Негізгі құралдарды жөндеу есебінiң негiзi


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе

1. Негізгі құралдар есебінiң теориялық негізі

  1. Негізгі құралдардын жіктелінуі мен бағалануыны есебі
  2. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру

1. 3 Негізгі құралдардыңтозуы және олардың

амортизациялық аударым сомасын есептеу

2. Негізгі құралдарды жөндеу есебінiң негiзi

2. 1. Негізгі құралдарды жөндеу есебі

2. 2. Жалдағы негізгі құралдың есебі

2. 3. Негізгі құралды есептен шығарудың тәртібі және негізгі құралдарды түгендеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

К І Р І С П Е

Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептiң алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен және бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымынын пәні -деп айтуға болады, немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға -деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің даму жолына қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығынын барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздын даму кезендерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезенінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудын жаңа кезеңінде өндіріс құрал жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі таңда мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі қайтару, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі танда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істелініп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын рольінің ұшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдін талабына сай гүлденіп, дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.

Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақыланып отырылатын мәселелер арасында күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" атты стратегиялық бағдарламасында “Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты шағын және орта бизнесті дамытуң- деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтанда кәсіпкерлікті еліміздін шаруашылық қызметін жандандырғыш күш деп білу қажет.

Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен-күнге бухгалтер және аудитор мамандарына деген сұраныс артуда. Әрине олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесімен жасайтын қызметі елеулі де әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі таңда халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірібиесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады.

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы “Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы", "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалынған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінін бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жіргізуші субъектілердін және олардын құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

  1. Негізгі құралдар есебінің теориялық негізіНегізгі құралдардыңжіктелінуі мен бағалануының есебі

Жалпы негізгі құралдар - деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінін бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысққа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі ғ6 “Негізгі қорлар (құрал-жабдықтардың) есебің -деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.

“Негізгі құралдарғаң- қозғалмайтын мүлік, жер участкілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардын, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатады.

Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардыңқатарына жатқызылмайды. Сонымен қатар негізгі құралдардыңқұрамына шаруашылық жүргізуші субъектінің қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалынып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері жатпайды.

Барлық “негізгі құралдарң өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардыңқатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар тағыда басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларында және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағыда басқа салалар бойынша топталынады.

“Негізгі құралдардыңң халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердін шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардыңбәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардыңбарлығы түгелімен сол шаруашылық субъектсіінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.

Егер шаруашылық субъектісінің балансында осы субъектінің негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатқызылады.

Шаруашылық субъектісінің балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатқызылады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

а) үйлер ( тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма, тағы басқалары) ;

ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары,

эстокадалар, скважиналар, тағы басқалары) ;

б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбылдар, тағы басқалары) ;

в) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер электроаппараттық трансформаторлар, эксковаторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон аралыстырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар мен тағыда басқалары) ;

г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын
көліктер, женіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы басқалары) ;

ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер тағыда басқалары) ;

д) шаруашылық - құрал жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтер, тағыда басқалары) ;

е) жұмыс және өнім малдары;

ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;

з) жер (шаруашылық субьектісінің сатып алған жер көлемінің құны) ;

и) жерді жақсартуға (өндеуге) жұмсалған күрделі шығын;

к) басқада негізгі құралдар (кітапхана қорлары тағы басқалары) ;

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни шаруашылық субъектісінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы 001-ші “Жалға алынған негізгі құралдарң- деп аталатын шотта есептейді.

Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған -деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардыңқатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатқызылады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардыңқатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқада жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардын орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай

а) негізгі құралдар:

ә) тауарлы-материалдық қорлар немесе

б) қаржылық инвестициялар болып бөлек есептелінеді.

Негізгі құралдардыңесебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардыңбастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез-келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқада қажет болып саналмайтын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңҢнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынандай шығындар кіргізіледі:

а) жер участкісінің бастапқы құнына:

Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісім-шартты ресімдеу үшін заңгердін қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзерлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алыптастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі.

ә) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:

Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға әкелуге, тиеп түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар тағыда басқалар енгізіледі.

Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатқызылады және де негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындары: материалдар, жұмысшы қызметкерлерге төленген еңбек ақы сомалары, еңбек ақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиенің пайыздары, заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алуға кеткен шығындар мен басқада шығындар енгізіледі.

Шаруашылық субъектілері жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды бір тұтас ретінде пайдалануға сатып алынса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөлек көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердін пайдалану мерзімінде шек жоқ, ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер участкесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектлердің (жердің және ол жердегі объектілерді қоса) шығынның қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардын бағасын шегеру арқылы анықталады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:

  • Үлес қосушылар мен құралтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша.
  • Шаруашылық жүргізуші субъекті негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша.
  • Шаруашылық жүргізуші субъекті негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінін мәлеметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолмен.

Негізгі құралдардыңағымдағы құны - бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардыңбаланстық құны - бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардыңбастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.

Негізгі құралдардыңжойылу құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағыда басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты болатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі құралдардыңкелісілген құны - бұл кез-келген екі жақтын, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

Бухгалтерлік шоттарда есептелінген негізге құралдардыңбастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:

а) Негізгі құралдардыңпайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткенде, жанартқанда тағыда басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде.

ә) Үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.

Негізгі құралдарың есебі әрбір бөлек объект бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканын шығыны, жұмысшылардын енбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардыңқұны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалынған қоғамдық қажетті енбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын уақыт өте қайтадан бағалап тұрады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорының өзі белгіленген кезде жүргізіледі.

Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде онын осы кездегі, яғни бүгінгі салу өндіру құны анықталады. Бұл негізгі құралдардын қалпына келтіру құны деп аталады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғаннан бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.

Негізгі құралдардыңбастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектлерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі бағасының өсуі 12-ші бөлімшенің шоттарының тиістісінің дебетіне 541-ші “Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түскен қосымша төленбеген капиталң шоттының кредитіне жазылады.

Қайта бағалау жүргізілген күні шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардыңқұндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардыңпайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа апарылады. Қайта бағалаудын барлық сомасы бөлінбеген табысқа активті есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.

  1. Негізгі құралдардыңесебін ұйымдастыру

Шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі есептің типтік жоспарының 12 бөлімшесінің төмендегідей шоттарында жүргізеді:

121 шот - жер,

122 шот - үйлер мен ғимараттар,

123 шот - машиналар,

124 шот - көліктер,

125 шот - басқалары,

126 шот - аяқталмаған құрылыс.

Бұлар активті шот болғандықтан дебетінде негізгі құралдардыңкірісі, яғни көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардын азаюы, яғни есептен шығарылуы көрсетіледі. Негізгі жүргізуші құралдардыңесебі шаруашылық субъектінің орталық бухгалтериясында жүргізіледі. Олардын аналитикалық (талдамалық) есебі әрбір инвентарлық объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объекті деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлер мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекеленген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға инвентарлық номер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

Негізгі құралдардыңтозуына, бұзылуына басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның инвентарлық номері шаруашылық жүргізуші субъектінің жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Инвентарлық нөмір негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардыңөзіне бояумен жазылады. Инвентарлық объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесі мен номерлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді негізгі құралдардыңқандай жіктелу тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық номері онын инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетіліу тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудит
Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығарудың аудиті
Негізгі құралдар есебінің аудиті
Негізгі құралдардың жөндеу шығындары есебінің аудиті
Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы
Негізгі құралдар аудиті
Негізгі құралдар
Негізгі құралдарды есептеу мен талдау ерекшеліктері
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Негізгі құралдар аудитінің жүргізілуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz