Табиғат пайдалану құқығының ұғымы, жалпы сипаттамасы мен принциптері



1.Табиғат пайдалану құқығының ұғымы, жалпы сипаттамасы мен принциптері.
2. Табиғат пайдалану құқығының субъектілері, мазмұны және объектілері. Пайдаланған әдебиеттер: Қорытынды

1.Табиғат пайдалану құқығының ұғымы, жалпы
сипаттамасы мен принциптері.

Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының
бірі табиғатты пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік құқығы тек жер
қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі,
атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықтан
экологиялық қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану
институтына қатысады.
Жалпы мағынасында табиғатты пайдалану деп адамның өзінің әр
алуан өмірлік қажеттіліктерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-
сауықтыру, имандылық-эстетикалық қажеттіліктерін) қанағаттандырумен
итермелейтін адамдардың табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы,
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңына сәйкес
табиғат пайдалану – адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи
ресурстарды пайдалану.
Табиғатты пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра
білу керек. Егер табиғатты пайдалану адамның әр алуан өмірлік
қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде
ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған
ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі
үстем болады.
Табиғатты пайдалану құқығы объективті мағынасында – табиғат
объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
қатынастарды реттейтін құқықтық норамладың жиынтығы болып табылады.
Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану – бұл адамның әр алуан
өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін
пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушыларының заңмен белгіленген
құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе
жекелеген табиғи ресурстарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде
және шарттарда өздерінің қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалану
құқығы деген анықтама беруге болады.
Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғатты пайдалану тек
адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызметін атқарып
қана қоймай, сонымен қатар бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал
етуі де мүмкін.
Табиғатты пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі – бұл табиғи
ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны
қорғау саласындағы қызметтің жекелеген түрін жүзеге асыру.
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану
саласында мына төменде аталған шаруашылық қызметінің экологиялық
жағынан қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады:
Улы, радирактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен
ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру;
Су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса
қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік
материалдарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорындар мен
құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;
1-3 топтағы қауіптілігі бар өндірістің қауіпті қалдықтарын жағу,
химиялық өңдеуден өткізу, сақтау мен көму, Қазақстан Республикасының
қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалы мен оларды жоюды бақылау
туралы Базель конвенциясы бойынша міндеттемелерін орындаумен
байланысты трансшекаралық тасымал;
Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық
түзілістерді сақтау;
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағы
шегіндегі кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді
орналастыру, салу мен қайта құру;
Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін химиялық және биологиялық
заттарды өндіру.
Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды
пайдалану саласында экологиялық аудиторлық қызмет, сонымен бірге
табиғатты қорғау жобалауы, нормалау және экологиялық сараптама
саласындағы жұмыс міндетті түрде лицензиялануға тиіс.
Лицензиядан басқа табиғи ресурстар табиғат пайдалануға облыстың
жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қалалардың
– Алматы, астана – Астана қалаларының әкімдіктерінің) табиғи
ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің негізінде, сондай-ақ
табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келісім шарттар) негізінде
берілуі мүмкін.
Қазіргі уақытта табиғат пайдалану құқығы көптеген табиғи
ресурстарғалимиттеледі және квотталады. Бұл мынадан туындап отыр:
көптеген табиғи ресурстар сарқылатын ресурстарға жатады немесе жалпы
жаңартылмайтын ресурстар болып табылады. Қазақстан Республикасының
Қоршаған ораны қорғау туралы Заңына сәйкес қоршаған ортаның
ластануына лимиттер және табиғи ресурстарды алып қоюға лимиттер,
сондай-ақ табиғи ресурстардың ластануына және оларды алып қоюға
квота бар.
Қоршаған ораны ластау лимиттері – бұл ластайтын заттардың, өнд
іріс пен тұтыну қалдықтарының жалпы көлемінің түсу шектері, сондай-
ақ қолайлы қоршаған орта сақталатын деңгейлердегі қоршаған ортаға
шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық
ықпалдардың әсері;
Табиғи ресурстарды алып қою лимиттері – бұл табиғи ресурстарды
ықтимал мөлшерде пайдалану шектері, бұл жағдайда биологиялық
ресурстарды табиғи молайту бұзылмайды және пайдалы қазыналарды ұтымды
пайдалануға кепілдік беріледі;
Ластануға берілетін квота – бұл белгілі бір мерзімге нақты
табиғат пайдаланушыға берілетін ластануға арналған лимитінің бір
бөлігі;
Табиғи ресурстарды алып қою квотасы – бұл белгілі бір мерзімге
нақты табиғаи пайдаланушыға берілетін алып қою лимитінің бір
бөлігі;
Қоршаған ортаның ластануына берілетін лимиттер мен квоталарды
жергілікті өкілді органдар (маслихаттар) және облыстардың әкімдіктері
(Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері) Қазақстан Республикасының
үкіметі облыстар (республикалық маңызы бар қалалардың – Алматы, астана
– Астана қалаларының әкімдіктері) үшін белгілейтін, ал табиғи
ресурстарды алып қоюға – Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі белгілейтін лимиттер мен квоталар шектерінде
анықталады.
Табиғат пайдалану құқығының принциптері деп табиғи ресурстарды
пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары
мен негізгі қағидаттары ұғынылады. Табиғат пайдалану құқығының
негізгі принциптеріне мыналар жатады:
Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың
өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және
оны қалпына келтіру. Бұл табиғат пайдалану кезінде бірінші кезекте
адамның экологиялық мүдделері және әрбір адамның өмірі, еңбегі мен
демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы ескерілуі тиіс дегенді
білдіреді;
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұтымды пайдалану.
Табиғатты ұтымды пайдалану сонымен бір мезгілде адамның
экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және өзгеде мүдделерін ескеру
дегенді білдіреді, онда табиғат пайдалану ақылға қонымды,
ойластырылған, үнемді және өтемді болуға тиіс. Тек осындай көзқарас
қана бүгінгі ұрпақтың қажеттерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен
бірге болашақ ұрпақтар үшін табиғи ресурстарды сақтай алады.

2.Табиғат пайдалану құқығының субъектілері, мазмұны
және объектілері.

Табиғатты пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет,
жеке және заңды тұлғалар қатысады. Табиғат пайдаланушылар жеке және
заңды тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және
шетелдік табиғат пайдаланушылар болып бөлінеді. Ұлттық табиғат
пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстандық
заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдің қатысуымен, ал шетелдік
табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар,
шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Табиғат пайдалану құқығының ұғымы
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Мемлекет функциясының ұғымы
Дәстүрлі құқықтық жүйе
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Пәндер