“Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамы



Мазмұны

1 бөлім. “Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамы ... ... ... .3
1. 1 Бизнес.процестерін басқару бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2 бөлім. Диплом алды іс.тәжірибе жөніндегі есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1 бөлім. “Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамы

“Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамының негізі 1995 жылы қаланып және 10 жылдық белсенді жұмысы нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы ірі сақтандыру компанияларының бірі болып табылады. Ашықтық пен сенімділікке негізделген бизнес жүргізудің қағидалары арқасында Компания Қазақстанның сақтандыру нарығындағы ең жоғарғы қаржылық көрсеткіштерге жетіп отыр.
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері мен жұмыс саясаты отандық сақтандырушылардың көп бөлігінің ғана емес, сонымен бірге Армения, Бельгия, Ұлыбритания, Грузия, Дания, Израиль, Италия, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Украина, Өзбекстан, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея, Жапония және тағы басқа елдердің ірі компанияларының сеніміне ие болуына жәрдемдесті.
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ Клиент қызығушылықтарын мүмкін болатын қауіптер комплексінен қорғау үшін әмбебаптылық пен сақтандыру қыметінің барлық түрлерін ұсынуға бағытталған. Компания Қазақстан Республикасының Сақтандыру туралы Заңында аталған сақтандырудың барлық дерлік түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Қолда бар Лицензияларға сәйкес, Компания сақтандырудың кең шеңбері мен түрлері бойынша сақтандыру қызметтерін ұсынуға құқылы.
Сонымен қатар Компания қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған Лицензияға ие, бұл Компанияға пропорционалды емес негізде қайта сақтандыруға құқығын береді. Кірістелетін қайта сақтандыру бойынша біздің Клиентеріміздің арасында Қазақстанның барлық ірі сақтандыру компаниялары, жақын және шалғай орналасқан шетел мемлекеттіерінің сақтандыру компаниялары бар.
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде ынтымақтастық, сенімділік және қолдау қағидаларына сүйенеді

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1 бөлім. “Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамы ... ... ... .3
1. 1 Бизнес-процестерін басқару
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 11

2 бөлім. Диплом алды іс-тәжірибе жөніндегі
есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

1 бөлім. “Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамы

“Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамының негізі 1995 жылы
қаланып және 10 жылдық белсенді жұмысы нәтижесінде Қазақстан
Республикасындағы ірі сақтандыру компанияларының бірі болып табылады.
Ашықтық пен сенімділікке негізделген бизнес жүргізудің қағидалары арқасында
Компания Қазақстанның сақтандыру нарығындағы ең жоғарғы қаржылық
көрсеткіштерге жетіп отыр.
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері мен жұмыс
саясаты отандық сақтандырушылардың көп бөлігінің ғана емес, сонымен бірге
Армения, Бельгия, Ұлыбритания, Грузия, Дания, Израиль, Италия, Қырғызстан,
Ресей, АҚШ, Украина, Өзбекстан, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея,
Жапония және тағы басқа елдердің ірі компанияларының сеніміне ие болуына
жәрдемдесті.
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ Клиент қызығушылықтарын мүмкін болатын
қауіптер комплексінен қорғау үшін әмбебаптылық пен сақтандыру қыметінің
барлық түрлерін ұсынуға бағытталған. Компания Қазақстан Республикасының
Сақтандыру туралы Заңында аталған сақтандырудың барлық дерлік түрлерін
жүзеге асыруға құқылы.
Қолда бар Лицензияларға сәйкес, Компания сақтандырудың кең шеңбері мен
түрлері бойынша сақтандыру қызметтерін ұсынуға құқылы.
Сонымен қатар Компания қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған
Лицензияға ие, бұл Компанияға пропорционалды емес негізде қайта
сақтандыруға құқығын береді. Кірістелетін қайта сақтандыру бойынша біздің
Клиентеріміздің арасында Қазақстанның барлық ірі сақтандыру компаниялары,
жақын және шалғай орналасқан шетел мемлекеттіерінің сақтандыру компаниялары
бар.
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде
ынтымақтастық, сенімділік және қолдау қағидаларына сүйенеді.
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ қызметкерлері тек сақтандыру саласының
жоғарғы класс мамандары ғана емес. Топты қалыптастыру кезінде Компания
персоналдың Клиенттермен жұмыс істеудің психологиялық мәселеріне ерекше
көңіл бөледі. Компания мақсаты – Клиент үшін тек кәсіби кеңесші ғана
болмай, сонымен бірге іскерлік ынтымақтастықта достық қатынасты сақтау.
Компанияның корпоративті саясатының маңызды ерекшеліктерінің бірі
сақтандыру жағдайларын реттеудің жылдамдығы мен сапасы болып табылады.
Құжаттырдың толық пакетін қолға алып, “Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ
істің барлық жақтарын уақытылы қарастыруды қамтамасыз етеді және азап
шеккендерге сақтандыру пұлын төлейді. Белгіленген сақтандыру премиясын
төлеп, Сіз көлемді шығындардын сақтанасыз. Арнайы құрастырылған Сапа
жүйесіне сәйкес қажетті құжаттарды рәсімдеу процедурасын Клиентке емес,
керісінше, Компания мамандарына жүктеледі. Сақтандыру пұлын төлегенде
Компания тек барлық заңдық мәселелрді шешіп қана қоймай, бұған қоса
ешқандай қосымша төлемдерсіз риск-менеджер қызметтерін ұсынады, ол осы
сақтандыру жағдайының барлық жақтарын зерттеп, Клиент келесіде осындай
жағдайға тап болмауы үшін не істеу керектігі жайлы жазбаша түрде кеңес
береді.

Компания тарихы

24. 05. 1995 жыл – “Евразия” Акционерлі сақтандыру компаниясын мемлекеттік
тіркеу, жарғылық капиталы 2,0 млн. теңге.
31. 07. 1995 жыл – Мемлекеттік сақтандыруды бақылау “Евразия”АСК-на ерікті
жеке және мүліктік сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін
лицензия берді.
09. 10. 1996 жыл – “Евразия”АСК” Жауапкершілігі Шектеулі Акционерлік Қоғам
түріндегі сақтандыру компаниясының мемлекеттік қайта тіркеу және жарғылық
капиталдың 18,4 млн. теңгеге дейін арттыру.
08. 01. 1997 жыл – Мемлекеттік сақтандыруды бақылау “Евразия” АСК” ЖШАҚ-на
автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті
сақтандыру бойынша сақтандыру қазметін жүзеге асыруға құқық беретін
лицензия берді.
12. 02. 1999 жыл - сақтандыру компаниясын “Евразия” Сақтандыру Компаниясы
Ашық Акционерлік Қоғамы түрінде мемлекеттік қайта тіркеу.
Наурыз, 2000 жыл – Қоғамның жарғылық капиталын 100,0 млн. теңгеге дейін
арттыру.
29. 03. 2001 жыл – сақтандыру нарығын реттеу жөнінде өкілетті органның
сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия формасын өзгертуімен
байланысты, “Евразия” СК” ААҚ-на “жалпы сақтандыру” саласының 1 міндетті
және 4 ерікті сақтандыру класстары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге
асыруға құқық беретін лицензия берілді.
Тамыз, 2002 жыл - Қоғамның жарғылық капиталын 200,0 млн. теңгеге дейін
арттыру.
Қыркүйек, 2003 жыл – сегізқабатты кеңсені сатып алу және Қоғамның
орналасуын өзгерту.
08. 08. 2003 жыл – сақтандыру нарығын реттеу жөніндегі өкілетті органымен
“Евразия” СК” ААҚ-ның лицензиясы “жалпы сақтандыру” саласында 1 міндетті
және 5 ерікті сақтандыру класстары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге
асыруға құқық беретін лицензиясымен алмастырылды.

Желтоқсан, 2003 жыл – жылдық нәтижелер бойынша “Евразия Сақтандыру
компаниясы” ААҚ Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының бес көшбасшы-
компаниялар қатарына енді.

24. 02. 2004 жыл – “Акционерлік қоғамдар туралы” Қазақстан Республикасының
Заңының талаптарына сәйкес келу мақсатында, қоғам “Евразия” СК” Акционерлі
қоғамы түрінде мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
12. 03. 2004 жыл – “Евразия” СК” АҚ пропорционалды емес қайта сақтандыруды
жүзеге асыруға құқық беретін мемлекеттік лицензия алынды.
Шілде, 2004 жыл – Компания қосымша төртқабатты кеңсе ғимаратын сатып алды.
19. 12. 2004 жыл - сақтандыру нарығын реттеу жөніндегі өкілетті органымен
“Евразия” СК” ААҚ-ның лицензиясы “жалпы сақтандыру” саласында 5 міндетті
және 14 ерікті сақтандыру класстары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге
асыруға құқық беретін лицензиясымен алмастырылды.
Желтоқсан, 2004 жыл – “Евразия” СК” АҚ-ның корпоративті сайты жасалынды
және Интернет желісінде орналастырылды (www.theeurasia.kz)
01. 01. 2005 жыл – негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша “Евразия” СК” АҚ
қазақстандық сақтандыру нарығының көшбасшысы болды. Баланстық жеке
капиталдың көлемі 6,6 млрд. теңгеден асты.

Компания стратегиясы

“Евразия”Сақтандыру компаниясы” АҚ-ның стратегиялық міндеті –сенімді
серіктес және қаржылық жағынан тұрақты Компания ретінде ішкі әрі
дүниежүзілік сақтандыру және қайта сақтандыру нарықтарында танымал болу.
Компания ұсынатын сақтандыру қызметтерінің кең көлемі негізінен өндірістік
және өңдеуші кәсіпорындарға арналған, сонымен қатар алғашқы
сақтандырушыларға арналған қайта сақтандыру. Компаниямыздың сақтандыру
өнімдері аталған сақтандырушылар категориясына арнайы етіп кұрастырылған
және олардан көптеген әртүрлі қауіптерден сақтауға арналған.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын ретеу және
бақылау Агенттігінің қазақстандық сақтандыру компанияларын үздіксіз және
жан-жақты бақылауы “Евразия”СК” АҚ-ында жүргізілетін ішкі басқару
бақылауымен тұспа-тұс келеді.
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ жүзеге асыратын қызметі кәсібилік пен
Клиент қызыушылықтарының басымдығы қағидаларына негізделеді. Осымен бірге,
Компания қаржылық сенімділікке ұмтылады, ал оның сапасы тәуекелдер мен
оларды басқарудағы қолданатын іс-шараларды бағалаудың нәтижелерін есепке
алып, талдау және жоспарлау негізінде анықталады.
Компанияның корпоративті саясатының маңызды ерекшеліктерінің бірі
сақтандыру жағдайларын реттеудің жылдамдығы мен сапасы болып табылады.
Құжаттырдың толық пакетін қолға алып, “Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ
істің барлық жақтарын уақытылы қарастыруды қамтамасыз етеді және азап
шеккендерге сақтандыру пұлын төлейді. Белгіленген сақтандыру премиясын
төлеп, Сіз көлемді шығындардын сақтанасыз. Арнайы құрастырылған Сапа
жүйесіне сәйкес қажетті құжаттарды рәсімдеу процедурасын Клиентке емес,
керісінше, Компания мамандарына жүктеледі. Сақтандыру пұлын төлегенде
Компания тек барлық заңдық мәселелрді шешіп қана қоймай, бұған қоса
ешқандай қосымша төлемдерсіз риск-менеджер қызметтерін ұсынады, ол осы
сақтандыру жағдайының барлық жақтарын зерттеп, Клиент келесіде осындай
жағдайға тап болмауы үшін не істеу керектігі жайлы жазбаша түрде кеңес
береді.
Сақтандыру қызметтерінің бай портфелі және сенімді серіктес атағы, жұмыс
тәжірибесі және қызметкерлер құрамы Компанияның өз серіктестері мен
Клиенттері алдында міндеттерді мүлтіксіз орындауына және табысты қызмет
жүргізуіне негіз болды.
Тәуекелдерден қосымша қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Компания
халықаралық нарықта қайта сақтандыруды өткізіп және қаржылық сенімділіктің
ең жоғары дәрежесіне ие болған танымал ұйымдармен ынтымақтасады.
Компанияның инвестициялық саясаты бойынша қаржы ең табысты активтерге
салынады, оларды басқару құнды қағаздар нарығының кәсіби мүшесі – “Bailyk
asset maagement” АҚ-на берілді.
Бизнесті дамыту мәселелерінде біз – реформаторлармыз. Қажет болса, біз жаңа
нарықтық шарттарды есепке алып біздің бизнес-процестерімізді қайта
құрастыруға және өз тәсілдеріміздің түрін өзгертуге дайынбыз. Мұнда негізгі
стратегия және адал серіктестік пен ынтымақтастық қағидалары өзгермейді.
“Евразия” СК” АҚ жұмысының стилін қысқаша үш сөз арқылы өрнектеуге болады:
“Евразия – сенімділік континенті”, яғни өз міндеттемелерін мүлтіксіз
орындаудан көрінетін тұрақты жіне сенімді серіктестіктен құны артық ештеңе
жоқ.

Мамандар тобы

Компания қызметкерлері тек сақтандыру саласының жоғарғы класс мамандары
ғана емес. Компания мақсаты – Клиент үшін тек кәсіби кеңесші ғана болмай,
сонымен бірге іскерлік ынтымақтастықта достық қатынасты сақтау. Топты
қалыптастыру кезінде Компания персоналдың Клиенттермен жұмыс істеудің
психологиялық мәселеріне ерекше көңіл бөледі. Әрбір сақтандырушыға жеке
менеджер бекітіледі, ол кез-келген уақытта осы Клиентке қатысты барлық
жағдайлармен таныс болады және сақтандырушылық қорғауды алғашқы
келіссөздерден бастап, келісім-шартты жаңа уақытқа ұзартуына дейін барлық
процесті ұйымдастырады.
Сақтандыру компаниясы қызметінің нәтижелілігіне сақтандыруға ұсынатын
тәукелдерді талдайтын андеррайтерлердің кәсіби дәрежесі зор әсер етеді.
Олар сақтандыру объектісіне тән тәуекел деңгейін көрсетуші және сақтандыру
жағдайынынң орын алуына елеулі ықпал ете алатын кез-келген детальдар немесе
ерекшеліктерді бағалайды. Осындай талдаудың нәтижесінде андеррайтер тариф
көрсеткіштерінің деңгейін реттейді, тәуекелді сақтауға қабылдау немесе
тәуекелді сақтауға қабылдамау туралы мәселені көтереді.
Сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығы қабылданған тариф саясатымен
және сақтандыру резервтерінің жеткілікті деңгейімен анықталады. Ол үшін
уақытылы және нақты актуарлық есептемелер, олардың адекваттылығы жөніндегі
қорытындылар, Қоғам қол қоятын ірі келісімдер туралы қорытындылар қажет.
Сонымен қатар, бизнес-жоспарларды құрастырғанда және Қоғам қызметін
жоспарлауды, қаржылық жағдайы туралы сараптамалық қорытындылар ұсынуда
актуарийдің ролі маңызды.

Компания ұсынатын қызметтер

“Евразия” СК” АҚ ұсынатын сақтандыру өнімдеріне төмендегі сақтандыру
класстары мен түрлері кіреді:
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру формасына:
1. көлік құралдырының иелерін;
2. жолаушылар алдында тасымалдыушының;
3. аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар;
4. жеке нотариустар;
5. туристік операторлар мен туристік агенттер;
6. үшінші жаққа залал келтіру қаупімен байланысты қызмет ететін
обектілердің иелерін.
Ерікті сақтандыру формасына:
1. қайғылы оқиға және аурулардан;
2. медициналық;
3. автомобиль көліктерін;
4. теміржол көліктерін;
5. әуе көлігін;
6. су көлігін;
7. жүкті;
8. мүлікті;
9. кәсіпкерлік тәуекелден;
10. теміржол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
11. әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
12. су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
13. келісім-шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
14. зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
15. өз еңбек міндеттерін орындағанда жұмысшының өмірі мен
денсаулығына келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін;
16. мұнай операцияларын;
17. құрылыс-монтаждық жұмыстарды;
18. шетелге шығатын жеке тұлғаларды қайғылы оқиғалар мен медициналық
шығындардан.

Сапа жүйесі

Бай қаржылық негізге ие болып, Компания қазақстандық және шетел сақтандыру
компанияларына пропорционалды және пропорционалды емес қайта сақтандыру
шарттарында сенімді қайта сақтандыру қорғанысын ұсынады. Мұнда “Евразия”
СК” АҚ-ында тәуекелдерді қайта сақтандырудың мынадай ерекшеліктері бар:
тұрақты қаржылық жағдай мен өзінің ұстап қалуының жоғары шектеулері;
ұсыныстарды қарастыру мен шығындарды төлеудгі оперативтілік;
әлемдегі көшбасшы қайта сақтандырушаларда кез-келген келісім-шартты тез әрі
сенімді қайта сақтандыруға мүмкіндік беретін, қайта сақтандырудың икемді
механизмдері;
біздің жағымыздан болтын жауапты ұсыныстарда көрініс табатын, қарым-
қатынастардың өзара тиімділігі.
Компанияның серіктестері әлемдік қайта сақтандырушы ұйымдардың 25-нен 20-сы
және 10-нан астам дүниежүзіне танымал сақтандыру брокерлері болып табылады.

1. 1 Бизнес-процестерін басқару бөлімі

“Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік қоғамындағы PR – қызметі
Бизнес процестерін басқару бөлімінің құрамына енеді.
Бұл бөлім басқару процедураларының жүзеге асырылуы мен құрастырылуына
жауапты.
✓ Басқару бөлімі (бұдан кейін – Басқару) ағымдағы және
келешектегі бәсекелес және экономикалық ортаны, Қазақстан
Республикасының нормативті құқықтық құжаттарын, Компания
капиталының қажетті қосымша мөлшерін және Компания капиталын
қаржыландырудың жаңа ұзақ мерзімді қайнар көздеріне қол жетуін
есепке алып Жылдық бюджеттер мен стратегиялық жоспарларды
құрастырады.
✓ Басқару жеке капиталының және жаңа сақтандыру (қайта
сақтандыру) өнімдері мен қызметтерін жоспарлы енгізумен
байланысты мүмкін тәуекелдердің динамикасының талдауын міндетті
түрде өткізеді.
✓ Басқару Компанияның андеррайтинг, төтенше жағдай тәуекеліне
және техникалық резервтердің азаюы тәуекелінің мүмкін болуына
мониторинг өткізеді.
✓ Басқаруішкі және сыртқы экономикалық факторларды анықтап,
талдайды, оның Компанияның қаржылық көрсеткіштеріне ықпал етуін
бағалайды.
✓ Компанияда тұрақты түрде Басқару бөлімінң жиналыстраы
өткізіледі, мұнда келесідей мәселелер қарастырылады және
талданады:
1. Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен анықталатын
оперативті, қаржылық, стратегиялық және басқа да
тәуекелдерді қарау;
2. анықталған тәуекелдерді бағалау мен талдау;
3. әрбір жеке тәуекелді басқару әдістерін жасау.
Басқару отырыстарының нәтижелері Директорлар Кеңесінің мәліметіне дейін
жеткізіледі.
Басқару бөліміне қарасты PR – менеджердің қызметіне келесідей жұмыстар
қарасты:
✓ Жалпы PR – саясатын анықтау. PR – менеджер басқарушыларға
Компанияның жұртшылықпен байланыс саласындағы жүргізілетін
саясаттың негізгі концепциясын ұсынады, жалпы мәселелер бойынша
шешім қабылдауға қатысып өз пікірін білдіреді, белгілі бір
жағдайға сәйкес Компанияға PR – позицияны тауып әрі соны алуға
көмектеседі.
✓ Компанияның жариялуларын дайындау мен білдіру.
✓ Компания үшін паблисити ұйымдастру. PR – менеджер Компания
қызметі туралы мәліметтер құрастырып, оны ақпарат құралдарында
орналастырады, тілшілердің сұрақтарына жауап береді, Компания
туралы және оның жеке бөлімшелері туралы жарнамалық матералдарды
дайындайды және орналастырады.
✓ Клиенттермен, акционерлермен, серіктес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Евразия Сақтандыру компаниясының стратегиясы
Сақтандыру компанияларының саны
Қаржылық сақтандыру ұйымының дамуы
Автокөлікті сақтандыру туралы
Өмірді сақтандыру нарығы
Сақтандырудың экономикасы
Сақтандыру ісін ұйымдастыру
Қазақстандағы сақтандыру нарығы
Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жағдайын талдау
Пәндер