Интерактивті тақта және оның түрлері



I. КІРІСПЕ БӨЛІМ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ИТ және оның түрлері
2. Интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі
3. Интерактивті тақтаны математикада қолдану
4. Оқыту тәсілдері мен технологиясы

III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСРУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ: Интерактивті тақта және оның математиканы оқытудағы маңызы

Дайындаған:Сарсенбаева Айзат

Алматы 2013

ЖОСПАР:

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ИТ және оның түрлері
2. Интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі
3. Интерактивті тақтаны математикада қолдану
4. Оқыту тәсілдері мен технологиясы

III. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі - оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Осы дарындылықты арттыруда, шығармашылықты дамытуда интерактивті оқыту тәсілін пайдалану үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді. Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Интерактивті оқыту - бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысында қызығушылықтарын арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың тиімділігі сол сыныптағы барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

1. ИТ және оның түрлері
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі - ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Екінші режим - Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын даярлауға ыңғайлы. Үшінші режим - тақтаның интерактивті режиміндегі жұмыс. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Соларға қысқаша шолу жасайық.
Активті қалам (ACTIVpen)
Активті қалам - бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғары бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard - интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. Оң қол сонымен бірге сол қолмен жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен кабинеттерде қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданылады. ACTIVpanelpro арнайы карындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз-ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді.
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін оқушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Презентация кезінде кабинетте еркін қозғалуға болады. ACTIVslate панель кабинеттің кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslate көмегімен оқушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
AСTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация материалдарын ACTIVstudio немесе ACTIVprimary тақтасыз компьютерде дайындауға мүмкіндік беретін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote тестілеу жүйесін барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттің көмегімен ақпарат ACTIV board қабылдайды және де өңделіп оқушылардың жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
Activstudio Professional Edition - мұғалімдерге интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activ - тақтаны қолдануға негізделген программалық құрылғы.
Жұмыс үстеліндегі Activstudio Professional Edition таңбасына ACTIVpen қаламымен екі рет шерту қажет.
Activstudio программасына кіріспе
ACTIVstudio арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Флипчарт - бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
Флипчарт кескіні. ACTIVstudio программасы іске қосылғанда бірден флипчарт құрылады. Бұл 1-ші флипчарттың қолдануға дайын беті. Флипчарт батырмасын басқаннан кейін ғана іске қосылады, бұл батырманы ACTIVstudio мен Windows арасында байланыс жасауға қолданылады. Флипчарт құралдар тақтасы арнайы диапазон құралдарымен флипчарттағы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектеседі.
Негізгі құралдар тақтасындағы Арнайы құралдар батырмасын басып, осы құралдарды іске қосуға болады. Бұл тақтада қажетті 20 құралды пайдаланып, олармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Объектіні редакторлеу тақтасын іске қосу үшін, флипчарт бетінде екі рет шерту жеткілікті.
Құралды флипчарт бетінің қасиетін өзгертуге және флипчарттың құрылымын редакторлеуге қолданылады.
ACTIVboard-та презентация кезінде қажетті құралдарды тез іске қосу құралдар тақтасы мүмкіндік береді. Оң жақ батырманы бетте немесе объектіде шерткенде тез іске қосу тақтасы қосылады. Бұл тақтаға 12 құралды өз таңдауың бойынша қосуға болады.
Кітапхана ресурсының толық мүмкіндіктерін флипчарт құрғанда пайдалануға болады. Кітапхана ресурсын іске қосу үшін, флипчарттың құралдар тақтасынан Кітапхана ресурсы батырмасын басу керек.
2. Интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі
Интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі:
+ Экрандық кескіндердің графикалық түсініктемелерін беру;
+ Бір мезгілде сыныптың барлық оқушыларының істеген жұмысына сараптама жүргізуге және тексеруге мүмкіндік туғызады;
+ Табиғи амалмен (ұсынылатын ақпарат ағынын арттыру есебінен) сыныпта оқушылардың оқу жүктемесін арттырады;
+ Оқытуға жаңа құлшыныстың алғы шарттарын дайындайды;
+ Сұхбатқа арналған оқытуды жүргізеді;
+ Кей әдістерді пайдаланып, қарқынды әдістеме бойынша оқытады.

3. Интерактивті тақтаны математикада қолдану
Интерактивті тақтамен жұмыс жасау тәжірибесі стереометрия сабақтарында функциялар мен олардың графиктеріне арналған алгебра сабақтарында, сонымен қатар, мектеп оқулықтарынан тыс (мысалы, Параметрлі теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу, Модулі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік төрт дағды
Бастауыш сынып математика сабағындағы интерактивті тақтаны қолдану тиімділігі
Интерактивті тақтаның шығу тарихы
Интерактивті тақтаны орнату
Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді тиімді пайдалану жайлы
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
Көркем еңбекті оқытудың педагогикалық негіздері
Биологияны интерактивті оқыту
Интерактивті тақтаны пайдалану
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері
Пәндер