«Билер мектебі – билік үлгісі» (қазақ халқының сот тарихынан)



Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
А) Майқы би
Ә) Асанқайғы
Б) Төле, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билер жайлы

III Қорытынды
Ұлылардың ұлағатын ұмытпау – ел боламыз деген халықтың тарих алдындағы парызы.
Қазақ ұлты басқа қай ұлтпен салыстырғанда да мемлекетікке лайық екеніне сенімдімін. Мұны ол өзінің бүкіл тарихымен дәлелдеп отыр.

Ежелден ен даланы еркін мекендеген қазақтардың арғы тегінен арналанып келген этно-мәдени, әлеуметтік құқықтық заңдылықтары бар. Осы заңдылықтар ғасырлар тезінен тегістеліп, дәуірелеуішінен екшеніп, буын-ұрпақ сұранысынан сұрыпталып, осылайша айтқанда әбден иі қанып, илеуі жеткен жағдайда ғана кәдеге асырылып отырды. Күнделікті отбасы, ошақ қасындағы жол-жоралғы, ырым-жырымнан бастап, әлеуметтік ортаға қарай ойысатын салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлі заңдылықтарға дейінгі дала ережелері ешқандай қағазға түспесе де қатаң қағидаларды ұстанып,соған негізделіп келген. Осының барлығы дерлік көшпелі өмір кешкен қазақтардың «аттың жалында, түйенің қомында» жүріп, өзге ұлт-ұлыстармен тарихи-саяси қарым-қатынаста өзіндік бет-бедерін сақтап қалудың, жұтылып кетпеудің бірден-бір жолы.
Сондықтан да ата-баба дәстүріне адалдық емілердің ең негізгі ғұмырлық ұстанымы болды. Соны ұрпақтан ұрпаққа аманаттап отырды. Табиғатынан жаны жомарт, құшағы ашық, қолтығы кең, мұраты асыл, арманы биік, мақсаты алыс қазақтардың қанына біткен ерекше бір қасиеті – оның шешендік өнердегі шексіз ділмарлығы еді. Оны кезінде әлемнің ірі саясатшылары мен ғалымдары мойындаған. Арғысын ақтармай-ақ, XIX ғасырдың ортасында қазақ даласында ұзақ мерзімді айдауда болған поляк революционері Адольф Янушкевичтің «Қазақ даласына сапары туралы жазбаларында» ағынан жарылып, былай айтылады: «Қазақтардың ойлау қабілетінің кереметтілігіне менің барған сайын көзім жетті. Олар сөзге дегенде ағып тұр. Әрбіреуі өз шаруасын жерін жеткізе түсіндіреді. Ал қарсы жақтың сылтауын бет қаратпай, табан астында жоққа шығарады. Қазақтың қиыннан қиыстырып, табан астынан тауып, сұғынған жерінен суырып алып, төтесінен төге, төбесінен төне, биіктен шүйліге, жақыннан жанай сөйлесетін қасиетінің арқасында артында ақылды да нақылды, аталы да баталы, бейнелі де бедерлі өздері мен ойларын қалдырды. Сөзге сөз келіп, атап бермекте тауып кетіп таң қалдыратын, жалт бермекте қауып кетіп жарақ аттайтың, ап-шап етпей алыстан ырғасып, астарлап «үй» деп басып, «бүй» деп аңдысқанның ау-жайын байқау, салған жерден салақтап бос сөйлемей, санап-санап отырып, сақпандай сарт еткізу, түзуден шыққаның бәрін есті сөзге баламай, емеурінінен-ақ екі етпей еркін сезетін естілік, ікесінен тік отырмай-ақ жамбастап жатып-ақ жалғыз ауыз сөзбен жайратып салу секілді шешендіктің шырқау биігі әріден қалыптасқан ежелгі дәстүр, құнды дүние, тәлімдік мектеп.
Бұл бұрынғы қазақ қоғамында тамырын тереңге жайды, бұлжымас дәстүр болып қалыптасты. Көшпелі өмірдің өзі ұсынған қатаң талаптары мен әлеуметтік-тұрмыстық бөліктері болды. Әйелге бала тауып, үй бағып, ерін күтуге міндеттелсе, ер жігітке һәм батырға елін, жерін қорғау жүктелсе, билері мен шендеріне әділ билік, келісті келісім айту тапсырылған. Ал жақындарына ақиқатты жырлауға парыздалған. «жол – мұраты жету, дау мұраты – біту» дегенді нақыл еткен ата-бабаларымыз ел арасындағы даулы мәселені ушықтырмай түйінді төрт ауыз сөзбен шешуді мақсат еткен. Ол үшін әділ билік жасайтын әйгілі би-шешендер қажет болды. Әсіресе қазақ үшін «жер дауы мен жесір дауы» деген бітпес даудың дауасын табу қай-қашан да оңай болмаған.
Сол себепті жаны да, қарашасы да от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жарып, әділ билік айтатын би-шешендерге мүдделі болды және оларды ерекше қастерледі. Би-шешендер билік айтып, кесім кескенде барынша ақ пен қарасын айырып, істің әділідгіне жүгінген. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қанатты сөз содан болар. Билердің кесім, бітімі ашық аспан астында, көпшіліктің көзінше айдан анық жария етіліп отырған. Жерлестікке салыну, жең ұшымен жалғасу, пара алып пайда көздеу, ырық бермей ымырасулар атымен болмаған сыңайлы. Әділдікті түп қазық етіп алған билік айтудың бұйдасын екінің бірінің қолына ұстата алмаған. Саналарымен салмақтап, саралап, байқап, бағдарлап барып, сөз жүйесіне, ой арнасын аңдап, өзін топ алдында толығымен көрсете алған адамды ғана алқап алдына ұстаған. Ол туралы ұлы Шоқан Уәлиханов «Сот реформасы» деген еңбегінде былай дейді: «Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, одан қала шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған». Мұнан әрі ұлы ғалым қақзақтың билік айтудағы кейбір ерекшеліктеріне тоқталады. Оның–билік–мұрагерлік дейді де, оған Қаракесектегі Қазыбек, Бекболат, Тіленші, Алшынбайларды атайды. Бұл жаппай көрініс алған нәрсе емес дейді. Айталық, Шорман би Қаржас руынан шыққан атақты, әрі бай қазақтың баласы, бидің баласы емес. Ата-бабасында би болмаған Шорман 13 жасында жиын топта топ жарып, дау шешеді, өле-өлгенше «бала би» атанып кетеді. Қазақтың рулық әдет-ғұрыптың бір ерекшелігі – дейді Шоқан, – қазақ даласындағы би атаулының іске қатысы жағынан қайсысын қалаймын десе, толық құқы бар.
Ол кездері көшпелі тіршілікке байланысты қазақтар басын дау-шарға салып алғанда, жиі қатынасатын, арадағы кикілжіңі, артық ауысы көрші биінен гөрі, бейтаныс биге жүгінуді жөн көрген. Шоқан келтірген ендігі бір қызық ерекшелік мынау: билер сотында егер айыпты адамға тікелей, айғақ табылмай, бірақ соның кінәлі екеніне күдік басым болса, онда билер айыпты адамның адал туыстарын төрелікке тартып, яғни оларға айыпкерді ант беріп ақтап алуға немесе айыптауына мүмкіндік берген. 1854 жылғы жаңа заңға қатысты ойларын айта келе былай дейді «Сонымен қазақ даласында ежелгі билердің соты баяғы қалпында жүргізіліп келеді». Расында Шоқан нақтап айтқандайын XIX ғасырдың екінші жартысына дейін қазақ даласында билер соты үстемдік құрып келген. Патшалық Ресей тарапынан әлденеше рет (1824, 1844, 1854) ережелер бекітілсе де билер соты халықтың күнделікті өміріндегі шым-шытырық тартыстарды қалпына келтіретін ең тура да әділ, ыңғайлы заң ретінде өз орнын сақтап қалды. Белгілі орыс зерттеушісі Л.А.Словоохотовтың өзі былайша мойындаған: «Қырғыздарда (қазақ) негізгі заңдар жүйесінің барлық түбірі тек шариғатқа тірелген жоқ». 1844 жылғы ереженің 59-шы тарауы бойынша егер сотқа берілген қылмыстық құны 50 сомға жетпесе, онда әртүрлі мазмұны бар шағымдар билер сотында қаралу айқындалған. Сол уақыттың өзінде патшалық сот реформасы ежелден келе жатқан жергілікті халықтың құқық дәстүріндегі «Жеті жарғы» және басқадай заң жүйелерімен санасуға тура келген. «Бұл құқықтық ережелер,-деп жазады зерттеуші П.Е.Маковецкий, – қағазға түспесе де көшпенділер бұл заңдарға ерекше ілтипатпен қарады». Шынтуайтыны келгенде осы құқықтық ережелерді халықтың мұң-мұқтажымен санасу арқылы дана-билер қалыптасты.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. «Арқа ажары» газеті 17 ақпан 2005 жылы.
2. «Ғасырлар тоғысында» Н.Ә. Назарбаев
3. Ш. Уәлиханов 5 томдық шығармалар жинағы. 4 том, Алматы, 1985, 87 бет.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Заң факультеті
Қылмыстық құқық кафедрасы

БАЯНДАМА

Тақырып: Билер мектебі – билік үлгісі
(Қазақ халқының сот тарихынан)

Орындаған:Наубаева Гүлшат Ққ-23
Тексерген:Ашимова Э.А. Аға оқытушы

Астана-2010

Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) Майқы би
Ә) Асанқайғы
Б) Төле, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билер жайлы
III Қорытынды

Билер мектебі – билік үлгісі

Нұрсұлтан Назарбаев:

Ұлылардың ұлағатын ұмытпау – ел боламыз деген халықтың тарих алдындағы
парызы.
Қазақ ұлты басқа қай ұлтпен салыстырғанда да мемлекетікке лайық екеніне
сенімдімін. Мұны ол өзінің бүкіл тарихымен дәлелдеп отыр.

Ежелден ен даланы еркін мекендеген қазақтардың арғы тегінен арналанып
келген этно-мәдени, әлеуметтік құқықтық заңдылықтары бар. Осы заңдылықтар
ғасырлар тезінен тегістеліп, дәуірелеуішінен екшеніп, буын-ұрпақ
сұранысынан сұрыпталып, осылайша айтқанда әбден иі қанып, илеуі жеткен
жағдайда ғана кәдеге асырылып отырды. Күнделікті отбасы, ошақ қасындағы жол-
жоралғы, ырым-жырымнан бастап, әлеуметтік ортаға қарай ойысатын салт-сана,
әдет-ғұрып, дәстүрлі заңдылықтарға дейінгі дала ережелері ешқандай қағазға
түспесе де қатаң қағидаларды ұстанып,соған негізделіп келген. Осының
барлығы дерлік көшпелі өмір кешкен қазақтардың аттың жалында, түйенің
қомында жүріп, өзге ұлт-ұлыстармен тарихи-саяси қарым-қатынаста өзіндік
бет-бедерін сақтап қалудың, жұтылып кетпеудің бірден-бір жолы.
Сондықтан да ата-баба дәстүріне адалдық емілердің ең негізгі ғұмырлық
ұстанымы болды. Соны ұрпақтан ұрпаққа аманаттап отырды. Табиғатынан жаны
жомарт, құшағы ашық, қолтығы кең, мұраты асыл, арманы биік, мақсаты алыс
қазақтардың қанына біткен ерекше бір қасиеті – оның шешендік өнердегі
шексіз ділмарлығы еді. Оны кезінде әлемнің ірі саясатшылары мен ғалымдары
мойындаған. Арғысын ақтармай-ақ, XIX ғасырдың ортасында қазақ даласында
ұзақ мерзімді айдауда болған поляк революционері Адольф Янушкевичтің Қазақ
даласына сапары туралы жазбаларында ағынан жарылып, былай айтылады:
Қазақтардың ойлау қабілетінің кереметтілігіне менің барған сайын көзім
жетті. Олар сөзге дегенде ағып тұр. Әрбіреуі өз шаруасын жерін жеткізе
түсіндіреді. Ал қарсы жақтың сылтауын бет қаратпай, табан астында жоққа
шығарады. Қазақтың қиыннан қиыстырып, табан астынан тауып, сұғынған жерінен
суырып алып, төтесінен төге, төбесінен төне, биіктен шүйліге, жақыннан
жанай сөйлесетін қасиетінің арқасында артында ақылды да нақылды, аталы да
баталы, бейнелі де бедерлі өздері мен ойларын қалдырды. Сөзге сөз келіп,
атап бермекте тауып кетіп таң қалдыратын, жалт бермекте қауып кетіп жарақ
аттайтың, ап-шап етпей алыстан ырғасып, астарлап үй деп басып, бүй деп
аңдысқанның ау-жайын байқау, салған жерден салақтап бос сөйлемей, санап-
санап отырып, сақпандай сарт еткізу, түзуден шыққаның бәрін есті сөзге
баламай, емеурінінен-ақ екі етпей еркін сезетін естілік, ікесінен тік
отырмай-ақ жамбастап жатып-ақ жалғыз ауыз сөзбен жайратып салу секілді
шешендіктің шырқау биігі әріден қалыптасқан ежелгі дәстүр, құнды дүние,
тәлімдік мектеп.
Бұл бұрынғы қазақ қоғамында тамырын тереңге жайды, бұлжымас дәстүр
болып қалыптасты. Көшпелі өмірдің өзі ұсынған қатаң талаптары мен
әлеуметтік-тұрмыстық бөліктері болды. Әйелге бала тауып, үй бағып, ерін
күтуге міндеттелсе, ер жігітке һәм батырға елін, жерін қорғау жүктелсе,
билері мен шендеріне әділ билік, келісті келісім айту тапсырылған. Ал
жақындарына ақиқатты жырлауға парыздалған. жол – мұраты жету, дау мұраты –
біту дегенді нақыл еткен ата-бабаларымыз ел арасындағы даулы мәселені
ушықтырмай түйінді төрт ауыз сөзбен шешуді мақсат еткен. Ол үшін әділ билік
жасайтын әйгілі би-шешендер қажет болды. Әсіресе қазақ үшін жер дауы мен
жесір дауы деген бітпес даудың дауасын табу қай-қашан да оңай болмаған.
Сол себепті жаны да, қарашасы да от ауызды, орақ тілді, қара қылды
қақ жарып, әділ билік айтатын би-шешендерге мүдделі болды және оларды
ерекше қастерледі. Би-шешендер билік айтып, кесім кескенде барынша ақ пен
қарасын айырып, істің әділідгіне жүгінген. Тура биде туған жоқ, туғанды
биде иман жоқ деген қанатты сөз содан болар. Билердің кесім, бітімі ашық
аспан астында, көпшіліктің көзінше айдан анық жария етіліп отырған.
Жерлестікке салыну, жең ұшымен жалғасу, пара алып пайда көздеу, ырық бермей
ымырасулар атымен болмаған сыңайлы. Әділдікті түп қазық етіп алған билік
айтудың бұйдасын екінің бірінің қолына ұстата алмаған. Саналарымен
салмақтап, саралап, байқап, бағдарлап барып, сөз жүйесіне, ой арнасын
аңдап, өзін топ алдында толығымен көрсете алған адамды ғана алқап алдына
ұстаған. Ол туралы ұлы Шоқан Уәлиханов Сот реформасы деген еңбегінде
былай дейді: Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау
жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот
рәсімін терең білетін, одан қала шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана
берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа
түсіп, өзінің заң жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұнан
әрі ұлы ғалым қақзақтың билік айтудағы кейбір ерекшеліктеріне тоқталады.
Оның–билік–мұрагерлік дейді де, оған Қаракесектегі Қазыбек, Бекболат,
Тіленші, Алшынбайларды атайды. Бұл жаппай көрініс алған нәрсе емес дейді.
Айталық, Шорман би Қаржас руынан шыққан атақты, әрі бай қазақтың баласы,
бидің баласы емес. Ата-бабасында би болмаған Шорман 13 жасында жиын топта
топ жарып, дау шешеді, өле-өлгенше бала би атанып кетеді. Қазақтың рулық
әдет-ғұрыптың бір ерекшелігі – дейді Шоқан, – қазақ даласындағы би
атаулының іске қатысы жағынан қайсысын қалаймын десе, толық құқы бар.
Ол кездері көшпелі тіршілікке байланысты қазақтар басын дау-шарға
салып алғанда, жиі қатынасатын, арадағы кикілжіңі, артық ауысы көрші биінен
гөрі, бейтаныс биге жүгінуді жөн көрген. Шоқан келтірген ендігі бір қызық
ерекшелік мынау: билер сотында егер айыпты адамға тікелей, айғақ табылмай,
бірақ соның кінәлі екеніне күдік басым болса, онда билер айыпты адамның
адал туыстарын төрелікке тартып, яғни оларға айыпкерді ант беріп ақтап
алуға немесе айыптауына мүмкіндік берген. 1854 жылғы жаңа заңға қатысты
ойларын айта келе былай дейді Сонымен қазақ даласында ежелгі билердің соты
баяғы қалпында жүргізіліп келеді. Расында Шоқан нақтап айтқандайын XIX
ғасырдың екінші жартысына дейін қазақ даласында билер соты үстемдік құрып
келген. Патшалық Ресей тарапынан әлденеше рет (1824, 1844, 1854) ережелер
бекітілсе де билер соты халықтың күнделікті өміріндегі шым-шытырық
тартыстарды қалпына келтіретін ең тура да әділ, ыңғайлы заң ретінде өз
орнын сақтап қалды. Белгілі орыс зерттеушісі Л.А.Словоохотовтың өзі былайша
мойындаған: Қырғыздарда (қазақ) негізгі заңдар жүйесінің барлық түбірі тек
шариғатқа тірелген жоқ. 1844 жылғы ереженің 59-шы тарауы бойынша егер
сотқа берілген қылмыстық құны 50 сомға жетпесе, онда әртүрлі мазмұны бар
шағымдар билер сотында қаралу айқындалған. Сол уақыттың өзінде патшалық сот
реформасы ежелден келе жатқан жергілікті халықтың құқық дәстүріндегі Жеті
жарғы және басқадай заң жүйелерімен санасуға тура келген. Бұл құқықтық
ережелер,-деп жазады зерттеуші П.Е.Маковецкий, – қағазға түспесе де
көшпенділер бұл заңдарға ерекше ілтипатпен қарады. Шынтуайтыны келгенде
осы құқықтық ережелерді халықтың мұң-мұқтажымен санасу арқылы дана-билер
қалыптасты.

Біздің бүгінгі тілмен айтқанда нағыз демократияның төменгі
құрылымдардан басталуы деген осы. Оның өзі адамдардың теңдік, еркіндік
құқықтарын ескеруді талап етуді негізделген. Адам санасының біртіндеп дамып
жетілуі табиғи заңды құбылыс болса, соған сай ел басқару, билік жүргізу
әдіс-тәсілінің де уақытқа сай өзгеруі заңды нәрсе. Әу басында биологиялық
заңдылықтан туындайтын қара күшпен бағындыру болды. Ол туралы қазақта
мынадай мақал бар: Аюға намаз үйреткен – таяқ. Адам санасының өсуіне
қатысты қоғамдық қарым-қатынастардың күрделенуіне сай мәселені ақылмен шешу
жүйесі қалыптаса бастады.
Мұның өзі діни наным-сенімдер арқылы бұғаулау және келісіммен шешу
деген кезеңдерді өткерді. Келісіп пішкен тон келте болмайды-деген қазақ
кеңес арқылы мәселені шешуге ықтиярлы болған. Мұны билер кеңесі деп атаған.
Толық мағынасында ең әділ де таза, адамдардың теңдігін шынайы мойындаған
билік жүйесі қазақ даласында алғаш билерден басталады. Ұлы даланың ұлан-
ғайыр сапырылыс өмірінде үлкен орын алған билер институтының қалыптасуы
кейбір зерттеулердің негізінде қазақ хандығы құрылғанға дейін орын
алғандығын көруге болады. Оны ел аузында айтылатын Шыңғысханды таққа
отырғызған тоғыз бидің бірегейі болған Майқы би есімінен көруге болады.
Түгел сөздің түбі бар, түп атасы Майқы би – деген қанатты сөз бүгінгі
қазаққа қажетті. Майқы би бабамыз түйінді даналы сөздің де, би біткеннің де
алғашқысы болса керек. Қазақтың ең алғашқы қасіреті Шыңғыс әулиетінің
шабылуынан басталды. Бұл жойқын күші бар сойқанды толқын еді. Қазақ
халқының алғаш рет боданға айналдырған бұл толқын оның тарихи тұлғасын
мылжалап, рухын бұзып, бірыңғай қазақ халқының табиғи дамуына көп-көп
кедергі келтірді. Бұл кезеңнің басында атақты Майқы би дүниеге келген. Ел
аузындағы аңыз бойынша ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы
болды. Барлық қазақтардың басын бір халыққа біріктірген Майқы би
әйгілі қазақ шежіренамасының негізін қалаушы болды, онда мұсылмандыққа
дейінгі және мұсылмандықтан кейінгі сенім-нанымдар табиғи бірігіп-кірігіп
кетті – деп жазады Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан
Назарбаев өзінің Тарих толқынында атты кітабында (Атамұра баспасы,
Алматы, 1999 жыл, 279-280 беттер). Энциклопедиялық еңбектерге сүйенсек
Майқы (Байку, Байки) тек қазақтың ғана емес, бүкіл түркі тектес
халықтардың ортақ биі болғанға ұқсайды. Атақты тарихшы Рашид-ад-Диннің
Жамағ-ат-Тауарих деген кітабында Майқы би Шыңғысханның ақылшысы, оң қолы
болғандығы жазылған. Майқы би туралы толық зерттеулер жоқтың қасы себепті
алып-қашпа, аңыздық сипаттағы әңгімелер көп.
Зерттеушілер тарихта екі Майқы би болған дейді. Бірі – Ғайса
пайғамбардың бұрын үйсін елінде хандық құрған Майқы, екіншісі – XIII
ғасырдағы би Майқы. Ал үшінші аңыздағы Майқы Ноғайлы елі бүлінгенде (XIYғ)
қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер ретінде айтылады. Қалай болған да қай
Майқы болмасын сөз тізгінін уыстаған ділмәр, ой шалмасын лақтырған дана, ел
бірлігіне ұйытқы болған көсем адамдар болғанына шүбә жоқ. Ол жайлы ел
аузында небір әңгімелер бар. Майқы би айтыпты дейтін даналық сөздер де
жетерлік. Майқы би жүзден асқанда дүние салған екен дейді. Майқының сөзін
тыңдап, ақылын алған кейінгілер оның айтып кеткен билік, кесім, шешім,
жарғыларын тарата бастайды. Сондай нақылдардың хатқа түскені мыналар:
Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді,
Естіге айтқан тура сөз шыңға тіккен тумен тең, ессізге айтқан тура сөз
құмға сіңген сумен тең, Би екеу болса, дау төртеу болады, Құлаққа
жағымсыз боқтың сөз айтқанша, жүрекке жылуы бар сөз айт, Хан қасында би
ақылды болса, қара жермен кеме жүргізеді, Парақор биге ісің түспесін,
сараң үйге кісің түспесін, Хан қарашасыз болмас, дау арашасыз болмас,
Халқынды билеместен бұрын, өз ордаңды билеп ал. Бұл нақыл сөздерді қай
замандарда қай шешен-би, ақын-жырау өлең сөзіне, терме-толғауына, билігіне
өзек етеді. Бірақ Майқы би айтыпты дегенмен бізге өзгермей жетті. Түгел
сөздің түбі бір – түп атасы Майқы би деген бабалардан бүгінгі ұрпаққа
жеткен сөзге тоқтай отырып, Майқы би жайында кеңірек тоқтағанды жөн
санадым. Зерттеуші ғалым, филология ғылымының докторы Нысанбек Төрекқұлдың
құрастыруымен Алматыдағы Қазақстан баспа үйінен 2001 жылы жарық көрген
Даланың дара ділмарлары атты кітабында Майқы би Төбекұлы жайлы мынадай
деректер бар екен: Осының барлығы әділеттілікті, ақиқаттылықты, кісілікті
ой өзегіне арқау етуімен ел есінде жатталып қалды.
Жалпы биліктің басты мәні адамды ардақтау, оң ісін жақтау, адами
асқақ құндылықтарды іздеу, соны паш ету және сақтап қалу. Адамның құнын паш
ететін билер мектебінің тәжірибесі ғасырлар бойы қалыптасқан. Олардың
өздеріне тән теориялық базасы да болған. Соның бірі VIIIғ өмір сүрген
Қорқыт философиясы. Оның адам өмірінің мәнін іздегендегі экзистенцалистік
ұстанымы, яғни өлімнен қашу арқылы немесе онымен күресу арқылы өмірдің мән-
мазмұнын ашу пәл сапасы мәңгілік тақырып болып қалды. Өмірдің мәнін,
адамның мақсат-мұратын белгілеуді іздеген Қорқыт баба би болған адам.
Кемеңгер ойшылдықтың иегері. Салыстырып қарар болсақ, адам өмірінің
нақты мәселесі Еуропада өткен ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қарастырыла
бастағанына көз жеткізе отырып, дала философиясының арнасы тіпті арғы
заманнан бастау алғандығына еріксіз иланар едіңіз. Қазақ даласындағы билер
институтының кемелденіп, дамуы, толысып өрлеуі қазақ хандығы кезеңімен
(XIVғ) тұспа тұс келеді. Қазтуған, Шалкиіз, Доспанбет, Жиембет жыраулар әрі
ту ұстаған көсем, найза ұстаған батыр, сөз ұстаған би-шешендер болды. Оған
олардың артында қалған өлмес мұралары дәлел бола алады. Мұнан кейін
Асанқайғының толғау сөздерімен, Жиренше шешеннің тапқырлықтарымен ресми
түрде нақтыланып беки түседі. Бұрынғы би-шешендердің қызметі ауыл арасында
сөз қуып, дау аңдып отыру болмаған. Келер жаудың алдын алу батырға
жүктелсе, болар даудың алдын алу билерге міндеттелген. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ билерінің тәлім-тәрбиелік көзқарастары
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
XVII ғасыр аяғымен XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай
Ш.Уалихановтың саяси-құқықтық көзқарасы
Әдеттегі құқықтың көздері
Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанр
Әдет-ғұрып ұқығы нормалары жүйесiнiң құрылымдық сипаты және оның негiзгi принциптерi
Шешендік сөздер
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Пәндер