«Алматы газ тармағы» жшс-нің жарғылық капиталын қалыптастыру мен есебін ұйымдастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ҚҰРЫЛТАЙШЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Жарғылық капиталды қалыптастырудың мәні мен мазмұны ... ... ... ...4
1.2 Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарды есепке алудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2 «АЛМАТЫ ГАЗ ТАРМАҒЫ» ЖШС.НІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 ЖШС.нің жалпы сипаттамасы мен есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарын есепке алудың талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КӨКШЕТАУ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Қаржылық есеп пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық
капиталын қалыптастыру

Орындаған: Қаржы мамандығының
3 курс студенті Дамренова Аяулым

Тексерген:

Көкшетау- 2012 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ҚҰРЫЛТАЙШЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ЕСЕПКЕ
АЛУДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Жарғылық капиталды қалыптастырудың мәні мен мазмұны ... ... ... ...4

1.2 Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарды есепке
алудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .6

2 АЛМАТЫ ГАЗ ТАРМАҒЫ ЖШС-НІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН
ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 ЖШС-нің жалпы сипаттамасы мен есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарын есепке
алудың
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .. 15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 19

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..20

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты
жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік
есептің маңызы мен ролі арта түсуде.
Кез-келген өркениетті қоғамда нарық механизмі мен мемлекеттік реттеу
іркіліксіз жұмыс істейді. Үкімет нарықтың барлық субъектілері үшін
орындауға міндетті экономикалық қатынасты айқын, әрі лайықты ережелерін
белгілейді. Мұның өзі қоғамға қажетті, әрі тұрақты экономикалық өсудің
басты жағдайы болып табылады.
Бухгалтерлік есептің мақсаттарының бірі болып кәсіпорынның мүліктік
және қаржылық жағдайы туралы, қызметі туралы толық және сенімді ақпаратпен
қамтамасыз ету табылады. Бухгалтерлік баланстың мәліметтері кәсіпорынның
мүліктік жағдайы туралы ақпаратты белгілі бір күнге жасайды, себебі онда
кәсіпорынның мүлкі (активтері) туралы ақпараттар толық ашық көрсетілген.
Экономиканың барлық салаларының өнеркәсіптері шикізат пен
материалдарды орынды, әрі дұрыс жұмсауды, өндіріс шығындарын азайтуды,
жоғалтып алуларды жою, бәсекелестікке төзіп беретін өнімді дайындау, оның
сапасын жоғарылату және өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Осы кезде
бухгалтерлік есептің маңызы арта түседі.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Кез келген кәсіпорынның белгілі бір
мөлшердегі меншікті капиталы болу керек, себебі қазіргі нарықтық экономика
жағдайында кез келген кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыруға негізделіп жұмыс
атқарады. Меншікті капиталдың кез келген кәсіпорын қызметі барысындағы
маңызы зор болып табылады.
Сөйтіп, берілген курстық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның меншікті
капиталын бухгалтерлік есеп, аудит және талдау обьектісі ретінде қарастыру
болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес берілген курстық жұмыстың алдында
мынадай міндеттер тұр:
- мекеменің жарғылық капиталы есебінің теориялық аспектілерін
зерттеу;
- жарғылық капиталдың, соның ішінде талданып отырған
кәсіпорынның жарғылық капиталының құрамы мен құрылымын
қарастыру;
- жарғылық капитал есебінің тәртібін құруды қарастыру;
- жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарын
есепке алудың талдауын жасау.
Зерттеу пәні: ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыру және құрылтайшы
құжаттарын есепке алу мәселелерін қарастыру болып табылады.
Курстық жұмысының зерттеу объектісі – Алматы газ тармағы Жауапкершілігі
Шектеулі Серіктестігі болып саналады.

1 ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ҚҰРЫЛТАЙШЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ЕСЕПКЕ
АЛУДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Жарғылық капиталды қалыптастырудың мәні мен мазмұны

Жарғылық капитал – жарғы деген сөзден алынған – ұғымды анықтайтын
ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тәртібі,
немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға
салынған активтердің жалған және номиналдық құны.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық
құжаттары болуы керек, бұл құжаттың ең негізгісі Жарғы болып табылады.
Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында
мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының
салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны
бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық
тексеруге жатады.
Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамда
өз қалауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік
қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай-ақ қоғамның
облигацияларын жабуға және басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып
алуға арналған. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы
бойынша анықталады.
Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады.
Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді.
Резервтік капиталды пайдалану жағдайында көрсетілген шамаға дейін оны
толтыру үшін аударым жаңғыртылады.
Қазақтан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс
жарғылық капиталдың көлемі және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының,
акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан
үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның
қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен
мүліктер мен ақшалар қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық
құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.
Оның мөлшері құрылтайшылық қүжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін
ғана өзгеруі мүмкін.
Акционерлік қоғам бухгалтерлік есебін жүргізу барысында жұмыс істеп
тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен
құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың
қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Акционерлік коғамның қаржы көздері болып төменгілер табылады:
- Меншікті капитал;
- Сырттан тартылған капитал.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан
басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және
ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да
кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз
ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның
жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық
құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.
Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін
ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы
құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан
туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі
құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының
өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың
орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан бөлінген
меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу
тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен қоғамның жарғысында қаралады.
Бөлінбеген пайда– кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған
шығындарды, кірістен басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп
тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы
барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысуы үшін белгілі бір мөлшерде
мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге
айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы
заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның
құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде
қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы
осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден,
тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет
атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы
бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру
көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

2. Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарды есепке
алудың әдістемесі

Кәсіпорынның жарғылық қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан
құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың,
мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да
мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса,
жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін
бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың
(акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын
анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары,
ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да
мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса
алғанда) болуы мүмкін.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған
қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып
табылады.
Меншік иесінің тиісті қүқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның
жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
– кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық
капиталы.
– өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында жэне басқа да құрылтайшылық
қүжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.
Оның мөлшері құрылтайшылық қүжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін
ғана өзгеруі мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды
нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша
немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік
құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы
жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды
тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда
бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында
көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке
салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке
бір – бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.
Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық
капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады
және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері
жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.
Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының
жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол
жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы
жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары
жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай
валютада көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына
тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын
немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда
жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған
жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы
өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын
төленуі тиіс.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік
қоғамы үшін – бес мың минималды есептік көрсеткіш, ал жабық қоғам үшін –
жүз минималды есептік көрсеткіш құрайды.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының
шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің
шешімімен белгіленеді.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі
шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған
(төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және
жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның
номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды
деңгейден төмен болмауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және
орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған
капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға
жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім
акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды
деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң,
жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда
кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге
құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын
қанағаттандырады:
-дивидендтер алуын;
-қоғамды басқаруына қатысуын;
-қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса
алатындығын.
Ұйымның меншікті капиталы жарғылық капиталдан, сақтық капиталдан және
басқа да арнайы құрылған қорлардан құралады.
Ұйымның жарғылық капиталы құрылтайшының міндетті салымын тарту арқылы
250 000 000 (екі жүз елу миллион) теңге мөлшерінде құрылған.
Серіктестіктің құрылтайшысы жарғылық капиталға салатын салымды тек
қана ақшалай береді. Бұл жағдайда жарғылық капиталға жарналарды: заңды
тұлғалар – меншікті қаражаты шегінде есебінен енгізеді.
Серіктестіктің жарғылық капиталына төлем Қазақстан Республикасы
заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Шағын несиелік ұйымының
мемлекеттік тіркеуден өту сәтінде құрылтайшы құрылтайшы құжаттарда
жарияланған Серіктестіктің жарғылық капиталына толық көлемде төлем
жүргізіп отыруы тиіс.
Серіктестіктің құрылтайшысының құрылтайшылық шартымен белгіленген
мерзімде өз үлесін енгізбеген құрылтайшы Серіктестіктің келтірген шығынның
орнын жабуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-
бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
Серіктестіктің толық төлем Серіктестіктің құрылтайшысының салымын азайту
жолымен Серіктестіктің жарғылық капиталы азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталды 250 000 000 (екі жүз елу миллион)
миллион теңгеден төмен азайтуға жол берілмейді.
Қоғамдық қызметті жүзеге асырумен байланысты шығынның орнын толтыру
мақсатында Серіктестік сақтық капитал құрады. Сақтық капитал жыл сайын таза
табыстың сомасынан аударым жасау арқылы құрылады.
Серіктестік басқа да арнайы қорлар құруға құқылы. Арнайы қорларды құру
мен пайдалану тәртібі туралы ереже құрылтайшылардың жалпы жиналысымен
белгіленеді, бекітіледі.
Серіктестіктің сақтық қоры табыс салығын төлеген соң қалатын табыстан
қалыптасады.
Сақтық капиталға таза табыстан аударым жалпы жиналыспен анықталатын
мөлшерде есептегіден кейінгі бірінші тоқсан ішінде бір жылғы қаржы
қызметінің қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Сақтық капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап екі жыл
ішінде жарияланған жарғылық капиталдың кемінде бес пайызы мөлшерінде
қалыптасады.
Серіктестіктің сақтық капиталы кейіннен таза табыс есебінен орнын
толтырумен Серіктестіктің шығынын жабу мақсатында пайдаланылады.
Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану
шаруашылық жүргізуші субьектінің іс-қызметінің өрісі мен жағдайына,
ұйымдастыру-құқықтық түріне байланысты. Жарғылық капиталды тексергенде
аудитор бірінші кезекте келесі жағдайларды қарастырады:
– жарғылық капиталға көлемнің құқықтық-нормативтік акті
талаптарына сай болуын;
– жарғылық капитал мөлшерін өзгеру ықтималдығын;
– бухгалтерлік есепте жарғы капиталының шамасына ықпал
ететін операцияларды көрсетудің және қолданған
корреспонденцияларының дұрыстығы, көбінесе олардың ішінде
төмендегідей өткізбелерге ерекше көңіл бөлінеді:
– Дт Төленбеген капитал шотына және Кт Салымдар мен
пайлар шотына қатысушылардың салымдары сомасына;
– жарғы капиталы мөлшері ұлғайғанда Кт салымдар мен
пайлар шотына, Негізгі құралдар, Материалдар,
Тауарлар, Карт-шоттардағы ақша қаражаттары, Ағымдағы
банктік шоттардағы ақша қаражаттары және Кассадағы ақша
қаражаттары бөлімшелерінің шоттарына жазу түседі.
Жарғылық капиталды тексеру бағдарламасы 1- кестеде
көрсетілген.

Кесте -1 Жарғылық капиталды тексеру бағдарламасы

Аудит процедуралары Ақпарат көздері
1 2
1. Баланс көрсеткіштерінің Бас кітапБаланс, 5010, 5020, 5030, 5110, 5210
мәліметтеріне сәйкестігін тексеру шоттары бойынша Бас кітап
2. Жарғылық капитал қозғалысының Бас кітап, 13 журнал-ордер,
синтетикалық және аналитикалық акционерлердің тізімі,
есебін жүргізудің дұрыстығын тексеруакционерлердің есеп карточкалары,
құрылтайшы құжаттар, НҚ мен МЕА
қабылдау-тапсыру актілері, төлем
тапсырмалары, кірістік кассалық
ордерлер және т.б.
3.Жарғылық капитал қалыптастырудың Қолданылып жүрген заңнама,
дұрыстығын тексеру құрылтайшы құжаттар, бухгалтерлік
анықтама
4.Құрылтайшылардың жарнасын НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру
(салымдары) кіріске алудың толықтығыактілері, ТМҚ қабылдау актілері,
мен мерзімділігін тексеру жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары,
кірістік кассалық ордерлер,
бухгалтерлік есеп шоттарындағы
жазулар және т.б.
5.Жарғылық капитал өзгерісінің Құрылтайшылардың (меншік иелерінің)
негізділігін және оны құрылтайшы және акционерлерінің жалпы
құжаттарға енгізудің мерзімділігін жиналысының шешім хаттамалары,
тексеру эмиссия жобасы мен құрылтайшылық
шарты
6.Кәсіпорынның жарғылық капиталға Түгендеу актілері, түгендеу
жарна ретінде салынған мүлікті және тізімдемесі, салыстыру тізімдемесі
басқа да мүліктік құқықтарды (ведомость) және т.с.с.
түгендеу
7.Қолданыстағы заңнамамен Аудитордың тұжырымдамалары,
салыстырғандағы жарғылық капитал есептеулері және ұсыныстары
есебінде анықталған ауытқуларды жою
жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мен
негіздеу
Ескерту: [10] дерек көзі негізінде жасақталған

Жарғылық капиталдың құралуының жинақтаушы (синтетикалық) есебіне
тексеру жүргізу кезінде аудитор төмендегі аудиторлық дәлелдеу жинау
әдістерін пайдалануына болады: құрылтайшылардың жарғылық капиталға қаржы
салу тәртібі туралы құрылтайшылар мен акционерлерге ауызша және жазбаша
сұрау беру.
Жарғылық капиталдың құралуына құжаттық тексеру жүргізу дегеніміз
кассалық кіріс құжаттарының, ұлттық және шетелдік валютамен ағымдағы
шоттардан банк үзінділерінің, басқа да бастапқы және растаушы құжаттардың
мәліметтері бойынша аудит өткізу болып табылады. Аудитор жарғылық капиталға
қосылған үлес ретінде салынған қаржылардың толық және өз уақытында кіріске
алынуын тексеруге міндетті.
Құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталдың шамасының
сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін баланс көрсеткіштерін Бас кітаптың 5020
Жай акциялар, 5010 Артықшылықты акциялар және 5030 салымдар мен
пайлар шоттарының мәліметтерімен, сондай-ақ аталған шоттардың кредиті
бойынша айналым сомасы көрсетілетін есеп регистрлерінің мәліметтерімен
салыстыру қажет.
Кәсіпорынның жарғылық капиталына жарнаның нақты келіп түсу сәті: ақша
қаражаттары үшін – ақшаның банктегі ағымдағы шотқа есепке алыну немесе
кассаға салыну мерзімі; негізгі құралдар, материалдық құндылықтар үшін –
негізгі құралдарды, материалдық құндылықтарды қабылдау-тапсыру актісінің
немесе аталған обьектілердің кәсіпорынға келіп түсуін растаушы басқа
құжаттардың жасалу мерзімі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталының көбеюі
төмендегі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:
серіктестіктің барлық қатысушыларының қосымша салған салымдары арқылы;
серіктестіктің меншікті капиталының, оның ішінде резервтік капиталдың
есебінен жарғылық капиталдың көбеюі;
серіктестіктің таза активтерінің (меншікті капиталдың) қайта бағалануы
нәтижесінде олардың нақты құнының баланстық құннан артық болуы. Қайта
бағалауды тек тәуелсіз сараптаушы ғана жүргізуі мүмкін;
барлық қалған қатысушылардың келісімі бойынша бір немесе бірнеше
қатысушысының қосымша салым салуы арқылы;
серіктестіктің құрамында жаңа қатысушыларды қабылдау арқылы.
Кәсіпорын құрылтайшыларына олардың жарғылық капиталға салған
салымдары мен пайларын қайтарған кезде, яғни, серіктестіктің жарғылық
капиталының азаюы кезінде мынадай бухгалтерлік жазу орындалады: 5030
Салымдар мен пайлар шоты дебеттеліп, ақша қаражаттарының, айналымнан тыс
активтердің, тауарлы-материалдық босалқылардың және т.б. шоттары
кредиттеледі.
2 АЛМАТЫ ГАЗ ТАРМАҒЫ ЖШС-НІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН
ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 ЖШС-нің жалпы сипаттамасы мен есеп саясаты

Алматы газ тармағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі
қарай – Серіктестік Алматыгаз акционерлік қоғамның жалғыз акционері
2005 жылғы 11 сәуір шешімі негізінде Алматы газ тармағы жабық акционерлік
қоғамын қайта құру арқылы құрылды.
Заңды тұлғаның бастапқы тіркеу күні – 2001 жылғы 21 мамыр.
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға
болып табылады, өзінің қызметін Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27
желтоқсандағы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы
22 сәуірдегі Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті
серіктестіктер туралы №220-1 Заңының, Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасының және Жарғының негізінде жүзеге асырады.
Серіктестіктің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050061 Алматы
қаласы, Жетісу ауданы, Рысқұлов даңғылы, 99.
Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады. Ұйымның негізгі мақсаты
өз қызметін жүзеге асыру барысында пайда табу.
Серіктестіктің қызметінің мәні төмендегілерді қоса, бірақ онымен
шектелмей, кез келген қызмет түрлері болып табылады:
– Алматы қаласының халқын, кәсіпорындарын, ұйымдары мен
мекемелерін қамтамасыз ету мақсатында табиғи газ
тасымалдау;
– өнім қоюшылардан табиғи газды қабылдауды ұйымдастыру
мен оны Алматы қаласының тұрғындарына дейін келісілген
шарттарға сәйкес тасымалдау;
– жасасқан шарттарға сәйкес жеткізушілерден табиғи газ
қабылдауды ұйымдастыру және оны Алматы қаласының
тұтынушыларына тасымалдауды қамтамасыз ету;
– Серіктестіктің балансындағы газ құбырларын,
электрохимиялық қорғау құралдары мен үймереттерін іске
пайдалану;
– кәсіпорындарға, ұйымдарға, азаматтарға объектілерді,
электрохимиялық қорғау құралдарын газдандыруға
техникалық жағдайлар беру, газ шаруашылығы
объектілерін газдандыру және газбен жабдықтау бойынша
жобаларды келісу және іске пайдалануға қабылдауға
қатысу;
– газ құбырлары мен газ жабдығына, электрохимиялық
қорғау құралдарына, үй ішіндегі газ жабдығына қызмет
көрсету, сондай-ақ шарттық негіздерде профилактикалық
қызмет көрсетуді, жөндеу және іске қосу реттеу
жұмыстарын жүргізу;
– газбен жабдықтау жүйелерін жобалау;
– газбен жабдықтау жүйелерін және электрохимиялық
қорғау құралдарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарын есепке алудың талдауы
Ұзақ мерзімді активтерді жиынтығы
Қазіргі таңдағы қаржылық жәнe салықтық eсeптіліктің экономикалық мәні мeн маңызы
Кәсіпорындарда меншікті капитал есебін жүргізу
Талшик Астык LTD ЖСШ бухгалтерлік қызметінің құрылымы
Кәсіпорынның қаржысын басқаруда қаржы есептілігін қолданудың экономикалық маңызы
Қосымша төленген капиталдың есебі
Меншiкті капитал туралы
Меншік капиталдың ұйымдастырушылық есебі
Шаруашылық серіктестік
Пәндер