
Әлеуметтік-экономикалық объектілер экскурсиялық-рекреациялық
ресурстарға айналғанда да дәл сондай процесс бола береді. Экскурсиялық
туризмде, біріншіден, мәдени-тарихи және этнографиялық объектілерге деген
сұраныс ең сақталынған және қолдануға болатын объектілердін зерттеуіне,
бағалауына және қолдануына әкеледі. Сұраныстың кеңеюі және бағалы
рекреациялық критерийлердің дамуы, қоғамның мәдениет деңгейінің көтерілуі
колданылып жатқан объектілердің көлемін кеңейтуге себеп болады, олардың
көбі арнайы реставрациялық жұмысын кейін экскурсиялық жұмысқа енгізіледі.
Бұрыңнан бері келіп жатқан ұрапқтардың еңбегі болып әлеуметтік-экономикалык
объектілер танымдық сипаттарына тән туристік қызметтерді өндіруге
бағытталған еңбек пәні ретінде болады [43].
Туризмнің әр түрінің ресурстары өзіне ғана тән спецификалық сипаты
болады. санаторлық-курорттық демалыс үшін әр түрлі минералды сулар мен ем
балшықтар қолданылады; емдік эффектісін беретін ауа райы мен климат; ерекше
өзіндік микроклиматы бар үңгірлер мен тұз көлдер (спелеотерапия). Сауықтыру
демалысы емдік эффектісін беретін климаттың жайлы және ыңғайлы кезеңдер
негізінде және су, өсімдік, жер бедері және де ландшафтының басқа
элементтер мен қасиеттерінің негізінде дамып отырады. Спорттық туризм және
дәрежесін бар саяхаттар үшін территорияның өту мен кедергілердің бар болуы,
(өтулер,асулар), ауданның халық аз қоныстаған және қашық болу қасиеттері
өте маңызды болып келеді. Экскурсиялық туризмнің объектілерге мәдени-тарихи
және табиғаты көрікті жерлер, ерекше сирек кездесетін шаруашылық
объектілер, фольклорлық мерейтойлар және де халық мәдениетінің элементтері
(ұлттық ойындар, сурет кәсібі).
Туристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамаларына келесілер
жатады [1]:
1. ТРЖ -ң потенциалдық сыйымдылықты, игерілген денгейі мен жүктеменің
үлкейтуін анықтау үшін керек қорлардың мөлшері (минералды судың
дебеті, бағалы рекреациялық территорияның көлемі; туристік орталықтын
эксурсиялық потенциалы (сағат))
2. потенциалды рекреациялық мекендерді анықтауға санитарлық күзеттердің
ауыл аймақтарын орнатуға мүмкіндік беретін ресурстардың таралу ауданы
3. туризмнін мауысымдығын, туристік ағымдардың ырғақтығын анықтайтың
мүмкін пайдаланымның кезеңі (жайлы климат кезенінің, шомылу мауысымның
және қар жамылғысының ұзақтығы)
4. рекреациялық инфрақұрылым мен ағымдардың ресурстар шоғырланған
территорияға ұмтылуға себепші болып, көптеген ресурстардың
территориялық қозғалмайтындығы.
5. инфрақұрылымды өте тез жасауды және әлеуметтік пен экономикалық
эффектісін алуын, және де бөлек ресурстардың түрлерін өз бетімен
қолдануын мүмкіндік беретін пайдаланым шығысының салыстырмалы төмен
капитал сиымдылығы және жоғары емес құны.
6. табиғатты рационалды қолдану ережелерді сақтаумен рекультивация мен
жабдықтау шараларын ұйымдастырғанда көп рет пайдалану мүмкіншілігі.
Қазіргі уақыттағы демалыс пен туризм ресурстардың бұндай
классификациясы да бар: тура және жанама. Бірінші топқа туристер өзі
қолданылып жатқан ресурстар жатады-ландшафтының әдемілігі мен экзотикасы,
мекен жайының емдік-сауықтыру қасиеттері, тарихи-мәдени ескерткіштер және
т.б объектілер. Бірақ-та, тура ресурстарды меңгеру үшін жанама ресурстарды
қатыстыру керек-шикізат, отын-энергетикалық, материалдық, финанстық, еңбек
және т.б. яғни, оларды туынды ресурстар деп те айтуға болады. Бұндай
классификация туризмнің мақсаты үшін территорияның қолдану спецификасын
бейнелей отырып, тура туристік-рекреациялық ресурстардың бастапқы маңызын
да ерекшелінеді.
Мемлекеттегі туристік-рекреациялық іс-әрекеттің территориалдық
ұйымдастырудың ғылыми жағынан көп уақытқа дәйектелген болжау республика
халқының барлық қажеттіліктері мен біркелкі емес сұраныстарын есепке алып,
бүкіл рекреациялық ресурстарын анықтау, хаттау мен бағалау үшін үлкен
жұмыстарын іске асырылуын қажет етеді [1].
1.3 Территорияны рекреациялық бағалаудың әдістері мен
белгілері
Табиғи ресурстарды бағалау сұрақтары қоғам мен табиғаттың қарым-
қатынас мәселелерінде маңызды орын алады. Қандай да болмасын шаруашылық іс-
әрекеті табиғи жағдайлар мен ресурстарды бағалауға негізделеді. Санаторлы-
курорттық мақсатта қолданылатын территорияны бағалауда әртүрлі авторлардың
көптеген зерттеулері жасаған. Соңғы уақытта табиғи кегендердің рекреациялық
бағалануының қағидалары мен әдістемелік тәсілдеріне қызығушылық артып
отыр.
Осындай жұмыстардың арасында демалыс аймағын жоспарлаудағы ландшафттың
бағасын белгілеуді талдаған В.Стаускасаның талпынысын атап өтуге болады. Өз
жұмысының негізінде ол табиғи факторлармен қоса, шаруашылық факторларды
(орман, өзен, бедер, жол және т.б) және олардың территориялық ара қатынасын
есепке алады. Қорытындысы бес дәрежелі салыстырмалы құндылық градациямен
бағаланады [11].
И.Г. Божко және т.б жұмысында-демалысқа арналған аймақ табиғи
ерекшеліктері бойынша, сондай-ақ территорияның экономикалық даму бағыты
бойыша бағаланады, авторлар территорияның инженерлік-құрылыс жағдайының
бағасын келтіреді және жердің шаруашылық та қолданылу пайдалылығын
көрсетеді [11].
Ю.А Ведениннің және И.И Мирошниченконың СССР-дың табиғи
провинцияларын ререациялық бағалау әдістемесі бойынша жазған жұмыстары
қызықты болып табылады [12]. Ғалым-географтар ойы бойынша басқа жұмыстардың
арасында Я.И Мухинаның “Табиғи кешендерді технологиялық бағалаудың
қағидалары мен әдістері” жұмысы ерекше көңіл аударады, онда рекреациялық
бағалаудың әдістемелік нұсқаулары келтірілген. Сонымен қатар, басты
материал ретінде табиғи кешенді бағалауға өте қажетті мәліметтері бар
сипаттама қолданыллған [13].
Туризм мен демалыс мақсаты үшін табиғи жағдайды бағалау өте күрделі.
Емдік ресурстарды бағалаудан айырмашылығы- мұнда әсем көріністердің
тартымдылығы, олардың қайталанбастығы, экзотикалығы сияқты факторлар орын
алады [11].
Ландшафттың рекреациялық бағалауының 20 шақты әдісін қарастырған В.
Рейнгорд (ГФР), мынадай қорытындыға келді, бұндай бағалаудың негізінде
территория сиымдылығының әртүрлі әдістерін зерттеу жату керек, ландшафтта
жіберілетін күштен шығатын экономикалық сиымдылықтың техникалық немесе
өткізу қабілеті (жол, автотұрақ, туристік сүрлеу саны), әдеттегі демалысқа
кедергі келтірмейтін келушілердің белгілі саны, психологиялық сиымдылық,
қаржы сиымдылығы (территория иесінің қаржы мүмкіншіліктері). Поляк
географтарының осы облыста алға басуы “тартымдылық коэффициентін” қолдану
болып табылады, ол жүйелік көрсеткіш болып саналады және салыстырмалы сан
көмегімен көрсетіледі 0-1 аралығында (оның ішінде 1- ”тартымдылықтың”
жоғары деңгейі) [11].
Әйгілі болғандай-ақ туризм түрлері-әртүрлі. Сонымен рекреациялық
мақсатқа территорияны бағалаудың жалпы міндеті 2 бөлікке бөлінеді:
1) Адамдардың әртүрлі рекреациялық іс-әрекетте қолдану үшін табиғи
кешендерді бағалау.
2) Рекреациялық объектілерді салу үшін табиғи кешенді бағалау.
Е.А. Котляровтың ойы бойынша демалушылардың келуімен территорияны
бағалауда ыңғайлылық жағдайы секілді (жағажайдың қолайлығы, орманның
минералды сулардың болуы), гигиеналық жағдайларда (өзен және теңіз
сулалырының көлемі), сондай-ақ эстетикалық факторлары (көріністік едемілігі
мен үйлесімдігі) есепке алынулары шарт [14].
Территорияны инженерлік игеру экономикалық көрсеткіштер есебінен
бағалануы тиіс (қатынас жолдарының болуы, жылда рекреациялық объектілері
пайдаланудың мүмкіндік мерзімінің ұзақтығы, ацданның мамандандырылуы,
қызықты экскурсиялық объектілерлің болуы).
Рекреациялық мақсатта территорияның жарамдылығын бағалаудың негізіне,
ең алдымен табиғи жағдайларды жатқызу керек. Себебі, рекреациялық ауданды
ұйымдастыру үшін жеке табиғи факторлар бірдей құнды емес, оларға
территорияны бағалауда әртүрлі салмақ түседі (негізгі және қосымша
факторлар).
Жеке факторлардың құндылықтарын анықталғанда олардың рекреациялық іс-
әрекетіне маңызына сүйену керек.
Бағалау негізіне жататын негізгі факторларға мыналар: қолайлы
температура жағдайының ұзақтығы, теңіз жағалауының болуы, бедер сипаты,
орман мен өзендердің, көлдер мен су қоймаларының болуы жатады. Одан басқа,
транспорттық жолмен қамтамасыз ету секілді шаруашылық факторы да есепке
алыну керек.
Орман ресурстарын бағалау ірі орман алабы көп адамның рекреациялық іс-
әрекеті үшін жағдай жасауға негізделеді, ал орманның құрамы мен құрылымы
микроклиматқа және санитарлы-гигиеналық жағдайға әсер етеді. Орман алабында
көріністер өте жиі, әсіресе көрнелі өзгеріп тұрады. Орманның аз ауданы
немесе олардың болмауы территорияның туризм мен демалыс үшін қолданылу
мүмкіншіліктерін шектейді.
Өзен, көл және су қоймасына баға бергенде олардың әртүрлілігі мен
көптігі туристік ұйымдардың мүмкіншіліктері мен демалыстың басқа турлерін
анықтайды [12].
Транспорт жағдайын бағалауда есепке алатын нәрсе, ол егерде қатынас
тораптарды жақсы дамысса, онда рекреациялық аймақтардың жеке бөліктеріне
бару мүмкіншілігі ұлғаяды, сонымен қатар ол территорияның тезірек игерілуін
және оның мамандану сұрақтарын шешудегі мүмкіндік туғызады.
Сол табиғи фактордың құндылығы жыл мезгіліне қарай өзгеріп отырады.
Мысалы, егер жаздағы демалу мен туризм үшін теңіз және өзен торының жиілігі
негізгі фактор есебінде жүрсе, ал демалу мен туризмнің қысқы түрін
ұйымдастыруда олар тәуелді маңызға ие болады немесе мүлдем есепке
алынбайды. Туризмнің қысқы түрі үшін рекреациялық мекемелер
ұйымдастырғанда жыл бойғы 60-70 күндік жамылғысының болу ұзақтығы орынды
[1].
Рекреациялық мақсатта территорияның жарамдылығын бағалау үшін Е.А
Котляров рекреациялық жағдайда қазір қолданылып жүрген аудандар градациясын
төмендегідей талдады [14] :
А) ең қолайлы (5 балл) ; Б) өте қолайлы ( 4 балл) ; В) қолайлы (3 балл) ;
г) бірен-саран қолдануға жарамды (2 балл) ; д ) жарамсыз (1 балл) ;
Ең қолайлы аудандарға, жылы кезеңі ұзақ, орташа тәуліктік
температурасы 10-22 0С, тау бедерімен үйлескен теңіз жағалауы, орман алабы,
өзен, көл және су қоймасы бар, сондай-ақ жақсы транспорттық жағдаймен
қамтамасыз етілген аудандар жатады.
Өте қолайлы аудандарға бағаланатын негізгі табиғи факторы бар, алайда
негізгі фактордың біреуі жоғары бағаланбайды немесе мүлде жоқ (мысалы,
теңіз жағалауының немесе орманның болмауы).
Қолайлы аудандарға ең негізгі факторы жоқ немесе аса жоғары
бағаланбайтын (мысалы, орман және теңіз жағалауының болмауы) аудандар
жатады. Бірен-саран қолдануға жарамды аудандарға тек екі негізгі факторы
кең дамыған, ал қалғандары мүлдем жоқ немесе дамымаған аудандар жатады.
Жарамсыз аудандар рекреацияға жағдай туғызатын негізгі факторлары мүлдем
жоқ аудандар. Екінші топтың аудандары (игерілмеген) градацияға осы белгілер
бойынша белгіленеді.
Рекреациялық ресурстардың құрылымына табиғи элементтер мен
кешендерден басқа мәдени-тарихи ресурстарда жатады. Оларды танымдық-
ақпараттық бағытпен бағалап және эстетикалық қызығушылық және туристердің
талабын қанағаттандырып, осы ресурстардың барлық әр алуандығын екі бөлікке
бөлуге болады, алайда олардың арасынан нақты шекара жүргізу өте қиын.
Бірінші топқа тарихи-архитектуралық көрнекі орындар мен объектілерге:
архитектура тарихының ескерткіштері, мәнді оқиғалармен байланысты орындар,
археологиялық құндылықтар және археологиялық қазбалар, тарихи оқиғаларға
орнатылған мемориалдар мен ескерткіштер жатады. Мәдени-тарихи ресурстардың
бұл тобы туристердің шетелге сапары бағдарламасының негізгі элементі болып
табылады және ереже бойынша жарнаманың басты объектісі болып саналады.
Екінші топ, біріншіге өте жақын, ол- негізінен музейде және әртүрлі
мемориалды объектілерде шоғырланған мәдениеттің және өткен мен қазіргі
өнердің құндылықтары. Осындай құндылықтармен танысу Қазақстандағы шетелдік
туристерге арналған экскурсиялық бағдарламаның маңызды бөлігін құрайды.
Туристік ауданның даралығын құрайтын барлық кешенді жағдайлар мен
ресурстардың есебі туралы сұрақ қойылады. Сол үшін туристік ресурстар
ұғымына тұрмыстық жағдайлар мен қызмет көрсетуді қосу керек (қонақ үйдің,
туристік базаның бар болуы, қызмет көрсету мәдениеті, транспорт жағдайлары
мен құралдарының қолайлығы) жалпы туристік аудандардың салттары мен
даңқтылығын қосады. Сол үшін, географиялық жобадағы туризм дамуының жолын
анықтай отырып, табиғи, мәдени-тарихи ресурстарға, әлеуметтік-экономикалық
жағдайға баға беру керек және қалыптасқан туристік мекемелер мен бағыт
тораптарын талдау, рекреациялық территорияның сиымдылығын белгілеу қажет.
Е. В. Ефременко айтқанындай кешендік баға өзіне бағаны қамту керек
[16] :
1) табиғи мүмкіншіліктерді ; 2) территорияны мәдени игерудің деңгейі;
3) экзотикалық; 4)бос уақыттағы жұмыстың әртүрлі деңгейі бойынша туристік
мүмкіншіліктерге; 5) тарихи-мәдени объектілерге;
6) тұрмыстық қызмет көрсетуге; 7) салттар мен даңқ деңгейі.
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАҒАЛАУ
ӘДІСТЕРІ
2.1 Солтүстік-Қазақстан
Солтүстік Қазақстанға Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай
облыстары кіреді. Аймақ Республиканың қиыр солтүстігінде Есіл, Тобыл,
Обоған өзендерінің бассейінінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай
Солтүстік Қазастан 1300 км-ге солтүстіктен оңтүстікке қарай 900 км-ге
созылып жатыр. Басты өзені- Ертіс және оның екі саласы Есіл мен Тобыл. Іле
көлдері–Құсмұрын және Сарықопа (Қостанай облысында), Ақмола облысында теңіз
және Қорғалжын, Солтүстік Қазақстан облысында Шортан, Бурабай, Шағала
көлдері.
Солтүстік Қазақстан - аймақтың ландшафты климаттық жағдайлары туристік
демалыстың әртүрлі түрін ұсынады автомобильді, велосипедті, су.
Көкшетау, Баян-Ауыл, Муялды курорттары емделумен, демалысты ұсынады,
Қорғалжың және Наурызым қорықтары ғылыми туризммен айналысушылар үшін
қызығушылық туғызады.
Шағала көлдері. Бірнеше көлдер емдік минералды тұздарымен,
балшықтарымен мақтана алады. (Павлодар облысындағы Мойылды көлі, Солтүстік-
Қазақстан облысындағы Майбалық көлі). Климаты шұғыл континенталды, алайда
республиканың басқа облыстарынан айырмашылығы жазы қоңыржай, қысы төмен
температуралы. Көкшетаудың тауының, көлінің, өзенінің қайталанбас
ландшафты, Павлодардың оңтүстігінде Баянауылдың экзотикалық плартасы,
Қорғалжың қорығының өте бай фаунасы мен флорасы-өзіңді бұзылмаған
табиғаттың бір бір бөлігі етіп есептеуінің жақсы мүмкіндігі.
Бурабай ертегіден де тартымдырақ. Таудың, аршалы орманның, көлдің
үйлесуі тек қана қайталанбас ландшафт құрып қоймайды, ол сондай-ақ ерекше
емдік климат. Бұнда сіз көптеген санаторийді, туристік базаны және
пансионаттарды таба аласыз.
Павлодар облысы еліміздің көркем бұрышының бірі болып саналатын тамаша
Баянауыл ұлттық табиғи паркімен әйгілі. Ол индустриясы дамыған қала
Екібастұздан жүз километр жерде. Бұл Ұлттық Паркта өсімдік қабатының төрт
түрі бар: орман, орманды дала, дала және шалғын. Павлодардың солтүстік-
батыс жағында, Ертістің оң жағалауында әлемдегі бірегей орынның бірі-
табиғат ескерткіш Гусиный Перелет бар.
Наурызым қорығы Қостанай облысының Наурызым және Семиозер аудандарында
Қостанайдан оңтүстікке қарай 190 км-де орналасқан. Қорықтың қарағайлы
орманын реликтілі деп санауға болады, себебі олар аз өзгерген түрде үшінші
немесе төртінші кезеңнің басынан сақталып келеді. Наурызымның қайыңдары
Ресейдікі секілді тік болмаса да, олар әдемі. Бұл ерекше түр-қырғыз қайыңы-
Солтүстік Қазақстан эндемигі. Олар аз территорияны қамтып жатыр және
әлемнің басқа еш жерінде кездеспейді. Наурызым қорығының нышаны- аққу [29].
Бурабай курорты - өзінің әдемілігімен көлінің барымен, өсімдік және
жануарлар әлемімен- Қазақстан маржаны деген атқа ие. Көкшетау қыратының
орталық бөлігін Көкшетау тауы алып жатыр, оның максималды биіктігі- 947
метр (теңіз деңгейінен). Далалы ауданынан бірнеше жүз метрге жоғары
көтерілген, массивті-кристалды жыныстардан құралған, үшкір шыңды
өркештермен біткен, қарағайлы-қайыңды орманмен көмкерілген бұл сілемдер тау
ландшафтын құрайды. Күннің, судың, желдің әсерінен жер қыртысының тармағы
миллиондаған жылдар бойы жұмбақ түрлерге айналды, бұл жерден жануар
түріндегі, ертегідегі, кейіпкер түріндегі кейіптерді көруге болады.
Көптеген аңыздар мен ертегілер осы бірегей мекен- Бурабайдың пайда болуымен
қалыптасады. Бурабай санаториилер, профилокторилер, демалыс үйлері,
спорттық-сауықтыру лагерлері өлкесі. Бұл жерге денсаулықтарын түзеу үшін,
табиғатпен танысып, демалу үшін Қазақстанның әр түкперінен және ТМД
елдерінен ондаған мың адамдар келеді. Бурабайдың сауықтыру орындарында
тыныс алу және ішек-асқазан жолы ауруларын, жүрек қан-тамыр ауруынан, буын
ауруларын емдейді. Бурабай қымызымен, емдік балшығынан, минералды сумен
мақтана алады. Курортта ең жақсысы дала шөбінің және аршалы орманның иісіне
қаныққан таза ауа. Ашық күндер орта белдеуге қарағанда бұл жерде көп.
Шомылу маусымы июнь айында басталады. Бурабай спорт әлемінде де өте
танымал. Бұнда жыл сайын триатлоннан, шыңға өрмелеуден жарыстар өтіп
тұрады.
Бурабай-көптеген көлдер өлкесі. Ең терең көл Жеке-Батыр жотасының
етегінде орналасқан Щучье көлі. Көл ұзындығы 7 км астам, ені 3 км,
тереңдігі 18км. Көл Курорт-Бурабай темір жол станциясы бараудан орталығы
Щучинскіге жанасып жатыр.
Бурабай көлі- демалуға, қайықпен, катамаранмен серуендеуге арналған
өте жақсы орын. Көл өзінің көркем айналасымен мақтана алады. Егер көлдің
айналып 12 км жерде Гранова өзенінің басталуында бірегей табиғи ескерткіш-
биші аққайың шоғы бар. Көлдің шығыс жағалауы-құмды жағажай, демалуға,
шойылуға ең қолайлы жер.
Көкшетау тауының орланды баурайынан Оқжетпес жартасы көрініп тұр.
Оның етегінен Көгілдір шығанақтың суынан 18 метрге Жұмбақтас шыңы көтерулі.
Бурабай көлі және Үлкен Чебачье мойнағының арасынан тамаша көрініс ашылады.
Осы жерден Көкшетау тауы Бурабай тауы, Жеке-Батыр жақсы көрінеді. Жалпы
Бурабайдың әр тауы, шатқолы, шалғыны туралы көптеген аңыздар мен ертегілер
бар. Бурабай табиғатының әдемілігінен, берегейлігімен көптеген
демалушыларды өзіне тартады, сондықтан-да қоршаған ортаны қорғаудың
мәселесі өсіп отыр. Бурабайдың қорғанатын табиғи байлығы Бурабай. Табиғи
Сауықтыру Орман Кешені (ТСОК Бурабай) Бурабайдағы орман қызметі өз жұмысын
1898 жылдан бастап келеді. ТСАК Бурабай ауданының негізгі бөлігін (62,8
мың га) қарағай, ол одан азын қайың мен көктерек алып жатыр. Өсімдіктің
көптігі жануарлар желінің әртүрлілігін және бай болуын қамтамсыз етеді.
Бурабай орманыда құстың 174 түрі, сүт қоректінің 32 түрі, балықтың 15 түрі
бар. Флора мен фауна турасы теренірек Бурабай ауылында орналасқан Табиғат
мұражайынан білуге болады. Щучинск-Бурабай курорттық зонасын дамыту үшін үш
жыл ішінде 170 млн $ бөлінеді.
Қазастан маржаны- Щучинск-Бурабай курорттық зонасын дамыту
бағдарламасы талданды. Аталған мақсатқа байланысты, осы бағдарламаға сәйкес
үш жыл ішінде республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттен жалпы-құны 22
млрд теңге бөлу жоспарлануда. Негізі көңіл өлкедегі эколоиялық жағдайдың
бөліну керек. Курорттық зонаның жалпы көлемі 84 мың га, оның 53 мың га
орман алып жатыр. Туристік іс-әрекетпен 24 санаториялы-курорттық, мекемелер
16 балаларды сауықтыру орталықтары, 9 қонақ үй салынады.
Бурабай жоталарының ең биік шыңы 947 метр биіктігі Көкшетау тауы.
Көкшетаудың екі шыңы бар: Оңтүстік және Солтүстік. Биігі- Оңтүстік Таудың
өзі ұзындығы (6-7км) жарасты тарам. Көкшетау оңтүстікке қарай Бурабай тауы
орналасқан, оның ең үлкені Жеке-Батыр (826м)
Көкшетаудың сілемі мен көгілдір шығанақтың арасында жартас-қауық
орналасқан:Үш апалы-сіңілі және Оқжетпес. Үш апа-сіңілі – үш жартас үлкен,
ортанша кішкене бауырларды еске алады.
Барлық жартасқа шығушыларды өзіне тартатын- Оқжетпес шыңы бес мөлшеруі
салынған. Бірден беске дейін. Оның қандай жүйеде топтастырылғанын ешкім
білмейді. Батыстан бірлік (жалғыз) маршрурт шығады. Жай- ыңғайлы маршрурт
[31].
Ағаштармен кең сөрелер кезектестін қысқа алаңдар еңгіш қатпарлы
жартастармен өлшеуге бейімделген. Соңғы участокқа арқан керек. Бұл отыз
метрлік тыстың соңы станционарлық ілмекпен жабылған, ал жартасты алаңға
шығатын жер түсетін тор ілініп тұрған жерде. Осы жерден Оқжетпестің
жотасына көтерілуге болады. Бірлік жолды көбінесе түсу үшін немесе
жаттығу жасау үшін қолданады. Оны қыста жүріп өтуді ұсынамыз. Ол қыста
жазға қарағада қызықты Шығыс жағынан Оқжетпеске енілік жол әкеледі. Бұл
жартастағы өте ұзақ мөлшерді өте қызықты. Өрлеудің бірнеше түрін қолдануға
болады. Бұл өткір пышақтар, үлкен тас, тірі көпір.
Солтүстіктен үштік жол келеді. Өте қысқа маршрурт. Маршруртта сақтандыруға
жарамды үш бағана бар. Маршрурт айда-сайда тар тастарға ауысатын ішкі
бұрыштар жүйесі бойынша өтеді.
Үштікке көлденеңінен бестік өтеді. Төртік қарама-қарсы бөлігінде
орналсқан. Маршрурт аздап ойлануға келеді және қабырға бойымен солдан оңға
өрліп отырады. Алайда маршрурттың жоғары жағынуға ілмек төменнен де
таңқалдырады.
Міне, ақырында Көкшетау,.Оңтүстік шыңның массивті өрмелеу тұрғымынан
қарағанда қызықсыз. Шыңға арқансыз, орманнан-ақ көтерілуге болады.Адыр
бойымен жол күрделі және альпинистік әдісті талап етеді. Солтүстік
массивтен негізгі шың кең орманмен бөлінген. Ойпаттың төменгі жағында орман
өртін сойдыру кезінде құлаған ұшақ жатыр.
Солтүстік массиві қызықты. Үш километр ұзындықта ол қатты тарамдалған
адырда биіктік түзейді. Екі Көкшетаудың төте жолы әйгілі болып қалады. Бұл
маршрурт аудандағы ең ұзыны. Дайындалған топта ол 8-10 сағат алады [10].
Астана – Қазақстан Республикасының астанасы (1998 ж 6 майына дейін-
Ақмола) Қазақстан Республикасының Президентінің 1997 ж 20 октябрьдегі
жарлығымен 1997 ж 10 желтоқсан айынан Қазақстан Республикасының астанасы
болып жарияланды.
Қазақстан жаңа астанасы- Астананың халықаралық ашылуы 1998 ж 10
маусымда болды. Орталықты Алмытыдан көшіру экономикалық, экологиялық,
географиялық мақсаттарға сәйкес жүргізілді.
Алматы республиканың географиялық орталықтан өте үлкен қашықтықта
жатыр. Халық саны бойынша қала 1,5 млн тұрғынға жақындап келеді, сондықтан
кеңістік таралуға келешегі аз болуда. Қала тығыз құрылған және халқы тығыз
, өз дамуына бос аймағы мүлдем жоқ. Транспорт мәселелері де туындауда.
Оның ішінде жылдан жылға экологиялық жағдай күрделінуде- ластануы бойынша
Алматы Қазақстан қалаларының ішінен бірінші орында.
Қазақстан территориясын 32 параметр бойынша анықтап талдағанда, оның
ішінде: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмикалық
жағдай, қоршаған орта, инженерлік және транспорттық инфрақұрылым, құлылыс
кешені, еңбек ресурстары және басқалары бойынша Ақмола қаласы өте тиімді
болып табылды.
Қала дағдайы, оның территориясы, Қазақстанның географиялық орталығында
болуы, ірі шаруашылық аймағының жақын болуы, ірі транспорт жолдарының
түйісуі, халық санының 400 мың адамға өсу мүмкіндігі, жақсы салынған жылы
және электрожаблықталуы, көлік инфрақұрылымның дамуы, орта экологиялық
жағдай осы таңдауды айқындап берді. Астанада кейбір қызықты ескерткіштер
тұрғызылды:
“Халықтар достығы” монументі қоладан жасалынған, автор- С. Нарынов.
Ашылған күні: 2003 жылдың 1 мамырда. Монумент тостаған тәрізді, фонтанды
бассейні бар, оның ортасында постаментте 8 метрлік 3 мүсіннен құралған қола
тұлға орналасқан. Автордың ойы бойынша өзара байланысқан салалар қол қысу,
достық дәнекері, бір-бірін қорғау антын , бейбітшілік пен келісімнің
тұтасып кетуін сипаттайды. Тополпгиялық ғылымда “беде жапырақтары” деп
аталатын түйін бар. Өзара қиылысатын басы мен аяғы жоқ үш қол, ұзақ өмірді,
мәңгілікті, бақыт пен сәттілікті білдіреді.
Мүсін жанына фонтандар “орманы” ойластырылған, әр фонтан үлкен емес
граниттік тақшалардың түйіскен жерінде орналыстырылған. Бұл фонтандар
Қазақстанның халқы мен этносын сипаттайды. Астананың тұрғандары мен
қонақтары монументті Республика даңғылы мен Омаров көшесінің қиылысынан
көре алады.
“Отан қорғаушылар”, автор- Қазақстан архитекторы мен мүсіншілерінің
тобы,. материал: мыс, гранит, қола. 2001 жылдың 9 мамырында ашылды. 1,3 млн
қазақстандықтар соғысқа жетті, олардың .700 мыңы шайқас алаңында мәңгілікке
қалды. Оны ұмытуға болмайды. Монументтің орталық тұлғасы-әйел. Бірінші рет
осындай мемориалды кешенде әйел бірлік пен татулыққа шақырып күйімдеп тұр.
Ол бейбітшілік пен өркендеудің елшісі- алтын кесені ұстап тұр. 101 масақтан
құралған 40 метрлік стела Қазақстандағы барлық ұлттардың бірлігін
сипаттайды. Барельефте оң жақта совет батырлары, сол жағында жоңғарлармен
күресуші қазақ батырлары суреттелген. Олардың етек жағында алау жанып тұр.
Монумент айналасында қала тұрғындарының сүйікті орнына айналған парк
жасалған.
Бата. Авторы-суретші және мүсінші А. Бектасов, қола және тастан
жасалынған. Бата қазақ тілінен “алғыс алған” , автор өз шығармасын осылай
атады. Астанаға келетіндері және кететіндерді ақ жол тілейтін осы символ
қарсы алып щығарып салады. Ескерткіш қақпа тәріздес және босаға жолдың
басын сипаттайды. Ол жерден әйел мен еркек бастауын кейіптейтін бесікті
көруге болады. Ескерткіштің жоғары бөлігінде орналасқан теңгір белгісін
білдіретін дөңгелек өзінің айнадай беткейімен күн және аспанмен шағылысады.
Фонтан түріндегі су өмірдің қайнар көзі болып саналады және иұрмыс
символына қосымша болып табылады.
Жаңа алаң (Чупа-чупс) –ң авторы- А. Боярлин.Материал: қола, тас. Бұл
құрылыстың басты мақсаты- халықтығ бірлігі мен республика өркендеуін,
гумманизм мен ұрпақтардың мирасқорлық болашаққа ұмтылуы мүміндік фонтан
кешенінде ұйқастырылған. Фонтан ортасында- өмір ағашы, әлемдік үш бірлікті
түсінік, оның тамыры- жер асты әлемі, біздің аталарымыз, діңгегі- біз өмір
сүріп отырған, ортаңғы әлемі-, болашағы руханилық және біздің келешек
ұрпақтарымыз. Төрт құбылысында жануарлар кейпі 4 әлемдік апатты құбылыс
түрінде көрсетілген : Су өгіз бейнесінде, Жер- түйе , От-қой, Ақыл- ұлу
бейнесінд. Фонтан үш қабатта келтірілген: су ағаштың ұшар басынан бірінші
қабатқа құйылады, одан соң екіншіге құйылады, ал тасқыны күшті су әр
символикалық жануардың ауызынан шығып жатыр. Алаңның ашылуы Қазақстан
президентінің 60 жылдығына арналды.
Барыстар. Авторы- Домағанбетов Т. Қола және мәрмірден жасалынған.
Жыртқыштар қалаға кіре беріс жерде орнатылған, олар келгендерге қақпаны
ашып тұрған секілді және қаланы қорғап тұрғандай әсер қалдырады.
Саяси құғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал. Автор- мүсінші
Боярлин А, архитектор Монтықаев Қ, Суйлеменов Г, гранит пен мыстан
жасалған. Ашылу күні: 1997 жылдың 6 мауысымда. Ескерткіш негізінде
қарапайым, бірақ, ертедегі мола құрылысы , оның биіктігі 27 метр.55
табалдырықтан тұратын баспалдақ жоғарыға апарады, ал оң жағында барельефті
суреттер, қабырғада ортаға түскен шаңырақ, құрғаған жер және адамдар
сұлбасы. Мемориалдың негізгі мақсаты- ұрпақтарға халық өмірінің ауыр тарихи
кезеңінен ескерикіш сақтау.
Абай- авторы мүсінші Т. Ермеков, архитектор Н. Аужанов. Материал:
қола. Ашылу күні:2000 ж 10 мауысымда. Ескерткіш Ресейдің “Альфа-банктің”
қасында орталық скверде орналасқан Постаменті дала жанының бөлігі ретінде
жасалған, оның бойымен 3,5 метрлік қола Абай көтеріліп бара жатыр. Қолында
ол кітап ұстаған ойлы кейіпте салынған. 2000 ж 10 мауысымда астана күнінде
ескерткіш қойылды, ал кейінірек 4 желтоқсанда Абайды қолаға “салды” [16].
2.2 Шығыс Қазақстан
Шығыс–Қазақстан облысы Қытай, Монғолия, Ресей шекараларының торабында
орналасқан. Табиғат өлкені ландшафтың кең спектріне бөлді: шөл, дала,
тайга, таумен және жалтылдалған мұздықтарға.
Территорияның көп бөлігін Рудныйдың, Оңтүстік Алтайдың, Қолбының,
Сауыр-Тарбағатайдың тау жүйелері алып жатыр.
Басты өзені Ертіс-оның ірі салалары-Ұба, Үлбі, Бұхтырма өзендері. Ірі
көлдері-Марқакөл, Зайсан, Рахманов, Алакөл, Марал.Климаты
шұғылконтиненталды, ауа температурасының тәуліктік және жылдық ауытқуы
жоғары.
Шығыс Қазақстанға табиғи-климатттық зонаның әрлтүрлілігі тән. Шығыс
Қазақстанның табиғаты ерекше. Белуха тауы Солтүстік-шығыста орналасқан
Сібір мен Алтайдың ең биік қар басты шыңы (4506м). Бұл қар, мұз күрсілдеген
көшкін және жалтылдаған сарқырамалар патшалығы.Оның жанында Бүркіт ауыл
тауы көршілесіп жатыр, оның биіктігі-3373м. Бүркіт ауыл Оңтүстік Алтайдағы
Белухадан кейінгі екінші шың.
Бұл өлкенің табиғаты өте тамаша және әсем. Көк-жасыл түсті Бұхтырма
көлі өзінің көркем көркімен ғана емес сондай-ақ балық аулауымен де өте
әйгілі. Көптеген өзендер мен бастаулар тау кемерінен ағып, әдемі сарқырама
жасап көлге құяды, ол көлден тек Шандағы-Бұлақ өзені ағып шығады.
Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу кесенесі. Аягөз өзенінің жағалауында орналасқан
өте қызықты тарихи орындардың бірі-Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу мазары (X-XI
ғ.ғ).Бұл халық эпосының батырлар кейпі-бозбала мен бойжеткен арасындағы
мәңгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz