Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары



Кіріспе
1 Тарау. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын кәсіптік бағдар берудің ғылыми теориялық негіздері
1.1 Оқушыларды кәсіптік бағдарға даярлығының жағдйы
1.2 Кәсіптік бағдардың маңызыдылығы

2 Тарау. Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары
2.1 Жоғары сынып оқушыларын кәсіптік бағдарлыққа дайындық деңгейлері
2.2 Кәсіптік бағдар жүйесін ұйымдастыру жолдары
2.3 Оқушыларға кәсіптік бағдар беру барысындағы мектеп тәжірибелері мен педагогикалық эксперименттің нәтижелері

САУАЛНАМА
Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 Тарау. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын кәсіптік бағдар берудің
ғылыми теориялық негіздері ... ... ... ... ..
1. Оқушыларды кәсіптік бағдарға даярлығының жағдйы ... ... ..
1.2 Кәсіптік бағдардың маңызыдылығы ... ... .

2 Тарау. Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ..
2.1 Жоғары сынып оқушыларын кәсіптік бағдарлыққа дайындық
деңгейлері ... ... ... ... ... ... . ..
2. Кәсіптік бағдар жүйесін ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ..
3. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру барысындағы мектеп тәжірибелері мен
педагогикалық эксперименттің нәтижелері ... ... ... ... ..

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қоғамдық құрылымның өзгеруі, еңбек
бөлінісінің тереңдей түсуі, өндірістің күрделенуі, қиындауы, жұмыс
жағдайының түбегейлі өзгеруі, ескі кәсіптік құрылымның күйреуі, ғылыми-
техникалық ақпараттың бұрын соңды болып көрмеген қарқынмен көбеюі, басқа да
саяси-әлеуметтік жағдайлар жастардың білімін және кәсіптік шеберлігін
арттыруды күн тәртібіне қояды. Өйткені білім мен тәжірибенің экономиканы
дамытудағы рөлі күн санап өсіп келеді.
Жеке адам бағыттылығының проблемасы қазіргі кездегі психологиялық
педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі
Демократиялық қоғам құру кезеңінде экокномика саласында нарықтық
қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация үрдістері жүріп жатқан кезде,
демократиялық қоғамда өмір сүретін және шығармашылық еңбекке адамгершілік,
психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын- біртұтас, жан-жақты дамыған
жеке адамды тәрбиелеу – біздің қоғамның негізгі мақсаты.
Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастарға саналы түрде бір
кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы, сондықтан да кәсіптік бағдар
беру жұмысын жолға қою бүгінгі өмір талабы. Кәсіптік бүкіл халықтық,
мемлекеттік іс және күрделі кешенді мәселе.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде кәсібм бағдарлау жұмыстары
әлі де өз деңгейінде емес екендігін біз 3 курста Әлеуметтік педагогикалық
практика барысында аңғардық.
Ауыл мектептерінде кәсіби бағдарлау жұмыстары, алдын ала
жүргізілмейді. Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарымен, кәсіби орта білім
беретін оқу орындары жөнінде, сол оқу орындарындағы мамандықтар жөнінде
оқушылар мектепте ақпарат алып отырса, жоғарғы сыныпты аяқтаған соң өз
қалауы бойынша мамандық таңдар еді.
Қазіргі кезде, психологиялық педагогикалық ғалымдардың еңбектерінде
оқущыларға кәсіптік бағдар беруде, кәсіби қызығушылықтарының дамуы мен
кәсіби өзіндік айқындалу дәрежесі және әлеуметтік ортаның жеке тұлғаға
ықпал ету мәселелеріне мән беріліп, өзіндік тұрғыда қарастырылып отыр.Жас
ұрпаққа еңбек тәрбиесін беру, олардың еңбегін ұйымдастыру мен тәрбиенің
тұтас жүйесін жасауда көрнекті педагогтарымыз бен ақын- жазушыларымыз:
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев,
К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко т.б. маңызды ой пікірлері
бүгінгі таңда мектептеріміздің практикасында өзінің жалғасын табуда.
Сондай- ақ еңбек пен тәрбие мәселесіне арналған, педагогикалық
техникумдар үшін зерттеу жұмыстарын жүргізген С.И. Архангельский, В.П.
Беспалько, А.И. Берг, А.П. Сейтешев, Б.К. Момынбаев, Г.А.Умановтар мен
еңбек пәні бойынша оқу құралдарын жазған педагогика ғылымдарының
кандидаттары К.Ж. Жүнісова, Ж.Р. Баширова, Б. Құлахметов, А. Бегматовиардың
зерттеу жұмыстарының маңызы зор деп айтуға болады.
Дегенмен, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды саралай келе, жалпы
білім беретін мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мәселесі әлі де болса
жеткілікті дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін аңғардық.
Біздің ойымызша оқушылардың кәсіп таңдау кезінде көбінің ата-
аналарының ақыл-кеңесіне сүйенетіне немесе талапкерлердің мамандықтарды
таңдаудағы білімсіздігі, сондықтан өзінің көңілі қаламаған мамандық
таңдауына байланысты оқуды тастап кетуі, болашақта мамандықтары бойынша
жұмыс істемеулеріне негіз болады. Сондай-ақ, оқушылармен кәсіптік бағдарлау
жұмыстарының мектеп қабырғасында соңғы жылдары ғана қолға алынатынын
ескерсек, оқушының кәсіпке деген қызығушылығын қалыптастыру жүйелі түрде
ұдайы іске асыруды талап етеді.
Зерттеу барысында айқындағанымыздай өзекті, тың тақырып мәселе
бүгінгі күге дейін өз шешімін таппаған жоғары сынып оқушыларына кәсіптік
бағдар беру мәселесі өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің
бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын
көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми –зерттеу жұмысының тақырыбын
Жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау – педагогикалық проблема ретінде
деп таңдауға себепші болды.
Зерттеу мақсаты: Жоғары сынып оқушылары мен кәсіби бағдарлау
жұмыстарын жетілідіру және бүгінгі таңдағы осалдық жақтарын қарастыру.
Зерттеу міндеті:
- оқушыларды кісіптік бағдар арқылы еңбекке баулудың ғылыми-теориялық
негіздерін зерттеу
- оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда
зерттеу
- оқушыларды кәсіптік бағдарға даярлығының моделін жасау
- жоғары сынып оқушыларын еңбеке баулуға қатысты бағдарламалар мен
әдістемелік құралдар жасау.
Зерттеу объектісі: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіби
бағдарлау процесі.
Зерттеу пәні: Оқушылармен кәсіби бағдарды қалыптастыру процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, оқушыларды еңбеке баулу барысындағы
кәсіпітк бағдардың мазмұны мен әдістемесі сол аймақтың нарықтық
экономикасын дамытуға бағытталған кәсіптерге сай келсе, онда жалпы білім
беретін мектептердің оқу процесінде оқущыларды кәсіптік бағдарлау шарттары
жүзеге асылар еді.
Зерттеу әдістері: Зертттеу жұмысына қатысты педагогикалық-
психологиялық, теориялық талдау жасау; оқу құжаттарымен танысу; жазба
тексеру жұмыстарын жүргізу; жеке әңгімелесу; реферат жаздыру; бағдарлама,
оқулық, оқу-әдістемелік құралдарды талдау, педагогикалық эксперимент өткізу
барысында сауалнама жүргізу.
Зертттеудің ғылыми жаналығы, мен теориялық маңыздылығы:
- оқушыларды кәсіптік бағдарлауды және еңбекке даярлаудың ерекшеліктері
зерттелді;
- оқушыларды кәсіптік бағдарға даярлығының моделі жасалынды, оның
мазмұны, белгілері мен деңгейлері белгіленді;
- зерттеу қорытындылары жұмыстың теориялық негіздерін методологиялық
тұрғыдан осы саладағы философия, психология, педагогика ғылымдарының
жетістіктерін пайдаланумен, зерттеудің мақсаты мен міндеттерің ғылыми
ақпаратқа сай болуымен, зерттеу әдістерін жүйелі іске асуы қамтамасыз
етілген.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- кәсіби бағдар, кәсіби қызығушылық ұғымдарының мәні мен мазмұны,
оқушыны қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері;
- кәсіби бағдарлау мәселесі негізінде сабақтан тыс тәрбие жұмыстары
арқылы оқушылар кәсіп таңдауға деген педагогикалық- психологичлық
бағыттарын қалыптастыру үлгісі;
Зерттеу базасы: №15 лингвистикалық гимназия, №10 кәсіптік мектеп,
Алматы индустриалдық- педагогикалық колледжі.
Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
тұжырымдардан, қорытындыдан, пайдаланаған әдебиеттер тізіміенен және
қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты баяндалған.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын кәсіптік бағдар берудің ғылыми
теориялық негіздері атты бірінші тарауда кәсіби бағдарлау жұмыстарын
қалыптастырудың психология- педагогика ғылымдарындағы мәні мен маңызы,
зерттеудің алғы шарттары, кәсіби бағдар беру жұмыстарының зерттелу жайы
қарастырылып, моделі көрсетілді.
Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары атты
екінші тарауда жоғары сынып оқушыларының әсіптік бағдарын қалыптастыру
тәжірибелік- экспериментте тексеріліп, қортынды нәтиже талданды.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен
ұсыныстар беріледі.
Қосымшада тәжірибелік-экспериментке байланысты сабақта және сабақтан
тыс тәрбие жұмыстарының үлгілері топтастырылып берілді

I тарау. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын кәсіптік бағдар берудің
ғылыми- теориялық негіздері.
1.1 Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері.
Қай заманда, қай қоғамда болсын, мектептегі блім, еңбекке баулу,
тәрбие беру, ең алдымен, қоғамның мүдесінен туындайтың әлеуметтік сұранысқа
қарай кызмет көрсету бағытын ұстанады. Қазір қоғамдағы даму мен байланысты
мектепте оқытудың да мазмұны өзгеріп отыр. Қазіргі қоғамға жаңа адамдаы
тәрбиелеуде мектептің алдына көптеген жұмыстар істелуі қажет.
Сондай- ақ, еңбек оқумен тығыз ұштасқан, балалардың жас
ерекшеліктерін ескерген, санитарлық- гигиеналық ережелердің талабын толық
сақтаған, мөлшері, шамасы бар еңбек болуы керек.
Әл- Фараби адамдар бір- бірімен келісіп, тілдесіп отыруы тиіс деп
есептейді. Әділеттіліктің қалыптасқан нормасы универсал заңдар болса, оны
мүлтіксіз орындау керегін заң шығарушылар талап етуі қажет. Алайда заңның
орындалуының қандай түрі болмасын тәрбие арқылы жүзеге асады, тәрбие ғана
саналы адамдар, еңбек адамын тәрбиелеп, қалыптастырады, еңбексіз заңда,
қоғам да ілгері дами алмайды,- деп тұңғыш орыстын классик педагогі
К.Д.Ушинскийдің 19- ғасырдағы еңбек туралы айтқандары Әл- Фараби ілімінен
үндес келетінін аңғаруға болады. К.Д.Ушинскийдің айтуынша, біріншіден,
еңбек- адам өмірінің негізі, өмірдің құралы.Екіншіден, еңбек- адамгершілік,
ақыл- ой, еңбек тәрбиелерінің, адамның және жастардың дене жағынан
жетілуінің құралы. Әл- Фараби- еңбек- тәрбие тағылымының негізі десе,
Ушинский- еңбек тәрбиенің күшті құралы,- деп айтқан.
Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қалауда 12 ғасырдағы
“Фарабидің энсиклопедиясы” атты еңбектің маңызы ерекше. Әсіресе, мұның
трактат ретінде ғылым тарихында алатын орны ерекше. Бұл трактат “Ғылымдар
энсиклопедиясы”, “Ғылымдар реті”, “Ғылымдар класификациясы” т.б. аттарымен
Шығыс және Батыс елдерінде өте ертеден- ақ мәлім болған. Бұдан көп
ғұламалар тәлім алған.
Фараби трактаттарында қоғамдағы (өзі өмір сүрген дәуірде) барлық
құбылыстар мен өзгерістер таза да адал еңбектің жемісі- деп тұжырымдады. Ол
“Адамды адам еткен- еңбек” деген қағиданың негізін салды.Әл- Фарабидің
логикалық еңбектерінде еңбек пен еңбек тәрбиесінің даму элементтеріде
кездеседі. Жалпы тіршілік, өмір сүру туралы ой пікірлер, оны ғылыммен
байланыстыру туралы “Ғылымдар тізбегі”, “Алмагеске түсініктеме”,
“Астрология”, “Философияны үйрену үшін не білу керек” еңбектерінде еңбектің
маңызы мен мәнің талдап ашып берді. Демек, Әл- Фараби еңбек тәрбиесінің
негізін салды.

1.1 Оқушылардың кәсіптік бағдарға даярлығының
жағдайы.
Педагогикалық және психологиялық зерттеулерде кәсіптік бағдарға
дайындық деген термин әртүрлі түсіндіріледі.
Психологияда дайындық дегеніміз – адамның барлық психологиялық және
физиологиялық жүйелерін арнайы іс-әрекеттерді орындауға шоғырландыру деп
түсіндіріледі. Оның құрамына қажеттілік, қызығушылық, ұстаным, сапа, білім,
білік, дағды т.б. кіреді.
Н.В. Кузьмина дайындықтың 4 компонентін көрсетеді: конструктивтік,
коммуникативтік, ұйымдастырушылық және гностикалық. Н.Д. Хмель болса, кез
келген іс-әрекетке дайындықты 3 компонент арқылы анықтайды: мотивациялық,
мазмұндық және процесстік.
Оқушының келешекте мамандық таңдаудағы басты өлшемдеріне тоқталсақ:
- Оқушы өзінің таңдаған мамандығының қоғамада қаншалықты мәні барлығын
түсінуі тиіс.
- Мамандықты қандай мақсатпен таңдағанын дәлелдеуі тиіс.
- Еңбек процессінде өзінің жеке басының қатысу керектігін түсіну.
- Өзінің еңбек етіп отырған ортасына, мектебіне, өндіріс орнына қандай
пайда келтіретінін ұғу, соған тырысу.
Нарық, әсіресе, ауыл мектебінің өміріне дендеп енді. Бұған дер
кезінде көңіл бөліп, шешімін таппасақ, ауыл мектебі, тіпті ауылдың өзі
декүйзеліске ұшырауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының бүгіні мен ертеңі біздің қай-қасымызды да
ойландырмай қоймайтыны анық. Олай болса, осы тәуелсіз мемлекеттің саяси,
әлеуметтік, экономикалық және мәдени саласындағы жетістіктің болашағы
бүгінгі мектеп қабырғасындағы шәкірттер мен жастарға тікелей қатысты. Бұл
нарықтық экономика жағдайындағы өзгерістер барысында келешек қоғам иесіне
кәсіптік бағдар беру қалай болмақ дегенге тіреледі.
Өндіріс, өнеркәсіп орындары жете дами алмай, өндірген өнімнің сапасы
төмен болып, сұранысты қанағаттандыра алмай отырғанын көріп отырмыз.
Осындай жағдайлар күн өткен сайын кәсіптік бағдарламаны айқындауды қажет
етеді. Осыдан барып еңбек ресурстары болып табылатын өндіргіш күштерді
дамыту проблемасы өрби түседі
Еңбекке және жұмысшы күшіне оң көзбен қарап, маман кадрлар
дайындауісіне жаңаша қатынас жасау қажеттігі туады. Сондықтан да кәсіби
мамандық құрылымын өзгерте отырып, еңбек ресурстарына сұранысты терең
зерттеу керек. Сонда кәсіпорын мен жеке адам, маман мен мамандандырылған
ортаның арасындағы алшақтық пробемасын шешуге жол ашылады.
Бұл – еңбекке және жұмыс күшіне жаңа қатынас. Бұларға сұраныс әр
аймақтың шаруашылық ерекшелігіне қарай қызметкерлерді даярлаудың,
ынталандырудың принципті жаңа жүйесін жасауды, сол арқылы жастарды еңбек
ұжымдарына нақты бағытпен таратуды қажет етеді.
Ол үшін кәсіпорынды білім беру жүйесімен берік өзара байланыстыруды
жүзеге асырып, білім беруді түбірінен қайта құру, оның жалпыламалық түрінен
жеке адамды нақты шығармашылық тұрғыдан дамытуға бағытталған дербес
тәсілдерді қолдануға көшу қажет.
Мектеп – кәсіптік бағдар беру жүйесіндегі негізгі құрылымдық
жүйелердің бірі болып табылатындықтан оқушыларды еңбекке даярлауда және
кәсіп таңдауында ерекше рөлге ие. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындары жанындағы
кәсіптік бағдар орталықтары да мектеп жүйесінде базалық буын бола алатыны
сөзсіз.
Кәсіптік бағдар беру жөніндегі бірсыпыра іс-тәжірибелерге назар
аударсақ, оның мынындай тиімді жақтарын көруге болады. Мыс.: Челябі
қаласында политехника институтының базасында Диалог-ЧПИ компьютерлі
автоматтандырылған орталық жұмыс істейді. Поиск кешенді диагностикалық
іріктелген әдістемесі жеке адамның дербес психологиялық ерекшеліктерін
оқушылардың ынтасымен ден қоюшылығын анықтайды. Электронды есептеу
машиналарымен әңгімелесуге тілек білдірген барлық оқушылар өте алды.
Кәсіптік бағдарламаның осындай автоматтандырылған орталығы Томскінің
автоматты басқару жүйесі және радиоэлектроника институты жанында да бар.
Жыл сайын орталыққа қала және облыс оқушыларының бір мыңнан астамы келіп
тұрады. Орталық ЭВМ М-600 және дисплейлік кластар базасында құрылған.
Мектеп оқушылары кәсіптік бағдар бойынша әңгімелесу ретімен өтеді. Содан
алынған баға оқушылардың бейімділігімен қабілетін айқындауға, мамандығын
таңдауға көмек теседі.
Ал біз үшін бұл орталықтардың шалғайлығынан, біздің жастарды
ынталандырып, баулға мүмкіншіліктер болмай отыр. Өйткені кәсіптік бағдар
кеңесшілері көбінесе жеке адамның психологиялық сипаттарын таңдаумен
шырмалды, ал аймақта әлеуметтік-экономикалық қажетті мамандықтарға деген
ынтаны оятуға жеткілікті ұмтылыс болмай отырғаны мәлім.
Ал АҚШ мектептерінің психологиясы Гайденс қызметі тәуір дамығандығын
көруге болады. Тестілеудің кең практикалануы оны американ мектебінің
селекторлы механизміне айналдырды. Қызмет құрылымында психологтан басқа да
кәсіптік бағдар кеңесшілері жұмыс істейді. 400-700 оқушыға бір кеңесші, ірі
мектептердеосындай 2-3 маман болады. Керісінше 3-4 шағын мектепте бір
кеңесші болады.
Мұнда кәсіпітік бағдар саласында пән мұғалімдерінің де атқаратын рөлі
зор деп айтуға болады.
Мектеп бағдарламасына Мамандық алуға даярлау деген бағыт
енгізілген. Бағдарлама мамандық әлемін зерттеуді, жеке адамның
ерекшеліктерін оқып-үйреніп, еңбекке деген дұрыс көзқарасты ұялатады.
Экономикалық оқытуды, мамандық таңдау жөніндегі шешімді тұжырымдай
білушілікті және өмір жолын жоспарлауды қамтиды. Бағдарлама кәсіптік
қызметті оқып үйренуді мектеп жасына дейінгі балалалр мекемелерінен
бастауды көздейді. Яғни, бастауыш мектептерде 1-6 сыныптар аралығында
мамандық әлемінің сан түрлі саласын қамтитын он бес тобымен (өнеркәсіп,
қызмет көрсету, көлік т.б.) таныстырып өту көзелген. Ал 7-8 сыныптарда
оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтарды анағұрлым тереңірек оқып
үйренеді. 9-10 сыныптарда оқушы өзі таңдаған мамандықтың бір тобын оқып
үйренеді. Осыған байланысты қажетті дағдыларды әрі қарай дамытады. 11-12
сыныптарда өзі ұнатып, көңіл тоқтатқан мамандық ьойынша кәсіби дайындалады.
Мектеп бітірушілер таңдаған мамандықтарын неліктен ұнатқанын, кәсіптің
ерекшеліктерін талдап, жеке басының қасиеттерін көрсетіпхат жазады және
осылардың таңдалып алынған мамандық талабына қаншалықты сәйкес екенін
келтіреді.
Американдық бұл бағдарламаның ерекшелігі өз-өзімен ақылдасуды, өз-
өзіне баға бере білуді бірінші орынға қояды. Бұл тәжірибеден байқайтынымыз,
ата-ана оқушыға мектеп таңдап алса да, оқушы өзіне көбірек ұнайтын кәсіптік
дайындыққа басқаша қарайды. Сондай-ақ оқу процессіне өнеркәсіп өкілдерінің
қатысып отырулары, олардың тікелей байланыс қазіргі заманғы өндіріс жайлы
тиянақты оқушы ұғымын шындап дамытады.
Ал Германия мектептеріндегі кәсіптік бағдар берудегі іс-тәжірибеге де
көңіл аударуға болады. Германияның жастарды еңбекке әзірлеу жөніндегі
тәжірибесі өзге елдерде жоғарғы бағаға ие болып отыр. Бұл елде 16-18
жастағылардың жартсынан астамы өндірісте шәкірттік алғашқы мамандық алып
шығады және бір мезгілде мектепте оқуын жалғастырады. Осындай кәсіби
даярлықтың арқасында неміс жастарының басқа елдердегі өз құрбы құрдастарына
қарағанда мамандығы әлде қайда жоғары.
Сонымен қатар ата-аналар кәсіпорынмен шартқа отырады. Белгілі
келісімге келеді. Шәкірт маман жұмысының жалақысының елу пайыз көлемінде
стипендия және жыл сайын 18 күндік еңбек демалысын алады. Өндірістік оқу
аяқталып, емтихан тапсырылған соң, оқушы маманданған жұмысшы дипломын
алады. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, кейін бұл оқушылардың
жартсынан астамы қай кәсіп орында мамандық алған болса, сонда тұрақтап
қалады.
Сондықтан да, егеменді еліміздің нарықтық экономикалық еңбек
ресурстары қойып отырған талаптарға жауап беретіндей кәсіптік бағдарлама
жүйесін жаңа мазмұнда құру, оның теориялық негізін жасау кезең күттірмейтін
мәселе деп айтуға болады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, егеменді ел болуына
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрт өзгеруіне байланысты білім
берудің, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері, түрлері, құрал
жабдықтары сияқты компоненттерінің өзара әрекеттері мен байланысынан туатын
мамандықтардың жұмыс шарттарын, ауқымымен атқарар функцияларын, жұмысқа
қажетті дағды мен шеберлік туралы мамандар жан-жақты айта алмады. Мұндай
жағдай оқушылардың мамандық таңдауына әсер етпей қоймайды.
Кәсіптік бағдар берудің және оқытудың белгілі маманы Б. Құлназаров
оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауы олардың мамандықтар туралы жалпы
мағлұматтармен алдын ала таныс болып, нәтижесінде жалпы түсінік, бағыттар
қалыптасқанда ғана мүмкін болатындығын айтады.
Бұл пікірді қуаттай отырып көптеген мұғалімдердің, пән оқытушыларының
сабақ барысында кәсіптік бағдар жұмыстарын методика жағынан дұрыс
ұйымдастыруды, мамандық туралы қандай мәліметтерді қамту керектігін, қандай
жүйемен түсіндіруді, бір пән сабағында оқушыларды қанша мамандықпен
таныстыруға болатынын біле бермейтіндігін байқауға болады.
Республикамыздың әрбір экономикалық аймақтарында кең тараған жүзден
астам мамандықтар бар. Оқушылар ең алдымен осылармен танысуы керек.
Кәсіптік бағдарлаудың белгілі маманы А.Е. Голомшток оқу пәнінің
кәсіптік бағдарлау міндеттерін шешудегі мүмкіндіктерін анықтауда мына
мәселелерге көңіл аударуды дұрыс деп санайды:
- жергілікті кәсіп орындардың кадрларға зәрулігін ескере отырып,
оқушыларға таныстыру мақсатымен мамандықтар мен технологиялық
процесстерді іріктеп алу.
- оқу бағдарламаларына талдау жасап, оқылатын материалиен маманданған
еңбектің арасында қандай өзара байланыстар барлығын анықтау.
1987 жылдан бастап мемлекеттік кәсіптік бағдар қызметі пайда болғаны
белгілі. Соның нәтижесінде кәсіптік бағдарлау орталығы құрылды. Бұл орталық
еліміздің 40-тан астам қалаларында, оның ішінде Алматы қаласында да жұмыс
істейді. Қажетті мамандары мен жаңа техникалары бар мұндай орталықтар
оқушылардың өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауына, қалаған кәсібінің
талаптарын мен жеке қабілеттерін салыстырып байқауына көптеген жәрдемдер
бере алады.Орталық оқушылардың болғым келеді қолымнан келеді қажет
деген талаптары мен армандарын бір жүйеге сала алады. Ал компьютер
оқушылардың қызығатын, 174 сұраққа берген жауаптарын қорыта келіп, олар
.шін болашақ мамандығы қолайлы немесе қолайсыз екендігін айқындап бере
алады. Сондықтан мұғалімдер осы орталықтарға оқушыларды жіберіп,
мамандықтарын тексеріп отырса тиімді болар еді.
Республикамызда оқушыларды еңбек етуге үйретіп, тәтбиелец ісінде
тиімді істермен жақсы бастамалар бар екендігін көруге болады. Солай бола
тұрғанымен, бүгінгі күнде еліміз егемендікке қолы жетіп, адам тағдырына бет
бұрып, келешекті кемелдендіруге белсене бет алғанда көп жерде осы өзекті
мәселе әлі де елеусіз қалып отыр.
Мекемелер мен шаруашылық басшыларын былай қойғанда, кейбір мектеп
басшыларының да соңғы жылдары оқушылардың еңбек тәрбиесінен сырт бере
бастағаны белгілі. Бұған дәлел соңғы жылдары еңбек сабағы мен еңбек
тәрбиесінің базасының құлдырауы.
Тәуелсіздік алған Қазақстан мемлекетінің білім беру саласында, оның
ішінде жалпы білім беретін орта мектеп өмірінде түбегейлі өзгерістер
болуда. Ол мектептің жаңа құрылымы, оған сай жаңа білім мазмұны және әр оқу
пәні бойынша кластар үшін төл оқу-әдістемелік кешеннің дайындалуы мен
олардың біртіндеп өмірге енуі.
Білім беру жүйесін жаңартудың талаптарына сай базалық оқу жоспары
бұрынғылармен салыстырғанда құрылымы жағынан жетілдірілген. Мұнда тек
пәндер жиынтығы, сағат саны, оқу сатысы туралымәліметтер беріліп қана
қоймай, сонымен қатар, оқу мазмұнының инварианттық және вариативтік бөлігі
туралы мәліметтер берілген.
Кәсіптік бағдар берудің педагогикалық аспектісі – жастарды кәсіпке
баулумен олардың мамандықты саналы таңдауы мақсатындағы оқу-тәрбие ісінің
тиімділігін арттыру жолдарын, оның құралдарын зерттейді. Бұл жерде мектеп
пен семьяның және өндірістің кәсіптік бағдар беру ісіндегі біртұтас жұмыс
жүйелі және оны ғылыми негіздеген.
Сонымен базалық оқу жоспары Республикадағы жалпы білім беретін мектеп
өмірінде бұрын болмаған жаңа ресми құжат деп айтуымызға болады.

1.2 Кәсіптік бағдардың маңыздылығы.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында басты міндеттердің бірі
жастардың саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеуі, мамандықты дұрыс таңдауды
жүзеге асыру болып отыр. Кәсіптік бағдар жұмысын жолға қою бүгінгі өмір
талабы. Кәсіптік бағдар бүкілхалықтық мемлекеттік іс және күрделі
комплексті проблема. Ол тек өзекті педагогикалық жұмыс қана емес, сонымен
бірге аса жауапты саяси экономикалық мәселе.
Кәсіптік бағдар және мамандық таңдау екеуі екі ұғым.
Кәсіп – адамның қызмет, әрекет ету құбылысы. Осы негізгі адамдпрға
қызмет, әрекет ету құбылысын белгілі бір шағын формада жүзеге асыру үшін
адамдарға мамандық керек. Олай болса тек қана арнайы білімнің арқасында
күрделі қызмет саласында жұмыс істеу қабілетін беретін құбылысты мамандық
беру деп атаймыз. Мамандыққа ие болған адам күрделі еңбек қызмет саласының
белгілі бір түрінде ғана жұмыс істей алады. Мысалы, халық шаруашылығында
көптеген кәсіптің түрлері бар. Олардың қатарына: инженер, технолог,
механик, техник, врач, педагог, экономист т.б. кәсіптерді жатқызуға болады.
Бұлар күрделі кәсіп саласы, олар бірнеше мамандыққа бөлінеді. Атап айтқанда
географ, химик, тарихшы т.б. бұлар мамандық. Ал күрделі мамандықтың өзі
бірнеше тар мамандыққа ие болады. Мысалы: жалпы органикалық немесе
органикалық емес химия маманы. Сонымен кәсіп, мамандыққа қарағанда кең
ұғым. Мамандық таңдауда, оны баянды етіп, творчестволық еңбек ету
мақсатында істелген істермен жүргізілген шаралардың жиынтығын беретін кең
ұғымды кәсіптік бағдар деп атаймыз.
Кәсіптік бағдар жастар арасында тек мамандық таңдаған кезде
жүргізілетін жұмыс емес. Ол барлық адамдар арасында жүргізіледі. Мәселен,
объективті жағдайлармен өндіріс саласынан босаған, екінші бір жерге қоныс
аударған, сондай-ақ қоныс аударғысы және мамандығын өзгерткісі келетін,
өздері таңдап отырған немесе жұмыс істеп жүрген мамандықтарына деген
сүйіспеншілігін арттырғысы келетін адамдар арасында да кәсіптік бағдар
жұмысы ұйымдастырылады. Алайда кәсіптік бағдар жұмысының басым көпшілігі
жастар арасында, демекбелгілі мамандықты таңдар алдында жүргізеді.
Кәсіптік бағдар және мамандық таңдау көп мәселелерді қамтитын
комплексті проблема. Әртүрлі саладағы ғылыми күшті біріктіру арқылы ғана
бұл жұмысты іс жүзіне асыруға болады.
Кәсіптік техникалық білім беру ғылыми зерттеу институты кәсіптік
бағдар проблемаларын зерттеу жұмысының көлемін қамтитын және осы зерттеудің
арасында мемлекет белгілі бір шешімге келетін моделді жасады. Кейбір
кемшіліктерге қарамастан, осы ұсынылып отырған кәсіптік бағдар моделі
көптеген сан алуан жұмыстарды іске асыру керектігін нақтылы көрсете алады.
Елімізде қазіргі ғылыми-техникалық прогресс жағдайында кәсіптік
бағдар жұмысына ерекше көңіл бөлініп отыр. Жастардың бейімділігін және
халық шарушылығының маман кадр жөніндегі қажетін ескере отырып, оқушылардың
кәсіптік бағдарын белгілеу жөніндегі жұмыс күшейтілу керек. Кәсіптік бағдар
жұмысының негізгі міндеті мен мақсаты жастардың тілегі мен бейімділігіне
және қабілетіне байланысты олардың денсаулығын ескере отырып, халық
шаруашылығымен сол ауданның маман кадрларға деген мұқтажына сай саналы
түрде мамандық таңдауға көмектесу.
Мамандық таңдауда үй іші, отбасының қарым-қатынасы, әсері, бағыт
беруі, ата-ананың үлгілі еңбек жолдары, еңбек адамдарының жақсы
тәжірибелері, оқушының әртүрлі еңбеке деген көзқарасы, қабілеті, ынтасы,
қызығушылығы, жігері, зейіні де үлкен әсер етеді.
Жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу үшін барлық педагогикалық күш-жігерді
жеке басты қалыптастыруға, оған жасалатын ықпалдардың баршасын біртұтас
жүйеге келтіруге жұмсап, идеялық саяси және еңбек тәрбиесінің бірлігін
жүзеге асыруымыз керек. Оқушыларға берілетін еңбек тәрбиесінің мақсаттары
мен міндеттерін, мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтағанда, тәрбие мәселесін
комплексті шешу басты да шешуші орын алуға тиіс.
Мектептегі білім мазмұнын түпкілікті жаңарту бағыттарында,
тұжырымдамалар мен бағдарламаларда халық шаруашылығының барлық салаларын,
әсіресе мектептегі еңбек пәнінің мазмұнын ғылым мен техникалық ең озық
шептеріне шығаруға, еңбек өнімділігінің түбегейлі арттырылуына, өнімнің
дүние жүзілік таңдаулы үлгілер деңгейінде шығарылуын қамтамассыз етуге жету
мақсатықойылып отыр. Осының бәрі дербес өмір жолын бастаған жас адамнан –
жұмысшыдан, техниктен, инженерден осы заманғы білімді, жоғарғы
интеллектуалдық кәсіпкерлер, бизнесмендер, менеджерлер, маркетингтер т.б.
тәрбиелеумен қатар, өндірістің, нарықтық экономиканың негіздерін терең
білуді, еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасты талап ететіні атап
көрсетіліп отыр.
Шыныда да, оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеру, практикалық
білім, білік дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми техникалық
және әлеуметтік мәдени прогресстің дамуынан болып отырған жағдай. Халық
шаруашылығының жай-күйі көбіне көп ғылым мен техника жаңалықтарының тиімді
пайдалануына, еңбек өнімінің артуына тәуелді. Көптеген өндіріс салалары мен
кәсіпорындарының әлеуметтік экономикалық дамуының комплексті жоспарларында
кадрлардың жалпы білім даярлығы техникалық прогреспен еңбек өнімділігін
көтерудің аса маңызды шарты есебінде қаралуы кездейсоқ нәрсе емес. Бұл
міндеттерді табысты шешу қазіргі заманның маманының білімі мен қабілетінің,
кәсіптік шеберлігінің деңгейіне тығыз байланысты.
Жастарды оқытуға, оларға кәсіптік бағдар беруге, кадрларды жан-жақты
даярлауға егеменді еліміздің Елбасы айрықша көңіл бөліп отырғандығы осы
себепті.
Елімізде кейінгі жылдары кәсіптік бағдар жұмысын күшейту мақсатында
көптеген практикалық жұмыстаріс жүзіне асып жатыр. Кәсіптік техникалық
білім беру жөніндегі мемлекеттік комитеті біріге отырып, кәсәптік бағдар
жұмысын бір жүйеге үйлестіру мақсатында Оқушы жастардың кәсіптікбағдары
жөнінде арнайы қаулы қабылданды. Қаулыда нақты шаралар белгіленді. Халыққа
білім беру министрлігінің жанында ведомстволық кәсіптік бағдар кеңесін құру
жөнінде шешім қабылданды. Республикалық оқу министрлігінде политехникалық
және кәсіптік бағдар бөлімі жұмыс істей бастады.
Республикамызда кәсіптік бағдарды одан әрі жақсарта беру мақсатында
оқу министрлігі жанынан арнайы координациялық кеңес ұйымдастырылды.
Көптеген кәсіпорындар мектеппен байланысын күшейтіп оқушыларға сапалы
түрде мамандық таңдауларына көмектесіп отыр.
Алайда іс жүзінде асқан көптеген игі істерге қарамастан, осы салада
жүргізілген жұмыстар халық шаруашылығының мұқтажын өз дәрежесінде өтей
алмай отыр. Ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындылары басшылыққа баяу алынады,
экономист ғалымдардың бұл саладағы белсенділігі төмен. Ғалымдар кәсіптік
бағдардың кейбір күрделі мәселелері жөнінде бір пікірге келе алмай жүр.
Кәсіптік бағдар жұмысының қандай мекемеде қалай, қандай көлемде және қандай
формалар мен тәсілдерде жүргізілітіндігі теория жүзінде толық анықталған
жоқ. Әрбір мекемелерде белгілеу оны жүргізудің тиімді жолдарын іздестіру
күн тәртібіне тұр. Қорыта айтқанда кәсіптік бағдар ғылымның тың саласы.
Кәсіптік бағдар жұмысын жақсарту оны ұйымдастырып жүргізудің тиімді
жолдарыніздестіріп отыруға тікелей байланысты. Бүгінгі таңда экономикалық
жағынан тиімді бір ғана жүйені ұсыну әлі ертерек. Алайда қолда бар
деректерге сүйене отырып, кәсіптік бағдар және мамандық таңдау жұмысын мына
төмендегідей системада жүргізуге болады.
Жалпы білім беретін және кәсіптік бағдар беретін мектептерінде,
арнайы оқу орындарының бірінде, мекемелер мен өндіріс орындарында, семьяда
жүргізіледі. Осы бағытта іс жүзіне асырылып отырған жұмыстардың көлемі мен
мазмұнын ескере отырып, кәсіптік бағдар жұмысы жалпы білім беретін
мектептен бастауы керек. Бұл тұжырым кәсіптік бағдарды мектепке дейінгі
жасөспірімдерді тәрбиелейтін мекемелер мен ұйымдарда ойластыру қажеттігін
жоққа шығармаса керек.
Ғылымға негізделген кәсіптік бағдар және мамандық таңдау жұмысының
елеулі кезеңі – жалпы білім беретін мектеп.
Мектепте жүргізілетін бұл жұмыс оқу орындарының түріне қарай жекелей
формаға бөлінеді. Олар: кешкі, сырттай оқитын және кәдімгі орта білім
беретін мектептегі кәсіптік бағдар жұмысы.
Мектепте жүргізілетін кәсіптік бағдар және мамандық таңдау жұмысын
төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең – 1-4, екінші кезең – 5-7, үшінші кезең – 8, төртінші
кезең – 9-10 сыныптардағы кәсіптік бағдар жұмысы.
Бірінші кезеңде – мектепке келген балалардың ерекшеліктерін
жеткілікті толық білу негізінде кәсіптік бағдардың әдепкі, қарапайым
жұмыстары жүзеге асырылады. Бұл кезеңдегі негізгі мақсат оқушыларды кәсіп
пен мақсат жөнінде хабардар ету.
Екінші кезең – бастауыш сыныптарды бітіргеннен бастап жүргізіледі.
Бұл кезең жоғарғы сынып оқушыларын да қамтиды. Жұмыс жеке кәсіпті
таныстыруға бағытталады. Оқушылар жеке кәсіптер жайында жен-жақты мағлұмат
алады. Негізгі жұмыс белгілі кәсіппен мамандықтан хабардар етуден енді оны
насихаттауға көшеді. Мақсат – белсенді насихат. Екінші кезеңде оқушылар
арасында мамандық таңдау басталады.
Үшінші кезең 7-ші сыныптың аяғында, 8-ші сынып оқушыларының арасында
жүргізілуі тиіс. Бұл жерде кәсіп пен мамандықты жан-жақты насихаттаумен
оқушылардың бұған саналы түрде қарайтындығы біршама орын алады. Жүзеге
асқан жұмыстың арқасында 8-ші сыныптың оқушысы мамандықты біршама таңдай
алатын дәрежеге жетеді. Үдемелі қарқынмен жүргізілетін бұл жұмыс 9-10 сынып
оқушылары арсында ерекше көзге түсуге тиіс. Олар таңдаған мамандықтарының
ерекшеліктерін, сол мамандықтың келешегін жақсы білетіндей дәрежеге
жетулері қажет. Бұл кезде мектеп оқушылары халық шаруашылығының мұқтажына
сай, өзінің қабілетіне қарай нақтылы бір шешімге келеді. Осындай шешім
мектепті бітірер жылдары таңдаған мамандықтың қыр-сырына қанығу кезеңі
жүреді, ол жалпы білім беретін мектептің кәсіптік бағдар жөніндегі
қорытынды жұмысы. Бұл төртінші кезең.
Мектеп бітірушілер белгілі бір берік шешімге келгеннен кейін
мамандыққа іріктеу жұмысы жүргізіледі.
Кәсіптік бағдар орта мектеп көлемінде аяқталып, сонымен ғана
шектелмейді. Бұл жұмыс арнайы орта, жоғары оқу орындарында, мекемелер мен
өндірістерде, семьяда жүргізіледі. Алайда бұлардың бәрінде кәсіптік бағдар
жұмысының көлемі мен тәсілі, формалары бірдей емес. Олар алға қойылған
мақсатқа тығыз байланысты. Мақсат кәсіптік бағдардың көлемін, формасын,
тәсілін белгілейді.
Жалпы мектепте жүргізілген кәсіптік бағдар жұмысының жалғасы
негізінен екі жолмен жүзеге асады. Бірінші жол – кәсіптік оқу орындарына
түскен, ал екіншісі – тікелей жұмысқа араласқан жұмыстар арасында
ұйымдастырылады.
Кәсіптік оқу орындарына түскен жастар арасындағы бұл жұмысты үш топқа
бөлуге болады.
Бірінші топ- төменгі кәсіптік білім (кәсіптік техникалық училище,
курстық оқу), екінші топ- арнайы оқу орындарында жүргізілетін кәсіптік
бағдар жұмысы.
Осы айтылып отырған топтың әрқайсысы бірнеше (оқыту тәсілі бойынша:
күндізгі, кешкі, сырттай) бөлініп, нешеме кезеңмен жүзеге асады. Оладың
әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері мен жүргізу әдістері бар.
Олардың бәріне ортақ қасиет: бірінші кезеңде жастардың таңдаған
мамандықтары бойынша іріктеу жұмысына араласып, соны жалғастыру, екінші
кезеңде мамандыққа іріктеу жұмысын мектептен тыс жүргізеді. Осы кезең ақтық
мамандыққа іріктеумен аяқталады. Үшінші кезеңде таңдаған мамандықты баянды
ету жұмысы қолға алынады. Жақсы жүргізілген кәсіптік бағдар жұмысының
нәтижесінде арнайы кәсіптік білім алған адам өз мамандығынан айнымастай
дәрежегеқол жеткізеді. Сонда ғана мамандық творчестволық күштің қайнар
көзіне айналады.
Тікелей жұмысқа араласқан жастар арасында кәсіптік бағдар жұмысы сол
кәсіптің мәнін оларға жете түсінумен бірге әркімнің өзі кіріскен ісіне
сәйкес мамандықтың оқуын оқуға бағыттауға тиіс.
Кәсіптік бағдар оқуға немесе жұмысқа араласқан жастар арасында
жүргізілумен тынбайды. Керісінше, еліміздің барлық еңбекшілеріне кәсіптік
бағдар қажет. Бұл жұмыс өндіріс орындарында, мекемелер мен қоғамдық
ұйымдарда және семьда жүргізіледі.
Облыста жинақталған аналитикалық материалдарды падалана отырып,
кәсіптік бағдар жүйесін ұйымдастыру мақсатында арнайы Кәсіптік бағдар
орталығы ашылды.
Қазіргі нарықтық жағдайда отбасы, педагогикалық ұжым, жұртшылықбұл
іске жаңаша тәрбиеленуі, жұмыс істеулері қажет. Көпшілікті ұйымдастыру
оқушыларды, сондай-ақ жауапты адамдарды баулу, ғылыми материалдарды бір
жүйеге келтіру көп еңбек етуді талап етеді.
Кәсіптік бағдар беру проблемасы әдістер жөнінен – педагогикалық,
мазмұны жөнінен, әлеуметтік қорытындысы жөнінен экономикалық, көлемі
жөнінен- мемлекеттік болып табылады. Оның мынадай аспектілері бар:
әлеуметтік, медицинафизиологиялық, педагогикалық.
Кәсіптік бағдар беру проблемасы көп аспектілі болғанымен, ол ең
алдымен педагогикалық іс. Оның міндеттерін шешудің дәл ортасында педагог,
мектеп тұруға тиіс. Кәсіптік бағдар беру проблемасын талдау, физиология,
социология, экономика т.б. ғылымдардың мәліметтеріне сүйеніп жасалынады.
Жалпы орта білім беру, кәсіптік техникалықмектеп, орта кәсіптік оқу
орындары түлектері өз мамандығына сай кәсіптік шеберлікті өз дәрежесінде
меңгермейді. Олар бүгінгі күнгі экономикалық талаптарды, нарықтық
жағдайларды алға апаруда дәрменсіздік танытады. Тіпті кәсіптік
тапсырмаларды да шеше алмайтындары баршылық. Әрине бұған себеп көп.
Жасыратыны жоқ, біздің мектептеріміз басты назарды оқушының жоғары
үлгеріміне аударып келеді. Мұның өзі мұғалімдерді келісімпаздыққа
итермелейді, сондықтан да әлі күнге дейін теңестіру принципі орын алуда.
Бұл фактілердің кең орын алыпотырғанын тоғызыншы сынып кейін кәсіптік
техникалық мектептерге қабылданған оқушылардың білім деңгейіне талдау
жасаған тексеру жұмысы көрсетіп отыр. Олардың жартсына жуығы ғана мектепте
алған біліміне сәйкес қанағаттанарлық баға алса, өзгелері тапсырмаларды
орындауда қатты қиналды. Дәл осындай көрсеткіштер жоғары оқу орындары мен
колледждерде де байқалып жүр.
Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік
техникалық мектептерде кәсіптік оқыту мен еңбек тәрбиесін берудің жаңа
психологиясын құру көрініс табуда. Осы игілікті жұмысты іске асыру үшін
білім беру мекемелерінде білім беруді экономикаға жақындататын оқыту
сапасын арттыратын білім беру сапасында экономикалық педагогикалық басқару
формасы жасалу керек. Олай болса, оқушыға кәсіптік бағдар беруді жетілдіру
проблемаларын дұрыс ұйымдастыра отырыпнарық элементтерін меңгерту
бастымәселе болып саналады.
Барша көпшілікке кәсіптік бағдар қажеттілігі мынадан туады.
Біріншіден, жұмыс істеп жүрген ересек адамдар жасөспірімдердің ата-аналары,
жастар мамандық таңдар кезде үнемі ата-аналарымен ақылдасып, олардың
кеңесін басым тыңдайды. Олай болса жастардың мамандық таңдау жұмысын
түбегейлі жақсарту үшін ата-аналардың кәсіптік бағдар жөнінде жан-жақты
дұрыс түсінігі болу керек. Олардың мамандық таңдаудағы көзқарасы қоғам
талабына сай келуі шарт. Оны жүзеге асыру үшін көпшілік арасында кәсіптік
бағдар жұмысын арнайы бір жүйеде жүргізген абзал.
Екішіден объективті жағдайдың салдарынан көптеген адамдаржұмыс орнын
өзгертіп, қоныс аударуларына тура келеді. Қоныс аударушылық, жұмыс орнын
өзгертушілік, бір мекемеден екінші мекемеге, бір кәсіптен екінші кәсіпке
ауысу үнемі болып тұратын объективті процесс. Бұған бір ғана дәлел
жеткілікті. Еліміздің тек қана өнеркәсіп саласында автоматтандыру
салдарынан жылына орта есеппен 80-100 мың жұмысшы босайды.
Міне осындай жағдайларды ескеретін болсақ, ересек адамдар арасында
кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудің ерекше зор маңызы бар екендігін түсіну
қиын емес. Жұртшылыққа еліміздің қандай аудандарында еңбек
ресурстарыжетіспейді, келешектегі перспективалы мамандықтар жөнінде уақтылы
мағлұмат беріліп тұруға тиіс.
Жастар және көпшілік арасындағы кәсіптік бағдардың өздеріне тән
ерекшеліктері бар. Бұл ерешеліктерді зерттеп, оны кәдеге асырудың халық
шаруашылықтың маңызы зор.

I тару бойынша тұжырым

Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу- адамды бүтіндей тәрбиелеу деген сөз.
Еңбек етудің қажеттілігін сезіну, санасының қалыптасуы оларда еңбек ету
әдетінің пайда болуымен толығып отырады. Егер оқушыда бұл әдет болмаса,
олар бірінші қиындық кезкенде- ақ, бастаған істі аяқтамай тастап кетеді.
Демек, еңбекте ысылғандық пен тапқырлық, шыдамдылық сияқты сапалардың
маңызы зор.
Оқушылардың белсенділігін еңбек ету, қоғамдық жұмысқа араласу, оқу
арқылы іске асыру жолдарын зерттедік.Оқушылардың кәсіби бағдардың
дайындығына білім, білік, дағдылардың тікелей қатынасын зерттей келе,
жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бағдарға даярлығының теориялық жағын
қарастырдық.
Қоғамды қайта құру және демократияландыру жағдайында жанашыл ойлай
білетің, белсенді адам қалыптастыру үшін жас өспірімдерді, оқушыларды еңбек
ете білуге және кәсіби мамандыққа даярлау, бағдарлау міндеттерін орындауға
үлкен мән беріліп отыр.

II тарау. Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарың қалыптастыру жолдары.

§ 2.1. Жоғары сынып оқушыларың кәсіптiк бағдарлыққа дайындық деңгсйлерi.

Казiргi кезде өндiрiстiк оқумен байланысты кадрлар дайындау меселесi -
бүгiнгi күн тәртiбiнде басты меселе болып табылады. Бұл проблема жөнiнде
ғалымдардын бiрсыпыра ецбектерi бар. Педагогика ғылымдарыньң каңдитаты А.
Бегматовтын зерттеу жұмыстарында кадрлар дайындау жұмысына ерекше кеңiл
бөлiнгендiгiн көруге болады. А. Бегматов: “Оқушыны өндiрiстiк еңбекке
тәрбиелеуде алдымен, әлеуметтiк белсеңдiлiгi болуы тиiс, ол өңдiрiстiк
еңбек процесiнде турлi дағдыларды меңгсру кажет”,-дейдi.
Соңғы кезде еңбекке баулу меселесi базалық кәсiпорындармен тығыз
байланыстырып шешуде кәсiпорындар тәуелсiздiк алдық деген ұранмен еңбек
тәрбиесiнен, өздерiне болашақ кадрлар дайындау мiңдетiнен қол үздi. Соның
салдарынан көптеген мектептерде, оку өндiрiстiк комбинаттарда еңбек
тәрбиесiнiң жағдайы соңғы 5-6 жылдың iшiнде әжептеуiр төмендедi. Әсiресе,
олардың оқу-материалдық базасы, кадр меселелерi базалық кәсiпорындар
жағынан нашар шешiлiп, кейбiр мектептерде тiптi еңбек пәнiнен құтылуға
түрлi себептер iздеп, сабақ кестесiнен шығаруға дейін барғанын бiлемiз.
Бұл ойымызды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт
министрлігінің еңбекке баулу және кесiптiк бағдар беру бөлiмiнiң бастығы
Емельян Ушуров өз пiкірінде: “Мектеп жасындағы балалардың қоғамдық пайдалы
еңбегiн уйымдастыру жолында кездесiп келе жатқан қиындықтарды жеңіп, еңбек
тәрбиесiне жағдай жасаудың орнына кейбiр мектеп басшылары, аудандық,
калалық халыққа бiлiм беру мекемелерi меңгерушiлерi бұл мәселеге немқұрайлы
қарап, бүгiнгi күннiң талабына сай мектептерде оқу-тәрбие жұмысын
ұйымдастыра алмай келедi.
Қазiргi кезде елiмiзде жаңа экономикалық арнаға көшу меселесi қолға алынып,
көптеген өзгерiстер болып жатқанда, мектеп өмірiнде көп бастама, жаңа түр,
жаңа маңыз алатын кезең келдi. Оның iшінде жас буынды саналы еңбек етуге
тербиелеп, оларға кәсiптiк білім мен бағдар беру iсi де жаңа сапаға
көтерiлуi керек. Осы бағытта жұмыс iстеп, кәсіпорындармен байланысын үзбей
бұрынғыдан да жақсы табыстарға ие болып келе жатқан мектеп ужымдары да
республикамызда аз емес. Бұл мектептер шебер ұйымдастырушылықпен, үлкен
белсеңдiлiкпен, табандылықпен, iзденiмпаздықпен табысқа жетiп отырғандығын
атап айтуға тиiспiз - дейдi.
Шәкiрттерге берiлетiн еңбек тәрбиесiнiң максаттары мен мiндеттерiн, мазмұны
мен әдiс-тәсiлдерiң айқындағанда, тәрбие мәселесiн комплекстi шешу басты
орын алуы қажет.
Атап айтқанда, оқушылардың жалпы бiлiм деңгейін көтеру, практикалық дағды
қалыптастыру қажеттілігі елiмiздегi ғылыми- техника негiздерiн терең бiлу
және әлеуметтiк мәдени прогрестiң қарышты дамуынан туындап отырған жағдай.
Сондықтан көптеген өңдiрiс салалары мен кәсiпорыңдардың әлеуметтiк-
экономикалық дамуының комплекстi жоспарларында кадрлардың жалпы бiлiм
даярлығы техникалық прогресс пен еңбек өнiмдiлiгiн көтерудiң аса маңызды
шарты есебiнде каралуы кездейсоқ емес. Бұл міндеттердi табысты шешу қазiргi
маманның бiлiмi мен қабiлетiнiң, кәсiптік шеберлiгiнiң деңгейiне тығыз
байланысты. Жастарды оқытуға, оларға кәсiптiк бағдар беруге, кадрларды жан-
жақты даярлауға егемендiк елiмiз барынша зор назар аударып отыр.
Жас ұрпаққа еңбек тәрбиесiн беру, олардың еңбегiн ұйымдастыру
тәрбиесiнiң тұтас жүйесiн жасауда көрнектi педагог А.С.Макаренконың еңбегi
зор болды. Оның Еңбек арқылы тәрбиелеу, Еңбек тәрбиесi, Iс-
тәжiрибеден, сияқты еңбектерiңде балаларға жалпы тәрбие берудiң, әсiресе,
еңбек тәрбиесiнiң рөлi мен орны, әр түрлi жағдайда оны ұйымдастырудың
жолдары, еңбектiң оқуымен байланысы, еңбек тәрбиесi жүйесіндегi өнiмдi
еңбектiң рөлi тәрiздi т.б. еңбек тәрбиесi түрлi мәселелерiң ашып көрсеттi.
Аталған еңбектерiнде балалар еңбегiн өндiрiсте ұйымдастыру мәселелерiне,
оқушыларға төленетiн еңбекақы, оқуды еңбекпен байланыстыру, мектептi
өңдiрiске жақындату проблемаларына тоқталды.
Балалардың өнiмдi еңбегi мен еңбек тәрбиесiн уйымдастыруға байланысты
Н.К.Крупская мен А.С.Макаренко ұсынған маңызды қағидалар бүгiнгi таңда
мектептерiмiздiң практикасында өзінің жалғасын табуда. Сонымен қатар
К.Д.Ушинский Тәрбиенің өзi, егер ол адамға бақ тiлейтiн болса, оны бақыт
үшiң емес, өмiр еңбегiне даярлап тәрбиелеу керек - деген болатын.
Олай болса, еңбек әрекетi әрбiр адамнан белгiлi бiр тапсырманы
орындауда iске мақсат көздей, ойланып iстеудi қажет етедi. Сондықтан да
еңбек адамның ақыл-ойы дамуының маңызды факторы болып саналады. Балаларға
еңбек әрекетi үлкен әсер етедi. Оларға заттар мен материалдардың жаңа
қасиеттерiн бiртiндеп аша отырып, олардың нақтылы дүние туралы түсініктерiн
байыта түседi.
Еңбек әрекетi баланың қоршаған дүниенi, нақтылы заттарды тануына ең
сенiмдi құрал болып табылады, теориялық бiлiмдерiн колдана бiлуге мүмкiндiк
болады. Сондықтан да, педагогика баланы еңбекке үйретiп, тәрбиелеудi өсiп
келе жатқан ұрпақтың бiлiм алуы мен тәрбиесінің маңызды құрамды бөлiгi деп
есептейдi.
Қазiргi кезде өндірістік оқумен байланысты кадрлар дайындау мәселесi -
бүгiнгі күн тәртiбiндегi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты
Тұлғаның мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру жолдары
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Бейіндік оқу
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
Кәсіби бағдар беру әдістемесі
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің әдістемесі
Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері
Пәндер