Turbo Pascal бағдарламалау тілі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінін колледжі

Реферат

Тақырыбы: «Turbo Pascal бағдарламалау тілі»

Орындаған:

Тексерген:

Ақтау

Жоспар

1. Кіріспе

Turbo Pascal туралы мағлұмат.

2. Негізгі бөлім

2. 1. Turbo Pascal тіліндегі қызметші сөздер және идентификатор.

2. 2. Берілгендер типтері.

2. 3. Turbo Pascal - дағы негізгі ұғымдар.

3. Қортынды

4. Пайдаланған әдебиеттер

1. 1. Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы Швецария физигі Никлаус Вирт ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдың құрметіне Паскаль деп атаған, тіл атауын үнемі бас әріппен жазуын сұраған. Turbo Pascal - дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.

Кез келген тілді үйрену оның алфавитінен басталады. Turbo Pascal программалау тілінің де басқа тілдер сияқты өзіне тән алфавиті бар. Программаның элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын тілдің алфавиті дейміз. Turbo Pascal тілінің алфавиті мына символдардан тұрады:

  1. Латын алфавитінің 26 (баспа және жазба) әріптері: А, В, С, D, … Y, Z, a, b, c, d, … y, z.
  2. Орыс алфавитінің 32 (баспа және жазба) әріптері программада түсіндірме мәтіндерді жазуда пайдаланылады.
  3. Араб цифрлары: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
  4. Арнайы символдар. Оларды белгілі бір функцияларды атқаруына сәйкес төмендегі топтарға жіктеуге болады.

А) Айыру белгілері.

В) Арифметикалық амалдар.

С) Қатынас таңбалары.

Әрбір символдың өзінің реттік номеріне сәйкес белгіленген коды болады. Жоғарыдағы символдар ASCII коды бойынша 0-ден 255-ке дейінгі сандармен кодталады.

Паскаль тіліндегі тыныс белгілері.

Белгі
Қолданылуы
Белгі: { }
Қолданылуы: Программаға түсініктеме беруде
Белгі: (**)
Қолданылуы: Программаға түсініктеме беруде
Белгі: [ ]
Қолданылуы: Массив өлшемін белгілеуде
Белгі: (. . )
Қолданылуы: Массив индексін, жолдың өлшемін белгілеуде
Белгі:
Қолданылуы: Символдар мен жолдың тұрақтыларды белгілеуде
Белгі: :=
Қолданылуы: Айнымалы мәнін меншіктеуде
Белгі: ;
Қолданылуы: Программаның жолдарын, операторлады, хабарламаларды айқындау
Белгі: :
Қолданылуы: Айнымалылар типтерін айқындауда, (белгі мен оператордың арасында)
Белгі: =
Қолданылуы: Тұрақты мен оның мәнінің арасын бөлуде
Белгі: ,
Қолданылуы: Тізім элементтерінің арасын айыруда
Белгі: . .
Қолданылуы: Диапазон типін беруде
Белгі: .
Қолданылуы: Программа соңында
Белгі: ^
Қолданылуы: Көрсеткіш типін анықтауда
Белгі: @
Қолданылуы: Айнымалылар адресін, қосалқы программаны белгілеуде
Белгі: #
Қолданылуы: Символды оның коды бойынша белгілеуде
Белгі: $
Қолданылуы: Компилятор мәліметін белгілеуде

2. 1. Turbo Pascal тілінде алдын ала қызметі тағайындалған сөздер тобы қолданылады. Оларды Turbo Pascal - дың қызметші сөздері деп атайды. Бұл сөздер ағылшын тілінде берілгенімен, мағынасы атқарылатын іс-әрекетті баяндайды.

Мысалы; Program - сөзі программаның тақырыбын, begin - программаның басын, end - программаның соңын сипаттауға пайдаланылады.

Кестеде қызметші сөздердің тізімі және олардың мағынасы көрсетілген.

Қызметші сөздер.

Қызметші сөздер
мағынасы
Қызметші сөздер
Мағынасы
Қызметші сөздер: absolute
мағынасы: Абсолюттік
Қызметші сөздер: Label
Мағынасы: Белгі
Қызметші сөздер: And
мағынасы: Және
Қызметші сөздер: Library
Мағынасы: Библиотека
Қызметші сөздер: Array
мағынасы: Массив
Қызметші сөздер: Mod
Мағынасы: Бүтін қалдық
Қызметші сөздер: Asm
мағынасы: Ассемблер
Қызметші сөздер: Nil
Мағынасы: Бос сылка
Қызметші сөздер: Begin
мағынасы: Басы
Қызметші сөздер: Not
Мағынасы: Терістеу
Қызметші сөздер: Case
мағынасы: таңдау
Қызметші сөздер: Object
Мағынасы: Объект
Қызметші сөздер: Cont
мағынасы: Тұрақты
Қызметші сөздер: Of
Мағынасы: Тип анықтау
Қызметші сөздер: Constructor
мағынасы: Конструктор
Қызметші сөздер: Or
Мағынасы: Немесе
Қызметші сөздер: Destructor
мағынасы: Дескруктор
Қызметші сөздер: Packed
Мағынасы: Жинақталған
Қызметші сөздер: Div
мағынасы: Бүтін бөлу
Қызметші сөздер: Procedure
Мағынасы: Процедура
Қызметші сөздер: Do
мағынасы: Орында
Қызметші сөздер: Program
Мағынасы: Программа
Қызметші сөздер: Downto
мағынасы: Кеміту
Қызметші сөздер: Record
Мағынасы: Жазба
Қызметші сөздер: Else
мағынасы: әйтпесе
Қызметші сөздер: Repeat
Мағынасы: Қайталау
Қызметші сөздер: End
мағынасы: Соңы
Қызметші сөздер: Set
Мағынасы: Көпшелеу
Қызметші сөздер: Export
мағынасы: Экспорт
Қызметші сөздер: String
Мағынасы: Жол
Қызметші сөздер: External
мағынасы: Сыртқы
Қызметші сөздер: Then
Мағынасы: Онда
Қызметші сөздер: File
мағынасы: Файл
Қызметші сөздер: To
Мағынасы: Дейін
Қызметші сөздер: For
мағынасы: Үшін
Қызметші сөздер: Type
Мағынасы: Тип
Қызметші сөздер: Function
мағынасы: Функция
Қызметші сөздер: Unit
Мағынасы: Модуль
Қызметші сөздер: Forueard
мағынасы: Оздыру
Қызметші сөздер: Until
Мағынасы: Соған дейін
Қызметші сөздер: Goto
мағынасы: Көшу
Қызметші сөздер: Uses
Мағынасы: Пайдалану
Қызметші сөздер: If
мағынасы: Егер
Қызметші сөздер: Var
Мағынасы: Айнымалы
Қызметші сөздер: In
мағынасы: Құрамында
Қызметші сөздер: While
Мағынасы: Әзір
Қызметші сөздер: Inline
мағынасы: Негізгі
Қызметші сөздер: With
Мағынасы: Жазба басы
Қызметші сөздер: Interface
мағынасы: Интерфейс
Қызметші сөздер: Xor
Мағынасы: Кері
Қызметші сөздер: Interrupt
мағынасы: Үзу

Turbo Pascal тілінде атауды идентификатор деп атайды. Яғни идентификатор программаның кез келген элементтерінде берілген атау, ол стандартты және пайдаланушылар идентификаторы болып екіге бөлінеді.

Стандартты функциялар, қызметші сөздер, тағы сол сияқты стандартты объектілер атаулары стандартты идентификатор тобына жатады. Олардың көпшілігі алдын ала орындалатын операция немесе белгіленген элемент туралы мәлімет беріп тұрады.

Программалаушы идентификатордың төменгі жазылу ережелерін білу қажет:

  • Идентификатор міндетті түрде әріптен басталатын латын әріптері мен цифрлардан тұрады.
  • Оның құрамында орыс алфавитінің әріптері, арнайы символдар, әсіресе, бос орын болмауы қажет.
  • Қызметші сөздер пайдаланушылар идентификаторы бола алмайды.
  • Идентификатордың максималды ұзындығы - 127 символ болғанымен оның тек 63 символы Turbo Pascal-да оқылады.

Идентификатор қысқа әрі түсінікті болғаны дұрыс. Себебі, оның мағынасы болмағаны қателік туғызбаса да, белгіленген программа элементі туралы мәлімет беруі тиімді екенін ескерген жөн.

Мысалы; metkal 12, blok, Windowt, тағы сол сияқты.

Бір программада бірнеше объектіге бір ғана атау беруге болмайды. Бұл шарт орындалмаған жағдайда экранда төмендегідей хабарлама шығады:

Error 4: Duplicate identifier (қате 4: қайталанған идентификатор) .

Идентификатор тағайындауда программалаушылар тарапынан жиі жіберілетін қателіктер:

3 Digraph - цифрдан басталған;

Nomer - дата құрамында нүкте бар;

Blok # - арнайы символ қойылған;

My program - құрамында бос орын бар;

Mod - қызметші сөз қолданылған.

2. 2. программаның негізгі объектілері айнымалылар мен тұрақтылар болып табылады. Программа құру барысында, программалаушы олардың типтерін алдын ала анықтауы қажет. Айнымалылар мен тұрақтылардың типтері - олардың мәндерін және оларға қолданылатын әр түрлі өңдеу амалдарын белгілейтін басты көрсеткіші.

Turbo Pascal - да берілгендердің типтерін екі үлкен топтарға жіктеуге болады:

  • Қарапайым типтер (скалярлық) ;
  • Құрылымдық типтер (структуралық) .

Қарапайым типтердің өзі стандартты және пайдаланушылар типтері болып бөлінеді. Стандартты типтер: бүтін, нақты, логикалық, символдық.

Құрылымдық типтер құрамына қарапайым типтер кіреді. Құрылымдық типтерге жолдар, массивтер, жазбалар, файлдар жатады.

Паскаль тілінің стандартында бүтін типтің Integer бір ғана түрі анықталса, Turbo Pascal-да стандартты бүтін типтердің бес түрі бар: Shortint, Integer, longint, byte, Word.

Тип
Диапазоны
Форматы

Көлемі

(байт)

Тип: Shortint
Диапазоны: -128 . . . 127
Форматы: Таңбалы
Көлемі(байт): 1
Тип: Integer
Диапазоны: -32768 . . . 32767
Форматы: Таңбалы
Көлемі(байт): 2
Тип: longint
Диапазоны: -2147483648 . . . 2147483647
Форматы: Таңбалы
Көлемі(байт): 4
Тип: byte
Диапазоны: 0 . . . 255
Форматы: Таңбасыз
Көлемі(байт): 1
Тип: Word
Диапазоны: 0 . . . 65535
Форматы: Таңбасыз
Көлемі(байт): 2

Turbo Pascal - да бүтін типтегі оң және теріс сандар әдеттегідей жазыла береді. Оларға барлық арифметикалық амалдарды қолдануға болады.

Паскальда стандартты логикалық тип - Boolean (көлемі 1 байт) . Логикалық типтің бұл атауы, атақты математик Джордж Буль есіміне байланысты Boolean деп атайды. Логикалық типтегі элемент тек ені мәнді қабылдай алады: true (ақиқат), false (жалған) . Turbo Pascal-да логикалық типтің жаңа түрлері анықталған. Олар: bytebool (көлемі 1 байт), wordbool (көлемі 2 байт), longbool (көлемі 4 байт) .

Барлық логикалық типтердің мәні true (ақиқат) болғана, санына сәйкес келеді. Ал, олардың false (жалған) мәні 0 санына тең болады.

Логикалық типтегі берілгендер программасында шартты тексеруде қолданылады. Логикалық шарт мына қатынас таңбалары: > (үлкен), < (кіші), <= (кіші және тең), >= (үлкен және тең), <> (тең емес), = (тең) арқылы жазылады. Мысалы: 12<30 нәтиже true (ақиқат), 12=30 нәтиже false (жалған) . Логикалық типтегі берілгендерге логикалық амалдар қолданамыз. Логикалық амалдар арқылы логикалық өрнектер ұйымдастыруға болады. Логикалық өрнектердің нәтижесі әрқашанда екі мәннің: true (ақиқат), false (жалған) біріне тең болады.

Символдық тип char ASCII (American standart’lode of Internation Interchange) кодының барлық түріне сәйкес келетін символдарды анықтайды. Char типтегі көрсеткіштердің кодын ord функциясын алуға болады. Осы кодтары арқылы символдық типтегі көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыруға болады. Белгілі бір іс-әрекетті атқаратын, басқарушы символдарға 0-ден 31-ге дейінгі код тағайындалған. Символдық типті айнымалылар мәні (апостроф) (‘) таңбасына алынады.

Мысалы: ‘A,, ‘$,, ‘3,, тағы сол сияқты.

Символдық типтің кеңейтілген түсінігі жолдық тип string болып табылады. Жолдық типтегі берілгендер туралы кейінгі тарауларда толық айтылған.

Паскальдың стандартында нақты типтің бір ғана түрі real анықталса, Turbo Pascal-да да нақты типтің бес түрі қолданылады: real, single, couble, extended, comp.

Берілгендердің нақты типтері.

Тип
Диапазоны
Форматы (цифр саны)

Көлемі

(байт)

Тип: Real
Диапазоны: 2, 9*10 -39 . . . 1, 7*10 38
Форматы (цифр саны): 11-12
Көлемі(байт): 6
Тип: Single
Диапазоны: 1, 5*10 -45 . . . 3, 4*10 38
Форматы (цифр саны): 7-8
Көлемі(байт): 4
Тип: Couble
Диапазоны: 5*10 -324 . . . 1, 7*10 308
Форматы (цифр саны): 15-16
Көлемі(байт): 8
Тип: extended
Диапазоны: 3, 4*10 -4932 . . . 1, 1*10 4932
Форматы (цифр саны): 19-20
Көлемі(байт): 10
Тип: comp
Диапазоны: - 2 63 + 1 . . . 2 63 - 1
Форматы (цифр саны): 19-20
Көлемі(байт): 8

Мұндағы single, couble, extended, comp типтерін компьютердің жетілген, соңғы түрлерінде жұмыс істегенде қолданған тиімді. Себебі, бұл нақты типтің түрлерін пайдаланғанда компьютердің қосымша процессоры болғаны жөн. Сол кезде, есептеулер сапасы оғары, әрі жылдам жүргізіледі.

Қарапайым программаларда Real типі пайдаланылады. Ал, Real типі бойынша жүргізілетін есептеулерге қосымша процессордың қажеті жоқ.

Нақты типтегі сандарды жазудың екі тәсілі бар: әдеттегідей және экспотенциал. Нақты сандарды Turbo Pascal-да әдеттегідей жазу үшін, санның бүтін бөлігін ажырататын (, ) үтір таңбасының орнына (. ) қойылады.

Мысалы: 125, 45 → 125. 45, - 52, 1 → - 52. 1.

Өте үлкен және өте кіші нақты мандарды жазуда 10 санының дәрежесін қолданған ыңғайлы.

Мысалы; 12*10 -16 , 3*10 8 .

Осындай сандарды экспотенциал түрге айналдыру үшін 10-ның орнына Е символы және дәреже көрсеткіші жазылады.

Мысалы;

Математикада жазылуы: Экспотенциал жазылуы:

31*10 14 31Е + 14

5*10 -21 5Е - 21

0, 001 10Е - 4

1, 0 1Е + 0

Нақты типтегі сан компьютер жадына экспотенциал түрде сақталады. Программа нәтижесі нақты сан болса, бұл сан экранға экспотенциал түрде шығады.

2. 3. Программа - берілген есептеудің шешілу жолын анықтайтын алгоритмнің арнайы машиналық тілде жазылуы.

Программаның негізгі сипаттамасы:

  • алынған нәтиженің дұрыстығы;
  • жадыдағы алатын орны немесе көлемі.

Кез келген программаның басты қызметі берілгендерді өңдеу болып табылады. программаның басында өңделуге берілген мәліметтер алғашқы берілгендер деп аталады.

Алғашқы берілгендерді перне тақта арқылы енгізуг болады. Кейбір жағдайда алғашқы берілгендерді программа дискідегі файлдардан да оқи алады.

Программаның орындалу барысында алғашқы берілгендер өңделініп, нәтидеге айналады. Алынған нәтиженің нақты әрі дұрыс болуы программаның басты сипаттамасы болып табылады.

Программада қолданылатын берілгендердің элементіне тұрақты немесе айнымалы жатады. Программаның басында мәні анықталған және программаның орындалу процесінде осы мәні өзгеріссіз қалатын шама тұрақты деп аталады.

Turbo Pascal-да тұрақтылардың сандық, логикалық, символдық, жолдық түрлері қолданылады. Сандық тұрақтылардың мәні нақты және бүтін сандар болады. Логикалық мазмұндағы ақиқат-жалған немесе 0-1 сигналдарын қабылдай алатын тұрақтылар логикалық тұрақты деп аталса, символдық және жолдық тұрақтылар жеке символдан және олардың жиынтығынан тұрады.

Программаның орындалу барысында мәні өзгере алатын шама айнымалы деп аталады. Программадағы айнымалы ұғымы түсінікті болуы үшін оны компьютердің аты аталған ұғымы деп қарастырайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы туралы
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль тілінде программалау
Турбо Паскаль ортасында жұмыс
Тілдің алфавиті
Турбо Паскаль бағдарламысының тарихы
Turbo Pascal жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal жүйесінде жолдарды ұйымдастыру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz