Тұрар Рысқұлов өмірінің алғашқы кезеңдері


Жоспар
КІРІСПЕ
- Тұрар Рысқұлов өмірінің алғашқы кезеңдері
2. Негізгі бөлім
2. 1 Тұрар және тарих
2. 2 Қаһарлы заман қаһарманы
2. 3 Қазақ деп соққан жүрегі
2. 4 Халқым барда менің де атым өшпес
2. 5 «Қызыл жебе» роман-эпопеясының танымдық сипаты
3. Қорытынды бөлім
Атау тұлға туралы
Өз өмірін болашақ үшін құрбан етті
РЫСҚҰЛОВ Тұрар (26. 12. 1894, бұрынғы Жетісу обл. Верный у. Шығ. Талғар б. - 10. 2. 1938, Мәскеу) - мемлекет қайраткері. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғ-дың 80-жылдары патша әкімш-нің озбырлығына шыдамай Сырдария обл-ның Черняев у-нен (қазіргі Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд. ) Верный у-не қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 ж. желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол баласые қасына алдыртады. "Түрме баласы" аталған Р. түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып, Сахалинге жер аударылған соң "Қырғызбаев" деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркедегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. 1910 ж. Р. Пішпектегі 1-дәрежелі а. ш. мектебіне қабылданып, оны 1914 ж. қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қ-ндағы орта дәрежелі а. ш. уч-щесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ уч-ще директоры "қазақ - көшпелі, оған жер өндеуді оқу-дың қажеті жоқ" деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Р. 1915 ж. Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да "бұратана" деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қ-ның іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында багбан болып істеді. 1916 ж. жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Р. оқуын тастап, Әу-лиеата у-ндегі Мерке а-на аттанды. Ол келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркедегі көтерілістің өрші-ген кезінде Р-ты патша әкімш. тұтқынға алды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таппай, босатып жіберуге мәжбүр болды. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Р. Меркеге оралып, онда " Қазақ жастарының революциялық одағын" құрды. Осы жылы жазда Р. РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды. 1918 ж. сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару к-ті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашар-шылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар ыен казақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеата-да уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге жер-жерді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Р-тың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады. Уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар көптеп тартылды. Р-тың жетекшілігімен Әулиеата қ. маңында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, онда 20 мың адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылды. 1918 ж. шілдеде Әулиеата уездік кеңесі атқару к-тінің төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Р. бұрынғысынша не-гізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Сырттан келер көмектін жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана білуге мәжбүр етті. Р. Әулие-ата қ-ның 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 млн. сом салық төлеттірді. 1918 ж. қырқүйекте Р. Түркістан АКСР-інің Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Бұл комиссариатқа денсаулық ісімен шұғылданумен қатар аштықпен күресу міндеті де тапсырылған еді. Аштықпен күресуге Денсаулық сақтау халық комиссариатынын күш-қуаты мүлдем жеткіліксіз болатын. Сондықтан да Р. аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына түрлі комиссариаттардың өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап етті. Осыған орай 1918 ж. 28 қарашада ерекше Орт. Комиссия ұйымдасты-рылып, оның төрағасы болып Р. тағайындадды. Комиссия Түркістан АКСР-інін 19 уе-зінде 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашты. 1919 ж. 14 наурызда Түркістан АКСР-і ОАК төрағасының орынбасары болып сайланды. Осы жылы 14 - 31 наурыз аралығында Ташкент қ-нда болып өткен Түркістан КП-ның 2 конференциясында ОК жанынан Мұсылман бюросын құру туралы шешім қабылданды. Оның жетекшілігіне сайланған Р. Мұсылман бюросы қызметін жандандыра түсу мақсатымен ұйымдастыру, редакция-баспа, мәдени-ағарту және ескери бөлімшелерін құрды. 1920 ж. 21 каңтарда Р. Түркістан АКСР-і ОАК-нің төрағасы болып сайланды. Ол атқару к-тін Түркістанның тарихи-объек-тивті жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс істейтін органға айналдырды, сондай-ақ оны жергілікті халықтардың құқық қорғайтын үш дәрежесіне көтерді. Төраға ретінде орыс шаруаларының қарусыздандырылуына, жергілікті халықтың әлеум. -экон. жағдайларының теңестірілуіне орыс шаруалары мен қазақтардың көшпелі халықтардың тартып алған жерлерін кері қайтаруына қол жеткізді. Ол Түркістан АКСР-інің саяси-мемл. егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. Республиканы түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекетіне айналдыруға, саяси, экон., дипломат., әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады. Бұл әрекеттер Мәскеудегі орт. басшылар тарапынан қатты сынға ұшырады. Нәтижесінде, 1924 ж. 4 ақпанда РКП(б) ОК шешіміне орай Р. Коминтерн атқару к-тінің құрамына қызметке жіберіліп, Орт. -Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді. 1924 ж. жазда Коминтерн атқару к-тінің Моң-ғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғолия Конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының атын Уланбатор (Қызыл-батыр) деп қоюды ұсынды. 1926 ж. наурызда Р. Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б) П к-тінің Баспа бөлімінің менгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Р. Қазақ өлкелік БК(б) П к-ті қәулысымен "Еңбекші қазақ" газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық ОАК-нің қаулысымен Ресей Федерациясы ХКК төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Р. Түрксіб т. ж-н салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей және шетел оқу орындарында көптеп оқытуға көп көңіл бөлді. Қазақ өлкелік БК(б) П к-тін басқарған Ф. И. Голошекиннің "Қазақстанда кіші Қазан төңкерісін жасау" идеясына ашық қарсы шықты Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылық апатынан халықты құтқару жайында И. В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Осы қызметі арқылы ол Қазақстанға жаңа басшылықтың келуіне және ашаршылыққа ұшырағандарға көмек көрсетуде үлкен ықпал етті. 1937 ж. 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Р. "пантүрікшіл", "халық жауы" деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшырай, Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Р-тың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ескендір есімді ұлы түрмеде қайтыс болды. Р. КСРО Әскери коллегиясы Жоғ. Сотының шешімімен 1956 ж. 8 желтоқсанда ақталды. Қазіргі кезде Жамбыл обл-нын бір ауданына Р. есімі берілген. Тараз қ-нда Р. есімімен аталатын демалыс бағы бар, оның орт. алаңына ескерткіш орнатылған. Алматы қ-ндағы Басқару академиясына, бір көшеге Р. есімі берілген. Көрнекті қазақ жазушысы Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" (1-2-кіт. ), "Жұлдыз көпір", "Қыл көпір", "Тамұқ" атты роман хамсасында Р. келбеті сомдалған.
Адам баласының физикалық, моральдық мінез-құлық, іс-әрекетіне үрткі мұндай психологиялық қопарылыстар халықтардың, ұлт-ұлыстардың одан арғы қоғамдағы болмыс-бітімінін қалыптасуына негіз ретінде қаланады. Бұл - даусыз ақихат. "Салықтың рухани және материалдық өрлеуі де соған тәуелді. Мұның өзі жана ғасыр адамының өмір сүру принциптері мен нормаларын айқындап, белгілеп береді деп тұжырымдасақ ағат баспаспыз.
Ұланғайыр ұлы далада ғұмыр кешкен қазақ деген халықтың басында да елдігі мен ерлігін, ары мен жанын бәске түсірген, сол арқылы өзіне тән менталитеті мен ұлттық табиғатын сомдап берген айтулы даталар аз емес.
Биыл 80 жылдығын атап өткелі отырған «XX ғасырдағы қазақ тарихы» дейтін болашақ кітаптан құрметті орын алуға лайық оқиғалардың бірегейі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Көтерілістің мазмұн-маңызы жайлы кейінгі сексен жыл көлемінде ауыз толтырып айтарлықтай еңбектер көптеп жарық көрді. Оның бірі - кер-тартпа, көлгір бірі - жалтақтықпен шығып жатса да, бүгінгі танда жаңашыл көзқараспен ол еңбектерге әділ баға беру тарихшыларға серт. Өткен-кеткен тарихтың бетіне қатқан тонды аударып, тонын айналдырып кигізу науқаны тұсында осы артылған міндетті талғамы жоғары талапты оқырман қауымды қанағаттандырарлықтай дәрежеде орындау үшін 1916 жылғы көтеріліс теңірегінде сөз етілген барша еңбектердін басын қосып, басшылыққа алған абзал. Ол кейінгі сексен жылдағы ірілі-ұсақты ғалыми зерттеулердің, жарияланымдардың қомақты қорытындысы, нәрлі нәтижесі болуы шарт. Енді жазылатын «Қазақ тарихының» авторлары да мұны ескеретініне кәмілміз. Ал, он алтыға арналған тараудың «әлқиссасы» алты алаштың аяулы арысы, ардақты азаматы, қоғам қайраткері, ғұлама-интеллектуал, біртуар тұлға Тұрар Рысқұл ұлының еңбектерімен ашылса құба-құп. " Тұрар Рысқұлұлы! Оның азаматтық тұлғасы, қоғамдық қайраткерлік қызметі, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық әдебиеттегі асқақта айбынды образы өзі сүйген, өзін сүйген туған ел-жұртына етене таныс әрі ыстық. Біз сонын бір қырын ғана әңгіме етеміз.
Кеңестік әдебиетте Тұрар Рысқұловтың 1916 жылғы көтеріліске тікелей қатысы туралы, сондай-ақ көтеріліс жөніндегі жазбалары жайлы елеусіз ғаңа айтылып келді. Бұл кешегі отаршыл орыс империясынан қалған қызық коммунистердің бұратана халықтарға бағыттаған аярлықтарының «жеңісі», дәмі қан татыған жемісі-тін». «Маркстік тұрғыдан алғанда экономикалық жағынан әлсіз қазақтар бәрібір құрып-бітіп жоғалуға тиіс» деген тоболиншіл сандырақ қиялдарының зардабы еді. Сол сояқандардың сұрапылынан туған жұртын арашалау жолында жан алып, жан беріскен Тұрарларды, Тұрарлардын төлеусіз еңбектерін тоталитарлық жүйе қанша жерден қағыс қалдыруға әрекеттенсе де біздің жқтауға жоқ.
Тұрардың өзі де «Орта Азиядағы 1916 жылғы түздіктердің көтерілісі жалпы Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыстардың, революциялық сілкіністердің тарихы мен патша үкіметі отарлау саясатының мәнін ашып беруге арналғанын тілге тиек етіп: «Түркістан газеттерінің беттерінде жарияланған қысқаша мақалаларда Түркістан түздіктерінің патшаға қарсы 1916 жылғы көтерілісі туралы бірер сөзбен еске алғаны болмаса, не түздік, не орыс тілінде ешқандай еңбек жоқ. Зерттеушілердің бірі 1916 жылы тек Жетісу облысының қазақтары ғана көтерілді деп есептеуте бейім тұрса ал басқалары бұл оқиғалар туралы көмескі түсінікте болып, оны патша заманында да байқалған кәдімгі бұзақылықтан айырмашылығы жоқ деп пайымдайды» дейді. Ендеше Тұрар туралы жоғарыдағы тұрлаулы тұжырымымызға жауапты тарихи жазбадағы осы жолдардан-ақ табамыз. Мұрағатты оқып шыққан жандар да осы пікірдің пәтуалылығына шәк келтірмес дейміз.
Сонымен іс жүзінде жеңіліске ұшыраған, алайда Азия көшпенділерінің ар-намысын оятып, рухына от тұтатқан он алты оқиғалары қалай болып еді?
1916 жылғы бас көтерулердік жалпы бейнесін бермей тұрып, Рысқұлов көтерілістердің шығу себептерін ашып беруге тырысады. Империя отаршылдығына, патша әкімшілігіне қарсы өшпенділік бір күнде емес, сонау XIX ғасырдан, яғни Батыстан Шығысқа ауған халықтар қозғалысынан, переселендер кешінен тамыр тартқанына тоқталады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Орта Азиядағы саяси, әлеуметтік, экономикалық жай-жапсарға талдау жасайды. Енді соған қысқаша кідірелік.
Ертеден Ресей өзінің Шығыстағы позициясын орнықтырып, толыққанды әмірін жүргізуге ұмтылды. Коммунизм классиктері К. Маркс пен Ф. Энгельстің тілімен айтсақ «Орта Азияны жаулап, Манчжурияны қаратқаннан кейін Ресей өз өкіміндегі жерді Ресей империясын қоспағандағы барша Еуропаға тең көлемде ұлғайтып алды. Сөйтіп, Ресей «Қарлы Сібірден қоныржай белдеуге» түсті. «Қоңыржай белдеуге» қоныс тепкен қазақ стансаларымен орыс поселкелері төрт түлік малына қараған көшпенділердің барар жер, басар тауын барынша тарылта түсті. Рысқұлов Түркістанды коллонизациялау тәжірибе жүзінде 1870 жылдардан бастап жүзеге асты дейді.
«Бүкіл Түркістан аймағы (Хиуа мен Бұхараны қоспағанда) 152, 3 миллион десятина жер болса, соның ішінде игерілгені - 2, 35%, жайылымдық жер -42, 4%, орман-3, 83%, жарамсызы- 51, 4% болған. 1916 жылға қарай осы жерлердің тең жартысынан астамы орыс переседендерінін қожалығына өтіп олар жергілікті халықтар үстінен де өктемдіктерін жүргізді.
Сол сияқты «Жетісу облысындағы халықтың қарауындағы 3. 963. 000 де-сятина жер қазақ стансаларымен поселкелерін салуға, жаңа қоныста-нушыларды орналастыруға, қазынаға деген сылтаумен тартып алынған. Жергілікті тұрғындарға еріксіз жартылай құмдауыт, шөлейт аймақтарға ығысуға тура келген».
Бұдан шығатыны, өзіміз айта беретіндей орыс мұжығының қазақ кедейімен «қара нанды бөліп жеп, тату-тәтті көршілік қатынаста», бақайының басына қарап отырмағандығы. Коллонизациялау қанша қарқын алған сайын, сонша «жабайы ашықтан аштық жүргізілді».
Солақай саясаттың сойылын соғуда патша әкімшілігі мәдени-рухани са-лада да аянып қалмады. Бодан халық өне-бойы шовинистердің, миссио-нерлердің қысым-қыспағына ұшырап отырды. Шариғат пен дәстүрге сүйен-ген шығыстық мәдениетке славяндар үрке қарады. Мешіт ішіне ресми қоңырау орнаттырып, намаз кезінде итімен бірге құдай үйіне кіріп, «масқара» ұйымдастыру отаршылдардың үйреншікті әдеті болғандығын Рысқұлов жазбаларынан да оқимыз.
Жоғарыдағы сөз етілген жайдың бәрі жиналып келіп езінің көшпенді салт-сана, әдеп-ғұрпынан әлі де алыстай қоймаған жылқы мінез, жұрттың шабына да, шамына да қамшы боп тиген еді. Сол қамшының қыжылы Еуразияда етек алған революциялық қозғалыстардың шарпуына ұласып, бүкіл Орталық Азиядағы алапат көтеріліске айналды.
«Сол кез дегі Ресейдің саяси, экономикалық тұрақсыздығы, екінші дуниежүзілік соғыс- бәрі-бәрі қосылып, отар елдер арасында ұтымды сәтті пайдаланып, патша билігінен біржолата құтылу үмітін туғызды» деп жазды Тұрар. Бишіктің астында бастепкі көрумен өмір сүрген түздіктердің құламастай көрінген патша құлдығының іргесін аяқ астынан қақырата шайқалтуы сол үміттің ұшқынынан тамызық алған-тын.
«1916 жылы 8 шілдеде соғыс жағдайына» байланысты. «Әскери міндеткерліктен босатылған Ресей империясының бұратаналарын, оның ішінде Түркістан өлкесінің түздік халқын қорғаныс құрылыстарын салу жұмыстарына және майдандағы қимыл көрсетуші армия алқабында әскери байланыс жүйелерін жасау үшін алу туралы жоғары мәртебелінін Жарлығын жариялады». Бұған дейін патшалық Ресей түздіктерге Тұрарша айтсақ «олардың реніші мен наразылығына мән бермей-ақ, бейігіл пайдалануға болатын көнбіс, тіпті былайша айтқанда «тегін» материал ретінде қарады. Бірақ бұл жолы патша жарлығы онсыз да тұтанған отқа құйылған майдан кем болған жоқ. Бір сәтте ерекше қарқын алып, кең сахараға қанатын тез жайған теңіз-толқулар патша итаршыларының қоқан-лоққы бұйрықтарын, шұғыл шараларын қайық құрлы көрмеді.
«Сыр бойындағы көтеріліс Ташкенттегі түздіктердін үкімет қаулысына күшпен қарсылық жасауға әрекет еткен наразылықтарынан өршіді», - дейді Тұрар. - Ташкент прапорщиктер мектебінен келген рота тәртіпті қалпына келтіргеннен соң, полиция басқармасы алдында алты, түздіктің өлігі қалды.
Ескі қалалық бүлікшілердің ісі кейнірек әскери-округтық сотта қара-лып, оның шешімі бойынша 35 айыпталушының бесеуі барлық тұрмыс хұқынан айрылып, дарға асу арқылы өлім жазасына кесілді».
Сырдария облысының кейбір аудандарында жазалаушы отрядтар қатты қарсылықтарга тап болып отырды. Алайда дайындықсыз, стихиялы өткізілген бас көтерулердің аяғы түздіктер үшін үлкен құрбандықтармен біткендігін жазады, автор. Аман қалғандар үдере көшіп босып кетті. «16 қазанда Қазалы уезі қазақтарынын үдере көшуіне тосқауыл қою үшін арнайы әскери күштер жіберілді».
Қазақтар көп адамынан өлідей айрылып, кері шегінді . . . Қазақ топта-рымен қақтығыс кезінде Бондарев отряды 150 қазақты тұтқындап, жол бойында барлығын атып кетеді. Онысымен қоса бұл отряд қазақтардан 4. 340 қой, 23 түйе, 225 бас ірі қараны тартып алады».
Ескере кететін бір нәрсе Меркі көтерілісінің стратегиялық бағыт-бағдарын айқындап, ақыл-кеңес берушілердің басында Тұрардың өзі тұрған. Бұл жайлы кеңестік тарихта аталып қана өтсе, көркем-әдеби, деректі - ғұмырнамалық туындыларда кеңінен қамтылды. Тұрардың өзі жазатын «Ақкөз қария» - батырлығымен, беделімен ерекше көзге түскен Ақкөз Қосанов екені де бертін белгілі болды.
Бұл уақытта келесі бір қиян-кескі көтерілістің лебі Жетісу өңірін жайлап келе жатқан-тұғын. Қазақ топырағындағы ен құнарлы да шұрайлы, жер жәннаты санатындағы Жетісудан айырылу қаупі төнген аламан жұрттың ашу ызасы таусылған төзімнің арнасынан асып тегеуірінді қимыл-әрекетке ұласты. Жетісу көтерілісі жайлы азды-көпті мағлұмат Қаз ССР тарихынан да бар. Тұрар да көтеріліске жетекшілік еткендердің көш басында өзімізге белгілі Бекболат Өшекеевтің есімін атайды. «Мың адамдық жасақпен патша әскеріне қарулы қарсылық көрсеткені үшін Верный уезінен 23 адам сотқа тартылды. Олардың арасында Сардары Әшекеев бастаған 13 топ басшылары да бәр».
Жетісуда да патшаның генерал Фольбаум сияқты әккі қолшоқпарлары көтеріліс дүмпуі жетпей тұрып халықты қанға бөктіретін мәшинені дайындап та қойған. Мұнда да тарих шындығына мойын-сұнуға тура келеді. Ол - қай заманда билеушілердің қақпақылына түсіп, қуыршағына айналатын сөйтіп, жазықсыз бір-бірінін қанын төгіп, қарғысына ұшырайтын көшпілік тобыр, қалың бұқара екендігі.
«Империялық пиғылдардың айдап салуымен орыс мұжықтары қазақ қанына қолдарын аз былғаған жоқ. Мұндай әзәзілдіктердің соңы орыс шаруасы мен қазақ кедейінің арасында мағынасыз қырғындарға әкелген түрлі өшпенділік әрекеттерге -соқтырды. Бұл тұста да негізгі құрбандық қазақтар жағынан болғандығын әшкерелейтін тарихи фактілерді Рысқұлов деректерінен көптеп кездестіреміз.
«Чернореченск елді мекенінің крестьяндары болыстыққа кандидатты, ауыл старшынын екі қырғызбен қоса өлтіріп, жерлеуге келгендерге қарсы оқ атқан, соның салдарынан және бірнеше адам оққа ұшқан», сондай-ақ «Беловодскінің учаскелік приставы Грибановский бастаған есіріктер таудан қолға түскен 500-ден артық қырғызды ауыл үстінде өз беттерінше үкімшығарып, бірін қалдырмай қырып тастаған. Оның сыртында осы Бело-водск шаруалары басым бөлігі бейбіт тұрғындарды құраған 1700-ге жуық адамды құрбан еткен. Бұдан түздіктердің басына жазалаушы әскер тара-пынан керсетіліп жатқан айуандықтарға мұжықтардың зорлық-зомбылығы қабаттасып қасірет үстіне қасірет жамағанын көреміз. Тұрғылықты халықтың Еуропалық бөлігі түгелімен көтерілісшілерді басып-жаншуды талап етіп, «түптің түбінде осы бір азиаттықтардың ордасын» қорқынышпен, үреймен есін шығарып, күйретіп тыну жағында болғанын» Т. Рысқұлов жазбасынан анық аңғарамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz