Мемлекет құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар
Жоспар
1. «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі 3
2. Мемлекет туралы негізгі түсініктер 3
3. Құқық және мемлекеттік.құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі 15
Әдебиеттер: 19

1. Құқық негіздері оқу курсының жүйесі 3
2. Мемлекет туралы негізгі түсініктер 3
3. Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі 15
Әдебиеттер: 19
Құқық негіздері оқу курсының жүйесі
Құқық негіздері пәні заң ғылымдары бойынша гуманитарлық пәндер
жүйесінде ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің
қалыптасуы, елде экономикалық реформалардың жүзеге асуы және нарықтық
қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша. Әсіресе, тауар-ақша
(мүліктік) және басқару қатынастарын құқықтық реттеуде заңдар мен басқа
да нормативтік актілердің маңызы ерекше. Сондықтан да бұл пән арқылы ҚР
Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да
заңдардың жоғары принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын, жалпы
мемлекетіміздің қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін үйретеді.
Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі пәндердің ең негізгілері
қамтылып, онда Мемлекет және құқық теориясы, Конституциялық құқық,
Азаматтық құқық, Әкімшілік құқық, Еңбек құқығы, Қылмыстық құқық, Отбасы
құқығы, Қаржы құқығы және Халықаралық құқық салаларынан жоғары білімді
мамандар даярлауда қажетті теориялық түсініктер беріледі.
Аталған пән төмендегі мәселелерді қарастырады:
— мемлекет пен құқықтың, саяси және құқықтық сананың, құқықтық
қатынастардың заңдылықтары мен құбылыстарын;
— мемлекеттің Конституциялық құрылысын, мемлекеттік биліктің бөліну
теориясы мен тәжірибесін;
— Қазақстанда қолданылатын негізгі құқық нысандары мен салаларының
ерекшеліктерін;
— мемлекеттік қызмет принциптері мен мемлекеттік қызметкерлердің
құқықтық мәртебелерін;
— әкімшілік жауаптылық мазмұнын;
— азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, жеке және заңды тұлғалар ұғымы
мен олардың мүдделерін қорғау мәселелерін;
— қылмыс ұғымы мен санаттары, себептері және қылмыстық жауапкершілік
негіздерін;
— еңбек заңдылықтары, еңбекті қорғау мәселелерін;
— неке және отбасы құқығының негізгі қағидаларын;
— мемлекетіміздің қаржылық қызметінің құқықтық негіздерін;
— экологиялық және жер құқығының басты ерекшеліктерін.
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Мемлекеттің ұғымы және оның белгілері, мәні. Мемлекет адамзат дамуының
белгілі бір кезеңінде пайда болып қалыптасады. Мемлекет дегеніміз қоғамдық
саяси ұйым. Қоғамдық ұйымның алғашқы түрі рулық қауым. Ру дегеніміз
адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын
қауымдастық.
Рулық қауымда ру мүшелерін ұйымға олардың туыстық қандастығы, бірлесіп
істеген еңбегі және мүліктің ортақ болуы біріктіреді. Рулық қауым әдетте
екі сатыдан өтеді. Алғашқы әйелдер үстемдік етіп тұрған аналық дәуірде ру
топтары әйел туыстық жағынан болса, кейінгі аталық дәуірде билік отбасының
иесіне айналған ерлерге ауысады. Рулық қауымдағы биліктің түбегейлі өзгеруі
егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы, даму және еңбек құралдарын,
қару-жарақтарды көбірек өндіріп, жетілдіре түсуімен тығыз байланысты болды.
Осындай өзгерістердің нәтижесінде ерлер қоғамдық өндірісте маңызды орнынға
ие болып, ру қауымында шешуші күшке айналды. Міне, содан бастап туыстық
ерлер тарапынан анықталып, ер адам ру басшысы болып саналды.
Рулық қауымда қауымдық билік жүзеге асырылды. Ру өміріне байланысты
мәселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Ру
басшысына жасы толған азамат тағайындалды. Ру басшысының қызметі
мұрагерлікке негізделмейді.
Әдетте, оны кез-келген уақытта ауыстырып отырған. Ру ағасына ру әдет-
ғұрыптарын, дәстүрін білетін, рудың қамын ойлайтын және қауымды басқара
білетін адам сайланған. Бірнеше рулар бірігіп тайпа құрады. Тайпаны басқару
үшін ру ағаларынан кеңес құрылды. Ру өмірінің маңызды мәселелері ру
мүшелерінің жалпы жиналысында шешіліп, ел шешімінің жүзеге асырылуын ру
басшысы қадағалады.
Сонымен, рулық қоғам егіншіліктің, мал шаруашылығы, қолөнер
кәсіптерінің дамуына байланысты ыдырап, қоғам мүшелерінің жікке бөлінуіне
алып келді. Әрбір отбасының өзіндік шаруашылығы қалыптасып, мал, жер,
құрал-жабдықтар жеке меншікке айнала бастады. Рулық қауым ішінде мүлік
теңсіздігі пайда болды. Ру әскери басшылар ру мүшелері қатарынан бөлініп
шығып, басқарушы ерекше үстем тапқа айналды. Рулық қауымның әскери
демократиясы қалыптасып, мемлекеттік құрылымның алғашқы негізі қаланды.
Меншік иелері байлардың айрықша мүдделері болғандықтан олар басқа ру
мүшелерімен яғни кедей шаруалармен қатар отырып, мәселелерді бірге шешуге
бармайды. Сол себепті байлар мен кедейлер арасында қарама-қайшылықтар туа
бастады. Рулық биліктің орнына саяси билік, жаңа саяси құрылым пайда бола
бастады.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы — экономиканың
негізгі сипаты: қоғамдық еңбек, қоғамдық меншік, қоғамдық бөліс, қоғамдық
өмір сүру. Қоғамның құрылысы: туысқандық ру, тайпа, одақ, бірлестіктер.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық,
басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз
байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі
сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс-б.з.д. 10—15 мыңжылдықтарда болған.
Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан
жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық
еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: мал шаруашылық, жер игеру, өндірістік
және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның
шығысынан кірісін асырды. Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны
иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік
қайшылықтарды өмірге әкелді. 5—4 мыңжылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп,
қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет пен құқықтың
туынды тарихы — қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып
табылады.
Мемлекеттің рулық қауымнан айырмашылығын мынадай белгілері арқылы
ажыратамыз:
1. Мемлекеттік егемендік.
2. Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді.
3. Мемлекеттің әкімшілік билік жүргізетін органы болады.
Басқару ісімен шұғылданатын адамдар қызмет етеді.
4. Мемлекет заңдар шығарып, солардың күшімен қоғамдық қатынастарды
реттейді.
5. Салық жүйесінің қалыптасуы.
Мемлекет пен құқықтың шығу себептері:
— жинау экономикасынан өндіру экономикасына көшу;
— мал шаруашылығынан егіншіліктің бөлінуі;
— еңбектің ірі қоғамдық бөлінісі;
— алып-сатарлардың пайда болуы.
Мемлекет пен құқықтың өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективті
заңдылықтары:
— еңбек өнімділігінің өсуі;
— артық өнімнің пайда болуы;
— жеке меншіктің пайда болуы;
— таптардың пайда болуы.
Мемлекет дегеніміз — жария өкіметтің пайда болуымен іс-әрекетінің
нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның
негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-
қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы.
2. Қоғамдық қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.
Мемлекеттің қоғамдағы басқа да ұйымдардан айырмашылық белгілері:
— мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым;
— мемлекет қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады;
— мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.
Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің
қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл
елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезеңінде күрделі құбылыстар болды. Мысалы,
ірі су каналдарын жасау, құрғақшылықпен күресу т.б. Міне осы күрделі
жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол
меншіктің иелері: чиновниктер, ру, тайпа басшылары, король, императорлар
болды. Король-императорлар жердегі құдай дәрежесінде болды. Бұл елдердің
экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлекеттік
биліктің, қоғамдық меншіктің басында — абсолюттік монарх болды, одан
төменгі — екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі
билік — чиновниктердің қолында болды. Осы сатылық биліктер — бәрі бірігіп,
қалың бұқараны қанауда болды.
Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда Шығыс Еуропа,
Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты. Сонымен, Азия типті
мемлекеттердің қалыптасу себептері:
— ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
— оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру,
біріктіру;
— барлық жұмысты бір орталықтан басқару.
Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX—XX ғасырларға дейін көп
өзгермей сақталып келді. (Қытай, Иран).
Европалық елдерде — мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы,
қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті
топтар мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын
орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе
демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
Теологиялық теория — мемлекет пен құқық Алланың құдыр етімен жаратылды
деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак
Маритен т.б. Патриархалдық теория — мемлекет адамдардың отбасы
тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-
мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Бұл теорияның
өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель болды. (Оны жақтаушылар Фильмер,
Михайловский т.б.)
Органикалық теория — бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған.(б.з
IV—III ғ.) Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері:
Блюнчли, Спенсер, Вормс, Прейс т.б. Бұл теория — адам қоғамында табиғаттың
объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады.
Мемлекеттің үкіметі-адамның басы миы сияқты қоғамды басқарады.
Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп
түсінеді.
Күштеу теориясы — XIX ғ. қалыптасқан пікір. өкілдері: Л. Гумплович, К.
Каутский т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз
руларды, тайпаларды күштеп, зорлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды
жақсарту үшін мемлекет құрады — деп түсіндіреді.
Материалистік теория — мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық
тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша
өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа
бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының
тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.
Мемлекеттің нысандары, функциялары, механизмі. Мемлекеттің сыртқы
нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің
нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты.
Демократиялы мемлекеттер тек қана республика немесе шектелген монархия
түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттерде көбіне монархия болатыны жақсы
мәлім. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен
тығыз байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін 1993 жылғы Конституциясының
орнына екінші 1995 жылғы Конституция қабылданды.
Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда
Президенттік республиканың саяси жүйесі құрды.
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер
етеді (географиялық, климат, тарихи факторлар жатады).
Мемлекеттің құрылыс нысанына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін
тигізеді. Ежелгі феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның
қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді. Кейін алғашқы қоғамның ыдырау
процесінде ол қалдықтар жойылады да, мемлекеттің нысаны қатты өзгереді.
Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған.
Патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбау, брахмандарды сыйлайтын және
олардың айтқан ақылдарын тыңдауы міндетті болған. Бұл туралы Ману
заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының,
соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай,
қоғамдық қатынас шиеленісі, дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір
адамның қолында болады. Мысалы, Наполеон, Рузвельт, Гитлер. Ал, мемлекеттің
экономикасы жақсы дамыған кезде жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер
жақсы қолданатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария).
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан,
Америка, Мексика мемлекеттері көпұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан
олардың мемлекеттік құрылымдары — федерация. Ал, Жапония, Германия, Польша
бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы,
Германия — федерация.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы — түріктер, бергі
атасы — қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып, өзінің
тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстанның көп ұлтты республикаға айналуы XX-
ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикасын қазіргі Конституциясы
біртұтас, бөлінбейтін мемлекет ретінде жариялады.
Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы
қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың қызметі, жүргізген саясаты,
сондай-ақ мемлекеттің дамуына діни факторлар да әсерін тигізеді.
Теория бойынша мемлекеттің нысаны үшке бөлінеді. Басқару нысаны,
мемлекеттің құрылым нысаны және саяси режим.
Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі — Ресей Федерациясының
негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен Республикасымен соғыс әдісін
қолданғаны белгілі. Бұл Ресей Федерациясының мықтылығын көрсету, негізгі
принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым нысанын
бірінші орынға қойып отыр.
Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші
орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық
мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті
органдардың құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциптермен
қалыптасып, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға
жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару түрі маңызды элемент
болып саналады.
Басқару нысаны монархия және республика болып екіге бөлінеді.
Монархия — жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік
мұрагерлікпен беріледі. Монархия шексіз және шектелген болып екіге
бөлінеді. Шексіз монархия — монархтың билігін басқа мемлекеттік орган
шектемейді, биліктің бәрі өз қолында. (Мысалы, Шығыс деспотиясы, Египет,
Вавилон, Қытай, Жапония), Рим империясы жатады. Қазіргі жаңа ғасырларда
шексіз монархиялар өте сирек кездеседі (Бруней, Оман).
Ал шектелген монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен
шектеледі. Монархияның бұл түрі Шығыс мемлекеттерінде кездеседі. Мысалы,
Үндістан. Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп
аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік. Дуалистік
монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық
революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер
биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден, заң шығару билігі
жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 ж. Конституция бойынша король заң
шығару билігін жоғалтты, ол Ұлттық Жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның
қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны
пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді
және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салған және
парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге
бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың.
Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де,
дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды.
Парламенттік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан
кейін Құқық туралы Билль деген (1689 ж.) Конституциялық заңда осы
мемлекеттік басқару нысаны пайда болды.
Қазір Еуропа мемлекетінің көпшілігі осыған жатады: Белгия, Норвегия,
Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол
парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің
төменгі палатасынан көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол
партияның басшысы Премьер-Министр болып тағайындалады. Премьер-Министр
кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет
корольдің алдында емес, Парламенттің алдында жауапты. Егер мемлекетте
жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын
болса, осындай мемлекеттік басқару нысаны Республика деп аталады.
Республикалық басқаруда мемлекет басшысы сайланады. Бұл басқарудың екі түрі
кездеседі: Президенттік және Парламенттік Республикалар. Президенттік
Республикада президентті тікелей халық сайлайды және президент мемлекет
басшысы бола отырып үкіметті тағайындайды. Парламенттік Республикада
мемлекет билігінің жоғарғы органдар жүйесі Парламенттің басымдылық
принципіне негізделген. Мысалы, Италия, Швейцария. Кейбір мемлекеттерде
Президенттік және Парламенттік республикалар белгілері аралас болады.
Оларды жартылай Президенттік Республика деп атайды. Мысалы, Ресей
Федерациясы.
Мемлекет құрылымы. Әр мемлекеттің аумағы оның ішкі құрылысын
анықтайтын құрамды бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның
көлемінде мемлекеттік аумақтық бөлшектерінің жүйесі қалыптасады.
Мемлекет құрылымы — мемлекет нысанының екінші элементі. Бұл ұлттық,
мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік-территориялық жүйені, олардың
ерекшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық,
федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді. Тұтас яғни,
унитарлы мемлекеттер тек қана әкімшілік жергілікті аудандарға бөлінеді.
Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады,
оларды Президент тағайындаған әкімдер басқарады.
Федерация — күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді.
Федерация екі немесе одан да көп мемлекеттердің бірлестігі. Федерацияның
екі түрі бар: ұлттық құрама және жергілікті құрама. Біріншісіне бұрынғы
КСРО, Югославия, Үндістан екіншісіне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады.
Конфедерация — белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің
уақытша одағы. Конфедерацияның ерекшеліктері: белгілі бір лайықты түрде
жасалған келісім-шарттар негізінде құрылады, оның субъектілері өз еркінше
достастықтан шығуға құқылы, конфедерацияға кірген елдердің егемендіктері
өздерінде сақталады, келісім-шарт актілерінде көрсетілген мәселелер бойынша
ғана құрылады, конфедерацияның тұрақты түрде істеп тұрған органдарының
билік өкілеттіктері болмайды, одақтық өкімет актілерін тануды
субъектілердің қабылдамауға құқығы бар. Мысалы; ТМД конфедерация белгілері
бар құрылым.
Саяси режим дегеніміз — мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру
әдістерінің жиынтығы.
Саяси режимнің түрлері: демократиялық және антидемократиялық.
Демократиялық режим екіге бөлінеді: шын және либералдық. Антидемократиялық
режим үшке бөлінеді: тоталитарлық, авторитарлық және фашистік.
Демократиялық биліктің белгілері: әр түрлі партия, бірлестік,
қозғалыстар Конституция шеңберінен шықпай, еркін бостандықта қызмет
атқарады. Идеологиялық плюрализм. Мемлекет органдарының сайланбалы жолмен
құрылуы. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алып, олар
шын мәнінде қамтамасыз етілу кепілдіктеріне ие болуы.
Антидемократиялық билік сипатында қоғамда жаппай қуғын-сүргін,
заңсыздықтар орын алып, демократиялық құқықтар мен бостандықтар болмайды.
Демократиялық партиялардың құрылуына тыйым салынады, мемлекетте бір ғана
идеология үстемдік етеді, органдар сайлау жолымен құрылмайды.
Антидемократияның авторитарлық түрі мемлекетте нақты билеушінің шексіз
билігімен көрінеді. Тоталитарлық жүйеде бір ғана саяси партия мемлекетте өз
билігін жүргізеді. Әкімшілдік-әміршілдік жүйе қалыптасып, қоғамда жеке
адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.
Сонымен, мемлекеттің нысанын анықтау үшін біз үш элементке қорытынды
бердік: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттің құрылым нысаны және саяси
режим. Мысалы, Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы
біртұтас мемлекет.
Функция — заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-
мақсаттарды, мiндеттердi орындау қызметiнiң негiзгi бағыттарын және оның
әдiс-тәсiлдерiн анықтап, іске асыруды бiрiктiредi. Мемлекеттің функциясының
орындалуын қамтамасыз ететін — мемлекеттік аппарат пен органдар. Алдымен
функцияны орындау үшін тиiстi мемлекеттік орган құрылады.
Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты
қалыптастырады. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде-
мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын толық білуге болады.
Сонымен, мемлекеттің функциясы — қоғамды әлеуметтік басқарудағы
мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негiзгi бағыттары мен әдiстерi.
Мемлекеттің функциялары iшкi және сыртқы деп екі күрделі топқа
бөлiнедi. Мемлекеттің iшкi функциялары:
1. Экономикалық функция — мемлекеттің экономикалық дамуының негiзгi
стратегиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz