Компьютерлерді желілерге біріктіру


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
Компьютерлерді желілерге біріктіру . . . 2
Принтерлер . . . 3
Мәліметтер базасы . . . 4
Жергілікті желіллер . . . 10
Ауқымды желілер . . . 14
Қайда хабарласу керек . . . 15
Жергілікті және ауқымды желілердің кірігуі . . . 16
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 17
Компьютерлік желілер.
Компьютерлік желілер ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінеді. Бұл аралық ақпараттық жүйеде Enternet . . . мегабитті технология . . . Желілік технологиялар . . . Интернеттегі жанжал . . . Интражелілер . . . деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Компьютерлерді желілерге біріктіру.
Егер сіздердің тек бір дербес компьютерлеріңіз ғана болса, модеміңіз болмаса, онда компьютерлік желінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын.
Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі мәліметті екіншісінде беру керек болғанда желілік технология өте қажет ақ. Желілік технологиялар қаржы мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан компьютерлік желілерді пайдалану туралы қысқаша мағлұмат берейік.
Жергілікті желілер бір бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін желілер бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан, әйтпесе қатар орналасқан компьютерлер. Мұндайда копьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлік ауқымды желіге келетін болсақ, онда олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта кетсек, әр құрлықтарда орналасқан компьютерлерді бір бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шығын не орташа фирмалау жасай алмайды. Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет.
Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100 мегабитке де жетеді. Гигабиттік жылдамдықтыңда ауылы алыс емес. Ал ауқымды желілер жүйесінің компьютерлер арасындағы жылдамдық мұндай жоғарары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әр түрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады, сондықтан оларды мұқият оқып-үйренуге көңіл бөлген артық бола қоймас.
Принтерлер.
- Кез келген қызмет бабында мәтіндік құжаттарды қағазға жиі басуға тура келеді. «Қағазсыз» технологияның күнбе-күн іске асып жатқанына қарамастан, қағазға басылып жатқан мәліметтер көбеймесе, әзірге азайған жоқ. Егер мекемеңіздің абыройын биік ұстағыңыз келсе, сыртқа шығатын құжаттар сапалы лазерлік принтерде басылуы шарт. Тек ішкі қарапайым құжаттар үшін бірнеше жүз доллар тұратын арзан принтерді пайдалануға болады. Ал кей кезде түрлі түсті принтер де қажет болып қалады. Егер де баспагерлік қызметпен айналыспақ болсаңыз, онда қуатты, әрі қымбат лазерлік принтер алу керек, оның құны мың долларға жетіп артылады.
- Әрине, әрбір компьютерге қосылатын қымбат лазерлік принтерлер ала беруі қажет те емес шығар. Мұндай мүмкіндік кез келген фирмада бола бермейді де, сондықтан бір мекемеде әдетте бір, әрі кеткенде екі принтер ғана болады. Ал, бір принтерді бірнеше компьютерге бірден қалай жалғауға болар екен?
- Мұның бірнеше тәсілі бар. Біріншіден, көп мүмкіндікті ауыстырып қосқыш тетік сатып алуға болады, ол бір жағынан принтерге, екінші жағынан бірнеше компьютерге бірдей жалғанады. Ал, егер компьютерлер бірнеше бөлмелерде немесе бір мекеменің бірнеше қабаттарында орналасса, қымбат тұратын бір принтерді ортақтаса пайдалануда компьютрлік желінің артықшылығы айтпаса да түсінікті шығыр. Бірнеше принтер сатып алудың орнына бір-ақ принтер алып, оны желі арқылы керек кезінде кез келген компьютерге ауыстырып қосқыш тетік арқылы жалғап жұмыс өнімділгін төмендетпей пайдалану ыңғайлырақ емес пе?! Лазерлік прнитердің санын азайтудағы қаржының үнемделуін әркім өзі-ақ есептеп алады.
Мәліметтер базасы.
Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір немесе бірнеше файлында орналасады. Мұндай мәліметтермен бір адам жұмыс істей береді. Ал егер мәліметтер базасы үлкен компания үшін құрылған болса ше? Ондайда бұл мәліметтерді бір мезетте бірнеше адам пайдалануына тура келеді. Ал, ол компаниялардың фелиалдары әр жерде және бір бірімен қашық орналасса ше? Әрине мәліметтерді курьерлер арқылы жеткізіп отыруға болатын шығар, оны көзіңізге елестетіп көріңізші, оңай жұмыс деп айта қоймаспыз.
Сол компьютерлерді бір компьютерлік желіде біріктіріп мәліметтер базасын серверге ( негізгі компьютер ) орналастыру керек. Желінің жұмыс станциялары зерделі терминал ролін атқарып, қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден сұрап, оның дискісінен алып отырады. Мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверге сұраныс түскен соң, керекті мәліметтер жұмыс станцияларына жіберіліп отырады. Мұндайда база орналасқан сервер құрамын да дисплей мен пернелік тақта болғанымен, олар әдеттегідей жұмыс тәртібінде пайдаланылмайды. Серверлік компьютерлер әр жерде орналасқан компьютерлермен ( яғни мәліметті пайдаланатын адаммен ) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса алады.
Терминал ( енгізу және шығару құрылғысы ) ролінде дербес сервер қорларын көптеген жұмыстардан босатып, мәліметтерді қосымша өңдеуді терминалдарда орындауға мүмкіндік бар. Бұлай мәлімет өңдеу тәсілі терминалдар саны көбейген сайын бүкіл жүйенің жұмыс өнімділігін арттыруға үлкен себебін тигізеді.
Егер жұмыс станциясын операциялық жүйесі ретінде Windows пайдаланылса, кез c адам мәліметтер базасынан сұрайтын мәліметін Windows мәтінді форматында немесе Excel электрондық форматында көрсете алады. Алынған мәліметтік құжаттарды форматтап алған соң, лазерлік принтерде (әрине желіге жалғаған болуы тиіс) әдейілеп қағазға шығарып алуға болады. Мұның бәрін тек экранмен пернеліктен тұратын жеке пайдаланылатын компьютерде іске асыру мүмкін емес.
Сонымен, дербес компьютерлер желісі әрбір қызмет кеңсесінде бүкіл ұжым пайдаланатын мәліметтер базасын ұйымдастыра алады. Егер компьютерлер бір бірімен байланыспаған болса, онда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алмаймыз.
Магниттік дискілердің жылдан жылға арзандауына қарамастан, оның көлемі ешқашан да толық жеткілікті деп айтуға болмайды. Егер бірнеше қызметкерге көлемді бір файлдағы мәліметтер қажет болып қалса, ол файлды желімен жұмыс істеу барысында барлық компьютерге көшіру қажет емес. Жергілікті желіге қосылған компьютерлер ішінен бірін (немесе бірнешеуін) файл сервер үшін пайдалануға болады, әдетте ондой компьютердің дискісінің көлемі үлкен болуы тиіс (жүздеген Мб, тіпті ондаған Гб қа да жетуі мүмкін) . Мұндай дискіні кез келген жұмыс станциясындағы компьютер өз дискісіндей пайдалана береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz