Түркі тілдеріне байланысты зерттеулер



Жоспар.

1.Түркі тілі жазулары, зерттелуі.

2. М.Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігі» атты еңбегінің ғылыми мәні.

3. Шоқанның түркологияға қатысты еңбектері.

4. В.Томсен . түрколог ғалым. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Тіл және әдебиеті кафедрасы

Пән:Түркі филологиясына кіріспе

Бақылау жұмысы
Тақырыбы: Түркі тілдеріне байланысты зерттеулер

Мамандығы:5В020500-филология: қазақ тілі

Орындаған: Мирманова.А.Р. 11-322- 22 1ВПО

Тексерген: аға-оқытушы Құлабаев.Н.Ж.

Қостанай,2011ж.

Жоспар.

1.Түркі тілі жазулары, зерттелуі.

2. М.Қашқаридің Түркі тілдерінің сөздігі атты еңбегінің ғылыми мәні.

3. Шоқанның түркологияға қатысты еңбектері.

4. В.Томсен - түрколог ғалым.

Тіл- адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғаттағы барлық заттар мен құбылыстарға атау береді.Ұлттық таным мен ұлт тілінің бірлігі, байланысы осы арада тоғысады. Әрбір ұлт өкілдерінің парасат-пайымы, білім деңгейі, көзқарасы мен менталитеті, өзіндік дүниетанымы,болмысты тануы, игеруі тілде бейнеледі, тілде сақталады. Ата-бабадан мирасқа қалған ана тілі- адамдар арасындағы қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар көнеден келе жатқан тарихи танымды жеткізуші қызметін де атқарады.
Тілсіз рухани мәдениет те биікке жете алмайды, халықтың рухани күші-тілде. Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес. Өйткені Өнер алды- тіл (М. Қашқари). Демек, дүниенің кілті- тілде.Тілдің дамуы арқылы адам баласының дүниетанымы сатылы дамиды.Яғни, ата-баба білігі балаға тіл арқылы дамып,болмыстың қасиеті мен белгілері терең таныла түседі.Тілде ертедегі танымның ізі, ел жасаған парасат пен кісіліктің пайымы жатыр. Тіл- дыбыс таңба жүйесі ғана емес, тілдің сақталуы арқылы халықтың бүкіл ғұмырындағы таным-түсінігі ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Басқаша айтқанда, сөз жүйесі арқылы халықтың ойлау жүйесі, материалдық және рухани мәдениеті жетеді. Ғ.Мүсірепов Тілін білмеген түбін білмейді дейді. Тіл- ойдың ең басты қаруы.
Адам баласының табиғаттағы заттар мен құбылыстарды тануы тек тіл арқылы ғана жүзеге асады десек, осы ойды жеткізетін таңба-жазу. Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесай жазуы) -- V ғ. б.з.б. -- X ғ. б.з. Орта Азия түркі тайпалары қолданған жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енесей өзенінің жоғарғы ағысында (қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын).
Жазу әдісі
Алтын ғасыр кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағысы дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген.Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды.[1
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды Руна жазулары, яғни скандинавия тілдерінен алғанда құпия, сыры ашылмаған таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.
Б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы шаньюй (Моде шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде Сеңгір деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл - биік, асқақ, жоғары деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы Қазақ тілінде Сеңгір таулар, Заңғар көк сияқты тіркестерде кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі Хунну жазуы деп отырғаны осы жазу. Кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5 ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның өңтүстігінен табылып отырған Күлтөбе жазулары б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады.
Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан ТИбет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.

2. М.Қашқаридің Түркі тілдерінің сөздігі атты еңбегінің ғылыми мәні.
Ал Фарабиден басқа Отрар жері заманында атақты болған тағы екі адамды тәрбиеледі. Аббас Жаухари астрономия және математикамен айналысты, ол Ал-Хорезмимен бірге, бүгінде өзінің дәлдігімен таң қалдырған астрономиялық кесте жасады. Абу Насырдың тағы бір жерлесі Исхак Ал-Фараби лингвистика және географияны зерттеумен айналысқан. Ертіс жағасында туылған Жанақ ибн Хакан-ал-Кимаки белгілі географ еді. Солардың ішінде "Диуани лугат-ат-тюрк" (Түрік тілінің сөздігі) кітабының авторы лингвисть және географ Махмуду-ибн-аль-Хусайн ибн Мухаммед Ал-Кашгаридің орны ерекше екені талас тудырмайды. Махмуд Ыстык Көлдің жағасындағы Барысхан қаласында туылғанмен, өмірінің көп бөлігін Кашгарда өткізеді. Осы жерде 1072-1074 жылдары ол өз еңбектерін жазады. Өзінің айтуы бойынша, кітап жазу үшін ол түріктер отырған жерлердің бәрін айналып шағады. Ол Карлыктардың, кангарлардың, оғыздардың, қыпшақтардың, қырғыздардың сөздерін тікелей әңімеден жазады, олардың әндерін, мақал-мәтелдерін, аңыздары мен әдет-ғұрыптарын жазған. "Диуани лугат-ат-тюрк" - түрік халықтарының мәднеиеті, шаруашылығы, этнонимдері, топонимдері, халықтық календары, географиялық терминологиясы және көптеген басқа да мәліметтер алуға болатын, өзінше бір энциклопедиясы іспеттес. Осылайша біз ортағасырлық Қазақстанның сол замандағы ғылым орталықтарының бірі болғанын білеміз. Баласагун мен Отрар, Дамаск мен Багдаттай болмаса да, ғылыми білім үшін олардың маңызы өте зор болды. Өкінішке карай, Қазақстан ғұламаларының еңбектері жинақталған атақты Отрар кітапханасы бізге дейін толық жеткен жоқ бірақ, бізге дейін жеткендерінің өзі түріктілдестердің ішінде, Қазақстанда ғылымның гүлденгенін дәлелдейді. Махмуд Кашгари 1029 жылы туылып, 1101 жылы қайтыс болған. Қараканит ақсүйектерінен шығып, тіпті династияның тіклей ұрпағы бола тұра, түрлі себептермен қуғындауда жүргенде, түріктер тұратын барлық жерлерді аралайды. Сол заманда селжуктерге тиісті болған Багдатта жүргенде, түрік халқының өмірін, оның менталитетін, салт-дәстүрін, орналасу географиясын, ең алдымен тілін жан-жақты зерделейтін кітап жазу туралы ойлары пісіп жетіледі. Махмуд Кашгаридің атақты "Диуани лугат ат-түрік" кітабы шын мәнінде түрік энцилопедиясын береді. Онда тарихи-мәдени, этнографиялық және лингвистикалық материалдыр жинақаталып, қортындыланған. Кашгаридің "Диваны" ХІ ғ-ғы түрік халықтарның әлемді тану ерекшеліктері көрсетілген, мінез құлықтары мен этникалық құндылақтары қашап жазылған, алдынғы бабалардың мұраларын бойына сақтаған - түрік мәдениетінің ескерткіші болып табылады. Кітапта ертеде дүнйедегі зороастийлік-шамандық көзқарастармен бірге жаңа идеология - ислам мен оның тармағы суфизм элементтері де кездеседі. Жүсіп Баласагунның жас замандасы ретінде, оның тілдің мәні мен ролі жөніндегі көзқараснының ықпалында, Кашгари тілдерді зерттеуде салыстыру әдісін және тарихи тұрғыдан келу әдісін енгізді, сөйтіп қазіргі түркология ғылымының негізін салды. Кашагаридің жетекшісі Фарабтан шыққан исхак ибн Ибрахим аль-Фараби (Жаухари) болды. Оның "Диван аль-адаб фи байан лугат аль-араб" ("Әдеби шығармалардың араб тіліндегі жинағы" - "Собрание литературных произведений в изложении на языке арабов") деген еңбегін Бируни де пайдаланған. Бируни мен Кашгаридегі дәрілердің түрікше аталуы бірдей. Махмудттың арабтық-филиологиялық білімімен қатар орта ғасырдағы мусылмандық ғылымдардың бәрінен де білімі болды. Махмуд Кашгаридің кітабына оның өзінен артық баға беру қиын. "Бұл кітапты - деп жазады Махмуд - мен алфавиттік ретепен жаздым, оны мақалдармен, саджалармен, мәтелдермен, өлеңдермен, раджаздармен (әскери өлеңдермен) және прозалық үзінділермен өрнектедім. Мен қиындарды жеңілдеттім, түсініксіздерді түсіндірдім, жылдар бойы жұмыс істедім: (Кітап оқушыларын) олардың (түріктердің) әдет-ғұрпымен және білімімен таныстыру үшін, оған олардың оқитын өлеңдерін, бақытты және бақытсыз күндері данышпандық әңгімелер айту үшін қолданатын мақалдарын шешен, айтушыға, ал ол келесі айтушыға жеткізу үшін төгілте жаздым. Сонымен (сөздермен) қатар аталған пәндерді және белгілі (жиі қолданылатын) сөздерді кітапта жинақтадым, сондықтан кітап жоғары деңгейге көтерілді және айқын басымдылыққа жетті". Аль-Муктадидің халифатына арналған "Түрік сөздерінің сөздігін", Махмуд Кашгари 1072-1074 жылдары жазды. Бұл кітабында түріктілді фолклордың негізгі жанырларын - дәстүрлі және лирикалық өлеңдерді, батырлар жырынан үзінділерді, тарихи мұралар және аңыздарды (Ескендр Зұлхарнайынның Александр Македонский түрік жерлеріне шабулы), 400-ден астам мақалдар, мәтелдер мен ауызша әңгімелерді келтіреді. Төменде Кашгаридің кітаптарынан келтірілген үзінділер оның көзқарастарын біршама ұғынуға мүмкіндік береді. "Уақыт мезгелідері асықтырады, адамның күшін сарқылтады, ерелердің әлемін тарылтады... Оның (уақыттың) тәртібі солай, ол басқалардың (елдің) бәріне бірдей (әсер етеді). Егер әлем, дәлдеп тұрып садақ тартса, таудың шыңын да жарып жібереді". "Менін ұлым, мен саған мүрагерлікке қайрымдылық жасау қағидаларын қалдырамын. Қайрымды ерлермен бірге жүр" "Әлемнің түні мен күні жиһанкездер сияқты. Олардың жолы кіммен қиылысса, соның күшін алады." "Адамның заттары мен дүнисі - оның дұшпаны. Байлық жинағанда ойлан, ол ернеуінен асып кетпесін, асып кетсе ол су тасқыны сияқты иесін төмен қарай тартып кетеді. Дүние үшін талай ерлер қор болған. Дүйниені көріп олар (оны) жемтікке үймелеген құзғындай бас салады. Олар дүйне жинап тығып сақтайды, жетіспейді деп жыланып жүріп пайдасын да көрмейді, олар алтын ды да солай жинайды. Дүние үшін, құдайды ұмытып, (өзінің) балаларын, туыстарын шын мәнінде тұншықтырады". "Қайрымды бола отырып, тағы да қайрымдылыққа ұмтыл, тәкәпар болма". Махмуд Кашгаридің "Диуаны" ("Сөздік") - ерте кезеңдегі түрік диалектикасы, диалектикалық түрдің ерекшеліктері мен фонетикалық және морфологиялық құбылыстары туралы ұғым беретін бірден-бір ескерткіш. Орта Азияның, Шығыс Түркістанның, Повольженің, Приураленің түрік халықтары мен тайпаларының ауызша-поэмалық шығарамалары бар. Араб филологиясының әдістемесімен жазылған Махмуд Кашгари еңбектері, тілтанушылар, фолкдористер мен әдебиетшілер үшін бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ.
МАХМУД КАШГАРИ. "ДИУАНИ ЛУГАТ АТ-ТЮРК"
Түрік халықтарының жарық жұлдыздарының бірі Махмуд Кашгари ІХ ғасырда үш кітаптан тұратын "Түрік халқытарының сөздігін" -"Диуани лугат ат - тюрк" құрастырып, өзінен кейінгілерге мәңгілік әдеби-ғылыми мұра қалдарды. Еңбек ІХ ғасырда жазылған. Авторы - Махмуд ибн ул-Хусаин ибн Мухаммед ал Кашгари. Ол туралы мәліметтер өте аз. Оның әкесі - Барысхан руынан, Кашгарга көшіп келген. Махмуд сол жақта тауылған болуы керек. Кітапты жазбас бурын Махмуд түріктер тұрып жатқан аймақтарды түгел аралайды. Махмуд Кашгари түрік тілінің маңызы, араб тілінен бір де кем емес екенін дәлелдемек болады. "Диуанидің" қолжазбасын алғаш рет 1914-15 жылдары түрік ғалымы Али Амири базардан сатып алады. Ол Киласли Рифатка қолжазбаны тәртіпке келтіруді табыстайды. Рифат еңбектің көшірмесін жасап 1915 жылы бірнішісі мен екіншісін, ал 1917 жылы үшінші кітапты Стамбулда басып шығарады. Осы кезден бастап еңбек жан-жақты зерттеле бастайды. Еңбектің мәтінін басып шығарумен, тілін зерттеумен көптеген ғалымдар айналысты. Мысалы Броккельман, сөз тіркестерін алфавиттік тәртіпке келтіріп неміс тіліндегі аудармасын басып шығады. Түрік ғалымы Басым Алатай 1914 жылы қолжазбаны түрік тіліне аударып, үш томдықты Анкарада 1934-1943 жылдары басып шығарды. 1960-1967 жылдары Мутаблибов. С жұмысты Өзбек тіліне аударды. Содан соң жұмыс Қытайда Ұйғыр тілінде басылып шықты. Азербайжан ғалымы А. Демирчизаденің айтуынша еңбек азербайжан тілінде де басылған. Баскаков Н. А, Кашгариді "түрік тілдерін салыстырудың пионері" деп, Самойлович А. Н - "ХІ ғасырдың Радловы" деп атады. Еңбектің мазмұны көптеген баға жетпес экономикалық, материалдық, түркілердің жан дүниелік құндылықтарынан тұрады. Мұнда әдебиет саласы, географиялық және астрономиялық мәліметтер, тіл ерекшеліктері мен ғылыми зерттеу жұмыстары бар. Академик И. А. Кононов материалдармен қамтылуына байланысты "Диуаниді" 5 салаға бөледі: 1. Сөздік қор, анықталған рудың лексикасы. 2. Түріктердің тұратын жерлері туралы мәліметтер. 3. Түрік тілдерін топтастыру. 4. Тарихи фонетика мен граматика туралы мәліметтер. 5. Түріктердің тарихы, географиясы, этнографиясы, поэзиясы, фолклоры туралы мәліметтер. Махмуд Кашгари мынандай мақсат қойды: тек түрік тіліне тиісті сөздерді ғана қарастыру. Сондықтан сөздікте; киімді, үй жабдықтарын, ауыл шаруашылық өнімдерін, қаруды, музыкалық аспаптарды, рулық және тайпалық атауларды, тамақ аттарын, аңдарды, өсімдіктерді, күн, ай, жыл аттауларын, қалаларды, ауру атарын, оиындарды білдіретін сөздерді кездестіреміз. Мұнда 29 тайпа кездеседі. М. Кашгаридің картасы бойынша олар Румнан Шығысқа қарай; бегемен, кыфган, огуз, иемен, башқұрт, басмыл, кай, йабаку, катар, хыргызы; ары қарай чигель, тухси, йагма, уграк, чарук, чомыл, уйгур, хытай, тагут, табгаш. Кашгар - КХР-дағы Шынжан-Ұйғыр автономиялы облысының қаласы, Ұлы Жібек жолындағы ірі сауда орталығы болды. Ұлы ғалым кітапта 6800 түрік сөзін жинақтап (110 жер-су атауы, 40 түрлі халық пен тайпалар), араб тілінде түсіндірме береді. Кітапта 242 өлең жолдары, 262 мақал мен мәтел келтірілген. "Диуанидегі" 875 сөз бен 60 мақал-мәтел ешқандай өзгеріссіз қазақ тілінде кездесетіні ғажап. "Диуани" - бұл түрік сөзінің этимологиясын беретін, ең алғашқы филологиялық зерттеу және салыстырмалы сөздік. Ол кітапта ХІ ғасырдағы Орта Азия халықтарының ауыз әдебиетінің көптеген үлгілері мен тарихи мәліметтері бар.
Ал Фарабиден басқа Отрар жері заманында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Түркі тілдерін жіктеу тарихы мен болмысы
Түркі тілдерінің жіктелуі жайлы мәлімет
Түркі тілдеріне ортақ сөздер
Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба - әдеби тілі
Н. А. Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хұн саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау
Ғүн дәуірі
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Түркі тілдерінің жіктелуі
Пәндер