Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар


Тақырыбы: “Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар”
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I. ТАРАУ
- Түрік және қазақ тіліндеріндегі шылаулар және олардың ерекшеліктері
- Шылаулардың түрлері
II. ТАРАУ
2. 1. Түрік тілі мен қазақ тіліндегі септеулік шылаулар, олардың жасалуы жағынан түрлері және қолданылуы
2. 1. 1 Қазақ тіліндегі демеуліктер
2. 2. Түрік тілі мен қазақ тіліндегі жалғаулық шылаулар, олардың жасалуы жағынан түрлері және қолданылуы
2. 3. Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақ тілінің грамматикасындағы ең күрделі мәселелерінің бірі - көмекші сөздер. Көмекші сөздердің дербес мағынасы бар сөз таптарына қарағанда мағынасы жағынан да, сөйлем мүшесі болу, сөз тіркесі сыңары болу жағынан да үлкен айырмашылығы бар екені белгілі. Олар қолдануда дара қолданылмай, тек дербес мағынасы бар сөз таптарымен түйдекті тіркес құрау ыңғайында қаралатыны белгілі. А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Балақаев, А. Ысқақов, Т. Қордабаев, Р. Әміров, В. А. Исенғалиева, Ф. Кенжебекова, Қ. Қадашева, т. б. ғалымдарымыз көмекші сөздердің негізгі мәні, шығу тарихы, түйдекті тіркес құрауы, кейде олардың синтаксисіне аздап болса да назар аудара бастағанын көруге болады. Көмекші сөздердің бірі - шылаулар. Шылау ішкі мазмұндары жағынан да, ішкі формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола кол үзіп, әрі осы аталған үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айрылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет етеді. Шылау сөздер есімдерге де, етістерге де жақындаспай, өз алдына оқшауланып, жеке топ болып отырады.
Шылау сөздердің де бастапқы лексикалық мағыналары солғындап, өздеріне тән әуелгі дербестіктерінен айрылып көмекші сөздер қатарына көшуіне, сайып келгенде, оларды практикалық тілде аса жиі қолданылуы арқасында туған грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен.
Бұл жағын дұрыс аңғарған А. К. Федоров: “Выражение предикативных атрибутивных и обстоятельственных синтаксических отношений есть синтаксические функции . . . союзов”, деп, олардың тек сөйлемде ғана емес сөз тіркесінде де, сөйлем мүшесінде де қатысын барлығын көрсетеді.
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылауларда аз да болса, лексикалық мағынаның нышанасы болады, ал шылаулардың бойындағы қалыптасқан негізгі қасиеті - грамматикалық мағыналар. Өйткені шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым болады. Сол мағыналары олардың өзі үшін емес, өзіне тән формалары арқылы өзіндік грамматикалық мағыналарын толық қамти алмайтын атаушы сөздерге жәрдемші дәнекер есебінде жұмсалады. Сондықтан да шылаулар өз алдына жеке-дара қолданылмай, тиісті сөз тіркестерінің белгілі бір компоненті ретінде атаушы сөздердің жетегінде қолданылады.
Шылаулар туралы зерттеулерді қорытындылау барысында мынаны аңғаруға болады. Біріншіден, шылаулар жеке сөз табы ретінде қаралмайды, сонда шылауларды қосымшалармен барабар деп білетін ғалымдар бар екені белгілі. Шынында қосымша және шылау екеуін ішкі ерекшеліктері жағынан да және қолданылуы жағынан да бір деп айтуға келмесе керек. [36. 10]
Түрік тілінде шылаулардың қалыптасуы, түрлері, сөйлемдегі қызметі де жеке қарастырылуды талап ететін мәселелердің бірі. Осы себептен түрік тілінде қолданылып отырған шылауларды белгілеу үшін осындай зерттеу жасалды.
Осы зерттеу жұмысында түрік тіліндегі шылауларды ғана емес, сонымен бірге қазақ тіліндегі шылауларды ды да қарастырамыз.
Зерттеу өзектілігі: Түрік және қазақ тілдері арасындағы шылаулардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау бұл зерттеу жұмысының өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеудің теория және практикалық мәні: Диплом жұмысы ұсынған тұжырымдар мен қорытындылады мектептер мен лицейлерде өтілетін практикалық дәрістерде қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жасаудың басты мақсаты: қазақ және түрік тілдеріндегі шылаулар, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары; екі тілдегі шылау түрлері және олардың ерекшеліктерін салыстыра келіп дұрыс бір пікір беру.
Зерттеу жұмысында қолданылатын әдістер:
- салыстырмалы әдісі, себебі екі тіл арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын салыстыра келіп анықтаймыз.
- анықтама беру
- түсінік беру
- жүйелеу әдісі
- мысалдар беру
Шылау сөздер өздері тіркескен негізгі (атаушы) сөздердің мағыналарын я толықтырып, я анықтап, оларға әр қилы реңктер жамап, айқындай түсіп отырады. Ал шылау сөздердің тиісті тіркестерде айкындалатын осындай қосымша мағыналары олардың нақтылы лексика-грамматикалық мағыналары болып есептеледі.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом кіріспе, бірінші тарау, екінші тарау және қорытындыдан құралған. Бірінші тарауға Түрік және қазақ тіліндеріндегі шылаулар және олардың ерекшеліктері, шылаулардың түрлері атты бөлімдер жатады. Ал екінші тарауға “түрік тілі мен қазақ тіліндегі септеулік шылаулар, олардың жасалуы жағынан түрлері және қолданылуы”, “қазақ тіліндегі демеуліктер”, “түрік тілі мен қазақ тіліндегі жалғаулық шылаулар, олардың жасалуы жағынан түрлері және қолданылуы”, “түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары” атты бөлімдер жатады.
Енді Қазақ және Түрік тілдеріндегі шылаулар және олардың ерекшеліктеріне тоқталайық.
I. ТАРАУ
1. 1. Түрік және қазақ тіліндегі шылаулар және олардың ерекшеліктері
Сөз таптарының өзіндік айырмашылықтары, ортақ белгілері, сатылы байланыстары мен даму жүйесі бар. Тілдегі осындай сөз таптарының бірі - шылаулыр. Шылаулар сөз табы атауыш сөздерден кейін қалыптасқан деген пікірдің бары шындық. Бірақ бұл жалпы тілдерге ортақ пікір ме, ол жағы әлі зерттеуді қажет етеді.
Қазақ және түрік тіл білімімен айналысатын ғалымдардың зерттеулерін ашық қарастырған болсақ, әрбір тіл маманы шылаулар және олардың түрлері туралы өзіндік пікірлер берген. Түрік тілінің шылаулары туралы Tahsim Bangıoğlu “yardımcı kavramlara karşılık oldukları ve ancak sözün unsurları arasında ilişkiler kurmaya yaradıkları için katma kelimeler ve kelimecikler ”, Muharrem Ergin “anlamları olmayan, sadece gramer görevleri bulunan kelimeler”, А. Н. Кононов “семантикалық белгілеріне көңіл бөлсек, мағынасы жоқ сөз бөлшектері”, Oya Adalı “görevsel, özgür, öncül biçim birimleridir”, деген анықтама береді.
Біз түрік және қазақ тілдеріндігі шылаулар үшін бірдей анықтама бере аламыз. Себебі екі тіл де бір тектен шыққан болатын. Яғни, екі тілдегі шылаулардың жеке алғанда мағынасын анықтай алмай, сөйлем ішінде әртүрлі сөздермен тіркескенде олардың белгілі бір лексика-грамматикалық сипатын байқаймыз. Шылаулар сөздермен тіркесе отырып сөйлемде қызмет атқарады. Ал шылауларды сөйлемнен алып тастайтын болсақ, сөйлемнің семантикасында бір қателіктер пайда болып, мағынасы тым бұзылып кететінін көреміз.
Түрік тіліндегі шылаулардың ерекшеліктері:
- Tek başlarına alamları yoktur (Бөлек тұрғанда мағынасы болмайды) .
- Kurdukları anlam ilgileri cümleden cümleye değişir (Тіркесіп жасалатын мағыналары сөйлемге байланысты өзгеріп отырады) .
- Аnlam ilgisi kurdukları sözcükler ve öbekler yardımıyla bir anlam kazanmıs gibi görünürler.
- Кazandıkları anlam açıkça görülmeyen ama sezilen bir anlamdır.
- Edatların anlamlarını değil, görevlerini tanımlayabiliriz (Шылаулардың мағыналарын емес, қызметтерін анықтай аламыз)
/Sabahtan akşama kadar, para kazanmak için ayı gibi calıstı. /
- Edatlar genelde öbek kurarlar (Шылаулар әдетте тіркес құрайды) .
/Dağ kadar işim var. / /araba ile gitti/.
(edat) (edat)
öbek öbek
- Kimi edatlar cümle sonunda yer alibilir (Кейбір шылаулар сөйлем аяғында кездесе алады) :
/Yarın kar yağacak gibi/.
Қазақ тіліндегі шылауларға тоқтасақ, төмендегі ерекшеліктерді көрсетуге болады:
1. Шылау сөздердің толық лексикалық мағынасы болмайды.
2. Шылаулар толық мағыналы сөздердің жетегінде қолданылып, оған қосымша әр түрлі грамматикалық мағына үстейді.
3. Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтастыра не салаластыра байланыстырады.
4. Сөйлем ішінді синтаксистік қызметіне қарай жеке сөйлем мүшесі бола алмайды.
5. Шылау сөздер түрленбейді, басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Олар лексикалық мағынасынан бөлініп кету негізінде қалыптасқан көмекші сөздер.
1. 2. Шылаулардың түрлері
Шынында да шылаулар түрік тілі грамматикасының ең маңызды тақырыптарының бірі. Себебі осы бөлімде (тақырыпта) түрлі классификацяларға бөлінуін көреміз.
Әрине көптеген тіл мамандарының өзіндік көзқарастары бар. Әр жақтан әр түрлі анықтамалар беріліп жатыр. Бірақ түрік грамматика кітіптарында зерттеушілер тарапынан нақты бір көзқарас жоқ.
Енді түрікшедегі осы әртүрлі классификацияларды көрсетейік. түрік тілінің грамматика кітаптарында шылаулар топтарға бөліну жағынан екі түрде қарастылылады. Біріншісі, мағынасы бар сөздер: зат есім, сын есім, етістік сияқты. Екіншісі - көмекші сөздер. Muharrem Ergin шылауларды көмекші сөздер табына жатқызады. Шылауларды зат есімнің түрлендіруші жалғауларына сәйкес келген жалғаулықтар, септеуліктер және одағайлар деп қарастырады.
Кейбір грамматика кітаптарына сүйенсек, edat бөлек, unlem бөлек, baglac немесе bag grubundaki kelimeler бөлек берілген.
Шылау түрлеріне келетін болсақ, Muharrem Ergin шылауларды үшке бөледі: 1. ünlem edatları (одағай шылаулары) ; 2. bağlama edatları (жалғаулықтар) ; 3. son çekim edatları (септеуліктер) . Vefa Gökçetin, Melahat Öztürk сияқты тіл мамандары шылауларды жасалуы жағынан :
1. sözlük edatlar (cөздік қалыпта кездесетін шылаулыр ) : ile, gibi, için, sanki, diye, üzere, yalnız.
Мысалы: Kapıyı anahtar la açtı.
Bülbül gibi sesiyle bizi dinlendirdi.
2. ek edatlar (қосымша түрінде кездесетін шылаулар ) : -ce, -e, -den, -si, -imsi.
Мысалы: Arabayı deli-ce kullanıyor.
Utancım-dan kıpkırmizı oldum.
Seni anlama-y-a calısıyorum .
3. eklerle öbekleşen edatlar (қосымшалы сөзбен тіркесіп келетін шылаулар ) : -e kadar (dek, değin, karşi, doğru, göre) ; -den dolayı (ötürü, başka, beri, öte, sonra, önce, yara, içeri, dışarı) .
Мысалы: Sen-den başka herkes geldi.
Calısmadığım-dan kazanamadım.
деп үшке боледі. Осыдан Vefa Gökçetin мен Melahat Öztürk шылаулардың бір түрін ek edatlar (қосымша түрінде кездесетін шылаулар) деп береді. Яғни қосымшалар да, шылаулар да бөлек тұрғанда мағына бере алмайды. Кейбір қосымша шылаулардың орнына қолданылады. [Vefa Gökçetin, Melahat Öztürk, Türkçe edebiyat, Ankara, 1997]
Mehmet Hengirmen шылаулар туралы: ilgeçler, bağlaç, ünlemler’ді бөлек бөлек алып, сөз таптарына жатқызады. Ал Tahsim Bangıoğlu болса шылауларға takı атын береді.
Жалғаулықтарды және септеуліктерді Tahsim Bangıoğlu, Muharrem Ergin, Mehmet Hengirmen өзінше бөледі.
Tahsim Bangıoğlu шылаулардың орнына көмекші сөздерді қолданылғаны үшін шылауды takı’мен белгілеген. Осы жерде bağlamlar, ünlemler бөлек көрсетіледі. Takılar төрт септікті қажет етеді:
- Табыс септігін қажет ететін Takılar: eve kadar, kum gibi, çocuk gibi;
- Барыс септігін қажет ететін Takılar: eve dogru, havaya göre sabaha dek;
- Шығыс септігін қажет ететін Takılar: namazdan önce, tatilden sonra, dünden beri;
- Adı Katkı olan Takılar;
Ал Bağlamlar болса:
- Turkçe asıllı bağlamlar: de, ile, kim, ancak, yalnız, ayrıca;
- Birleşik bağlamlar: yine, ya da, bunun gibi, bir yandan;
- Yabancı asıllı bağlamlar: ve, fakat, ama, çünkü, hatta, eğer
деп үш түрге бөлінеді. Бұған қоса Tahsim Bangıoğlu байланысуына қарай 12 топқа бөліп көрсетеді
- Ulama bağlamları: ile, ve, de, hem…hem, ne…ne;
- Ayırtlama bağlamları: ya, yahut, yada, veya, mi…mi;
- Karşılatma bağlamları: ama, fakat, yalnız, ancak, bununla;
- Anlaşma bağlamları: bir…bir, bazen… bazen, kimi… kimi;
- Üsteleme bağlamları: hatta, bile, üstelik, hem, zaten;
- Açıklama bağlamları: yani, demek ki, oyle ki;
- Salt bağlamları: ki, kim, de;
- Yer verme bağlamları: gerçekten, halbuki, oysa;
- Sebep bağlamları: çünki, zira, ki;
- Sonuç bağlamları: buna göre, bundan dolayı, bunun üzerine;
- Amaç bağlamları: diye, ki, kim, için;
- Şart bağlamları: eğer, yoksa [Tahsim Bangıoğlu, Türkçenin grammeri, 2000, s. 391-393 ] ;
Mehmet Hengirmen қөзқарасына сүйенсек, шылауларды ilgeçler деп атаған, ал жалғаулықтар бөлек топ деп көрсетеді. “Yani ilgeçler, ilgi kurdukları sözcüklerden önce gelir. Bu durumda ilgeçler kendilerinden önce gelen sözcüklerin belirli ad durum ekleri olmasını gerektirir. Bu bakımdan ilgeçler dörde ayrılır“ деп Tahsim Bangıoğlu айтқандандай ilgeçler былай бөлінеді:
- yalın durum isteyen ilgeçler: gibi, için, kadar, ile (түбір я негізгі тұлғамен кездесетін септеуліктер) ;
- yönelme durumu isteyen ilgeçler: göre, kadar, karşı (барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер) ;
- çıkma durumu isteyen ilgeçler: önce, sonra, dolayı (шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер) ;
- tamlayan durumu isteyen ilgeçler: için, kadar, gibi, ile (көмектес септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер) . [10. 97]
Жалғаулықтар болса, қалпы жағынан ерекшеліктеріне қарай мынандай топтарға бөлінеді:
- Yalın bağlaçlar: ve, ile, de
- Türemiş bağlaçlar: üstelik, yalnız
- Birleşık bağlaçlar: öyleyse, oysa
- Öbekleşmiş bağlaçlar: halbuki, bundan dolayı [10. 98]
Бір жағынан Muharrem Ergin шылаулырды үш түрге бөледі: 1. ünlem edatları 2. bağlama edatları 3. son çekim edatları. Соның ішінде ünlem edatların беске бөліп көрсетеді:
a) seslenme edatları
ә) sorma edatları
б) gösterme edatları
в) cevap edatları
г) ünlemler
Жалғаулықтардың да бес түрін көрсетеді:
- Sıralama edatları: ve, ile;
ә) Denkleştirme edatları: veya, yahut;
б) Karşılaştırma edatları: hem…hem, ne…ne, da…da;
в) Cümle başı edatları: eğer, ancak, çünkü, yoksa;
г) Sona gelen edatlar (küvvetlendirme) : daki, ise, ki, bile [9. 134]
Септеуліктерді де өзінің ішінде бірнеше топтарға бөледі. Біріншіден, септеуліктерді қолданылуына қарай бөледі:
1. Isimlerin yalin, zamirlerin genitive hali ile birleşenler: su ile, benim il gibi;
2. Yalın hali ile birleşirler: baş üzere, onü sıra, taş diye gibi;
3. Datif hali ile birleşenler: eve kadar, bana göre gibi:
4. Ablatif hali ile birleşenler: bundan dolayı, benden önce gibi;
Функцияларына қарай сегіз түрге бөледі:
- Vasıta ve beraberlik edatları: ile, birle.
- Sebep edatları: için, üzere, dolayı.
- Benzerlik edatları: gibi, bigi, tek.
- Baskalık edatları: başka, özge, gayrı.
- Miktar edatı: kadar.
- Diğer hal edatları: göre, rağmen.
- Zaman edatları: beri, önce, evvel, böyle, sonra.
- Yer ve yön edatları: kadar, karşı, doğru [9. 344]
Түрік тідінің грамматикасында шылауларды осындай классификацияларға бөледі. Түрік тіл білімінде тіл маманы Мұхаррем Ергин одағайларды шылаулардың бір түріне жатқызаты. Бұл дұрыс пікір емес. Себебі одағайлар - қуану, қорқу, жындану, таңғалу сияқты сезімдерді білдіретін, шылаулырға ұқсамайтын тым өзгеше сөздер.
Осылайша тілшілердің кейбіреулері шылау түрлері үшін мына үш түрді көрсетіп (çekim, bağlaç, ünlem), unlem’ді шылаудың бір түріне қосады. Бірақ тілші Mustafa Hakki Kurt болса бұл пікіріне қарсы шығып шылауларға тек септеуліктерді (çekim edatları) жатқызады. Bağlaç ve ünlem i бөлек сөз табына жатқызуды дұрыс деп есептейді. [8. 35] . Түрік тілінде көптеген ғалымдар одағайды шылаулардың бір түріне жатқызады. Бірақ қазақ тілінде одағайлар бөлек сөз табына жатады. Біз осыны дұрыс деп ойлаймыз.
Қазақ тіліндегі шылаулар туралы сөз қозғасақ, қазақ тіл мамандары Ахмеди Ысқақов, Мадина және Нұржамал Оралбаевалар, Е. Жанпейісов, К. Хұсаин, А. Жүнісбек, С. Исаев, А. Айғабылұлы, М. Сералиев, Р. Әміров, Н. Уәлиев, Ш. Бектуров, С. Кенесбаев, А. Аханов сияқты тілшілер шылауларға деген көзқарастары бірдей. Осы тілшілердің бәрі шылау сөздердің мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан үшке бөлінетінін айтады: 1. септеуліктер (çekim edatları) ; 2. жалғаулықтар (bağlama edatları) ; 3. демеуліктер (turkcede karşılığı yoktur) . Бірақ кейбір тілшілер кітаптарында осы үшеуін тағы түрлерге бөледі.
Мысалы, қазақ тіліндегі септеуліктер бірнешеге бөлінеді:
1. Түбір не негіз тұлғалы сөзбен тіркесетін септеуліктер немесе атау септікті менгеретін септеуліктер (yalın durum isteyen ilgeçler) : үшін, сияқты, сайын.
2. Барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер (yönelme durumu isteyen ilgeçler) : дейін, шейін, қарай, таман, жуық.
3. Шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер (çıkma durumu isteyen ilgeçler) : гөрі, бері, кейін, соң .
4. Көмектес септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер (tamlayan durumu isteyen ilgeçler) : қатар, бірге .
Осымен бірге Қазақ тілінде М. Балақаев, Т. Кордабаев, А. Хасенова сияқты тіл мамандары септеуліктерді мағынасына қарай (Түрік тіліндегі Muharrem Ergin классификациясы сияқты беске бөледі:
- Мезгіл-мекен мағынасындағы септеуліктер:дейін, шейін, таман, салым, бойы;
- Амал мағыналы септеуліктер:бірге, қабат, қатар;
- Мақсат мағыналы септеуліктер:үшін, деп;
- Қатыстық мағыналы септеуліктер:туралы, жөнінде;
- Теңеу, толғау мағыналы септеуліктер:сияқты, секілді;
Жалғаулықтар болса, қазақ тілінің грамматика кітаптарында былай бөлінеді:
1. Ыңғайластық жалғаулықтар
2. Талғаулықты жалғаулықтар
3. Қарсылықты жалғаулықтар
4. Себептік жалғаулықтар
5. Салдарлық жалғаулықтар
6. Шарттық жалғаулықтар
Қазақ тілшілері М. Оралбаева, А. Абілқаев осы саралауға қосылады. Олар да кітаптарында шылауларды тура осылай бөледі. Бірақ С. Кеңесбаев жалғаулықтарды төрке, Ш. Бектұров, М. Серғалиев, О. Күлкенова, А. Айғабылов, А. Ысқақов жалғаулықтарды бірінші үлкен екі топқа бөледі:
a) Салаластырғыш жалғаулықтар. Олар бірыңғай жеке сөздер мен сөз тіркестерін және бірыңғай сөйлемдерді байланыстырады да, солардың өзара байланысу жолдары мен қатынастарын көрсетеді.
ә) Сабақтастырғыш жалғаулықтар. Олар тек құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырып байланыстырып, солардың арақатынасын анықтап көрсету үшін жұмсалады.
Содан кейін осы екеуін іштей топтарға бөліп көрсетеді.
Салаластырғыш жалғаулықтарды екіге бөлінеді:
1. Ыңғайластық жалғаулықтар: мен, бен, пен, және, тағы, әрі, да, де, та, те, әм ;
2. Талғаулықты жалғаулықтар: әлде, біресе, я, бірде, әки, не, немесе, болмаса, не болмаса, мейлі;
Cабақтастырғыштарды алтыға бөліп көрсетеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz