Жоспарлау процесінің мақсаты мен сипаты


Жоспар
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Жоспарлау процесінің мақсаты мен сипаты . . . 5
2. Ұйымдағы жоспарлауды ұйымдастыру негізі . . . 13
3. Жедел жоспарлауды ұйымдастыру . . . 17
ІІІ. Қорытынды . . . 23
IV. Әдебиеттер тізімі . . . 27
Кіріспе.
Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістіқ даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады, Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:
- ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
- алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
- міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтид.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс жолдарын таңдап алу табылады. Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста болады.
Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жузеге асырылатын төмендегідей міндеттерді атап өтуғе болады
1 нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындаудағы іс-әрекеттер;
2. қажет етілетін адамдык, материалдык, ақпараттық басқа да ресурстары іздестіру;
3. басқару жуйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқынын реттеу;
4 еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал-жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;
сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындаута қол жеткізу.
Басшылмқтың алдында турған проблемалар мен міндеттер әрдайым өзара байланысты әрекеттер жиынтығын талап етеді Осы тұста жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар бастапқы кезеңдерін атап өтуге болады.
Алғашқы кезенде ұйымның нақтылы жағдайы мен мумкіндіктерін, нарықтағы олар орнын бағалау және бәсекелестер мен қызмет жасау ортасын зерттеу орындалады.
Екінші кезенде бастапқы мақсаттар шеңберінде жалпы ұйымның және оның әрбір бөлімшелерінің нақтылы міндеттері айқындалынып, олардың орындалу мерзімі белгіленеді Міндеттерге жағдайдың сай келуі, олардың жүзеге асырылу мүмкінділіқ болуы, нақтылығы және тартымдылығының орын алуы талаптары қойылады.
Үшінші кезеңде анықталған міндеттерді орындауға қажетті іс-әрекеттер жиынтығын ұйымныц ішкі және сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру орын алады.
Төртінші кезенде өткізілген зерттеулер мен болжамдар негізінде қажетті баламаны тандап алу арқылы жоспарды жасап шығару көзделеді.
Соңғы кезенде жоспарды жүзеге асыру мен қажет болған жағдайда түзетулер және озгерістер енгізу әрекеттері орындалады.
1. Жоспарлау процесінің мақсаты мен сипаты
Қазірғі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде стратегиялық жоспарла. у, тактикалық жоспарлау, индикативті жоспарлау және ұйым ішіндегі жоспарлау орын алады.
Стратегиялық жоспарлау. Стратегия ұғымы ежелгі грек еліңдегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында "генерал шеберлігін" береді.
Стратегиялық жоспарлау - ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтытан береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлесімдікті орындау және үйымдық стратегияны ұғыну әрекеттері орындалады.
Ресурстарды бөлу қызметі барлық қоғамдық ресурстардық шектеуліліғімен байланысты. Яғни, ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды мақсат барышнша тиімді бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге кол жеткізуге бағытталады.
Сыртқы ортаға бейімделу. Басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалык, саяси, әлеуметтік-мәдени, техникалық факторлардың әсерінде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары факторларды зерттеп, солар тарапынан төнетін қауіп-қадтерді анықтайды.
Ішкі үйлесімділікті орындау дегеніміз - стратегаяны іс жүзіне асырудағы ұйымның ішкі мүмкіндіктерін, жетістіктер мен әлсіз тұстарын басқарушылық зерттеу, бағалау арқылы мақсаттық орындалуын қамтамасыз ету. Осыған орай басқарушылық зерттеуге ұйымдағы өндіріс, қаржы, маркетинг, қызметкерлер және мәдениет бөлімі қызметтері енгізіледі.
Ұйымдық стратегияны ұғыну басқарудағы осыған дейінгі орын алған тәжірибе, кешенді жоспарлар мен деректерге сүйене отырып дамудық бағытын белгілеуді ұсынады. Ал енді осы айтылғандарды қорытындылай келе, үйымдардағы стратегаяны анықтап өтейік.
Қәсіпорын (ұйым) денгейіндегі стратегия
1. Өндіріс
Өндірістің талап етілетін деңгейі қандай?
Қор мөлшері қанша мерзімге алдын ала есептелгені орынды?
Қаржы салуды қалайша тиімді орындауға болады?
Өндіріс барысына оған еңбек күшінің біліктіліғі сай келе ме?
Жабдықтау, құрастыру бөлшектерін кімнің жасағаны дұрыс?
2. ҚАРЖЫ;
Ағымдағы және күрделі шығындар мөлшері қандай?
Айналым қаражатын қалайша арттырзіта болады?
Қаржы жағдайын талдауды дамыту жолдары қандай?
Қаржы көздері, ресурстар ауқьшы қандай?
3. МАРКЕТИНГ
Нарықтағы қайсы сегментке үлкен көңіл бөлу қажет?
Өнімді өткізу саласындағы қаражат қалай бөлінуі керек?
Ұсынылатын өнімнің сапасы мен құрамы қандай болуы тиіс?
Баға саясаты қалайша тиімді жүзеге асырылады?
Нарық үлесі мен бәсекелесу қабілеті қандай деңгейде?
4. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР:
Персоналды (қызметкер құрамын) оқыту мен дамытудың тиімді шаралары қандай?
Басшы қызметкерлерді даярлауға қойылатын талаптар қандай?
Іс-әрекетті бағалау, ынталандыру мүқият орындала ма? Болашақта қызметкерлерге қандай талаптар қойылады? Басқаруға қатысуды қалайша дамытуға болады?
5. МӘДЕНИЕТ
Әдеп-ғүрып пен дәстурді қолдауға қандай шаралар қажет?
Фирма репутациясын (беделін) сақтап қалу жолдары кандай?
Ұйымдағы қарым-қатынасты қалайша жетілдіруге болады?
Қоғамдық пікірді жақсарту шаралары қандай?
Стратегиллық жоспар қабылданған кезде ол бүкіл ұйымның болашағын анықтайтындай, нақтылы деректермен негізделіне отырып, кәсіпорын айқындылығын білдіретіндей жағдайда жоғары басшылықтың ұйғарымымен жүзеге асырады. Аталған жоспар ұйымның барлық дамуын белгілей отырып, тек қана тұтас, кешенді жиынтық қана емес, сонымен қатар, жағдайға қарай икемді де болуы тиіс. Міне осының бәрі стратегаялық жоспардың белгілерін анықтап береді.
Стратегаллық жоспарды жүзеге асырудың үлкен маңызы бар, себебі қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып, мақсатты орындағанда ғана жоспардың маңызды сипаты болады. Жоспар қабылдағаннан кейін оны орындау бағдарлама, бюджет, әдістермен қатар, тактика, саясат, іс жосығы (процедура) және ереже арқылы жүзеге асырылады,
Тактика - ұзақ мерзімді, кешенді стратегаяны орындаудағы нақтылы іс-қимылдық қысқа мерзімді уйлестірілуі.
Саясат - мақсатқа жетуді жеңілдету ұшін шешім қабылдау мен іс-қимылды жалпы ұйымдастыру шаралары. Стратегияны жүзеге асыру саясаты мақсатты орындаудағы тиянақты да түпкілікті шешім қабылдауда тәуекел мен ізденістерді пайдалануға, еңбек ресурстарын тиімді қолдануға және оларды әлеуметтік қорғауға жағдай тудырады.
Іс~жосығы (процедура) ұйым қызметінің барысы қайталанатын жағдайда алдын-ала қарастырылған нақтылы бір іс-қимылды басшылықтың орнықты деп ұғынып, қалыпты щешімдер қабылдауын білдіреді. Осындай шешімдер басшылыкқа бірқатар ұтыстар әкеледі. Дегенмен, осыған дейінгі іс-қимылды толық қайталауға болмайды, себебі әр жағдайдың өз ерекшелігі бодады. Және де процедура нақтылы жағдайдағы іс-қимыл жиынтығын беретін болғандықтан орындаушыға аз мөлшерде еркіндік пен балама (альтернатива) беріледі, ал бул бірқатар кедерғілер мен келіспеушіліктер тудырады.
Кішігірім міндеттер мен шектеулі сұрақтарды шешуде орын алатын іс-әрекеттердің нақтылы жиынтығы ереже деп аталады. Ереже арқылы басшылық орындаушының міндеттерін нақтылы белгілеп, барлық куш-жігерді тек шектеулі мақсатты орындауға бағыттайды.
Ереже мен процедура міндеттерді орындауда қызметкерлерге жоғарғы ықтималды нәтиже беруте тиісті бағытты белгілеуде, қажетсіз шешімдердің қайталануына жол бермеуды, нақтылы жағдайда орындаушының қимылын болжауда және тура салыстырулар жүргізуде маңызды орын алады. Атап көрсететін бір жағдай, 1994 жылы АҚШ-та өнімді шығарудың қарқынды өсуін қамтамасыз етуге тиісті өндірісті дамытудың бесжылдық жоспары қабылданған. Сонымен қатар, батыстағы ірі концерндер өз кәсіпорындарына орта мерзімді жылдық тапсырмалар беріп отырады.
Өндіріс пен экономиканы басқарудық тиімділігін дамыту мақсатында тактикалық жоспарлаудың қолданылуы орынды.
Тактикалық жоспарлау. Ұйымның дамуын бейнелейтін кешенді стратегиялық жоспарды орындауда басшылық қысқа мерзімғе есептелінген, егжей-тегжейлі тактикалық жоспарға сүйенеді. Тактиканың сипатты белғілері:
- Стратегияның дамуында әзірленуі;
- Орта буындағы басшылықтық қабылдауы;
- Стратегияға қарағанда, қысқа мерзімге есептелінуі;
- Нәтижені бағалау тез уақытта нақтылы іс-әрекеттің орындалуына қарай жүргізілуі.
Ал енді осы белгілеріне қарай тактикалық жоспардың қабылдануы мен бастапқы міндеттерін анықтап өтейік.
Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесі барлық қызметті орындаудағы әр қилы басқару саласының нақтылы шектелген әрі жекелеген жоспарларынан тұрады. Осыған орай ұйымда тактикалық жоспарлау шеңберінде арнайы қабылданған өндірістік жоспар, шикізат жоспары, еңбек кушінің жоспары, маркетинг кешенінің жоспары, тауар айналымының жоспары, қысқа мерзімді қаржы жоспари орын алады.
Тәжірибеде басшылық көптеген жоспарларға өзгерістер енгізіп жетілдіріп отырады, яғни басшылық жоспарды үнемі басқарып отыруы тиіс.
Индикативті жоспарлау. Қазіргі кездегі өндірістің күрделене тусуі жағдайында айқык экономикалық құрылымдық саясаттың қабылдануы мен жүзеге асырылуын халық шаруашылығының басым салаларнның дамуындағы мемлекеттік бағдарламаларына негізделген индикативті жоспарсыз елестету қиын. Жоспардын аталған түрі нарықтық экономика кең етек алған көптеген дамыған елдерде қолданылады. Мысалы, Жапонияда үш жолы он жылдық мемлекеттік жоспар қабылданады. Дегенмен, батыс елдерінде қолданылатын индикативті жоспар біздегі жоспарлардан бірқатар өзгеше болып келеді Оның себебі қоғамдық және жеке, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттағы мүдделерді тепе-тендікті ұстауда жүйеге әкімшілдік араласу емес, экономикалық реттеу арқылы ықпал етуінде.
Индикативті жоспар кең мағынасында мемлекеттіқ әлеуметтік экономикалық дамуындағы басымдылық (приоритет) пен ғылыми дәлелденген мақсаттарды анықтауды, осыларға байланысты өлшемдер (параметрлер) жүйесін және міндетті орындау әдістерін береді.
Жеке аймақтың, көсіпорынның және азаматтардың құқықтары мен мудделері сақталына отырып, нарықты экономикада индикативті жоспар арқылы әлеуметтік-экономикалық саясаттын бағыт-бағдарламасы мен оны жузеге асыру әдістемесі орындалады.
Индикативті жоспарлау жуйесі: стратегиялық, орта мерзімді және ағымдағы жоспарлардан құралады. Стратегиялық жоспар бөлімдеріне енетіндер: әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау; - әлеуметтік-экономикалық дамудық түжырымдамасы; - бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер; - улттық бағдарламалар,
Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау өндіріс мумкіндштерінің, экономиканың сыртқы және ішкі даму теңденцияларының мемлекеттік реттеу жуйесінің нәтижелілігі мен әрекеттілігініқ өндіргіш күштердің салалық дамун мен қозғаласьшьщ деңгейін бейнелейді.
Әдеуметтік-экономикалық дамудың түжырымдамасында мемлекеттік реттеудің тікелей жане қосалқы құралдары арқылы экономикалық саясаттың мақсаттары мен басылымдықтары, оған жетудің әдістері мен жолдары қарастырылады.
Бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық даму қарқынының болжамын, қоғамдық өндірістің құрылымын, мемлекеттіқ, кәсіпорындардың құрылымын, мемлекеттің, халықтық қаржы қорларын анықтайды.
Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық стратегиялармен мемлекеттік реттеуді жузеге асыруда ұлттық мақсаттар мен басымдылықтарды тиімді орындауда бастапқы қүрал болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздіғі және әл-ауқатынық артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауъгада айқын көрсетілген.
Ұйым ішіндегі жоспарлау. Жалпы экономиканың жетістіктері оның әрбір субъектісінің, жекелеген фирмалар мен кәсіпорындардың өндіріс нәтижесімен анықталады. Сондықтан да қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында өндіріс саласын басқарудың алғашқы буыны - микродеңғейде немесе ұйымдарда - жоспарлауға маңызды көңіл бөлу қажет.
Ұйым ішіндегі жоспарлау фирманың сыртқы ортаға бейімделу барысын, мақсаттар мен ықтималды стратегияларды қалыптастыруды және олардың орындалуындағы қажетті іс-қимылды бейнелейді.
Ұйым ішіндегі жоспарлаудық мақсаты: ұйымның сыртқы ортасындағы белгісіздік пен тұрақсыздықтың кертартпа зардаптарын жою; күш-жігермен көңіл-күйді негізгі мақсаттарды орындауға бағыттау; экономикалық қымет жасауды қамтамасыз ету; бақылауды жеңілдету болып табылады.
Фирма деңгейіндегі жоспарлау ұйым болашағын бейнелей
отырып келесі кезендерден тұрады:
- мумкіндіктерді бағалау (ресурстар, өндіріс, т. б. ) нақтылы жоспардың мақсаты мен нәтижесін анықтау;
- жоспардың негізгі көрсеткіштерін бейнелеу; іс-әрекеттердіқ тиімді бағыт-бағдарламасын белгілеу; қажетті баламаны тандап алу;
жоспардың орындалуын қамтамасыз ету.
2. Ұйымдағы жоспарлауды ұйымдастыру негізі.
Американдық ғалымдар өз жұмыстарында жоспарлауды басқарудың басты функциясы деп белгілейді. Олардың түсіндіруіне қарағанда, жоспарлау жүйесі келесі сүрақтарға жауап беруге тиіс: не нәрсе жасау керек, қашан, кім және қалай жасау қажет, жоспарды белгілеген уақытта орындау үшін қандай ресурстар қажет, Басқару процесі жоспарлау, жоспар бойынша қызметтерді үйымдастыру және оның нәтижелерін бақылау боп табылатыны бәріне мәлім. Жоғары аталған этаптар неғүрлым жақсы жүргізіліп және тығыз байланысты болса, соғүрлым басқару нәтижелі болады. Жоспарлау басқарушыға белгілі бір уақыт кезеңінде болашақ қызметтердің сипатын, қалпын және реттілігін анықтауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Жалпы сипаттама бойынша жоспарлауға енетіндер: сырткы қоршаған ортаның даму перспективаларын айқындау, мақсаттар мен болашақ стратегияларды қалыптастыру, бірінші қатардағы міндеттерді белгілеп және оларды орындауға қажетті іс-әрекеттер бағтын анықтау. Жоспарлау өнімдері жоспарлар жүйесі болып табылады: үзақ мерзімді, орта мерзімді және оперативті. Жоспарлау процесі басқарудың барлық деңгейлерін қамтиды және ортак мақсаттарына сай келетін қызметтердің орындалуына кажетті алғы-шарттарды қамтамасыз ету керек.
Ұйым қызметтерін жоспарлау жүмысына, ең алдымен, жоғарғы басшылар қатысады, олар ресурстарды оптимальды үлестіру үшін бастапқы жағдайды қалыптастырып, өкілеттерді қызметкер арасында дүрыс бөледі. Белгілі өкілеттерге ие болған адамдар ресурстарды бөлерде творчестволық көзқарас білдірту керек. Менеджерлердің табысқа жетуі көп жағдайда оның ең соңғы теория жаңалықтарын, болашақ пен бүгінгінің арасындағы байланысты тауып, әртүрлі аналитикалық қүрал-әдістерін қолдану кабілеттігіне байланысты. Жоспарлардың негіздеу дәрежесін көтеру ұйым дамуының қосымша бір қайнар көзі болып табылады.
Жоспарлау мәні - ұйымның болашақта өсуін, қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін бүгінгі күнде қажет болатын шешімдерді анықтауда екенін ерекше атап өту керек.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты - болашақ мүмкіндіктерді тауып оларды пайдалану бойынша іс-әрекеттерді үйымдастыру. Жоспарлау процесінде келесі шешімдер қабылданады:
- ұйымның қысқа мерзімді және үзақ мерзімді стратегияларын таңдау;
- қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға көмекгесетін немесе қатерлі жағдайларды жеңіп шығатын үйғарымды бағыт пен іс-қимылдарын тудыру;
- бақылау жүргізу үшін оперативті қызметтердің стандарттарын қалыптастыру;
- өзгеріліп жатқан жағдайда ертерек белгіленген жоспарларды қайта қарау.
Болашақ мүмкіндіктер зерттеліп, сыртқы ортаның түрлі факторларының әсері анықталып, ықтимал шектеулер бағаланғаннан кейін ұйымның болашақ іс-әрекет мақсаттары қалыптастырылады. Ең маңызды мақсаттар қатарына мыналар жатады: пайданың белгілі бір деңгейін, сату көлемін қамтамасын ету, товарлардың жылдам өтуі, рынокка ену, өнімдер сапасын арттыру (жақсарту), еңбек өнімділігін жоғарлату, өндірістік қуаттарды толық пайдалану, өндірісті ырғақпен, бір қалыпта жүргізу.
Жеке үйымға қатысты мақсаттарды қалыптастыру тәртібі әдетте келесі кезектілікте болады:
- белгіленген пайдаға жетуді қамтамасыз ететін жалпы мақсаттарды толықтай көрсету;
- ұйым іс-әрекетінің әрбір ірі сфералары ұшін өздеріне тән мақсаттар қалыптастыру;
- қойылған мақсаттар орындалғанын бейнелейтін көрсеткіштер немесе сандық сипаттамаларды орнату;
- ұйым бөлімшелерінде жұмысты орындауға арналған нормативтер орнату.
Фирманың басты мақсаты - белгілі бір пайда көлемін табу - ұйым қызметінің күшті және әлсіз жақтарын, сыртқы ортадан туатын күтпеген жағдайларды ескере отырып, сын көзбен талдау жүргізу арқасында қалыптасады. Бұл үшін ертерек аталып өткен "мақсаттар ағашын" қүрастыру әдісі қолданылуы мүмкін "Ағаштың" түбі болып үйымның басты стратегиялық концепциялары табылады. Олар ретті түрде бүтақ бойынша таратылып, басқарудың әр төменгі звеносы үшін нақты және жеке мақсаттарды анықтайды. Мысалы, егер рыноктағы жағдады нығайта түсу стратегиялық мақсат болса, онда "мақсаттар ағашынын" ең үсақ бұтағы ретінде фирманың қүралдарымен жабдыктау бойынша бөлім қүру болып табылады. Осыған сай, әр менеджер өзінің нақты мақсаттарын анықтайды. Мақсаттар ісалыптасканнан кейін, қойылған тапсырмаларды қай шамада орындағаны арқылы менеджер жұмысын бағалау үшін жағдай жасалынады.
Иерархия сатысы неғүрлым төмен болса, соғүрлым максаттар сипаты, бағыты, қамтитын уақыты бойынша нақтылана түседі. Сонымен қатар, әр нақты мақсат менеджер үшін оның жеке басындағы өнерлігін, үйымдастырушылық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Жаңадан қойылған мақсаттар ұйым қызметін, оның құрылымын қайта құруды көп ретте талап етеді. Қойылған мақсаттар нақтылы және өлшеуге көнуге тиіс. Бүл тапсырмаларды оптимизациялау критерийлерін жасауды жеңілдетіп, жүйе қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік туғызады. Пайданы максимизациялау немесе өндіріс шығындарын минимизациялау сияқты мақсаттарды толық өлшеуте болады. Ал тұрақтылықты сақтау, жаңа өнім түрлерін шығару арқылы рынокқа ену сияқты тапсырмалармен бүл жұмыс күрделене түседі. Орнатылған мақсаттардың жеткіліксіз өлшенуі мақсаттарды орындауды камтамасыз ету үшін барлық жүйелердің өзара үйлесімділігін күрделендіреді.
Тиімді жоспарлау жұмысын жүргізу үшін
- негізгі жалпы экономикалық және рыноктағы жағдайлар, фирманың және оның бәсекешілерінің рынокка тигізетін әсері, өткен мерзімдердегі сатулар мен түскен пайда туралы мәлімет қажет;
- ғылыми-техникалық прогресті есепке ала отырып, әр берілген уақытта қызмет көрсету мен өндірістің оптимальды қүрылымын анықтау керек;
- қолда бар ресурстарды жедел есептеп және олардыикемді, шебер пайдалану қажет;
- жоспардың орындалу барысын бақылап және қажет болған жағдайда өз уақытында жоспарды тұзетіп отыру керек.
3. Жедел жоспарлауды ұйымдастыру.
Жоспарлау - тиімді басқаруды ұйымдастыруда жауапты да қиын жүмыс , өйткені көбінесе мақсаттарды, туатын мүмкіндіктерді, проблемалар мен альтернативаны белгілеуде орасан зор қиындық кездеседі. Сонымен қатар нарықты экономикада коньюнктура үдайы қүбылып түрғандықтан жоспарларды түзету, оны дәлірек анықтау қажеттігі жоспардың орындалуын қосымша қиындата түседі.
Жоспарлау жүйесін ұйымдастыруда тапсырмалар мен иерархияны құруда қадамдардың ара байланысын анықтау және ұйым жұмысын бақылау мен қажетті түзетулер жүйесін ескеру өте маңызды.
Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлар жүйесінің құрылу процесі, барлық жоспарлар жиынтығынын үйлесуі басқарылатын объектің ортақ мақсатқа талпынуына тікелей байланысты. Бүл жерде жоспарлауда қолданылатын сапалы және сандық көрсеткіштер жүйесінің маңызы өте зор.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардын көрсеткіштері қысқа мерзімді жоспарлар мен бюджет көрсеткіштерімен бірдей болу керек. Алайда соңғы көрсеткіштер егжей-тегжейлі тәптіштелінеді. Жоспарлардың дүрыс үйлесуін қамтамасыз ету үшін түрлі жоспарларды қүру процестерінде қатысушы менеджерлер өзара тәуелді жұмыстарды атқару тиіс. Осы жұмыстар үйлесуіне сай әр менеджердің іс-әрекет бағыты, оның табысы, жоспардың орындалуының әрменгі жұмысының сапасы білінеді. Орталықтандырылған басқару үйымдарында үзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар ылғи да өзгермейтін адамдар тобымен жасалады, сондықтан бұл жоспарлар оңай бірігеді.
Ал көптеген ұйымдарға орталықсыздандырылған басқару тән мұндай жағдайда жоспарлар түрін біріктіру өте күрделі жұмыс боп табылады.
Стратегиясын қойылған мақсаттар мен тапсырмаларға жету үшін қажетті іс-әрекеттердің жалпы жоспары ретінде анықтауға болады; ал мақсаттар-болашақ іс белсенділігінің қалаулы түпкі нәтижелері деп анықтауға болады. Ұйым стратегиясы қорщаған жағдайды және күтпеген жағдайды есепке ала отырып, ұйым қызметінің болашақ перспективаларын зерттеу нәтижесінде туады. Ол үшін іс-әрекеттердің ықтимал бағыттар диапазоң қарастырылып немесе әрі қарай тәптіштеп зерттеу үшін бірнеше вариантын белгілейді. Болашаққа бағытталған жоспардың негізіі баптарын қойылған мақсаттарға сай, сыртқы және ішкі факторларға сұйеніп орнатады.
Қандай өнім шығару не қызмет көрсету керек екендігін анықтайды, ұйым ресурстарын және бәсекелестер күшін есепке ала отырып, рыноктағы өзінің іс-әрекетінің бағытын қалыптастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz