Қазақстан Республикасында рыноктық қатынастардың қалыптасу ерекшелiктерi



ЖОСПАР
КIРIСПЕ

I РЫНОКТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI
1.1 Рыноктық қатынастардың пайда болуы және ерекшелiктерi
1.2 Рыноктың мәнi, түрлерi және қызметi

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА РЫНОКТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
2.1 Қазақстан Республикасында рыноктық қатынастардың өтпелi кезеңде дамуы

2.2 Елiмiздегi рыноктық қатынастардың артықшылығы мен кемшiлiктерi
2.2 Қазақстан Республикасының рыноктық экономика негізінде даму
болашағы

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I РЫНОКТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI ... ... ... ... ... ... .5

1. Рыноктық қатынастардың пайда болуы және ерекшелiктерi
... ... ... ... 5

2. Рыноктың мәнi, түрлерi және қызметi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА РЫНОКТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

2.1 Қазақстан Республикасында рыноктық қатынастардың өтпелi кезеңде
дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

2.2 Елiмiздегi рыноктық қатынастардың артықшылығы мен
кемшiлiктерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .21

2.2 Қазақстан Республикасының рыноктық экономика негізінде даму
болашағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..29

ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..31

КIРIСПЕ

Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан
15 жыл бұрын егемендiгiн алып, экономикалық құрылымын жоспарлы экономикадан
рыноктық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы рыноктық қатынастардың
қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екекнi
белгiлi.
Рыноктық экономикада экономикалық теория негiзiнен ресурстардың
шектелген жағдайында қажеттiлiктердi қамтамасыз етудi көздеген, адамдар мен
топтардың материалдық игiлiктер мен қызметтердi сұраныс пен ұсыннысқа, баға
мен бәсекеге байланысты шктеулi ресурстарды тиiмдi өндiру, бөлу, айырбастау
және тұтынушылардың талғамын тәуелсiз, еркiн жағдайда максималды деңгейге
жеткiудi көздейтiн болады.
Рыноктық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу
мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың рынок арқылы тәуелсiз түрде өзара
әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Бүгiнде елiмiзде көрiп отырғанымыздай еңбек рыногы, қаржы рыногы,
бағалы қағаздар рыногы, валюталық рынок, тауар мен қызметтер рыногы,
капиталдар рыногы және т.б. рыноктары қалыатасып, олар өз қызметтерiн әр
түрлi формада iске асыруда. Алайда қандай рынок болса да, оның нақты түрiне
байланыссыз, рынок экономикасы қызмет етуi, оның негiзгi үш элементтерiне:
баға, сұраныс пен ұсыныс және бәсекеге байланысты. Осы элементтердiң
жиынтығы рынок жүйесiн құрайды. Жоғарыдағы барлық экономикалық жүйелер
басты үш сұрақты қажет етедi. Оларға: Не өндiру керек? Қалай өндiру керек?
Кiм үшiн өндiру керек? Рыноктық экономикада бұл сұрақтар рыноктық
механизмнiң көмегiмен тиiмдi әрi тұтынушыларды басты орынға қойып, олардың
сұранысын қанағаттандыру мақсатында шешiледi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын елiмiз дамуы үшiн маңызды
болып табылатын “Қазақстанда рыноктың қалыптасу ерекшеліктері мен
заңдылықтары” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi қоғам дамуының және
мемлекеттiң өмiр сүруiнiң негiзi болып табылатын экономика ғылымдарының
барлық түп тамыры рыноктық экономиканың заңдылықтары мен қағидалары болып
табылады. Сондай-ақ осы экономикалық теория негiзiнде рыноктық
қатынастардың қызмет ету ерекшелiктерiн талдап, оның ұлттық экономиканың
тиiмдi дамуындағы орнын көрсету болып табылады.
Менiң осы жұмысты орындаудағы мiндеттерiмдi келесiдей топтастыруға
болады:
• Экономикалық теория негiзiндегi рыноктық қатынастың қалыптасуы мен
дамуын, оның тиiмдi қызмет етуiн қарастыру;
• Рыноктық экономиканың мәнi мен түрлерi және соған байланысты жалпы
шаруашылықтағы қызметтерiн талдау;
• Рыноктың негiзгi элементтерiн және олардың бiр-бiрiмен өзара
байланыстарын анықтау;
• Қазақстан Республикасында рыноктық қатынастардың қалыптасу
ерекшелiктерi мен оның дамуын;
• Елiмiз үшiн рыноктық қатынастардың бүгiнгi таңда қызмет етуiн және
оның артықшылықтары мен кемшiлiктерiн қарастыру болып табылады.

I РЫНОКТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

1.1 Рыноктық қатынастардың пайда болуы және ерекшелiктерi

Рыноктық экономикада экономикалық теория негiзiнен ресурстардың
шектелген жағдайында қажеттiлiктердi қамтамасыз етудi көздеген, адамдар мен
топтардың материалдық игiлiктер мен қызметтердi сұраныс пен ұсыннысқа, баға
мен бәсекеге байланысты шктеулi ресурстарды тиiмдi өндiру, бөлу, айырбастау
және тұтынушылардың талғамын тәуелсiз, еркiн жағдайда максималды деңгейге
жеткiудi көздейтiн болады.
Рыноктық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу
мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың рынок арқылы тәуелсiз түрде өзара
әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Экономикалық байланыстар өнiмдердiң өндiрушiлерден тұтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бiр жақтан, өндiрушiлер, басқа жақтан тұтынушылар
арасында көп түрлi айырбас жүрiп отырады. Осындай айырбас процестерi
қоғамдық еңбек бөлiнiсiмен белгiленедi. Бұл бiр жағынан өндiрушiлердi
ажыратады, еңбек әрекеттерiне сәйкес оларды бiр-бiрiнен оңашаландырады.
Екiншiден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тударады.
Осындағы бiрiншi жағдай әр өндiрушiлердiң шаруашылық жүргiзуде экономикалық
тұрғыдан жекешеленуiне, тәуелсiздiгiне ұласады, сөйтiп рынок қатынастарының
субъектiлерiнiң қалыптасуының экономикалық негiзiн құрайды. Екiншi жағдай
тауарларды сатып алу-сату эквиваленттiк негiзде жүрiп отыратын айырбастар
процестерiнде көрiнiс табады. Осы кезде өндiрушiлер тауар өндiрудi және оны
өткiзудi, шығындарды өтеудi, өндiрiстi кеңейтудi және жетiлдiрудi –
барлығын өз еркiмен дербес шешедi. Тауар – ақша қатынасы жағдайында айырбас
процестерi рыноктық қатынастар формасында болады. 1
Экономикалық теорияда осыған ең қарапайым түрдегi жауап: рынок
адамдардың сатушы және сатып алушы болып бiрiн-бiр тауап кездесетiн жерi.
Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиi қолданылатын рынокқа анықтаманы
француз экономисi А.Курно мен экономист А.Маршал бередi. Олардың айтуынша:
“рынок заттар сатылатын және сатып алынатын белгiлi нақты рынок алаңы емес,
ол сатып алушылар менсатушылардың бiр-бiрiмен өте еркiн жағдайда келiсiмге
келетiн, кез-келген жалпы экономикалық аудан; еркiндiк сонда – бiрдей
тауарлардың көп ұзамай тез арада теңелiп отырады”. Бұл анықтамада
айырбастың еркiндiгiмен бағаның белгiленуi рыноктың басты критериi деп
көрсетiлген. 3
Ағылшын экономисi У.Джевонс рыноктың критериi деп сатушылар мен сатып
алушылардың арасындағы өзара қатынастардың “тығыздығына” назар аударады.
Бұның айтуы бойынша, тығыз iскерлiк қатынасқа түскен және қандай болмасын
сондай тауарлар туралы келiсiм жасасқан кез келген адамдардың тобы ол рынок
болып табылады.
Рыноктың мәнiн анықтағанда, оның екi жақты мағынасы бар екенiнен
бастау керек. Бiрiншiден, рынок (маркет) деген түсiнiк өзiндiк мағынада
өткiзу деген түсiнiк, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады.
Екiнщiден, рынок - өндiрiс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерiн қамтитын,
адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi. Бұл меншiктiң әр алуан
формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесiн пайдалануға
негiзделген, экономкалық iс-әрекеттердiң күрделi механизмi.
Сонымен қатар, айналыстан бөлек рынок қатынастарына келесiлер жатады:
• Екi субъектiнiң өзара байланыстары рынок негiзiнде болғанда,
кәсiпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен
байланысты қатынастар;
• Еңбек рыногы арқылы жұмыс күшiн жалдап пайдалану процесi;
• Белгiлi бiр пайызға несие берудегi несиелiк қатынастар жиынтығы;
• Шетел фирмалары мен бiрлескен кәсiпорындардың айырбас процестерi;
• Тауар, валюта, қор биржалары мен басқа да рыноктардан тұратын
рыноктық инфрақұрылымдардың iс-әрекет процестерi. 3
Осы рыноктық қатынастардың бiздiң экономикада тез орын алуына жол ашу
үшiн рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететiн жалпы шаруашылық шарттарға
жол ашумен байланысты:
• Меншiктiң алуан түрлi формаларына (жеке меншiкке кооперативтiк,
акционерлiк, мемлекеттiк меншiкке) жол ашу. Бұл шартқа бiрте-бiрте
қоғамның әлеуметтiк жағдайлары мен құрылымдық сипатын бұзбайтындай
етiп жайлап өту керек;
• Мемлекттiк реттеулердi сақтай отырып, өндiрiстi демократияландыру. Бұл
шартта есте болатын жағдай: рынок экономикасы өзiн-өзi толық тиiмдi
реттей алатын жүйе болып табылмайды. Рыноктық қатынастарда белгiлi
дәрежеде реттеп отыруды қажет етедi.
• Рыноктың үш негiзгi элементiн бiрiктiретiн тауарлар мен қызметтер
рыногын, өндiрiс факторларының рыногын, қаржы рыногын бiрiктiретiн
рыноктық инфрақұрылымды жасау және оның қызметiн жақарту 2
Рыноктық факторлардың екiншi тобына құқықтық заңдарды жасаумен
байланысты шаралар жүйесi және шаруашылық жүргiзудiң рыноктық әдiсiне көшу
туралы экономикалық заңдар мен тәртiптердi қабылдау жатады. Бiрiншiден,
меншiк пен шаруашылық жүргiзудiң көптүрлi формалары қалыптасу үшiн және
орынсыз пайдалануға жол бермейтiн, нақты шаралардың болуы қажет. Екiншiден,
экономиканың жетекшi салаларында құрылымдық өзгерiстер жүргiзiп тапшылықты
жою керек. Үшiншiден, шетел капиталының қатысуымен және аралас
кәсiпорындарды құру арқасында экономикалық ашық жүйеге айналдыру болы
птабылады.
Сондай-ақ рыноктық қатынастардың дамуы ең алғашында жекелеген тауарлар
айырбасы негiзiнде жүзеге асып отырды. Мысалы, бiр қап ұнға бiр балта және
тағы сол сияқты айырбас формалары сипатында болды. Ал бүгiнгi таңда
экономиканың күрделенiп, оның салаларының және салаiшiлiк құрылымының әр
түрлi формаларының дамуына байланысты және жаһандану процестерiнiң одан
сайын күрделене түсуi негiзiнде рыноктық қатынастарда күннен-күнге
күрделене түсуде. Осы рыноктық қатынастардың микроэкономика деңгейiнде
айналысын келесi модельден көруге болады. 8

Шығындар
Компания пайдасы

• Фирмалар сатады
• Үй шар. Сатып алады

• Үй шаруашылығ сатады
• Фирмалар сатып алады

Өндiрiстiк факторлар Үй шаруашылығының
кiрiстерi

Мұндағы:
Тауарлар мен қызметтер ағысы;
Ақша
қаражаттарының ағысы;

1.2 Рыноктың мәнi, түрлерi және қызметi

Рыноктың мәнi оның функциялары арқылы толыңғырақ анықталады. Рынок
мынадай маңызды қызметтер атқарады:
• Тауар өндiрiсiнiң және қызмет көрсетудiң өзiн-өзi реттеу қызметi. Бұл
мына жағдай арқылы көрiнедi: тауарға немесе қызметке сұраныс өскенде
өндiрушiлер өздерiнiң өндiрiс көлемiн немесе қызмет көрсету аясын
кеңейтiп бағаны жоғарлатады; нәтижесiнде өндiрiс немесе қызмет
көрсету қысқара бастайды;
• Ынталандыру қызметi, баға төмендегенде өндiрушiлер өндiрудi азайтады,
осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгiзу, еңбек
ұйымдастыруды жетiлдiру арқылы шығыдарды азайту мүмкiндiгiн
iздестiредi;
• Өндiрiлген өнiм мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау
қызметi. Бiрақ бұл қызмет тек тапшылық оқ өндiрiс жағдайында жүзеге
аса алады. Сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндiрiсте
монополия болмағанда, рынокта көптеген өндiрушi болып олар өзара
бәсекелес болғанда;
• Реттеу қызметi, рынок тепе-теңдiгi арқылы экономикадағы, өндiрiстегi
және айырбастағы негiзгi микро және макропропорциялар белгiленiп,
оларды рынок механизмi реттеп отырады;
• Шаруашылық өмiрдi демократияландыру, өзiн-өзi басқару принциптерiн
жүзеге асыру қызметi. Рыноктық құралдар әсерiмен қоғамдық өндiрiс
экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады, және
осының арқасында тауар өндiрушiлер әркелкi түрге, буындарға бөлiнедi,
яғни дифференцияланады;
• Рыноктық қатынастар негiзiнде экономиканың тиiмдi дамуын қамтамасыз
ететiн бәсекеге қабiлеттi экономика қалыптасады. 7
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың
негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде
әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi
артады.
Рынок экономикасы қызмет етуi, оның белгiлi элементтерiнiң болуын
талап етедi. Осы элементтердiң жиынтығы рынок жүйесiн құрайды. 3
Рынок қатынастардың бiрiншi элементi және өте маңызды элементi -
өндiрушiлер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлiнiсi процесiнде
қалыптасады – бiреулерi тауарды өндiредi, екiншiлерi оны тұтынады. Бұл
жағдайда өндiрушiлер мен тұтынушылардың бiр-бiрiмен байланысы, әрқайсысының
әрекеттерiнiң нәтижелерiн айырбастау арқылы жүрiп отырады. Рынок
шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негiзделедi және
рыноктар қатынастар негiзiнде iске асып отырады. Рынокта өндiрушiлердiң
басты мақсаты өздерiнiң өндiрiс көлемiнде пайдасын максималдап, өндiрiс
шығындарын минималдауға ұмтылады. Ал тұтынушылар өздерiнiң бюджеттiк сызығы
мүмкiншiлiгiне байланысты қажеттiлiктерiн толық өтеуге ынталы болады.
Рынок экономикасының екiншi элементi – баға. Бағаны жеке талдап
танысайық. Бұл жерде тек екi мәселенi ескертемiз. Бiрiшi, баға рынокта
сұраныс пен ұсыныс нәтижесiнде қалыптасады, яғни бұл жетiлген немесе еркiн
бәсекелестiк жағдайда орын алады. Екiншi жеке бiр фирманың немесе бiрнеше
фирманың, мемлекеттiң және сыртқы факторлар әсерiнен баға рыноктан бағадан
өзгеше болып қалыптасады. Бұл жағдай көбiнесе рыноктың жетiлмеген
бәсекелестiк жағдайына сәйкес келедi. Мысалы, рыноктық баға ол осы рынокқа
қатысушы көптеген фирмалардың орта тиiмдi бағалары негiзiнде, сұраныс пен
ұсыныстың арақатынасында қалыптасады. Осы рыноктық бағаның қалыптасуын және
рыноктың тепе-теңдiгiн келесi суреттен көре аламыз:
Баға
Ұсыныс (S)

P0 Е

Сұраныс (D)
Q0 Өнiм көлемi

Сурет-2 – Рыноктың тепе-теңдiгi және рыноктық бағаның қалыптасуы

2-шi суреттен көрiп отырғанымыздай, рынокта ұсыныс пен сұраныс орын
алады. Олар өздерiнiң заңдылықтарына байланысты рынокта белгiлi бiр орынға
ие болады. Ал осы сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесiнде рыноктық баға
(Р0) және тиiмдi өндiрiс көлемi (Q) қалыптасады. Осылардың барығының
қиылысу нүктесi рыноктық тепе-теңдiк (Е) деп аталады. Бiр шын өмiрде мұндай
тепе-теңдiк қолайлы жағдай орын алуы бола бермейд. Ол белгiлi бiр қысқа
мерзiмде ғана көрiнуi мүмкiн. Көбiнесе рыноктық жағдай осы тепе-теңдiк жан-
жағында орын алып отырады. Мысалы, мемлекет кейбiр тауарларға рынокта
жоғары баға белгiледi деп айталық, онда келесiдей жағдай орын алады:
рынокта баға өсуiне байланысты ұсыынс заңына орай өндiрушiлер өздерiнiң
өндiрiс көлемiн көбейтедi, ал тұтынушылар сұраныс заңына байланысты бағаның
өсуiне негiзделiп сол заттарды сатып алуын азайтады. Нәтижесiнде рынокта
өндiрiстiң өсуi және сұраныстың азаюынан өндiрiс оырндарының шығарған
өнiмдерiне сұраныс болмай, олар дағдарыстық жағдайға душар болады. Осыған
байланысты өндiорiс орындары бағаны қайтадан төмендетуге немесе мемлекет
тұтынушылардың жалақысының өсуiн қамтамасыз етуге ынталы болады. Яғни,
қаншалықты тепе-теңдiк бзылғанымен, ол белгiлi бiр мерзiмнен кейiн өзiнiң
тиiмдi орнына қайтадан оралады. Бiр сөзбен айтқанда рыноктың тиiмдiлiгi де
сол, ол өз өзiн реттеп отырады.
Рынок экономикасының төртiншi, негiзгi элементтерiнiң бiрi – екi
құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Рынокта сұраныс тауарларға
қажеттiлiк болып көрiнедi. Сұранысты қалыптастыратын тұтынушылардың талғамы
болып табылады. Рыноктық қатынастарда сұраныс өндiрудiң ең тиiмдi әдiсiн
қолданудың және ресурстарды тиiмдi пайдаланудың стимулы болып табылады. 5
Кез келген сұранысты қалыптастырушы тұтынушы ұнатымдылығы мен артық
көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы тұтыну жоспарын
жасады делiк. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең
жоғарғы деңгейде қанағаттандыратын едi. Тұтынушылық мiнез-құлығы мен
сұраныс теориясы осы параметрлердiң белгiленгенiң басшылыққа алып талдау
жасайды.
Сұраныс заңы - тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, сұраныс шамасы
соғұрлым төмен болатынын айтады, яғни Q = QD (p) тәуелдiлiгi керi болып
келедi. Бұл сұраныс функциясының кестесiнде керi ылдиы бар деген сөз. Ол
“D” сұраныс қисығы деп аталады. Оны келесi 1-шi суреттен көре аламыз.
Баға

Р2

Р1 Сұраныс “D”

Q2 Q1 Өнiм көлемi

Сурет-3 – Сұраныс қисығы ылдиы

Суреттегi сұраныс функциясының керi тәуелдiлiгi, егер баға Р1 ден Р2-
ге дейiн өссе, сұраныс шамасы Q1-ден Q2-ге дейiн төмендейтiн түрiн
бiлдiредi.
Бұған келесi түрде түсiнiктеме беруге болады. Бiрiншiден адамдар
қымбаттаған тауарды басқа тауарға ауыстыра бастайды, екiншiден бағаның
көтерiлуiне байланысты өздерiн кедей сезiнiп олар осы тауарды тұтынуын
қысқарта бастайды. 4
Тауардың пайдалылығы барма немесе жоқпа, белгiлi бiр адам үшiн егер
пайдалылығы болған жағдайда ол пайдалылықтың деңгейi қандай, демек ол
игiлiк қандай деңгейде қажетiн тұтынушының қажетiн орындайды. Осыны әрбiр
тұтынушы өзiнше субъективтi анықтайды. Осыған сәйкес рынокта рыноктық баға
деңгейiн белгiлейдi.
Ұсыныс болса өз кезегiнде өндiрушiлермен тығыз байланыста және олар
рыноктық экономика дамыған қатынастарда сұранысқа бағытталып қызмет етедi.
Жалпы сұраныс пен ұсыныс материалдық игiлiктердi өндiрушiлер мен
тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететiн, рынок
механизмiнiң өте маңызды элементтерi.
Рынок механизмiнiң бесiншi элементi – бәсеке. Бәсеке қоғамға
экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық
қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы
Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен
көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн
бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...”. Бәсекенiң экономикалық
табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз байланыста болады.
Бұл пайданың жоғары болуын және осының негiзiнде өндiрiс масштабын
кеңейтудi қамтамасыз етедi. Бәсеке рынок субъектiлерiнiң өзара әрекетiнiң
және пропорцияларды реттеу механизмiнiң формасы болып табылады.
Экономиканың белгiлi өкiлi А.Смит бәсекенi рыноктың “көрiнбейтiн қолы”
деген. Оның мәнi адамдар өз мүдделерiне сәйкес, өздерiнiң қара басының
қамын ойластырып әрекет етедi. Осы әрекеттердiң жалпы жиынтығы қоғамның
пайдасына шешiледi, олар осы бәсекелестiкке бара отыра қоғам экономикасын
жандандырады. Бәсекенiң басты қызметi экономиканың реттеушiлерiнiң –
бағаның, пайданың нормасының, пайыздың және т.б. құралдардың мөлшерiн
анықтау болып табылады.
Экономикада рыноктың құрылымы өте күрделi болады және ол экономиканың
барлық сферасында әсерiн тигiзедi. Рыноктың экономикалық құрылымы мынадай
жағдайлармен белгiленедi:
• Меншiк формаларымен (мемлекеттiк, жеке, аралас, ұжымдық);
• Шаруашылық субъектiлерiнiң әр түрлi формаларының экономикадағы үлес
салмағымен белгiленетiн, тауар өндiруiлердiң құрылымымен (мемлекеттiк,
арендалық, кооперативтiк, жеке меншiк кәсiпорындар);
• Тауар айналымы сферасының ерекшелiктерiмен;
• Шаруашылықтың құрылымдық бөлiмдерiнiң мемлекет иелiгiнен алыну және
жекешелендiру дәрежесiмен;
• Осы елде пайдаланылатын сауда түрлерiмен.
Сондай-ақ рынокты құрылымы жөнiнен келесiдей критериилер арқылы бөлуге
болады:
1. Рынок қатынастары объектiлерiнiң атқаратын экономикалық қызметi
бойынша:
• Игiлiктер мен қызметтер рыногы;
• Өндiрiс құралдарының рыногы;
• Ғылыми-техникалық жұмыстар рыногы;
• Құнды қағаздар рыногы;
• Жұмыс күшi рыногы;
• Қаржы рыногы және т.б. рыноктар.
2. Рыноктарды сонымен қатар тауарлық топтар бойынша жiктеуге болады:
• өндiрiстiк қызметке бағытталған тауарлар рыногы;
• халық тұтынатын тауарлар; азық-түлiк тауарлар рыногы;
• шикiзат пен материалдар рыногы.
Сондай-ақ ауылшаруашылық шикiзаттары рыногында азық-түлiкке және ауыл
шаруашылық шиiзаттарына қажеттiлiктердi қамтамасыз ететiн, ауыл шаруашылық
өнiмдер рыногы қалыптасады. Тұтыну тауарларының рыногының қалыптасуы осы
тауарлардың өндiрiлу көлемiнiң елеулi дәрежеде өсуiн тiлейдi, сатып
алушылық сұранысты қанағаттандыру үшiн бәсекелестiктiң кең пайдаланылуын,
фирмалық дүкендердiң көбеюiн қалайды.
3. Бәсекенiң шектеулi дәрежесi бойынша мынадай рыноктар болады:
• Монополиялық рынок;
• Олигополиялық рынок;
• Салааралық рыноктар.
4. Тауарлар мен қызметтер рыногы.
• Тұтыну тауарларының рыноктары – азық-түлiк және азық-түлiк емес
тауарлар рыногы;
• Қызметтер рыногы – тұрмыстық, көлiк, коммуналдық қызметтер рыногы.
• Тұрғын үй немесе өндiрiстiк емес ғимараттардың рыногы.
5. Өндiрiс факторларының рыногы.
• Жылжымайтын мүлiктер рыногы;
• Еңбек құралдарының рыногы;
• Шикiзат пен материалдардың рыногы;
• Қуаттық ресурстрардың рыногы;
• Пайдалы қазбалардың рыноктары.
6. Қаржылар рыногы.
• Капиталдар немесе инвестициялық рынок;
• Несие рыноктары;
• Құнды қағаздар рыноктары;
• Валюта-ақша рыноктары жатады. 3
Ендi осы рыноктың қызмет етуiнiң және оның түрлерiнiң, қызметтерiнiң
және жалпы дамуын Қазақстан Республикасы бойынаша қарастырайық.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА РЫНОКТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

2.1 Қазақстан Республикасында рыноктық қатынастардың өтпелi кезеңде
дамуы

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Он төрт
жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған
экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез
жеттi. Осы реформалардың елiмiз үшiн ең маңыздысы және ел дамуының болшағы
болып табылатын экономиканы жоспарлы экономикадан рыноктық қатынастағы
экономикаға толық қанды ауыстырп, экономиканы демократиялау болып табылады.
Бұл реформада ел iшiнде негiзiнен 1985 жылдардан бастап Кеңес Одағы
ыдырамай тұрған кезден бастап өзiнiң қызмет етуiн көрсете бастаған. 10
Ал елiмiз экономикасының толықтай түрде рыноктық қатынастарға өтуi
1991 жылдан бастап iске аса бастады. Осы кездерде рыноктық экономиканың
қызмет етуiнiң ортасы болып табылатын жеке меншiктi қалыптастыру үшiн
экономиканы жекешелендiру қажеттiгi туындады. Яғни, елiмiзде жаппай
жекешелендiру iске асырылды. Ал бұл өз кезегiнде бүгiнде жемiсiн берiп,
ұлттық экономикамыз рыноктық қатынастары дамыған, кәсiпкерлiк қызметтiң
үлесi толықтай экономиканы қамтып, бәсекелiк жағдай даму үстiнде.
Елiмiз рыноктық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар
күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады.
Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық
экономиканың механизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп
отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.
Елiмiздегi жағдайға келетiн болсақ 1991 жылдан бастап экономикалық
жүйенiң бұзылуына байланысты экономикада мемлекеттiк күшпен ұсталып
отырылған тепе-теңдiк жүйе бұзылып, өдiрiс дағдарысқа үшырады. Тұтынушылар
табысы төмендедi, әлеуметтiк жағдай нашарлады, жұмыссыздық деңгейi өстi.
Осы елiмiздегi тепе-теңдiк жағдайдың өзгеруiн келесi 4-шi суреттен көре
аламыз.

5 млн.
P
10 млн
P2
В
P1 А

10 млн
8 млн
Q2 Q1 Q

Сурет-4 – Елiмiздегi болған экономикалық дағдарыстың салдарынан нарық
тепе-теңдiгiнiң солға жылжуы

Суреттен көретiнiмiз жалпы өнiм бастапқы А нүктесiнде 10 млн. бiрлiк
деп алайық, ал соған сәйкес сұраныс көлемi де 10 млн. бiрлiк болды деп
есептесек, дағдарыстың салдарынан өндiрiс жаңа тепе-теңдiк В нүктеде 5 млн.
бiрлiкке кемiп, ал сұраныс көлемi 8 млн. бiрлiкке азайды.
Яғни, өндiрiс күрт құлдырап, ал сұраныс сол баяғы деңгейiнен аз ғана
төмендедi. Мұның салдары жаңа тепе-теңдiк нүктеде 8 млн. - 5 млн. = 3 млн.
көлем нарықта тапшылық орын алды. Сондықтан елiмiз сұранысты қанағаттандыру
үшiн импорттың мөлшерiн көбейттi.
Бүгiнгi таңда да шикiзат салаларынан басқа тауарлардың импортының
артықшылығы орын алып отыр. Ал шикiзаттық экономика бiзге белгiлi тұрақсыз,
тиiмсiз болып келедi. Осы жағдай бүгiнде елiмiздiң дамуында өзектi
мәселелердiң бiрi, яғни экономиканың өңдеушi саласында импорттың алатын
үлесi өте көп және елiмiзге импортталған тауарлардың 20% ғана өнеркәсiптiк
маңызы бар құралдар мен жабдықтар болып отыр. Ал елiмiздiң бәсекеге
қабiлеттi болып дамуы үшiн кем дегенде 80% өнеркәсiптiк маңызды құралдар
мен жабдықтар болуы керек. Ендi келесi суреттен елiмiздiң өнеркәсiптiк
саласының 2000-2003 жылдар аралығындағы экспорты мен импортының үлес
салмағын көре аламыз: 13












... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рынок шаруашылықты ұйымдастырудың тиIмдI жүйесI ретIнде
Рыноктың пайда болу шарттары
Меншіктің құқықтық
Рыноктық экономиканы реттеу әдістері
Нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі
Қазақстан Республиксындағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасу және даму проблемалары
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Еліміздегі сақтандыру түрлерінің жүзеге асуы
Қазақстан Республикасының орталықтандырылған қаржыларын қалыптастырудағы салық комитетінің қызметіне талдау
Қаржы. «Қаржы» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық
Пәндер