Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесінің дамуы
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3 . 4
1. Ұлттық банк, оның мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... .. 5 . 7
2. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары ... ... 8 . 10
3. ҚР Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары ... ... 11 . 12
а) Ақша айналысын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12 . 13
б) Ақша . несие саясатының құралдары ... ... ... ... ... ... ... 13 . 15
4. ҚР Ұлттық банкі «Банктердің банкі» ... ... ... ... ... ... ... ... 16 . 19
5. Халық банкінің жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20 . 23
6. АТФ банкінің жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .. 24 . 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27 . 28
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 3 – 4
1. Ұлттық банк, оның мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... .. 5 – 7
2. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары ... ... 8 – 10
3. ҚР Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары ... ... 11 – 12
а) Ақша айналысын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12 – 13
б) Ақша – несие саясатының құралдары ... ... ... ... ... ... .. . 13 –
15
4. ҚР Ұлттық банкі Банктердің банкі ... ... ... ... ... ... ... . ...
16 - 19
5. Халық банкінің
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 20 - 23
6. АТФ банкінің жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 24 - 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 27 – 28
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе.
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы
жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер
мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен
бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды
іс – жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу,
несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда
1587 жылы айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың
ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны
сақтауға қабылдау мен ақша есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп
айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір
шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай
негізде Амстрдамда (1609 жыл) және Гамбургте (1618 жыл) ұйымдастырылды.
Карл Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: Кәсіпкерліктің
ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың
ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта
жүргізіледі...
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын
кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар
жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана
қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру,
сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу – сату, ал кейбір
жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары
жүргізіледі.
Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін
негізінен төмендегідей топтастыруға болады.
1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны
қарыз капиталына айналдыру.
2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру,
бағалы қағаздармен операция жүргізу.
3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлі шаруашылық
субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу
жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге
мүмкіндік туғызады.
4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиенттің тек
жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар
депозиттік чектерде вексельдерді шығарумен де несиелейді.
5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға)
құқы бар, әдетте, ұлттық банк. Әр мемлекеттерде ұлттық банк әртүрлі
аталады. Мысалы: бұрынғы КСРО – да ол мемлекеттік деп, ал қазір
Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады.
Мемлекеттің Ұлттық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару,
банктерге ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие – есеп,
эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің – жоғары
деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға
құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық,
инновациялық, ипотекалық және т.с.с банктер. Коммерциялық банктер
клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап
үлгідегі банктер. Ал басқа банктер бір – екі қызмет түріне маманданған
банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге
қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық хаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді
несиелейді.
Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке
алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және
басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
1.Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері, қызметтің бағыттары,
меншікті қаражаттары мен пайдасы
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы
әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып , ерекше орынға ие және
экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық
ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы,
сондай – ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие банктердің банкі,
соңғы сатыдағы несие беруші ролін атқарады, ақша – несиелік және
валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша –
несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып
табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең
өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы
жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе – теңдік
саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша – несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикадағы қолма – қол және қолма – қолсыз ақша массасы жатады, оның
динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы негізінен банктердің несие – депозиттік қызметіне
байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын
және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы
реттейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және
республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО – ның мемлекеттік банкінің Республикалық
кесесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай
клиенттерге қызмет көрсететін
мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және банктердің
банкі болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке
шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің
мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде
жүреді. Барлық банктер қолма – қолсыз есеп айырысулары Ұлттық банктердің
мекемелері арқылы жүргізіледе, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие
алады. Осының нәтижесінде қолма – қол және қолма – қолсыз есеп айырысу
айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да
материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің
құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен
табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9 – бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге
көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен
бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк
тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің
жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
оның капиталының қалыптасуы 100 % мемлекеттің қаражаты есебінен болатын
унитарлық банк;
акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз)
акционерлік қоғам;
бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі;
АҚШ – та банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы
Федералы резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктердің жарна пұл төлемдерінен
тұрады.
Негізгі ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет –
жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор
ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал
айналым қаражаты – банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк
резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде
құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты
нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға
арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын
табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға:
активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың
құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған
бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері
барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз
ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай
қосымша міндеттер жүктеледі:
Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние жүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие,
банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік
саясатты жасау және жүзеге асыру;
ақша–несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді
жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие
берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттыры:
1. елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын
басқару;
өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды
жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік
актілерді шығару(барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің
есеп беруін ұйымдастыру;
банк ісін бақылау және қадағалау;
елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
ғылыми – зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі
валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
1. меншікті қаражаттары;
1. басқа банктермен тартылғын және келісім – шарт
негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
4. мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаржаттарынан.
2. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен ұйымдастырудың басқа да
мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралыЕрежесі негізінде
анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат,
бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті
құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 6 – сызбада
көрсетілген.
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен
басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық
банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір – бір
өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма
мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтар шешеді:
1. мемлекеттік ақша – несиелік саясатын жасайды;
1. Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік
актілерді бекітеді;
1. Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен
монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
2. Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан
Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін
бекітеді;
3. Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын
анықтау тәртібін белгілейді;
4. Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық
жиынтық балансты қарастырады;
5. Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын
бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
6. банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық
нормативтерін бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге
асырады.
Басқарма Төраға
Директорлар Төрағаның
кеңесі орынбасарлары
Ұлттық банкінің орталық аппараты
Департаменттер, дербес басқармалар
және бөлімдер
Ұлттықбанкініңтәуелсізбөлімшелері
Мемлекеттіксақтауорыны
Облыстық басқармалар Банкноттықфабрика
Бағалықағаздардыңфабрикасы
Приборлықбақылаудыңмемлекеттікинсп ек
циясы
ҚазақстандықбанкаралықесепайырысуО рт
алығы
Банкаралықжәнеқаржылықтелекоммуник ац
ияОрталығы
Банктіксервистікбюротб
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы.
Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш
мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенім хатсыз мемлекеттік
органдармен, банктермен, несиелік,халықаралық және басқа ұйымдармен
қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы –
бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім – шарттар жасауға
өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін
басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол
басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер
бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін
орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі, ол Ұлттық
банк төрағасымен басқарылады.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің
облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар
филиалының құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Туралы заңға сәйкес
мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан
Республикасында мемлекеттік ақша – несие саясатын жүргізеді, Қазақстан
Республикасы аумағындағы банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы
жалғыз эмитент болып табылады;
− кепіл беруші Үкімет болып табылатын Қазақстан
Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
− Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын
өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия
береді;
− банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін
өзі белгіленген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
− ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық
позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші
болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
− банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және
айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық
нормативтер белгілейді;
− Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерде өзгерту арқылы банктік
пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
− Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық жүзеге
асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
− банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша
банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге
асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті
нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
− Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін
ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға қақылы;
− қолма – қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу
және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды,
сақтандыруды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың
мемлекеттік резервтік қорларын құрады;
− Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және
тұрақты түрде жариялайды;
− Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға
қатысады;
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы
қаржыландыратын несиелік – есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет
көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер
атқарады.
3.1. Ақша айналысын басқару
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға
эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің
эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма – қолсыз эквивалент
алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге
болып табылады.
Қазақстан Республикасында шығарылатын банкноталар мен монеталардың
номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен
монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің
ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма – қолсыз ақша түрінде болуы мүмкін.
Қолма – қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен
монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі
себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма – қолсыз есеп
айырысулардың біртіндеп қолма – қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине,
жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы
сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалар. Оған айналымдағы
қолма – қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті
резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта
несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің
бөлігі.
Артық резервтер дегеніміз – банктердің Ұлттық банкідегі
корреспонденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма – қол
ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының
болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші
деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы
қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы
реттейді.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей
реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша –
несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс
жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депазиттердің және ұзақ мерзімді
инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы
экономиканың тұрақтығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана
мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген
сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма – қол ақша үлесінің
өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық
субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударумен бірге жүреді.
Ақша айналысының жылдамы экономикалық монетаризация деңгейіне
байланысты болады. Ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен
анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі
жоғарылайды.
Монетаризация деңгейі 1984 жылы Францияда - 68,5 %, Германияда – 64,5
%, Ұлыбританияда – 89,1 %, АҚШ – та – 77,5 % болды. Қазақстанда 1995 жылы
монетаризация деңгейі 12 % жуық болды, бұл әрине жеткіліксіз.
3.2. Ақша – несие саясатының құралдары.
Айналымдағы ақша массасын, несие көлемін, проценттік мөлшер деңгейі
мен ақша айналымындағы және қарыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді
өзгертуге бағытталған іс – шараларының жиынтығын айтады.
Пайыздық саясат ақша – несие саясатының құралдарының бірі болып
табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың
инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне
байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді.
Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша – несие саясатын іске
асыру мақсатында нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде ұлттық банк пайыздық
мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейін пайыздық саясаттың негізгі мақсаты
– теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша
массасының өсу қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді
қамтамасыз ететін теңгеге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер
пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Қазақстандағы жоғары
қарқында инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір
факторға – шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары
жатады.
Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің
деңгейі бойынша ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша
индекативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық
мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың
арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әр түрлілігі,
пайызды төлемеуі мен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық
мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.
Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін,
банкінің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және
банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында
ұлттық банк резервтік талаптар механизмдер қолданады.
Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1994 жылдың бірінші
жартысында ақша мультипликаторының тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1994
жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлемі ақша базасынан 1,61 еседент асса,
1994 жылдың 1 көкегінде бұл мөлшер 2,21, ал 1 шілдеде – 3,1 есеге жетті.
Ақша – несие саясатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз
алушылардың несие қабілеттілігін бағалауына қатаң көзқарас орнату
нәтижесінде 1994 жылдың 1 қазанында ақша мультипликаторының мөлшері 1,66
деңгейге азайтылды. 1995 – 1996 жылдар арасында ақша мультипликаторы 1,8 –
1,9 деңгейге дейін сақталынды.
Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің
корреспонденттік шоты бойынша төлейді. Резервтер бойынша пайызды төлеу
резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер және тартылған
депозиттер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы
азайту қажеттілігінен туындайды. Ақша – несие қатынастарын мұндай бақылау
және реттеу механизмі ашық нарықтағы операцияларға және есеп
мөлшерлемерінің өзгерісіне қарағанда сирек пайдаланылады.
Ашық нарықтағы операциялар. Бұны Орталық банкпен қағаздарды екінші
нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату –
сатып алу операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы,
коммерциялық банкілердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша
массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мғынасы мынадай, Орталық банкінің
ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу
мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған
банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. 1995
жылдың ортасынан бастап, Ұлттық банк өзінің жеке меншік бағалы қағаздар
портфелін құрастыруы бойынша жұмыс жүргізе бастады.
Есеп – несие операциялары – есептеу операциясы және мемлекет пен
банктерге қысқа мерзімді қарыз беру операциялары болып екі түрге бөлінеді.
Есептеу операциясы ол орталық банктің мемлекет пен банктерден вексельдерді
сатып алуы. Ұлттық банктің коммерциялық банктерден вексельдерді сатып алуын
вексельдерді қайта есептеу деп атайды, себебі коммерциялық банктердің өз
клиентерінен сатып алған вексельдерін орталық банкке сатқанда, олар екінші
рет сатып алынып, екінші рет есептелінеді.
Қазыналық вексельдерді есептеуді көптеген өркендеген мемлекеттерде
уақытша кассалық жетіспеушілікті жабу үшін мемлекеттік қысқа мерзімді
несиелеу құралы ретінде қолданады.
Ұлттық банк әр түрлі мақсатпен бағалы қағаздарға ақша жұмсауы мүмкін:
Біріншіден, көптеген өркендеген мемлекеттерде бюджеттің кемшілігін
жабу мақстында орталық банктің мемлекеттік облигацияларды сатып алуы
үкіметті несиелеудің ең басты және жалғыз формасы болып табылады.
Екіншіден, Ұлттық банктер мемлекеттік облигацияларды банк жүйесін,
ақша массасын және ақша – несие саясатын жүргізу барысында мемлекеттік
облигациялардың курсын реттеу мақсатында сатып алады. Коммерциялық
банктердің ресурстарын ұлғайту үшін Ұлттық банктер, яғни банктерден
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен қатар оларды белгілі бір
мерзімнен кейін алдын ала бекітілген бағамен сату жөнінде өзіне міндеттеме
алады.
Валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету
саясаты. Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпы ақша –
несие саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банкінің шетел валютасын сату,
егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен
басқа болатын жағдайда, 1995 жылы жағдайлар көбінесе ақша массасының өсімін
стерилизациялау және теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір
уақытта шешті. Бірақ кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкіметке
берілген таза несиелер өсіміне қосарланды, сонда ақша базасының өсімінің
төмендеуі, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктеріне беретін несиелерінің
азаюы және Ұлттық банктің ноталарын эмисиялау есебінен жүзеге асты. Осы
кезеңдерде валюта бағамының саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қарама
– қайшылықта болды. Теңгенің айырбастау бағамын реттеуге Ұлттық банкінің
қатысу дәрежесі төмендеуі бұл қарама – қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беріп,
бір уақытта, ақша массасына валюталық интервенцияларының әсер ету
тиімділігін төмендетті.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі –
Банктердің банкі
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем
құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие
жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына
келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие
құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын
көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне
– шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса,Ұлттық банкіде соны
жасады. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік
мекемелер болды. Осыдан келіп, Ұлттық банкіні банктердің банкі деп
атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды
өабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден
және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларғақарыздар береді.
Ұлттық (Орталық) банк банктердің банкі қызметін атқару үшін:
1. коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;
1. коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты
қысқа мерзімді қарыздар береді;
1. жалпы ұлттық ауқымда қолма – қолсыз есеп айырысуларды жүзеге
асырады;
1. банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Ұлттық (Орталық) банкінің маңызды қызметі – банктердің, жинақ және
т.б. несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып
табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы және Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңдарына сәйкес
барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені
жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық
банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін
стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық (Орталық) банк – коммерциялық банктерді және басқа да
қаржылық – несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде
орталық банктерді соңғы сатыдағы несие беруші деп атайды. Олар –
коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген
өтімді құралдарының орнын толтыру үшін несиелер береді. Әрине бұл
несиелер, сауда вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздарымен немесе
банктердің банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз
етілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, жалпы банктік жүйені
қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО
операциялары арқылы несие береді.
Аукциондық несиелерді енгізу (1993 жылдың аяғында), кезінде көп
қолданатын директивті несиелерден айрықша несие ретінде, нақты (нарықтық)
пайыз мөлшерлемесін белгілеуге мүмкіндік береді. Астаналық және аймақтық
банктер үшін аукциондар бөлек салалардың қажеттіліктеріне қарай жабық
аукциондар іске асырылды. Аукциондарға Ұлттық банкінің белгілеген
экономикалық нормативтері және бұрын берілген орталықтандырылған несиелер
бойынша шарттарды орындаған банктер ғана жіберіледі. Банктерге берілетін
аукциондық несиелер – жұмыс істеп тұрған банкаралық ақшалық нарықтың
пайда болуының алдында қолданылатын ақша – несие саясатының уақытша
құралы болып табылады.
Банктерге ломбардтық несие беру, тек ақша массасына бақылау
міндетінен туындайтын Ұлттық банкінің лимитімен шектеледі. Ломбардтық
несиелер банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, өз активтерінің
құрылымында мемлекеттік бағалы қағаздары және олардың кепілдігі бар
барлық банктердің резиденттерін тарта алады.
Ломбардтық несие бойынша мөлшерлемелер қайта қаржыландыру
мөлшерлемесінен жоғары белгіленеді, әдетте, банкаралық нарық
мөлшерлемесінен төмен болмайды.
РЕПО операциясы – екі бөлімнен тұратын қаржылық операциясы:
бірінші бөлімде (РЕПО ашу) Ұлттық банк бастапқы дилерге (тек арнайы
лицензиясы бар банктер бастапқыдилер бола алады) бағалы қағаздарды
сатады, сонымен бір уақытта Ұлттық банкіге келісімнің екінші бөліміндегі
(РЕПО жабу) қатысушыларға ол бағалы қағаздарды сатып алу міндеттемесін
жүктеп, ал бастапқы дилерге оларды РЕПО келісімі белгіленген мерзімді
Ұлттық банкіге ақша қаражаттарына айырбастау үшін қайтаруды жүктейді.
Кері РЕПО операциясының РЕПО операциясынан айырмашылығы – дилер РЕПО – ны
жабу кезінде оларды қайта сатып алады.
Бұл операция банктерге қысқа мерзімді несиелеу немесе банктердің
артық өтімді қаражаттарын алу (егер ақша массасын реттеу мәселесі қажет
болған жағдайда) үшін қолданылады.
Ұлттық (Орталық) банк банкаралық қолма – қолсыз есеп айырысуларды
жүргізеді.
Ұлттық банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпы халықтық
шаруашылықтың есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып
табылады. Осыған байланысты ол келесі қызметтерді атқарады:
1. қолма – қолсыз және қолма – қол ақша айналымының
ауқымын бақылау;
2. бүкіл банктік жүйесі үшін бірыңғай методологиялық
негіздегі елдің бірыңғай есеп айырысу орталығы;
3. есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беру ережесін
орнату және үйлестіру;
Елімізде қолма – қолсыз есеп айырысудың екі ішкі жүйесі бар.
Біріншісі – коммерциялық банктер арасында тікелей есеп айырысу, екіншісі
– Ұлттық банкідегі банктердің корреспонденттік шоттары арқылы жасалатын
орталықтандырылған есеп айырысулар.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz