Мұнай мен ауыр металдың тірі ағзаларға әсерлері



Кіріспе

1.1. Қызылорда облысының Құмкөл мұнай кеніші орналасқан жердің физико . геогафиялық ерекшеліктері мен климаттық жағдайы
1.2 Топырақ жамылғысының ерекшелігі.
1.3. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әралуандығы
1.4 Мұнайдың физико . химиялық сипаттамасы.

2. Мұнай мен ауыр металдың тірі ағзаларға әсерлері.
2.1 Адам ағзасына тигізетін әсері.
2.2 Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсері
2.3 Топыраққа әсері.
2.4 Атмосфералық ауаның ластануы.

3. Зерттеу нысандары мен әдістері
3.1 Зерттеу нысандары
3.2 Зерттеу әдістері
3.3 Топырақ құрамындағы мұнай мөлшерін анықтау әдістері
3.4 Мұнайдың химиялық құрамын анықтау әдістері
3.5 Топырақтың құрамындағы ауыр металдар мөлшерін анықтау әдістері.
3.6 Өсімдік үлгісін анықтау

4. Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау
4.1 Топырақтың мұнай өнімдерімен ластануы
4.2 Топырақ құрамындағы ауыр металдар
4.3 Өсімдік құрамындағы ауыр металдар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

1.1. Қызылорда облысының Құмкөл мұнай кеніші орналасқан жердің физико –
геогафиялық ерекшеліктері мен климаттық жағдайы
1.2 Топырақ жамылғысының ерекшелігі.
1.3. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әралуандығы
1.4 Мұнайдың физико – химиялық сипаттамасы.

2. Мұнай мен ауыр металдың тірі ағзаларға әсерлері.
2.1 Адам ағзасына тигізетін әсері.
2.2 Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсері
2.3 Топыраққа әсері.
2.4 Атмосфералық ауаның ластануы.

3. Зерттеу нысандары мен әдістері
3.1 Зерттеу нысандары
3.2 Зерттеу әдістері
3.3 Топырақ құрамындағы мұнай мөлшерін анықтау әдістері
3.4 Мұнайдың химиялық құрамын анықтау әдістері
3.5 Топырақтың құрамындағы ауыр металдар мөлшерін анықтау әдістері.
3.6 Өсімдік үлгісін анықтау

4. Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау
4.1 Топырақтың мұнай өнімдерімен ластануы
4.2 Топырақ құрамындағы ауыр металдар
4.3 Өсімдік құрамындағы ауыр металдар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қазіргі кезде ғылыми – техниканың қарыштап алға басуы, адамзат
өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта – табиғатқа
орны толмас зор зиян тигізіп отыр.
Бүгінгі таңда экологиялық жағдайдың нашарлауы мұнай және газбен
ластану есебінен де жүріп отыр. Жылу – энергетикалық ресурстарды тым артық
пайдалану, соның бірі – мұнай, қоршаған ортаның ластануына, яғни
экологиялық жағдай қаупі дәрежесінің артуына әкеліп отыр.
Мұнай кеніштерін өңдеу барысында топырақ және ландшафтарға әсер ету
факторлары механикалық бұзылу және химиялық ластану болып табылады. Топырақ
жамылғысының механикалық бұзылуы іздеу, ұңғыларды барлау және технологиялық
объектілер құрылысы кезінде жүреді. Нәтижесінде өсімдік түрлері жойылады,
топырақ горизонттарының жоғарғы бөлігі тығыздалады және бұзылады, ал ол өз
кезегінде эрозия үрдісінің дамуына әкеліп, екінші ретті тұздалуының себебі
болады.
Қазақстан – мұнай және табиғи газға бай елдердің бірі. Мұнай қоры
бойынша әлемде 12 – ші орында, ал мұнайды өндіру бойынша 23 – орынды алып
отыр. Республикамызда қазіргі кезде 208 – дей мұнай кеніштері бар, олар
территориямыздың 62% – ын алып жатыр. Осы мұнй кеніші қатарына Қызылорда
облысы да жатады. Болжам бойынша бұл жердегі мұнайдың қоры 350 млн тонна
болса, 100 млрд м³ газ үлесі алып отыр.

Ластанудың негізгі себептері:

● Ластаушы заттармен атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы
сулардың, топырақтың ластану.
● Технологиялық құрал – жабдықтардың төменгі сапасы мен олардың

апатқа ұшырау мүмкіндігінің жоғарлылығы.
● Топыраққа түсетін ауыр техниканы пайдалану.
● Шөл зонасы топырағының төменгі өнімділігі.
● Ластанудың алғы шарты болып табиғи жағдайларда жазықтың бедер
әсері, климат аридтілігінің жоғарғы деңгейі, тұздану, карбонаттылық,
құрылымсыздық, топырақтың құнарлы қабаттарының жұқалылығы
жатады.

Жұмыстың мақсаты: Құмкөл мұнай кенішінің қоршаған ортаға тигізер
әсерін зерттеп, оның ластану деңгейін бақылап, бағалау.

Жұмыстың міндеті:
● Алынған үлгілерге зерттеу жүргізу арқылы мұнаймен бүлінген
топырақтың, өсімдіктің ластану деңгейін анықтау.

● Топырақ және өсімдік үлгілерінің құрамындағы ауыр металдар мөлшерін
анықтау.
● Мұнай құрамын анықтау.

1.1. Қызылорда облысының Құмкөл мұнай кеніші орналасқан жердің физико –
геогафиялық ерекшеліктері мен климаттық жағдайы

Құмкөл ″Харрикейн Құмкөл Мұнай″ ААҚ және ″ Торғай Петролеум″ ЖАҚ
мұнай – газ кеніш орны Қызылорда облысының Оңтүстік Торғай және Қарағанды
облысында 1984 жылы ашылып, 1991 жылы өндіріс эксплуатациясына енген
болатын. Мұнай қоры 200 млн.тонна құраса, жылдық қолдану көлемі 10 млн.
тонна мұнай және 100 млн м³ газ мөлшерін құрап отыр.Мұнай горизонт биіктігі
– 86 метр,ал газдікі – 32 метр. Олардың жер көлемі 10,7 және 0,9 гектар
тиісті жерді алып жатыр. Кеніште 3000 бақылаушы құбырлар бұрылған,соның
ішінде қазіргі уақытта 400 құбыр фонтанды жағдайда өнім беріп отыр. Құмкөл
мұнай кеніш орнының мұнай құрамы бойынша күрделі параметрлі жоғарғы
молекулярлы парафинді топқа жатады. Құмкөл кеніш мұнайы жеңіл, парафинді,
смола тәрізді, аз күкіртті болады. 1,2

Кесте 1 Дегаздалған мұнай фракциясы құрамы мен физико – химиялық
жағдайы

Аталуы Өзгеріс диапазоны Орта көрсеткіштері
Тығыздығы, кгм 806,0 – 857,5 823,8
Жабысқақтығы, мПа*: 20ºС 5,86 – 25,05 11,024,02
50ºС 2,19 – 7,77
Қату температурасы, ºС 3 – 23 11,6
Мұнайдың парафинмен
қанығу температурасы, ºС 44 – 52,7 47,8
Салмақтық құрамы,% кг:
Күкірт 0,06 – 0,39 0,136
Парафин 6,9 – 19,76 8,86
Фракцияның көлемдік шығуы,
% көлем.:
100 ºС дейін 0 – 11 4,5
200 ºС дейін 16 – 38 25,73
300 ºС дейін 36 – 60 45,7

Кеніш орны Қаракемір және Арысқұм ауданының шөлді зонасында
орналасқан. Жер асты суы 5 – 10 метр тереңдікте минералданған түрде
кездеседі. Территорияның негізгі климаттық көрсеткіштері 2 кестеде
көрсетілген.

Құмкөл мұнай кеніші орналасқан аймақтың климаттық жағдайы кенет
континентальды шөлді зонаға жатады. Осы көрсетілген мәліметтер өте қатал
климаттық жағдайды көрсетіп тұр: қыс мезгілінде төменгі және жаз
мезгілінде жоғарғы ауа температурасы, өте аз жауын – шашын мөлшері.
Тәуліктік және маусымдық ауа температурасы құбылмалы.
Қысы – қоңыр салқын, қары аз жауады. Аязды емес күндер 168 – 200.
Алғашқы аяз 8 қазаннан басталып, соңғы аяз күндер – 12 сәуірде аяқталады.
Қар жамылғысы айтарлықтай тұрақты емес, әдетте беткі қабатын жел ұшырып
кетеді. Орташа максимальды қар жамылғысының биіктігі – 6 см – ге дейін
жетеді. Қар жер бетінде 33 – 35 күн жатады. Қыс мезгілінде абсолютті
максимальды температура 44 – 47 C°, орташа температура 9 – 12 C° аралығында
болады.
Жазы ─ ыстық, әрі құрғақ. Күндізгі жоғарғы температура + 42 C° - ге
дейін маусым айынан тамыз айы аралығында сақталады, ауа температурасы түнде
+18+22 C°- дейін төмендейді. Жазда ыстық жел, құмды дауыл жиі болып тұрады.

Топырақ ылғалдылығының сарқылмас көзі және топырақ құнарлылығының
элементі орташа жауын – шашынның мөлшері жылына – 120 мм. Жауын – шашын
мөлшері минимальды болуына және температураның жоғары болуына байланысты
құрғақшылық кезеңдері он жылда төрт – бес рет қайталанады. Ылғалдылықтың
жоғарғы көрсеткіші ауа температурасына тікелей байланысты.
Жаз айларында температура жоғарғы болғандықтан, топырақ ылғалдылығы
да аз болады 3.

Кесте 2

Метеорологиялық көрсеткіштер Метеостанция
Қарақұм Жетіқоңыр
Ауаның жылдық орташа температурасы,С° 7,0
5,8
Қаңтар
- 13,6 - 14,1
Шілде
26,7 25,3
Минималды абсолютті температура, С° -35
-37
Максималды абсолютті температура, С° 41
40
Тәуліктік орташа температура, С°
0
3914 3573
5
3845 3499
10
3646 3274
15
3248 2838
Аязды емес күндер
168 143
Жылдық жауын – шашынның орташа мөлшері, мм 121
141

1.2 Топырақ жамылғысының ерекшелігі.

Мұнай кеніші орналасқан топырақ жамылғысы сұр – қоңыр,
тақыртәріздес, шөлді құмды және сор жерлер алып жатыр. Топырақ жамылғысы –
механикалық құмды, тұзды, нашар гумустанған карбонатты. Гумус мөлшері – 0
,38% – ты құрайды. Сапалық құрамы бойынша тұздану сульфатты болып келеді.
Бұл жерлер өнімділігі төмен жерлер қатарына жатады.4,5
Территория шөлейтті зонада орналасқандықтан, сортаң жерлер алып
жатыр. Яғни, сортаң дегеніміз – натрий ионына қаныққан жерлер ( сіңірілген
Na+ 30% жоғары ).

Қуаңшылық жағдай артқан сайын, су тұздылығы ұлғайып, оның құрамында
күкірт пен хлор тұздары артады. Соған орай сол жерлердің территорясы егін
шаруашылығына жарамсыз жерлерге жатады кесте – 3
Тақырлар – белгілі топырақ құраушы борпылдақ жыныстар үстінде жан –
жақты көтеріңкі құрлықтан мезгілді ағын сулармен ( жаңбыр, қар сулары)
әкелінген шаң – тозаңды түйірлер шоғырлануы нәтижесінде қалыптасады.
Тақырлар бұл территорияның 20% алып жатыр, тақырлар – карбонатты, гумус
мөлшері 0,5% құрайды 6.

Кесте 3

Кен орны топырағының химиялық құрамы

Бақылау Гумус Жалпы Судың Сіңірілген негіздері
нүктелері % азот % PH - ы
Ca 100 Mg 100 Na 100
г – да г – да г – да
мг экв мг экв мг экв

1 0,38 0,028 7,7 6 5,2 0,06

2 0,31 0,021 7,8 6,4 2 0,06

3 0,17 0,011 7,7 5,6 4 0,16

4 0,21 0,017 7,9 7,6 2,4 0,016

Топырақ жамылғысына жоғарғы дәрежеде әсер ететін техногенді салмақ,
бұзылған, ластанған және тұздалған жерлер көлемінің прогрессивті артуына
әкеліп отыр. Осындай табиғи жағдайда негізгі өсімдік жамылғысын кедей
ксерофитті, гиперксерофитті және әрқилы галофитті өсімдік түрлері құрайды.
Көптеген өсімдіктер минерализация кезінде топырақта ерітілген тұздарды
толтырудың көзі қызметін атқарады: хлоридтер, сульфаттар, натрий және калий
тұздары ( сексеуіл, жыңғыл, боялыш).

Кеніш орнында өсімдік жамылғысының прогрессивті формада шөлдену
үрдісі әсіресе бұрғыланған және мұнай газ құбыры орналасқан территорияларда
байқалады, нәтижесінде мұнаймен ластанған территоряларды жиі тазалау
кезінде өсімдік жамылғысы мүлдем жойылған. Үлкен территорияда жүйесіз
қолданылған техногенді қысым нәтижесінде өсімдік жамылғысы құрамында әрқилы
арамшөпті түрлер ( адыраспан, ебелек, итсегек, қияқ) ене бастады. Бұл
жағдайда ландшафт өзінің индикациялық құндылығын жоғалтады.

3. . Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әралуандығы

Қарастырылып отырған территорияның өсімдіктері аралас шөлді – дала
типіндегі өсімдіктерге жатады. Осындай табиғи жағдайда негізгі өсімдік
жамылғысын кедей ксерофитті, гиперксерофитті және әрқилы галофитті өсімдік
түрлері құрайды.
Яғни көп тараған өсімдіктер түрлері олар: сор шөптер, жусан және
эфемерлер. Арысқұмның құмды массив жер бедері тегіс болмағандықтан, өсімдік
түрлері де біркелкі болып таралмаған. Соған байланысты кеніш орналасқан
территорияның өсімдік жамылғысы құмның төменгі бөлігінде астық тұқымдас-
псаммофитті бұталар және псаммофитті жусандар қауымдастығы таралған.
Көбіне құмда өсетін өсімдіктер жусан- эфемерлі бұта қауымдастығына
жататын – қара сексеуіл (Halaxylon aphyllum) түрі жатады. Бұта тектес
түрлерінен таралғандар : жыңғыл жүзгін (Calligonum aphyiius), жартылай
бұталы боялыш (Salsola laricifolia) және басқа да әртүрлі жусан түрлерін
айтуға болады. Сонымен қатар эфеиероид тобына илак немесе құмдықиякөлең
(Carex physodes) кіреді. Ол өзінің тармақталған жемтамырларымен құмның
жоғарғы қабатын бекітеді де, құмды ұстап тұрады. Илак- шөлді зонадағы қатты
тамырланған өсімдік, ол құрғақ кезінде мал шаруашылығында азықтың негізгі
көзі болып табылады.
Эфемероидтар өзінің сырт пішінінен нағыз мезофиттерге жатады. Олар
ерте көктемде дамып, құрғақшылық кезең басталғанда даму циклін аяқтайды.
Сортаң жерлер орналасқан территорияларда өсімдік жамылғысы мүлдем
кездеспейді, себебі тұзды ортаға бейімделген галофиттер үшін де тұз
концентрациясы жоғары болып келеді.
Балшықты тегіс жерлерді өсімдік жамылғысы жартылай бұталы сора шөбі
қауымдастығы мен сексеуіл алып жатыр. Тек қана ылғал құбылмалы жайлы
кебірленген қоңыр құм мен құмайт, бетеге т.б өсімдіктер таралған.
Құм балшықты топырақтарда жусанды, бетегелі жусанды, жусанды бұйырғын,
бұйырғын көкпекті топтар алып жатыр.
Тақырлы жерлерде биік өсімдіктер мүлдем кездеспейді, тек төменгі
сатыдағы балдырлар мен қыналар таралған. Жасыл балдырлардан мынадай түрлері
бар: Chlorella , Palmela,Protococcus,Chrarocuccum, Pleuroccus т.б.
Эфемероид саны мен түрі жағынан айтарлықтай көп емес: Carex physodes,
Poa pulbosa, Allim filidens, Rhinopetalus Karelinii т.б түрлері кездеседі.
Ал, эфемерлер түрлері керісінше көп кездеседі: Lepedium perfoliatum,
Eremopyrum orietae, Bromus tectorum, Malcolmia Karelinii, Kaclpnia linearis
т.б түрлері бар 7.
Көптеген өсімдіктер минерализация кезінде топырақта ерітілген тұздарды
толтырудың көзі қызметін атқарады: хлоридтер, сульфаттар, натрий және калий
тұздары ( сексеуіл, жыңғыл, боялыш).
Кеніш орнында өсімдік жамылғысының прогрессивті формада шөлдену
үрдісі әсіресе бұрғыланған және мұнай газ құбыры орналасқан
территорияларда байқалады, нәтижесінде мұнаймен ластанған территоряларды
жиі тазалау кезінде өсімдік жамылғысы мүлдем жойылған. Үлкен территорияда
жүйесіз қолданылған техногенді қысым нәтижесінде өсімдік жамылғысы
құрамында әрқилы арамшөпті түрлер ( адыраспан, ебелек, итсегек, қияқ) ене
бастады. Бұл жағдайда ландшафт өзінің индикациялық құндылығын жоғалтады.

Кеніш орналасқан жердің жануарлар әлеміне келіп тоқтайтын болсам,
орнитофаунаның 160 түрі бар, оның ішінде ұя салатын құстар 47 түрі,
қыстайтындар 18 түрі және жыл құстардың 97 түрі мекендейді. Соның ішінде
Қазақстан қызыл кітабына жоғалу қауіпі бар құстар енгізілген. Аймақтағы
териофаунаға 41 түрлі жануарлар түрі кіреді. Оның төрт түрі насекомдар
қатарына, 3 түрі жарқанаттылар, 9 түрі – жыртқыштар, 1 түрі –
қосқанаттылар, 20 түрі – тышқандар, 3 түрі – қоянтәрізділер отрядына жатады
8,9.

1.4 Мұнайдың физико – химиялық сипаттамасы.

Мұнай – әртүрлі өнімдер өндірудің бағалы шикізаты. Сол өнімдерді бірі
– ішкі жану двигателдеріне пайдаланылатын сұйық жанармай мен май өнімдері.
Мұнай әртүрлі дәрежеде көмірсулармен қаныққан С : Н қатынасы мұнайды басқа
отын қазба байлықтарынан ерекшелендіреді.
Тығыздығына байланысты мұнайды 3 топқа бөледі:
1. Жеңіл мұнай тығыздығы – 0,8 гсм3 (60%)
2. Орташа мұнай тығыздығы – 0,0871 – 0,8104 гсм3 (30%)
3. Ауыр мұнай тығыздығы – 0,910 гсм3 (10%)
Қазақстанның кен орындарындағы мұнайдың көпшілігі ауыр, күкіртті және
жоғары күкірттілерге жатады. Технологиялық классификация бойынша күкірт
құрамына тәуелді 3 топқа бөледі:
1. Күкірті аз мұнай – күкірт мөлшері 0,5%
2. Күкіртті мұнай – күкірт мөлшері 0,5 - 2%
3. Күкірті жоғары мұнай – күкірт мөлшері 2% 11.
Мұнайды көптеген көмірсулармен қатар, жоғарғы молекулалы шайырлы
асфальтенді заттар бар. Мұнайдың элементарлы құрамы көміртегі (85 - 86%),
сутегі (11 - 12%), оттегі (0,6 – 0,9%), азот (0,1 – 0,6%), күкірт
(0,6 – 1,6%), әртүрлі микроэлементтердің жүзінші және оныншы үлестері
(қорғасын, кобальт, стронций, хром, ваннадий, никель және т.б). мұнайлардың
әртүрлі генетикалық, химиялық, өнеркәсіптік және тауарлық жіктеуі бар. Ең
маңыздылары – химиялық және технологиялық жіктелу. Химиялық жіктелуі
негізінде 250 – 3000С аралығында қайнап бітетін фракцияның топты
көмірсутектік құрамы алынған. Осы фракцияда көмірсутектердің қандайда бір
класының басымдылығына тәуелді мұнайлар 3 түрге бөлінеді: металдық
(парафиндік), нафтенді және ароматтық. Жоғарғы молекулалы көміртекті емес
компоненттер (сұйық шайыр, қатты асфальтендер) мұнайдың көп бөлігін
құрайды. Олардың құрамында микроэлементтер, соның ішінде барлық металдар
бар 11,12.
Қазақстан Республикасында кездесетін мұнайлардың құрамында 27 -28%
дисцилеттар бар. Ол фракцияның 60% - н көмірсутектер құрайды. Сонымен қатар
мұнай құрамында көміртегі тотығы, күкірт диоксиді, күкіртсутек, азот
тотықтары, фенол, аммиак, әртүрлі минералды тұздар кіреді.
Мұнай жер бетіне анаэробты жағдаймен жаңа аэробты жағдайға түскенен
кейін өзгеруі, оның деградациясы үш бір – біріне байланысты факторлар
нәтижесінде жүреді. Ол факторлар: физикалық, химиялық және
микробиологиялық.
Физикалық үрдістер жеңіл фракцияларды буландырып, шайып көмірсулардың
таралуына әсер етеді. Бұл мұнайдың концентрациясын азайтып, токсикалылығын
төмендетеді. Бірақ бұл процестен толық тазалану жүрмейді, өйткені мұнай
өнімдері минералданбай, таралып, көрші ландшафтарға жайылады.
Химиялық үрдіс сулы ертінді қосылыстар, асфальт – шайырлы заттар және
оксикерид, гуминокерит сияқты органикалық ерітінділерде ерімейтін заттар,
яғни битумды өнімдер түзіліп, біртіндеп гумификацияланады. Бұл процес
төменгі және жоғарғы жылдамдықта қайтымсыз жүреді 12.
Биологиялық үрдісті көмірсу ыдырататын, энергиялық алмасуда көмірсулы
субстратты ыдырататын микроорганизмдер жүзеге асырады. Мұнаймен көп
ластанбаған топырақта микроорганизмдер саны мен белсенділігі өседі. Сонымен
қатар мұнайдың тотығуы қарқынды жүреді. Оңтүстік аймақтарда
микроорганизмдердің белсенділігі солтүстік аймақтарына қарағанда жоғары
болады. Бұл мұнай ыдырауының гидротермиялық жағдайларға тәуелділгін
көрсетеді 13.
Физикалық факторлардың әсерінен химиялық өзгерістерге ұшырап
токсикалық қасиеті мұнайдан да жоғары туынды заттар түзілуі мүмкін 14.
Шикі мұнайдан мыңдаған түрлі мұнай өнімдері алынады, олар мына
топтарға бөлінеді: жанармай, парафин, мұнай битумдары, жарық беруші
керосиндер, еріткіштер, кокс, күйе, органикалық қышқылдар және т.б мұнай
өнімдері.

2. Мұнай мен ауыр металдың тірі ағзаларға әсерлері.
2.1 Адам ағзасына тигізетін әсері.

Мұнайдың биосфераны токсикалық затармен ластау мүмкіндігі мұнайды
өндіру кезінен – ақ басталады, мұнай өнеркәсібінің апаттары, өрттер,
құбырлардың тесілуі нәтижесінде бұл процесс үдей түсті. Мұнайдың токсикалық
қасиеті оның құрамына, булану және ыдырау қабілетіне, тығыздығы мен
тұтқырлығына байланысты.
Топырақ микроорганизмдерінің ластануының әсеріннен мынаны көруге
болады: ластану даңгейі төмен (1 кг топырақта мұнай концентрациясы- 0,7 мл)
болса - микроорганизмдер саны айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды, орташа
деңгейде (50 млкг) ластанса – микроорганизмдердің саны мен сапасы
өзгереді, қатты және өте қатты (300млкг) ластану жағдайында
микроорганизмдердің дамуы және микробиологиялық процестердің жүруі тежеледі
14.
Мұнай және мұнай өнімдері, ауыр металдардың адам мен өсімдіктер,
жануарлар ағзасына тигізетін зиянды әсері өте күшті.Олардың құрамындағы
әртүрлі заттар ағзаға түсіп, оларда жүретін көптеген биологиялық
процестерді бұзып, оларды өзгеріске ұшыратады. Олар әсер етуіне байланысты:
канцерогендік, мутагенді, токсинді болып бөлінеді.
Мұнай өнімдерінің ішінде ең қауіпті фракциясы жеңіл фракция болып
табылады, солардың ішінде алдыңғы орынды токсикалық зат-полициклдік
ароматты көмірсулар (ПАК тобы). Олардың канцерогендік қабілеті өте жоғары.
Бұл топтағы ең белсенді және кең таралғаны- бензопирен (ШРК-0,02мгкг).
Шикі мұнайда бензопирен сирек кездеседі, бірақ мұнайдың қайта өңделген
өнімдерінің құрамында күкірт өседі . Бензопиренмен ластанған топырақта
микробиоценоз тепе-теңдігі бұзылғандықтан, ішек таяқшасы тобындағы
бактериялардың өлу процестері тежеленеді 15,16.
Ароматты құрылымдардың негізділері – бензол гомологтары. Моноядролы
көмірсулар ағзаға ПАК-ке қарағанда тез зиянды әсер береді. ПАК мембрана
арқылы баяу өтеді де, ұзақ әсер етеді. Ароматты көмірсулар қан жасау
процесін бұзатын токсиканттарға жатады. Бензолдың амин және
нейтратқосылыстары метаболизмнің түзілуіне әкеледі, эритроциттерді
гемолиздейді, бауырдың бұзылуына, катарактаның дамуына және ісіктердің
пайда болуына себепші болады17,18.
Метан таңдамалы түрде нейрон мен нейронарлық синаптикалық байланысты
бұзып, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.Метанды көмірсулар (парафиндер)
топырақ жамылғысының саңылауларын бітеп қалады.19.
Осы аталған жеңіл фракция өнімдерінің бәрі топырақ, су, ауа
орталарында болған жағдайларда ағзаларға наркотикалық және токсикалық әсер
береді. Бұл фракция әсері күшті болғанмен қысқа уақытта жүреді, әсіресе
жазда, себебі жоғары температура әсерінен буланып кетеді. Мұнай мен мұнай
өнімдеріндегі заттар адам ағзасында ұлпамен байланысып, олардың өмір сүру
әрекетін тежейді. Ондай заттарға көмірқышқыл газы, күкірт оксиді, азот пен
көмірсулар, ал қышқылдардан аммиак пен фенол жатады.20,21.
Азот диоксиді ұзақ уақыт әсер етсе, демікпе созылмалы бронхит
туғызады, жоғарғы концентрациясы болса, орталық жүйке жүйесін жарақаттайды.
Бензол, ксилол, толуол сияқты заттар адам жүйке жүйесіне әсер етеді және
қан айналу мен қан жасау жүйелерін өзгертеді 22,23 .

Заттардың жалпы ШРК – сы төменгі 4 – кестеде көрсетілген.

Заттардың аты ШРК р.з ШРК м.р ШРК с.с Қауіптілік
мгм3 мгм3 мгм3 Класы
Күкірт 10 0,5 0,005 3
диоксиді
Азот оксиді 2 0,085 3
Күкіртті сутек10 0,008 2
Бензол 1,5 0,1 2
Толуол 0,6 0,6 3
Фенол 0,003 0,003 2
Аммиак 0,1 0,01 0,04 4
Ксилол 0,2 0,2 0,2

Күкірт қышқылы күкірт диоксидінен су буынан түзіледі, мутагенді
қасиеті өте жоғары, цитогенді дезаминдейді. Натрий дисульфиді - канцероген,
ол ДНҚ - ның бір тізбекті полинуклеотидтердің пиримидиндерімен
әрекеттесіп, цитогенді урацилге айналдырады.
Көмірқышқыл газының (СО)- адам қанындағы ерігіштік коэффиценті ,
0,1709. Ол гемоглобинмен әрекеттесіп, карбоксигемоглобин түзеді. Бұл
қосылыс оттегіні тасымалдай алмай, аноксимия тудырады.
Көмірқышқыл газы (СО2)- ауада 4-5% болғанда тыныс алу мүшелерін
тітіркендіреді. Адамда наркотикалық әсер етіп, оның іс - әрекетін өзгертеді
және қандағы адреналин мөлшерін көбейтеді.
Күкіртсутек организмге тыныс алу мүшелері арқылы кіріп, орталық жүйке
жүйесіне әсер етеді. Көп мөлшерде болған жағдайда сал ауруын туғызады,
тотығу процестерінің механизмін бұзады, қанның оттегімен қанығу қабілеті
төмендейді (15%) 19.
Ал ауыр металдар әсеріне келетін болсақ, олар өз әсерін әр түрлі
мүшелерде жиналуы арқылы әсер етеді. Мұнайдағы ауыр металдардың 90-95%-і
қорғасын, хром, мышьяк үлесіне тиеді. Ауыр металдар тыныс алу, ас қорыту
мүшелері арқылы өтіп, қанға, ұлпаға және клетка аралық сұйықтықтарға
таралады. Металдардың клетка мембранасының өткізгіштік қасиетін бұзып,
клеткаларға ену қабілеті бар.
Мысалы, қорғасынмен уланған адамдарға жүйке жүйесі, ас қорыту жүйесі
зақымдалады. Бұл улану түрін - интоксикация деп атайды. Уланған адамдардың
түсі сұр түске өзгеріп, ағзада әлсіздік, тез шаршау, тәбеттің төмендеуі
байқалады. Бұл элемент көбінесе бауырда , ұйқы безде, бүйректе жиналады.
Мырыш айтарлықтай дәрежелі лейкоциттерде, эритроциттерде, біраз бөлігі
қанның белоксіз фильтратында жинақталады. Сонымен қатар бүйрек үсті безі,
қарын асты безі және ұрық безінде жиналады. Сөйтіп өз әсерін тірі ағзаға
тигізнді.
Кадмий тірі ағзаларға бүйректе, сүйектерде, ішкі секреция бездеріне,
қалқанша және ұрық безде жинақталады. Бұл элемент адамда трахит, бронхит,
демікпе ауруларын тудырады 24,25.

2.2 Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсері.

Мұнай өнімдері өсімдіктердің дамуы мен қайта қалпына келу қабілетіне
әсер етеді, фотосинтез белсенділігі төмендейді, азот пен көмірсу алмасу
бұзылады. Қатты газданған жерлерде өсімдіктердің 20-25 % - ның тыныс алу
және транспирация белсенділігі жоғарлайды. Күкірт диоксиді және оның тотығу
өнімдері өсімдік жапырақтарының күюіне, сосын олардың өлуіне әкеледі. Ауыр
фракцияның өте токсикалық әсері жоқ, бірақ олар топырақ қасиеттерін
нашарлатып, су-ауа алмасуды бұзады, өсімдіктердің тыныс алуымен қоректенуі
қиындайды. 15
Көптеген зерттеулер жер бетіне 12 лм3 мұнай төгілген кезде жер асты
бөліктерінің 74%-і, ал 25 лм3 төгілген кезде жер асты бөліктерінің 99%
жойылғанын көрсеткен. Мұнай құрамындағы ароматты көмірсутектердің
1%-і көптеген сулы өсімдіктердің өсуін тоқтатқан, ал 20-38 % ароматты
көмірсутек мұнайлар барлық жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өсуін
бәсеңдеткен. 26
Ластаушы заттардың өте жоғарғы мөлшері фенологиялық өзгерістерге
әкеледі: өсімдіктердің мерзімдік дамуының қарқындылығы жоғарлайды, яғни
бастапқы және соңғы фенофаза кезеңдері ерте басталады, гүлдену мен өнім
беру кезеңдері бәсеңдейді, вегетативтік кезең 9-15 күнге қысқарады;
өскіндердің жылдық өсуі 10-25 %-ға азаяды.
Концентрацияның жоғарлауы әртүрлі патологиялық өзгерістерге әкеледі.
Көптеген галдың, ісіктердің, каллустардың, түйнектердің және т.б.
түзілістердің пайда болуы.27
Мұнай кеніштері орналасқан территориядағы өсіп тұратын өсімдіктердің
жер беті өркендері, яғни жапырақтары нүктелік некрозға ұшыраған. Мұнай
кеніші орналасқан территорияларда ұңғылардың радиусы 500-800 м қашықтықта
өсімдіктердің 70-80% жойылған, ол радиусы 100 м қашықтықта олар тіпті
жоғалып кеткен.28
Біржылдық өсімдіктер мұнаймен ластанғаннан кейін 3-5 жылда, ал
көпжылдық өсімдіктер 10-25 жылдан кейін ғана қалпына келеді.
Ауыр техниканы пайдалану да өсімдіктер жамылғысының деградациясына
әкеледі.29
Өсімдік дегредациясының факторлары келесі:
• Механикалық әсер нәтижесінде топырақтың беткі құнарлы қабатының
жойылуы. Бұл ең күшті фактор болып саналады, өйткені шөлді зона
топырағының құнарлы қабаты өте жұқа.
• Топырақ дефляциясы да өсімдіктердің азаюына өз әсерін тигізеді.

• Жер бедерінің барлық элементтері өте күшті тұздалған. Кейбір
өсімдіктер топтарының ғана өсу мүмкіндігі бар.
Галофитті өсімдік антропогенді әсерлерге төзімсіз, себебі олар
монодоминантты бірлестіктер болып табылады. Тұздану эрозиофил өсімдіктердің
өсуіне кедергі жасайды.30
Ауыр металдар әсеріне келетін болсақ, олар өсімдік организміне тамыры
және жапырақтары арқылы енеді. Олардың әсерінен, өсімдіктердің
морфологиялық, физиологиялық өзгерістерге ұшырауы байқалады. Мысалы
жапырағында түгі бар өсімдіктер түгі жоқ өсімдіктерге қарағанда ауыр
металдарды 10 есе көп сіңіреді 26. Көптеген зерттеулер өсімдік топтарының
ауыр металдарды жинақтау мөлшері әртүрлі екенін көрсетті. Мысалы мезофиттер
өз бойына кобальт, мырыш элементін жинаса, галофиттер мыс, мырыш, марганец
элементтері, ал ксерофиттер мыс, мырыш сияқты металдар жинақтайтыны
анықталған. Ал қорғасын мен кадмиді барлық топтары өз бойына жинақтайтыны
анықталған.31,32
Жануарларға зиянды әсер ететін негізгі факторлар көбінесе бұрғылау,
ұңғыларды орналастыру және эксплуатациялау, жолдар мен мұнай құбырларын
салу жұмыстары болып табылады. Тегістелген мұнай өндірісі жүргізілетін
әсерлерде кемірушілер қажетті қорекпен қамтамасызданбайды, ін қазуға
жарамды жағдай таппайды.
Полигондарда радиоактивті қалдықтар мен мұнай иламдарды сақтау, ауаның
зиянды заттармен ластануы сүтқоректілер үшін негізгі фактор болып
табылмайды, себебі полигондарда кемірушілер мекендерінің саны тұрақты.
Жалпы мұнай өнімдерінің жануарлар ағзасына тікелей әсері адам ағзасына
тигізетін әсеріндей көрініс табады. 33 Мұнаймен ластанбаған топырақтардың
ластанған топырақтарға қарағанда қызу температурасы 1-80С-қа төмен. Бұл да
топырақ қабатында тіршілік ететін ұсақ жануарлар үшін кері әсерін
тигізеді.29
Сонымен мұнайдың қоршаған ортада жинақталуы тірі ағзалар үшін алуан
түрлі экогенотоксикалық эффектер туғызады.

2.3 Топыраққа әсері.

Топырақтың мұнаймен ластануы барлық өндіріс аймақтарында және мұнай
құбырының бойында байқалады. Топырақ бетіне түскен мұнай көптеген
өзгерістерге ұшырап, қабаттарға жіктеліп таралады.29. Олар топырақтарды
деградацияға ұшырауының бірден бір себепкері. Елімізде деградацияға
ұшыраған жерлердің 70%-і мұнай кеніші орналасқан жерлер үлесіне тиеді.34.
Ең көп зиян шегетін топырақ қабаты – бұл беткі геохимиялық сүзгіш қызметін
атқаратын гумусты қабат. Осы қабатта мұнайдың көп бөлігі, битумды және
парафинді компоненттер ұсталып қалады. Олар төменгі температурада тығыз
массаға кристаллизацияланады. Битумды қабықшалар топырақ майын және
парафинді мұнаймен ластарғанда пайда болады. битумды қабықтар ауада нашар
тотығады, микроорганизмдердің оларды ыдырату қабілеті төмен, сондықтан
топырақ кескінінде баяу ыдырап, көп уақыт бойы сақталады. Битумды қабықшасы
бар топырақтар тығыз, ауа, су және өсімдік тамырларының ену мүмкіншілігі
төмен. Битумның топтық құрамында 48,3% көмірсу, 32,6% парфинді – нафтенді
заттар, 17,9% шайыр, 33,8% асфальтен болады.35
Элементарлы құрамы: 80-85% көміртегі, 8-11,5% сутегі, 0,2-4,0% оттегі,
0,5-7,0% күкірт, 0,2-5,0% азот және металдар (никель, ванадий, темір,
натрий). Бұл заттардың бірігу көрсеткіші 80-90% сондықтан оның органикалық
және минералды құрамының беріктілік деңгейі өте жоғары.36.
Одан төмен қабатқа мұнайдың жеңіл, қозғалмалы фракциясы өтіп,
минералды қабатты суларында жинақталады. Бұл фракция микроорганизмдермен
нашар игеріледі, сондықтан аэробты жағдайда топырақта ұзақ уақыт
сақталады.10.
Шайыр-асфальтенді бөлік те микроорганизмдермен нашар ыдырайды, топырақ
бетін берік органо-минералды кешен түрінде цементтейді және ыдырағыштың
қабілеті төмен битум қабықшалармен битум түзеді.
Мұнаймен ластанған топырақтың фракциялық жағдайы, заттар миграциясы
өзгереді, ауа-су режимі, құрылымдық жағдайы, көміртегі – азоттық тепе-
теңдік бұзылады, токсикалық заттар жинақталады. Топырақтағы ластану деңгейі
мен тереңдігі ластаушылардың мөлшері, құрамы және ерекшеліктеріне
байланысты.37.
Мұнаймен ластанған топырақтың негізгі генетикалық көрсеткіштері
бұзылады: топырақ кескінінде битумды қабаттар түзіледі, органикалық
көміртегі, жалпы азот және сіңірілген негіздер мөлшері өседі. Топырақтың
құрамындағы нитратты азот 1,5-2 есе азайып, орта рН-ы төмендейді, қорғасын
құрамы артады, тұздардың хлоридті – сульфатты – содалы типі жүреді. Мұнай
жер асты суы жақын топыраққа түскеннен кейін саңылаулы кеңістікте ауа пайда
болып, мұнайдың тереңге сіңуі нашарлайды, 10-20 см. Ірі апаттар болған
жағдайда 30-50 см-ге дейін ластанады.28. Топырақ жамылғысының механикалық
бұзылуы терең ұңғыларды бұрғылау, мұнай тасымалдау және технологиялық
объектілерді салу нәтижесінде жүреді. Механикалық бұзылулардың әсерінен
топырақтың құнарлы қабаттары жоғалып, жергілікті жердің бедері өзгереді,
дефляциялық процестері белсенділеніп, жұқа дисперсті бөлшектер мен ұсақ тұз
кристалдары топырақ бетіне шығады.4. Құбыр салу кезінде әр 100 км
қашықтықта 400 га жер, жол салу кезінде 200 га жер бұзылады.27.
Жалпы мұнаймен ластанған топырақтар қалпына келуі үшін 15-20 жыл
керек.38
Ауыр металдар топырақ қабатына мұнайды жағу барысында түседі. Кейбір
зерттеулер көрсеткендей мұнай жағу барысында жыл сайын жер бетіне сынап –
1600 т, қорғасын – 3600 т, мыс – 2100 т, мырыш – 700т, никель – 3700 т
түсетіні анықталған.21.
Ауыр металдар топырақтың органикалық компонеттері және минералдармен
жеңіл абсорбцияланып, топырақтың жоғарға қабаттарында жинақталады. Олар
органикалық заттармен берік қосылыс түзгендіктен, көбінесе органикалық
қабаттарында жрнақталады.39,40.
Сонымен бұзылыстардың топырақ тереңдігіне ену деңгейіне байланысты
былай жіктейді:

• әлсіз дәрежеде бұзылу – 5 см тереңдікте
• орташада дәрежеде бұзылу – 6-10 см тереңдікте
• күшті дәрежеде бұзылу – 11-15 см тереңдікте
• өте күшті дәрежеде бұзылу – 15 см-ден жоғары тереңдікте.

2.4 Атмосфералық ауаның ластануы.

Атмосфераны негізгі ластаушы заттар:
• Көмірсулар
• Көміртегі тотығы
• Азот тотықтары
• Күйе

Ластаушы көздер:
• Мұнай жылыту пештерінің түтін құбырлары
• Газ жағу факелдері
• Қоймалар
• Мұнай дайындауға арналған қоймалар
• Мұнай ұңғылары.

Анализ бойынша атмосфераның ластануы көбінесе технологиялық жоғалу
салдарынан жүреді, яғни технологиялық жоғалу мұнай өңдеу және айдау
құрылымдарының булануы арқылы іске асады. Булану үлесіне 80-90% жоғалған
мұнай тиеді.41 .
Мәліметтер бойынша қоршаған ортаға зиянды қалдық заттармен ластанудың
жалпы мөлшері – 25,095 тжылына құрап отыр.Оның газ тәріздес 24,061
тжылына, қатты қалдық заттар – 1,034 тжылына ластап отыр.
Негізгі ластаудың қайнар көзі – 200 кВт (98%), дизельді генератор.
Негізгі зиянды компоненттері: азот оксиді – (31%), азот диоксиді – (24%),
көмірсу оксиді – (21%), күкірт диоксиді – (8%), күйе – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы радиациялық жағдай
Ауыр металдар, қосылыстары, мөлшері, жіктелуі
Өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері
Ауыр металдардың өсімдіктерге зиянды әсері
Ауыр металдардың өсімдіктерге ену жолдары
ҚОРҒАСЫН МЕН КАДМИЙ ИОНДАРЫНЫҢ ТОПЫРАҚТАН ФИТОЭКСТРАКЦИЯЛАНУЫНА ЭДТА-ның ӘСЕРІ
Радиациялық ластанудың көздері
Тіршілік ортасының экологиялық факторлары
Ауыр металдардың экожүйелерге таралуы және оның дәрілік өсімдіктердің өсу параметріне әсері
Ағзаның қорғасынмен улану жағдайындағы иммунокоррекциялық препараттардың әсері
Пәндер