Таулы аймақтардың зерттелу тарихы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ ... ... ... ... . 4
1.1 Әлемдегі таулардың зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қазақстан тауларының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Іле Алатауының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2. ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ . ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Іле Алатауының геологиясы мен геоморфологиясына сипаттама ... ... ... .12
2.2 Іле Алатауының климаттық жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.3 Іле Алатауының гидрографиялық жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.4 Іле Алатауының топырақ жабындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.5 Іле Алатауының жануарлар әлемі мен өсімдіктер жамылғысы ... ... ... ... .28
2.6 Нысандарды зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

3. БИІКТІК БЕЛДЕУЛІК АТАУЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ МЕН ХАЛЫҚТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ СӘЙКЕСТІЛІГІ ... ... ... ... ..32
3.1 Биіктік белдеулер мен зоналар туралы ұғым және олардың атауларының ғылыми негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
3.2 Биіктік белдеулерді қазақ халқының атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
3.3 Биіктік белдеулерді орыс халқының атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
3.4 Биіктік белдеулердің ғылыми негізделген және орыс пен қазақ
халықтарының салыстырмалы атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
КІРІСПЕ

Таулардың табиғаты өте күрделі және алуан түрлі. Таулар бұл қалың нулы орман, ашық гүлді кілем, шексіз тасты шөл, күнмен шағылысқан қарлар мен жанартаулар, көптеген шақырымға созылған мұздықтар, кең көлемді шатқалдар мен тегіс үстірттер, шыжыған күн көзі мен жаз ортасындағы қақаған аяз, сарқырамалардың шуы, екпіні қатты ағындар мен үнсіз тұрған сатылы мұздықтар, мұзды бұлақтардың сылдырлаған үні мен дүрілдеген қар көшкіні. Таулар – жайылымдар мен сапалы тұщы сулардың сарқылмас көзі болып табылады. Таулы аймақ жер шарының шамамен 40 % алып жатыр. ТМД елінде 26% болса, соның 12 % - ның биіктігі 1500 м-ден асатын биік таулар, ал қалғандары орташа таулар. ТМД халқының 20 % таулы аудандарда қоныстанған. Бұл жерлерде әр түрлі табиғи қорлар, яғни минералдар, өсімдіктер, ормандар, аңшаруашылығы, демалыс орындары мен рекрационды орындар кездеседі. Жазықтар мен салыстырғанда таулы облыстар айтарлықтай алуан түрлі табиғи жағдайларымен ерекшеленеді.
“Тау” түсінігінің ішіне біз жер бетінің, мұхит деңгейінен жоғары және көршілес жазықтардан биік болып келетін бұрыс пішіндегі жер бедерлік өңірді айтады. Орыстың “Тау” сөзі немістің “gebirde” және ағылшынның “ mountains ” сөздерімен сәйкес келеді. Таулар, “тау” сөздерінің көптік жалғауы емес деген сөзіне тура келеді ( И.С. Щукин 1947 ). Бірақ, “тау” сөзінің мағынасында біз тек “биіктіктер” деп қана түсінбеуіміз қажет. Тіпті, “тау” сөзін барлық, дерлік, географиялық көтеріңкі нысандарға ( жота, қырат ) жалпы түрде қолдану қабылданып кеткен.
Осы ұсынылып отырған жұмысытың мақсаты - биіктік белдеулердің ғылыми атауларын - халықтық атаулармен салыстыра отырып, Іле Алатауы мысалында зерттеулер жүргізіп, келесі мәселелер шешілді:
- әлемдегі, Қазақстандағы және зерттеу нысаны ретінде тиянақталып отырған Іле Алатауының табиғатын зерттеген ғылыми жұмыстарға шолу жасау;
- Іле Алатауының табиғатының болмыстық сипатына талдау жасау;
- Биіктік белдеулерді жіктегендегі қазіргі замандағы ғылыми жүйелер мен орыс және қазақ халықтарындағы қалыптасқан атауларды салыстыра отырып, ақиқаттық ұғымдарды нақтылау;
- Зерттеу мәліметтерін жүйелей отырып тұжырымдық қорытынды жасау.
Бұл жұмыс физикалық-географиялық кафедрасында орындалды. Осы кафедраның меңгерушісі г.ғ.к., доцент Ж.Н. Мұқашеваға, ғылыми жетекшім г.ғ.к., доцент Г.Ш. Оразымбетоваға және басқа қол үшін беріп көмектескен профессорлар мен оқытушыларға шексіз алғысымды айтамын.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Гвоздецкий Н.А. Гвоздецкий О географическом понятии “Памиро- Алай
и расчленении гор Средней Азии на горные системы // Вопросы
физической географии СССР. М., 1959.
. 2. Воскресенский С.С. Динамическая геоморфология. М., 1971.
3. Резанов И.А. Образование гор.М., 1977.
4. Рубцов Н.И. Растительный покров Джунгарского Алатау. Алма-Ата, 1948.
5. Юдичев М.М. Джунгарский Алатау. М.-Л., 1940.
6. Петров Б.Ф. Почвы Алтайско-Саянской области // Тр. Почв. ин-та им. В.В. Докучаева 1952. Т.35.
7. Пржевальский Н.М. От Кульджи за Тянь-Шань и на Лоб-Нор.М., 1947.
8. Семенов – Тян-Шанский П.П. Путешествие в Тянь-Шань в 1856-1857 годах. М., 1946.
9. Шульц С.С. Анализ новейшей тектоники и рельеф Тянь-Шаня. М., 1948.
10. Пржевальский Н.М. Из Зайсана через Хами в Тибет и на верховья Желтой реки. М., 1948.
11. Чупахин В.М. Высотный пояс–низшая региональная единица физико-географического районирования Тянь-Шаня // Изв. Кирг. фил. Всес. геогр. об–ва.1959. В.1.
12. Попов М.Г. Высотные пояса Заилийского Алатау.-В.Сб. “Растительность
Казахстана. Труды Казфилиала АН КазССР”, вып. 20. М.-Л., 1941.
13. Жандаев М.Ж. Антропогенные формы рельфа предгорий Заилийского
Алатау.-“ Вопросы географии Казахстана”, вып. 10. Алма-Ата,1963.
14. Станюкович К.В. Растительность гор СССР. Душанбе, 1973.
15. Щукин И.С. Общая геоморфология. Т. П. М., 1964.
16. Калесник С.В. Геологические и геоморфологические наблюдения на
северном склоне Джунгарского Алатау // Изв. Русск. геогр. об-ва. Т. 49.
1933.В.3.
17. Жандаев М.Ж. Сели Заилийского Алатау и вопросы их прогнозирования.- “ Вестник АН КазССР”, 1966, №2.
18. Власова Т.В. Физическая география материков. Изд. 3-е. М.,1976,ч.1,2.
19. Марков К.К., Орлова А.И. и др. Общая физическая география. М., 1967.
20. Мильков Ф.Н. Физическая география. Учение о ландшафтах и
географическая зональность. Воронеж, 1986.
21. Аболин Р.Н. От пустынных степей Прибалхашья до снежных вершин
Хантенгрии.
22. Ассинг И.А О почвах пустынной части подгорных равнин Северного
Тянь-Шаня.- Труды Ин-та почвоведения, т. 7. Алма-Ата, Изд-во АН
КазССР, 1960.
23. Глазовская М.А. Почвы горных областей Казахстана.- Известия АН
КазССР, серия почвенная, 1949, Вып.4.
24. Лаврентьев П.Ф., Соседов И.С. О вертикальной зональности источников
питания рек высокогорных областей.- В.: Сборник работ по гидрологии,
№1., Л., Гидрометеоиздат,1959.
25. Сверцов Н.А.- Путешествия по Туркестанскому краю и исследование
горной страны Тянь-Шаня. СПб., 1873. Изд.2-е, сокр. М.,
Географтиз,1947.
26. Семенов Тянь-Шанский П.П. Путешествие в Тянь-Шань в 1856-1857 гг.-
мемуары, т.2. М., Географгиз, 1946.
27. Черкасов П.А. Основные черты современного оледенения Джунгарского
Алатау.- В кн.: Вопросы географии Казахстана. Вып. 7. Алма-Ата, изд-во
АН КазССР, 1960.
28. Чубуков Л.А., Шварева. Ю.Н. Динамика местной погоды на северных
склонах Терскей-Алатау и Заилийского Алатау.- Труды Ин-та географии,
вып. 81. М., Изд-во АН СССР, 1962.
29. Гвоздецкий Н.А., Голубчиков Ю.Н. Горы.-М.: Мысль.1987.- 389с., ил., карт., схем.- (Природа мира).
30. Докучаев В.В. к учению о зонах природы. Горизонтальные и вертикальные почвенные зоны. СПб.,1899.
31. Роборовский В.И. Путешествие в Восточный Тянь-Шань и в Нань- Шань.М.,1949.
32. Тихонова Т.С. Влияние экспозиции склонов на ландшафтную поясность
Джунгарского Алатау // Вестн. Моск. ун-та. Сер. География. 1967б. №4.
32. Тихонова Т.С. Особенности высотной поясности Джунгарского Алатау //
Вестн.Моск.ун-та.Сер.География.1967 б. №6.
33. Академия Наук СССР. Институт Географии, Казахстан. Издательство “
Наука” Москва.1969.
34. Физическая география материков и океанов: учеб.Ф51 для геогр. спец. ун-
тов // Ю.Г. Ермаков, Г.М. Игнатаев, Л.И. Куракова и др.: Под.общей ред.
А.Н. Рябчикова.-М.:Высш. шк.,1986.-592 с.: ил.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Таулы аймақтардың зерттелу тарихы ... ... ... ... . 4
1.1 Әлемдегі таулардың зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қазақстан тауларының зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Іле Алатауының зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

2. ІЛЕ АЛАТАУЫНың ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ

СИПАТТАМАсы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .12
2.1 Іле Алатауының геологиясы мен геоморфологиясына
сипаттама ... ... ... .12

2.2 Іле Алатауының климаттық
жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

2.3 Іле Алатауының гидрографиялық
жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.4 Іле Алатауының топырақ
жабындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.5 Іле Алатауының жануарлар әлемі мен өсімдіктер
жамылғысы ... ... ... ... .28
2.6 Нысандарды зерттеу әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

3. Биіктік белдеулік атауларының ғылыми негізі
мен халықтық
атауларДың сӘйкестілігі ... ... ... ... ..32
1. Биіктік белдеулер мен зоналар туралы ұғым және олардың атауларының
ғылыми
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...33
2. Биіктік белдеулерді қазақ халқының
атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
3. Биіктік белдеулерді орыс халқының атаулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
4. Биіктік белдеулердің ғылыми негізделген және орыс пен қазақ

халықтарының салыстырмалы
атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...41

Пайдаланған
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
Кіріспе

Таулардың табиғаты өте күрделі және алуан түрлі. Таулар бұл қалың нулы
орман, ашық гүлді кілем, шексіз тасты шөл, күнмен шағылысқан қарлар мен
жанартаулар, көптеген шақырымға созылған мұздықтар, кең көлемді шатқалдар
мен тегіс үстірттер, шыжыған күн көзі мен жаз ортасындағы қақаған аяз,
сарқырамалардың шуы, екпіні қатты ағындар мен үнсіз тұрған сатылы
мұздықтар, мұзды бұлақтардың сылдырлаған үні мен дүрілдеген қар көшкіні.
Таулар – жайылымдар мен сапалы тұщы сулардың сарқылмас көзі болып табылады.
Таулы аймақ жер шарының шамамен 40 % алып жатыр. ТМД елінде 26% болса,
соның 12 % - ның биіктігі 1500 м-ден асатын биік таулар, ал қалғандары
орташа таулар. ТМД халқының 20 % таулы аудандарда қоныстанған. Бұл жерлерде
әр түрлі табиғи қорлар, яғни минералдар, өсімдіктер, ормандар,
аңшаруашылығы, демалыс орындары мен рекрационды орындар кездеседі. Жазықтар
мен салыстырғанда таулы облыстар айтарлықтай алуан түрлі табиғи
жағдайларымен ерекшеленеді.

“Тау” түсінігінің ішіне біз жер бетінің, мұхит деңгейінен жоғары және
көршілес жазықтардан биік болып келетін бұрыс пішіндегі жер бедерлік өңірді
айтады. Орыстың “Тау” сөзі немістің “gebirde” және ағылшынның “ mountains ”
сөздерімен сәйкес келеді. Таулар, “тау” сөздерінің көптік жалғауы емес
деген сөзіне тура келеді ( И.С. Щукин 1947 ). Бірақ, “тау” сөзінің
мағынасында біз тек “биіктіктер” деп қана түсінбеуіміз қажет. Тіпті, “тау”
сөзін барлық, дерлік, географиялық көтеріңкі нысандарға ( жота, қырат )
жалпы түрде қолдану қабылданып кеткен.

Осы ұсынылып отырған жұмысытың мақсаты - биіктік белдеулердің ғылыми
атауларын - халықтық атаулармен салыстыра отырып, Іле Алатауы мысалында
зерттеулер жүргізіп, келесі мәселелер шешілді:
- әлемдегі, Қазақстандағы және зерттеу нысаны ретінде тиянақталып
отырған Іле Алатауының табиғатын зерттеген ғылыми жұмыстарға шолу
жасау;
- Іле Алатауының табиғатының болмыстық сипатына талдау жасау;
- Биіктік белдеулерді жіктегендегі қазіргі замандағы ғылыми жүйелер
мен орыс және қазақ халықтарындағы қалыптасқан атауларды салыстыра
отырып, ақиқаттық ұғымдарды нақтылау;
- Зерттеу мәліметтерін жүйелей отырып тұжырымдық қорытынды жасау.
Бұл жұмыс физикалық-географиялық кафедрасында орындалды. Осы
кафедраның меңгерушісі г.ғ.к., доцент Ж.Н. Мұқашеваға, ғылыми жетекшім
г.ғ.к., доцент Г.Ш. Оразымбетоваға және басқа қол үшін беріп көмектескен
профессорлар мен оқытушыларға шексіз алғысымды айтамын.

1. Таулы аймақтардың зерттелу тарихы

1.1 Әлемдегі таулардың зерттелу тарихы

Әлемдегі таулардың зерттелу тарихы мен олардың табиғатын зерттеуде
бізді біріншіден географиялық обьектінің табылуы мен оны өз атымен картаға
енгізу қызықтырады. Онымен таулы аймақтарды картографиялық зерттеу тығыз
байланысты. Екіншіден таулы территориялардың құрылуының географиялық
заңдылықтары ашу жайында сұрақ туындайды.
Өркениеттік әлемге асқар шыңдар мен белгісіз тауларды таныстырған
бірнеше саяхатшылар еңбегін еске түсірейік. ХIII ғасырда Венециялық Марко
Поло Қытайға жасаған саяхатында Бадахшан және Шығыс Памир тауларын басып
өтіп, үш күн тек солтүстік-шығыс бағытта тек таумен жүрсең, ең биік жеріне
көтерілесің. Сол биік жерде екі таудың арасында кеңінен, ұзындығы бірнеше
100-ген км созылған жазық жатыр. Сол жазықпен он екі күн жүресің ол, Памир
деп аталады: аталған жолда еш жерде үй де, шөп те жоқ, тамақты өзіңмен
бірге алып жүруің керек. Бұл жер биік болғандықтан және суықтың қаттылығы
соншалық құстарда кездеспейді, тіпті тамақта дұрыс піспейді (Минаев,
1902. С. 67-68). Соңғы түсініктер бойынша – жоғарғы абсолюттік биіктікте су
100º С төмен температурада қайнайды. ( Н.А. Гвоздецкий ) [1.]
ХIV араб саяхатшысы мороккалық Ибн Батута Африка және Азияның
көптеген елдеріне жасаған саяхатында Иран таулы қыратын, Гиндукуш, Ахаггар
және басқада таулы көтерілімдер мен Сахараға дейін зерттеген.
Оңтүстік Америкадағы Анд тауларындағы кейбір географиялық ашылуларды
Испан отарлаушы – конкистадорлары жасаған. Мысалы, Д. Альмагро Перудегі
Куско тауынан Чилиге жасаған саяхатында (1535-1537 ж.ж) Орталық Анд таулы
қыратын кесіп өтіп, Оңтүстік Америкадағы аса ірі, әлемдегі ең биік таулы
көлді ашты. ХIХ ғасырдағы тауларды зерттеу жұмыстары ғылыми жағынан біршама
мақсатты болды. Шыққан жері поляк геолог әрі минеролог И. Домейко Чилиді
зерттеген соң, 1839 – 1840 ж.ж жағалаулық Кордилер Анды мен Чили –
Аргентина тауларын зерттеді. Оңтүстік Американың табиғатын зерттеген
француз саяхатшысы Ф. Кастельно, 1843-1847 ж.ж ., бұл материкті екі рет
кесіп өтіп, сонымен бірге Орталық Анд тауын қоса қарастырды. Американдық
саяхатшылар У. Кларк пен М. Льюис ХIХ ғасырдың басында Солтүстік
Америкадағы Кордилерді екі рет кесіп өтіп, сеңгір таулардағы Миссури
салаларымен Мадисон және Дежфферсон өзендерін ашты.
Атақты орыс географтары, жаратылыстанушы және саяхатшылар П.П.
Семенов Тян-Шанский, Н.А. Северцов, А.П. Федченко мен И.В. Мушкетов өткен
ғасырдың екінші жартысында Орталық Азияның оңтүстік-шығысындағы
Памир, Гиссаро-Алая, Тянь-Шань биік тауларының табиғатымен, географиялық
жағдайларын зерттеді. А. П. Федченко Заалайский жотасын ашты, сонымен бірге
энтомолог В. Ф. Ошанин әлемдегі ең үлкен мұздықтың төменгі бөлігін зерттеп,
оған Альпі тауында қайтыс болған Федченконың атын берді.
Атақты Н. М. Пржевальский және оның шәкірттері, европаның
ғалымдарынан, өзінің алуан түрлі табиғат жағдайларын жасырған Орталық
Азияны, сонымен бірге Тибетті зерттеді. Бірақта Тибет қытайлықтарға
бұрыннан белгілі болғандықтан, Европалықтарға оның табиғат жағдайының
тек қана өте тапшы, үзбелі, тұманды жаңалықтары түскен. Н.М. Пржевальск,
В.И. Роборовск, П.К. Козлов, М.В. Певцов, Г.Н. Потанин және Г.Н.Цыбиковтар
“Тибет таулы үстіртін игерудегі ең жоғарғы еңбектері сіңген” ғалымдар.
(М.В. Певцов) [2]
Бұл аталып өткен цитатада Гималай, барлық Альпілік-Гималайлық таулы
белдеу, литосфераға сығысқан планетарлық белдеуге кіреді. Бұған
Циркуляциялық тынық мұхиттық белдеу де кіреді. (Ушаков, Ясманов 1984). Бұл
белдеулермен, жер бетінде соңғы кезеңдерде таулардың пайда болу
қарқындылығы байланысты. ( С.С.Воскресенский ) [3.]
Жоғарыда айтылғандай барлық материктер мен аймақтардың таулы рельефі
– жер қабығының жаңарған көріністері, ол яғни неотектоника нәтижесі. Тау
рельефінің өзіне келсек, С.С. Шульцтің (1948) Тянь-Шань рельефі мен жаңа
тектоникасы туралы классикалық еңбегі жарық көргеннен кейін, осы кезге
дейін басым болып келген тау түзілімде жоталардың жарлымдар бойымен
көтерілуінің негізгі себебі туралы түсініктің орнына кең “қатпарлы негіз”
жүрілуімен байланысты дөңесті көтерілімдердің жетекші рөлі туралы тұжырым
бірінші орынға шықты. Соңғы уақыттарда, Кавказ, Тянь-Шань және басқада
таулы аймақтарды зерттеушілер әлі де сызықтық жарлымдарға көп назар
аударады, ал бұл таулы облыстардың көтерілуі дөңесті-блокты ретінде
қарастырылады. Сонымен қатар жер қабағының ежелгі палеозой кезеңдерінде
құрылған көптеген белгілердің жаңа кайназойлық құрлымдарымен, көбіне ірі
жарлымдармен сақталуына да зор мән беріледі.
Тау жүйелерінің көбіне еңістелу және тілімдену дәрежелері әр түрлі,
белгілі биіктікке көтерілген ежелгі тегістелу беттері тән. Олар таулы
аймақтар рельефі құрылу тарихын айқындауда маңызы зор белгілер болып
табылады. Тегістелу беттерінің түзілуі- неотектоникалық көтерілімдердің
біркелкі еместігінің куәсі.
Әр тегістелу беті көтерілудің тоқтауымен немесе оның салыстырмалы
бәсеңдеуімен байланысты. ( И.А Резанов 1977) [4.]
Жер дамуының неотектоникалық кезеңінде тау құрылымдарының көтерілуі
уақыт бойынша да, кеңістік бойынша да әр түрлі дәрежеде болды. Ең биік тау
жүйелері, жоталар мен массивтер біршама жоғары неотектоникалық көтерілім
тән өлкелерге тура келеді.
Таулардың көтерілуі плейстоценде жоталардың шыңы қар сызығына
жеткенде тау мұздықтарының дамуына әкеледі. Жалпы белгілі, мұзбасу
кезеңінде қар сызығы қазіргі орнынан айтарлықтай төмен болды. Бұл кезде
биіктік ландшафтық зоналардың төменде араласуы тән болды. Кавказдағы
геодезиялық жұмыс кезінде “Закавказдық триангуляция” жетекшісі И.И. Ходзько
Арарат шыңының басына шығу үшін бүкіл экспедицияны басқарып барды. Ол
таудың ең биік шыңында қармен жабылған және оған баспана ретінде болған
палаткада 6 тәулік бойы тұрды. (Гвоздецкий және т.б.,1964.С.6).

1.2 Қазақстандағы таулардың зерттелу тарихы

Әлемдегі таулардың зерттелу тарихы
Қазақстан тауларының зерттелу тарихына келетін болсақ Алакөл ойпатынан Іле
ойпатына дейін созылған Жоңғар Алатауы қатпарлы-жақпарлы таулы территория
болып келеді екен. Каледон және варисциялық қатпарлықтарда тектоникалық
процестерге ұшыраған және мезо-кайнозой пенепленденуінен кейін альпілік
орогенезден көтерілген. Ол кембрийге дейінгі және палеозойлық жыныстардан
құралған, көптеген шыңдары кең гранит интрузияларының жер бетіндегі
көрінісі болып табылады. Тау алды жоталары палеоген, неоген, төрттік
шөгінділерден тұрады. (Н.И. Рубцов 1948) [ 5.]
Батыс Жоңғар Алатауына шөлейттік тау алды жоталары, таулы далалы
аласа таулар, орманды далалы орта таулар және биік таулар-таулы-шалғынды
және мәңгі қар басқан таулар кіреді. Жота ұзындығы 400 км, ені 100-250 км.
Ол екі параллель басты солтүстік 4464 метр және оңтүстік 4359 метр (Мұзтау)
жоталарынан құралған. Жотаның солтүстік беткейлерінде тегістелген бедердің
ендік бағытта созылуымен ерекшеленеді. Батыс бөлігінде жұмсақ бедерлі және
еңістелген тауалды жазықтарынан тұрады. Оңтүстік беткейлерде қатты
тілімденген тауалды адырлары таралған. Солтүстік және оңтүстік жоталарында
қазіргі мұздықтар бар, олардың басым бөлігі солтүстік беткейлерде таралған.
Барлығы 996 км² ауданды алып жатқан 700 мұздық белгілі. Ең ірі аңғарлық
мұздықтары (Берг, Сатбаев, Калесник) Лепсі бастауларында орналасқан. Облыс
шегінде жалпы жеті мұздық тобы немесе торабтары анықталған: Ырғайты,
Тентек, Лепсі, Басқан, Сарқанд, Ақсу, Биен. (М.М. Юдичев 1940) [6.]
Батыс Жоңғар Алатауы Сібір және Тұран ауа массалары әсерінен
қалыптасатын таулы Сібірліктен таулы Түркістандыққа дейін ауысатын климаты
мен ерекшеленеді. Ылғалы мол солтүстік-батыс беткейлеріне 600-800 мм, ал
оңтүстік, оңтүстік-шығыс беткейлерінде 300-400 мм жауын-шашын түседі. Тау
етегіндегі жазықтарда және тау алды жоталарында суармалы және богарлы
егіншілік дамыған дәнді және техникалық дақылдар өсіріледі (бидай, жүгері,
қант қызылшасы, күнбағыс т.б.), сонымен қатар бау-бақша шаруашылығы
таралған. Орта және биік таулардың сапалы жаздық жайылымдары мал
шаруашылығына қолданылады.
Батыс Жоңғар таулары. Қазақстан шегіне бұл провинция Сауыр мен
Тарбағатай орналасқан батыс бөлігімен бірге кіреді. Жоталар ежелгі
қатпарлықтан тұрады, олар тегістелген және қазіргі биіктігіне неоген мен
төрттік кезең басындағы жақпарлы неотектоникалық көтерілімдер нәтижесінде
жеткен. Олар қатты тілімденген шөгінді палеозой жыныстары: тақтатас, әктас
және құмтастардан құралған. Батыс Жоңғар таулары оңтүстік Алтай климатына
ұқсас, бірақ жауын-шашын аз континентальды климатымен сипатталады. Жоңғар
Алатауы сияқты Сауыр-Тарбағатай таулы жүйесі ландшафтар сипатына қарай
оңтүстік Сібір мен Орта Азия тауларының аралығын алып жатыр.(Б.Ф. Петров
1952 ) [ 7.]
Тарбағатай таулы дала облысы Қазақстан территориясына тек батыс бөлігі
мен кіріп, Хабар асуынан Аягөз өзеніне дейін 180 км-ге ендік бағытта
созылып жатыр. Жота шыңдары тегістелген, ал беткейлер шатқалдар мен қатты
тілімденген. Солтүстік беткей еңістелген және салыстырмалы аз тілімденген.
Тарбағатай негізінен жоғарғы палеозой шөгінділерінен тұрады, олар сазды,
кремнийлі құмтастар, әктас, кангломераттар түрінде көрініс береді. Альпі
орогенезі қарқынды жүрмеген. Жотаның орта биіктігі 2000 м, ең биік жері
2991м, жалпы орта таулы сипат алады. Облыс климаты құрғақ континентальды
өзен жүйесі әлсіз дамыған және қазіргі мұз басу мүлде жоқ. Тек қар
сызықтары ғана бар. Шөлді далалы Монғолияға тән түрлері мен аласа қараған
өскен дала өсімдік жамылғысы басым. Жотаның солтүстік беткейінде дала альпі
шалғындарымен шектеседі. Оңтүстік беткейде бұталы далалар тараған, тек
шатқалдарда алма ағашы, көктеректер өседі. Тарбағатайда марал тамыры мен су
жинау алабы бар биік шөптесін шалғындар өсуі Алтайға ұқсастырады, сонымен
қатар алма ағашы Түркістан арпасы, жоңғарлық түлкіқұйрық өскен шалғындар
Тарбағатайды Тянь-Шаньмен ұштастырады. Оңтүстік беткейдің тау етегіндегі
жазығы жусанды-дақылды, бұталы-жусанды өсімдігі таралған. Далалар
жайылымға, ал ылғалды жылдары өнімділігі 1га 4-6 ц шабындық жерлері ретінде
пайдалынады. (Н.М.Пржевальский 1948 ) [8.]
Тарбағатай тауалды жоталарында шаруа қожалықтарының жерлері 80 %
территориясы егіншілікке игерілген. Бұл жерде богарлы дақылды егіншілік ал
жотаның батыс бөлігінде бау-бақша өсіру және жүзім шаруашылығы дамыған.
Солтүстік беткейінің етегіндегі жазық, суармалы егіншілікке пайдаланылады.
Тау алды жоталарының тік беткейлері көктемгі - жазғы жайылым ретінде
пайдаланылады. Аңғар шалғындары - шабындық, субальпілік, альпілік шалғындар-
жаздық жайылымдар болып табылады.
Батыс Тянь-Шань Қырғыз және Талас Алатауынан батысқа орналасқан. Ол
Тянь - Шанның басқа провинцияларына қарағанда солтүстік - батыс және
оңтүстік-батысқа созылған жоталар жүйесі мен оларды бөліп жатқан
депрессиялардан түзілген. Бұл виргациялық жоталар шоғыры оңтүстік – батысқа
қарай төмендеп, варисс антиклинорийлерімен аяқталады. Провинция
ландшафтары Тянь – Шанның басқа бөліктері мен салыстырғанда Шығыс пен
Жерорта теңіздік елдермен тығыз байланысты. Бұл провинцияға солтүстік пен
солтүстік-шығыстан келетін әлсіз суық ауа массаларының әсері тән. Жерорта
теңіздік секторға тән атмосфералық процестер басым әсерін тигізеді.
Сондықтан, жауын-шашын негізінен көктемгі-қысқы кезеңде түседі. Жоғары
биіктіктерде жауын – шашын максиммумы айқын байқалады. Климаттың бұл
ерекшеліктері топырақ пен өсімдік жамылғысының сипатын анықтайды. Тау
етегінде эфемерлік шөл мен шөлейт басым ( аласа шөптесін саванноид ), қалың
бидайықты дала, ірі шөптесін шалғынды далалар (биік шөптесін саванноидтар),
жемісті- жаңғақты ормандар, ағаш тәрізді аршалар. Қазақстан территориясында
провинция үш облыстан тұрады: Қаратау шөлейттік және далалық аласа таулар
Тянь - Шанның шеткі солтүстік батыс сілемі болып табылатын сұр және сұр -
қоңыр топырақты Қаратау жотасынан тұрады. Оның солтүстік батыс бағытта
созылуы протерозойлық гнейстік қабаттардың ежелгі Каледон қатпарлығы мен
кейін төменгі палеозой кристалды тақтатастар мен әктастардың варисс
қатпарлығы мен байланысты. (Семенов-Тян-Шанский 1856-1857) [9.] Қаратау
құрылымындарын аймақтық жарықтар бөлшектеген. Жер бедерінің басым типін
біртұтас ежелгі тегістелу беткейін құрайтын үстірт тәрізді суайрық
үлескілері құрайды (420 км). Бұл беткейден жоғары тік, жартасты беткейлері,
қырқа тәріздес суайрықтары тілімденген таулы бедері бар, жеке массивтер
көтерілген. Жалпы сипатына қарай бұл қарқынды тілімденген орта таулы бедер
типі. Ең биік жерлері орталық бөлігінде – Мыңжылқы (2176 м) мен Бессаз
(2167 м) шыңдары. Терең өзен аңғарлары жотаға перпендикуляр орналасады.
Кейбір жерлерде аңғарлар тар және жоғарғы бөлігінде каньон
тәріздес.(С.С.Шульц 1948) [10.] Тұрақсыз жыныстар басым жерлерде су
эрозиясы орын алған. Ерте палеозой мен девон конгломераттары, құмтастары,
тақта тастарынан құралған оңтүстік батыс экспозиция беткейлерінде денудация
басым. Суайрықтар мен тік беткейлерде тас үйінділері кең таралған. Топырақ
жамылғысы оңтүстік беткейде қалың емес және бөлшектеніп кездеседі. Климаты
әртүрлі провинциялар шекарасында орналасып, жота беткейлеріндегі әр түрлі
биіктік белдеу типтері мен ерекшеленеді. Солтүстік батыс беткейде тау
етегіндегі сораңды – жусанды шөлден жоғары ашық сұр – қоңыр топырақтарға
эфемерлі – дақылды, жусанды шөлейт, сұр – қоңыр топырақтарға, бетегелі –
бозды дала, ал оңтүстік шығыс бөліктің үстірт тәрізді суайрықтарында (
жондарда ) қаратопырақты шөптесін – бозды дала таралған. Ал оңтүстік батыс
беткейінің етегінде ашық сұр топырақтарға эфемерлі шөл, таулы сұр
топырақтарға эфемерлі шөптесін - жусанды далалар орналасқан. Осы Түркістан
аймағында сантонин өндірілетін бағалы емдік шикізат өседі. Боралдай қыраты
аймағында, оңтүстік шығыста таулы қоңыр топырақта алма ағашы, алша, шие
өседі. (Н.М.Пржевальский 1947) [11.]
Ұзын және биік тау жоталары бұл провинцияда (Іле Алатауы, Қырғыз
Алатауы) тұйық, ірі тау аралық ойпаттармен (Кеген, Текес т.б) шектеледі.
Альпілік бедер пішіндері бар биік тау жоталарымен қатар, тармақталған
денудацияға қатты ұшыраған шеткі орта таулар Кетпен мен Шу – Іле,
Кіндіктас, Сөгеті аласа таулар жатады. Солтүстік Тянь – Шань басқа
провинциялармен салыстырғанда солтүстік, солтүстік – батыс ауа массалары
басым әсерін тигізеді. (В.М. Чупахин 1959) [12.] Сондықтан сыртқы
беткейлердің ылғалы мол. Климат шұғыл континентальды және бореальды сипат
алады. Ылғалдану деңгейі батыстан шығысқа азаяды. Осы бағытта көктемгі –
қысқы жауын – шашын максимумы көктемгі – жазғы кезеңге ауысады. Биіктік
белдеулік өсімдік жамылғысының солтүстік типімен және орта таулы орманды –
шалғынды далалы, шалғынды – субальпілік, шалғынды орманды белдеулермен
ерекшеленеді. Провинцияның батыстан шығысқа ұзақ созылуы мен табиғи
жағдайлардың алуан түрлілігі төрт облысты бөліп көрсетуге мүмкіндік
береді.( М.Г. Попов 1941) [13.]
Кетпен таулы үстірті далалы облысы 3000 м биіктіктегі Кетпен жотасымен
қатар Кеген - Текес ойпаты мен қоршаған таулар беткейлерінен тұрады. Шарын
мен Текестің жоғарғы ағыстарының алаптары орналасқан. Орта таулардың қатты
тілімденген бедерімен қатар, тегіс толқынды ежелгі тау бетінің тегістелу
беткейлері, жонды толқынды, жазықты ойпат бедерлері жақсы дамыған.
Тегістелу беткейі Кетпен жотасының толқынды үстірт тәрізді шыңды құрайды.
Баянқол шыңдарында қазіргі мұзбасу байқалады, ал Кетпен жотасын да ежелгі
мұзбасу іздері мен қар сызықтары бар. Климат жағдайлары тау етегіндегі
жазықтары мен ойпаттарда богарлы әдіспен дәнді дақылдарды, картопты жүгері
және басқа да ауыл шаруашылық дақылдарды өңдеуге мүмкіндік
береді.(М.Ж.Жандаев 1978)[14.] Жалпы алғанда егіншілік жүргізуді төмен
температуралар шектейді. Далалар Кеген мен Текес ойпаттарының жазық
жерлерін алып жатыр. Кең тарлған сұр – қоңыр топырақтар обылыстың егіс қоры
болып табылады. Кеген мен Текес аңғарларында аллювиальды – пролювиальды
орта және ауыр құмайттарда өсімдік жамылғысына бай таулы шалғынды – сұр
қоңыр топырақтар дамыған. Текес өзені бойында Тұзкөл қазаншұңқырларында
саздар мен сорлар кең таралған. Кетпен жотасының солтүстік беткейінде
Баянкөл алабында Тянь-Шань шыршасынан құралған шыршалы орманды белдеу жақсы
дамыған. Бұл жерде шыршалы ормандардың бұталы - шөптесін, қыналы үш тобы
ажыратылады. Облыстың оңтүстік бөлігінде субальпілік және альпілік өсімдік
жамылғысы жеке белдеулерді құрайды. Шөптесін субальпілік және сарыкүйікті –
шөптесін альпі шалғындары кең таралған. Облыстың табиғи жағдайлары етті –
сүтті мал шаруашылығы мен богарлы егіншілік дамуына қолайлы.
Шу-Іле шөлейтті және далалық аласа таулары гранитті интрузиялар
жарып шыққан протерозойлық және төменгі палеозойлық тақтатастар мен
гнейстерден түзілген. Олар жақпарлар мен ойпаттарға жарықтар жүйесімен
тілімденген. Тау беткейін ежелгі пенеплендену тегістеген. Массивтің ең биік
жері 1800 м (Сораң тауы). Климаттың шұғыл континентальдығына байланысты
солтүстік бөлікте аналық жыныстар көп бұзылған. Негізгі кеңістіктер
шөлейттің биіктік белдеуінде орналасқан. Беткейлерде өсімдік жамылғысы
жалаңаш жартастар мен үзіледі. Жусанды – эфемерлі, жусанды – сораңды
ассоциациялары қиыршықтасты сұр топырақтарда өседі. Территория аз өнімді
қысқа жайылымдар ретінде пайдаланылады. 1200-1300 м-дей жоғары тау
үлескілерін, әсіресе үстіртті шыңдарды бетеге, боз, жусанды шөлдік бетеге
өскен сұр – қоңыр топырақтардағы дақылды – шөптесін құрғақ далалар құрайды.
Шатқалдарда бұталар кездеседі, ал тегіс сайлар түбінде шабындық ретінде
пайдаланылатын шалғынды үлескілері бар. Облыс территориясында жайылымдық
қой шаруашылығы мен богарлы егіншілік дамыған. Жеке өзендер бойында дәнді –
дақылдар мен көкөніс – бақша дақылдары өсіріледі.
Қырғыз жотасының Қазақстанға тек тік солтүстік беткейдің батыс бөлігі
кіреді. Батыс шетіндегі беткей әсіресе тік және қысқа (10 км). Абсолютті
биіктіктері 3000 м – аспайды. Облыстың батыс бөлігіндегі тау алды сызығымен
тау етегі климаты ылғалды. Жауын – шашын 200-300 мм, мөлшері шығысқа қарай
ұлғаяды. Жотаның батыс бөлігінде шөлейттік және далалы ландшафтар басым.
800-1500 м-де сұр топырақтарға жусанды – эфемерлі басым жер ауданы су
қорына кедей, топырақ жамылғысы тік беткейлерге байланысты игерілмеген
жерлер, көктемгі – күзгі және қысқы жайылымдарға падаланылады.
Қырғыз жотасының орта тауларының төменгі бөліктерінде далалар таулы
қара топырақтарға биік шөптесін шалғынды далаларға, бұталар арша
ормандарына ауысады. Табиғи жағдайлар кешеніне қарай жотаның батыс бөлігі
етті – сүтті мал шаруашылығына, егіншілікке қолайлы. (К.В. Станюкович 1973)
[15.]
Тау етегінде богарлы дақылды егіншілік жүргізіледі. Барлық жерлерде
эрозия процестері дамыған.
Биіктік белдеулік атаулардың ғылыми негіздері мен халықтық
атауларының сәйкестілігін қарастыру үшін, Іле Алатауын нысандық зерттеу
ретінде тиянақтадық. Сондықтан осы өңірдің жер бедері, климаттық
ерекшеліктері, топырақтары және өсімдіктері мен жануарлары, физикалық-
географиялық жағдайларын талдадық. Осының алдында Іле Алатауының жалпы
сипаттамасын беруді жөн көрдім.

1.3 Іле Алатауының зерттелу тарихы

Іле-Алатауы Тянь-Шань таулы жүйесінің солтүстік жоталарының бірі
болып табылады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты “Іле өлкесі” деп
атаған. Солтүстігінде жота тау алды жазығымен, ал оңтүстігінде-Шелек және
Шонкемен өзендерінің аңғарлары болып табылады. Батысында Қастек өзенімен,
Шығысында Шарын өзенімен шектеледі. Жотаның ең биік нүктесі Талғар шыңы,
оның биіктігі 4978 м жетеді. Биік таулар негізінен орталығында орналасқан.
Климаты континентальдылығымен ерекшеленеді. Іле Алатауының геологиялық
құрылымы өте күрделі. Мұнда интрузивтік магмалық жыныстар кездеседі.
Сонымен қатар метаморфтық тау жыныстарыда кездеседі. Тау жотаның үлкен
бөлігі палеозойлық жыныстардан құралған “сөрелер” пайда болды.
XÍX Ғасырдың екінші жартысында Европаның ғылыми әдебиетінде, тянь-шань
таулы елі мүлде белгісіз қалды. Батыс Европа ғалымдарының Тянь-Шань
табиғатымен танысуы өте қызық болды. Мысалы атақты неміс ғалымы Аленксандр
Гумбольдт Тянь-Шань тауы қазіргі вулкандық аймақ екенін дәлелдеді.
Көрнекті қазақ ғалымы Шоқан Уалиханов Европалықтардың аяғы жетпеген,
жұмбақ болып келген, Тянь-Шань таулы аймағын алғаш зертеген ол, 1956 жылды
Іле Алатауының шығыс бөлігін Ыстық көлге дейінгі аймақты зерттеуге арнады.
1856 жылы белгілі Семенов Тянь - Шанский екі рет саяхат жасады. Ыстық
көлдің шығысына жасаған бірінші саяхатында ол Верный бекінісінен Уалиханов
маршрутымен аттанды. Географ, әрі геолг, ботаник, әрі зоолог болған П.П.
Тянь-Шаньский маршрут бойынша әр түрлі әсіресе Іле Алатауының геологиясын
ғылыми тұрғыдан зерттеді. Ол жотаның рельефі геологиясы және өсімдік
жамылғысына ауқымды сипаттама бере отырып Биктік ландшафтық белдеулікті
алғаш рет ұсынды. Оны бес зонаға: Далалық, мәдени және бақшалық, Қылқан
жапырақты ормандар зонасы, альпілік және мәңгілік қар зонасы деп бөлді.
1902-1903 ж В. В. Сопожников неміс геологы Фридерхсен мен бірге Жетісуда
геоботаникалық жұмыстар жүргізді. 1903 ж одан кейінгі жылдары С.В.
Димитрев Іле Алатау мұздықтарын зерттеді. 1916-1920 жылы Іле Алатауының
мұздықтарын В. Д. Городецкий зерттеді. Д. Н. Казанали 1946-1949 жылдары Іле
Алатауының Сейсмикалық - тектоникасын зерттеді. Ол өзінің есеп беру кезінде
жотаның геологиялық картасын көрсетті. 1946-1948 жылдары Іле Алатауының тау
алды лесстық түрімен, Ломонович айналысты.
Іле Алатауын зерттеген көрнекті орыс ғалымы, географ Семенов Тян-
Шанский 1856-1857 жылдары Тянь-Шаньға жасаған атақты саяхатында, Европа
ғалымдары бірінші рет географиялық тұрғыдан, сол аймақтың геологиясы мен
өсімдіктеріне нақты мәлімет алды. Ол Іле Алатауының солтүстік беткейінің
орталық бөлігіне, тік бағытта ландшафтық белдеу орналастырды. Ең бірінші
Іле Алатауының топырақ жамылғысы, осы аймақта 1886 жылы геобатаникалық
зерттеу жүргізген атақты ботаник әрі географ А.Н. Красновтың еңбегін еске
түсіреді.
Тау етегіндегі далалы жазықтар, аласа таулар, субальпілік – орманды
орта таулар, шалғынды – альпілік және мәңгі қарлы биік таулардан құралған.
Іле Алатауы оңтүстікке дөңестелген кең доғаны құрайды. Жота ұзындығы 300
км, ені 35-40 км. Орталық қырқалы бөлігі ( Қаскелең – Түрген өзен аралығы )
тік беткейлі, жартасты суайрық қырқалы, гляциальды пішіндегі альпілік
бедерге ие. Биіктігі 4500-5000 м шыңдар мен қазіргі мұз басу орналасқан.
Жотаның оңтүстік беткейі тік, бірақ үлкен Кемен мен Шілік алаптары
өзендерімен аз тілімденген. Жоғарғы ағыстарында ұзындығы 10 км созылған
басты суайрық қырқасы Іле Алатауын Күнгей Алатауымен байланыстыратын Шілік
– Кемен тау торабы орналасқан. Талғар шыңынан шығысқа қарай қырқаның
биіктігі төмендейді. Жотаның батыс бөлігінде ауыспалы қырқалар мен
үстірттерден тұратын тегістелген Қастек және Кіндіктас таулары орналасқан.
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі орта таулардан төмен терраса түрінде
төмендейтін тау алды жоталары орналасқан. Оларды жоғарғы сатысы 1300-2000 м
биіктікте және 30-50 м тік кертпешпен төменгі сатыға түседі (1000-1300 м).
Өзен аңғарлары оларды 20-30 м тереңдікте дөңбектасты – малтатасты
флювогляциальды шөгінді төсеніші болып табылатын лессты жыныстардан тұратын
тегіс шыңды жондарға тілімдейді. Төменгі тау алды жоталарына жыралар тән.
Жауын-шашын богарлы дақылды егіншілікке қолайлы жағдай туғызады.
Төменгі тау алды жоталарын орта гумусты таудың қара топырағы дақылды-
шөптесін дала алып жатыр. Олардың тегіс беткейлері егіске қолданылады.
Жоғары беткейлерде биік шөптесін далалар, ал аңғар мен сайларда солтүстік
және шығыс беткейлердегі жапырақты ормандарда өрік, алма ағашы, көктерек
өседі. 1400-2600 м биіктікте солтүстік беткейінде Тяньшаньдық шырша
ормандары өсетін орманды-шалғынды, белдеу орналасқан. Жеке шыршалар 280 м
биіктікке көтеріледі. Жоғары Түркістандық арша мен шөптесін субальпілік
шалғындар 3000 м көтеріледі, одан кейін аласа альпілік сарыкүйікті шөптесін
шалғындар басталады. 3300 м жоғары жартастар арасында таулы тундралы
полигонды топырақтардағы альпі өсімдіктерінің жұрнақтары ғана кездеседі.
Іле Алатауының солтүстік беткейінің тау етегіндегі суармалы
белдеулерінің аймақтары бидай, қантқызылшасының, темекі бау-бақша, көкөніс
– дақылдарын жүзім өсіруге қолайлы табиғи жағдайларына ие. Жалпы алғанда
бұл белдеу суармалы, богарлы егіншілік пен етті – сүтті мал шаруашылығы
аймақ ретінде игеріледі. Орта және биік таулы территорияларда жайылымдық
және шабындық мақсатында пайдалануға болады.

2. Іле Алатауының физикалық географиялық
сипаттамасы

2.1 Іле Алатауының геологиясы мен геоморфологиясы

Геоморфология - жер бетінің рельефін, оның әр түрлі формаларының
құрылымын және шығу тегін зерттейтін ғылым. Кез-келген ауданның
геоморфологиясын жеткілікті зерттеу үшін рельеф формаларын белгілі бір
жүйеге келтіру керек, яғни оларды ең маңызды белгілері бойынша топтастыру
керек. Мұндай жүйелеу рельефтің берілген ауданның геологиялық құрылымымен
генетикалық байланысын, жер бетінің даму заңдылықтарын қамтып көрсетуі және
геоморфологиялық карталардың шартты белгілерін өңдеуде негізгі қызмет
атқаруы керек.( И.С. Щукин 1964) [16.]
Іле Алатауының территориясы шығу тегі әр түрлі рельеф пішіндері және
типтерінің күрделі үйлесімімен сипатталады. Рельефтің қалыптасуына әсер
етуші факторлар да алуан түрлі. Осының бәрін есепке ала отырып, біз Іле
Алатауын екі кешенге: эрозиялы-тектоникалық (таулы) және аккумулятивті-
тектоникалық (жазықтық) кешенге біріккен рельефтің жеті типін бөліп
көрсетеміз. Бірінші жағдайда жер қыртысының тектоникалық көтерілуін үнемі
бұзу процесі басып озады, сондықтан таулы рельефтің әр түрлі типтері
қалыптасады. Осы кешенге кіретін рельеф типтерінің сипаттамасын келтірейік.
Биік таулы-мұзды рельеф. Әдеттегідей жотаның ең жоғарғы зонасында,
3000-5000 м-ге дейін биіктікте орналасады. Бұл максимальды тау көтерілу
зонасы. Берілген рельеф типі ендік бағытта 160 км-ден көп қашықтыққа
созылатын Іле Алатауының орталық бөлігін алып жатыр. Ол жотаның ең биік
шыңдары: Талғар (5017), Қопа (4600), Погребецкий (4551) және тағы басқа
шыңдарын қамтиды. Олардың барлығы тауларда перамидалы жарлы шыңдар түрінде
жақсы ерекшеленеді. Мұнда асулар 3600 метрден жоғары биікте орналасқан және
шығуға қиын.
Мұзды биік тау қазіргі заманғы мұз басу зонасында орналасқан,
сондықтан рельефтің сыртқы көрінісі тік, құламалы, баурайлы (40-50º) дейін
және үшкір шыңды болып келеді. Су айрық қырқасының саласы қыртысты
профилмен ерекшеленеді.Қырқаның баурайларын бойлай аумағы 800м-ге дейін,
кейде көлденеңінен километрден көп мұздықтардан құралған орасан зор
тостаған тәрізді қазан шұңқырлар карлардың тізбегі байқалады. Олар көп
камералы болады және мұздықтардан тұрады. Қыста олар орасан мол қармен
тығыздалып, қабырғалары аппақ қарға оранады. Жиі, қарама-қарсы беткейлердің
карлары артқы қабырғаларының жақындауынан суайрық қырқасында ойпат түзеді,
немесе 3-4 карлар қабырғалары үйлескенде ортасында құзды шың-карлинг
қалады, бұл типке жотаның көптеген шыңдары жатады. (С.В. Калесник 1933)
[17.]
Дәл осы зонаны П.П.Семенов-Тянь-Шаньскийдің жазған мына сөздері
сипаттайды: “Күнмен, көгілдір көлеңкелермен, мәңгі ұйқыдағы қарлармен
шағылысқан таулар аспанда төніп тұрған тәрізді. Олардың үшкір шыңдары,
қатты пирамидаллар, орасан зор күмбездер, бұзылған және дөңгелек асулар
жердің түбіне созылған, көтерілген тұтас қабырға тәрізді көрінеді.
Мұз зонасында барлық жерде мәңгі тоң таралған, мұнда көптеген бұзу
процестер байқалады: сел тасқындары, тасқұлауы, беткейдегі малтатастардың
жаппай қозғалысы, қар опырылымдары: сондай-ақ таулардың үстінде тасты
көпбұрыштардың қалыптасуы байқалады. Сел тасқындарына жеткілікті материал
болып табылатын ежелгі және қазіргі заманғы мореналардың көптеген жиналуы
жүреді. Мұздықтардың соңынан алынған тік беткейлі және тегіс түпті үлкен
мұз аңғарлары басталады.
Жотаның шеткі сілемдерінің сондай-ақ тік жартасты пішіндері бар.3000-
3500 метр биіктікте жотаның солтүстік және оңтүстік беткейлерінде әрекетсіз
карлардың орналасқан типтері бар. Олар Асы, Түрген өзендерінің басталар
жерінде, Үлкен Алматы, Ұзынағаш, Қарақастек және тағы басқа өзендердің
бастауларында жақсы көрінеді. Ежелгі трогтардың төменгі шетінде сондай-ақ
едәуір биіктікте тік кертпештер түзетін мореналардың үйіліп жатуы және
сарқырамалар байқалады. Мұндай кертпештің биіктігі мысалы: Үлкен Алматы
аңғарында 500 метрге дейін жетеді. (М.Ж. Жандаев 1966) [18.]
Орташа тау.Ол Іле Алатауында ең көп таралған және 1600-3000 м
биіктік шекарасында орын алады. Жотаның орталық бөлігінде ол тікелей биік
таулы рельефке жалғасады, ал шығыс бөлігінде азды-көпті дербес тау
сілемдерінен тұрады: Бақай, Сөгеті, Торайғыр, Далашық және т.б. Орташа
тауға көбірек тегістелген майда пішіндер (контурлар) тән, бірақ сондай-ақ
ол тереңдігі 800-1000 м-ге және тіпті одан да көп бірнеше метрге жететін
орасан зор шатқалдар жүйесімен күшті тілімденген. Бұл осы зонадағы жауатын,
және мұздықтармен қатар шұғыл төмендейтін және тек қана бірыңғай энергиямен
терең эрозия тудыратын суы мол өзендерді қоректендіретін атмосфералық жауын-
шашынның максимальды мөлшерінің басымдылығымен түсіндіріледі. Олардың
аңғарларының беткейлері тіп-тік 30-40º.
Сондай-ақ орташа таулар шекарасында, өте құламалы бірте-бірте бұзыла
отырып малта тастармен немесе көлге айналатын сулармен толығатын ежелгі
сөнген карлар көп.
Осы типке жататын таулар айналасы түгелдей дерлік рельефте айқын
көрсетілген опырылмалармен қоршалған. Таулардың беткейлері сонау шыңдарына
дейін тығыз таулы шалғынды өсімдіктермен, жотаның орталық бөлігіндегі
солтүстік экспозиция беткейлері орманмен көмкерілген.
Сатылы аласа таулар. Іле Алатауының геоморфологиялық құрылымының өзгеше
ерекшеліктерінің бірі-оның солтүстік беткейінің сатылы құрылымы, яғни екі
айқын сатыланған прилавкалардың бар болуы. Жоғарғы сатының рельефі
тығыздалған немесе сатылы бетті және бірқалыпты кескінді жотаның негізгі
сілемінен солтүстік бағытта шегінген кішкене таулар немесе тізбектер болып
табылады. Олардың абсолютті биіктігі 1200-1700 м. Олар шатқал тәрізді
тереңдігі 300-400 м-ге дейінгі өзен аңғарларымен тілімденген.
Олардың беткейлері тік 25-30º, шымға айналып қыртыстанған және
қалың таулы-шалғынды өсімдіктермен жамылған жыныстардың көптеп жиналуы
нәтижесінде топырақ түзілу процесі сферасына қатыстырылған және едәуір
биіктікке көтерілген осы тау белдеуінің бұрынғы гипсаметриялық күйінің өте
төмендегенін көрсетеді.
Төменгі тау алды сатысының биіктігі 900-1200 м. Рельефтің оң
пішіндеріне тегіс немесе солтүстікке жалпы еңістелген, әлісіз адырлы бетті
аласа таулар жатады. Олар өзендермен және көптеген уақытша ағын сулар
сайларымен тілімделген сатылы тау алды шекарасында табиғи және рельефтің
жасанды формалары үлкен даму алған: карьерлер, каналдар, сатыланған
беткейлер, жолдар, платиналар, дамбалар және тағы басқа. Төбелі аласа
таудың өзен аңғарлары кең, ысырынды конустарға ауысатын, айқын байқалған
терасалы болып келеді.
Тізбектелген - ұсақ шоқылы аласа таулар. Ол жотаның батыс және Шығыс
атыраптарында жекелеген учаскелермен таралған: Торайғыр массивінің
шекарасында, Жіңішке ойпатында, Қозыбасы тауларында, жотаның оңтүстік батыс
бөлігінде және басқа аудандарда. Оның рельефі көбінесе салыстырмалы
биіктігі 100-ге дейін, сирегірек 200 м-ге дейінгі ассиметриялы аласа таулар
болып табылады. Олар құрғақ аңғарлармен немесе тереңдігі 50-70 м сайлармен
тілімденген. Қозыбасы тауларының солтүстік беткейі тік және биіктігі 200 м
жоғары тектоникалық кертпеш, оңтүстігі жазық созылған болып келеді. Сөгеті
массивінің сілемі солтүстігінде меридиан бағытында орналасқан және
алмаспайтын өтпелі құрғақ аңғарлармен тілімденген қысқа ассиметриялы
тізбектер дамыған. Торайғыр жотасының шығыс бөлігінде симетриялы жоталар
таралған, олардың осьтері бойынша әдетте аса тұрақты жыныстардың желілері
айқын көрініп тұрады. Торайғырдың оңтүстік беткейінде тегіс қырқалы немесе
салыстырмалы биіктігі 100 м-ге дейінгі қысқа тізбекті таулар дамыған.
Ұсақ шоқы. Ол екі аймақта таралған. Біріншісі-Қызылқырқа ұсақ шоқысы
орналасқан Сөгеті тауларының шығыс бөлігі, оның рельефінің қарапайым
пішіндері жекеленген шоқылар немесе оң конустәрізді шыңды төбелер болып
табылады. Олардың салыстырмалы биіктіктері 15-30 м. Өзінің оңтүстік
бөлігінде Қызылқырқа биіктігі 50 м-ге дейінгі тектоникалық кертпешпен
шектелген. Мұнда ұсақ шоқы аса қарқынды тілімденген және аласа тау сипатына
ие.
Сөгеті ойпатының шығыс бөлігінде орналасқан шөладыр ұсақ шоқысының
дамуы біршама өзгеше. Мұндағы оң элементтер биіктігі 10-15, кейде 30 м-ге
дейінгі сиретілген аласа және жайпақ төбелер болып келеді.Шөладыр ежелгі
тегістеліу бетінің аса көтеріңкі аймағы болып табылады. Өзінің дамуында ол
барлық тау аралық ойпаттармен бірге айналасындағы таулардан елеулі артта
қалады және бірте-бірте соңғыларының қалдықтарының асиына көміледі.
Екіншісі эрозиялық - тектоникалық жазық кешен Іле Алатауының тауалды
зонасының және тауаралық ойпаттарының рельеф типтерін біріктіреді, онда
теріс тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде үлкен қалдықты материал
жиналады. Жекелеген аймақтарда, орта антропогеннен басталып, керісінше
көтерілулерді бастан өткізеді. Әр түрлі бедерлердің тектоникалық
қозғалыстарының байланысы және борпылдақ қалдықты материалдардың жиналуы,
сондай-ақ тау өзендерінің қарқынды эрозиялы әрекеті рельефтің әр түрлі
типтерінің қалыптасуын алдын ала анықтайды.
Ғалымдар Іле Алатауы жоталарында тау жондарының қалыптасу процесі әлі
де жүріп жатыр деп санайды. Таудың жотасы жыл сайын орташа есеппен 5 мм
жоғары көтеріледі, мұның өзі жер сілкінуіне, тастардың құлауына, жер
бедерінің өзгеруіне себепкер болады.
Іле Алтауының орнында көне замандарда әжептәуір жазық жер болған.
Жүздеген миллион жылдардың ішінде герцин қатпарлықтары нәтижесінде құралған
ежелгі тау жүйелерінің барлығы пенипелнденген, яғни тегістелген жерлерге
айналған.
Іле Алатауы жотасының биіктеуі осы полиоценде басталған. 13-14
миллион жыл ішінде таудың биіктігі шамамен 2500 м-ге жеткен. Жотаның
биіктеуімен бір мезгілде тау етегіндегі бөктерлер шөгіп, жотаның шығыс
жағындағы тауаралық алқаптар да бірте-бірте төмендеген. Тектоникалық әсер
ету кезеңінің біршама тынышталған уақытынан кейін орта антропоген дәуірінде
(осыдан 600 мың жыл бұрын ) тектоникалық қимыл-қозғалыстар қауырт күшейіп,
таулар осы күнгі биіктігіне – 4700 метрге жеткен.
Іле Алатау бедерінің қалыптасуына едәуір дәрежеде мұздықтану кезеңі
де әсер еткен, сол әсердің салдарынан тау жыныстары етекке қарай
ығыстырылып, орасан үлкен төкпелі өршіктер пайда болған, жоғары белдікте
тау жыныстары сынықтарының үйілген шөгінділері қалыптасқан.
В.М.Чупахиннің (1964) пікіріне қарағанда, мұздықтану дәуірі екі рет
болған. Алғашқысы үшінші кезеңнің ( полезой эрасы ) соңына тура келеді.
Ежелгі мұздықтанудың екінші дәуірі орта немесе соңғы төртінші кезеңге
(мезозой эрасы ) тұспа – тұс келеді. Бұл уақытта Евразияның жалпы климаты
өзгереді. Алғашқысында жер беті жартылай мұздықтанған, екінші мұздықтану
таулар мен тау алқаптарына жайылған. Осы мұздықтанулардың нәтижесінде Іле
Алатауы биік таулы альпілік бедерге ие болған. Тау бөктерлерінде шомбал
тастардың ұмар-жұмар үйінділері мен қуыстар ( мұздақ эрозиясының
нәтижесінде беткейлерде, бөктерлерде, жартастарда пайда болған ) кездеседі.
Жоғары жақтағы алқаптар трог түрінде, яғни түбі жалпақ та дөңгелектеу астау
тәрізді шұңқыр, ең төменгі бөктері тік жарқабақ болып келеді.
Тау жоталарының бөктерлерінде эрозиялық жүлгелер сансыз көп, қар
көшкіндері, кей-кейде селге айналатын екпінді су тасқындары осы жүлгелермен
сарқырай ағады,- осының бәрі сансыз көп тарам-тарам тармақтары бар аса ірі
шатқалдар, құзарттар қалыптасуының негізгі себептерінің бірі – бұл су және
мұзарт эрозиясы екенін дәлелдейді және Іле Алатауының осы күнгі бедерлеріне
тән сипат болып табылады.
Іле Алатуының геологиялық құрылымы аса күрделі. Мұнда интрузивтік
магмалық жыныстар ( гранит, гранодиорит, сенит, диорит ) кездеседі, бұлар-
балқыған, содан кейін тереңде суынып, қатып қалған магмадан және шөгінді
жыныстардан құралған саз балшық, сары топыраққа ұқсас қыртыс, утас,
малтатас түріндегі қатқыл денелер. Шөгінді жыныстар қабат-қабат болып
жатады және магма жыныстарының талқандалуы, тасмалдануы нәтижесінде,
солардың шөгінділерінен сондай-ақ жануарлардың сүйектері мен өсімдіктердің
шіруі нәтижесінде құралып, қалыптасады. Сонымен қатар метаморфтық тау
жыныстары – слонец, гнейс, гипарит сияқтылар кездеседі. Метаморфизм
дегеніміз – жер қабығының қозғалысы нәтижесінде, жоғары қысым, температура,
жер астындағы ертінділер мен газдардың әсер ету салдарынан терең
горизонттарда интрузивтік немесе шөгінді жыныстардың өзгеруі.
Тау жотасының белдікті бөлігін бойлай жеке учаскелер түрінде неғұрлым
көне, ежелгі жыныстар кездеседі, бұлар протерозой дәуірінде, осыдан 500
миллионнан астам жыл бұрын қалыптасқан кристалды сланец, кварцит, гнейс,
тағы сол сияқтылар. Тау жотасының үлкен бөлігі палезойлық жыныстардан –
гранит, гранодиорит, сиенит сияқтылардан құралған.
Тау жотасының орталық бөлігінде, әсірісе кіші Алматы шатқалында ірі-
ірі сұр гранит кездеседі. Іле Алатауы жотасында қызыл және қызғылт гранит
мейлінше мол. Талғар шыңы және жотаның орталық бөлігінде шың – шоқылары,
Келбин тау торабы негізінен алғанда осы жыныстардан құралған. Граниттің
қирап ұсақталу салдарынан кедір-бұдыр ұсақ – кесек, қиыршық, құмдақ, ауыр
балшық түріндегі жыныстар тау бөліктерінде молынан шашырап жатыр. 2800-3000
метр биікте көне мұздақ кезеңіне тән бедерлері бар толқын тәрізді болып
біткен, Сырт деп аталатын жазық жабдандар орналасқан. Биіктіктегі бұл жазық
Сыртта, осы күнгі жайлау, мал жайлымдарында көне мұздықтардың әсерінен
пайда болған жүлгелері, сай – салалары бар “қошқар маңдай,” жылтыр, тегіс
шың – шоқылы танаптар кездеседі. Кайнозой дәуірінен бергі анағұрлым жас тау
жыныстары балшықтан, ұсақ малтатастардан құралған.
Қызыл балшық Іле Алатауында бұғыты жотасында кездеседі, мұнда гипс
кен орны табылып отыр. Бұл көне балшықтар миоцен кезеңінде, қазіргі Іле
Алатауының орнында жалпақ жазық көсіліп жатқан кездерде құралған. Бұларда
қойтас – малтатас шөгінділері табылған жоқ. Тау жотасының шығыс жақ
бөлігінде, Жіңішке өзенінің алқабы мен Жалаңаш қазан шұңқырында сары балшық
пен ұсақ қиыршық малтатастардан анағұрлым жасаң плиоцен шөгінді жыныстары
қалыптасқан. Бұл шөгінділер қызыл балшық қабатынан жоғары орналасқан.
Тау аралық аккумулятивті жазықтар. Бұл типке Жалаңаш және Сөгеті
ойпаттарының рельефі жатқызылады. Олардың біріншісі солтүстігінде Торайғыр
және және оң түстігінде Күнгей Алатауы жоталарының аралығында орналасқан
және ұзындығы меридиан бағытында 22 км, ал ендік бағытта – 20 км,
абсолюттік биіктіктері 1300 – 1500 м көтеріңкі жазық болып табылады. Оның
беті солтүстік - батысқа қарай еңістелген және бірыңғай рельефті, тек
батысында ғана кішкене тегіс сайлармен біршама біршама күрделенген.
Жазықтың солтүстік бөлігінде Торайғыр жотасының оңтүстік беткейінің уақытша
ағын суларының ысырынды конустары жақсы ерекшеленеді. Оның шығыс бөлігін
солтүстік - шығыс бағытында тереңдігі 300 м-ге дейін жететін Шарын өзені
аңғары басып өтеді. Сөгеті және Торайғыр тауларының аралығында орналасқан
Сөгеті жазығының құрылымы мен шығу тегі ұқсас. Оның ендік ұзындығы - 35 км,
меридиандық – 15, абсолюттік биіктігі 1000-1200 метр.
Сонымен, Іле Алатауының геоморфологиялық құрылымы өте күрделі болып
шықты және әр түрлі сыртқы факторлардың: климат, өзен, мұздық және т.б.
әсерлері тікелей көрінісі болып табылады. Рельеф типтері Іле Алатауының
қалыптасуының бүкіл кезеңінде бірте-бірте қалыптасты, яғни олар жердің ішкі
және сыртқы күштері әрекеттестігінің нәтижесі ретінде жота дамуының табиғи
жүрісін қамтып көрсетеді.

2.2 Іле Алатауының климаттық жағдайлары

Бұл аймақтың климаты айқын көрсетілген континентальдылығымен
ерекшеленеді. Тау етегі зонасында жаз өте ыстық, ал қысы жиі жылымықты
қоңыржай жылы болып келеді. Тауға жоғарылаған сайын ауаның температурасы да
төмендейді, қар мөлшері де көбейеді, ал биік таулы зонада қарлар қатты
түрде түседі және тұрақты қарлар мен мұздықтарды құрайды. Ауа
температурасының көп тербелуі, нивальді белдеуде қарқынды үгілудің пайда
болуына себеп болады. Сонымен қатар, солифлюкциялық құбылыстар және тау
беткейлерімен қиыршық тастардың жаппай жылжуы тән. Тау етегі жазығында да,
үгілу процестері белсенді байқалады: шаңды дауылдары, топырақ құрғақшылығы,
құмдардың үрленуі мезгілімен тұрады, қойтасты-малтатасты материал біртіндеп
ұшырайды. Геоморфологиялық жағынан алсақта, қысы теріс мағыналы сипатына ие
болады: қаланың солтүстік шеттерінде 420 мм түссе, Медеуде – 843 мм,
Жоғарғы Горельникте – 881 мм. Одан жоғары, температураның төмендеуіне және
ылғалдың азюына байланысты жауын-шашын мөлшері төмендейді. Мысалы,
Мыңжылдыққа –734 мм. Максимальді жауын-шашын зонасы 1500-2300 м. Айлық
жауын-шашынның ішкі жылдық таралуында екі минимум –жазда және қыста,
сонымен қатар, екі максимум: негізгісі көктемде және қосымшасы күзде. Үш
айда (сәуір, мамыр, шілде) 1000 метр биіктен жоғары орналасқан Іле
Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан барлық станцияларда, сонымен
қатар Алматы маңында, жылдық жауын-шашынның шамамен жарты мөлшері түседі.
Іле Алатауының су баланысында қар жамылғысы да негізгі мәнге ие.
Жергілікті климаттық және орографиялық жағдайлардың әртүрлілігі оның
қалыптасу, шөгу және бұзылу ерекшеліктерін анықтайды. Қар жамылғысының
жазықтығы орташа биіктігі 20-30 см, ал тауларда 90 см дейін жетеді. Тау
етегі жазығында жаз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Еуропа және Сібір платформалары
Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы
Шөлдің солтүстік және оңтүстік бөліктері
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Қазақстанның мұздықтары реликті мұздықтар
Жер қыртысының құрылымдық элементтері
Іле ойысы
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Таулармен жазықтардағы өзен аңғарлары
Пәндер