Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары


Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
Қазақстандағы жағдай
Бірінші дүниежүзілік соғыс европа өркениетінің терең дағдарысқа ұшырағандығының көрінісі болды. Ресей, Германия, Австро-Венгрия және Осман империясының күйреулері. Ревалюциялар барысында жаңа мемлекеттердің құрылуы, көптеген елдердегі әлеуметтік сілкіністер соғыстың тікелей салдары болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс адам баласының бүкіл тарихындағы ең қырғын, ең жойқын соғыс болды. Соғыс халқының саны 1, 5 млрд. жететін 33 мемлекет қатысты. Шайқастарда 10 млн. адам қаза тауып, 20млн. адам жарақат алды. Соғыс шығындарын қиратулар сол кезеңдегң бағамен 300 млрд. долларға тең болды. Мыңдаған қалалар, селолар, кәсіпорындар, мекемелер қиратылып, көптеген ауылшаруашылық жерлер қаңырап бос қалды. Млиондаған адамдар баспанасынан, мал-мүлкінен айралып, азаматтықтарын және кәсіби мамандықтарын жоғалтып, жұмыссыз қалды.
Соғыстың моральдік және әлеуметтік зардаптарын ешбір өлшеп, мөлшерлеу мөлде мүмкін емес.
Париж бітім конференциясы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың жеңімпаздары конференциясы 1919 жылы 18-қаңтарда ашылды. Бұл датаны таңдап, алудың терең мағынасы болды: 1871 жылы 18-қаңтарда Версаль сарайында Германия империясы жарияланған болатын. Конференцияны ашып, тұрып француз президенті А. Пуанкаре былай деді: «Әділетсіздіктен пайда болған Германия масқаралықта өмірсүруін тоқтатты».
Бұл конферанцияға Антантаның одақтастары - 27-мемлекеттің өкілдері келді. Конференция жұмысына қатысуға Германия мен оның одақтастары және де Кеңестік Ресей шақырылмады. «Орыс мәселесі» конференция басшыларын ең алдымен Ресейге қарсы интервенцияны жалғастыру және оның территориясын бөлісу жоспарларының бір бөлігі ретінде ғана мазалады.
Конференцияда мәселелерді үлкен үштік Франция премьер-министрінің Жорж Клемансо, Ұлыбиританияның примьер-министрі Дэвид Ллойд Джорж, АҚШ президенті Вудро Вильсон шешті. Оппоненттерге қарсы сөйлеген жалынды сөздері үшін Жолбарыс деген атқа ие болған Клемансоның зор тұлғасы ерекше көзге түсті. Мұндағы Францияның мақсаты Германияны барынша әлсіретіп, еуропада жетекші рөл атқару мүмкіндігін алу. Ал, ағылшын премьер-министрі Ллойд Джорж Германияның күшін сақтап, оның Францияның алдағы уақытта еуропадағы ықпалының күшейіп кетуіне жол және «Большевизмнің қауіпіне» қарсы тоқтауыл ретінде қолдану. Вильсон Германияға қойылатын талаптарды жұмсартып, соғыстан кейін еуропадағы Франциямен Англияның күшейіп кетпеу жағын қарастыру еді.
Ұлттар Лигасының құрылуы. Вильсонның талап етуімен париж конференциясында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру туралы шешім қабылданды. Ондағы жоғарғы орган Ассамблея болды. Лиганың кеңесі 5-мемлекеттен құралды - АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапония. Басқыншы мемлекеттерге қарсы бейбітшілікпен қауіпсіздікті бұзғаны үшін, жазалау ретіндегі саяси-экономикалық шаралар қолдану қарастырылды. Сүйтіп, Ұлттар Лигасы отар елдерде тәуелсіздікке дайындау үшін, оны белгілі-бір мемлекетке тапсыру - маңдат жүйесін енгізді. Вильсон Версаль бітім шартын Ұлттар Лигасының жарғысының кіріспесіне енгізуді талап етті. Онда Антанта басшылары уәде еткен «әділетті және демогратиялық бітімнен» әлдеқайда басқаша болып шықты. Бұл шарт бойынша Германия соғыстың шығуына кінәлі деп жарияланып, және болған барлық отарлдарыннан айру, территориясының кейбір бөлігін көрші елдерге үлестіріп беру, және де Антанта елдеріне келтірген зияны үшін, репарация төлеуге міндеттеген шешім қабылданды.
Территориялар жөніндегі ережелер Германия Эльзас пен Лотарингия Францияға қайтарып, берді. Саар облысын басқару 15-жылға Ұлттар Лигасына берілді. Германияның төл территориясы 1/8 бөлігі алынды. Данцит (Гданьск) еркін қала деп жарияланды. Познань, Пруссия мен Померанияның кейбір аудандары Польшаға қайтарылды. Ал, Дания еліне Солт. Шлезвиг берілді. Германия сонымен бірге Мемельден (Клайпеда) бас тартып, ол кейіннен Литваға қосылды. Ал, Германияның отарларын Англия, Франция мен Жапония өзара бөлісті. Англия мен Франция бұған қоса Осман империясының «мұрасын» бөліп алды.
Англия Ұлттар Лигасы атынан Палестинаға, Трансиорданияға, Ирак пен Танганикаға мандат алды.
Франция Сирия мен Ливанға мандат алды. Англия мен Франция Того мен Камерунды өзара бөлісті.
Жапония Мариан, Каролина, Маршлл аралдарын, Шаньдун түбегін алды. Сонымен қатар ағылшын доминиондары да бірнеше кішігірім территория алды.
Шарттың әскери баптары. Бұл тұста Германия басштабы таратылды. Жалпы Герман армиясының саны 100 мың адаммен шектеліп, еріктілік негізінде құрылатын болды. Германияға су асты флотын, ірі су үсті кемелерін, танк құрамаларын, әскери авияция мен ауыр артилерия иеленуге тиым салынды. Антанта елдердірінің шығындарының орнын толтыру туралы мәселе келіссөздерге дейін кейінге қалдырылғаны мен 132 млрд. алтын марка мөлшеріндегі жалпы саны белгіленді.
Рейн аймағы - сол жағалаудағы Герман жерлері мен оның оң жағалаудағы екі 50 шаұырымдық жолақ демилитаризацияланған деп жарияланды және де сол жағалауы 15 жылға оккупацияланып, армия орналастырылды. Ал, ол армияны Герман жағы қамтамасыз етуге тиіс болды. Бұл Версаль бітіміне Германия Антанта елдері мен олардың одақтастарымен бірге 1919 жылы 28-маусымда қол қойды.
1919 -1920 жылдары Австриямен, Венгриямен, Болгариямен және Туркиямен бейбіт бітімдер жасалды. Олар да кейбір территориялық өзгерістер, қару жарақпен армияның саны және репарациялық төлемдер туралы шарттар қарстырылды.
1918 жылы қарашада Германияда ревалюция басталып, Монархия құлатылды. Вельгельм екінші елінен қашып, 9-қарашада Германия республика болып жарияланды. 11-қарашада уақытша бітімге қол қойылып 12-қарашада Үкімет әрекеттерінің жоспары жарияланды. Үкіметті халық уәкілдерінің кеңесі Ф. Эберт басқарды.
Германиямен бір уақытта көп ұлтты Австрия, Венгрия империясында ревалюциялық процестер болды. Ол ревалюция нәтижесінде Австриямен Венгриядар 1918 жыл 12-16 қарашада Республика жарияланды Монархия ыдырады. Австрияда 1920 жылы конститутция республикалық құрылыс пен азаматтардың демогратиялық құқықтарын бекітті. Венгрияда ревалюция нәтижесінде үкіметті социал-демократтар мен коммунистер құрды. 1919 жылы 21-наурызда Венгрия кеңес республикасы жарияланды. Оның үкіметі Ресейдегідей халық коммиссарларының кеңесі деп аталды.
Үкіметтегі келіспеушіліктер нәтижесінде 1919 жылы 1-тамызда Венгрия кеңес республикасы құлатылды. Ол қайтадан регент М. Хорти басқаратаны монархиялық мемлекетке айналды.
Чехославакияның құрылуы. 1918 жылы қазанда Чехия мен Словакия билік органдары ретінде Ұлттық коммитеттер құрылды. Осылай Чехословакия республикасы құрылып, оны территориясына немістермен словяндар украидар жерлері кірді.
Югаславияның құрылуы. Австро-Венгрияның оңтүстік славян жерлеріндегі Австриялықтарға қарсы шығулар 1918 жылы басталды. Бұл кезде Адриатика жағалауындағы жерлердің бір бөлігін басып алуға тырысып, Италия соғыс қимылын жалғастыруда еді. Бұдан қауіптенген Сербия корольдігі және осы кезде пайда болған Словендер және Хорваттар мен серіптер бірігіп, мемлекет құрылды. Кейін оған Черногория да енді. Ұлттық және діни түрлілігіне қарай Югославия деп аталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz