XIX г. 60-70-жылдарына дейінгі қазақ әдеби тілі және оны танытатын үлгілер
XIX ғасыр . қазақ көркем әдебиетінің (поэзиясының) қаулап дамыған кезеңі. Бұл күнде ақындар мектебі өмірден берік орын тебеді, әдеби жанр да бел алады. Ақындардың ішінде даңқтары қазақ даласының көп жеріне жайылғандары да, өз өлкесіне ғана танымал болғандары да бар, әлеуметтік.азаматтық тақырыптарды кеңінен жырлап, биікке көтерілгендері де, ауыл арасындағы, ру арасындағы, жеке адамдар арасындағы қарым.қатынастарды жырлаудан аса алмағандары да болды. Қысқасы, қазақ қауымы XIX ғасырдың өз бойында жасап өткен (Абай мен Ыбырайды былай қойғанда) едәуір көп сөз зергерлерін біледі. Бұлардың идеологиялық бағыттары мен дүниеге көзқарастары әрқилы болғаны түсінікті. Дегенмен көпшілігіне тең ортақ белгі .өмірге қоян.қолтық араласу, адам мен қоғам тіршілігін жырлау, айналаны сөз ету болды.
Жалпы өсиет сөз айтатын дидактикалық толғаулар ығысып, орнын кең көлемдегі әлеумет өмірінен бастап, тар аумақтағы күнделікті тұрмыс жайттарына дейінгі тақырыптарды жырлаған өлеңдер басады. Соған лайық көркем әдебиет тілі де жаңа белгілерге ие болады, дамудың келесі сатысына көтеріледі.
XIX ғасырдың өз бойындағы қазақ әдеби тілінің, қоғамның тілді пайдалану әрекетінің даму барысын екі кезеңге, екі топқа бөліп қарастырған жөн сияқты. Бірі . осы ғасырдын, басынан 60.70.жылдарына дейінгі, екіншісі — соңғы үш.төрт онжылдықтар ішіндегі кезендер. Бұлайша бөліп зерттеудің себебі мынадай: ең алдымен, өткен ғасырдың 70.жылдары . қазақ тілінің түбірлі жаңа сапаға — ұлттық жазба әдеби тілдің негізі қаланып, әрі қарай дамуға көшкен тұсы. Ал бұған дейінгі кезең қазақтың ауызша дамыған төл әдеби тілінің жалғасы ретінде танылуға тиіс. Әрине, қазақ тілінің өткен ғасырдың 70.жылдарынан бастап жаңа сатыға көтерілуі тұтқиылдан болған құбылыс емес, ол алдыңғы кезендерде іргесі қаланып, бірте.бірте дайындалған болатын. Бұл процесте әсіресе XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың 60.70.жылдарына дейінгі қазақ әдеби тілінің күй.қалпы мен дамуы елеулі рөл атқарды. Өткен ғасырдың I жартысында Қазақстанның көптеген жері Россия империясының құрамына еніп болды. Ел басқару билігін патша үкіметі өз қолына алды, 20.жылдарда қазақ хандықтарын жойды да, әкімшілік пен сот.билік жүргізудің жаңа тәртіптерін енгізді. Олар: Орта жүз бен Сібірді мекендеген қазақтар үшін 1822 жылғы "Сібір қазақтары туралы устав" пен 1831 жылғы Кіші жүзде "Ел басқарудың дистанциялық системасы" деген тәртіптерді енгізу. Бұрынғы ата.баба ғұрпымен билік айтып жазалайтын қазақ билерінің үстіне ірі қылмыстар (кісі өлтіру, барымта т.б.) мен саяси қылмыстарды қарайтын Россия империялық сот жүйесі келді. Осыларға орай қазақ даласында ел билеу, әкімшілік.сот істеріне қатысты көптеген жаңа ұғымдар пайда болды, демек, ол ұғымдарды атайтын сөздер мен сөз тіркестері дүниеге келді.
Қазақ елінің экономикалық жай.күйінде елеулі өзгерістер болды. Сауда.саттық күшейді, Россия саудасы бел алды. Жәрмеңкелер ашылды. Қоғамның

ТАРАУ XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
XIX г. 60-70-ЖЫЛДАРЫНА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАНЫТАТЫН
ҮЛГІЛЕР
XIX ғасыр - қазақ көркем әдебиетінің (поэзиясының) қаулап дамыған
кезеңі. Бұл күнде ақындар мектебі өмірден берік орын тебеді, әдеби жанр да
бел алады. Ақындардың ішінде даңқтары қазақ даласының көп жеріне
жайылғандары да, өз өлкесіне ғана танымал болғандары да бар, әлеуметтік-
азаматтық тақырыптарды кеңінен жырлап, биікке көтерілгендері де, ауыл
арасындағы, ру арасындағы, жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды
жырлаудан аса алмағандары да болды. Қысқасы, қазақ қауымы XIX ғасырдың өз
бойында жасап өткен (Абай мен Ыбырайды былай қойғанда) едәуір көп сөз
зергерлерін біледі. Бұлардың идеологиялық бағыттары мен дүниеге
көзқарастары әрқилы болғаны түсінікті. Дегенмен көпшілігіне тең ортақ белгі
-өмірге қоян-қолтық араласу, адам мен қоғам тіршілігін жырлау, айналаны сөз
ету болды.
Жалпы өсиет сөз айтатын дидактикалық толғаулар ығысып, орнын кең
көлемдегі әлеумет өмірінен бастап, тар аумақтағы күнделікті тұрмыс
жайттарына дейінгі тақырыптарды жырлаған өлеңдер басады. Соған лайық көркем
әдебиет тілі де жаңа белгілерге ие болады, дамудың келесі сатысына
көтеріледі.
XIX ғасырдың өз бойындағы қазақ әдеби тілінің, қоғамның тілді пайдалану
әрекетінің даму барысын екі кезеңге, екі топқа бөліп қарастырған жөн
сияқты. Бірі - осы ғасырдын, басынан 60-70-жылдарына дейінгі, екіншісі
— соңғы үш-төрт онжылдықтар ішіндегі кезендер. Бұлайша бөліп зерттеудің
себебі мынадай: ең алдымен, өткен ғасырдың 70-жылдары - қазақ тілінің
түбірлі жаңа сапаға — ұлттық жазба әдеби тілдің негізі қаланып, әрі қарай
дамуға көшкен тұсы. Ал бұған дейінгі кезең қазақтың ауызша дамыған төл
әдеби тілінің жалғасы ретінде танылуға тиіс. Әрине, қазақ тілінің өткен
ғасырдың 70-жылдарынан бастап жаңа сатыға көтерілуі тұтқиылдан болған
құбылыс емес, ол алдыңғы кезендерде іргесі қаланып, бірте-бірте дайындалған
болатын. Бұл процесте әсіресе XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың 60-70-
жылдарына дейінгі қазақ әдеби тілінің күй-қалпы мен дамуы елеулі рөл
атқарды. Өткен ғасырдың I жартысында Қазақстанның көптеген жері Россия
империясының құрамына еніп болды. Ел басқару билігін патша үкіметі өз
қолына алды, 20-жылдарда қазақ хандықтарын жойды да, әкімшілік пен сот-
билік жүргізудің жаңа тәртіптерін енгізді. Олар: Орта жүз бен Сібірді
мекендеген қазақтар үшін 1822 жылғы "Сібір қазақтары туралы устав" пен 1831
жылғы Кіші жүзде "Ел басқарудың дистанциялық системасы" деген тәртіптерді
енгізу. Бұрынғы ата-баба ғұрпымен билік айтып жазалайтын қазақ билерінің
үстіне ірі қылмыстар (кісі өлтіру, барымта т.б.) мен саяси қылмыстарды
қарайтын Россия империялық сот жүйесі келді. Осыларға орай қазақ даласында
ел билеу, әкімшілік-сот істеріне қатысты көптеген жаңа ұғымдар пайда болды,
демек, ол ұғымдарды атайтын сөздер мен сөз тіркестері дүниеге келді.
Қазақ елінің экономикалық жай-күйінде елеулі өзгерістер болды. Сауда-
саттық күшейді, Россия саудасы бел алды. Жәрмеңкелер ашылды. Қоғамның
әлеуметтік өмірінде де өзгеріс-жаңалықтар пайда болды. Әлеуметтік
топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрлері өмірге келді: сауданың дамуына
байланысты саудагерлер, сауда-саттықтың өзгеруіне қарай алыпсатарлар мен
өсімқорлар шықты. Қазақ жерінде құлдардың әлеуметтік тобы жойылды. XIX ғ.
орта шенінде тұтқындар мен құлдарды ұстауға мүлде тыйым салынды. Батырлар
мен билердің әлеуметтік мазмұны өзгерді. Жатақтар пайда болды. Ұсақ
қолөнершілер шықты. Бұл жаңалықтар тілде де орын алды.
XIX ғ. I жартысында қазақ жерінде оқу-ағарту ісі әлі де өте мардымсыз
болды. 1822 жылғы устав бойынша қазақ балаларына орыс мектептерінде
оқуларына құқық берілді. Бұл оқу орындары отаршылық аппаратына кадрлар
дайындады және оларда негізінен байлар мен шонжарлардың балалары оқыды.
Мұсылманша оқу-ағарту көздері де аз болды. Ана тілінде оқытатын ұлттық
мектептер атымен болған жоқ. Қазақ тілінде кітап шығару ісі де, баспасөз де
жоқ болатын.
Патша үкіметі XIX ғасырдың ортасына дейін қазақ жеріне ислам дінін
тарату саясатын ұстайды. II Екатеринаның 1783 жылғы жарлығы бойынша мұнда
мешіттер салынды, оларда қызмет етуге Қазан татарларының дін иелері
жіберілді. Олар бірте-бірте күш алып, азаматтық билік айту құқығын ала
бастады, жергілікті жерлердегі мұсылманша оқу-ағарту солардың қолдарында
болды. Ел ішінде мұндай "үкімет молдаларымен" қатар ортаазиялық
миссионерлер мен өзін-өзі молда атандырғандар да аз болмады.
Міне, осындай саяси, әлеуметтік, экономикалық хал-жағдайлар мен өзгеріс-
жаңалықтар тілге, оның қызмет ету қалпына әсерін тигізбей, із қалдырмай
кетпеді.
Тіл тіршілігінің бір ғасыр ішіндегі даму барысын бұлайша екіге бөлу
шартты екенін ескертеміз. Қазақтың төл әдеби тілін бұл кезеңде де көркем
әдебиет, оның ішінде поэзия танытты. Сол әдебиетті тудырушылардың өмір
сүріп, шығармашылық қызмет еткен тұсы ғасырдың дәл басы мен 60-70-жылдар
арасындағы мерзімді хронологиялық жағынан қатаң сақтамайды. Тілін осы тұсқа
жанастырып қарайтындардан Махамбет Өтемісұлы (1803-1846), Алмажан
Азаматқызы (1823-?), Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Сегіз сері Шакшақ (1818-
1854) сияқты ақындардың өмір кешкен жылдары біздің I кезең деп отырған
уақытымызға дәл келеді. Ал қалғандары жөнінде шарттылық бар. Туған-өлген
жылдарын есептесек, Шортанбай Қанайұлы (1818-1891), Шернияз Жарылғасұлы
(1817-1881), Шөже Қаржаубанұлы (1808-1895), Сүйінбай Арынұлы (1823-1896)
сияқты сөз иелерінің туындылары XIX ғасырдың II жартысына да ұласады.
Бірақ бұлар тудырған әдебиет езінің жанрлық сипаты, тілдік-стильдік
амалдары, туу, таралу жолдары жағынан II кезеңге өтпей, алғашқы кезенде
қаралуға тиіс. Тіпті бұлар ғана емес, шығармашылық жылдарының дені өткен
ғасырлардың ортасынан асып, ІІ жартысына ауысатын Күдері, Жанкісі, Мұсабай,
Абыл, Нұрым, Жанұзақ, Бала Ораз, Арыстан, Кемпірбай, Нысанбай, Мәделі,
Мұса, Құсмолда, Құлыншақ, Кете Жүсіп т.б. тәрізді ақын-жыршыларды да әдеби
мектебі жағынан өткен ғасырдың I кезеңі тобында қарастыру керек болады.
"Сарай ақындары" деп танылып жүрген Байтоқ, Жанұзақ, Орынбай сияқты
ақындардың мұрасын тіл тарихы үшін қарастыра қалсақ, осы топтан іздеу
керек.
Сөз жоқ, аталған ақын-жыршылардың әдебиет пен тілді дамытудағы
қызметтері мен орындары, қалың көпшілікке таралу шегі бір дәрежеде емес.
Олардың ішінде үлкен әлеуметтік үндерімен, жоғары поэтикалық дарынымен
танылып, мұралары молырақ сақталған Махамбет, Шортанбай, Дулат сияқтылар
да, тақырып аумағы әлдеқайда тар болғанымен, өлең-жырлары керкем-
әсемдігімен, бұқара мұңына үндесіп жатқандығымен халық жүрегінен орын алған
Алмажан, Шернияз, Сүйінбай, Шөже, Кемпірбай, Арыстан т.б. тәрізді сөз
иелері де, көбінесе эпикалық жырларды тудырушы, сақтаушы, таратушы ретінде
қызмет еткен Жанақ, Нұрым, Абыл сияқты ақын-жыршылар да бар.
ХІХ ғасырдың I кезеңіндегі қазақ поэзиясында нақтылық басым бола
бастайды. Соған орай біреуді немесе бір нәрсені суреттеуде қолданылатын
сездер мен тұрақты тіркестер қыран құс, қос арғымақ, наркескен қылыш
тәрізді "аспандаған" суреттерден гөрі (әрине, олар да бар), өмір шындығына
қатысты болып келеді. Мысалы, Махамбет Исатайдың образын бергенде, оны
кермиығым, кербезім, құландай ащы дауыстым, ақ кіреуке жағам, адырнасын ала
өгіздей мөңіреткен батыр деген сияқты дәстүрлі абстракт теңеулерді келтіріп
суреттесе, Шернияз сол Исатайды "қарадан халқым сүйіп, ханым деген" адам
еді, "тарғыл ала жылқы біткен бай" еді, "қысы-жазы расхотымды содан ұстаушы
едім" деп өмірмен нақты байланыстырып суреттейді. Тіпті батырдың портретін
беретін жерінде одан алып ішіп-жейтін "қырық ат бас, өрік-мейіз, жүз қадақ
шайлар" да жүреді.
Әрине, қай ақында болса да бұрынғы дағдылы образдарды пайдалану үзілді-
кесілді тоқталмайды. Сол Шернияз орайы келген екінші бір жерде Исатайды
"алтыным, самалым, саз қонысым, алтын сапты қылышым" деп те атайды. Сол
сияқтағы Дулат ақын жауға қарсы күрестегі ерлікті суреттейтін "Еспембет"
атты көлемді жырында батырдың сауыт-сайманын, жекпе-жекке шыққан жауымен
сайысқан тұсын бейнелеген жерлерінде ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы штамптарды
(буырқанды, бұрқанды, мұздай темір құрсанды тәрізді) келтірмейді, ұрыс
көрінісін шындыққа сай етіп береді: "Қамшы тиді тұлпарға, қылыштары жарқ
етті. Қабағынды қаққанша, Жарқ етті де сарт етті. Бірінің жанды еңбегі,
Бірі күшін сарп етті. Дене қанға боялды" дейді. Жекпе-жекке дайындалған
батыр "буырқанып, бұрсанбайды, мұздай темір құрсанбайды", оның: "Түгі
шығады сыртына. Тістегенде тісінің Қаны толады ұртына".
Сөйтіп, поэзияда әрбір портрет пен сурет өмір шындығы арқылы жырлана
бастағанына байланысты, әдеби тілде күнделікті ауызекі сөйлеу тілінің мол
байлығы еркінірек қолданылуға бет алады.
XIX ғасырдың I кезеңіндегі әдебиеттің дені бізге бұрынғыша ауызша
таралып, ауызша сақталған түрде жетті. Бірақ XVIII ғасырға қарағанда, бір
жағынан, уақыттың бізге біртабан жақындығынан, екіншіден, авторлық даралық
сипатың бел ала түскендігінен бұл кезендегі көркем поэзия үлгілері
әлдеқайда дәлірек және толығырақ жеткенін атау керек. Мұның тіл тарихын
танып-білуде мәні зор.
Сонымен бірге XIX ғ. I кезеңіне қатыстыра сөз еткелі отырған мұралардың
бірқатары осы ғасырдың 70-80-жылдарынан бастап жеке кітап (мысалы,
Дулаттың, Шортанбайдың кейбір шығармалары) немесе әр түрлі жинақ, журнал,
хрестоматияларда үлгі-үзінді болып баспа бетін көрді. Мұның да тіл тарихын
зерттеудегі мән-маңызы орасан зор: олар бұдан жүз жылдай бұрын хатқа түскен
сөз байлығы мен грамматикалық тұлға-тәсілдердің сыр-сипатын бұлжытпай
тануға мүмкіндік береді.
Сөз болып отырған кезеңде қазақ көркем әдебиеті қазақтың алдыңғы
дәуірлердегі төл әдеби тілін пайдаланды, соны әрі қарай дамыта түсті, жазба
тілге біртабан жақындатты, жазба әдеби тілді қалыптастыратын белгілерді
айқындай бастады. Мұны біз осы кезеңнің ірі екі өкіл Махамбет пен Дулаттың
тілдерін талдау арқылы көрсетеміз.
XIX ғ. I ЖАРТЫСЫ - АЛДЫҢҒЫ КЕЗЕҢДЕРДЕГІ -АУЫЗША ӘДЕБИ ТІЛДІ СИНТЕЗДЕУ
ДӘУІРІ
XIX ғасырдың 60—70-жылдарына дейінгі қазақ көркем әдебиеті
бұрынғысынша поэзия түрінде әрі қарай жалғасқаны жоғарыда айтылды. Бұрынғы
жыраулар мектебі әлсірей түсіп, ақындар бел алды. Соған орай көркем сөз
шеберлері бұрынғы өсиет, ақыл-насихат, философиялық толғаныс түрінде
келетін жырлардан гөрі, нақты тақырыптарды сөз етуге жиірек бара бастайды.
Бірақ бұл бетбұрыстың тілдегі, әдеби тәсіл-амалдардағы көрінісі бірден,
шұғыл болмағаны байқалады. Жаңа сапаға көшу дәстүрлі әдіс-тәсілдер мен
көркемдеу құралдарынан қол үзбей, оларды пайдалана отырып, жүзеге асырыла
бастайды. Сонымен қатар қазақ әдеби тілінде (поэзия тілінде) жаңа
элементтер пайда болады.
Махамбет өлеңдерінің тілі
Осы аралықта — ескіні жинақтап, түйіндеп, жаңаны бастауда — қазақтың
төл әдеби тілінде із қалдырғаны сөз шеберлері тұрды. Солардың бірі емес,
бірегейі Махамбет Өтемісұлы болды. Махамбет тарихта жырау емес, ақын деген
атпен танылды, бірақ әдебиет пен әдеби тілдегі орны жыраулық пен ақындықтың
түйіскен жерінде. Ол - жыраулар мектебінің нәрі мен барын алып, оны ақындық
дәстүрге қиюластырған қаламгер.
Ең алдымен, Махамбет — нақтылы тақырыпты сез еткен акын[1].
Ол Шалкиіз, Бұхарлардай акылгөй, кеңесші емес, бұрынғы жыраулардай өмір
мен болмысты, айналадағы тұрмыс-тіршілікіті сырттан бақылап, толғаушы да
емес. Сол өмірге өзі қоян-қолтық араласушы, осы тіршіліктің өз тұсындағы
оқиғалары мен іс-әрекеттеріне тікелей қатысушы. Сондықтан да Махамбет жырау
емес, ақын. Ақылшы емес, айтушы.
Тақырыбы көбіне-көп нақты болғандықтан, оның еншісіне сол нақтылыққа
сай жаңа образдар мен жеке сөздерді әдеби тілге қосу үлесі тиген. Бірақ
жаңа бағытты беркітіп, жеткізуде Махамбет өзіне дейінгі қазак, поэзиясының,
оның ішінде жыраулар мектебінің ең жақсы, ең күшті құрал-тәсілдерін кәдеге
асырады. Ақын шығармаларының дені 7-8 буынды жыр өлшемімен келуі тегін
емес, ол — осы ұштастықтың салдары. Әрине, бұл жалғастық тек өлең өлшемінде
ғана емес, сол өлеңнің, өлендегі ойдың берілу тәсілінде анық көрінеді.
Махамбет шығармаларының көбінде нақты тақырыпты жырлау үстінде бұрынғы
Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбеттерде кездесетін образдар (тармақтар)
қайталанады. Мысалы, -"Тайманның ұлы Исатайдың" портретін беретін
өлендерінің бірінде өзінің негізгі айтпақ ойы:
Тайманның ұлы Исатай
Ағайынның басы еді,
Алтын ердің қасы еді.
Исатайды өлтіріп,
Қырсық та шалған біздің ел, —
деген жолдар болса, осының алдындағы Исатай портретін беретін
тармақтары:
Арғымақтан туған қазанат
Шабуыл болса нанғысыз.
Қазанаттан туған қазмойын
Күніне көз керім жер шалғысыз.
Айырдан туған жанпоз бар,
Нарға жүгін салғысыз.
Аруанадан туған мая бар,
Асылын айуан десе нанғысыз...-[2]
деген түрінде XV—XVIII ғасырлар поэзиясында кездесетін параллельдер
болып келеді (мүмкін, бұл — Махамбет мұрасын жеткізуішлердің қоспасы да
болар: оған дейінгі әдеби үлгілердің ел жадындағы мазмұндас, идеялас
келетіндерін Махамбет сияқты ардагерінің еншісіне "бере салу" халық
психологиясына қайшы келмейді. Тіпті бұл жағдайда да ақын творчествосының
өзінен бұрышты поэзия дәстүрімен іліктестігі жоққа шығарылмайды: оны өзге,
төмендегі фактілер де дәледдей алады).
Ең нақты тақырыпқа жырланған "Баймағамбет сүлтанға айтқан сөзі" деген
шығармасының өзінде Махамбет өткендегі әдеби тіл өрнектерін бір-екі тармақ
етіп те, жеке бөліктер түрінде де енгізеді. Мысалы, біздің осы күнгі өлең
түріне келтіріп жазуымызға орай 12 бөлімнен тұратын бұл шығарманың I бөлімі
түгелімен дерлік өткен үлгілерден алынған тармақтар, ал қалған
бөлімдерінде:
Бөліне көшкен елінді
Бөріккен қойдай қылармын.
Жарыла көшкен елінді
Жаралы қойдай қылармын...
Керегесін кескілеп,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын тілгілеп,
Тоқым етсем деп едім, -
деген сияқты жолдар жыраулар толғауларымен ұштасып жатыр. Бұл — Махамбет
поэзиясы тілінің ерекшелігінің бірі болып табылады. Осы белгісі арқылы
Махамбеттің әдеби тіліміздің даму барысындағы орны да ерекше шығады: оны
өзіне дейін поэтикалық дәстүрді жинақтаушы (синтездеуші) ақын ретінде
танытады. Махамбет - өзіне дейінгі қазақ поэзиясының ғасырлар бойы
қалыптасқан, шындалған, елек көзінен өткен табысын бір жерге түйіп тастап,
оны әрі қарай жаңа бағытта жалғастыруға бет алған суреткер.
Ақынның бұл қызметі шығармашылығының өн боиынан сезіледі. Өзіне дейінгі
әдеби тілдің, әсіресе жыраулар тілінің бар байлығын пайдаланды деген сөз
оның тек көркемдеу тәсілдерін қайталауына ғана емес, сөздік құрамына да,
фразеологиялық құрамына да жатады. Махамбет шығармаларының лексикалық
сипаты өзінің алдындағы әдеби үлгілермен әуендес: мұның да негізі қазақтың
төл сөздері. Өлеңдерінің басты тақырыбына орай Махамбет те жаугершілік
лексика тобын молынан қолданады. Олар қару-жарақ, сауыт-сайман аттары:
найза, қылыш, мылтық, білтелі, садақ, жай, дулыға, кебе, кіреуке, жебе,
сауыт, қорамсақ, суңгі, семсер т.т. Бұлар негізінен Махамбеттің өзі
қатысқан ұрыс-соғысты суреттеуден гөрі, жоғарыда келтірілгендей, өткен
дәуірлерден келе жатқан әдеби штамптарды образ үшін пайдаланған тұстарында
көбірек жұмсалған. Мысалы, өзінің портретін берген бір елеңінде: Белгілі
туған ер едім, Беліме садақ асынған — десе, бұл жердегі садақ сөзі
портреттің дәлдігі үшін емес, образ үшін алынған, өйткені беліне садақ
асыну бейнелі тіркесі ұрысқа сай ер-азаматтың символы болып табылады.
Жаугершілік лексика тобының образ үшін молынан қолданылғандығы олардың
тұрақты эпитеттермен келген сәттерінде тіпті анық көрінеді. Махамбетте де
найза сөзі жалаң түрінен гері, егеулі найза, жалаулы найза, алты қулаш ақ
найза, толғамалы найза, қималы найза, қоңыраулы найза деген эпитетті
түрлерінде қолданылған. Сары жебе, сур жебе, балдағы алтын ақ болат,
қарқыны күшті көк семсер дегендер де осы қатардан табылады.
Жаугершілікке қатысты тек есім сөздер емес, етістіктер де ақын тілінде
едәуір орын алады және олардың басымы бұрын қалыптасқан жеке сөздер мен
тіркестер болып келеді: әскер жиып аттану, жауға тию, қамалды бұзу, оқ ату,
оқ тию, жау тоқтату, садақ асыну, қанға боялу, қанды көбік жутқызу,
жандасу, қырылу, кескілесу т.б.
Махамбет тіліндегі екінші бір көзге түсетін белгі — көне сездердің
қолданылуы. Ол кенелер бұрынғы поэзия тілінен келе жатқандар. Махамбеттің
өзіне дейінгі-әдеби дәстүрмен іліктестігінің тағы бір айғағы осы жерде.
XV—XVIII ғасырларда Қырым жері мен Азаулы (Азов), Дон, Еділ, Жайық
бойларында жасап өткен Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбеттерде кездесетін сой
(асыл тек), тарлан, тарпаң, араша, баттауық, сайғақ, Еділ-Жайық, емсеу,
жемсеу (Еділді көріп емсеген, Жайықты көріп жемсеген) сияқты сөздердің
Махамбетте сақталу себебі, бір жағынан, оның өткендегі әдебі тіл байлығын
жақсы пайдалануы болса, екінші жағынан, осы 3 жырауларға Махамбеттің мекен-
тұрағы жағынан жақындығы деуге болады. Өйткені бұл сөздер осы жыраулар
дәстүрін ілгері апарушы Бұхарда кездеспейді немесе ақындық мектебін әрі
қарай алып кеткен Дулат, Шортанбай, Шөжелерде де бұл көнелер жоқ.
Махамбет сөздігінде бұлардан басқа қазірде мағыналары күңгірт немесе
өзгеше болып келетін бір топ сөздердің қолданылғандығын көрсетуге болады.
Мысалы, қалықпан (құстың атауы), ереуіл (тың ат), толағай (тақыр бас),
жетім (тұтқын), керіскек (аң?), қырқарлану (тізбектелу), зымыран (аң?), ала
(азбан), алаулау (соғысу, ұрысу), маңғыстау (ілгері басу, жүру, адымдау),
қары (туысқан), астана жұрт (бағынышты ел), қарашы (кеңесші) т.б. сөздер
қазіргі тілімізде кемде-кем жұмсалатын, сирек кездесетін элементтер.
Бұлардың Махамбет тіліндегі көрінісі ақынның сөз қазынасын поэтикалық
талғамға салып сұрыптай білген суреткер екенін танытады.
Махамбеттің сөз қолданысындағы және бір ерекшелік әдеби-көркемдеу
тәсілдеріне қатысты. Жоғарыда айтылды, ақынның көптеген эпитет, теңеу,
метафоралары өзіне дейінгі бай ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулар тілінен
алынған. Сонымен қатар Махамбеттің өзі қосқан тың образдары қазақ
поэтикасына әкелген үлесі болды. Бір ғана ел қамын жеген ердің, халқы үшін
күрескен азаматтың образын білдіретін теңеулердің Махамбет бірнеше
вариантын ұсынады. Мысалы, қызғыштай болған есіл ер, еркек қойдай бөлініп,
қырқарланып өткен ер, таудан мұнартып ұшқан тарланым, кермиық, керіскендей
шандозым, қас бәйтерек, шамданса, шалқасынан түсер асау, шамырқанса,
шатынап сынар болат, түбін қазған бәйтерек, тауда ойнаған қарт марал, шарға
ұстаған қара балта, ақсұңқар құстың сойы, екі тарлан бөрі, құстан туған
құмай, қарақұстан туған қалықпан, суаруы қанық көк суңгі дегендердің
барлығы да Исатайдай батырдың, оның соңына ергендердің теңеулері мен
метафоралары. Бұлардың ішінде Исатайдан айрылған өзін түбін қазған
бәйтерекке теңеуі, кетеріліс жеңіліп, арманда қалған күрескер образын шарға
шауып мұқалған алмасқа, сұғуын таппай тот алған, суаруы қанық көк сүңгіге
теңеуі Махамбетке дейінгі поэтика қазынасында болмаған дүниелер. Сол сияқты
қалықпандай қомданып жаумен айқасу, ағыны қатты Жайықты тіземен бұзып өту,
қырдан қиқу төгілу (естілу емес, төгілуі), қайраңнан алған шабақтай қия бір
соғып ас ету, адырнаны ала егіздей мөңірету, темір қазық жастану, қу
толағай бастану сияқты образдар. да соны. Бұлар Махамбет жаңалықтары.
Сөйтіп, Махамбет - XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ әдеби тілінің әрі
қарайғы дамуына үлес қосқан әрі өзіне дейінгі әдеби тіл дәстүрін жинақтап,
бар қазынасын кәдеге асырып, жаңа бағытқа бет бұрған суреткер. Ол бағыт
Абай негізін қалаған ұлттық жазба әдеби тілге апаратын принциптерді
ұстағанынан көрінеді.
ТІДДІҢ ДАМУ БАРЫСЫНДА ЖАҢА
САПАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРДІҢ КӨРІНЕ БАСТАУЫ
Қазақтың төл жазба әдеби тілі — бір жылдың (бір мерзімнің), бір-екі
адамның еңбегі немесе бір-екі баспасөз органдарының шыға бастауы арқылы
тұтқиыядан пайда болған құбылыс емес. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің
бастауы Абай, Ыбырай сияқты қаламгерлер есімімен, "Түркістан уалаяты
газеті", "Дала уалаяты газеттерінің" шығуымен байланыстырыла сөз етіліп
жүргені мәлім. Бірақ бұл — осыларға дейін ұлттық жазба әдеби тіліміздің
алғашқы нышандары болмады деген таным емес. Ұлттық жазба әдеби тілге келу
үшін, тілде сапалық өзгерістер мен дамудың жаңа белгілері болуы шарт.
Мұндай белгілер қазақ топырағында өткен ғасырдың орта тұсынан бастап айқын
және молынан көріне бастады. Атап айтқанда, тілдік, стильдік, поэтикалық
жаңа сипаттар пайда болды.
Дулат ақынның тілі
Көркем әдебиет стилінде жаңа белгілерді анық көрсете бастаған үлгілер —
Дулат Бабатайұлының өлең-жырлары. Дулат та, Махамбет сияқты, алдыңғы
дәуірлердегі қазақ поэзиясының тілдік-стильдік құралдарын барынша пайдалана
отырып, оларды жаңаға ұластырушы, жаңа үлгілерді ұсынушы қаламгер. Біз бұл
жерде стильдік-тілдік сипаты жағынан бұрынғы дидактикалық толғаулармен
келетін "Ата-ананың ақылы", "Бұл заманғы адамның" деп басталатын екі ұзақ
толғауы мен "Асқар таудың сәні жоқ" сияқты шығармаларды Дулат
шығармашылығындағы жыраулық мектептің жалғасы деп танудан бойымызды аулақ
салып отырмыз. Оған себеп — осы толғаулар кірген "Өсиетнама" деген атпен
1880 жылы Қазанда басылған кітапты күні бүгінге дейін түгелімен Дулаттікі
деп келгеніміздің жаңсақтық екендігі. Зерттеуші Қ. Өмірәлиев бұл кітаптағы
өлең-толғаулардың көбі Шортанбайдікі, бірері Шал ақындікі екендігін
текстологиялық салыстырулар жүргізіп, бұлтартқызбай дәлелдеп берді[3].
Біз бұл пікірге мейлінше ден қоямыз.
Тегінде, Дулат — жыраулық дәстүрден бас тартқан, ақындықтың жаңа
үлгісін бастаған адам. Оның жыраулар поэзиясына сырттай ұқсас түсетін жері
— 7—8 буынды жыр ағымындағы өлең өлшемі. Ақын Дулат өз поэзиясын тек қана
осы өлшемде жазған. Ал құрылымдық-тақырыптық бітімі жағынан оның өлендері -
бұрынғы толғаулардан мүддем өзгеше түсетін шығармалар. Қазақ өлеңінің
шоғырларға[4] (яғни тирадаларға) бөлінуі және әр шоғырдың тілдік құралдар
арқылы бір-бірінен айқын бөлініп көрінуі Дулаттан басталады. Шоғыр (оны
кейде абзац деп те атайды) - өлең құрылымына тән дүние. Әр шоғырдың
тармақтары бір ұйқаспен топтастырылады және әрқайсысы бір тақырыпты
қамтиды. Мысалы, Дулаттың "Тырнақтай меңі болған соң" деп басталатын елеңі
9 шоғырға бөлінген:
1 - ш о ғ ы р :
Тырнақтай меңі болған соң,
Тарлан тартып оңған соң,
Түріне кір қонған соң,
Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз,
Шаңқан болмай, қылаң ба?
Мұның ұйқасы — болған соң, оңған соң, қонған соң.
2 - ш о ғ ы р :
Ту ұстап тұлпар жаратпай,
Алдынан топ таратпай,
Елді аузына қаратпай,
Жай отындай оқ атпай,
Анадан тудым дегенмен,
Бастамаса ел, улан ба?
Мұның ұйқасы өз алдына: олар да тұлғалас етістіктер: жаратпай,
таратпай...
Және бір ерекше көрсететін нәрсе - әр шоғырдың ең соңғы тармақтары
өзара ұйқасып (қылаң ба, улан ба, Туранда, қараңға, мұнан да, бұлан да,
құлан да, қыран да) өлең тұтастығын жасайды. Бұл — нағыз жазба поэзияның
белгісі. Мұның жүйеге айналып өте айқын көрінген тұсы - Абайдың өлендері.
Абай шоғырды тек сыртқы көрінісі — ұйқас бірлігі арқылы емес, мағыналық-
экспрессивтік, яғни модальдық реңкі жағынан ез алдына дербестік сипат беру
арқылы да жетілдірген (мысалы, "Болыс болдьш, мінекей" деген өлеңін
алыңыз).
Шумақсыз (астрофикалық) дүниелердің мұндай мазмұндық -композициялық
тұтастықтарға[5] ажыратылуы Дулатта едәуір кездеседі. "Жау көргенде
көздейсің" деген өлеңі 3 шоғыр, олар өз ішінен бір ұйқаспен шоғырланса, әр
шоғыр соңғы ұйқастары арқылы байланысып, өлең тұтастығын құрап тұр.
Ал бірқатар өлеңдері шоғырларға бөлінгенмен, әр шоғырдың соңғы жолдары
ұйқаспайды, демек, бұл арқылы өлең тұтастығы берілмейді (ол, әрине, шарт та
емес). Мысалы, "Сөзім бар да, көзім жоқ" өлеңі, біздіңше, 4 шоғырдан
тұрады. "Күнәм жойқын, тәубем аз" деп басталатын жыры 6 жол бір шоғыр, әр
шоғырдың мағыналық та, ұйқастық та тұтастығын сақтаған. Ақынның "Қылығың
қылжақ туысқан" өлеңі де 9 шоғырдан тұрады, бұл туындының тақырыптық-
композициялық құрылысы тіпті қызық: алғашқы шоғыр — кіріспе: онда, негізгі
идея айтылады, ол — өзін қоршаған "бәрі тегін жертезек" сияқты қылығы
"қылжақ туысқан, қырт пен мылжың ағайынның" қайсысын тандап алайын деген
күңіреніс, келесі шоғырлардың әрқайсысы солардың топ-топтары: "шаруа десе
жирендеп, қымыз аңдып қыдырған" ұл, "андығаны мал болған" бай, "шешесін
тындамай кеткен кыз", содан соң осылар кұраған заман сипаты -"қайран талай
жыл", "шарғы соққан із", "ұлғайып пәле қау басып, зая кеткен дәм мен түз",
"ер шөгіп, есер ер жеткен қайран заман". Бұл - нағыз профессионалдық
сауатты, мәдениетті поэзия үдесінен шыққан құрылып. Дулаттың көп өлеңі
осылайша жазба поэзия үлгісінде туған.
Керкем сөз дүниесіндегі жаңалықтардың бірі - образдар саласында. Образ
тіл элементтері арқылы жасалады. Соны образ — тілдік тұлғалар мен
тәсілдерде өзгерістер мен жаңалықтар әкеледі. Дулат бұл орайда да екі
қырынан көрінеді: бірі — бұрынғы қазақ поэзиясы колданып, қазақ әдеби
тілінде нормаға айналған материалды еркін және орынды (шебер) пайдаланған
тұста, екіншісі - тың, жаңа сападағы образдарды ұсынған сәттерінде.
Бірінші орайда Дулат қара қылды қақ жару, арғымақ аттай аңқылдау, қыран
құстай саңқылдау, көл қорыған қызғыштай, еңбегі еш, тұзы сор, бел шешпей
жорту, айдын ала ту алып жауға тию немесе ту ұстап тұлпар жарату, азуын
айға білеу сияқты кәнігі образдарды пайдаланады.
Тіпті кей тармақтарда:
Толғаулы найза қолға алып,
Тұйғын қүстай толғанып,
немесе:
Сары садақ асынып,
Егескен жауды қашырып...
Түйені жүтсаң түгімен Белін шешіп
жатпастан...
Бәлені жүтсаң бүгімен... Аққудайын таранған,
Алты малта ас қылып, Өкшесіне
қарайған...
- деп, халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі дайын клишелерді келтіреді.
Тек поэтикалық образдарды ұсынуда емес, жалпы тұрақты тіркестер мен
дәстүрлі эпитетпен келген тіркестерді пайдалануда да Дулат ең алдымен өзіне
дейінгі қазақ әдеби тілінің бай қазынасына иек артады. Оның өлеңдерінде
орнымен жұмсалған: тұғырдан тұсу, шепті бұзу, олжаны ортаға салу, жағасы
сөгілу, қара қазан, сары бала, кең дуние, жалған дуние сияқты тұрақты
тіркестер ортақ қор болса, осылардың қатарынан образды эпитеттермен келген
тіркестерді де молынан көреміз.
Дулат та езінің алдындағылар сияқты қару-жарақ, сауыт-сайман, жауға
мінер аттардың атауларын эпитетпен қолданады, тек айырмашылық - Дулатгың
көбінесе дайын анықтауыштардан гөрі, мағыналары соларға жуық, солар типтес
өзге баламаларын беретіндігінде. Мысалы, Дулатта: айбарлы ақ орда
(салыстыр, Қазтуғандарда: еңсесі биік боз орда, қалайылаган қасты орда),
шаншулы найза (алдыңғыларда: толгамалы найза) т.б. Бұл — қазақ поэзиясының
ұзақ уақыт дәстүрлі болып келген көркемдеуіш амалдарының бірі.
Сонымен қатар Дулатта жаңа сапалық өзгерістердің элементтері де айқын
сезіледі. Фразеология әлемінде ақын екі түрлі жаңалықты енгізген: бірі —
жаңа перифрастикалық тіркестер жасауы, екіншісі — жаңа фразеологизмдер
ұсынуы.
Перифраз (немесе перифраза) дегеніміз - бір нәрсені немесе құбылысты
сол нәрсенің (құбылыстың) бір белгісін, қасиетін көрсетіп, суреттеп
атау[6]. Бұл — тіл-тілдің қай-қайсысында да бар амал. Қазақ тілінде де (біз
ілгеріде талдаған өлең-толғауларда) дуние, әлем дегенді "сегіз қиыр, шар
тарап" деп атау, өмірді "жалған дүние" деп суретгеген атаулар кездесіп
отыратын. Бірақ бұрынғы ақын-жыраулар бұл тәсілді жаңа фразеологизмдер
тудыруда өнімді түрде қолданбайтын.
Дулат болса, перифрастика амалын едәуір жандандырған ақын. Ол өз
заманын "толқынды теңіз" деп суретгеп атайды: қазақ коғамының өз тұсындағы
саяси-әлеуметтік күй-жағдайын ой-пікірде, іс-әрекетте, саясатта, талап-
талғамда жел қайық сияқты жеңіл дүниелерді бетінде қалқытпайтын "толқынды
теңізге" балап атайды. Жекпе - жекке шыққан екі батырдың біреуінің жеңіліп,
қаза табуын "тіршілік пен өлімнің ұзақ дауы шешілген" деп суреттеуі де соны
перифраз: адам өмірінің өзі -"тіршілік пен өлімнің дауы, ұзақ дауы", өлім —
сол даудың шешілуі, дауласушы жақтардың біреуінің жеңуі. Немесе арман-
аңсағанына жете алмай, тірлікте тапқан рухани олжасынан гөрі, өкініші басым
болып өткен өмірді "құмар ойнап ұтылған саудагер сарт" деп атауы да дәл
айтылған, тың перифраз. Заманындағы әр алуан қайшылыктарды шеше алмай
қиналған, ел басшысы — пысықтарға разы емес ойшылдың образын беруге "саулы
иіп Дулат жүр, місе тұтып түлыпты" деген перифразды ұсынады. Міне, осы
типтес образдар Дулатта едәуір мол және тұңғыш рет бой көрсеткен.
Дулаттан өзіне дейінгі көркем әдебиетте көп кездеспейтін және бір тәсіл
басталады. Ол — мағыналары жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді
тіркестіру. Мысалы, "Әкеңнің айтқан аз сөзін, Құтысына көңліңнің, Төгіп
алма, дәлдеп қүй" деген жолдарында ақын көңілдің қутысы. сөзді қую деген
сияқты тіркестер жасайды. Мағыналары жағынан көңіл мен қуты сөздері
түйіспейтін, "ауылдары алшақ қонғаы" дүниелер: көңілдің құтысы шындыққа сай
емес: құты — сауыт, ол нақты бір затқа ғана телінеді: оқ-дәрінің қутысы,
цасыбай салатын құты, ал көңіл деген қолға ұстап, көзбен көріп, құтыға
салуға болатын нақты зат емес, дерексіз ұғым. Сондай-ақ сөз деген де зат
емес, оны да құтыға суша, сүтше кұюға болмайды. Бірақ икемі күшейген, әдісі
кебейген әдеби тіл мұндай қабыспайтын дүниеліктерді қабыстырып, жаңа
ассоциация беретін (шендестіріп жаңаша қабылдайтын) образ жасай алады. Бұл
тәсіл қазақ әдеби тілінде XIX ғасырдың орта шенінен бастап жиі көріне
бастады деуге болады.
Дулатгың жоғарғы тіркестерінен басқа: жырдан алқа тағу, әділетке
шөлдеу. көкірегінде қонақ жоқ, сұлулық сәулетінің сагымы, уйқы беріп, қайгы
алу, жырмен жуыну. жетімдіктің беяі деген тіркестері — сөздің экспрессиялық
бояуын қалындатқан тың поэтикалық сөздер (поэтизмдер). Бұл реттегі жаңа
тіркестердін, қолданылуы Дулатта басталғанымен, оның жүйелі түрдегі
поэтикалық құралға айналуы Абайдың еншісіне тиді.
Салыстыру, теңеу дегендер керкемдеуіш құралдардың ішінде өте әріден
келе жатқан, қазақ әдебиеті еркін және жиі пайдаланғандарының бірі. Қазақ
әдебиеті әрі қарай да бұдан іргесін аулақ салмайды. Айырмашылығы - соңғы
кезендерде көбінесе әлдеқайда кереғар, алшақ дүниелер салыстырылады,
теңестіріледі, сол арқылы тосын, күтпеген соны образдар жасалады. Бүл
орайда да Дулат өз қолтаңбасын танытады. Оның Дуние -жемпік, мен — төбет,
Соны бақпай не бақтим дегені жасалу қалыбы (моделі) жағынан бұрынғыша:
шендестірілетіндердің бір қарсы тұсы (полюсі) — табиғат, екіншісі — адам,
тіршілік, дүние, ал мағынасы, одан туатын ассоциация тың: бүрын дүниені
жемгікке, адамды төбетке теңеп, ақындықты жемтік аңдыған иттің тіршілігіне
балау болмаған дүние.
Дулаттың: Ел тереңге суңгіді, қармайтугын қалмай тал дегенінде де заман
қайшылығы мен өзен-көлдің тұңғиығын, тереңін шендестіру - астарлап айтудың
шебер үлгісі, ол -экспрессивтік бояуы, беретін ассоциациясы жағынан жаңа
образ.
Заман сырьш ұғуға тырысқан, заманмен ілесе отырған ақындар өз тұсында
туған жаңа ұғымдарды атауға, жаңа образдарды сол заман түсінігіне сай түрде
жасауға үмгылады. XIX ғасыр, әсіресе оның II ширегінен бермен қарайғы
кезеңі — қазақ жеріне әлеуметтік-саяси жаңа қатынастардың, шаруашылықтың
жаңа түрлерінің айтарлықтай ене бастаған тұсы. Сондықтан бұл тұстағы
қазақтың әдеби тілінен осы жаңалықтарды атайтын тек соны сөздерді (кірмесі
болсын, мағынасы ауысып жасалған байырғысы болсын) ғана емес, заман
көрінісінен алынған жаңа тіркестерді де көреміз. Бұл ретте Дулатгың алты
батпан кір, саудасы біткен сарт, жалаң бастанып ул кетті, параны көздеу
сияқты тіркестерін, Шортанбайдың бір қалаштық тиын, насихат шашу, малды
қагаздату, куймелі шана міну, салдатқа айдау, абақтыда жату сияқты жай
тіркестері мен образды дүниелерін, Сүйінбайдың кедейдің жалғыз аты, Меке
дузін көру, мұжықтың аты деген сөз қисындарын атауға болады. Бұлардың
барлығы заман көрінісінен алынғандар.
Заманға ілесіп отыру - дәстүрлі шарттылықты бұзу деген сөз, қалыпты
дүниелерді (стандарт пен штамптарды) ығыстырып, жаңа атауларды, жаңа сөз
тіркестерін, жаңа поэтикалык, құралдарды туғызуға жол ашу деген сөз. Демек,
бұл — тілге, оның әдеби түріне сапалық белгі беретін әрекет. Осы процесс
XIX ғасырдың орта тұсында батылырақ жүре бастағаны байқалады.
Міне, осылардың барлығы — қазақтың байырғы ауызша әдеби тілі дамуының
сапалық жаңа кезеңін бастауға қажет алғашарттар болды. Бұл жаңа бағыт-
принциптердің едәуірі сапалық құбылыстар ретінде жазба әдеби тілге тән
сипаттарды білдірді. Олар XIX ғасырдың 60-70 жылдарында айқын көрініп,
тарих сахнасына келген қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің іргетасын қалап,
оның заттық, тілдік-стильдік негіздерін жасады.
ЛЕКСИКА ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
XIX ғасырдың I жартысындағы (60-70-жылдарына дейінгі) Казақтың төл
әдеби тілінің лексикалық құрамының негізі - алдыңғы дәуірлерден сұрыпталып,
нормаланып келген сөз байлығы болды. Оның басымы — қазақтын, өз сөздері,
екінші қабаты — араб-парсылық кірме сөздер. Әдетте, сөздік — заман айнасы.
Сондықтан бұл кезеңде өздері білдіретін зат, ұғымдардың өмірден бірте-бірте
қалып бара жатқанына қарай және сөз мағынасының ішкі семантикалық қозғалыс
заңына орай кейбір сөз топтарының тіл тәжірибесінен ығыса бастауы немесе,
керісінше, қазақ даласына XIX ғасырда келе бастаған жаңа әлеуметтік,
экономикалыкқ құбылыстарға айланысты көптеген соны сөздердің пайда болуы
сияқты процестер жүріп жатты. Дегенмен бұл процесс әлі де күрт түрде емес,
баяу, бірте-бірте өзгеру сипатында болды. Бұған, біздіңше, екі фактор себеп
болды. Бірі - бұрынғы ұғым, зат, құбылыстардың қоғам өмірінен әлі де үзілді-
кесілді кетпегендігі. Мысалы, кәдеден қалып бара жатқан қару-жарақ атаулары
мен қазақ қоғамының ішкі саяси-әкімшілік құрылысына қатысты сөздердің
көпшілігі XIX ғасырдың I жартысында әлі де актив элементтер түрінде
сақталды.
Исатай — Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі ілгергі дәуірлердегі
жаугершілік мотивтегі әдебиет үлгілерінің тілін әрі қарай жалғастыруға
мүмкіндік туғызды. Демек, жаугершілікке қатысты бұрынғы образдар, оларды
жасайтын тілдік құрал-тәсілдер молынан пайдаланылды. Бұл әсіресе жауынгер
ақын Махамбетге күшті сезіледі. Оның тілінде бұрынғы найза, садақ, сүңгі,
жебе, қорамсақ, адырна, сауыт, оқ, кіреуке, дулыға деген қару-жарақ, сауыт-
сайман атаулары да, щол, шерік (әскер), ер, жолдас, азамат ("дружинник"
мағынасында), аламан сияқты "қару ұстайтындардың" атаулары да өз
мағыналарында еркін жұмсалады. Олар бұрынғыша тұрақты эпитетгермен келіп,
образ жасауға да актив қатысады: алты қулаш ақ найза, толғамалы найза,
қималы найза, қоңыраулы найза; садақ толган сай кез оқ, қызыл сырлы жебе,
қозы жаурын оқ, сур жебелі оқ т.б. Бұл кезенде тек Махамбет емес, жалпы
батырлық, жаугершілік тақырыпты да сөз еткен өзге ақындар да бұрынғы әскери
сөз қоймасына жүгінеді. Мысалы, "Еспембет" поэмасында Дулат та кіреуке,
жеңсіз берен, адырна, бадана көз тоғыз тор сауыт, сары ырғай садақ, найза,
семсер, оқ, білтелі сездерін қолданады. Сонымен қатар, бұларда әскер сөзі
жандана бастайды, ол бұрынғы шерік, қол сөздерінін, тепе-тең баламасы
ретінде жиі жұмсалады. Бірақ осы атаулар әдебиет үлгілерінде азая береді.
Тіпті "Мен едім Исатайдың Шерниязы" деп өткен Шернияз ақында соғысқа,
ұрысқа қатысты сөздер әлдеқайда кем ұшырасады, XIX ғасырдың I жартысындағы
аты аталғандардан өзгелерде олар тіпті жоққа тән.
Тілдегі өзгерістердің қауырт болмауының екінші себебі әдеби тілдің
дамуындағы іліктестікке байланысты. Мысалы, орда, хандық, "жұрт"
мағынасындағы байтак,, "қазақ халқы" ұғымын білдіретін алаш, "рулас,
ағайын" мәніндегі қарындас, "алыс, шет аймақ" мағынасындағы қырым, "тұтқын"
мағынасындағы жетім, "залды, заңсыз" деген ұғымдарды беретін теңдігі,
теңдіксіз сөздері, "ұл, бала" мағынасыңдағы көбеген, көбек. ұлан,
"ойрандалу, жаудан жеңілу" ұғымындағы бүлу. "қол астындағы халық" мәніндегі
астана жұрт, аса жұрт, әлеуметтік топ ұғымындағы бұзық, оның синонимі
тентек, "ұрыс" мағынасындағы соғыс, "жазу" мағынасындағы сызу (Шежіре туған
адамның көкірегі сызған хатпен тең - Дулат) сөздерінің XIX ғасырдың 60—70-
жылдарына дейінгі қазақ әдеби тілінде орын алып келуі — әдеби тіл
дәстүрінің жемісі.
Бұл сөздердің барлығы бұрынғы эпитеттерімен, тіркесу үлгілерімен
(модельдерімен) сақталып, әрдайым дерлік образ үшін қолданылады. Махамбет:
Алты сан аааш ат бөліп, Тізгінін берсе қолыма десе, алты сан алаш
"көпшілік, ел" дегеңді білдіріп, тұтас сөйлем "қолға ерік тисе, еркім
болса" дегеннің образын жасайды. Шортанбай: Текті құс қарар қырымға
дегенінде бұрынғы мәтелді қолданып отыр. Дулат: "Ту ұстап, тұлпар мініп,
елді аузына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz