1915-1945 жылдар аралығындағы Корей халқының Жапон отарына қарсы ұлт азаттық қозғалыстары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

«1915-1945жылдар аралығындағы Корей халқының Жапон отарына қарсы ұлт азаттық қозғалыстары»

Жоспар

Тақырып. 1905-1945 жылдарлағы жапон отаршылдарына қарсы

корей халқының қозғалысы.

Кіріспе . . .

I Тарау . Тәуелсіздік жолындағы мәдени ағартушылық

ұйымдардың күресі . . .

II Тарау . Ұлт азаттық күрес жолындағы партизандық

қозғалыстар . . .

III Тарау . 1919-1945 жылдарындағы корей халқының

жапон отарына қарсы қарулы күресі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Кіріспе

1860-жылғы экономикалық құлдырау Кореяны әлсіретті. Дәл осы сәтті пайдаланған Жапония 1876-жылы Кванхво келісімінен кейін біртіндеп өз ықпалын жұргізе бастады. Оның аяғы 1910-жығы аннекцияға алып кеп соқты. Енді Жапон өкіметі, Англия, АҚШ, Франция, Ресей, Қытай сияқты ұлы державалардың алдына Кореядағы саясатына араласпаулары туралы талап қойды. Бұған Қытай мен Ресейден басқа мемлекеттер қолдады. Міне осыдан басталған отарлау саясаты екінші дүние жүзілік соғысқа дейін созылды.

Дипломдық жұмысымның тақырыбын «1905-1945 жылдардағы Жапон отарына қарсы Корей халқының ұлт-азаттық қозғалыстар » деп алдым. Таңдаған себебім корей тарихындағы ерекше орын алған ұлт-азаттық қозғалыстар мені қызықтырды. Қазақстан 70 жыл Ресейдің бодауында болса Корея 40 жылдан астам уақыт Жапонияның отарында болды. дәл осындай тарихи ұқсастық мені қызықтырды. Қазақтардағы 1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған патшаның отарлау саясатына қарсы көтерліс сияқты корей тарихында да орыны ерекше көтерлістер болған. Кореядағы көтерлістер бастапқы кезде әлеуметтік жағдайға байланысты болса бара-бара саяси белең ала бастаған.

Дипломдық жұмысының жазылу барысындағы пайдаланған әдебиеттерге тоқталатын болсақ «Освободительная борба корейского народа накануне первой мировой войны» кітабында Жапонияның Кореядағы протектары тұсындағы және аннекцияның алғашқы жылдарындағы көтерлістерді қамтиды . осы жылдардағы халықтың агррецияға қарсы көтерлістерге талдау жасайды . осы диплом жазу барысында В. И. Шипаевтің еңбектерімен көп сүйендім. Мазуровтың «Анти Японская вооруженная борьба корейского народа»- деген кітабында көбіне комунистік идеялогияны дәріптейді . Қаізргі кезде Корей халқының көтерлістерінің көбін комунистердің бастамасымен болған деп көрсетді. Шабининнің «народное восстание 1919 года в Корее» кітаптың аты айтып тұрғандай 1919-жылғы көтерлістерге зерттеулер жасайды. Нақты дәйектермен осы көтерлісті көздерімен көріп, қатысқандардың естеліктерін де қолданады . шетелдердегі яғни дәлірек айтсақ Ресейдегі корей эмигранттары туралы мәліметтерді «Проблема Дального Востока »журналынан алдым . Осы әдебиеттердің көбісі кеңес кезінде жазылғандықтан комунистік идеологияға көп көңіл бөлген. Мерзімдік басылымдар жоқтың қасы.

Дипломдық жұмысымның бірінші тарауында партизан отрядтардың ұлт-азаттық күрес жолындағы іс-әрекеттері туралы қарастырамыз. Қырық жыл бойы Корей халқы өз елінің тәуелсіздігі үшін күресті. Тәуелсіздік жолында көптегн көптенен адамдар көзсіз ерліктерге барды. Анекциядан кейін анекцияның алдындағы Ыйбён партизандық отрядтары құрылып, олар өздерін батыл шабуылдар жасап отырған. Партизан отряттарының құрамын әр таптың өкілдері құрап отырған. Партизандар негізен таулы аймақтармен шегаралық аудандарда құрылып өздерінің тұрақтарын әрқашан өзгертіп отырған. Партизан отрятарының 80 пайызын шаруалар құрады. Және оларға тамақ пен кійімді қамтамасыз ету шаруалардың мойыныда болған. Дәл осы кезде аттары аңызға айналған Мин Гынхо, Син Дильсок, Пак Чонбон, Ли Ганнён, т. б сол сияқты батырлар пайда болды. Партизан отрятарының құрылунан жоюлуы тез болды. себебі отрядтарға қару -жарақтың жетіспеуі және олардың соғысу әдістерін жақсы меңгермегендігі болды. Соғысу өнерін жеттік меңгерген және жақсы қарумен қаруланған жапон әскерлерінің күштері басым болып отырған. Жойылған отрядтың орнына жаңадан қайта топ құрылып, қайтадан іс қимылдарын жүргізп отырған қиындыққа аштыққа да шыдап, тәуелсіздікке жету жолына бар күштерін салды .

Коммунист- партизандар бастаған көтерілістер Ресейдегі қазан төңкерісінен кейін пайда болды. коммунистер шоғырланған жерде комсоммолдық ұйымдар құрылып халық арасында коммунистік идеологиялрды нәсихаттады. Коммунистер басқарған партизан отрядтары басқа да анти жапондық партизан отрядтарымен бірігіп қарсы шықты. комммунистік партизан отрядтары Ресей жерінде құрылып Кореяға өтіп отырған.

Екіші тарауымда мәдени ағартушылық ұйымдар жайлы баяндалады. Бұлар өздері алдарына мақсат қойып тәуелсіздікке жету үшін осы жолда зиялы адамдар еңбек етті. Бұл қоғамдық ұйымдардың басшылары ретінде діни адамдар, мұғалімдер, қоғамның белді мүшелері т. б болды. Осы қоғамдық ұйымдар халық арасында үгіт-насихаттар жүргізіп, елдің тілін, дінін сақтауға шақырды. Олар астанамен ғана шектеліп қойған жоқ, әр провинцияларда өздерінің бөлімшелерін ашып, қызметтерінің аясын кеңейтіп отырды. Ұйым мүшелерінің саны саяси қысым көрген шенеуніктермен толығып отырды. Саяси ұйымдардың басты мақсаттары ұлттық әлеуметтік мәселелерді шешу болбды. Тағы бір мақсаттары корей азамакттарының құқығының сақталуы болды. әр ұйымының өздерінің жеке гәзет-журналдары болды. осы гәзет-журналдары арқылы Жапон өкімеетінің отаршылдық саясаты әшкерленіп түрлі пртизан отрядтарымен көтерлістерді дәріптеп отырған. әрине бұл өзкзегінде Жапон өкіметін алаңдаттырды . саяси ұйымдардың башлары тұтқиылдан ұйымды тарқатуға ты рысты. Брақта таралған ұйымнның орнына ұйым мжүшелері қайтадан ұйым құрып жалғастырды. Осындай ұйымдардың қанат жаюына байланысты жапон өкіметі «қоғамның тыныштығы» деген заң қабылдады. Ол заң бойынша ұйымдар өкіметтің қатаң бақылауында болды. осындай саяси қысмдарға қарамастан өз жұмыстарын жалғастыра берді.

Дипломдық жұмысымның үшінші тарауында 1919-жылмен 1945-жылдар аралығындағы көтерлісттер сипатталады. Осы жылдары халық көтерілістерідің саны өсе бастады. Көтерлістер негізінен Жапондық компанияларда жұыс істейтін жұмскерлер жалақыны көбейту жұыс ұақытын қысқарту сияқты талаптармен көтерліске шығып отырды. Алғашқыда бейбіт шеру шыққанын полициямен қақтығысып ұлкен соғысқа айналып отырған. 1919-жылғы біріші науырыздағы көтеріліс корей тарихында ерекше орын алды. Көтерлісті ұйымдастырушылар осы көтерліс арқылы ұлы державалардың алдында өзін көрсетпек болды. өздері тәуелсіз Декларациясын қабылдады. Декларациясының мәтіндері кореяның түкпір-түкпіріне тарады. «Погода » саябағында декларация жарияланғаннан кейін 1-науырызды көтерліс күні деп жариялады. Корей халықы шеркге коп жылдар бойы сақталғн корей ұлыттық туын көтеріп шықты. осы 1-науырыз көтерлісі кореяның барлық провинцияларын қамтыды. Осы көтерлістерді басуға бар күш - жігерлерін салды. Жапондан қосымша күштер алдырды. Осы 1-науырыздағы басталған көтерліс бірай бойына толастамады. Бұл корей тарихындағы алтын әрптермен жазылды. Тағы бір ерекшелігімен тарихтағы қалған көтеріліс 1929-жылығы Вонсан қаласындағы көтеріліс. Зауыт жұмыскерлері жалақыны көтеруді, жұмыс кезінде жарақат алғандарға жәрдем ақы төлеуді, сегіз сағаттық жұмыс уақытын енгізуді талап етеді. өндіріс басшыларымен полициялар көтерлісті басуға тырысты. Жұмыскерлер өздерінің «Вонсан жұмыскерлер федерациясын» құрды. Осы ұйым аясында өз газеттерін шығарып, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмыскерлердің көтерлісн кореяның халықы қолдады. Вонсандағы көтерліс сексен екі күнге созылды. Вонсан оқиғасы Кореядаға болашақта әлі талай тәуелсіздік үшін күрестің

Болатындығын дәлелдеді.

Диплом жұмысының құрлымы: Кіріспе негізгі бөлім, негізгі бөлім, үш бөлімнен тұрады. Қортынды Пайдаланған Әдебиеттер.


1. Тарау
. Тәуелсіздік жолындағы мәдени ағартушылық ұйымдардың күресі.

ХІХ-ғасырдың аяғында Кореяның ішкі және сыртқы жағдайы нашарлай бастады . Халықтың әлеуметтік днңгейі төмендеді. әр жерде халық бас көтерулері болды. Кория жағалауында шетелдік кемелер сауда-саттық жасауына келісім беруін талап етті. Елде батыс державаларының экспанциясы қауып төндірді. Осы кезде билік басына Тэвонгун келді. Тэвонгун тезарада елде реформа жасауды қолға алды. Елді нығайту үшін алдымен салық мәселесін қолға алды. Тэвонгун батыстық экспанцияға қарсы тойтарыс беруде 1866-жылы француз әскерін Канхвод аралынан қуып шығады . осы аралда 1871-жылы Американдық короблдың көзін жойып амерекандық әскерлерден аралды тазартады. Осы француз-американ агрессияынан кейін Корея өзінің саясатында « жабық есік » саясатын ұстанады(№23. 360б. ) .

Он жылдан кейін Тэвонгун билік басынан кетеді. Енді Корея шетелдерге өз есігін ашады. Жапония өзінің кемесін Канхводо аралына түсіргеннен кейін 1876-жылы Корея өз тарихында бірінші рет Жапония мен тең емес келісімге отырады. осы Канхводо келісіміне кейін батыс державаларымен тең емес келісімге отырады. Жапония 1876-жылғы келісімнен кейін Пусан және тағы үш портта өздерінің кемелерін түсіріп Кореяның кез-келген аумағында еркін сауда-саттық жасауға құқық алады.

1904-жылы Жапония Қиыр Шығыстағы басты қарсыласы Ресейге соғыс ашады. Корея өзінің нейтралитеттігін жариялағанына қарамастан Жапония екі двизия әскерін кіргізіп Кореяны әскери базасына айналдырады. Осыдан кейін Токиода бірінші рет корей-жапон конвенциясына қол қояды. Ол конвенция бойынша Жапония Кореяның ішкі сыртқы саиясатын, қаржы жағын, қрғанысын, білім беру саласын өз бақылауына алады. Жапония 1906-жылы Сеулде бас инспекциясын орнатып оған бас инспектор етіп аннекцияның идеолог Ито Хиробумиды тағайындайды. 1910-жылдағы анекциядан кейін Кореяны генарал-губерниясы етіп жариялайды. Жапония батыс державаларымен өзінің Кореядағы саясатына араласпау туралы келіседі. Отарлауды ары қарай жалғастыру үшін Кореяға екі дивизия жаяу әскерімен 40 мың жандармын енгізеді. (№6. 222б. ) Кореядағы барлық салаларды өз қолына алғаннан кейін Кореяны шикізат ретінде пайдаланады. Жапон көпестері Корей шаруаларына күрішті арзан бағада сатып алды. Бұл өз кезегіде шаруалардың наразылыған тудырып көтерілістің шығуына алып келді.

Патироттық ұйымдардың белсенділігі

Азат ету үшін күрес кезінде саяси мәдени - ағартушылық ұйымдар дами бастап, Кореяның ұлттық тәуелсіздігі үшін, экономикалық мәдени даму жолында еңбек етті. Олардың ұйымдастырушыларының көбі ХІХ ғасырда Сирхак ұйымының тәрбиеленген шәкірттері еді. Олардың көбі алғаш Тониип Хепхве корей ұлттық ұйымын құруға ат салысқандар. Осы қоғамның көптеген мүшелері 1904 жылдан кейін ұлттық азат ету жолында, қоғамдық даму жолында белсенді еңбек етті(№5. 122б. ) .

Саяси ұйымның басында отансүйгіш янбандар мен корей зиялыларымен білім алушы жастар болды. Олар ұйымдар құру арқылы шет елдердің отарынан құтқару ұлттық капиталдың дамыуына жақсы жағдай жасау. Кореяда 1904 жылдан бастап буржуазиялық қайраткерлер шыға бастады.

1904 жылы Жопон іскерлік тобы Нагомори өздерінің акционерлік компания құру туралы ұсыныс жасады. Корей билік органдары оларға жеке адамдарға жататын және мемлекеттік қазынаға жататын жерден олардың қолдарына бөліп берді. Және жалға беру уақытын 50 жылға созып, алғаш бес жылда компания ешқандай салық төлемейтін болды. Нагаморидың артында жопон өкметі тұрғандықтан, корей өкметі бұл жобаны мақұлдады. Бұл Корей жеріндегі колонизатордың қолына берген үшінші жер болып табылады. бірақ та, жопон импералистері Корей жерінде қарсылақтар тууын күтпеді. Сеулде сол уақыттан бастап ірі шінеунік Сон Сумен басқаратын Поанхве (Қауіпсіздікті қамтамасыз ету қоғамы) ұйымы қарсы шықты. Осы қоғамның мүшелері биліктің бұл проектіні мақұлдағанын әшкерледі. Поанхвенің бастамасымен астананың Чонко көшесінде отаршылдардың тонаушылық жоспарына қарсы халық неше күн бойы жиналды. «Хвансон синмун» газеті және т. б. басылымдарда әшкерленген мақалалар шыға бастады. Тағы басқа қалаларда қарсылық жорамалдары өсе бастады.

1904 жылы шілде айының ортасында отарлаушы елдің қысымымен билік органдары Поянхве ұйымын жауып, оның басшыларын түрмеге қамады. Содан кейін тағы да бір ұйым пайда болды. Ұйымның аты Хептонхве (іскерлік қоғамы) оны құрған белгілі шенеуніктер, ғалымдар Ли Джун, ЛИ Санджг, Ян Гитхек, Ли Синсоль және т. б. құрылған ұйымдар Нагамаридың тонаушылық жоспарына қарсы күресті жалғастырды. Олар жиналыстар мен митинглер ұйымдастарып, өздерінің өкілдерін жапон елшілігіне жіберіп өздерінің қарсы екенін білдірді. Ұйымды қолдап Сеулге келіп әділетті қозғалысты қолдап халық саны өсті. Қозғалысты басу мақсатында «Армияның қауіпсіздігі, әскери операция» деген жопон өкметі заң жасап шығарды, әскери полициялық режим енгізді. Одан кейін Ли Жун және т. б. қоғамның басшылары тұтқындалды. Бірақ та Сеулде жаңа толқулар басталды. Көптеген күндер бойы халық ереуілге шықты. Осыдан қорыққан мемелекет басшылары Ли Жуды және оның жанындағыларды босатып, одан кейін мемелекет Нагамари жобасынан бас тартқандығын хабарлады(№6. 225б. ) .

Осындай жетістікке жеткеннен кейін корейлік қоғамдар әлі өздерінің өсетіндіктерін көрсетті. 1904 жылы құрылған қозғалыста өздерінің алдарына нақты және әділ мақсат қойды және ол мақсат енді осындай саяси ұйымдар құру арқылы ұлттық - әлуметтік мәселелерді шешетін болды. Дәл осындай мақсатта 1904 жылы желтоқсан айында Конжинве (Қоғамның алға басу Ассоциациясы) ұйымы құрылды. Оның төрағасы болып Ли Жун болды. Ол бұрынғы Тоннип Хепхве ұйымы және т. б. да тарқатылған ұйымдардың белсенді мүшесі болған. Ассоциацияны қала көпестерімен ұсақ өндіріс орындарының басшылары, шет елдерде қуғын көргендер, корей өкімет тарапынан қысым көргендер қамтыды. Конжинхве өздерінің ауқымдарын кеңейтіп үлгере алмады. Әскери режимнің заңын қолданып, тоарлаушы билік 1905 жылы ұйымды тарқатты. Ресейдегі революциядан кейін Кореяда ұлттық патриоттық қозғалыстар күш алып, жаңа бір қарқынмен алға басты. Олардың белсенділері әскерилер мен полицеилердің қудалауына қарамастан жаңадан тағы бір тәуелсіздік үшін саяси ұйым құрды. Бұл ұйым 1905 ж мамыр айында бұрынғы Конджинхве ұйымының бұрынғы мүшелері Хондтон Енгухве (конституция қағидаларын үйрету) қоғамы құрылды. Олардың программасы тек конституциялық қағидаларды оқыту ғана емес Кореяны отардан құтқару. Қоғамның ұсыған заңдары императорды шексіз билеуші, ол үкімет - әкімшілік құқықта болу, халықты елді басқаруға қатыстыруды талап етті. Олардың осынша заңдарды конституцияға енгізу керек деп ұсыныс етеді. Олар осындай ұсыныстар арқылы барлық саяси жүйені өзгертпек болды(№11. 85б. ) .

Хонджон Енгулве конституцияны білуге кең көлемде насихат жүргізуге қадам басты. Дәрістер оқыды, конституция туралы мақалалар жазды, үкімет пен халық, монархия өзара қатынастарын, азаматтардың құқықтары мен міндеттемелерін түсіндірді. Осындай бастамалар арқылы көптеген ауқымды корей мәселелерін көтерді. Қоғам мүшелері Ильчинхвенің сатқындық іс - әрекетін әшкерледі. Ли Жун т. б. басшылар Ильчинхве саяси іс - әрекеттермен олар корейліктерді жопон конституциясын таныстыру деп билеуші орындараға шағымданды. Бірақ та бұл күрес Хонджон Енгухве жопон протектораты орнағаннан кейін қоғамның жұмыс істеуіне тиым салынды.

1906 жылы ақпан айында Техон Чаганхве (Кореяны нығайту қоғамы) құрылды. Оның басшылары елге белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар Чан Жиен, Ли Жун, Пак Инсик, Сим Сонсон сияқты беделді адамдар болды(№13. 57б. ) . Белсенділердің ішінде Хонджон Енгухве қоғамның мүшелері т. б тарқатылған ұйымдардың мүшелері болды. Қысқа уақыт ішінде Тэхян Чаганхве елдегі ірі отансүйгіштердің өте ірі қоғамына айналды. Ол қоғамның ауқымы астанамен ғана шектеліп қойған жоқ, өздерінің бөлімшелерін әр провинцияның 25 уезінен асты.

Тэхян Чаганхве программасы ұйымның дамуына септігін тигізді. Алдарына қойған мақсаттары білімнің таралуы және өндіріс дамыту осы екі ірі мақсатты орындарға тырысты. Дәл осы мақсатта ұйым белсенділері бас қосқан болатын. «Ұйымдастырушы манифестер» хабарлауынша провинциялар мен уездердегі бөлімдері арнайы экономиканы көтерумен айналысады.

«Корей еліндегі тыныштықтың бұзылуына шет елдегі корей эмигранттарының шығаратын газет - журналдар көп әсер етеді. Атап айтсақ Владивостоктағы, Сан - Франциско мен Гаваядағы газеттердің әсері мол»(№13. 137б. ) .

Енді жапон билік орындағылар Кореяға эмиграттық газеттерді таратпауды қолға алды. 1908 жылы ішкі істер министрлігі шетелден келген газет - журналдарды сатуға тиым салуға, корей газеттерін тәркілеуге құқық алды.

АҚШ-тағы корей эмигранттары газет «Синхон минбо» анти жапондық көп насихаттады. 1909 жылы ақпан айында жарық көрген мақалада шет елдегі корейліктерді жапон отаршылдығына қарсы шығуға шақырды. Газет таралымы 700 - ден 1000 данаға дейін жетті. «Синхо минбо» газетті тек қана Америкада ғана емес орыстың Қиыр Шығысына да жетті. Қиыр Шығысқа 1914 жылы осы газеттің 138 данасы түсті. Кореяның өзінде «Синхон минбо» жазылушылардың көптігіне қарамастан, газет аз ғана данамен тарап өтті. аз ғана данамен тарап отырған соң полиция мен жандармдардың қолына түспей отырды. «Синхон минбо» барлық корей патриоттары жапон күштеріне қарсы бір күшке бірігіп қарсы шығуын насихаттады. Жапондықтарға қызмет көрсететін отандастарын сатқын, рухын сатқан деп сынап отырды.

1911 жылы мамыр айынан бастап Владивостокта ағртушы қайраткер Н. П. Югайдың бастамасымен «Тэянбо» газеті шыға бастады. Гондатқа жазған хатында Югай 1911жылы 26 сәуірде «Тэянбо» газетті Владивостокта және дамушы әлем елдерінде жапонияның саясатын әшкере қылады деген. Газетте Кореядағы жағдай, Жапонияның саясатын оған басқа елдердің көзқарастары туралы мақалалар жарық көріп отырған(№9. 66б. ) . Газет ұзаққа бармай 1911 жылы 2 қыркүйек айында жабылды. Бірақта газетте Корея әлеуметтік мәселелерді көтерген мақалалар жарияланып отырды. Сонымен қатар партизандық қозғалыстар туралы көптеп беріліп отырған. Газет бетінде әр санында «Ыйбен» партизандық отрядтары туралы мақалалар беріліп отырған.

«Тэябо» өз жұмысын тоқтатқаннан кейін анти жапондық мақсаттағы газет Квоноп Синмун (Еңбекшілердің даму газеті) белсенділік таныта бастады. 1912 жылы Владивостовтағы Югайдың типогрфиясынан шыға бастады. Газет негізінде Тэябо газетінің программасын жалғастырушы болып табылады. газет өзінің «Бүгінгі күн» деген мақаласында корея аннекциясының 4 жыл толуына байланысты мақала аясында «Бар күштерді біріктіріңдер, қайғылы күн міндетті түрде қуанышты күнге айналады. Алдарыңа бір мақсат қойыңдар, өлгенше сол мақсаттарыңнан таймаңдар » делінген. Газет 1914 жылы Кванопхве қоғамы өз жұмысын тоқтатқаннан кейін, газетте өз жұмысын тоқтатты(№9. 79б. ) .

1914 жылы тағы бір журнал «Тэхен-ин чхонгебо» (Православие) Иркуттың генерал - губернаторының жарлығымен басылым өз жұмысын тоқтатты. Журнал 1911 жылдан бастап бастап шыға бастаған редакторы Типцева мен Ли Гана болған. Журнал ресми түрде провославиялық корейлердің журналы болған. Журналдың хабарлар бөлімі болған, сол бөлімінде Коряның экономикалық саяси мақалар жарияланып отырған. Сол бөлімде жапонияның саясатын сынға алған мақалалар сыны көбейді. 1919 жылғы анти жапондық пиғылды бір мақалада «Коре жарты аралы түгелімен түрме, сол түрмеде жиырма тың тұтқын бар» делінген (№14. 124б. )

1912 жылы журнал жапон билігінің талабымен уақытша жабылған болатын. 1919 жылы «Православия» журналы өз жұмысын қайта жалғастырады. Петербург қаласындағы жапон елшілігі ресей ақпарат министрлігімен журналды жабу туралы ұсыныс айтады. Ұсыныста 1904-1905 жылғы орыс революциясының жапон жерінде қайталанбуын қатаң қолға алады делінген(№8. 147б. ) . Ресей билік орындары, Германияға қарсы одақтасы екенін ескере отырып журналды жабады.

Анти жапондық газеттермен журналдар жапон билік орындарын көп алаңдатты. Сол кездері Кореядағы әскери агенттердің мәліметтері бойынша жапон өкіметі революциялық әдебиеттердің таралуын өз бақылауларында ұстап қатаң шаралар қолға алды. Әсіресе ресей жерінен келген газет - журналдар қатаң бақылауда болды(№2 241 бет) .

Корейлік ағртушылар жапондық колониялық режимге өшпенділікпен қарсы шықты. Олар халықты анти жапондық қозғалыстар құруға әрқашан бірігіп шығуына үгіттеді. Сонымен қатар жастарды анти жапондық қозғалыстарға дайындады. Әсіресе эмигранттағы Ресей мен Манчжуриядағы кәрістер анексиядан кейін колонияға қарсы ағартушылар белсенді қарсылық көрсетті. Ресми жапондық полицейлік басылым «Кореядағы көтерілістерді басу туралы құжаттың мәліметтері бойынша » мәдени өндірістің насихат жұмыстары дамуында, тек қана мектептер құрылған жоқ, мәдени ұйымдар құрып, партизандық қозғалыстарға қатысып, оларға қару - жарақтармен жарылғыш заттар сатып алуына көмектесті (№. 12. 58бет)

Мәдени және ағартушылық ұйымдардың отарлық жүйеге қарсы қозғалыстары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХғ. Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
Дүние жүзі тарихы
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
Соғыс жылдарындағы тылдағы еңбеккерлер
ЧЖОУ ЭНЬЛАЙ – ҚЫТАЙДЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ҚАЙРАТКЕРІ
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Қазіргі кезеңде Кореядағы әйелдің гендерлік мәртебесі
Жапониядағы демократиялық қозғалыстың өрлеуі (1917-1930 ж.ж.)
Жапонияның Корей халқына үстемдік жүргізуі
Жапония мен Қытайдың тарихы мен саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz