Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының ерекшеліктері



Жоспар
І. Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім.

1 БӨЛІМ. Дауыспен жұмыстың теориялық негізі
1.1. Дауыстың негізгі сипаттамасы
1.2. Дауыстың физиологиялық негізі
1.3. Қалыпты жағдайда дауыстың дамуы. Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының дамуы.

2 БӨЛІМ.Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының ерекшеліктері
2.1. Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысы
2.2. Бала.бақшада жүргізілетін дауыспен жұмыс

ІҮ.Әдебиеттер тізімі.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысымен жұмыс

Жоспар

І. Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім.

1 БӨЛІМ. Дауыспен жұмыстың теориялық негізі
1.1. Дауыстың негізгі сипаттамасы
1.2. Дауыстың физиологиялық негізі
1.3. Қалыпты жағдайда дауыстың дамуы. Есту қабілеті зақымдалған балалардың
дауысының дамуы.

2 БӨЛІМ.Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының ерекшеліктері
2.1. Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысы
2.2. Бала-бақшада жүргізілетін дауыспен жұмыс

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ІҮ.Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Нашар еститін және естімейтін балалардың ауызша сөйлеу тілінде
дауыспен жұмыс ең негізгі бөлім болып табылады. Дауыс төңірегіндегі даулар
мен оның қалыптасу мәселесін көптеген ғалымдар қарастырған. Олар:
лингвисттер, психолингвисттер, логопедтер,фониаторлар, сурдопедагогтар. Осы
тұста мына ғалымдардың жұмыстарын атап өтуге болады: Алмазова Е.С, Вильсон
Д, Дмитриева Л.Б, Ермакова И. И, Жинкина Н.И, Ларова Е.В, Максимова И.А,
Митринович-Моджеевска А, Правдина О.В, Рау Ф.Ф, Таптапова С.Л, Телеляева
Л.М. Хватцаева М.Е. Бұл ғалымдардың жұмыстарында дауыстың дамуы және
қалыптасуының теориялық және практикалық көптеген мәселелері қарастырылған.
Ауызша сөйлем, темп, бірігу, әуен, сөздік немесе логикалық екпін секілді
дауыс сипаттамалары дауыстың сапасы мен дауысты игере білуде көп әсер
етеді. Дауыс ауызша сөйлеу тілінің нақтылығын, дұрыс мәнерін, интонациясын
анықтайды.
Есту қабілеті зақымдалған балалар үшін нормаға жақын дауысты
қалыптастыру, яғни дұрыс күштегі, биіктігі дауыстар, ырғақтың өрескел
бұзылысынсыз дауыс қалыптастыру ең қиыны мәселесі болып табылады. Мұл
мәселені дауыс сапасына қатысты жүргізілетін арнайы жұмыссыз шешу мүмкін
емес. Мектеп жасына дейінгі кезең балалар дауысының дамуының сентитивті
кезеңі болып табылады. Дауысты қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жүйелі
түрдегі толыққанды жұмыстар есту қабілеті зақымдалған балалардың мектепке
дейінгі мекемелерінде жүргізілуі тиіс. Естімейтін мектеп жасына дейінгі
балалардың дауысына қатысты жүргізілетін жұмыстардығы арнайы әдістердің
жоқтығы балаларда сөздік біліктің қалыптасуының төменгі деңгейімен
сипатталады. Осы зерттеу жұмыстың негізгі өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына
дейінгі балалардың дауысымен жүргізілетін жұмыстарды талдау.
Мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының келесідей міндеттері анықталды:
1. Дауыстың және дауыс шығару механизмдерінің негізгі сипаттарын
анықтау.
2. Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының дамуы мен дауыс дамуы
ерекшеліктері жайлы білімдерді жинастыру.
3. Есту қабілеті зақымдалған балалардың өзіне тән дауыс ерекшеліктерін
бөліп көрсету.
4. Нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың дауыс жағдайын зерттеу.
5. Нашар еститіндерге арналған бала-бақшадағы балалардың дауысымен
жүргізілетін жұмыстарды сараптау.
6. Дауыспен жүргізілетін жұмыстардың әдістемелік ұсыныстарын анықтау.
Зерттеу жұмысының объектісі ауызша сөйлеудің ерекше компоненті ретінде
орын алатын дауыс болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні ретінде есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына
дейінгі балалардың дауысымен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері
анықталды.
Зерттеу жұмысының келесідей әдістерін қолдану ұсынылады:
I. Ғылыми әдебиеттер негізін зерттеу әдісі.
Жалпы және арнайы психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық және
медициналық жұмыстарды талдау.
II. Ұйымдастырылған әдістер.
1. Балалардың есту қабілетінің жағдайын анықтау.
2. Сөздік даму деңгейін зерттеу.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың дауысын зерттеу.
III. Эмпирикалық әдістер.
1. Сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта балалардың сөйлеуін бақылау.
2. Балалардың анемнестикалық мәліметтерін сараптау.
3. Анықтаушы эксперимент есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі
балалардың дауысының жағдайын зерттеу әдісі болып табылады.

1 БӨЛІМ. ДАУЫСПЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Дауыстың негізгі сипаттамасы.
О.В. Правдина атап көрсеткендей, адамға тән дауыс ұғымына жаңа
туылған сәбидің рефлекстік айғайынан бастап атақты әнші немесе шешеннің
қалыптасқан дауысына дейінгі адам баласының бойынан шығатын кез келген
дыбыстар жатады екен (27, 60 бет).
Ең қарапайым дауыстар шыңғыру, айғай, күлкі, жөтелдің дыбысы секілді
адам бойындағы реакцияларда орын алады. Дауыстың мейлінше даму аймағы
сөйлеу мен ән айтуда байқалады. Адами дауыс өзінің әртүрлі тербелістеріне
байланысты кез келген кезеңдегі адамға тән әртүрлі эмоционалды көңіл-күйді
көрсете алады.
Е.В. Лаврова дауыс туралы өз анықтамасын береді. Дауыс – бұл жылтыр
дауыс бүрмелерінің өзгеруі нәтижесінд пайда болатын өз сипаты жағынан
әртүрлі болып келетін дыбыстардың жиынтығы (17, 197 бет). Біздің
көзқарасымыз бойынша бұл анықтама дауыс түсінігін толық ашады, өйткені ол
дауыс дыбыстарының физикалық құрылмын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл
өте маңызды, себебі дыбыстың акустикалық сипаттамасын білу дауыстың
керекті сапасын мақсатты түрде өзгертуге мүмкіндік береді. Дауыс дыбысы
түсінігін анықтауға кірісейік.
Л.М. Телеляева көрсеткендей, дауыс дыбысы - бұл жиырылғыш және
ажыратқыш толқын түрінде таралатын ауа бөліктерінің өзгеруі (9, 24 бет).
Мұндай толқындардың пайда болуының негізгі көзі адамдағы дауыс бүрмелері
болып табылады. Адам дауысының барлық әртүрлі дыбыстары дыбыстың уақытқа
сай тек үш негізгі акустикалық өлшемдерінің өзгеруі нәтижесі болып
табылады. Ол үш негізі акустикалық өлшемдер мыналар: өзгеру жиілігі мен
олардың амплитудасы және дыбыстың күрделі құрамы, оның спекрлары -
сәйкесінше дыбыс биіктігі, күші және ырғағы.
Міне, дәл осы дауыстың үш сипаттамасы негізгі ретінде көптеген
зерттеушілердің еңбектерінде бөлініп көрсетілген. Ол зерттеушілер: Л.В.
Неймон, О.В. Правдина, С.Л. Таптапова, Е.В. Лаврова.
Алайда, көптеген авторлар дауыстың күші, биіктігі және ырғағынан
басқа өзге де дауысқа тән сипаттамаларды бөліп көрсеткен. Мысалы, О.В.
Правдина, Ф.А. Ивановская айтылу ұзақтығы сияқты дыбысқа тән құрылымды
анықтаған.
Г.Ф. Назарова дыбыс сипаттамасына дыбыс диапазонын, яғни дауыстың
шығаратын тонының санын да қосқан.
Е.В. Лаврова, Д. Вильсон өзге де негізгі сипаттамалармен қатар
резонансты да қарастырған. Сонымен қатар, Е.В. Лаврова негізгі назарды бас
және кеуде резонансына аударса, ал Д. Вильсон мұрын және ауыз
резонансының сәйкестігіне назар аударған.
Жоғарыда айтылып өткен зерттеушілердің мәліметтеріне сүйене
отырып,зерттеу жұмысында дыбыстың күш, биіктік, ырғақ, резононс сияқты
сипаттамаларына назар аударылады, өйткені олар дауыстың дыбысталуының
сапасын анықтаушы құрылым болым табылады.
Дыбыс биіктігі – бұл есту мүшесінің тербелиелі қозғалыстардың жиілігін
субъективті қабылдануы. Ауаның кезеңдік тербелісі жиі қайталанған сайын,
біз дыбысты мейлінше жоғары қабылдаймыз. Дыбыстың биіктік сапасы 1 секунд
ішіндегі дауыс бүрмелерінің тербеліс қозғалыстарының жиілігіне байланысты
болады. Олар өздерінің өзгері процесі барысында қанша қабысу мен ашылуды
жүзеге асырса және жиырылған бүрме астынан ауаның қанша көлемін жіберсе,
пайда болған дыбыстың жиілігі, яғни тонның биіктігі де соншалықты болады.
Негізгі тонның жиілігі Герцпен өлшенеді және кәдімгі сөйлеу тілінде
ерлерде - 85 пен 200 Гц аралығында, ал әйелдерде – 160-тан 340 Гц-қа дейін
өзгеріп отырады. Тонның биіктігі (оның өзгеруі) сөздің анықтылығын
айқындайды және адамдардың сөздік қарым-қатынасы барысындағы мағыналық және
эмоционалдық ақпараттарды берудің маңызды құралы болып табылады (26, 49
бет).
Дауыс дыбысының күші деп тербелмелі қозғалыстардың көтерілуінің
субъективті құбылысын, оның амплитудасын айтады. Тербелмелі қозғалыстардың
амплитудасы көп болған сайын, дауыс та соғұрлым күштірек естіледі. Дауыс
дыбысының күші мен оның биіктігі дауыс жолына беріледі және бүрме асты
қысымның артуымен өсе түседі (9, 26 бет).
Дауыс саңылаулары арқылы ауаның мейлінше көп бөлігі өтсе, соғұрлым
олар алып келетін энергия да арта түседі және ауа бөліктерінің өзгеру
амплитудасы да жоғарылайды, осыған сәйкес олардың құлақ дабырына жасайтын
қысымы да күштірек болады. Тек бүрме асты аймақтардағы қысымның аз ғана
бөлігі дыбысқа ауысады. Көмей бұлшықетттері өзге де дыбыс шығаратын
мүшелердің бұлшықеттері секілді бүрме асты қысымның артуына септігін
тигізеді, яғни көмекейде пайда болатын дыбыстардың энергиясын ауа өтетін
мүшелер бұлшықеттерінің және көмей бұлшықеттерінің нәтижесі болып табылады.

Р. Юссонның көрсетуі бойынша, тек 110 – 150 дыбыстық энергия
көмейде түзіліп, ауыз қуысынан шығады екен, ал қалған бөліктері бастың,
мойын мен кеуденің бұлшықет дірілін тудырады (9, 27 бет). Яғни дауыс
аппаратының пайдалы әсер ету коффиценті өте аз және дауыспен жұмыс жасаған
кезде оны жоғарылатын механизмдерді негізге алу керек; бұлшықеттер
энергиясының мейлінше аз жоғалуы кезінде осындай дауыс құрылымын өңдеу
арқылы жақсы акустикалық эффектіге жетуге болады.
Дыбыстың ырғағы мен бояуы дауыс сапасының маңызды сипаттамасы болып
табылады. Ол күрделі дыбыстардың акустикалық құрамын көрсетеді және
тербелістің жиілігі мен күшіне тәуелді болып келеді. Күрделі дыбыста оның
естілу жоғарылығын және бөлшектік дыбыстарын немесе күрделі дыбыстардың
сипаттамасын көрсететін естілу жалпы санының үніне негізделген негізгі
үнді бөліп көрсетеді.
Дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылысының (обертон)
жиілігі дауыстың негізгі үнінің жиілігіне қарағанда негізінен 2,3,4 және
одан да көбірек арта түседі. Дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша
дауыс құбылысының пайда болуы себебі дауыс бүометері негізгі үн шығара
отырып тек өз ұзындығы бойымен ғана өзгермейді, сонымен қатар бөлек
бөліктерімен де өзгеріске түсетіндігімен тығыз байланысты. Бөл бөлек үндер
ырғақты анықтайтын тербілістің жалпы формасын көрсетеді, сонымен қатар
ырғақ жалғалмалы түтікшенің жағадйынан да өзгеруі мүмкін. Әрбір сөздік
дыбыстың ырғағы кез келген дыбысқа тән физиологиялық орналасуына тәуелді
болып табылады. Әрбір адамның дауыс бояуы жалпы дауыс аппаратының құрылуы
мен қалыптасуына байланысты. Сол себептен, дыбыстағы жекеше бояу дауыс
бүрмелерінің жеке бөліктерінің өзгеріске ұшырау нәтижесінде пайда болған
дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылысы беріп отырғаннан
кейін жұмыс істейді. Әртүрлі дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша
дауыс құбылысының күшеюі резонанс (жаңғырық) құбылысының салдарынан
болады, яғни резонанс дауыс ырғағына маңызды әсер етеді деген мағынаны
білдіреді (17, 62 бет).
Резонанс - сыртқы күштер тербелісінің жиілігі мен жүйенің өзіндік
тербелісінің жиілігінің сәйкестігінен пайда болатын тербеліс амплитудасының
қарқынды өсуі. Акустикада резонатор ұғымы ретінде сыртқы жолы бар берік
қабырғаға бекітілген кез келген ауа көлемі түсіндіріледі (9, 30 бет).
Адамның дауыс аппаратында – трахея және бронхы, көмей, жұтқыншақ,
ауыз, аңқа (жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жері), мұрын және мұрын
айналасының қойнаулар қуысы сияқты резонанс құбылыстары дами алатын
көптеген қуыстар мен түтіктер бар.
Л.Б. Дмитриев, Л.М. Телеляева осы қуыстардың бірі (мысалы, мұрын
айналасындағы қойнаулар және мұрын аймығының формасы мен өлшемі бойынша
өзгермейді, осыған сәйкес сол бір ғана дауыс үндестігіне жаңа өң беретін
қосымша дауыс құбылысты күшейте береді, дауыста әркезде де болатын
дыбысшаларды әрқашан өзгертеді, олар кез келген өзге бір ғана дауыс
үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылыстар үшін арнайы бейімделе
алмайды. Ал өзгелері өз формасы мен өлшемін тез өзгертеді (жұтқыншақ, ауыз
қуысы) және арнайы тонның топтарын арттыра отырып, шығыс ырғағын өзгерту
үшін қолданылуы мүмкін.
Е.В. Лаврова негізгі екі резонаторға назар аударады: бас және кеуде
резонансы. Бас бөлігіне таңдай дөңесінен жоғарғы, бастың бет бөлігінде
орналасқан қуыстар жатады. Бұл резонансты қолданғанда дауыс ашық әрі анық
сипатқа ие болады, бастың беттік бөлімінде діріл пайда болады.
Кеуде резонансында кеуде клеткаларының (жасуша) дірілі анық байқалады.
Бұл жерде резонаторлар ретінде трахея және үлкен бронхылар қызмет атқарады.
Кеуде резонансы кезінде дауыс анық, ырғақ жұмсақ болады. Жақсы,
толыққанды дауыс бас және кеуде резонаторлары көмегімен бір уақытта
айтылады.
Дыбыстың бас және кеуде бөліктерде резонаторлық күйге түсу құбылысынан
дауыс тіркелімдері бастық, кеуделік және аралас (микст) деген атауға ие
болады.
Бас тіркелім өз құрамына жоғарғы дыбыстарды кіргізеді. Ол өз
кезегінде дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылыстың
жоқтығымен немесе аздығымен ерекшеленеді. Бас тіркелімнің өзіне тән кәдімгі
үлгісі өте биік, шіңкілдеген дауыс болып табылады.
Кеуде тіркелімі дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс
құбылысына бай. Оларға дауыстың төменгі тондары жатады.
Ал миксті тіркелімге дауыстың орта тондары жатса, аралас тіркелімге
бас және кеуде резонанстары тән және осындай дауысты сөз сөйлеу барысында
мейлінше тиімді әрі жағымды деп санауға болады.
Өзара байланысты резонастардың жүйесі (көмей, жұтқыншақ, ауыз қуысы)
өзінің бойында дыбыс энергиясын жинау арқылы резонаттап ғана қоймай,
сонымен қатар өзгере отырып жұмыс жасап тұрған дауыс бүрмелеріне анық бір
жоғарыдан қарсылықты тудырады. Бұл қарсылық (тосқауыл) импенданс деп
аталады. Л.Б. Дмитриев, Л.М. Телеляева, С.П. Таптапова, Е.В. Лаврова
дауыыс аппаратының функциясы үшін жасалған оптималды жағдай бүрме асты ауа
көлеміне бүрме асты аймақтардың анықталған қарсылығын тудыруға мүмкіндік
жасайтындығын көрсеткен. Ал ол бүрме асты ауа тербелмелі дауыс бүрмелері
арқылы өтеді, себебі бұл жағдайда дауыс бұлшықеттері дауысты үлкен күшпен
шығара отырып үлкен энергия қорын жолғалтатын тербелісті қимыл-қозғалыстар
жасайды. Сол себептен, дауыстың қойылуын жалғалмалы түтікше, дауыс
бүрмелерінің бұлшықеттерінің жиырылуы және бүрме асты қысымдардың
ұлғаюымен арада болатын дұрыс өзара байланысты табу процесі ретінде
қарастыру керек.
Қорыта келгенде, дауыс түсінігі өзінің негізгі құрылымына мынадай
ұғымдарды ендіреді: күш, биіктік, ырақ, резонанс. Көрсетілген құрылымдардың
үйлестірілген және күрделі тербелісі дауыстың дыбысталуының көптеген
түрлерін пайда болдырады және ауызша сөздердің интонация мен анықтылығының
байытылған түрімен қамтамасыз етеді.

2. Дауыстың пайда болуының физиологиялық негіздері

Толықтай және сөздік қарым-қатынас үшін пайдаға жарамды дауыс
қалыптастыру үшін дауыс аппаратының барлық бөліктерінің өзара байланыста
жұмыс істеуі қажет. Сол себепті дауыспен жұмыс жұмыс жасағанда
физиологиялық негізді бөліп алу маңызды болып табылады. Дауыс аппаратының
құрылуы мен функциясын және дауыстың пайда болу механизмін әртүрлі
ғылымдар саласындағы ғалымдар қарастырған. Олар: Н.И. Жинкин, Л.Р.
Зиндер, А. Митринович-Моджеевска, Л.В. Нейман, О.В. Правдина, Ф.Ф. Рау,
С.Л. Таптапова және тағы басқалар.
Ең алдымен, дауыс аппаратының қалыптасуына назар аударайық. Дауыс
аппараты дауыстың пайда болуы процесінде үлкен үлесін қосатын мүшелер мен
жүйелердің жиынтығы болып табылады.
Негізінен логопедия ғылымында дауыс аппаратының үш негізгі бөліктерін
бөліп көрсетуге болады. Олар: дауыс желбезегінен тұратын көмей-дауыс
генераторы; жалғалмалы резонаторлы бөлім-жұтқыншақ, мұрын және ауыз қуысы;
тыныс алу (энергетикалық) аппарат-трахея, бронхы, өкпе жолдары, диафрагма.
Алайда, кейбір авторлар (Л.Б. Дмитриев, Л.М: Телеляева) төртінші бөлімін де
бөліп көрсеткен. Ол – артикуляциялық аппарат. Оның құрамына ауыз қуысы,
тістер, ерін, қатты және жұмсақ таңдай кіреді.
Дауыс аппараты – барлық функциялары өзара байланысты және бас миының
қыртысы арқылы реттелетін күрделі жүйе. Дауыс аппаратының негізгі бөлігі
болып табылатын дауыс желбезектері көмейде орналасқан. Көмей жоғарғы
жағында жұтқыншақпен шектелсе, ал төменгі жағынан трахеямен шектеледі
және бірнеше шеміршектен тұратын конусты формаға ұқсаса түтікше тәрізді
денені құрайды. Жұтқыншақ қабырғасы жүзік тәрізді, қалқанша, көмей және
бас сүйектік шеміршектен тұрады. Олар өз арасында желбезектер және
бұлшықеттермен байланыстырылған. Сыртқы бұлшықеттер көмейді дененің өзге де
бөліктерімен байланыстырады, олар он көтеріп және түсіріп тұрады. Ішкі
бұлшықеттер өзінің жиырылуы арқылы кез келген көмей шеміршегін қозғалысқа
келтіреді. Көмейдің жоғарғы бөлігінде дауыс бүрмелерінің екі жұбы бар.
Төмендегілері нағыз дауыс бүрмелері деген атауға ие, олар үшбұрышты
формада болып келеді және бұлшықет ұлпаларынан тұрады. Олардан жоғарырақ
алдамшы дауыс бүрмелері болады және оларда бұлшықет талшықтары баяу
дамыған. Дауыс желбезектері арасындағы аймақ дауыс тесігі деп аталады.
Бірқалыпты тыныс алған кезде көмейдің барлық бұлшықеттері босаңсып қалады,
дауыс желбезектері барынша жайылған күйге енеді. Қатты және күшті
қарқынмен тыныс алған кезде дауыс желбезектері ажырайды және ауа өту үшін
үлкен саңылау пайда болады, дауыс тесіктері үшбұрышты форманы құрайды.
Фонация (сөйлеу мүшелерінің қызметі нәтижесінде тіл дыбыстарының
айтылуы) кезінде дауыс желбезектері жақындай түседі және дауыс тесіктерінің
көріну аймағы жоғалып кетеді, бірақ ол толық жабылып қалмауы керек, ал
ондай жағдайда көмейдің ішкі бұлшықеттерінің жиырылуы байқалады.
Көмейдің иннервациясы симпатикалық жүйке мен жоғарғы және төменгі
көмейлік нервтердің шатасқан жүйкесінің екі талшығы арқылы жүзеге асады.
Жоғарғы көмейлік жүйке ішкі және сыртқы екі талшықтан тұрады. Ішкі талшық
мейлінше мықты, ол сезімтал жүйке болып табылады. Сыртқы жүйке қозғалтқыш
жүйке болып табылады. Төменгі көмейлік жүйке қозғалтқыш талшықтар арқылы
көмейдің барлық ішкі бұлшықеттерін жабдықтайды.
Дауыс аппарытының функциялануы және функцияның сараптамасын қарастыру
бөліміне көшейік.
Көмей 3 түрлі функцияны атқарады: тыныс алу, қорғаныс және дауыстық.
Тыныс алу функциясына өкпеге ауаны өткізу процесі жатады. Осы кезде
дауыс желбезектері тесік жасай отырып жайыла түседі.
Қорғаныс функциясы бөтен денелердің төменде орналасқан тыныс алу
мүшелеріне өтіп кетпейін қадағалап, оған жол бермеу қызметін атқарады.
Көмейдің дауыс функциясына, яғни пайда болудың тікелей механизміне
қатысты мәселеге келер болсақ, бұл өте күрделі мәселе болып табылады. Сол
себепті де осы уақытқа дайін бұл мәселе толығымен зерттелмеген.
XIX ғасырдың орта шегінен бастап зерттеудің физиологиялық және
акустикалық әдістерінің дамуымен байланысты дауыстың пайда болуы
механизмін ғылыми негіздеу мүмкін болды және көптеген ғалымдар осы мәселе
төңірегінде сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Бұл мәселені өз уақытысында зерттеп, фонацияның миоэластикалық
теориясын ойлап тапқан және негізін қалаған Ферранды атауға болады (22, 21
бет). Осы теорияға сәйкес дауыыс бүрмелері баяу әрі пассивті өзгерістерге
ұшырайды, бұл энергетикалық аппараттардың көмегімен жасалған ауа токтарының
жиналған жағалауы арасынан өту нәтижесінде болады және олардың тербеліс
жиілігі дауыс бүрмелерінің ұлпаларының мықты эластикалық құрылымына
тәуелді болып табылады.
Осыған сәйкес, дауыстың пайда болуының негізгі факторлары мыналар
болып табылады:
1) ауаның желбезек асты қысымы;
2) көмейдің ішкі бұлшықеттерінің күш-қуаты (массалардың әрекеті
мен дауыс бұлшықеттерінің таралуы).
Дауыс пайда болу кезінде жиырылған дауыс бүрмелері, олардың
бұлшықеттерінің қысылуы және бүрме асты қысымдар арасында мынадай тығыз
өзара әрекеттестік орнайды: трахеядағы ауа қысымы күшті болған сайын,
бүрмелер соғұрлым қарсылық көрсетеді. Тыныс алу бұлшықеттерінің күрделі
жүйесі кез келген дыбысты шығаруға қажетті ауа қысымын қажетті деңгейде
рефлекторлы түрде қолдап тұрады. Дауыс бүрмелері ауа қысымының
ауқымдылығына толықтай тәуелді емес, олар өздерінің белсенді әрекеттері
арқылы орталық жүйке жүйесі жағынан болатын тоқтаусыз қадағалау кезіндегі
тыныс алу мүшелерінің бұлшықеттердің қуат-күшін реттеп отырады. Бүрме асты
қысымның ауқымын өзгерту қажеттігі туындағаннан кейін, бас миының
қыртысы көмейдің ішкі бұлшықеттерін және дауыс бүрмелері бұлшықеттерінің
куат-күшін өзгерте отырып, дауыс бүрмелерінің тербеліс жиілігін жоғарлата
немесе төмендете отырып аяқ асты жылдам шешімдер қабылдайды. Бұл процесс
дауыс анализаторының қатысуы көмегімен кері байланыс принципі арқылы
күрделі рефлекторлық жолмен реттеліп отырады.
Дауыс пайда болуының миоэластикалық теориясы кең таралыста болғандығын
ескерте кеткен жөн. Бұл теорияның идеясын көптеген зерттеушілер қолдаған
және келісімге де келген. Қазіргі күнге дейін оның дәлелі ретіндегі
айғақтарды Н.И. Жинкиннің, Л.Б. Дмитриевтің, С.Л. Таптапованың, Е.С.
Алмазованың және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінен көруге болады.
XX ғасырдың орта шегінде нейрохронаксикалық теория таралды. Дауыс
пайда болуының физиологиясын зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып оның
негізін француз ғалымы Р. Юссон қалады. Бұл теорияны жақтаушылар дауыс
бүрмелеріне мейлінше тәуелсіз рөлді берген.
Нейрохронаксикалық теорияға сәйкес дауыс бүрмелері ауа легінің
әсерінен пассивті түрде тербеліске ұшырамайды, керісінше төменгі көмейлік
жүйке арқылы бас ми қыртысынан келіп түсетін жүйке импульстерінің әсерінен
жиырылады және босатылады. Эксперименталды мәліметтерге сүйене отырып
авторлар дауыс бүрмелерінің бұлшықеттерінің жиырылуы белсенді процесс
екендігін анықтаған. Төменгі көмейлік жүйке арқылы дауыс бұлшықетіне
баратын жүйке импульстерінің жиілігі дауыыс бүрмелерінің тербеліс жиілігіне
тең, яғни адам дауысының негізгі ырғағының жиілігіне дәлме-дәл сәйкес
келеді.
Сол себептен, шығыс кезінде түзілетін ауалық тізбектер дауыс
бүрмелерінің тербелмелі қозғалыстарының қозғалмалы күштері емес, энергия
генерацияланатын дыбыс материалы болып табылады.
Юссонның теориясы көптеген қарсы пікірлерге ұшырады және көптеген
ғалымдардың ойынан шықпады. Алайда, бұл теория ғылымда өзге де
миоэластикалық ілімдермен қатар әлі де қолданыта бар. Л.Б. Дмитриев, Н.И.
Жинкин, Е.Д. Рудаков, В.П. Морозов сияқты авторлар дауыстың пайда болу
механизмін екі теория, яғни миоэластикалық және нейрохронактикалық
теориялардың жағдайын біле отырып түсіндіру керек деп санаған.
Айтылу процесі кезінде дауыс пен сөздік демнің өзара әрекеттестігі
және өзара әсер етуін жұмыстың ары қарай жалғасын ретінде қарастыру тиімді
болып табылады.
Келесілерге тоқталайық: өкпе мен бронхыдан қысымның күші арқылы
ығыстырылған ауа өз жолында қабысқан және ауыр дауыс бүрмелерінің
қарсыласу түрінде кездесу нәтижесінде дауыс пайда болады. Сыртқа шығатын
ауа тізбегі олардың дірілін тударыды, осының нәтижесінде дыбыс пайда
болады. Бұл дыбыс дыбыс шығаратын жалғалмалы түтішеге өтеді, ол жерде жеке
күш пен ырғаққа ие болады. Дауыстың пайда болуы туралы дәл осындай
түсінікті біз оқыған әдебиеттердің авторлары берген (Л.В. Нейман, О.В.
Правдина, С.Л. Таптапова, Г.Ф. Назарова).
Жоғарыдағы айтылғандардан шығатын қорытынды, дауыстың пайда болуы
тыныс алуымен мейлінше тығыз байланыста болады. Сол себептен Л.В. Нейман,
О.В. Правдина, С.Л. Таптапова, Л.М. Телеляева бөліп көрсеткен сөздік демнің
бірнеше ерекшеліктеріне толығырақ тоқталып кету керек. Бұл ерекшеліктер
дауыстың пайда болуының, сөздік дыбыстардың қалыптасуының, кез келген
сөздік абзацтың сөздік әуеннің негізі болып табыла тұрып сөздік дем
сөйлеу процесіне кіретіндігімен тығыз байланысты.
Сөз шығыс фазасында пайда болатындығы белгілі. Барлық зерттеушілердің
ең бірінші бөліп көрсететіні - ол шығыс және кіріс кезіндегі фазалардың
өзгеруі. Сөздік дем барысында шығыс мейлінше ұзара түседі, ал кіріс
керісінше мейлінше қысқа түрде болады.
Кәдімгі тыныс алу кезіне қарағанда сөйлеу барысында 3-4 есе көп ауа
қажет болады. Сол себепті тыныс алу кезінде ауа кірісі ауыз арқылы ішке
енеді.
Сөздік демнің келесі ерекшелігі дем шығару процесі дем шығару
бұлшықеттерінің қатысуымен жүзеге асатындығында болып табылады. Бұл терең
дем шығаруды және ауалық тізбектің керекті қысымымен қамтамасыз етеді.
Дауыс үшін дем тірегі ерекше орынға ие, осының арқасында дем
шығару ұзара түседі. А. Митринович-Моджеевска атап көрсеткендей, тірек –
дем шығару бұлшықеттерінің ретке келтірілетін қысымының арқасында
болатыншығыс фазасының саналы түрде баяулауы (23, 102бет).
Тыныс алуға қатысатын бұлшықеттер антагонист бұлшықеттер (дем алатын
бұлшықеттер дем алу біткеннен кейін жиырылып қалады, ал шығыс бұлшықеттері
керісінше бағытта әсерленеді) принципі бойынша жұмыс атқарады. Міне, осы
нәрсе дем тірегі деп аталады. Сол себептен, дем алу процесі ерікті болып
келеді. Ауаның тоқталуы байқалады да, содан соң ақырындап игеруге келетін
дем шығару болады.
О.В. Првдина дем шығарудың тек ғана ұзақтығын ғана емес, оның
жеңілдігі мен бір қалыптылығын да ерекше етіп көрсеткен.
Л.М. Телеляева дем алу өнері сөйлеу барысында ауаны үнемді түрде
жарату болып табылады, өйткені ауаның қажетті мөлшерінің болмауы дауыс
бүрмелерінің жұмысына кері әсерін тигізеді. Ішке алынатын демнің тізбегінің
бояу болуы осы бұлшықеттердің қысылуымен сипатталады, бұл олардың шаршауы
мен әлсіздігіне алып келеді, соның нәтижесінде дауыстың сапасы бірден
төмендеп кетеді.
Дауыстың сапасы үшін дем алудың типі үлкен маңызға ие. Дем алуды
жоғарғы, ортаңғы және төменгі қабырғалық дем деп бөлу түрлері қалыптасқан.
Сөйлеу үшін мейлінше тиімді әрі қолданбалысы төменгі қабырғалық тип болып
табылады, себебі диафрагманың (мейлінше күшті дем алу бұлшықеттері)
белсенді қатысуы дауыс аппаратымен жұмыс үшін ең ыңғайлы жағдай тудырады.
С.П. Таптапованың, Е.В.Лаврованың, Л.М.Телеляеваның жұмыстарында
дауыс үшін дыбыстардың шабуылы деп аталатын ұғым, яғни оның берілу тәсілі
үлкен мағынаға ие екендігі айтылған. Дауыс шабуылының мынадай үш түрін
бөліп көрсетуге болады: қатты, мықты және қырылдақ дауыссыз. Осыларды
сараптауға көз жүгіртейік.
Қатты шабуыл кезінде дауыс желбезектері дыбыс басталғанша қабысады,
содан соң дем шығару жүзеге асады. Жұтылған ауа әрең дегенде жабық дауыс
тесігі арқылы өтеді және дауыс желбезектерінің тербелісін тудырады.
Сонымен қатар, айтылу барысында ең алдымен дыбыс естіледі.
Қырылдақ дауыссыз шабуыл кезінде алдымен жеңл дыбыс шығады, содан
соң қабысады және желбезектер тербеле бастайды. Мұндай дауысты жеткізу
тәсілі кезінде айтылудың алғашқы сәтінде шуыл естіледі.
Жұмсақ шабуыл кезінде желбезектердің қабысу сәті мен дем шығарудың
басталуы сәйкес келеді. Жоғарыда атап өткендердің ішінде көптеген
қолданыста болатын және физиологиялық қырынан негізделген тип деп жұмсақ
шабуылды санауға болатындығын ғалымдар атап көрсеткен. Дауыс шығарудың бұл
тәсілі дауыстың естілу кезінде мейлінше тиімді болып табылады.
Дауыстың физиологиялық негізіне қатысты талданған әдебиеттердегі
мәліметтерді жалпылай отырып, дауыстың пайда болуының механизмі айтарлықтай
күрделі екендігін тағы да бір рет ескерте кеткен жөн. Дауыс аппаратының
әрбір бөлігі өзіндік ерекше рөлге ие. Дауыс желбезектері бар көмей
дыбыстың шығу түбірі болып табылады. Тыныс алу аппараты тізбегі дауыс
желбезектерін қозғалысқа келтіретін ауаны жеткізіп тұрады. Жалғалмалы
бөлім резонаторлық функциямен толықтырылады. Көмейде пайда болатын негізгі
дыбыс өз күші мен ырғағына келе отырып осы жерде қалыптасады. Дауыс
аппаратының артикуляциялық бөлігі дыбыстың соңғы түктесін қояды. Келе
жатқан ауа тізбегі осы жерде кедергілерге тап болады, осының нәтижесінде
дауысты және дауыссыз дыбыстар пайда болады.
Осылайша, толыққанды дауыс пайда болуы үшін бастағы ми қыртысының
көмегімен нақты реттелген дауыс аппараттарының барлық бөліктерінің өзара
байланысты жұмыстары өте маңызды екендігі белгілі болды.

1.3. Қалыпты жағдайда дауыстың дамуы.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының даму ерекшеліктері.

Дауыстың дамуы мәселесін қарастыра отырып қалыпты есту қабілетіндегі
балалардың дауысының дамуын тереңірек сараптап және есту қабілеті
зақымдалған балаларда дауыстың қалыптасу ерекшеліктерін анықтау маңызды
болып табылады, өйткені осының бәрін есту қабілеті зақымдалған және нашар
еститін балалармен жұмы процесі барысында негізге алу керек.
Өкінішке орай, дауыстың даму мәселесі (қалыпты жағдайда да, есту
қабілеті зақымдалған балаларда да) әдебиеттерде қажетті деңгейде орын
алмаған. Алайда, М.Е. Хватцевтің, С.С. Ляпидевскийдің, О.В. Правдинаның,
Е.В. Лаврованың зерттеулерінде нашар еститін балалардың дауысының даму
процесі туралы жалпы түсініктер берілген. Есту қабілеті зақымдалған
балалардың дауысының даму ерекшеліктері Д. Вильсонның, А. Митринович-
Моджеевсканың, Ф.Ф. Раудың еңбектерінде көрсетілген.
Е.В.Лаврова есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының дамуын
мынадай бірнеше кезеңдерге бөлген: мектепке дейінгі 6-7 жасқа дейін,
мутацияға дейінгі 6-7 жастан 13 жасқа дейін, мутациялық 13-15 жас және
мутациядан кейінгі 15-17 жас арасы. Зерттеу жұмыстың объектісі мектеп
жасына дейінгі балалар болғандықтан бірінше кезеңге тоқталайық.
Сәбиде кеуде резонаторы көлемі жағынан кішкентай ( сәбидің өкпе көлемі
үлкен емес) және әлсіз, сол себептен баланың тыныс алуы терең болмайды. Ол
өз механизмі жағынан физиологиялық тыныс алуға жақын келеді. Осылайша,
сәбиде жоғарғы резонатрдың үлесі арта түседі де, дауыс баст арқылы
дыбысталу күйіне енеді.
Кішкентай сәбидің көмейі үлкен адамның көмейімен салыстырғанда 2-2,5
есе кіші, ал дауыс желбезектері тек өз жақтаулары арқылы ғана тереліске
ұшырайды, өйткені дауыс желбезектері нашар дамыған. Дауыс желбезегінің
мұндай тербелісі шіңкілдеген дауысқа және қатты дауыс шабуылы
құбылыстарына тән, осының дәлелі ретінде сәбидің дүниеге келгендегі
алғашқы бір ай кезінде оның бойынан осындай құбылысты байқауға болады.
Сәбидің ең алғашқы дауыс реакциясы – аз дауысты дыбыстардын құралған
секілді рефлекторлық айғай болып табылады.
Екі ай өткеннен кейін сәби шығаратын дыбыстар оның өзіндік көңіл-
күйімен байланысты әртүрлі эмоционалды бояуға енеді. Осы кезде
қарсыластықты білдіретін айғайда қатты дауыс шабуылы пайда болады. Ыңылдау
мен ауызды жыбырлатып үн шығару кезінде дауыстың жұмсақ шабуылында
айтылатын нақты дауысты және дауыссыз дыбыстар көптеп қалыптасады.
Сөйлемдік автоматизмдердің қалыптасуы сәбидің дауысының пайда
болуының біртіндеп мейлінше жоғары деңгейге өткендігінен хабар береді.
Бұл кезеңде дыбыстар санының көптеген қорының пайда болуы мен ары
қарайғы бекітілуі байқалады. Сәби қатаң және ұяң дауыссыздар арасындағы
дифференцирияны мықтылай түседі.
Сөздік қор және дыбыстарды айту процесі дамыған сайын дауыс
реакциялары да қиындай түседі. Сәби өз дауысын игеруді үйренеді. Кішкентай
сәби жануарлардың, дабылдардың, қоңыраулардыңжәне тағы да басқа нәрселердің
дауысына еліктегенді ұнатады, алайда бұл оның дауысқа қатытысты
мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді.
Бөбек жасы және мектепке дейінгі жасында бала еліктеу арқылы
айналадағы сөздік, сонымен қатар сөз тіркестік екпіндерді де, сөздің
ырғағын тез игеріп кете алады. О.В. Правдина осы жасғы кезеңде музыкалық
есту қабілеті бар балалар негізінен естіген дыбысты керекті деңгейде
бере отырып ән айта бастайтындығын атап көрсеткен.
О.В. Правдина, М.Е. Хватцев, С.С. Ляпидевский кішкентай балалардың
келесідей дауыс ерекшеліктерін атап көрсеткен: дауыс негізінен жоғар, ұяң,
онда дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылыстар аз болады,
сол себепті де ырғақ баяу болады; 2-3 жастағы балаларда дауыс диапазоны
үш үннен артық болмайды. Дауыс күші үлкен емес. Сәбидің дауысы бірқалыпты
естілмейді: біресе айғайлы, біресе тыныш шығады; дауыстарды бөлгенде
дыбыстар қысылыңқы, айғайлы болады, ал мейлінше жоғарылары – шақылдақ
болады; сөйлемнің ырғағы мен модуляциясы біртекті және сонымен қатар,
өткір болып келеді.
Ары қарай, сәбидің дамуына байланысты оның дауысы да дами түседі.
Ырғақ пен модуляция баи түседі; 4-5 жастағы балаларда дауыс диапазондары 4
үннен артық болады, ал мектепке дейінгі жастың аяқталуы кезінде, негізінен
6 үнге дейін жетеді.
Баланың дамуысының дамуы мен өзгеріске ұшырауы барлық организмнің
өзгеруі мен өсуімен, соның ішінде оның дауыс аппараты мен орталық жүйке
жүйесімен тікелей байланысты.
Сонымен қатар, дауыстың дамуы артикулярлық және тыныс алу
аппараттының дамуымен үздіксіз байланысты, яғни дауыстың дамуы жалпы
сөздің дамуынан бөлінбес бөлшек болып табылады. Сөздің құрамына
жатпайтындар айғай, жөтел, күлкі сияқты дауыстардың тек элементарлы түрде
ғана көрінуімен сипатталады. Сөздің дамуында баланың қоршаған ортадан
сөзді қабылдайтын, оған еліктейтін, өз сөзін қадағалайтын есту қабілеті
сөздің дамуында алдыңғы рөлді атқаратындығы белгілі. Дәл осындай жорамалды
есту қабілетінің дауысқа әсері турасында айтуға болады. Тек жақсы есту
қабілеті бар кезде ғана дауыс өзінің толық дамуына ие бола алады.
Дауыс пен есту қабілеті арасындағы көрсетілген байланыстарды
үйлестіру үшін Е.С. Алмазова, О.В. Правдина, С.С. Ляпидевский, М.Е. Хватцев
және т.б. есту қабілеті бұзылған кездегі дауыста болатын күрделі әрі
көптүрлі өзгерістерді мысалға келтіеді.
ЕСту қабілеті зақымдалған және нашар еститін балалардың дауыстарының
ерекшеліктері туралы Д.Вильсонның, А.Митринович-Моджеевсканың, Ф.Ф.Раудың
еңбектерінде көрсетілген.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың ерте жаста сөзі мен дауысының
дамуы есту қабілеті жақсы дамыған еститін балалармен бірдей екендігі
туралы барлық авторлардың еңбектерінен көруге болады. Есту қабілеті
зақымдалған сәбилер еститін балалар секілді айғайды, ыңылдайды, әртүрлі
дыбыстар шығарады. Ары қарай олар шуылдайды және дыбыстар шығарады.
Дауыстық және артикулярлық аппараттардан шығаратын Кинестикалық және
дірілдік сезімдер есту қабілеті зақымдалған балаларда да, еститін балаларда
да жағымды эмоциялар тударады. Бұл, әрине дауысты-артикулярлық
реакцияларды қалыптастырады. Алайда, айналадағылардың сөздерін және өз
дауысының дыбыстарын естіп қабылдай алмауы саладарынан есту қабілеті
зақымдалған балалардың дыбыстарды жеткізуі есту қабілеті жетік дамыған
балалардың дауыс дамуымен сәйкес келмейтін болады.
Сөздің дамуында есту қабілеті алдыңғы ерекше рөлді атқарғаннан кезден
бастап есту қабілеті жақсы дамыған балаларда сөздік және дауыстық
белсенділік артады, сөзге ұқсас өзгерістердің саны ұлғая түседі, ал есту
қабілеті зақымдалған балаларда, керісінше, дауыс белсенділігі баяулайды
және ең қарапайым дауыс реакциялары қалып қалатындығы жайлы Ф.Ф. Рау, Д.
Вильсон және тағы басқа ғалымдар атап өткен. Бұл реакциялар айғай
түрінде, екпіндер, әртүрлі сипаттағы мүшеленбейтін дыбыстар түрінде
көрінеді.
Алайда, Ф.Ф. Рау ішкі себептермен пайда болған дауысты дыбыстану
құбылысына ерекше назар аударады, бұл құбылыстың есту қабілеті
зақымдалған балаларда бар екендігін В.И. Флери, С.Гайнике де атап өткен.
Ішкі себептермен пайда болған дауысты дыбыстану деп есту қабілеті
зақымдалған балалардың еркін іс-әрекеттерімен жалғастырылатын сөздерге
жақын дыбыстардың пайда болуын айтады. Есту қабілеті зақымдалған балалардың
шығаратын кейбір дыбыстық жиынтықтары қажеттіліктер мен армандарды
немесе тіпті заттарды көрсетіп білдіруге және сыртқы ортаның
құбылыстарын білдіруге септігін тигізеді. Ф.Ф.Раудың көрсетуі бойынша,
ішкі себептермен пайда болған дауысты дыбыстану бұдан былай
айналадағылардың сөздерінің әсеріне тәуелді болып табылмайды. Есту
қабілетін көрсетуде шектеулі мүмкіндітерге ие кішкентай есту қабілеті
зақымдалған балалар сөздік қозғалыстарда көру-бұлшықеттік бағытқа жақын
екен. Бұған дәлел ретінде ішкі себептермен пайда болған дауысты
дыбыстануда алдынғы дауыссыздардың игеруде байқалады.
А.Митронович-Моджеевска есту қабілеті зақымдалған шамамен 18 айлық
сәбиде екінші өмірлік сипатта көрінетін былдыр типтегі дауысты-
артикулярлық реакциялардың бар екендігін көрсеткен. Осы жерде Ф.Ф.Рау
сипаттап кеткен ішкі себептермен пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар дауысының ерекшеліктері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
Дауыс бұзылуының себептері туралы
OҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛ ЖӘНЕ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
Нашар еститін балалардың ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
Музыкалық қызмет түрлері
Балалар дауыстарының теориялық негіздері
Есту қабілеті зақымдалған балалардың бөтен адамды алғаш көрген кездегі эмоциялық әсері
Пәндер