Тәрбие жұмысын жоспарлау технологиясы



Кiрiспе

I. Тәрбиелік жүйе ұғымы мен тарихы
1.1. Тәрбие жұмыстарының негізгі формалары
1.2. Сыныптан тыс жұмыс барысында тәрбиенiң рөлi

II. Тәрбие жұмысын жоспарлау технологиясы.
2.1. Тәрбие жүйесін жоспарлаудың ерекшелігі
2.2. Оқушыларды тәрбиелеуде жаңа әдiстердi пайдалану

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері

Мазмұны

Кiрiспе

I. Тәрбиелік жүйе ұғымы мен тарихы

1.1. Тәрбие жұмыстарының негізгі формалары
1.2. Сыныптан тыс жұмыс барысында тәрбиенiң рөлi

II. Тәрбие жұмысын жоспарлау технологиясы.
2.1. Тәрбие жүйесін жоспарлаудың ерекшелігі
2.2. Оқушыларды тәрбиелеуде жаңа әдiстердi пайдалану

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Балаларды тәрбиелеу-өте күрделi нәзiкте жауапты iс. Әрбiр тұлғаның
тәрбиесi отбасынан басталады.Әрине отбасы белгiлi бiр ұлт өкiлдерiнiң
ошағы.Ондағы тәрбие сол ұлттық игi iс әрекеттер арқылы әдет-ғұрыпқа
айналып, ол әдеп болып негiзделедi.

“Тәрбие бала дүниеге келген сәттен басталады ”деген сөздiң жаны бар.
Бесiк жыры,ана әлдиiн естiп өспеген бала халық дәстүрiнде тәрбиеленген
баладан туған халқын сүйетiн дiнiн .тiлiн құрметтейтiн мейрiмдi де,
тәрбиелi азамат өсiп шығары анық.

Бүгiнгi мектептердегi жүргiзiлетiн тәрбиенiң негiзгi мақсаты да,
мектептегi оқушының жас ерекшелiктерiне қарай құндылықтар маңызын санасына
сiңiрiп, осыған байланысты тәрбие түрлерiн анықтау.

Педагогикалық процестi ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар
коллективi бiржағынан тәрбие объектiсi, екiншi жағынан тәрбие субъектiсi
болады. Осыған орай оқу тәрбие процесiнде мұғалiмдер мен ба-лалар
ынтмақтастығы, олардың творчестволық еңбек етуiне зор сүйенiш болады.
Тәрбиенiң субъектiлер мен объектiлерi арасында әр түрлi байланыстар пайда
болады. Мысалы тәрбиешiлер мен оқушылар арасында қарым-қаты-нас арқылы
ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бiрлестiк iс-әрекетi т.б. Мұндай
байланыстар педагоги-калық процестiң табысты болуына игi әсер етедi. Оқыту
мен тәрбие процестерiн бiр-бiрiне ажыратуға болмайды. Бiрақ олардың
әрқайсысы өзiне тән ерекшелiктерi бар.
Тәрбие әдiсi-бұл тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара байланыс iс-
әрекеттерiнде оқушылардың адамгершiлiк, еңбек және тағы басқа қасиеттерiнiң
қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсiлдерi. Қазiргi кездегi
көпшiлiк арасында жүргiзiлетiн тәрбие жұмыстарының мақсаты, мазмұны әр
адамға, оның ой-өрiсiне, сезiмiне, мiнез-құлқына ықпал жасауы тиiс. Бұл
орайда мектептiң, мұғалiмнiң рөлi өте зор. Өйткенi олар оқушылардың
тәрбиесiне байланысты мiндеттердi шешедi және тәрбие әдiстерi мен
тәсiлдерiн жетiлдiредi. Бұл мiндеттер мұғалiмнен сауаттылықты,
iздемпаздықты өз iсiне асқан шеберлiктi талап етедi .
Тәрбиенiң түрлерi :
1. Адамгершiлiк тәрбиесi – жеке адамды жан-жақты дамытудың жетекшi
звеносы.
2. Жыныстық тәрбие-оқушыларды отбасылық өмiрге дайындау.
3. Еңбек тәрбиесi –адамның жан-жақты және үйлесiмдi дамуына еңбек шешушi
факторлардың бiрi.
4. Эстетикалық тәрбие-табиғаттағы, өнердегi, еңбектегi, өмiрдегi ең
жақсыны қабылдау одан ләззат алу.
5. Дене тәрбиесi-жеке адамды жан-жақты мiндеттерiн iске асыруда дене
тәрбиесiнiң маңызы өте зор.
Оқу-тәрбиенi бiр–бiрiнен бөлiп қарауға болмайды олар өзара тығыз
байланысты. Тәрбиенi күнделiктi сабақта оқушының бойына сiңiремiз. Оқу мен
тәрбие егiз. Ұстаз бастауыш сыныпта әрi мұғалiм, әрi сол сыныптың жетек-
шiсi. Бала шыбық, қалай исең солай майысады, оны тәрбиелеп, мiнсiз азамат
етiп жеткiзудiң кiлтi бiрiншi – ұстаз, екiншi - ата-ана [3].
Аса көрнектi педагог В.А.Сухомлинский адамгершiлiктi, мейiрмандықты,
қайырымдылықты тәрбиелейтiн шын мектеп – отбасы дейдi. Мұғалiм оқушыларға
күнделiктi сабақта тәрбиенi бойына сiңiредi. Баланың қалай болып өсетiнi
ары бар және адал қызметкер жақсы адам, жер бетiндегi жақсылық атаулы үшiн
күрескер болып шығатыны немесе ұсақшыл, өзiмшiл тiптi ашықтан – ашық адам
зұлым адам болып өсетiнi көп ретте мұғалiмнiң балалармен жүргiзiлетiн
тәрбие жұмысының мазмұны мен методикасына байланысты.

I. Тәрбиелік жүйе ұғымы мен тарихы

1.1. Тәрбие жұмыстарының негізгі формалары
Қазақстан Республикасының халыққа бiлiм беру жөнiндегi заң негiздерiнде
оқыту мен тәрбиелеудiң басты принциптерi: оқыту мен тәрбиенiң бiрлiгi,
балалар мен жастарды тәрбиелеудегi мектептiң отбасы мен жұртшылықтың өзара
ынтымағы, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудiң өмiрмен байланысы. Бастауыш
сыныптардағы тәрбие жұмысының нақты мазмұны мен методикасы осы
принциптердiң негiзiнде жасалады.
Тәрбие үшiн бiлiм беру, оқыту методикасының өзiнiң көзқарасын,
мәдениетiн өмiрлiк тәжiрибесiн келер ұрпақ-қа беретiн ересек, адамның және
бiлiмнiң маңызы аса зор . Мұның бәрi балалардың дамуын бағыттайтын және
олар-дың қалыптасу ерекшелiктерiн анықтайтын ықпалдық күштер жүйесiн
құрайды.
Тәрбие iсi екi жақты процесс болып саналады. Ол бiр жағынан педогогтық
тәрбиелiк жұмысын қамтитын болса, екiншi жағынан осы жұмыстың объектiсi
тәрбиешiнiң әсерiмен, оның мақсаты педагогтық ықпалымен жұмысқа бесене
араласатын балалрды қамтиды.
Оқушыларды тәрбиелеудiң үлгi – мазмұнында төменгi сынып оқушыларының
бойында қоғамдық белсендiлiктi оқуға және ақыл-ой еңбегiнiң мәдениетiне
деген көз-қарасты, еңбекке, қоғамдық пайдалы жұмысқа және халық дәулетiне
саналы көзқарасты, еңбек адамдарына асқан құрметпен қарай бiлудi
қалыптастыру қажет деп көр-сетiлген. Оқу және сабақтан тыс кезде төменгi
сынып оқушыларын ненiң жақсы және ненiң жаман екенiн, әдiлдiк пен
әдiлетсiздiктiктi түсiне бiлуге, тек қана жақ-сылық жасауса, әдiлеттi
болуға тәрбиелеу қажет. Балалардың бойында өз үйiне туысқандарына,
отбасына Отан қорғаушыларды жақсы көру сезiмi, басқа ұлттың адамдарына
достық қатынас, шындықты айту, адал болу қажеттiлiгi тәрбиеленедi. Балалар
коллективте ынтымақпен өмiр сүруге, бiрлесе оқып, еңбек етуге,
бiрлесе ойнай бiлуге үйренуi тиiс, бiрiне-бiрi жақсы жолдас және
коллектившiл болуға тиiс. Олардың бойында адамдарға, үлкендер мен
құрбы-құрдастарына деген iзгi қарым-қатынас, жан-жағындағы адамдарға
қолынан келген көмектесу талпынысы, еңбек сүйгiштiк мәдени мiнез-құлық
әдеттерiн қалыптастыру тәрбиеленедi. Балалар табиғатты, жан-
жануарларды қорғап өсуге баулынады. Төменгi сынып оқушыларының бойында
үлкендердiң алдында өз iсi үшiн жауапкершiлiк сезiмi, сөзi мен берген
уәдесiне жауапты қарау сезiмi қалыптастырылады [5].
Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастың қасиетiн қалыптастыру күнделiктi
өмiрдiң әр күнi жүзеге асырылады. Сондықтан оқушының күнделiктi өмiрi мен
iсiнiң әр түрлi, мазмұнды болуы, жоғары адамгершiлiк қатынасқа құрылуы өте
маңызды. Қиындықтары, табыстары мен сәтсiздiктерi сөзсiз болмай қоймайтын
соны бiлiмдер алу, дүниенi тану процесiнiң өзi төменгi сынып оқушылары үшiн
қуаныш процесiне айналуы тиiс. Жалдастарымен қарым-қатынас жасау, жаңа
достар табу, коллективтiк жұмыстар мен ойындар бiрге қайғыру, еңбекке және
қоғамдық пайдалы еңбекке араласу басқа еш нәрсемен салыстыруға келмейтiн
қуаныш сыйлайды.
Мұғалiмнiң кiсiлiгi, оның көзқарасы мен сенiмi педогог пен тәрбиеленушi
арасындағы қарым-қатынастардың сипаты тәрбие процесiнде аса зор
адамгершiлiк маңызға ие болады. Тамаша педогог В.А. Сухамлинский былай деп
жазған болатын: жеткiншектердi; ақылды; жан-жақты және мейрiмдi адамдай еш
нәрсе таңдантып, елiктiре алмайды.
Ақыл-ой, ақыл-оймен ғана, ар-ұят, ар-ұятпен Отанға берiлгендiк Отанға
шындап қызмет етумен ғана тәрбиеленедi. Бұл сөздердi сөз жоқ, кез-келген
жастағы оқушылар тәрбиесiне байланысты айтуға болады.
Әр адам өзiнiң алғашқы тәрбиешiлерiн өмiр бойы есте ұстайды, олар мұны
өлiм дүниесiнде әкелiп енгiзедi, оған табиғат пен қоғамдық өмiрдегi күделi
құбылыстарды көрсетiп олар түсiне бiлуге көмектеседi.
Оқыту мен тәрбиелеу бiрiн-бiрi дамытатын өзара байланысты екi процесс.
Бұларды бiр-бiрiнен бөле қарауға болмайды [6].
Тәрбие жұмысы мұғалiмнен бойындағы рухани күштердi түгелдей iске қосуды,
ақылгөйлiктен туған шыдамдылық пен ұлы сүйiспеншiлiктi, балаларға деген өз
iсiне деген сүйiспеншiлiктi талап етедi.
Тәрбие жұмысын табысты жүргiзу үшiнмұғалiм өз бойында оқып үйренуге
бiлiмдерiн кеңейтiп тереңдетуге деген тұрақты талпынысты дамытып отыруға
мiндеттi. Ол өз оқушыларының дамуын өсуiн қадағалай бiлуге, баланың iшкi
дүниесiн енуге, оның ой-арманы мен ренiш-күйiшiштерiн, iс-әрекетiнiн
себепте-рiн түсiне бiлуге, әр баланың болашағын оптимистiкпен болжай бiлуге
тиiс.
А. С. Макаренко былай деп жазған: Тәрбие дегенiмiз ересек аға ұрпақтың
жол ұрпаққа өзiнiң тәжiрибесiн өзiнiң ынтасын, өзiнiң сенiмдерiн үйретуi
болып табылады. Педогогтардың белсендi ролi дәл осымен анықталады.
Төменгi сынып оқушысының бойында мұғалiмге оның сөзiне қылықтарына,
бағаларына деген сөзсiз сенiм қалыптасқан мұғалима осылай iсте деген
портфельге кiтапты салғанда өлең жаттағанда, гербарит жасағанда, әжесiне
көмектескенде, кiшкентай балаларға жәрдем-дескенде т. б. жағдайларда ол
ылғи осылай дейдi. Сол арқылы ол өзiнiң мұғалiмге деген, оның
әдiлдiгiне, оның бiрлiгi мен талаптарына деген сенiмiн бiлдiредi.
Тәрбие жұмысы ерекше, арнаулы бiлiмдер мен қабiлеттердi қажет етедi. Жас
мұғалiмдер көп ретте тәрбиелеу үшiн оқытудың қандай маңызға ие екенiн дұрыс
түсiнбейдi немесе жете бағаламайды. Олар тәрбиелеу негiзiнен сабақтан
кейiн, жиналыстар, балалар қоғамдық пайдалы еңбекке қатысып, жорықтар мен
эскрурсияларға барғанда жүзеге асырылады деп есептейдi.
Тәрбиелей отырып оқыту принцiпiн олар жеке бағаламайды. Оқыту кезiнде
өтетiн материалдың мазмұныны баса назар аударылады. Оқуға арналған
кiтаптарда жинақталған, әдеби туындыларды талқылау кезiнде алдағы оқиғалар
мен кейiпкерлер әрекетiн сынып өмiрiмен тiкелей байланыстыру салыстыру
жүзеге асады, кейiпкерлердiң iс-әрекетi оқушылардың нақты iс-әрекеттерiмен
салыстырылады. Мұғалiмдер сабақты ұйымдастыру және оларда қолданылатын
әдiстердiң балаларды тәрбиелейтiнiне мән бере бермейдi. Оларға ықпал
жасау әдiстерiн таңдау үстiнде олар балаға әсер етудiң ең ең ықпалды
жолы оның жақсы жаман қылықтарын коллективте талқылау деп есептейдi,
жаман қылыққа жол берген баланың бұдан былай бұл қылықты
қайталамауға уәде беруi қажет деп ойлайды, осыдан келiп бала үйге
берiлген тапсырманы үнемi орындап омыруға төрт пен беске оқуға үзiлiс
кезiнде ешқашанда жүгiрмеуге, тағы басқаларға уәде беруi қажет деген
талап туады. Ал төменгi сынып оқушысының бұл тәрiздi уәденi беруi
оңай болғанымен, оны әр кезде орындай алмайтындығы табиғи жай мiне,
осыдан келiп баланың өзi орындап алмайтын уәде беруiне келiскен
педогог сол арқылы төменгi сынып оқушысын жауапсыздыққа үйретедi. Мұғалiм
бiлiм берiп қана қоймайды маңызы одан бiрде кеш емес, балалардың
бiлiмге, өмiрге, адамдарға қарым-қатынасын тәрбиелейдi. Мұнын мәнiсi
мынада: мұғалiм балаларды бiлiм игеруге қуана бiлуге үйретуге ,өзiн
қоршаған ортаға үңiле бiлуге оны зерттей бiлуге тәрбиелеуге тиiс. Мұндай
мұғалiмнiң сабағына балалар жаңалық ашудың ерекшк қуанышын, сәтсiздiктiң
ауыр күйзелiсiн, адамзат ақыл-ойының күшi алдындағы таңдану мен мақтаныш
сезiмiн бастан кешiргендей әсер алады. Мұндай мұғалiм тәрбиелеген балалар
ақылды және бiлуге құштар келедi, қателесуден қорықпайды,өзiнiң
пiкiрлерiмен ойларын құлшына айтады. Оқу процесi олардың бойында бiлуге
деген құштарлық, рахат сезiмiн тудырады. Балаларға мұғалiмнiң тәртiбi аса
күштi әсер етедi. Ол, тiптi мұғалiмнiң сабақты жүргiзу ырғағынан басталады
деуге болады. Балалар көп жағдайда кейде ойланбастан кейде ойланып-толғанып
барып мұғалiмге ұқсауға күш салып бағады, мен өзiмiздiң мұғалимамыз сияқты
боламын! – деп жатады. Егер мұғалiм батыл, көңiлдi, ширақ, iскер болса,осы
қасиеттердiң бәрi белгiлi бiр мөлшерде балаларға ауысып отырады. Ал егер
мұғалiм ашушаң, ылғи не болса да разы болмай отырса , ұстамсыз дөрекi
болса, балалар да ызақор болады, сыныпқа лажсыздан келедi [7].
Жалпы бүкiл тәрбие, оның iшiндегi ғылыми бiр жүйеге келтiрiлген тәрбие
мектепте ғана жақсы мұғалiм, жақсы тәрбиешесi, сынып жетекшiсi осыны
тынғылықты жүргiзсе шәкiрттерi болашақта тәрбиелi азамат болып
қалыптасады. Бала тәрбиесiне оның болашағына немқұрайлы қарау
кешiрiлмейтiн құрал күнә олай болса баланы дұрыс тәрбиелеуге келген жөн

1.2 Оқушылармен сабақ үстiндегi тәрбие жұмысын жүргізу

Оқулармен сабақ үстiндегi тәрбие жұмысы сабақ үстiндегi тәрбие
жұмысының бағытын шартты түрде мынаған әкеп тiреуге болады.Оқу материалы
арқылы баланың адамгершiлiк сана-сезiмiн тәрбиелеу: баланың оқуға деген
жауапкершiлiгi мен ынта-ықласын: сабақ үстiнде адамгершiлiк тәрбие берудiң
басқа мiндеттерi әртүрлi жолдармен осы аталған мiндеттерге бағынышты
болып келедi.
Сабақ үстiнде белгiлi бiр материалды оқыту арқылы мұғалiмге дидактикалық
мiндеттермен бiрге тәрбиелiк мiндеттердi де шешуге тура келедi.
Педагогтардың зерттеулерiне қарағанда,оқу материалы мазмұнының тәрбиелiк
мәнi арнайы ашылмаған күн- нiң өзiнде де оқушының сана-сезiмiн
қалыптастыруды бағыттауға әсер етедi.Сондықтан да мұғалiм үшiн дидактикалық
мiндеттердi орындау мақсатында пайдаланылатын материалдардың бәрi бiр
емес. Сонымен бiрде бiр материалмен (тәрбиелiк жағынан өте мазмұнды
болса) оқытудың кейбiр мiндеттерiн (мәселен сөйлемдi сөз табына, сөйлем
мүшелерiне талдау, тағы сол сияқтылар) шешу мүмкiн болса, ал басқа
бiр материал керiсiнше шеше алмайды.
Мәселен, Л.Н. Толстойдың “Бөдене және оның балапандары” деген әңгiмесi
бойынша өткiзiлетiн сабақты алуға болады. Бұл әңгiменi оқып шыққан соң
оқушылар өлiп қалған балапандарды ойлап уайымдайды, оларды өлтiрген
балаларға ренжидi.
Сiрә, дәл осындай жағдайда мұғалiмнiң бiрден: – Бөдененiң ұясы
қайда орналасқан едi? – деп сұрауы орынсыз едi [9].
Қандай бiр оқу материалы болса да, дидактикалық мiндеттердi орындаумен
мейлiнше шебер, терең ойластыра отырып ұштастыра бiлу керек. Сiзге
адамгершiлiк жайлы ой бар тамаша; балаларға оны айтып жатпаңыз, осы
сезiмдi сезiндiре бiлiңiз; әңгi- меңiздiң соңында соған орай қорытынды
жасамаңыз, бiрақ қорытындыны балалардың өздерi жасайтын болсын. Бастауыш
мектептiң жаңа программаға көшуiне байланысты әрбiр оқу пәнiнiң тәрбиелiк
ролi күшейе түстi. Оқулықтардың мазмұны мұғалiмдер сабақ үстiнде
оқушылардың сана-сезiмiн, олардың адамгершiлiк қарапайым нормалары,
адамдардың қоғамдық тұрмысының ережелерi жөнiндегi түсiнiктерiн
қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын жүргiзуiне керектi аса бай
материалдар бередi. Мысалы, Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда
тәрбиелiк мақсатта пайдалануда педагог – ғалымдар мен психологтардың жас
ерекшелiктерi туралы iлiмiн және Абайдың өзiнiң жас балаларға арналған
тәрбиелiк пiкiрлерiне сүйенуi – iс-шаралардың нәтижелi болуының кепiлi.
Бастауыш мектептiң 1-сынып оқушылары Абайдың өз сөзiмен айтсақ, “бiлсем
екен, көрсем екен, үйренсем екен” деген жан құмарының басымдығымен қатар
қайратының (ерiк-күшi) әлсiздiгi, әсерленгiштiк пен жақсы оқуға
ұмтылуымен қатар бiр нәрсеге ұзақ көңiл қоюының қиындығы, зейiндiлiгi
жақсы болғанымен табандылығы нашар. Сол себептi психикасы тұрақсыз, ал
бұл бастаған iсiн соңына жеткiзу, әр нәрсенi өз уақытында атқару,
асықпай, тиянақты iстеу, өзiн тежеу, артын ойлау, кешiктiрмеу, сабаққа
кешiкпеу, үй тапсырмасын уақытылы орындау, оқытушының айтқандарын көңiл
қойып тыңдау сияқты iс-әрекеттерiне кедергi келтiредi. Мұның барлығы,
бiр сөзбен айтқанда, – тәртiп делiнедi.
Осы бағытта оқушылардың бойында тәртiпке бойсыну сезiмдерi мен
дағдыларын қалыптастыруда Абай шығармаларынан көптеген материалдар
тауып пайдалануға болады. Ал екiншi сыныпта оқушылар мен жүргiзiлетiн
тәрбиелiк жұмыста Абай шығармаларын пайдалану, тәртiпке бойсынуға
тәрбиелеудi жалғастырумен қатар еңбектену дағдыларын қалыптастыру арқау
етiп алынады. Бұл жастағы оқушыларға ең алдымен оқу, бiлiм алуға
әрекеттену, бiлу үшiн шамасының жеткенiнше ұмтылудың өзi еңбек екендiгiн
түсiндiру. Сонымен қатар еңбектiң басқа түрлерiмен таныстыру,
еңбектенудiң қарапайым жолдарын үйрету, еңбек шарттарын орындауға
тәрбиелеу ұқыпты, жылдам, сапалы т. б.. Мұнда еңбек деген ұғым осы
жастағы балалардың жас ерекшелiктерiне сәйкес алынады. Абай шығармаларын
еңбек тәрбиесiне қатысты тәрбиелiк iс-шараларды жүзеге асыруда
пайдалану мүмкiндiгi көптен берi айтылып келе жатқандықтан, ол
ұстаздарға таныс. Мәселен, ең алдымен оқушыларға еңбектiң қай
түрi болмасын бiр нәрсенi игеруге бағытталады:
Түбiнде баянды еңбек егiн салған,
Жасынан оқу оқып, бiлiм алған,
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектiң бұдан өзге бәрi жалған.
деген өлең жолдарын жаттатып, қазiргi заман тұрғысынан
түсiндiру, мәселен, оқудағы мақсат “бастық болу” қазақ арасында
кең тараған сөз “менiң балам бастық болады”деп емес, ең алдымен
бiлу үшiн, оқммын оқисың деген пiкiрдi баланың санасына ендiру.
Бұл-басты мақсат. Одан соң не нәрсенi болмасын игеру үшiн
еңбектену керек.
Тәрбиелiк тұрғыда аса мазмұнды текстермен байытылған оқу кiтаптарына
зор маңыз берген жөн. Оқуға арналған кiтаптарды талдау бұл жайлы
растай түседi. Мұғалiмнiң қолында тәрбие мақсатында шебер пайдалана
бiлген жағдайда балалардың негiзгi адамгершiлiк түсiнiктерiн қалыптастыру
жолында тұрақты жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн бай материалдар бар.
Оқулықтағы текстердi авторлар осы жастағы балаларға сай iрiктеген.
Текстермен жұмыс iстегенде мұғалiм мейлiнше айқын бейнеленген көркем
образдарға баса көңiл аударады, әр оқушы оны қабылдай бiлуi, түсiне және
сезiне бiлуi керек. Оқушылардың бейнеленген кейiпкерлерге деген сезiм күй
әсерлерi олардың адамгершiлiк түсiнiктерiн қалыптастырудың негiзi болып
табылады. Балалар көп ретте бiр кейiпкердiң жақсы, ал екiншi
бiреуiнiң жаман екенiн дәлелдеп, негiздей алмайды, бiрақ мұны жақсы
сезiне алады. Сондықтан да мұғалiм шығармадағы кейiпкерлер қылықтарының
адамгершiлiк жақтарын талқыламас бұрын балалардың әдеби бейнелердi дұрыс
та терең түсiнгендiгiне, оларға және шығармада суреттелген оқиғаларға
қарым-қатынастарын толық бастан кешiргендiктерiне көз жеткiзiп алу керек.
Жекелеген мұғалiмдер балалардың алған әсерлерiн күшейте түсу үшiн
оқыған жайларға өздерiнiң қатысын терең сезiндiру үшiн оқушылардың көңiл-
күйiне суреттелiп отырған оқиғаның мәнiне сай келетiн музыкалық
шығармаларды, олардан алынған жақсы үзiндiлердi пайдаланып отырады.
Осы мақсатпен 1-3 сыныптардағы ән-күй сабағында тындауға ұсынылатын
шығармалар жазылған касеталарды пайдалануға болады. Оқуға арналған
кiтаптардағы текстердiң бiр бөлiгi, мәселен. Маяковскийдiң “жасы
деген немене, жаман деген немене” атты өлеңi.
Көкшiл жапырақтар және сиқырлы сөз деген әңгiмелерi, адамгершiлiкке
байланысты сұрақтарды ашықтан-ашық қойып, оларға тура жауап бередi.
Бiрақ оларды әңгiме қылғанда да мұғалiмнiң әдептiлiк сақтағаны
жөн. Балалар мен олар үшiн аса маңызды проблемаларды, мәселен
кiмдi жақсы жолдас, ал кiмдi қайырымды адал адам деймiз деген
сияқты сұрақтарды талқылағанда, мұғалiм оқушылардың әңгiме
кейiпкерлерiне баға беруiн қадағалайды. Алайда кейiпкерлерге берiлетiн
бағаны дәл сол қалпында алып балалардың бiрiне таңуға немесе
балаларды осыған итермелеуге мүлде болмайды. Мұғалiмнiң: бiзге көкшiл
жапырақтар деген әңгiмедегi сараң қызға ұқсайтын кiм бар? – деп
сұрауы мүмкiн. Мұндайда балалар өздерiн өте ыңғайсыз жағдайда
ұстайды: өзiң бiреудiң күтпеген жерден атап қалуы мүмкiн деп
қорқады, ал кейде жолдасын реншiтiп алудан қаймығып үндемей
құтылады. Мұндайда мұғалiм: әрқайсысың ойланып көрiндершi, әлде бiр
қылықтарыңмен Катяға ұқсамайма екенсiңдер? – деп сұраған өте дұрыс.
Өз қылықтары өздерiн ойландырмайтын, өйткенi өздерiн шеттен шыққан
ештеңе де iстеген жоқпын деген сенiмдi жүретiн бiрен-саран балалар
болады. Жағымсыз кейiпкерлерге берiлетiн бағаны кей реттерде осындай
балаларға тiкелей таңуға әбден болады.
Тәжiрибелi мұғалiмдер бiрiншi сыныптағы алғашқы сабақтарда әдетте
балалрдың мектепке дайындық дәрежесiн, сөз сөйлеуiн, қабiлет дайындық
дәрежесiн, тәртiбiндегi кейбiр ерекшелiктердi, бiрiншi сыныптан келерге
бейiм екендiктерiн аңықтайтын әңгiмелер өткiзiп отырады. Бұдан кейiнгi
сыныптарда мұндай еркiн әңгiмелер каникулдан кейiн, экскурсиялардан
соң, тұрақты түрде өткiзiлiп тұрады.
Мұғалiм мұндай әңгiмелер кезiнде балалардың жексенбi күнi немен
шұғылданғанын жаз бойында нендей жаңалықтармен танысқанын тағы
басқаларды аңықтайды. Мұғалiм мұндай әңгiмелердi, бiрiншi жағынан
оқушылардың даму дәрежесiн, олардың программаны игеру барысының қайдай
тұрғыда екенiн аңықтау үшiн пайдаланса, екiншi жағынан бұлардың тәрбиелiк
маңызы зор. Сол арқылы балалрдың ойындағыларын, өздерiн нелер толғандырып,
нелер қызықтырып жүргенiн айтуына жағдай жасалады.
Сабақтың тәрбиелiк мәнi көп ретте оның қалай құрылатынына байланысты
болады. Оқу материалының мазмұны бiрдей болғаның өзiнде мұғалiм
пайдаланатын әдiстерге байланысты сабақтың тәрбиелiк тиiмдiлiгi әр түрлi
болуы мүмкiн.
Мұғалiм өзiнiң ойланып қойылған сұрақтары арқылы балалардың
белсендiлiгiне олардың ой-пiкiрiне бағыт берiп отырады. Оқыту iс
осылай ұйымдастырылған жағдайларда әр оқушының бiр құбылысты өзiндiк
ерекшелiктерiне орай әр түрлi жолмен қабылдауына жол ашылады. Балалар
көргендерiн талқыға салады. Коллективтiк талқылау үстiнде бақылаулардың
растығы мен дәлдiгi тексерiледi, бүкiл сынып жекелеген әңгiмешiлердi
сенiмсiздiкпен тыңдауы балаларды өз ойын дәлiрек бiлдiруге, өз әңгiмелерiне
талапты күшейте түсуге мәжбүр етедi.
Балалар үшiн мұндай әңгiме қызықты бәрiнiң де айтып қалғысы
келедi, енжары жоқ. Кейбiреулерi бiрнеше реттен әңгiмелеп бередi. Мұндай
сабақтың балаларға тәрбиелiк терең әсер ететiндiгi сөзсiз. Балалардың
бойында өзiнiң көргендерiн, өзiн қызықтырған жайларды сыныпта өз
жолдастарына мұғалiмiне айтып беруге деген қажеттiлiк туады. Сыныптағы
эмоцианалдық және коллективтiк өмiр байи түседi, сан қырлы болады.
Мұндай сабақтардың оқушылардың болашақ өмiрiне де әсерi күштi болады.
Осы сынып оқушыларының дамуына бұдан былайғы жерде жүргiзiлген
бақылаулар балалардың бойында табиғатқа деген, олардың өздерi көрiп,
бақылай алатын құбылыстарға деген ынта-ақыластың арта түскендiгiн
дәлелдейдi. Сабақ басталғаннан бiр ай өткеннен соң күзi тоғайға жасалған
саяхат кезiнде балалар өз беттерiмен күнделiктерiне, дәптерлерiне өз
беттерiмен күнделiктерiне, дәптерлерiне өз байқағандарын жазып отыратын
болады. Мұндай тәжiрибелi педагог оқушылардың оқуға деген ынтасының арта
түсуiне көмектеседi, ынтаның орныға түсуiне қолайлы жағдай жасайды.
Мәселен, бiрiншi сынып оқушыларын математика пәнi бойынша өткiзiлетiн
сабақтарда геометриалық материалдарды, алгебраның элементтерiн өту
әлдеқайда қызықтыра түсетiн болады. Мектептен келген балалар ата-
аналарына өздерiнiң бүгiн математиканың жаңа заңын- қосудың орын ауыстыру
заңын үйретiп қайтқаны және бұл заңды алгебраның бiлiмiмен жазып
көргенiң үлкен мақтаныш сезiм үстiнде айтады. Бастауыш сынып мұғалiмдерi
балаларды геометриялық тапсырмаларды ықыластана орындайтынын, түрлi
фигураларды ұқыптылықпен сызып, түрлi қиылыстарды, бұрыштарды тағы
басқаларды үлкен ұқыптылықпен салыстыратынын әңгiмелейдi.
Төменгi сынып оқушыларын алғашқы кезде бұл жұмыстардың сыртқы
көрiнiсi,сызғышпен және циркульмен жұмыс iстеу қызықтыратыны сөзсiз.
Сыныптағы ең нашар оқитын оқушының өзi математика сабағында: Бүгiн сызамыз
ба? – деп сұрап жатады. Мұғалiм бүкiл сыныпқа екi сызық сызу, оларды
өзара салыстыру жөнiнде тапсырма берiледi.
Балалардың бәрi де дереу жайраңдап, қызу қимылдап, тапсырылған
жұмысты атқаруға құршына кiрiседi. Берiлген тапсырманы бәрi де орындайды.
Ал бiрiншi сынып оқушыларына өз беттерiмен екi фигура (тiкбұрыш пен
шаршы) сызуға тапсырма берiлген келесi сабақта балалардың өздерi бұл
фигуралардың периметiрiн есептеп шығаруға тiлек бiлдiредi. Белгiлi бiр
қиындықтары бар жаңа тапсырма беру балалардың құлшынысын, оған деген
ықыласын тудырғандығы айқын.
Оқу пәндерi балалардың бiлуге деген құмарлығын арттыруға
бағытталған бай мүмкiндiктерге ие. Төменгi сынып оқушыларын өздерiн
қоршаған өмiрдегi құбылыстар ғана емес, сонымен бiрге олардың туу
себептерi де қатты қызықтырады.
Мұғалiм әр сабақты жауапты балалардың өздерi талқылау үстiнде
табатындай етiп құруға тиiс. О қушылар еңбек пәнi бойынша өткiзiлетiн
тәжiрибе сабақтарының үстiнде көптеген мәселелердi шешедi. Бiрсабақта
балалардың бiреуi: маған балықтың қалайша жүзетiнi түсiнiксiз. Оның
қанаты жоқ қай, сонда балықты суда не ұстап тұрады?- деп сұрады
Канеки, жауабын бiрлесiп ойластырайық. (Балалар бiртiндеп өз ойларын
айта бастады).
- Олардың жүзу қанаттары бар.
- Ол оны бұрып отырды-дедi бiр оқушы.
- Балалар су астында жүзетiн қайықтардағыдай жел толтырылған ыдысы бар.
Ол сол ыдыстағы ауауны сырқа шығарады да, судың түбiне сүңгидi.
- Дұрыс. Акквариумдағы балықтың түбiне сүңгiгенде көп көпiршiк
шығарғанын (көргендерi айтады) көргемiн –дейдi.
- Ал сонда қайтадан қалай көтерiледi.
- Жел безектерiне қайтадан оттегi толтырып алады Балық үшiн бұл демалу,
дем шығару сияқты.
- Ол жүзу қанаттарын суға тiрейдi де, құйрығының көмегiмен бiртiндеп
жоғары көтерiледi. Ауада жүзгенен гөрi суда жүзген әлдеқайда жеңiл. Мұғалiм
жоғарыдағы сұраққа жауап беруге асықпайды, ол балардың соның төңiрiгенде
ой қажеттi жауапты өз беттерiмен табуына көмектеседi [10].
Мұғалiм сабақ үстiнде балардың белгiлi бiр фактiлер төңiрегiнде ой
толғауына,туындаған сұрақтарға өз беттерiмен жауап iздеуiне, жолдастарымен
пiкiр таласы үстiнде өз пiкiрiн өрбiтуiне жағдай жасайды, олардың көп
болып күш салып қорғауға мүмкiндiк бергенде олардың ақылдылық, сыншылдық,
сияқты жеке басының аса бағалы қасиеттерiнiң дамуына жол ашады. Балалар
оқуға қалай болса солай енжар қарайтын сыныптар жайлы естуге болады.Ал
төменгi сынып оқушылары табиғатынан бiлуге ынтазар келедi. Л.Кассиль
вулкан, машина, жолбарыс, кеме планета мәселесi қызықтырмайтын бала жоқ деп
жазды. Балалар мiне, осылар туралы естiгенше асығады. Оқуға қалай болса
солай қараудың себебi неде? Оның себебi оқыту дәрежесiмен қазiргi оқушының
жалпы даму дәрежесiнiң өзара сәйкес келмеуiнде жатыр. Кейбiр мұғалiмдер
балалардың ой-өрiсi мен мүддесiнiң даму қарқынынан кейiн қалып қояды.
Адамды ығыр қылатын схемашылдық пен бiрiне-бiрi ұқсас ойлар мен пiкiрлер
балаларды жалықтырп жiбередi, олардыңбiлуге деген құштарлығын, жаңаны
түсiнуге деген ынтазарлығын қанағаттандырмайды.
Балардың бойында оқуға деген ынта-ықыласты тәрбиелеу олардың
белсендiлiгiне жол ашумен сөз етiп отырған жайға ынтықтырумен тығыз
байланысты. Мұғалiм балардың айтқандарына, қойған сұрақтарына шындап құлақ
асады. Ол балаларды сұрақты ойластырып қоя бiлуге тиiстi жауапты асықпай
бередi. Қойылған сұраққа берiлуге тиiстi жауапты асықпай бередi. Қойылған
сұраққа берiлуге тиiстi жауапты балалардың өздерi iздестiредi, ал мұғалiм
оларды дұрыс жолға салып отырады. Балалардың бiлуге деген құштарлығын ояту
мен оны нығайтып отыру үшiн сабақтың қиындық дәрежесi мен оның жүргiзiлу
қарқыны да өте маңызды.
Сыныпта таным қуанышы, жаңалық ашу қуанышы, коллективтiк ой-толғам
жұмысынаноқушылар ләззәт алатын жағдай жасау оқушының жеке басына оқытудың
игiлiктi тәрбиелiк әсер етуiне қажеттi шарт болып саналады. Оқыту iсiндегi
негiзгi стимул қойылған баға емес, танымдық мiндеттердi шешу үстiнде алатын
ләзаттқа құштарлық болуы тиiс.
Сабақтағы барлық басқалай тәрбие жұмыстарыоқу материалдарынның мазмұнына
оқыту мен сабақты ұйымдастыру әдiстерiне негiзделедi мәселен, сабақты
ұйымдастыру мәселелерi, оқушыларды тәртiптiлiкке тәрбиелеу педагог алдында
тұрғанда аса маңызды мiндет болып табылады. Бiрақ оның өзiде басты мiндетке
оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын қалыптастыру мiндетке бағындырылады.
Мұғалiм бұл мiндеттi шешу арқылы оқушыларды дер кезiнде партаға отыру.
Тыныш отырып, мұғалiмдi мұхият тындау, сабақ үшiн керектi құралдардың
бәрiнде дайындап алу, мұғалiмнiң тапсырмасын тез және ұқыптылықпен орындау
сияқты бұларсыз сабақ өткiзу мүмкiн емес талаптарды жүзеге асыруға
үйретедi.
Мұғалiм балалардың бойында оқу материалының мазмұнына мазмұнына деген
ынта-ықыласты оята алса, сабақ үстiнде тәртiп сақтаудың қосымша шараларын
қолданудың қажетi болмай қалады.
Мектеп қызыметi сабақ үстiндегi оқыту процесiне негiзделедi. Сабақ
үстiнде бiлiм беру және тәрбиелеу мiндеттерi бiрге шешiледi. Мұғалiм
тәрбиенiң қызыметiн қоғамдық пайдалы еңбектi, ертеңгiлiктi, тағы басқа
сабюақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырумен шектеу дұрыс емес.
Төменгi сынптарда сабақтан тыс жұмыстар бiрiншiден, оқу iсiмен тiкелей
байланыста жүргiзiлсе, ғана сәттi болады, өйткенi бiрiншi сынып оқушылары
тек оқуды ғана ең маңызды және ең мәндi iс деп есептеледi. Екiншiден
сабақтан тыс жұмыс алғашқы кезде өзiнiң формасы жағынан сыныптағы оқу
жұмысы сияқты нақты дәл ұйымдастырылған болса ғана сәттi болашақ. Бұл
шарттарды қатаң сақтаған жағдайда балалардың сабақтан тыс қоғамдық қызыметi
тиiмдi болмақ, ал мұның өзi төменгi сынып оқушыларының коллективiн
қалыптастыру сабақ үстiнде алғаш туындаған қарым-қатынастардан басталады.
Мұғалiм балалармен жұмыс үстiнде әр баланың жақсы қасикттерiн
орнықтыруға талпынады, барлық балаларды өз құбылыстарымен ынтымақтас
болуға баулиды, оларды сыныптас жолдастарына ықыласты болуға, олармен жиi
араласып отыруға тәрбиелейдi коллективте өзара тiлектес қарым-қатынастың
қалыптасуына жағдай жасайды.
Бұған қалайша қол жеткiзуге болады. Ең алдымен педагогтың өзi балалардың
жақсылығына қуанып сәтсiздiктерiне бiрге ренжiп отырады. Балаларға дұрыс
қарым-қатынас жасау оларға жан ашырлықпен қарау, балалардың сондай сезiм
тудырады. Бұл әуелгiде мұғалiммен қарым-қатынаста осылай болып қалыптасса,
кейiннен ол бiртiндеп жолдастарымен қарым-қатынасса осылай болып
қалыптасса, кейiнен ол бiртiндепжолдастарымен қарым-қатынасқа ауысатын
болады. Ал, мұғалiмнiң Аягөз бүгiн онша жақсы жауап бере алмады,
ыждаһаттанса әлде қайда жауап бере алады. Мүмкiн абдырап қалды ма, кiм
бiлсiн – деген сөздерi, мұғалiмнiң оқушыға осылайша жанының ашуы басқа
балалардың бойында да дәл сондай әсер туғызады [11].
Мұғалiм кейде сыныпқа қарап былай дейдi: Әлiшердi тыныш отырып, мұқият
тындайтын болайық бұл оның жақсы жауап беруiне көмектеседi.
Егер де мұғалiм әлде бiр баланы мысқыл объектiсi етiп алса, оны балалар
ұнатпайтын болады. Баланың бойындағы жалқаулық пен ұқыпсыздықты мұғалiм
балалармен бiрлесе отырып сынға алуы керек және баланың өз бойындағы
кемiстiгiн жоюға деген ынтасын мұғалiм ғана емес, оқушының жолдастары да
байқайтын болсын.
Дидактикалық мiндеттердi шешу үстiндегi мұғалiм олардың тәрбиелiк
тұрғыдан алып қарағандағы терiс жақтарын кейде байкамай болуда мүмкiн.
Мәселен сабақ үстiнде балаларды дербес жұмыс iстеуге баулу үшiн мұғалiм
олардың бiрiмен-бiрiнiң сөйлеспеуiн, бiрiнiң дәптерiне бiрi қарамауы,
олардың тапсырманы өз беттерiмен орындауын қатты қадағалайды.Бұл-өте әдiл
талап. Ал осындай бақылаудың ақыр соңында балалар бiр-бiрiнен дәптерлерiн
бар ынтасын сала жасыратын болады. Мұғалiмге мұнау дәптерiмдi көрiп қойды,
ұрысыңшы! – деп арыз айтып жатады. Сөйтiп мұғалiм өзi күтпеген жайға қуә
болады. Балалардың арасында терiс қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Сол
себептi мұғалiм оқудың мiндеттерiн шешуге байланысты оның басты
педагогикалық ой-пiкiрiн тудыратын осындай тиiмдi қосымшаларды үнемi
бақылап отырады
Оқушылардың сабақ үстiнде бiрлесiп жұмыс iстеуi әр түрлi бағыттағы
қарым-қатынастарды дүниеге келтiредi. Олардың қатарына, ең алдымен, өзара
көмек және бiр-бiрiне талап қою алға қойған мақсатқа жету үшiн бiрлесiп
әрекет жасай бiлу өзiнiң жеке басының табыстары мен сәтсәздiктерiн
коллективтiк жұмыс тұрғысынан бағалау жатады. Балалардың бiрлесiп жұмыс
iстеу тәжiрибесiн жинақтау үшiн мұғалiмнiң сабақ үстiнде олардың оқу
материалын бiлуiне баға берiп қана қоймай, балалардың адамгершiлiк
қылықтары мен қарым-қатынастарын мадақтаудың да маңызы зор. Сабақтың
тәрбиелiк мүмкiндiк терiн толығырақ пайдалану – сабақтарды ұйымдастыру
бiршама өзгерту балалардың тәртiбiн қатал шектеу жағына кешiрiмдi болу
оқушылардың сабақ үстiнде бiр-бiрiмен араласуына мүмкiндiк туатын
жағдайларға жол берiп отыру деген сөз. Балалардың кез келген сабақта
бiрлесiп қызмет етуiне мүмкiндiк бар. Балалар алғашында екi-екiден, үш-
үштен, ал кейiнiрек 4-5 адамдық шағын топ болып оқиды.
Мәселен, математика сабақтарында балалар белгiлi бiр ережеге байланысты
есептер ойлап табады да оларды бiр-бiрiне шештiредi. Әр баланың тапқан
сұрағын немесе есебiн беретiн оқушыны өзiнiң таңдауына мүмкiндiк беруi
керек. Мысалға жауаптың дұрыс-бұрыстығын бiр партада отырған балалар
отырған кезек-кезек тексерiп. Балаларға мысал ойлап табуға, оны карточкаға
жазып қоюға, оған сай келетiн суреттер салуға тапсырма берiледi. Содан соң
ол карточкалар бiрiктiрiледi де солардың негiзiнде ортақ есеп
құрастырылады.
Мұғалiм балаларға оны шешу үшiн мiндеттi түрде жолдасының көмегiне
жүгiнетiн тапсырмаларда берiледi. Мәселен бiр оқушыда бiр түрлi, ал екiншi
бiр оқушы да екiншi бiр түстi және формалы есептiк заттар болады.
Мұғалiмнiң тапсырмасы осы екi түстi материалды қатыстыра отырып есеп
құрастыру. Мұндай жағдайда балалар өзара күш бiрiктiруге бiр-бiрiне
көмектесуге, қолдағы материалдарын бiрiнен – бiрi алуға үйренетiн болады.
Тiл дамытуға байланысты өткiзiлетiн сабақтарда бiр партада отырған балалар
екi-үш сөйлемнен ойлап тауып солардан шағын әңгiме құрастыруға тиiс. Осыдан
кейiн барып өздерiнiң әңгiмелерiн сәттi деген сөйлемдердi ғана алып
солардан ортақ әңгiме құрайды. Бiрлесiп атқарылған жұмысты талдаған мұғалiм
балалардың назарын ылғида өзара игi қатынаста болуға, кешiре бiлуге,
жолдастыққа қиындықта кезiнде ортақ жұмысқа қатысушылар бәрiн бiрдей
қанағаттандыратын шешiмдердi табуға бейiм тұруға аударып отырады. Мұғалима
мұндай менмендiк, сараңдық, әдiлетсiздiк атаулыны айыптайды. Топтанып,
жұмыс iстеудiң мәнi балалардың бiрлесiп, келiсе отырып бiрiне-бiрi
көмектесе отырып жұмыс iстеуге үйренумен ғана шектелмейдi. Балалар бiрiн-
бiрi үйретедi өздерi меңгерген бойына сiңiрген бiлiмдерi мен қабiлеттердi
басқаларға беретiн болады. Мұның өзi мұғамiмнiң балалармен жүргiзетiн
жұмысын елеулi түрде толықтырып отырады. Әр түрлi топтағы балалардың
жұмысын талдап көргенде өзара қарым-қатынастың оларда әр түрлi
қалыптасқанын көремiз. Ең дұрыс қарым-қатынас топтағы балалабiрiн-бiрi
жақсы ұнатқан жағдайда қалыптасатынын байқауға болады. Олар басқаларға
қарағанда жұмыс жайлы өзара тез келiсiмдi мiндеттер мен рөлдердi оңай
бөлiседi,бiрiне-бiрi кешiрiмдi келедi, құрал-жабдықтар мен материалдарды
бiрiнен-бiрi ала бередi. Өзара талас туа қалса, оңай келiседi, мәселелердi
әдiлдiкпен шешедi. Албасқа топтарда коллективтiк еңбек бiр балалар
екiншiлерiне бағынған кезде ғана, өзiнше дербес және белсендi балалардың
мүддесi толық қанағаттанғанда ғана жүзеге асады. Ал көп ретте мұндай
жағдайлар сырттай байқала бермейдi. Педагогтың мiндетi балалардың
арасындағы қарым-қатынастың қалай қалыптасып келе жатқанын байқап анықтай
бiлу [12].
Өзара терiс қарым-қатынас әр бала басшы болуды көксейтiн, басқалардың
бәрiн өзiне керектi, өзiне қызықты iстердi ғана атқартқысы келетiн топтарда
орын алады. Олардың жұмысы да жылаумкн, даудамаймен аяқталып отырады.
Негiзiнде мұндай балаларды бiр топқа жинауға болмайды. Мұндай бұзақы
балалар әр топта бiрден ғана болса басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасап,
өздерiн сабырлы ұстайтын болады, мұғалiмнiң мiндетi балалардың өзара қарым-
қатынасын мұқият бақылай отырып оның қандай адамгершiлiк негiзге
құралғандығын бiлiп, дұрыс және iзгi қарым-қатынастың қалыптасуына
белсендi түрде ықпал жасап отыру болып табылады.
Педагог топтағы балаларға ықпал жасау арқылы олардың ұйымшылдықпен
еңбектенуiне қол жеткiзедi. Егерде топ iшiндегi өзара қарым-қатынастың
дұрыс қалыптасуы себептi жұмыс өрге баспаса, мұғалiм балалардың құрамын
өзгертуге тиiс. Ал балалардың татулықпен еңбектенуiне қол жеткiзген соң
мұғалiм олардың жұмысқа байланысты, бiр-бiрiмен жақын араласып кетуiн
қадағалайды. Олардың бiрiнен – бiрiнiң үйренуiне бiрiне-бiрiнiң
көмектесуiне,ортақ жұмысы әдiлеттi түрде және әркiмнiң қабiлетiне қарай
өзара бөлiсуiне, әрқайсысының өз мiндеттерiн адал орындауын талап етедi.
Топ iшiндегi жұмыстар ұйымдастырушы басшы ерекше рөл атқарады. Педагог
баладардың коллективтiк қызметтi ұйымдастыра алатын,топ iшiндегi достық
қарым-қатынасты адамды тобуына көмектеседi. Мұндай ұйымдастырушы өзiнен
гөрi күштiрек бала бар топқа қосқан дұрыс. Әлде не себептермен бүкiл сынып
болып ұнатпайтын оқушыларды олармен қарым-қатынасы онша шиеленiспеген
балалардан тұратын бейтарап топқа қосқан жөн. Топтарда қалыптасатын қарым-
қатынастардың әр балаға әсерi өте күштi мұғалiм қай топтың балалаға
мейiлiнше жақсы ықпал жасайтынын бiлiп отыруы аса маңызды. Балалардың
сабақ үстiнде бiрлесiп жұмыс iстеуi үшiн ойластырып топтастыру – олардың
бiрiне-бiрiнiң адамгершiлiк тұрғыдан игi ықпал жасауының, оқушылардың
өзара дұрыс қарым-қатынасын қалыптастырудың ұтымды құралы.
Ұлы данышпан Әл-Фарабидың “Тәрбиесiз берген бiлiмнiң күнi қараң”-деген.
Сондықтан бүгiнгi ұрпақтарға бiлiм-ғылым нәрiн берумен қатар, өз
халқымыздың тағылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретiп, игертудiң мәнi зор.

1.2 Сыныптан тыс жұмыс барысында тәрбиенің ролі

Егемендi ел болып, етек –жеңiмiздi ендi ғана жинап болған қазiргi
шақта халқымыздың тәлiм –тәрбиесiн игергенi, рухани бай, ел болашағын
ойлайтын, парассаты да саналы азамат тәрбиелеу – бiздiң, ұзтаздардың
басты мiндеттiмiз. Сабақ үстiнде оқыту кезiнде қалыптасатын адамгершiлiк
қарым-қатынас сипаты сыныптан қызмете беки түседi. Бiлiм мен тәрбиенi
сабақ барысында да ұштастыра, бiрлiкте оқыту әрбiр ұзтаздың басты
шарты болса сынып жетекшiлерi тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс
уақытта да iздене жүрiп, оқышылардың бойына тәрбиенiң, ең iзгiсiн, ең
асылын сiңiре бiлуi керек .
Қазiргi таңда тәрбиенiң теориясы мен практикасының өзектi мәселелерiнiң
бiрi –тәлiм-тәрбие жүйесiнiң мақсатын белгiлей бiлу Олай болса, ең
алдымен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мақсатын алдын-ала анықтап
алуы керек . Мәселен, мен оқушыларымның бойынан қандай қасиетердi
көргiм келедi немесе болашақта қандай азамат болып өссе екен деп
ойлаймын. Осындай сауалдарға жауап iздеу барысында оқушыларға тәлiм-
тәрбие берудегi басты-басты мақсаттарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие технологияларының жіктелуі
МДҰ әдістемелік кабинет
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін оқу – тәрбие үдерісінде пайдалану
Студенттің өзіндік жұмысы
Оқу процесінде оқыту принциптерін іске асыру ерекшеліктері
Қазақ тілін оқытуда жобалап оқыту технологиясын қолдану
Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы
Бөлшектердің сызбасын орындаудың тәжірибелік жұмыстары
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Пәндер