Есту қабілеті зақымдалған балалардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктері


Есту қабілеті зақымдалған балалардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктері
Жоспар:
1. Түйсік туралы жалпы ұғым.
2. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сезіп тануының жалпы сипаттамасы.
3. Есту қабілеті зақымдалған балалардың естіп, көріп түйсінуі мен қабылдауы.
4. Қимыл қозғалысты түйсіну.
5. тері арқылы түйсіну және сипат, сезіп кабылдаулары.
Түйсік туралы жалпы ұғым.
Түйсік - бұл рецепторларға әсер ету нәтижесінде пайда болатын қоршаған ортадағы объективті заттардың касиеттерінің көрінісі, бейнесі. Қоршаған ортаны танып білу түйсиктен басталады. Түйсиктер бұл - бұл алғашқы психиқалық таным үрдістерінің бірі, олар көп жағдайда затты қабылдаудың құрамына кіреді.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер түйсик деп аталады.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты, жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттерді ажыратылады.
И. П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анолизатор (көру, есту, қозғалыс) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді . Анализаторлар үш бөліктен құралады:
* сезім мүшесі (рецептор) -сыртынан келген тітіркедіргіштерді жүйкелік қозуға айналдырып отыратын мүш;
* миға баратын жүйке талшықтары - олар секундына 120 метр жылдамдықпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады;
* мидағы түрлі жүйке орталықтары - олар тітіркедіргіштерді айыра алуға қабілетті нейрондардан тұрады.
Түйсіктердің негізгі заңдылықтары:
А) Сезгіштік және табалдырық *абсалюттік; *айырма сезгіштік;
Ә) Адаптация;
Б) Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизацыя;
В) Синестезия;
Г) Бір ізді бейнелер (эйдетиқалық ес) ;
Түйсіктердің түрлері:
1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дегенінің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Оны экстероцептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады.
2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін (хабарлайтын) түйсіктерге түрлі органиқалық түйсіктер жатады. Олардың интероцептор деп атайды.
3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кисентезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Оны проприоцептор деп атайды.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сезіп тануының жалпы сипаттамасы. Сезім мүшелерінің жақын рецепторларда физиологиялық қоздыргыштардың тікелей әсерінен пайда болатын заттардың, құбылыстар мен жағдайлардыңбіріккен, бейнесін кабылдау деп атайды.
Егер түйсик сыртқы дүниедегі заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнелеуі болса қабылдай заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнелеуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, пішіні т. б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.
Қабылдау - белсенді өзін-өзі реттеуші сипатқа ие. Тәжірибелік іс- әрекетте қабылдау белсенді және мақсатқа бағытталған таным процесі кызметін атқарады. Қабылдау тұтастығы бұл қарапайым заттық форма. Қандайда болмасын зат, құбылыс оның кейбір бөлшектері көрінбеген жағдайда тұрақты жүйелі біртұтас объект ретінде қабылданады. Заттық қабылдау бейнені аяқталган формада, тұрақтылықта, ұғыну немесе мәнін түсіну мен ерекшеленеді. Қабылдау -ми қабығының күрделі анлиздік және синтедік кызметінің нәтижесі.
Сонымен, мәнін түсініп қабылдаудың арқасында, ол биологиялық процесс қызметін атқармайды. Затты қабылдаумен қатар, оның қызметін ұғыну, өткен ұрпақтық тәжірибелік іс - әрекетіне сүйене қалыптасады.
Қабылдау категориялық (дәрежелік) және мағыналық сипатқа ие болады. (А. В. Запорожец) . Мағыналы қабылдаудың дамуында басты роль атқаратын сөйлеу әрекеті. Осының көмегімен сезім мүшелерімен қабылданатын ақпараттың топтастырылуы, жалпыналуы іске асырылады. Қабылдау мен түсіктің барлық түрлерінің дамуында есту қабілеттері зақымдалған балаларда өзіндік специфиқалық ерекшкліктер байқалады.
Қабылдау мен түсіктің негізгі түрлері:
*Есту түйсігі мен қабылдау;
*Көру түйсігі мен қабылдау;
*Қозғалыс түйсігі;
*Тері, сипап сезу түйсігі мен қабылдау;
Есту қабілеті зақымдалған балалардың естіп, көріп түйсінуі мен қабылдауы.
Естімейтін балаларда есту түйсігі болмайды деген ой қалыптасып қалған. Негізінде ол қате пікір. Акустиқалық апарат арқылы тексеру нәтижесі бірқатар естімейтін балаларда ( шамамаен 40%) сақталғандығын көрсеткен. Бұндай көрсеткіштерді есту бұзылыстары бар балаларды оқыту процесінде тиімді пайдалануға болады.
Естіп қабылдауы зақымдалған адамдарда естуді компенсацыялауда көріп қабылдау маңызды рөл атқарады. Көру анализаторы есту бұзылыстары бар балаларда қоршаған ортаны танып білуде өте маңызды.
Зерттеулердің нәтижелері есту қабілеті зақымдалған балалардың көріп қабылдауы мен көріп түйсінуі қалыпты балалар мен бір деңгейде болатындығын көрсетті. Сол себептен естимейтін балалар еститін балалар назар ( зейін ) аудара бермейтін, айналадағы майда құбылыстарды, заттарды байқағыш келеді. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің дамуына көріп қабылдау ерекше рөл атқарады. Естімейтін бала сөйлеушінің сөзін негізінен көріп қабылдайды. Бұл балалардың көріп қабылдауының дамун ерте балалық шақтан қалыптасуы кезеңділіктермен сәйкес қарастырған дұрыс.
К. И. Версотскийдің зерттеуіесту қабілеті зақымдалған балалар айналадағы заттарды тануға келгенде, қалыпты балаларға қарағанда баяу болатындығын көрсетті. Мысалы, затты тануға қанша уақыт керектігін анықтау үшін, естімейтін және еститін балаларға жақсы білетін заттардың суретін бірдей қысқа уақытқа көрсеткен. Еститіндерге қарағанда, естімейтін болаларда тану процесі жай жүрген. Оларға заттың ақпараттық белгілерін анықтау көп уақытты талап еткен.
Олар таныс заттар - 180 градусқа аударылып берілген геометриялық пішіндері, жекеленген элеметтерді (топтастырылған нүктелер мен сызықтар) тануда ауқымды қиындықтарға кездескен. Зерттеушілердің пікірінше, бұл естімейтін балаларда қабылдау процесінің өз бетімен қалыптасуының тежелетінділігімен және бұрын кездескен заттарды талдау мен топтаудың толық болмайтындығымен байланысты екендігін айтады.
Заттардың формасын ажырату, атап көрсету, тиісті белгілерді менгеру және оларды практикада қолдана білумен жеңілдетіледі. Дъячковтың зеттеулері есту қабілеті зақымдалған балаларға заттардың формасын қабылдап тану үшін сөйлеу тілінің маңыздылығының көрсеткен. Заттың формасының жетістік белгіленуін 7-8 жастағы балаға, заттарды қасиеттері, белгілері бойнша ажырата алмаған. Жетістік белгіленуін білген естімейтін балаларда заттарды тану 2-3 деңгейге(ретке) нақтырақ болған.
Ерте жастан арнайы оқыту мекемелерінде білім алып, сөйлеу тілі қалыптасқан балаларда формаларды ажыратуда қателіктер аз болған.
А. А. Венгер мен А. Л. Венгер мәлеметтері бойынша, естімейтін мектепке дейінгі жастағы балалар заттарды формалары бойынша ажырата алады екен. Бұл есту қабілеті зақымдалған баланың қабылдауын дамыту барысында орнын толтыру мүнкіндік туатындығын кей жағдайда оларда саналық тәрізді қасиеттердің арқасында қабылдауын қалыптасуы мүнкін екендігін көрсетеді.
Заттың сырқы пішінін тану біртіндеп қалыптасады, себебі ол реакция мен талдаудың белгілі деңгейде болун талап етеді. Естімейтін балалар жақсы таныс тегіс заттың пішінін тануға берілген тапсырмаға байланысты зертеудің нәтижесі-оларда заттың пішінін тану біліктері еститіндермен салыстырғанда кешрек қалып қалыптасатындығын көрсеткен. Сонымен ерте мектеп жасындағы балалар берілген заттардың 3/1 бөлігін танымаса, естімейтіндер 50% (жартысын) танымаған яғни атай алмаған. Ары қарайғы оқыту процесі барысында бұл дағдылар барлық балаларда жетілген, 13-14 жасқа таяғанда бұл дағдылар естімейтіндерде еститін құрдастары мен бірдей болмасада, соларға жақын болған. Естімейтіндерде картиналарды түсіп қабылдау, оны талдау қиыншылық тудырған.
Н. В. Яшковтың зерттеуі бойынша, естуі зақымдалған балаларда суретті қабылдауында қиындықтар туады және суреттің мәнін, мағынасын түсінуде қиналды, қозғалмалы затттардың суреті бірлесе, кеңістік пен уақыт қатынасын түсінуде қиындықтар туындаған. Сонымен қатар, олар суреттегі заттар басқа затпен жартылай жабылған болса оны тани алмаған.
Естуі зақымдалған бала үшін есту, көру арқылы қабылдау - бұл айналадағы қоршаған ортамен байланыстың көзі, басқа адамдармен қарым- қатынас жасадың байланыстырушы жолы, оған бағытталып айтылған сөйлеу тілін қабылдау болып табылады. Аталған балаларды оқытуда көріп қабылдау барысында сөйлеп отырған адамның мимикасы, ерін қозғалысы, бет қозғалысы, дактильдеу кезіндегі қолдардың қыймыл- қозғалысы барысында ерекше мән беріледі және соның нәтижесінде жетіледі.
Сонымен есту қабілеті закымдалған балалардың көріп қабылдауы еститін балаларга тән заңдылықтарға сәйкес дамиды. Дегенмен, есту бұзылысы және оның өзіндік спецификасы функцияаралық қарым-қатынастың өз уақытында қалыптасуы, ( қабылдай мен сөйлеудегі байланыс кажетті болмайтындыгы) қабылдаудың маңызды бөлігі саналыққа теріс әсер етеді.
Қимыл қозғалысты түйсіну.
Қозғалыс түйсіктері-біздің денеміздің бөліктерінің қозғалысы және бұлшық еттердің шиғыруы, сөйлеу мүшелерінің қыймылы туралы белгі (сигнал) беріп отырады. Адамда есту мен қозғлыс анализаторлары арасында тығыз байланыс бар. Естудің зақымдалуы артикуляторлық және демалу апаратының қозғалысын сезінуге теріс әсер етеді. Естімейтін адамдарда қозғалыс дискоординациясы, ебедейсіз жүріс жиі кездеседі. Бұның себебі қозғалыстың орындалуын естіп қадағалау жоқтығы.
Көптеген есту қабілетін жоғалтқан балалар, қалыпты еститін балалардан, қозғалыс дамуы бойынша артта қалушылық танытады. А. А. Венгер, Г. Л. Выгодская и Э. И. Леонграттың мәлеметтеріне сүйенсек, естімейтін балалардың 70% мойнын ұстау, отыру, журу мезгілден кеш қалыптасады екен. Ал, балалардың 50% да өз бетімен жүру тежеледі. Тепе теңдікті ұстау, дәл түсуі, қыймыл қозғалыстағы сенімсіздік, кеңістікті бағдарлай алмау тәрізді қасиеттер бастауыш сыныптардың аяғына дейін жалғасады. Моториканың даму ерекшелігі қозғалыс барысында да, сондай-ақ зататар мен қарым -қатынаста да сезіледі.
Көп балаларда артикуляцыялық апараттың және қолдағы саусақтардың қимылының дамуында тежеулер кездеседі. Статистиқалық және динамиқалық тепе теңдікті сақтау қиындығы мектеп жасында да білінеді. Егер көзі байланбаған кездегі естімейтін баланың жүрісі еститін баланың жүрісімен бірдей болса, ал байланған көзбен жүрген кезде естімейтін бастауыш сынып оқушыларының 45% -нда тепе - теңдік бұзылыстары болған және олар 12-14 жасқа дейін сақталған. Кейін бұл ерекшеліктер азайған.
Ж. К. Шифтің мәлімдемесі бойынша оқытудың алғашқы жылында естімейтін балаларды еститін балалармен салыстырғанда олардың қозғалыс реакциясы жылдамдықтары әлде қайда баяу. 14 жас шамасында бұл кемшіліктер байқалмайды, яғни оқыту барысында шыңдалудың, дағдының нәтижесінде олардың қозғалыс реакция жылдамдықтары артады. Есту қабілеті зақымдалған балалар үшін қозғалыс дағдыларын менгеру баяу болатынлығы мен сипатталады. Естуді жоғалту қимыл - қозғалысты сезуді дамытуда көптеген курделі жағдайлар туындатады. Есту арқылы бақылау нақты, бір қалыпты, байсалды қозғалыстардың төселуіне септігін тигізеді, ал оның болмауы осылардың қалыптасу ерекшеліктеріне әкеліп соқтырады.
Естуі зақымдалған балада естіп бақылаудың орнын толтыруда көру, тактилді-вибрацыялық және қозғалысты қабылдаудың рөлін арттырумен жетілдіруге болады. Есту арқылы бақылауды жетілдіру жұмыстары нәтижелі болуы үшін, бұл балаларда өзінің қимыл -қозғалысының сапалы болуын қадағалауға дағдыландыру барысында қол жеткізуге болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz