MS DOS операциялық жүйесі туралы мағлұмат


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінін колледжі
Реферат
Тақырыбы: «MS DOS операциялық жүйесі»
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар
1. Кіріспе
MS DOS операциялық жүйесі туралы мағлұмат.
2. Негізгі бөлім
2. 1. MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы.
2. 2. Операциялық жүйесінің негізгі командалары.
3. Қортынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
1. 1. Операциялық жүйе ДЭЕМ-нің программалық құралдарының ажырамас бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің, яғни системаның алатын орны ерекше болып есептеледі.
Компьютерлердің әртүрлі модельдеріне қарай системаның архитектурасы мен мүмкіндіктері де әрқалай бола береді. Ең көп тараған система түрлеріне MS DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер - WINDOWS программалары жатады.
Біз қарастырып отырған MS DOS операциялық жүйесі 1981 жылы IBM дербес компьютерлерімен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын.
Қазіргі кездерде стандартты операциялық жүйе ретінде WINDOWS есептеледі, бірақ MS DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық қолданылады.
2. 1. MS DOS операциялық жүйесі дискеттің түпкі каталогында немесе С: дискісінде файлдар түрінде сақталады да, мынадай бөліктерден тұрады:
- BIOS модулі - компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу-шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп, мәліметті енгізу-шығаруға байланысты системаның қарапайым және әмбебаб қызметтерін орындайды;
- Операциялық жүйенің жіктеуіші - бұл өте қысқа программа, компьютердің жедел жадында тұрақты сақталып қалатын DOS операциялық жүйе модульдерін компьютер жадына (IO. SYS, MSDOS. SYS) оқуды іске асырады;
- IO. SYS сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың барлық операцияларын атқарады;
- MSDOS. SYS файлдар даярлауға мүмкіндік береді және ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі;
- COMMAND. COM - пайдаланушы жұмысы үшін тағайындалған командалық процессор. Ол ЭЕМ іске қосылған кезден бастап пайдалынушының ьалабы бойынша процессор орындайтын барлық резидентті немесе ішкі командаларды қамтамасыз етеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес программалық файлды іздеп, егер табылса, оны жедел жадқа жүктеп, оған басқаруды береді. Программа жұмысы аяқталған соң коммандалық процессор оны жадтан жойып, экранға әрі қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін шақыру мәліметін (DOS шақыруы) шығарады;
- DOS-тың сыртқы немесе кірме командалары - операциялық жүйемен бірге бөлек-бөлек модуль түрінде берілетін программа, кейде утилиттер деп те айтыла береді. Олар кірме командалар ретінде әртүрлі қызметтер атқарады, мысалы, дискетті форматтау, дискілерді тексеру және тағы сол сияқты;
- Құрылғылар драйвері - DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы программалар. Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен бірге жүктеледі, олардың аттары CONFIG. SYS деген арнаулы файлда жазылады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық файл CONFIG. SYS оқылып құрылғылар драйверлері де жедел жадқа орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND. COM файлы оқылады, ол басқару ісін атқарады. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXEC. BAT файлын іске қосып, оның ішіндегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.
2. 2. Система жұмыс істегенде оның негізгі жұмыс құралы - команда. Ол компьютерге белгілі бір әрекетті орындататын арнаулы программаларды шақыру үшін қолданылады.
Команда формат деп аталатын, нақты құрылымнан тұрады. Команда форматы команданың аты мен параметрлерінен тұрады.
MS DOS-тың барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді. Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қосымша COMMAND. COM файлының құрама бөлігі болып саналады. Олар - қарапайым және жиі қолданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және тағы басқа да командалар жатады.
Транзитті (сыртқы, жүктелінетін) кірме командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және тағы басақа.
Резидентті командалар:
- DIR командасы - каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын параметрсіз жай қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады. Ішкі каталогтың мазмұнын қарау үшін DIR командасын және ішкі каталогтың атын жазсақ болды. Параметр деп түпкі каталогты немесе кез келген деңгейдегі ішкі каталогты көрсететін маршрутты атайды. Мысалы;
А) C:\>dir_student\basic - STUDENT каталогына кіретін BASIC ішкі каталогының мазмұнын экранға шығарады;
Ә) C:\STUDENT\BASIC> dir_ _*. bas - ағымдағы STUDENT\BASIC каталогындағы типі BAS болып келген барлық файлдардың атрибутының тізімін экранға шығарады;
Б) A:\>dir__alma. bas - ALMA. BAS файлының атрибуттарын экранға шығарады.
Каталог мазмұнының тізімі үлкен болған жағдайда - информацияны парақтап экранға шығару үшін қосымша /P параметрі қолданылады. Бұл жағдайда экран беті информацияға толған соң информацияны экранға беру тоқтайды, жалғастыру үшін кез кедген пернені басу керек.
C:\>dir/p немесе C:\>dir__ student\basic/p.
Информацияны экранға жинақты түрде шығару үшін /W параметрі қолданылады. Бұл жағдайда файлдардың аттары мен типі ғана экранға шығады, мысалы,
A:\>dir/p немесе C:\LEX>dir__/w
DIR командасы берілген тізімді тек дисплейдің экранына шығарып қана қоймай, принтерге шығаруға және файлға жазып қоюға мүмкіндік береді.
C:\>dir>prn - C дискісіндегі түпкі каталогтың тізімін принтер арқылы қағазға шығарып алу;
A:\>dir>spisok - SPISOK атты файлға жазып алу;
2. MD (Make Directory -кталог жасау) - ағымдағы кез келген каталог ішінен жаңа каталог ашу командасы, мысалы, C:\>md__student - C дискісінің түпкі каталогынан STUDENT атты жаңа каталог ашу;
C:\>md__student\basic немесе C:\STUDENT>md__basic - STUDENT каталогында BASIC ішкі каталогын ашу.
3. RD (Remouve Directory - каталогты жою) - ішінде файлдарды жоқ бос каталогтар мен ішкі каталогтарды жою командасы, мысалы, C:\STUDENT\BASIC> rd tecno2 - STUDENT каталогының ішіндегі екінші дәрежелі BASIC атты ішкі каталогының үшінші дәрежелі TECNO2 ішкі каталогын жою;
C:\>rd__student\basic\tecno2 - түпкі каталог ағымда болған жағдайда tecno2 ішкі каталогын жою;
4. CD (Change Directory - каталог ауыстыру) - бір каталогтан екінші каталогқа өту командасы. Жоғарғы дәрежедегі каталогтарға өту мына параметрлер «. . », «/» арқылы іске асады.
Мысалдар:
А) C:\>cd__student\basic - STUDENT каталогының BASIC атты ішкі каталогына өту;
Ә) C:\STUDENT\BASIC>cd. . - BASIC ішкі каталогынан STUDENT каталогына өту;
Б) C:\STUDENT\BASIC\TPOP2>cd \ - басты каталогқа өту;
В) C:\STUDENT\BASIC>cd. . \lex - BASIC каталогынан STUDENT каталогына қайтып оралып LEX ішкі каталогына өту;
Г) C:\STUDENT\BASIC\ECONOM2>cd. . \. . - ECONOM2 ішкі каталогынан екі сатыға жоғары STUDENT каталогына өту.
Тарнзитті командалар:
1. FORMAT - дискіні форматтау командасы. Кез келген жаңа диск қолданардың алдында форматталынуы тиіс, яғни система талаптарына сай арнаулы құрылым бойынша оның беті белгіленуі қажет. Егер дискінің бетінде дефектілі секторлар бар болса, онда FORMAT командасы ондай жолдарды пайдаланылмайтын етіп, дискінің іске жарамды бөлігін азайтады. Әдетте қатты диск форматталмайды, өйткені ол заводта жасалған кезде форматталады да, сол күйі оның кейінгі жұмыс істеуін толық қамтамасыз ете алады. Дискетті форматтау мысалдары:
C:> format__a - A: дискжетекке салынған дискетті форматтау. Бұл командадан кейін экранға DOS версиясына байланысты ағылшын не орыс тілінде мынадай хабар шығады:
Insert new diskette for drive A, and strike ENTER when ready
Осы операцияларды орындағаннан кейін дискіні форматтау басталады. Егер форматтау процесі дефекторлы секторларсыз дұрыс аяқталса, экранға келесі мәтін шығады:
Format complete
362496 bytes total disk space
362496 bytes available on disk
Format another (Y/N) ?
Форматтау аяқталды.
2. DISKCOPY - дискінің толық көшірмесін алу командасы. Команда параметрі ретінде 1-ші көрсетілген жинақтаушыға мәліметі бар дискінің ішіндегі информациялар дәл сол күйінде 2-ші жинақтаушыға таза дискіге жолма-жол көшіріледі. Бұл команда дискідегі барлық файлдарды көшіргенде ыңғайлы.
A:\diskcopy_b:_a: - b: дискісінің мәліметін толық күйде а: дискісіне көшіру. Егер командада екінші дискі атауы көрсетілмеген болса, онда ол ағымдағы жұмыс істеп тұрған диск деген ұғымды береді. Дискілердің аттары бірдей болса, онда команда екінші дискетті ауыстыруға мүмкіндік беріп тосады; егер көшірме дискет форматталмаған болса, бұл процесс көшіру барысында орындалады.
3. MODE командасы мәлімет шығару құрылғыларының жұмыс параметрлерін өзгерту ісін атқарады, мысалы,
C:\>mode LPT1:132, 8 - қағазға түсетін мәтін жолдарының ара қашықтығын кішірейтеді жәнебір жолға 132 символды орналастырады;
C:\>mode LPT1:80, 6 - қағазға түсетін мәтін жолдарының ара қашықтығын үлкейтеді және бір жолға 80 символды орналастырады.
4. TREE командасы көрсетілген дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын экранға шығарады. Ал /F параметрі каталогтармен қоса олардың құрамындағы файлдарын да көрсетеді.
C:\>tree - C дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын экранда қарап шығу;
C:\>tree a: - A дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын экранда қарап шығу;
C:\>tree/f - C дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын олардың ішіндегі файлдар тізімімен қоса қарап шығу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz