Қазақстан Республикасының қаржылық саясатының ерекшеліктері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе.

  1. Қаржы саясатының жалпы түсінігі
  2. ҚР-ң қаржылық саясатының ерекшеліктері

Қорытынды.

Пайдаланған әдебеттер.

Кіріспе

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.

Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызы рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. Ол экономикалық мүдделаерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.

Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жқніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.

  1. Қаржы саясатының түсінігі

Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жқніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.

Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердін орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.

Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.

Қаржы саясаты өзңне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саячсатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын - ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.

  1. ҚР-ң қаржылық саясатының ерекшеліктері

Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақ­стан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік түрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті зандардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.

Қаржы саясатын жасаған кезде оның бірнеше нұсқалары дайындалады. Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, не­ғұрлым оңтайлы нұсқасы Үкіметке жіберіледі. Көп нұсқалы жоба математикалық үлгілеу мен жобалауды пайдалануды талап етеді. Мұнымен бірге үнемі өсіп отыратын қаржы ресурстарының босалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің табыстарын алудың неғұрлым оңтайлы үлестерін анықтау қажет. Қаржы саясатын жасаған кезде қаржы ресурстарын бөлуге жөне оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

Елдің қаржы жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:

  1. жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс
  2. инвестициялаудың ауқымы
  3. негізгі қорларды (капиталдарды) жаңартудың қарқындары
  4. еңбек өнімділігінің өсуі
  5. халықтың тұрмыс деңгейі
  6. мемлекет бюджетінің тапшылығы.

Соңғы жылдардағы Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне төленбеген төлемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің салдарынан мемлекеттің борышын арттыруға тура келеді.

Тұрақтандырудың қаржы саясаты өзіне мына міндеттерді кіріктіреді:

  1. инфляцияны тоқтату;
  2. бюджет тапшылығын ЖЮ-нің 2%дейін томендету;
  3. мемлекет борышын ЖІӨ-нің 48% дейін жеткізу.

Қаржы саясатына ақша-кредит саясаты қосылады. Қаржы сая­саты жетістіктерінің бірі - Ұлттық банк кредиттерін беру (эмиссия) жолымен мемлекеттік борышты жабудан заңнамалық түрде бас тарту.

Қаржылық тұрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:

1) тұрақты бағалар (инфляция нөлге жуық) . Алайда инфляция
жылына шамамен 1, 8% тең болатын дамыған елдерде де болады;

2) бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2-3% аспайды;

3) мемлекет борышы аз соманы құрауы тиіс және тек ЖҮӨ-
нің өсуімен өсуі тиіс.

Қаржы саясатына қойылатын маңызды талап қаржы саяса­тын жүргізгенде, яғни дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экономика­лық саясаттың құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға белгілеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері
негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін
жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;

ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау

б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруа­шылық өмірді түрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік боліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табыла­ды.

Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық да­мудың мемлекеттік бағдарламаларыңда қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған.

Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.

Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға коп коңіл болінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын болу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономи­калық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

Таяудағы мақсат ретінде - мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.

Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке (өзгеше) қағидаттардың толып жатқан қатары қойьшуы тиіс.

Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзе­ге асырудың зор маңызы бар.

Қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының , әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау.

  • қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамта-
  • масыз ету;
  • қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
  • қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі)
  • мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.
  • Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарга мыналар жатады:
  • объективті экономикалық зандардың іс-әрекетін есепке алу;
  • нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
  • өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.

Жеке (өзгеше) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:

  • қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатынас-тарын жоспарлы ұйымдастыруды жөне қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету.
  • қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігі.
  • бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін жасау.
  • салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық жөне әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
  • негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу.
  • қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.

Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау нысандарының және әдістерінің жүйесі болып та­былады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде жөне қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге - қоғамдық-экономикалық өмірдің бар­лық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады. ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизмі құрамды және ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономика­лық-шаруашылық механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.

Қаржы механизмі - экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын үйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы Ол қаржы қаты­настарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі , сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бүл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті оргаңдарьшьщ қаржы механизмі деп бөлуге болады.

Жалпы-шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі қурльшы бар және ол айтарлықтай күрделі. Қаржы­лық өзара байланыстардың көптігі қаржыны ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын жөне әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы механизмінің құрылымы қаржы қатынастарын топтастыру түрғысынан қаржы жүйесін қамтып көрсетеді.

Қаржылық жоспарлау қаржы тұтқалары мен ьшталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі, қаржыны үйымдас­тыру.

Қаржы механизмінің блогы (буыны) - бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойыңша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы. Өнім қүнының жақсартылған ұдайы өндірістік құрылымы болатындығын есте ұстау қажет. Қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылатындықтан, қоғамдық өнім құнында табыстың (пайданың) үлесі неғұрлым жоғары болса, қаржы ресур­старын өсіру резервтері соғұрлым жоғары болады.

2. Арнаулы көтермелеу қорларын пайдалану.

3. Өндірісті интенсивтендірудің бюджеттік өдістерімен байла-
нысты қаржы ынталандырмалары.

Белсенді қаржы саясатын жүргізе отырып, өндірісті көтерме­леу үшін мемлекет бюджетің кірістері мен шығыстарын пайдалана алады. Бюджеттің кірістері бюджеттің ынталандырмаларына айналуы үшін

Қаржы механизмінің элементі - бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушьшардың мүдделері айрықша түрде білінеді.

Әрбір элемент бірыңғай қаржы механизмінің қүрамды бөлігі болып табылады, бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы есепті ХҚЕС бойынша жетілдіру саясаты
Есеп саясатын қалыптастыру
Қаржы механизмінің айрықша элементтері
Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар
Қаржы механизмінің жүйесі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
Халықаралық қаржылық есеп стандарт негізінде субьектінің есеп саясатының ашылуын, қазақстандық есептен ХҚЕС-қа көшу ерекшеліктерін, талдауын жан - жақты ашу
СУБЪЕКТІНІҢ ЕСЕП САЯСАТЫ
Салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және оның қазақстан республикасында қолданылуы
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz