Айтыс - халық мұраты


Айтыс - халық мұраты.
Қазақ халқының өмірінде жыраулық, термешілікпен қатар табан астында өлең сөз шығаратын суырып салмалық өнер де кең дамыған. Халқымыз үлкен жиын-тойларда бір-біріне өлең түрінде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған. Кейінірек келе ол жарыс өнер жарысына, айтысқа айналған.
Айтыс атауы «айтысу» сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, дауласу, тартысу, сынасу, мағынасында қолданылады. Айтысу қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, суырыпсалма өлеңмен де болуы мүмкін. Мұның бәрі де аса тапқырлық пен қалт жібермес алғырлықты, киыннан қиыстыратын қас шеберлікті талап етеді.
Айтыстың бірнеше түрі бар.
Бәдік айтысы - айтыстың ең көне түрі. Белгілі бір аурудан малды емдеу үшін айтылатын арбау өлең. Сонау ерте заманда адамдар мал ауруының иесі бар деп білген. Малмен күн көріп отырған халыққа ең бір қиын ауру «айналма» деген мал ауруы болған екен. Одан құтылу амалы аурудың иесі бәдкті үркітіп көшіру деп білген. Ол үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып сауық кеш өткізетін болған .
Бәдікті сөзбен қорқытып көшіру үшін жастар екі жақ болып сөз сайысына түседі де, кезек-кезек айтысады. Бәдік «көш-көш» деп басталып, «көш-көш»деп аяқталады. «Асқар-Асқар тауға көш, ағыны қатты суға көш, айнала соққан желге көш, иесіз қалған жұртқа көш»деп, ауру дертін бүкіл ауылдан, тау тастан, тіпті жер бетінен қуып тастауға тырысқан. Бертін келе бәдік айтысы жастардың әзіл - қалжың айтысына, ойын - сауық кешіне айналды.
Жар - жар айтысы - қызды ұзатар алдында айтылатын айтыс. Той тарқар кезде бозбалалар қыз отырған үйге келіп, өлеңмен қоштасады. Бозбаланың қоштасып айтқан әрбір өлеңіне ұзатылған қыз өзі жауап береді. Жар - жардың өлең құрылысы 7 - 8 буынды жыр үлгісінде, кейде 11 буынды қара өлең түрінде болады.
Қыз бен жігіт айтысы халықтың әдет - ғұрып, салтына байланысты ойын - сауық кезінде айтылатын болған. Қыз бен жігіт айтысы, әдетте, екі жастың амандасуынан басталып, әзіл - оспақ, әдемі қалжың ретінде айтыла береді. Қыз бен жігіт айтысының құрылымы көбінесе 11 буынды болып келеді. Өлеңнің бастапқы жолын жігіт те, қыз да қайталай отырып, өздерінің айтайын деген негізгі ойларын өлеңнің 3 - 4 - жолдарында білдіреді.
Қыз бен жігіт айтысында ақындығы жоқ жігіттер мен қыздар жаттанды өлеңдерді өзі таңдаған әуенге салып айтыса беруі мүмкін.
Ақын - өз жанынан өлең шығаратын өнер иесі. Ал енді сол ақындар өзінің суырып салма өлеңге қаншалықты шешен екендігін көрсету үшін арнайы сөз сайысына, яғни айтысқа қатысқан.
Ақындар айтысына өлең сөз өнерін шебер меңгерген суырып салма, яғни тез арада жауап қайтара қайтара білетін ақындар қатысады. Ақындар айтысында «жаттама» өлеңдер аз болады. Айтыс сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ел тарихын, жер жайын білуді керек етеді. Әрбір ақын айтысу мәнеріне қарай белгілі бір ырғақ немесе әуен қолданады. Әсерлі болу үшін ақындар домбыраның, гормонның не қобыздың сүйемілдеуімен орындалған. Айтыстың ертеден келе жатқан түрі - мысал айтыс. Мұнда ақындар жан - жануарлар мен құстардын атынан сөйлеп, айтар ойын мысал арқылы білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz