Азияның физикалық-географиялық елдеріне сипаттама


Азияның физикалық-географиялық елдеріне сипаттама
Жоспар
1Кіріспе
1 тарау
- Антарктиданың ашылу тарихы
1. 1 Географиялық орны . . . 2
1. 2 Антарктиданың зерттелуі . . . 3
2тарау
- Табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары
2. 1 Табиғат жағдайлары мен пайдалы қазбалары . . . 17
2. 2 Фаунасы мен флорасы . . . 22
2. 3 Қазіргі кездегі зерттелуі . . . 26
Кіріспе
... жалғасыЕртедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны “Арктикос”- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады.
Антарктида-Арктиканың орталық бөлігін алып жатқан Оңтүстік полярлық полюс құрлық. Антарктида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк.
Ежелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан, Антарктиданың қазіргі табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа материгіне ұқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр аймағындағы орнымен түсіндіріледі. Антарктида басқа материктерден алшақ орналасқан, олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр. Антарктида жағалауындағы өте салқын мұхит сулары материкті айнала қозғалатын Батыс желдерінің шеңберлік ағыс жүйесін құрайды. Антарктида жалғас Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары суларының шеткі бөліктері негізгі мұхит айдындарынан осы шеңберлік суық ағыс арқылы бөлініп жатады. Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы мен тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы жағынан аталған мұхиттардан үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан Антарктида жағалауындағы мұхит сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады. Материк пен оның жағалауындағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдар мұздықтармен құрсалған.
Антарктиданың жалпы жері 13974 мың км (шельеф мұздықтар мен олар арқылы құрлыққа қосылып жатқан аралдары және 1582 мың км-дей мұз күмбездерін қоса есептегенде) . Материктің ауданы 12, 4 млн км, ал қайраңдық мұздықтар мен көршілес аралдарды қоса есептегенде 14 млн км-ге жуықтайды. Оңтүстік Америкаға қарай ұзынша келген енсіз Антарктика түбегі созылып жатыр. Антарктиданың ұзындығы 30 мың км-дей асатын жиек сызығы бүкіл өн бойына дерлік биіктігі бірнеше ондаған метрге жететін тік жар тосқауылдар мұз болып келеді. Антарктида жер шарындағы ең биік құрлық. Оның мұз жамылғысының орташа биіктігі 2040 м, яғни қалған барлық құрлықтардың орташа биіктігінен (730м) 2, 8 м есе артық. Антарктида мұз астындағы жер бетінің орташа биіктігі 410 м.
Антарктиданың негізгі ерекшелігі, жорамалданып жүргендей, неогеннен бері көлемі біресе кішірейіп, біресе ұлғайып тұратын материктің мұздық қалың жамылғысы болып табылады. Материктің мұз сауытын Мұзды Антарктида, ал оның астында жатқан құрлықты-Тасты Антарктида деп атайды. Бүкіл материкті қалың мұз басып жатыр. Оның территориясының 02-03 процентінде ғана мұз қабаты жоқ. Бұл биік тау шыңдары, ал кейде мұз құрсауының жоғары жағын қар басып жатқан аспандаған тау сілемдері, немесе антарктикалық көгалды алқаптар деп аталатын мұз қабатынан жақында ғана босаған шағын көлемді жағалау алаңдар. Мұздықтар күрделі тау құрылымдарын жасырып жатыр. Ұлы антарктикалық мұз қалқанының ең қалың жері қазіргі дерек бойынша 4200 метрден астам, ал оның көлемі 24 млн км шамасында. Оның мұзы бүкіл дүние жүзі қалыңдығының 50 м мұз қабаты боп жабуға толық жететінін айтсақ, бұл мұздың жалпы көлемі туралы өзінен-өзі түсінікті болар.
Егер Антарктиданың мұздық сауыты ери бастаса, ол біздің планетамыздың барлық өзендерін, қазіргі өзендердегі бар суды есепке алғанда, 500 жылдан астам уақыт қоректендіруге жетер еді, ал дүние жүзілік мұхиттық деңгейі мұздық суынан 60 метрден астам көтерілген болар еді.
Материктің мұз сол материктің өзінің бетін ғана емес, сонымен бірге оған
Ф-ОБ-001/035
жанасып жатқан көптеген аралдарды, сондай-ақ шелльфті мұздықтар түзеп, көршілес теңіз бассейндерін де жауып жатады. Кей жерлерде мұздар теңіз деңгейінен недәуір төмен жатыр (-2555 м) . Материктің мұздықтардың, шелльфті мұздардың жамылғысы астындағы құрлықпен жанасып жатқан аралдар ауданы 13, 974 мон км.
Антарктиданың географиялық географиялық орнына байланысты мынадай табиғат ерекшеліктері бар:
Жерінің 99%-ын қалың мұз жауып жатыр, мұздың орташа қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы) ;
Антарктида-Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз жамылғысы мен қоса есептегенднгі орташа биіктігі 2040 м.
Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн . Км бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80%-ын құрайды.
Антарктида- Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы ғаламшарларымыздағы ең терең температура (-89, 2 С) тіркелген;
Материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон тауы, ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері Бентли ойысы (-2555 м) ;
Антарктида сөнбеген жанартаулар бар, олардың ең ірісі Эребус жанартауы (3794м) ;
Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады.
Антарктида зерттелуі
Ертеде халықтар арасында оңтүстік жер шарының үлкен материгі бар деген лақап тарап, оны дүние жүзінің геогрофтары, теңізшілері ұзақ уақыт іздеген. Бірақ Антарктида сыры ғасырлар бойы ашылмай, ғылыми жұмбақ болып қала берді. Жер шарының алтыншы материгін ашып анықтау жұмысты оның белгісібес материгіндегі асқар тауын, құлазыған шөлдерін, оларды қоршап жатқан мұхиттар мен кейін жедел қолға алынды.
Тарих 1502 жылы Америго Веспуччи қатысқан Португалия экспедициясы тұңғыш Антарктида суында болды деп есептеді. , экспедицияның осы сапарында Оңтүстік Георгия аралын ашты. Бірақ оның жолы, дәл қай жерлермен жүзгені осы күнге дейін белгісіз. 1520 жылы Антарктика суына Магеллан кемесі жақын келді. 1526 жылы теңізші Франциско Осеса басқарған испан кемесі Отты Жер аралының оңтүстігін аралап шықты, 1548 жылы пират Ф. Дрейк басқарған ағылшын кемесі де сол маңда болды. Оның өзі де белгісіз жерде қалайда табамын деген үмітте болады. Шетел теңізшісі-- географтары алтыншы материкті Джемс Кук ашады десті. Ол үш жыл бойы оңтүстікке аттаныс жасады, қайтсе де кемесін құрлық жиегіне тоқтатамын деген ниетпен екі рет поляр шеңберінде болды. 1774 жылы 72 10/ оңтүстік ендікпен 100-120 батыс байлық арасында суда қалқып жүрген айсбергтерді көріп, кейін қайтты. Д. Кук қайтып оралған соң << Мен болған жерден әрі оңтүстікке ешкім бара алмайды, оңтүстік материгі жоқ >> дегенді айтты. Әрине, ол кезде атақты ағылшын теңізші-географның бұл пікірі теңізшілерге әсер етпей қоймады. Бұдан кейін де көпке дейін жұрт Антрактидаға экспедиция жібермеді, тіпті оны географиялық карталарда да көрсетпейтін болды.
Ф. Ф. Беллинсгаузен (1779-1852) және М. П. Лазарев (1788-1851) . Өткен ғасырдың басында дүние жүзі жаратылыс тану, география ғылымдары жер шарын ғылыми тұрғыдан зерттеп, жаңа жер-Антарктиданы ашу мәселесін қолға алды. Бұл сапардағы көптеген саяхаттылар, жиһанкез-теңізшілер асқан ерлік көрсетті. Олар жер шарын құрлық пен де, су мен айналып шығуға тырысты. Тіпті саяхаттылардың кейбіреулері сәтсіздікке ұшырап, елге қайтып оралмады. Антарктиданы тұңғыш ашу ер жүрек теңіз жүзушілері-Ф. Ф. Беллинсгаузен мен М. П. Лазеровтың үлесіне тиді. Бұларға басшылық еткен атақты теңізшілері И. Ф. Крузенштерн, Г. А. Сарычев, В. М. Головнин тағы да басқалар болды.
1819 жылы орыс флоты география ғылымына әлі белгісіз Антрактида материгін ашып, Оңтүстік полюс суларын зерттеу үшін бірінші Орыс-Антарктида экспедиция ұйымдастырылды. Бұл экспедицияға арнап Кронштадт портында “Восток” және “Мирный” деген екі кеме жасалды. Экспедиция бастығына әрі “Востоктың ” командиры Беллинсгаузен, “Мирныйдың” командирине Лазеров тағайындалды.
Фаддей Фаддеевич Беллинсгаузен 1779 жылы 18 тамызда Эстониядағы Эзель аралында туған. Кронштадттағы теңіз корпусында тәрбиеленіп, кейіннен ағылшын кемелерінде, Балтық теңізінде қызмет істеді. Ал 1803 жылы атақты теңізші Головниннің басшылығымен жер шарын сумен айналып шыққан “Надежда кетесінде істеді”. 1806 бұл экспедиция оралғаннан кейін он үш бойына Балтық теңізін де, Қара теңізінде әр түрлі кемелердің командирі болды. 1819 жылы майда Петербургте Антарктида экспедициясын басқаруға тағайындалды. Қара теңізде болған шайқастарға қатысты, адмирал атағын алды. Ол теңіз қызметімен шұғылданды. Оның басшылығымен Балтық теңізінде жаңадан бірнеше гранитті гаваньдар мен порттар іске қосылды және теңіз қызмет індегі адамдардың тұрмысын жақсартуға көп жұмыс жасады. Сол кездегі ең үлкен орыс кітапханасы Кронштадттар теңіз кітапханасын ашты.
Беллинсгаузен өмір бойы география мәселесімен шұғылданды, дүние жүзін айналып шұғуға саяхаттарын жазып, жаңа ашылған жерлерді картаға түсірді.
Беллинсгаузен география қоғамының толық мүшесі болды. Ол орыс флоты тарихында өшпес із қалдырды. Орыс теңізшілерінің беделін көтерді. Сонымен бірге оның оңтүстік теңіздерде жүзу орыс океанорафия, океанорафия ғылымының даңқын шығарды.
Батыл, ер жүрек, өз ісін жақсы білетін командир, тамаша теңізші, геогроф ғалымы штурман Беллинсгаузен 1852 жылы 25 қаңтарда қайтыс болды. Кронштадтта атақты адмиралға ескерткіш орнатылды.
Михайл Петрович Лазеров 1788 жылы 3 қарашада Владимир қаласында туған. 1804 жылы Москвада теңіз корпусын бетіріп, “Суворов ” кемесінің командирі болды. 1819жылы Мирный кемесіне командир болып тағайындалды. Орыс теңіз мектебін құрды. Нахимов, Корнилов сияқты атақты орыс адмиралдарын оқытып тәрбиеледі. Лазарев 1851жылы 11апрельде қайтыс болды. 1870жылы Севастополь портында Лазарев қа ескерткіш орнатылды.
1819жылы 16 июльде бірінші Орыс-Антарктида экпедициясы жолға шықты. Кроншдт портынан шыққан “Васток” “Мирный” кемелері Копенгаген, Порстмут, Канар, Рио-де-Жанейро порттарын басып өтіп, екінші ноябрьде онан әрі Антакрктидаға қарай сапар шекті. Бірақ 1820 жылы 16 январьда Антарктидаға не бары 25 километр қалғанда соқыр тұман кедергі жасап, кемелер оңтүстікке өтіп кетті. Олар осылай бірнеше рет жақындап келіп қайтты. Ақырында екі жылдыан аса, яғни 751 күнде 50 мың миль, теңізде жүзіп, Антарктиданы тапты, содан 1821 жылы 24 июльде Кронштадт портына қайтып келді.
Міне, ер жүрек орыс теңізшілеррі Жер шарының алтыншы құрлығы-Антактиданы осылай ашты. Олар осы сапарында жүрген жерлерінің ауа райын, жердің бағытын, ауаның қысымын, ылғалдылығын, сондай ақ алтыншы материк жағалауының физикалық-географиялық жағдайларын зерттеді.
Ағылшындар Антрактиданы капитан Кук ашты деп пайымдаған, бұл дұрыс емес. Оны дәлелдеу үшін академик Ю. М. Шакальскйдің төмендегі салыстырма цифраларын келтірейік. Ол былай деп жазды: Кук Оңтүстік жарты шарда 1003 күн болды, оның ішінде 60 оңтүстігіне қарай небары 75 күн, мұз маңында 80 күн жүзді, ал Беллинсгаузен экспедициясы 535 күнге созылған сапарында 60 оңтүстігінде 122 күн болды да, өте қиын, қауіпті мұз айспебергтері араларынан 100 күн дегенде жүзіп өтіп, бүкіл Оңтүстік полюсті, Антрактида жерін айналып шықты.
Бәрібір, ағылшындар не десе о десін, шындыққа жүгіну керек! Антрактиданы орыс ғылымдары ашқаны анықталды.
Енді АҚШ бастаған капитализм елдері Антрактиданы зерттеп пайдаланбақшы. Себебі, Антрактида жері өте бай, әрі екі құрлыққа жақын: Оңтүстік Америкаға -3100 км Африкаға - 3980 км. Осы күнгі полярлық самолетке ол қашық емес. Антрактида әбден зерттеліп оның сыры толық ашылғанда Оңтүстік полюс арқылы самолеттер ұшатын болды.
Сөйтіп, ағылшын теңізшісі Джемс Куктың: “ алтыншы материк жоқ, болса да оны адам баласы зерттеп біліп пайдаға асыра алмайды”, -дегенін тарих жоққа шығарды.
Тегінде, Антарктика және Антарктида деген түсінік бір мағынада емес. Бірнеше -Үнді мұхиты мен Атлант мұхитының, Тынық мұхиттың суы қосыл келіп, қоршап жатқна орасан үлкен көлемді аймақ. Екінші-оның орта шенін тұтар алып жатқан Оңтүстік полюсі бар құрлық.
Сөйтіп, Антакрктида дегеніміз, Солтүстік полюсті қоршап жатқан Солтүстік Мұзды мұхитқа қарама- қарсы, Оңтүстік полюс маңдағы құрлық. Бұл жер шарының екі полюсіндегі Арктика мен Антарктида сыртқы физикалық-географиялық және ішкі құрылысы жағынан бір-біріне қарама-қарсы. Біріншісі, құрлыққа жақын келіп, жылы ағыс әсер тиетін Солтүстік Мұзды мұхиты болса;
екіншісі, құрлықтан қашық, терең мұхиттармен қоршалған, жылы ағыс бармайтын құрлық. Ол табиғаты қатал, әлемнің түпкіріндегі жер шарының алтыншы құрлығы, оны ең алдымен үш мұхит: Үнді мұхит, Атлант мұхиты, Тынық мұхит қоршап жатса; екіншіден, ол қалың мұз құрсауында жатыр, үшіншіден онын ауа райы қолайсыз, өте суық болып кеқан бейне “асу бермес
асқар тау”, алынбайтын қамал” сияқты болып келді. Сондықтан да Антарктида ұзақ уақыт ғылымға белгісіз болып, оның сыры ашылмады. Оны жоғарыда айтылғандай, XIX ғасырдың басында Ф. Ф. Беллинсгаузен мен М. П. Лазеров басқарған орыс экспедициясы ашты. Бұл экспедицияның жұмыс қорытындысы өте маңызды болды; біріншіден, Антрактиданы ашты, оған жол салды, Куктың дәлелі жоққа шығарды. Асқан ерлік көрсетіп, елге оралды. Екіншіден, ұлы мұхиттардан көптеген аралдар мен материк жиектерін ашты. Бұл аралдар мен жиектер Петр I, Александр I Жері және Лесков, Высоцкий, Заводский, Восточный, Средний, Заподный деп Ермолов, Кутузов, Остен-Сакен, Беллинсгаузен, Лазарев т. б белгілі адамдардың атымен аталды.
Үшіншіден, өте бағалы географиялық, гидрологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Антрактиданың жер жағдайын, ауа райын, мұзын, су ағысын, жануарларын алғаш анықтады.
Антрактида XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың бас кезіне дейін басқа құрлықтар зерттелмей келді. Дегенмен кейінгі кезде Антрактидаға аттанғандар да аз емес. Халықаралық келісім бойынша Антрактида үстіміздегі ғасырдың бас кезіне дейін ешбір мемлекттің меншігіне кірмей, барлық елді зерттеп пайдаланатын ортақ жер болып келеді. АҚШ бұл келісімді бұзып, өзі, кейінірек кейбір Антрактида байлығын жеке иемденіп, онда соғыс базасын салуға жанталасуда. Бұған дәлел 1928-1929 жылдары Антрактидаға аттанған американ адмиралы Р. Бэрдің бірінші экспедициясын, 1933-1935 жылдардағы екінші, 1939-1941 жылдардағы үшінші, 1946-1947 жылдардағы төртінші соғыс экспедицияларын айтуға болады. Оның экспедицияларында 1000-нан астам жарақаттанған адам, танктер, самолеттер т. б соғыс қаруы болды.
Сондықтан, Совет үкіметі 1950 жылы 7 -ші июнде бұл мәселе туралы Америка Құрама Штаттарына, Англия, Франция, Норвегия, Афстралия, Аргентина және Жаңа Зерландия елдеріне миорандум тапсырды. Онда Антрактиданы тұңғыш рет орыс теңізшілері ашқаны, оны игеру мәселесі СССР келісімсіз шешілмейтіндігі көрсетілді.
Осыдан кейін олар тарихи шындықты мойындауға лажысыз көнді. Қазір Антрактиданы осы күнге ғылым мен техника табыстарын қолданатын тұрақты экспедициялар зерттеп жатыр. Оған дүние жүзінің көптеген елдері қатысуда. Олар келілісілген тәртіп бойынша секторларында зерттеу жұмыстарын жүргізеді және бір- бірімен тығыз байланыс жасап, біріне -бірі көмектесіп тұрады. СССР ғылым академиясының Антрактидадағы комплексті экспедициясы аса маңызды табыстарға ие болып отыр. 1946 жылдан бастап “Слова” кемесі бастаған совет кемелері Антрактика суынан кит аулайды. “Слова ” кит аулайтын үлкен кеме. Оны су үстіндегі салмағы 30. 000 тонна, ұзындығы 150 м, ені 21, 6 м, төрт полубасы бар, онымен киттерді көтеріп кемеге салады. “ Слова” кемесіне жүкті толық тигенде суға 12 метр батып тұрады. Жүзу шапшаңдығы сағатына - 22, 2 км .
Антрактика суының алыбы - кит. Киттің бірнеше түрі бар. Жасыл киттің салмағы - 90 -120 тонна, 20 тонна май береді. Киттің еті, майы жеңіл өнеркәсіпке, тамақ өнеркәсібіне кеңінен қолданылады. 1956 жылы 5 январьда “Обь” дизель - электроходы Антрактидадағы Савед секторындағы “Депо бухтасында” болды, 20 январьда 66, 33, 06 оңтүстік ендікте 93, 00 шығыс бойлықта советтік поляр авиациясы ұшып, бақылау жұмысын жүргізді. Казір онда “ Восток”, “Мирный”, “Пионер”, “Комсомол”, “Восток- 1”, “Полюс” т. б станциялары үнемі зерттеу
жұмыстарын жүргізуде, Бұл экспедициялардың игілігі мол тамаша ғылыми еңбектері жыл сайын басылып шығып, совет халқына, басқа елдерге де кең тарап, Антрактида байлығымен, онда жүріп жатқан тамаша істермен таныстырып отыр.
Ғылым мен техника өршіп дамыған, атом қуатын менгеріп космосқа, жұлдыздарға ұшып жатқан біздің ғасырымызда планетамыздың зор көлемді алтыншы материгі “ақтандақ” болып қала беруі мүмкін емес. Оның байлығын әр жақты зерттеп біліп меңгеруді дүние жүзі ғалымдары ертеден -ақ көксеген. Мәселен: 1882 жылы Австрия ғалымы Карл Вейпрехт ұсынысымен I халықаралық полярлық жыл құрылды. Мұнда дүние жүзілік география ғылымы ол кезде белгісіз Арктиканы зерттеумен шұғылданды. Бұл мәселе жылдан кейін қайта қойылып, II халықаралық полярлық жыл құрылып, тағы да Арктика зерттеле түсті. Бұған біздің еліміз белсене қатысты. Бұдан кейін планетамыздағы процестерді бір-біріне байланысты түгелдей қамту үшін 1957 жылы III халықаралық геофизикалық жыл құрылды. Ол барлық жыл мерзімінде жер бетіндегі процестерді толық қамту үшін 1957 жылдың июлінен 1958 жылдың декабріне дейін созылды. Сонымен бірге дүние жүзілік зор маңызы бар ғылыми - зерттеу жұмысын жүргізу үшін арнайы Халықаралық геофизикалық комитет құрылды.
Халықаралық геофизикалық жылдың жұмысына не бары 66 мемлекет қатысты, олардың ішінде 16 мемлект Антрактида ұғымдасқан түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар - СССР, АҚШ, Англия, Франция, Норвегия, Австралия, Жаңа Зерландия, Аргентина, Чили, Бельгия, Жапония және Оңтүстік Африка Республикасы, сонымен қатар Чехословакия мен Польшаның, Австия мен Мексиканың ғалымдары Антарктидада өздерінің базасы, станциялары болмағандықтан басқа елдердің ғалымдарымен бірлесіп істейді .
Оның уставы комитетте бір ауыздан хабарланды. Уставтың бірінші пунктінді “Антарктида жері ғылым үшін, бейбітшілік үшін зерттеледі”, - делінген. Демек онда ешбір ел атом қуатын қолданып “бақылау” жүргізе алмады.
Қазір жоғарыда аталған мемлекеттер келісім бойынша Антарктидадағы өздеріне белгіленген жерлерінде(секторларында), осы күнгі ғылым мен техника жетістіктерін пайдаланатын базаларын, станцияларын орнатып, оның бүкіл жағалауынан бастап орталығына дейін(полюске дейін) шабуыл жасап, орнығып, зерттеп, табысқа ие болуды.
СССР-де Антарктиданы зерттеу жұмыстарын Мемлекеттік океанорафия институты мен Балық шаруашылығының ғылми-зертеу институты басқарады. Бұлар Антарктиданың ауа райыын, мұзын, жер бедерін, жалпы геологиялық, географиылық жағдайын, кен байлығын комплексті түрді зерттеп жатыр. Антарктида 1502 жылдан 1969 жылға дейін зерттелсе де, осы күнге дейін басқа материктей жер шарының алтыншы материгі туралы географиылық материал толық емес.
Дкгенмен кейінгі кездегі зерттеу деректеріне қарағанда, Антакрктида жерінің жалпы көлемі 14, 2 млн. шаршы км, яғни ол бүкіл Европа жерінде үлкен. Оны түгелдей дерлік қалың мұз басып жатыр. Мұздың қалыңдығы 300-1000 метірге жетеді, егер ол еритін болса дүние жүзілік құрлықтың көп жерін су басар еді. Анттарктида жері асқар таулы әрі өте биік келіді.
Жалпы материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі-2200м. Сондықтан онда ауа райы өте суық, жылдың орташа температурасы-9-11, көбінесе 30-60, кей жерлерінде 61 1-63 9, тіпті 80-қа жеткендігі анықталды. Жел өте қатты соғады- жылдамдығы секундына 30-40 метр. Жел қарды үріп, сағатына 125км жылдамдықпен алай- түлей дауыл соққызады. Жылдың ылғалы жер бетіне үнемі қар күйінде түседі де Антарктида мұзын қалыңдата береді. Осының саларынан мұз таулар(айсбергтер) теңіздерге сырғып көшіп отырады. Өсімдігі, жануарлар аз.
Тұтасқан мүк пен қына- төменгі сатыдағы өсімдіктер. Әзірге бойы 3-4 см-ден аспайтын екі ғана гүлді өсімдік табылды. Бүкіл материкте не бары 1600 өсімдік түрлері бар деп есептелді, жануарлардың түрлері тіпті аз. Мұнда кит, тюлень, балық, пингвин, тағы басқа теңіз жануарлары кездеседі. Антарктика суы-ежелгіден киттің көп өсіп дамыған аймағы. Айталық, 1940 жылдан 1952 жылға дейін, 12 жылдың өзінде-ақ Антартика суынан
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz