Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс беруі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясындағы архетиптер
1. 1. Хандық дәуір поэзиясындағы ағаш культінің сипаты
1. 2. Ақын-жыраулар туындыларындағы жылқы архетипі
1. 3. Жырауларда кездесетін көкбөрі тотемі
1. 4. Құс культінің жэыраулар туындыларындағы көрінісі
1. 5. Мүйіздің жыраулар шығармаларындағы мифтік сипаты
1. 6. Жиделібайсын және халықтық таным
ІІ. Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс беруі
2. 1. Ақын-жыраулар поэзиясындағы ағаштың орны
2. 2. Түйе культінің ақын-жырауларда берілуі
2. 3. Жылқы - кең қолданыстағы архетип
2. 4. Ақын-жырауларда мифтік сипатта сақталға мүйіді тағылар
2. 5. ХІХ ғасыр ақын-жырауларында құстың бейнеленуі
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың зәрулігі: Әр елдің өз әдебиеті, өз мәдениеті бар. Олар әдебиетті басқа елдерден алмайды, өздері жасайды. Әдебиет әр халықтың сол кездегі тұрмыстық жағдайының, халқының сана-сезімінің көрінісі. Әдебиет арқылы біз әр елдің даму сатысын, қалыптасу кезеңін көре аламыз. Дәлел ретінде Греция мемлекетін алып қарасақ, аты әлемге жайылған театр өнері оларда ерте қалыптасты, сауда, өнер, мәдениеті дамыды. Оның бәрі өздерінің мифтерінде көрініс тапты. Ал қазақ халқының антика дәуіріндегі әдебиеті «Авеста», «Күлтегін-Тоныкөк» ескерткіштерінде сақталған. Одан бермен қарай бақсылар сарынында, ертегілерде, ел аузындағы мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда, шешендік өнерде байқалады.
Қазақ әдебиетінде жыраулар, ақын-жыршылар төңірегіндегі зерттеу жұмыстары 60-70 жылдардан-ақ басталды. Алғаш Ш. Уәлиханов /1. / жыршы-жырауларға анықтама береді. Қазақ әдебиеті тарихында хандық дәуірдегі мұраларды С. Сейфуллин /2. /, М. Әуезов /3. /, С. Мұханов /4. /, Қ. Жұмалиев /5. /, Е. Ысмайылов /6. /, А. Жұбанов /7. / сынды ғалымдардың еңбектері жыраулар мен ақындар өнерінің әлеуметтік мәні мен бірқатар көркемдік сыр-сипаттарын тануға мол мүмкіндік жасады. Х. Сүйіншалиев /8. /, М. Мағауин /9/, Ж. Тілепов /10. / сынды зерттеушілеріміз ақын-жырауларымыздың өмірін, шығармаларындағы дидактикалық сарын, рухани әлемін, әлеуметтік мәнін, көркемдік сыр-сипатын кеңінен қарастырады. Алайда осы ақын-жырауларымыздың шығармалары құпиясы мен сыры мол жұмбақ әлем десек, бұл туралы зерттелмеген, әлі күнге дейін толық шешімі табылмаған тұстары қаншама?! Біздің бұл жұмысымыз ақын-жыраулар поэзиясындағы зерттелмей кенже қалып келе жатқан тұстардың бірі - архетип ұғымы жөнінде болмақ.
Архетип ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар шығармалары мен антика дәуірінің әдебиетін байланыстыратын бірден-бір көпір. Бұл туралы зерттеулер көп жүргізілмеген, тың тақырып десе де болады. Ш. Уәлиханов фольклор жанрындағы жыршы, жырауларға мінезде беріп, музыкалық аспаптар домбыра, қобызға толығымен суреттеме беріп, осы аспаптарды далалық шаман, бақсылармен байланыстырады /1. /. Ғалымның бұл еңбегі қазақ халқы үшін баға жетпес мұралардың бірі және біздің осы жұмысымызда архетиптердің мәнін анықтауда маңызы зор. А. Жақсылықов өз монографиясында диахрондық жолмен дін мен әдебиеттің, мифологияның, фольклор мен әдебиеттің қарым-қатынасындағы маңызды әселелерге сараптама жасайды /11. /. А. Ысмақова өз еңбегінде Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Әуезов сынды жазушыларымыздың шығармаларын фольклормен терең байланыста екенін ашып көрсетеді /12. /. Ал С. Қондыбай қазақтың жалпы тарихи даму жолын мифология мен лингвистикаға сүйене отырып шешуге талпынған /13/. Біз бұл жұмысымыз арқылы қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын ақын-
жыраулар поэзиясының көзге түспей көлеңкеде қалып келе жатқан қырының сырын ашып көрсетуді мақсат еттік.
Хандық дәуір қазақ халқы үшін өте маңызды, қиын кезеңдердің бірі болғаны белгілі. Осы ғасырлардың тарихын халық жадында сақтап қалған жыраулар шығармалары екені даусыз. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жыраулар сарай маңынан көрініп, ел билеушілердің тірегі болды. Өзіміз білетіндей, қазақ даласында шұрайлы да шырайлы кең алқапта туып өскен ата-бабаларымыз, шешен жырауларымыз ел басына күн туған шақта жиылып келіп, келелді мәселелерді гуманистік тұрғыдан философиялық, дидактикалық түйінді тұжырым жасап, ел бірлігін сақтау, жер, су, елді қорғау мәселелерін өз жырларында жеткізіп отырған. Айырықша айтар нәрсе, Ақын-жырауларымыз шығармалары алыстан болжап, тереңнен сыр тартып, айтар ойын жұмбақтап, аса көркем сөзбен сурет сала бейнелеп, соның шешун ақылмен, браз толғаныспен табатындай етіп шеберлікпен туындаған шығармалар. Осы жыраулар толғауларында кездесетін архетип сан ғасырлар өтсе де халық жадының тереңінен алынып, халық санасында, дүниетанымында табу, тотемизм, анимизм арқылы сіңіп қалған. Бұл жұмысымыз арқылы архетиптердің шығу төркіні қайда жатыр, халық өміріндегі архетиптердің маңызы неде деген қызықты да қиын сауалдарға жауап іздейміз.
Архетип ұғымының әдебиетте қалай көрініс беретініне көңіл бөлсек, «Архетип дегеніміз (гр. arche - бастау, typos - пішін, үлгі) - бертінгі антикалық философияда түпкі бейне, идея. Термин Швейцария психологы К. Г. Юнг еңбектерінің ықпалымен қазіргі батыс әдебиетінде қанат жайды. «Коллективтік санасыздық» дейтіннің әлдебір бастапқы туабітті құрылымын, адамның қайталанып тұратын тұрмыс жағдайларының, міндеттерінің және күйзелістерінің ескірген психологиялық «шемені» дегенді білдіреді. Жеке немесе әлеуметтік өмірдің проблемалық дағдарысты жағдайының ықпалымен, К. Г. Юнгтің пікірі бойынша, санасыз қозғалыс болады және тиісті жүзеге асырылады. Бұл орайда осы процестің ішкі себептік, ықтиярсыздық, демоникалық сипаты болады. Нақ «архетиптік матрица», қиял мен шығармашылық ойлау қызметін қалыптастыратын априори, оның көзқарасы бойынша, аңыздардағы әртүрлі халықтардың ертегілеріндегі қайталанатын дәлелдердің, дүние жүзі әдебиеті мен өнеріндегі «мәңгі» бейнелердің бар екенін түсіндіреді»/14, 47/. Өнері дамымаған, жазу-сызуы жоқ ерте заманда халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс тіршілігі, шаруашылығы, дүниетанудағы көзқарасы әдебиетте көрініс береді. Бұл адам мен табиғат арасындағы байланысты тану барысында пайда болған сәби, балаң ойлар болатын. Осыдан келіп, халық арасында наным-сенім пайда болды, адамдар табиғат құбылыстарына табына бастады. Алғашында ауызша тараған бұл әдебиет сан мыңдаған жылдар өтсе де халықтың жадында өшпес мұралардың бірі ретінде салт-дәстүр, ырым-тыйымдарда қалды. Халық ауыз әдебиетінен хабары жоқ жеке индевидте де әлдебір символ ретінде болса да жадында сақталған.
Басқаша айтқанда, «Архетип дегенміз - адам табиғатынан, оның түпсанасынан тамыр тартатын архаикалық мәңгі идея. Сол себіпті бір архетип сол баяғы архетип, ол барлық заманда, барлық мәдениеттерде де үнемі ұшырасып отырады. Тіпті атеистік тәрбиеде өскен адамның өзі ішкі дүниесінде әлдебір архетиптің ықпалынан құтыла алмайды» /Мифология: құрылымы мен рәміздер/. О баста ұлттық таным көкжиегінің деңгейін білдірер фольклорлық мотивтер мен сюжеттер, алуан түрлі образдар ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар шығармаларының құрамдас бөлігі ретінде бейнеленгенде ғасырлар бойы негізгі философиялық мәні мен түпкі тегін сақтаған. Архетип сырының маңыздылығы осында. Халықтың рухани әлемінің таңбалық бейнесі іспеттес жыраулар шығармаларындағы символдар көркемсөз өрнектерінің басын құрайтын архетип жүйесі санадағы дәуірлік наным-сенімнің идеялық өзегін құрайды.
Дәстүрлі мәдениет пен тұрмыс-тіршілікті халық өмрінен, белгілі бір ұлттың жүріп өткен тарихи тағдырынан жеке дара бөліп алуға болмайды. Ұлттың, оның ішінде ұлттық дәстүр мен мәдениеттің өзіндік ерекше сипаттары мен сапалық қасиеттерін терең, жетік бағалау үшін, соның қадірне жетіп, өз деңгейінде көркемдік тұрғыдан жинақтау үшін сол ұлттың шығу тегін, қалыптасу, өркендеу кезеңдерін, бастан кешкен тарихи белестерін жақсы білу міндетті.
Жұмыстың жалпы сипаты: Еңбекте ақын-жыраулар туындыларында жиі кездесетін архетиптер теріліп алынған және олардың түп тамырын, шығу тегін фольклорлық текстерден, оның ішінде мифология арқылы түсініктемелер берілген. Жұмыс барысында қазақ ғалымдарының, шетел ғалымдарының еңбектерінен дәлелдемелер келтірілініп талдау, салыстыру және жинақтап қорыту әдістері пайдаланылған. Әрбір культтің қазақ халқының түсінігінде қалай сақталғаны, халық психологиясына қалай әсер ететіні, әлеуметтік өмірде қалай көрініс бергендігі, өзге елдер мифологиясында қандай қасиетке ие, ол туралы өзіміздің ғалымдарымыз, сырт ел ғалымдарының ойларына сүйенеміз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Бұл жұмыстың негізгі мақсаты:
- ақын-жыраулар поэзиясындағы архетиптерді анықтау арқылы халық танымын анықтау;
- Қоғамдық сана, дәстүр жалғастығымен әдебиетте белгілі орынға ие болған архетиптердің халық танымында қалыптасқан түсінгін көрсету. Осы мақсатта мынадай міндеттер қойылады:
- ақын-жыраулар шығармашылықтарынан архетиптерді табу; архетиптерді типологиялық салыстыру; тезис түрінде фольклорлық мәтіндерге, сюжеттерге сүйене отырып архетиптердің мәнін ашу.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындаларында көп кездесетін өсімдіктердің (ағаш текті, шөптесін) түп тамыры ежелгі дәуірден алынады және философиялық қырынан көрінеді; Ақын-жыраулар мұраларында тұлпар бейнес төмендегдей қырларымен ашылады: Тотем, рух, жаратушы, магиялық күш иесі; Жыр-толғауларда кездесетін әр түрдегі жануарлардың (балық, жылан, ит т. б. ) генезисі әр дәуірлерде қосылған; «Атамекен», «Жерұйық», «Жиделі-Байсын» жерлерінің қазақ санасындағы қалыптасқан түсінігі бойынша жұмақ әлем болып саналады; Шығармалардағы мүйізді тағылардың және мүйіздің де өз символикалық мағыналары бар; Ақын-жыраулар туындыларындағы көк бөрі архетипі; Құстар культінің хандық дәуір әдебиетінде орны.
Жұмыстың дерек көздері: Жұмысымыздың дерек көздерін әр жылдарда жарық көрген басылымдар «Бес ғасыр жырлайды» /16. /, «Ақберен», /17. / «Алдаспан» /18. /, «Дулат Бабатайұлы» /19. /, Махамбет «Өлеңдер жинағы»/20. /, «Шортанбай» /21. /, «Ай-Заман-ай» /22. /, «Ертедегі әдебиет нұсқалары» /23. / т. б. оқулықтары пайдаланылды.
Теориялық методологиялық негіздері: Жұмыстың теориялық-методологиялық негізі ретінде М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, А. Жұбанов, Х. Сүйіншалиев, М. Мағауин, Ж. Тілепов, А. Ж. Жақсылықов, С. Қондыбай т. б. ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алдық.
Ал шетел әдебиеттерінде кездесетін архетип жөнінде Л. Я. Штернберг, К. Г. Юнг, М. Элиаде, Дж. Фрэзер т. б. зерттеулері тақырыпты ашуға өте құнды болды.
Жұмыста қолданылған негізгі әдістер: Баяндау, салыстырмалы талдау, жинақтау, қорыту.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Жұмыс нәтижелерін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде және жоғарғы оқу орындарында хандық дәуір әдебиеті жалпы курсында, арнаулы курстарда қолдануына болады.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, “ХҮ-ХҮІІІ ғасыр ақын-жыраулардың поэзиясындағы архетиптер” және «Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс беруі» деп аталатын екі тараушадан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясындағы архетиптер
М. Әуезов қазақ халқының ұлттық діни наным сенімін үлкен-үлкен екі дәуірге бөледі. Бірі, ислам дінінен бұрынғы дәуір, екіншісі ислам діні келгеннен кейінгі дәуір. Бірінші дәуірде адамзаттың шынайы және көркем ойлау жүйесі болып табылатын мифтер әлемінің алғашқы жер мен адамның жаратылуы туралы болды. Адамзат табиғаттың жанды жансыз-нәрселердің жаны бар, бізді жебеп жүреді, қысылғанда өз көмегін береді деп оларды құдайға санаған, олар туралы мифтер ойлап шығарған. Сан ғасырлар бойы халық санасында сақталған бұл мифтер ислам діні келгеннен кейін көптеген өзгерістерге түсті, ислам діні туралы, пайғамбарлар, періштелер туралы мифтер кеңінен таралды. Бірақ алғашқы мифтердің орнын басуға, халықтың жадында сақталған әдет-ғұрып, салт дәстүрін жоя алмады. Бұл туралы Ш. Уалиханов былай дейді: «Ислам дінінің әуезді дыбысы мен түсініксіз сөздер арасында шамандық салт-сана қалып қойды. Сондықтан да діни атаулардың аттары ғана өзгерді, ол негізгі тәңірлік діндегі түсінік - ол сол баяғы қалпында қалды. Онгонды-аруақ деп атады, тәңірді - Алла немесе құдай, жер рухын - шайтан, пері, дию және жын деді, бірақ халық санасында тәңірлік, шамандық идея бұзылмады» /1, 170/. Ислам дәуіріне дейінгі пайда болған мифтер ислам дәуірінде де символикалық қалыпта көрініс берді.
1. 1. Хандық дәуір поэзиясындағы ағаш культінің сипаты
ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда ақын жыраулар поэзиясында архетиптер көптеп кездеседі. Соның бірі халық жадында хандық дәуір поэзиясынан ерекше орын алатын ағаш болып табылады. Өсіп тұрған ағаш бұл жай ағаш емес «Ғалам кіндігі» болып саналатын киелі сапаға ие. “Қазақта ғаламдық уақыт пен кеңістіктің арасындағы мәңгілік тұтқасы (“ось мира”, “мировая столл”, “мировая гора”) болып саналатын нысаналы белгі - Бәйтерек. Ол ежелгі аңыздар мен қиссаларда, ертегілерде “Мықан ағашы деп аталады”… Мықан ағашы - жасыл өмірдің белгісі, уақыт пен кеңістіктің шекарасы” деп көрсетеді Т. Жұртбай /15/. Бүгінгі күнде де қазақ сенімінде «Ғаламдық ағаш» культінің қалдықтар кездеседі. Мысалы, қазақта мынадай сенім қалыптасқан: жапан далада жалғыз өсіп тұрған ағашқа немесе бұталары ерекше біткен ағаш қонатын орын және бас иетін киелі ағаш ретінде саналған. Бұл ағаштың жанынан өткен адам оның бұталарына шүберек байлап, түбіне малды құрбандыққа шалады. Мұндай ағаштар Қазақстан территориясының барлық бұрышында кездеседі.
Ал мифологияда кездесетін ағаштарға С. Қондыбай мынадай сипаттама береді: «1. Ағаш - адам ұрпағының сақталатын жері. Бұл жағдайда ағаш ана функциясын атқарады. 2. Ағаш- адам жанының тұлғалануы, оның жанының сақталатын жері. 3. Ағаштың егіздік сипаты бар: бір-біріне қарама қарсы екі
ағаш. 4. Еркек ағаш және ұрғашы ағаш жұбы бар»/13, 460/. « Ғаламдық ағаш» жыраулар поэзиясында былай көрініс береді:
Телегейдей сай қойып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе тәңір етті.
Жағасына қыршын біткен тал еді -
Жапырағын жайқалтып
Терек етсе тәңір етті. /16, 43. /
Шалкиіз жырау бұл жерде «Ғаламдық ағашты» айтып отыр деп санаймыз. Ағаш теңіз жағасында орналасқандығын жырау анық көрсетіп отыр. Ал «Ғаламдық ағаш» С. Қондыбайдың айтуынша өзінің орналасатын жерін былай көрсетеді: «а) төбенің не таудың басында орналасады. Мұндағы төбе (тау) ; б) судың (көлдің) жағасында орналасады» /13. 470/. Сонымен қатар, Шалгез жыраудың бұл леңі жебеуш тәңірді мадақтауға, оның құдіреттілгін елге насихат етуге арналған. Шалкиіз жырау шығармаларында «Ғаламдық ағашты» мына жолдардан да көре аламыз:
Саздауға біткен қара ағаш
Кімдерге сайғақ болмаған /16, 47/
Бұл жерде де «Ғаламдық ағаш» саздау жерде яғни сулы жерде орналасқандығын көре аламыз және ғалам кіндгі болып саналатын бұл ағаштың барлық адамға «сайғақ» яғни қорғаныш бола алатынын Шалкиіз жырау толықтырып көрсетеді. Ағаштың мұндай сипаттарын басқа да жыраулардан байқауға болады:
Саясы жоқ бәйтерек
Саздауға біткен талмен тең /16, 147/
Шал ақын «саясы жоқ бәйтерек» деп ел арасындағы көпті көреген ақсақал қарияны айтып отырғаны белгілі. Мұның өзі Шал ақын дәуіріндегі анимизмнің қалдығы екенін байқатады. Себебі, «Бәйтерек» қазақтардағы «Ғаламдық ағаш» атауы деп Т. Жұртбай көрсетеді. Бұл тек қазақтарда ғана емес Е. Ямаеваның зерттеуі бойынша түркі-монғол эпостарында көбіне «Ғаламдық ағаш» осы атаумен кездесетінін айтады /25, 159/. Ойымызды түйіндей айтсақ, «бәйтерек» адам жанымен тұлғаланып тұр. Ағаштың мұндай сипатын Штернберг өз еңбегінде Африка, Европа, Үндістан т. б. елдерде ағашқа жаратушы деп табынудың, барлық жанды нәрселер де, жер бетіндегі өсімдіктердің барлығын ағаштан жаратылған деп ағашқа табынудың бар екенін айтады. Осы еңбегінде Штернберг үнділердің атақты поэмасы «Махабхаратада» ағаштан ерлер мен әйелдер өсетін орман суреттелгендігін айтады /26/. Яғни алғашқы түснік бойынша, ағашқа адамды жаратушы, қорғаушы ана немесе әке ретнде қараған. Халық жадында қалған осындай ескі наным-сенімге байланысты Шал ақын бұл жерде осыны меңзеп отыр.
Адам жанынымен ағаштың тұлғаланып келуін мына мысалдан да көре аламыз:
Кәрі өлсе соққан дауыл тынғандай-ақ,
Жас өлсе бәйтерегің сынғандай-ақ /16, 169/.
Шал ақын кәрі өлімін соққан дауылға яғни, өткінші нәрсеге теңейді, ал жас адамның өлімін бәйтеректің сынғанына теңейді. Бұл жерде жас адам бәйтерекке яғни халықтың, елдің тірегі, болашағы екенін айтады. Бәйтерекпен тұлғаланып келуінің астарында үлкен мән жатқанын байқауға болады. Ертеде ағаш адамдар үшін тамағы, сусыны, қорғанышы болғандықтан оларға жұмбақ көрініп, оны шешуге талпынған, оны адамды жаратушы, тәңір ретінде бағалаған. Мұндай алғашқы табыну Штернберг еңбегінде сөз болады. Зерттеушінің айтуынша, ағашқа табыну Орталық Африка, Оңтүстік Америка, Үндістанда, семиттерде, Египет пен Сахарада, Үндіевропа елдерінен, бұрынғы гермендықтардан кездестіруге болатынын жазады /26. /. Ал, Фрэзердің «Алтын бұтақ» еңбегі ағаштың адам жанымен бірге тұлғалануы туралы миф арқылы әлемдік фольклорға түсініктеме табу мақсатында жазылған /27. /. Бұл сенім уақыт өте келе діни наным сенімге байланысты тек киелі деп қана бағалау қалғанымен бұл жыраулар поэзиясынан т. б. шығармаларда сайрап тұр. Мына жолдарды талдап көрелік:
Кеше тоқыраулы судың бойынан
Тоқал терек түбінен
Ніл дарияның басынан
Құмкент шәрінің қасынан
Перінің қызы перизаттан туған
Қара мерген атасы . . . /16, 80/.
«Тоқал теректің» «Ғаламдық ағаш» екенін су жағасында орналасқанынан және маңында кенттің яғни елді мекен орналасқанынан білеміз, ал тал астындағы перизатты қалай түсіндіруге болады? Жоғарыда С. Қондыбайдан ағаштың сипатын келтіргенде ағаш адам ұрығының сақтайтын жері екенін, бұл жағдайда ағаш ана функциясын атқара алатынын көрсеткенбіз. Мұндай сюжет «Оғыз намада» да кездесед: Оғыз қаған бір күні көл ортасындағы ағашты көреді. Ағаш астында қабығында отырған бір сұлу қызды көреді. Оның көздер аспандай көк, шаштары дария ағысындай, тістері маржандай екен. Оғыз қаған оны әйел етеді. Осы сұлудан «Көк», «Тау», «Теңіз» деген үш ұл көреді /28/. Бұл жерден Оғыз қаған, ағаш астындағы қыз Тәтіқара жырындағы Абылайдың әкесі Қарамерген және ағаш астындағы сұлу қыз перизатпен сәйкес келетнін байқаймыз. «Ғарыштық әсіреәфсанаға (мифке) шек жүрмейді. Жаратылыстың өзі де, жаратушы да, киелі құдіретке ие. Бәйтеректің - Мықан ағашының басында осы үш құдіретте бірдей бар. ол кейде жаратылыстың өзі, кейде Жаратқан иемнің баламасы, кейде жай киелі ағаш күйінде әфсаналана береді. оның қай қасиеті күшті оған күмән жүрмейді» /24. 12/ деген пікрді Т. Жұртбай білдіреді. Тәтіқара бұл жолдарда Абылай ханның анасының киелі, текті жерден шыққанын, сондықтан өзінің де шыққан тегінің киелі болып саналатынын, жаратушының жберген халыққа деген сыйы екенін осылай түсіндіріп отыр. Бұл қазақтағы анимизмнің қалдығы.
«Ғаламдық ағаштың» киелілігін көрсететін мына жолдардан да көруге болады:
Қайырымсыз болған хандарға
Тиер ме екен бір күні
Жолбарыстай шеңгелім /16, 61/.
С. Қондыбай шеңгелге мынадай анықтама береді: «Шеңгел - тікенекті бұтаның атауы, яғни тікенекті бұта болған «шеңгел» ұғымы да сегіз сәулелі жұлдыз арқылы кескінделе алады: бұл оны әлі ағаш кейіпті Тәңір қатарына шығарады»/13, 485. /. Фольклорлық шығармаларда шеңгел, Ақ шеңгел атауы бәйтерекпен ауысып келіп отырады. Ертөстік ертегісінде Ертөстіктің ата-анасының тамырына шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кербиенің төстігі нәр беріп, өмір мәйегін иітеді. олар түнеп шыққан «Ақ шеңгел» тршлік сыйлайды. Яки бұл арада шаңырақ (бақан) пен ақ шеңгел жаратушылық қасиетке ие. осы мәліметтерді қорыта отырып хандардың зорлығына осы киел шеңгелім тиіп тоқтау қойыла ма екен деп Жиембет жырау жырлайды.
Сонымен қатар, Ағаштың тағы бр киеллігін танытатын тұстары төмендегідей:
... жалғасыҚилы-қилы заман болмай ма
Суда жүрген ақ шортан
Қарағай басын шалмай ма /16, 27/?!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz