Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің құрылымы



Жоспар:
Кіріспе.
1. Қаржы жүйесінің түсінігі.
2. ҚР.ң қаржылық жүйесінің құрылымы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебеттер.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе.
1. Қаржы жүйесінің түсінігі.
2. ҚР-ң қаржылық жүйесінің құрылымы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебеттер.

Кіріспе
Қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттік қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады.
Қаржы жүйесі бұл қаржы мекемемелерінің жиынтығы. Қаржы жүйесі интерграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірле - бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамкын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді, ұлттық табыстық үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық - коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

1. Қаржы жүйесінің түсінігі.
Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттік қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс - әрекет ететін бір - бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пйда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркенитетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО - ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларының қалыптастыруға мүмкіндік берді,м бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық фунцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық - экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сипаттаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1) Қаржы қатынастарының жиынтығы.
2) Ақша қорларының жиынты,ы.
3) Басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын эжкономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мына екі сфераны қамтиды:
1) Мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары,
2) Кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.
Қаржы жүйесінің функциялық белгісі (критерийі) бойынша құрылымы
Қамтамасыз етуші қосалқы жүйелер
Кадрмен қамтамасыз етудің
Қаржы жоспарларының, есептің, статистиканың
Қаржыны автоматтандырылған басқарудың
Қаржылық бақылаудың
Нормативтік - заңнамалық қамтамасыз етілуінің
Сыртқы кономикалық қатынастардың
Бюджет
Салық
Негізгі қосалқы жүйелер
Қосалқы жүйелер
Қаржы жүйесі

Қаржы қатынастарының буындарына тәне болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пйдалануда табады, бқл ресурстар бюджет, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын кіріктіреді. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған, бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну қоры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).
Қаржы жүйесі интерграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірле - бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Қаржы жүйесінің құрылымы немесе 2004 - 2006 жылдардағы қызметін талдау
Қаржы функциялары
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Қаржы жүйесі жайлы
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Мемлекеттің қаржылық қызметі
Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы бюджет саясаты және оның қызметтері
Пәндер