Қожа Ахмет Йассауи кесенесі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚОЖА АХМЕТ ЙАСАУИ КЕСЕНЕСІ

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласында орналасқан. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Йасауи қабірінің басына тұрғызылған. Құрылыс негізіне жергілікті сәулеттік дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы алынған. Кесене жобасы Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылуымен ерекшеленеді. Ескерткіште күмбезді-арқалы элементтер мол. Сәулетші шеберлер тек арқалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған.

Кесененің ұзындығы - 65, 5 метр, ені - 46, 5 метр, ал бас порталы - пештақтың екі жағындағы мұнараларын қосып есептегендегі ені - 50 метр, биіктігі - 40 метр. Орталық бөлмесінің төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған, олардың біріне Қожа Ахмет Йасауидің мүрдесі қойылған.

Кесене жоспары үйлесімді жасалған. Жалпы порталы мықты арқа желкеніне тіреліп түр, екі жағына мұнаралар орнатылған. Порталдың бітпей қалған қос қанаты үстінен арқа үшбұрыш тәрізді көрінеді. Әмір Темірдің кезінде бас порталдың барлық құрылымы бітпеген, тек жалпы нұсқасы ғана болған.

Кесененің сыр қабырғаларының көркемделуі үш бөлікке жіктеледі. Орта бөлігіне үлкен көлемде геометриялық оюлармен өрнектелген жазулар түсірілген, жоғары жағына эпиграфикалық фриз, төменгі жағына биіктігі 1, 8 метрлік тас кенере жүргізілген. Ірге бөлігі қашалған тас тақталармен бірге дәнекерленген. Кесененің солтүстік-шығыс бетінде үлкен арқа ойығы бар. Оны Ілияс хан ойығы деп атайды. Бұл мереке, намаз күндері зиярат етушілерге михраб қызметін атқарған. Ірге мен эпиграфикалық фриз екеуінің аралық қабырғасы - күйдірілген сазды кірпіштен қаланған, көк түсті гирихпен көмкерілген. Ал оның ішкі ашық жерлері көгілдір түсті куфа стиліндегі жазулармен толтырылған. Барлық түрлі түсті тас тақталар тігінен, өңделмегендері көлденеңінен қойылған.

Кесененің үш қабырғасының жоғарғы жағымен өтетін эпиграфикалық фризде Құран аяттары жазылған. Фриз екі майолика жиектасымен шектелген. Фриздің биіктігі жиектассыз -2, 37 м, ал онымен бірге - 2, 62 м. Кесененің екі солтүстік бұрыштары тіректерге тіреліп, іргенің панелі мен эпиграфикалық фриздің арасында орналасқан. Солтүстік портал қабырғаларының көркемдігі көрген жанды таңғалдырады. Бұл портал ең сәнді, әсем бөлімі болып табылады. Осы түстан қабірхана күмбезі анық көрінеді. Қабірхана күмбезі бұрыш-бұрыштағы төрт бөлікке биік мойындықпен көтерілген. Сыртқы күмбезі қатпарлы, бұл қатпарларда өсімдік өрнегі бар, пальмитталар мен медальондар түзетін әйнекеймен қапталған. Ірге бөлігі қашалған тас алты Қырлы, көк түсті тақталармен әшекейленген.

Қазіргі кезде бұл алып құрылыс бізден 700-800 жыл бұрын өмір сүріп, кейінен қазақ халқының негізін құраған көне түркі тайпаларының тілі, діні, мәдениеті мен тарихын зерттеуде құнды дерек болып табылады.

ҚҰРЫЛЫС ЗАТТАРЫ

Ежелгі ескерткіштердің сақталуында құрылыс заттарының ерекше маңыздылығы бар. Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі Қыш заттар 600 жылдан астам уақыттан бері сынын жоймаған.

Сапалық қасиеті жағынан қазіргі қазіргі кірпіштерден 5 есе артық деуге болады. Дегенмен әр түрлі табиғат жағдайлары (жауын-шашын, жел және т. б. ) мен адам қолының әсері кесененің ашық жерлеріндегі кірпіштер мен әшекейленген бөліктердің бұзылуына себеп болған.

Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің қыш заттары мен бояулары "Ескі Сауран" жерінде (1000-1600° С) күйдірілген.

Қабырғалардың төменгі жағы алты қырлы қыштармен безендірілген. Қазандық, қабірхана, мешіт бөлмелері "Қотыр бұлақ" жерінен әкелінген кварц сынықтарымен әшекейленген. Кірпіш бояуы кремний, қорғасын, қалайы, мыс, темір, алюминий, кальций, магний, натрий, кобальт элементтерінен тұрады.

ҚАЗАНДЫҚ

Қазандық - кесененің ортасында орналасқан, төрт бұрышты бөлме. Бұл бөлмеде үлкен діни мерекелерде намаз оқылған. Залдың аты жеті түрлі қымбат металл (алтын, күміс, мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, темір) қоспасынан құйылған тайқазанға байланысты аталған. Тайқазан Түркістан қаласынан 25 шақырым жердегі Қарнақ атты елді мекенде, Әмір Темірдің жарлығымен, 1399 жылы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне арналып құйылған. Оны құйған тебриздік шебер Әбдал-Әзиз Шарафутдин.

Сегіз бұрышты барабан арқылы көтерілген қазандық күмбезі ішкі жағынан тамаша сталактиттермен көмкерілген. Қазандық қабырғалары өзін айнала қоршаған бөлмелердің қабырғаларына сүйеніп тұр. Қабырғалардың төменгі жағы алты қырлы бояулы қыштармен құрастырылған. Қазандық құрылымы жағынан Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен дамыған күмбездерді жабу, шаршыдан сегіз бұрышты қабырғаға дейін, одан күмбезге өту әдістері қолданылған. Оның қабырғасының қалыңдығы төменгі жағында 3 метрге дейін болса, жоғарылаған сайын бірте-бірте жіңішкере түседі. Қазандық бөлмесінен 8 дәліз тарайды. Оның алтауы - өтпелі, екеуі - тұйық. Биіктігі екі қабаттың биіктігіндей үлкен дәліздер бүкіл кесенені өз алдына дербес блоктарға бөледі. Қабырғалардың төменгі жағы алты қырлы бояулы қыштармен, белдеумен, жарты бағаналармен көмкерілген.

Сегіз бұрышты барабан арқылы көтерілген күмбез ішкі жағынан тамаша сталактиттермен көмкерілген, олардың кей жерлері және ою-өрнектері XIX ғасырдың 80-жылдарында жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде боялып кеткен.

Қазандықтың бүкіл кесенемен байланыстырушы орталыққа және оны айнала қоршай орналасқан бөлмелерге шығатын 14 есігі бар. Олардың екеуі XIV ғасырдан сақталып келе жатқан есіктер. Бұл есіктер ортағасырлық оюлы есіктердің тамаша үлгісі болып табылады.

ҚАБІРХАНА

Қабірхана - жалпы көлемі 7, 15 м болатын төрт бұрышты бөлме. Қабірхана күмбезінің үстінде 52 қатпар бар, жалпы биіктігі -37 метр. Күмбездегі XIV ғасырдан сақталған алты қырлы плиткада шираздық Әбд-әл-Уақаб деген шебер аты жазылған. Оның шеберлігінің соншалықты кереметін бір қарағанда көзге шалынбайтын жазуды тік айна түсіру арқылы оқуға болатындығынан аңғарамыз.

Қабірхана орта ғасырда қалыптасқан бейіт тұрғызу әдісімен қаланған. Есіктер деңгейіндегі шарбақ ойықтар /панжара/ арқылы қабірхана ішін түгел көруге болады. Ортадағы шымқай жасыл тастардан (нефрит немесе серпантинит тасы) құрастырылған құлпытаста бұрыштама бағаналар мен сталактиттерден басқа жазу-сызу жоқ. Бұл оның ақын қайтыс болғаннан кейін екі ғасырдан соң қойылғандығына байланысты болуы мүмкін.

Қабірханадан Әмір Темірдің Қожа Ахмет Йасауидің құрметіне сыйлаған XIV ғасырдың қола шырағданы мен құмырасын көруге болады.

КІШІ МЕШІТ

Ғимараттың оңтүстік-батыс бөлігін Кіші мешіт бөлмесі алып жатыр. Оның төбесі екі қабатты күмбезбен жабылған. Күмбездің мойындығында 16 терезе орналасқан, одан залға біркелкі жарық түсіп түр. Мешітке Қазандық аркылы Жолбарыс хан дәлізінен өтуге болады.

Мешіт - ең сәнді бөлмелердің бірі. Оның күмбезі ішкі жағынан сталактиттермен көмкерілген, қабырғалары өрнекпен, жазулармен әшекейленген. Қабырғаның төменгі жағы көкшіл қышпен өріліп, майоликалы белдеу бағаналарымен көмкерілген панельмен қапталған.

Бөлменің батыс жақ қабырғасында Меккедегі Қағбаға сілтеме көрсететін, 3, 5+2, 5 метрлік, әйнекейленген михраб орнатылған. Оның беті әйнекеймен және өсімдік суреті бедерленген майолика тақталарымен әшекейленген.

КІШІ АҚСАРАЙ

Кіші Ақсарай - қабырғаларындағы шұңғыл ойықтарынын, әсерінен созылыңқы көрінетін бөлме. Екінші қабаттағы ойықтар арқылы іргелес дәліздерге шығуға болады. Бөлме кішігірім алты күмбезбен жабылған. Жарық жоғарыдағы Жалғыз терезеден түседі. Панельге деп орын қалдырылып, қабырғалары әшекейленбеген.

ҮЛКЕН АҚСАРАЙ

Үлкен Ақсарайға кіргенде бірінші көзге түсетін зат - ханның тағы мен аса таяғы. Үлкен Ақсарай Кіші Ақсараймен дәліздер арқылы жалғасады. Дәлізде екінші қабатқа шығатын баспалдақ бар. Ақсарайда кейіннен, XV-XVI ғасырларда, Қазақстан мен Орта Азия сәулет өнерінде алғаш рет пайдаланылған арқалардың қиылысу конструкциясы қолданылған. Сондықтан бөлме құрылысы өз заманындағы аса бағалы сәулет ескерткіші болып табылады.

Бастапқы кезде дәруіштер, мұсылман қауымы жиналатын орын болған. Ал XVI ғасырдың аяғынан XIX ғасырдың бірінші ширегіне дейін - Түркістанда қазақ хандарының ордасы орналасқан кезде хан сарайының (ордасының) міндетін атқарған. Кезінде мұнда дипломатиялық әскери келіссөздер өткізілген.

Үлкен Ақсарайдың кіре берісінде Абылай ханның құлпытасы тұр.

АСХАНА

Ғимараттың оңтүстік батыс бұрышында асхана бөлмесі орналасқан. Асхананың сәулет құрылымдық әдісі үш бұрышты күмбездермен көмкерілген, сегіз арқалы композиция. Бұл Қазақстан мен Орта Азия сәулет өнерінде сирек кездеседі.

Асхана - мезгіл тауқыметін, жаугершілік зардабын көп шеккен құрылыс. Сондықтан қайта қалпына келтірілгенде оның күмбездері мен батыс қабырғасы жаңадай қаланып, сыланған.

Ботқаны ағаш астауларға салып, қазандыққа жиналған дәруіштерге, жарлы-жақыбайларға, мүгедектерге үлестірген. XV ғасырдағы пештер мен ағаш астаулар сақталған.

КІТАПХАНА

Кітапхана - төбесі алты қырлы күмбезбен көмкерілген, шұғыл ойықтарының әсерінен созылыңқы болып көрінетін шаршы бөлме. Мұнда бұрын көне жазбалардың, ескі басылымдардың кітапханасы орналасқан. Кітапханада шығармалар көшіріліп, іс қағаздары тіркелген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Йассауи
Қ.А.Ясауи кесенесі
Арыстан баб
Қазақстан Республикасында зиярат ету діни туризмнің дамуы
Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері мен әулие адамдары
Ахмет Ясауи кесенесі
Түркілердің төл мекені – Түркістан!
Айша бибі мазары
Түркі пәлсапасы
Түркістан қаласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz