Тіл және ойлау


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ТІЛ ЖӘНЕ ОЙЛАУ

Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логика, және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.

Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да - адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады.

Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды.

Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып не жазып жеткізеді. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. «Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы» (К. Маркс) . Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл - пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы.

Тіл мен ойлаудың бірге шыққандығын және олардың өз ара тығыз байланыстылығын К. Маркс пен Ф. Энгельс талай рет көрссткен болатын: «Тіл де, сана сияқты ертеден келе жатқан нәрсе, тіл, дәл айтқанда, басқалар үшін, осының арқасында өзім үшін де, өмір сүріп отырған шын практикалық сана болып табылады; сөйтіп, тіл де, сана сияқты, басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен келіп туады.

Адам ойлауының хайуанаттың «ойлауынан», соның ішінде адам тәріздес маймылдардың ойлауынан, айырмашылығы сол, адам шындықтық объектілерінің байланысы мен қарым-қатынастарын танып біледі және олардың қасиеттерін айқындап белгілей алады. _ Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатымен алғашқы адамдар еңбектене бастады, өздерін қоршаған дүниедегі бір затты екінші затқа әсер ететіндей етіп пайдаланды. Еңбек процесінде айналадағы заттарды пайдалану ол заттардың бір-біріне қатысын және бір-бірінен айырмашылығын танып білуге әкелді. Еңбек процесінде адамның ойлауы пайда болды.

Ал басқа хайуанаттарды былай қойғанда, адам тәріздес маймылдардың өзінде объективті шындықтың сәулеленуі түйсік, қабылдау мен елестердің образдарының формалары түрінде ғана болады.

Тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланыста болады дегенде, тілдегі категориялар мен ойлау категорияларының өз ара байланысы арақатысы ескеріледі. Мысалы, тілдегі сөз логикалық категория - ұғыммен тығыз байланыста болса, сөйлем байымдауымен (суждение) тығыз байланыста болады.

Тіл арқылы адам ойлайды, тіл шындық өмірдегі заттар мен кұбылыстардың, олардың сан алуан белгілері мен өз ара қатысының адам санасындағы бейнелері болып саналатын ойлау формаларын белгілейтін материалдық кұрал ретінде қызмет атқарады. Мысалы, ұғым адам санасында дыбыстардың белгілі бір комплексі - сөз арқылы жатталып қалады. Дыбыстардан құралған сөз белгілі бір зат не құбылыс ұғымының адам санасындағы материалдық формасы болып саналады.

Ойлаудың тілмен тығыз бірлікте болатынын ойлау формаларының бірі байымдаудың сөйлеммен байланысынан да көруге болады.

Байымдауға, мағыналық жақтан алып қарағанда, бірдемені хабарлау, құптау немесе жоққа шығару тән де, форма жағынан алып қарағанда, субъект-предикаттық құрылым тән.

Кейбір лингвистер, сондай-ақ, логиктер сөйлемнің құрылымы мен байымдаудың кұрылымы бір-біріне тепе-тең деп қарап, бұлардың арасында айырмашылықтардың болатынын ескермейді. Сөйлем туралы теориядағы бұл бағыт ерте заманға барып тіреледі. Осы бағыт барлық тілдерге бірдей жасанды схема - сөйлем мен сөйлем мүшелерінің универсалды схемасын тудырды. Аталған схема бойынша, сөйлем мүшелерін ажыратып ай-қындауда грамматикалық критерий емес, мағыналық логикалық кретерий негізге алынды. Мұның өзі грамматикалық категорияларды логикалық категориялармен араластырып жіберуге соқтырды. Мысалы, бастауышты «сөйлемде кім, не туралы айтылса, соны білдіретін мүше» деп айқындау сөйлемге және сөйлем мүшелеріне тек логикалық тұрғыдан келіп қараудың салдарынан болған.

Кезінде Ф. Энгельс Е. Дюрингтің дерексіз ойлау, шын мәніндегі ойлау тілдің көмегінсіз, сейлеусіз (без речи) болады дейтін мағынасыз пікірін қатты сынға алып, былай деген болатын: «Олай болған күнде, ең таза, ең шын мәнісіндегі ой иесі хайуандар болғаны ғой, өйткені олардың ой ойлауына ешқашан да мазасыз сөздің бөгеті болмайды. Қалай болғанда да, дюрингілік пікірлер мен оларды баяндайтын тілден бұл пікірлердің қандай

болса да бір тілге онша жанаспайтынын . . . көруге болады».

Идеалист лингвистер мен философтар тілді психикалық құбылыс, ойлау процесі материалдық тілдік формаға байланыссыз болады дейтін қате көзқарасын дәлелдеуге тырысқанда, іштей сөйлеу, ойлау немесе өзімен-өзі іштей сөйлеу процесін таяныш еткісі келеді. Олардың пікірінше, адам өзімен-өзі болып ойланғанда, оның ойлау процесі материалдық тілдік формасыз (тілсіз) таза күйінде өтіп жатады.

Мұндай тұжырыммен келісуге мүлдем болмайды. И. П. Павловтың екінші сигнал жүйесі туралы ілімі бойынша, сөйлеудің құлаққа әсер етуінен миға барып жететін физиологиялық тітіркенулер (раздражения) ғана емес, сонымен бірге сөйлеу мүшелерінен миға барып жететін кинэстезикалық тітіркенулер де сигналдардың сигналы болып саналады. Материалдық физиологиялық процестердің осы түрлерінің әрқайсысы да ойлау процесінің өтуіне материалдық негіз бола алады. «Ойлау процесінің екінші сигнал жүйесінің сигналдарының барлық осы түрлерінің негізінде бір мезетте болуы тіпті де міндетті емес. Мысалы, іштей сөйлеу, өзімен-өзі ойлану процесінде есту мүшелерінен миға келіп жететін тітіркенулер бізде болмайды, мұның өзі әңгімелесушіні тыңдағанымызда ғана болады. Бірақ іштей сөйлеу, өзімен-өзі ойлану процесі, эксперименталды зерттеулердің көрсетіп отырғанындай, сөйлеу мүшелерінен келіп жететін кинэстезикалық тітіркенулерге сүйемелі. Іштей сөйлеу процесінде сөйлеу мүшелері арқылы тиісті артикуляциялардың еленбейтін түрде жасалатыны айқындалды, олар сырттан қараушыға және субъектінің өзіне байқалмай қалады да, тәжірибе жасалған кезде тиісті аспаптармен айқындалып белгіленеді» .

Н. Я. Марр тіл мен ойлаудың өз ара қарым-қатысы туралы мәселені шешуге тырысқанмен, оны дұрыс шеше алмады. Маррдың «ілімінде» тіл мен ойлауды тепе-тең деп қарау да, олардың бірлігін, өз ара байланысын жоққа шығару да орын тепті. Тіл меи ойлауды бір-біріне теңдестіру Маррдың тілдердің «сатылап даму теориясынан» көрінеді. Н. Я. Марр тілдердің әр түрлі морфологиялық типтері тілдердің дамуындағы әр түрлі сатыны, дә-режені көрсетеді және ойлаудың дамуын айқындайтын өлшеуіш болып табылады деген қате қорытындыға келеді.

Марр, бір жағынан, өзінің «сатылап даму теориясы» бойынша тіл мен ойлаудың тепе-теңдігі туралы қате көзқарасты жақтап, екінші жағынан, семантика мәселесіне келгенде, тіл мен ойлаудың бірлігін жоққа шығарып, ойлауды тілден бөліп тастайды. Ол былай деп жазды: «Тіл дыбыстар арқылы керінетін болғандықтан ғана өмір сүреді; ойлаудың кимылы мұндай көрініссіз-ақ болады . . . Тіл (дыбыстық тіл) бұл күнде өзінің қызметін кеңістікті сөзсіз жеңетін ең жаңа өнер-табысқа бере бастады, ал ойлау өзінің бұрын пайдаланылмаған қорлары мен жаңа табыстарынан жоғары өрлей береді, тілді тайдырып толығымен онын орнын басады. Келешектегі тіл - табиғи материалдан аулақ, техникада өсетін ойлау. Бұған ешбір тіл, тіпті дыбысты тіл де қарсы тұра алмайды, өйткені дыбыстық тіл қалай да табиғат нормаларымен байланысты». Н. Я. Маррдың бұл пікірі мүлдем қате. Ол тілді ойлаудан бөліп тастап, идеалистік бағытта болды. Сонымен, тіл мен ойлаудың арасына тепе-теңдік белгісін қойып теңестіру де, ол екеуінің бірлігін жоққа шығарып, бірінен-бірін бөліп тастау да ешбір ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып табылады. Тіл туралы марксистік ілім тіл мен ойлау әрдайым диалектикалық бірлікте болады деп үйретеді. Ойлау тілдегі сөздер мен сөйлемдердің негізінде іске асады, солар арқылы басқаларға белгілі бола алады. Басқаның ойын да тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы түсіне аламыз.

Егер зат пен оның атауының арасында табиғи байланыс болса, онда дүние жүзіндегі тілдерде лексикалық айырмашылықтар да болмаған болар еді.

Сөз бен ұғым бірлікте, өз ара тығыз байланыста болады дегеннен бұл екеуі бір-бірімен тепе-тең екен деген түсднік тумауға тиісті. Олардың арасындағы айырмашылықтар мыналар: кейбір ұғымдар жеке сөздермен емес, сөздердің тіркестерімен айтылады; фразеологиялық сөз тіркестерін құрамындағы кейбір сөздер ұғымды өздігінен емес, тек тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылғанда ғана білдіре алады. Бірнеше мағынаны білдіретін бір сөздің езі әлденеше ұғымды білдіруі мүмкін. Сөз кейде ұғымды ғана емес, байымдау ды да білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда сөз сөйлем ретінде қызмет атқарады.

Ойлаудьщ тілмен тығыз бірлікте болатынын ойлау формаларының бірі байымдаудың сөйлеммен байланысынан да көруге болады. Байымдауға, мағыналық жақтан алып қарағанда, бірдемені хабарлау, құптау немесе жоққа шығару тән де, форма жағынан алып қарағанда, субъект-предикаттық құрылым тән. Байымдаудың элементтері: субъект, предикат және байланыс (связка) . Субъект байымдаудың предметі (предмет суждения) туралы ой болып саналады да, предикат байымдаудың предметі туралы не хабарланса, айқындалып белгіленсе, соны білдіретін ой болып саналады. Ал байланыс предикаттың мазмұнының байымдаудын предметіне қатысты екендігін білдіреді. Мысалы, «Сын есім дегеніміз заттың белгісін, сапасын, түр-түсін білдіретін сөз табы» деген байымдаудың субъектісі -«сын есім», предикаты -«заттың белгісін, сапасын, түр-түсін білдіретін сөз табы». Предикаттың субъектіге қатысын білдіретін байланыс (связка) -«дегеніміз» сөзі.

Субъект-предикаттық форма күллі байымдау атаулының бәріне бірдей жалпылама тән болады. «Барлық ғасырларда барлык, халықтарда, барлық тайпаларда және ойдың дамуынын барлық сатыларында, - деп жазды Сеченов, - ойдың сөздік формасы өте-мөте қарапайым түрде біздің үш мүшелі сөйлемімізге келіп тіреледі. Нақ осының нәтижесінде біз ертедегі адамның жазба ескерткіштерде қалдырған ойын да, тағылардың ойын да, замандастарымыздың ойын да бірдей онай қабылдай аламыз.

Байымдау шындық дүниенің адам санасында бейнелену формасы ретінде қаралады, байымдаудьщ мазмүнының объективті аты болады. Ойдың формасы ретінде каралатын байымдаудың өзі - бір тұтас нәрсе. Байымдаудың әрбір бөлшегі өздігінен байымдауды жасай алмайды және оның бір белшегін екіншісінен беліп айыруға да болмайды. Байымдаудағы субъект предикатсыз субъект бола алмайтыны сияқты, предикат та субъекті-сіз, өздігінен предикат бола алмайды. Бұлардың екеуінің басын қосу үшін байланыста соншалықты қажет. Субъект пен предикаттың өз ара байланысы сырттай байланыс емес, іштей байланыс, етенелік байланыс.

Ойдың формасы ретіндегі байымдау тіл формасында ғана өмір сүреді және дамиды. Сөйлемсіз байымдау өмір сүре алмайды. Демек, сөйлем - байымдаудың нақтылы өмір сүруінід формасы.

Белгілі бір ойды әр тілде турлі тәсілмен айтып беруге болады, бірақ бұл түрліше ойлаудан болмайды. Орыс халқының ұлы жазушысы және ойшылы Н. Г. Чернышевский Гумбольдтың теориясын сынай келіп, былай деп жазды: «Тілдегі айырмашылыққа өте жиі теориялық мән беріп жүр, грамматикалық ерекшеліктер арқылы халықтың ойлау қасиеттерін ерекшеліктерін айқындауға болатын сияқты деп түсінеді» « . . . Тілдің ой~ лаумен тепе-теңдігі туралы фантастикалық ой күмәндануға болмайтын шындық деп танылды да, мұның өзі мағынасыз-қорытындылар болып шықты». Н. Г. Чернышевский тіл мен ойлаудың тепе-теңдігі туралы теорияны қатты сынға алып, бір тіл мен екінші тілдің арасындағы грамматикалық айырмашылықтар ойлаудың әр түрлі дәрежесін көрсетеді деп тұжырымдаудың мүлдем қате екендігін айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлем және пайымдау
Ойлау мен сөйлеу туралы жалпы түсінік
Философиялық білімнің негізгі сипаттары
Тілдік қатынас
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Ойлау, сөйлеу
Тіл және ойлау арасындағы байланыс
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Тілдің қоғамдық мәні және оның жүйесі мен құрылымы
«Ойлау» фразеосемантикалық өрісіндегі тіларалық фразеологиялық баламалар типологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz