Қостанай облысындағы жер-су аттары
Жоспар
1.Туған жердің атауы сыр шертеді.
2.Әр атаудың астарында бір сыр бар.
3.Жер.су аты . тарихтың хаты.
1.Туған жердің атауы сыр шертеді.
2.Әр атаудың астарында бір сыр бар.
3.Жер.су аты . тарихтың хаты.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тіл және әдебиеті кафедрасы
Пән:Тіл біліміне кіріспе
Реферат. Тақырыбы: Қостанай облысындағы жер-су аттары
Мамандығы:5В020500-филология: қазақ тілі
Орындаған: Мирманова.А.Р. 11-322- 22 1ВПО
Тексерген: аға-оқытушы, филолог-магистрі-Абубакирова.Г.Н
Қостанай,2011ж.
Жоспар
1.Туған жердің атауы сыр шертеді.
2.Әр атаудың астарында бір сыр бар.
3.Жер-су аты - тарихтың хаты.
Кіріспе
Әрбір атау - тарихтың табы сіңген нысаналы белгісі. Мұндай ұлттық және рухани байлығымыз саналатын топонимдерді зерттеу бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Кез келген аймақтың жер-су атаулары өзінің бойына көптеген тарихи деректерді, этнографиялық мәліметтерді, географиялық сыр-сипаттарды сақтап отырады. Топонимдегі деректер белгілі белгілі бір географиялық ұғым атаулары болғандықтан, олар арнайы сұрыпталған лексикалық қабаттардан тұрады. Көне дәуір куәсі болып табылатын аймақ топонимдері халықтың этнографиялық, қоғамдық, әлеуметтік жай-күйінен, өткендегі өмір-тіршілігінен әр қилы мәлімет береді. Мұның өзі топонимдерді зерттеудің өте күрделі құбылыс екендігін, ол істе белгілі бір ғылыми әдіспен ғана мақсат-мұратқа жету мүмкін еместігін көрсетеді. Демек, тілдік құбылыстың табиғатын тек оның тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші этностың (халықтың) дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық менталитетіне байланысты да айқындауға болады. Сондықтан белгілі бір аймақтың топонимиясын зерттеуді қолға алмас бұрын сол жердің тарихына, саяси-әлеуметтік жағдайына және оны мекендеуші халық өмірінің этникалық мәдени тарихына ерекше көңіл бөлу керек екендігін зерттеушілер атап көрсетеді.
Географиялық атаулардың пайда болуының басты екі белгісі - уәжделік және тұрақтылық. Нақты атаудың пайда болуы қандай да бір ішкі фактімен тарихи уәжделіп, күні бұрын сақталады.
Өте көне замандардан бастап адам баласы бір жерге орналасқан да, өз айналасындағы қоршаған ортаға атау бере бастайды. Олар белгілеген әрбір атау белгілі бір мағынаға ие болады. Мысалы, өзендердің атауы көбінесе оның ағысына, тереңдігіне, түсіне байланысты қойылса, елді мекен атаулары көбінесе ландшафт, өсімдіктер әлеміндегі ерекшеліктерімен немесе қоныстанушылар өмірлеріндегі фактілерге сәйкес беріліп отырады. Сондықтан географиялық атаудың пайда болуы кездейсоқ емес, тарихи себепті болады.
Э.М.Мурзаевтің пікірі бойынша, ерте кездегі топонимия жергілікті географиялық терминдер (ЖГТ) болып саналған, сондықтан да сол кездегі адамдар тауды - тау, ал өзен мен көлді - су деп атаған.
Алғашқы топонимдер өзінен бұрын болмаған нақтылы дерегі, тірегі жоқ атау ретінде пайда болса, екінші топонимдер атауы бір нысанның атынан екінші нысанның атына ауысу барысында пайда болады. Олар көбінесе топонимдік метонимия жолымен не топонимдердің ауысу жолымен жасалады. Мәселен, Наурызым - аудан, қорым; Амангелді - кісі, Амангелді - аудан т.б. Ал енді бір топонимдер сол жердің тұрғындарына танымал, түсінікті болып келеді де, негізгі лексикалық мағынадан басқа қосымша мағынанны да аңғартады. Мәселен, Қаражар, Тастыталды, Қарақұдық, Ақсуат т.б. атаулар сол өңірдің өзіндік қасиеті мен географиялық сипатынан мол хабар бермек(жардың тікелігі, тастың көптігі, құдықтың көптігі т.б.).
Бұрын да және қазір де Қостанай облысының жер - суының атауы әр кезде де сөз болып, оның шығу төркінін білсек деген ниет қойылып отыр. Қазақ халқының атам заманынан орнығып, өмір сүріп жатқан жерінің аумағы қандай көлемді де, кең екені бәрімізге мәлім. Қостанай облысындағы өзен, көл жер бедеріне меншіктелген атаулардың мыңдап саналатыны белгілі. Ертеде өткен ата-бабаларымыз солардың әр - қайсысына ат қойылып, айдар тағу жағынан жай ұқыпты ғана емес, шебер де тапқыр болғандығын байқаймыз.
Алға қойып отырған мақсатым - ғылыми ізденіс арқылы Қостанай аумағындағы бірқатар жер-су атауының сырын ашып. алғашқы мағыналарын ашу.
2.Туған жердің атауы сыр шертеді ...
Жер - су атаулары,ғылыми тілде топонимика деп аталады. Бұл грек сөзі, қазақшаға аударсақ мекен немесе орын атауы деген мағынаға лайық. Қазақ халқының атам заманнан орнығып, өмір сүріп жатқан жерінің өзен, көл, тау, қырат секілді жер бедеріне меншіктелген атаулардың да мыңдап саналатыны мәлім. Ертеде өткен ата - бабаларымыз солардың әрқайсысына ат қойып, айдар тағу жағынан жай ұқыпты ғана емес, шебер де тапқыр болғандығын байқаймыз. Бұл жолы алға қойып отырған міндетіміз - ғылыми ізденіс арқылы бірқатар жер - су атауының сырын ашып, алғашқы мағыналарын тану. Бір еске сала кететін нәрсе - халық арасындағы жер - су атауларының мағынасы турасындағы жорамалдарға көп жағдайда аңыздар негіз етіледі.
Жер - су атауларының арасында ұшырасатын бөгде тілден енген сөздерге жатсына қараудың жөні жоқ. Өйткені халқымыздың өзінің мыңдаған жылдық өмір жолында түрлі тарихи тағдырды бастан кешіп, алуан нәсілді жұртпен араласып тұрды. Осының нәтижесі жер - су атауларында да өзінің ізін қалдырды. Оның ішінде көбіне монғол тілінен алынған сөздерде жолығып қалатыны рас. Өйткені, монғол тілінің түркі тілдеріне етене жақын туыстығы ғылымда дәлелденген жағдай екені, бізге ертеден мәлім. Сондай-ақ жер - су атауларының ішінде бірен - саран араб, парсы тілдеріндегі сөздер арқылы пайда болғандары да жоқ емес.
Облысымыздағы ойконимдердің лексика-семантикалық құрамы да әр алуан. Жер аттары қоғамдық дамудың сипатына қарай өзгеріп отырған. Жергілікті халық өздері мекендеген, көшіп-қонып жүрген жердің бет-бедеріне, судың ащы-тұщылығына, көлемі мен ағысына, табиғатына, жалпы олардың алуан түрлі қасиеттері мен белгілеріне орай ат (оним) қойып отырған. Сондықтан да ондай атаулар белгілі бір мағынаға ие. Олай болса, ойконимдерді семантикалық тұрғыдан зерттеудің де мәні айрықша.
Ойконимдердің семантикасы аталып отырған белгілі бір нысан жайында тиісті дәрежеде мағлұмат беріп қана қоймай, сол жерге адамның қатыстығын да көрсетіп, білдіріп отырады. Сондықтан ойконимдер семантикасының қыры мен сырының егжей-тегжейін жан-жақты, терең де мазмұнды етіп айқындап, анықтай түсуде кеңінен қолданылатын әдістің ең басты жолы - лексика-семантикалық сыныптау (классификация) болып табылады. Ол арқылы ойконимдерді топқа бөліп саралауға болады.
Соңғы жылдар ішінде топонимдерді лексика-семантикалық тұрғыдан талдау жөнінде біраз еңбектер жарық көрді. Ол еңбектерді толықтырған, жаңадан ой-пікір айтқан тың зерттеулер саны да көбейіп отыр.
Түркі топонимиясын семантикалық жағынан топтастыру А.Абдрахманов, Т.Жанұзақов, Қ.Қоңқабаев, О.А.Сүлтаньяев, О.Т.Молчанова, Е.Керімбаев, Қ.Рысберген, А.А.Қамалов, Б.Бияров, Б.Тілеубердиев, Ұ.Ержанова т.б. ғалымдар еңбектерінде орын алды. Т.Жанұзақов Қазақ топонимикасындағы лексика-семантикалық классификацияларға назар аударуының ең басты мәні топонимдерді лексикалық тұрғыдан топқа бөле отырып, мән-мағынасын ашу, олардың адамның іс-әрекет, тұрмысы, қоғамдық өмірмен байланысын анықтап білу болып табылады деп қазақ ономастикасы алдындағы міндетін түйіндеп берген.
Қостанай облысы ойконимдері басқа облыстар ойконимдері сияқты қоғамдық дамудың сипатына қарай өзгеріп, жаңарып отырған. Жергілікті халық өздері мекендеген жердің, қоршаған ортаның бет-бедеріне, түрлі қасиеттеріне, белгілеріне, болған тарихи оқиғалар мен жаңалықтарға, іс-әрекеттерге сай атаған. қазақ тіліндегі ойконимдер мағынасы жағынан сан алуан болып келеді.
О.Т.Молчанова зерттеулерінде жалқы есімдердің қалыптасуына негіз болатын бірнеше (тілдік, тәжірибе, жеке және жалпы психология, қоғамның маңызы, сыртқы жағдай) факторларды көрсетеді .
Кез келген атаудың пайда болуы стихиялы түрде қалыптасып, қоғамдық құбылыстар арқылы жүзеге асады. Сонымен Қостанай облысы ойконимдері алдымен үлкен екі топқа бөліп қарастырылады:қоршаған ортаның физика-геграфиялық қасиетін көрсететін ойконимдер; (Арқалық, Қошалақ, Қорасан, Алқау, Қызбел, Шұбалаң, Татыр т.б. )
адамдардың іс-әрекет, тұрмысы, этномәдениетін, қоғамдық өмірін көрсететін ойконимдер. (Амангелді, Әулиекөл т.б.)
Аманқарағай - бұл Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданының теміржол станциясы. Кейбір зерттеушілер мұны көне түрікше емен - қарағай мәніндегі атау - деп санайды. Ол Әулиекөл поселкісінен 5-6 шақырым жердегі қалың қарағайлы жер. Атаудың - аман және қарағай деген екі сөзден пайда болғандығы белгілі. Алғашқы аман сөзі біздің тілімізде де жиі қолданылады. Алайда оның төркіні - араб тілі. Онда аман сөзінің екі түрлі мағынасы бар: біріншісі - қауіпсіздік; тынжитық; екеншісі- рақымдылық, мейірімділік. Біріккен сөздің екіншісі - қарағай. Бұл - емен, қайың терек сияқты, ағаштың бір түрінің аты. Қарағай сөзінің өзінде екі сөздің қосындысы деп қарауға мүмкіндік мол. Алғашқысы - Қара (түске байланысты айтылатын сөз,) екіншісі - ағаш. Қосып айтсақ Қараағаш болып шығады. Қазіргі ұғымға сәйкес қазақшаласақ - қауіпсіздік қара ағаш немесе тыныштық қара ағашы болып шығады.
Арқа - батысы Торғай ойпатынан басталып, шығысы Тарбағатайдың батыс сілеміне дейін жалғасқан, солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Балқаш көліне ұласқан кең дала. Мұны Сарыарқадеп те атайды. Бұл тұралы әңгіме кейінірек болмақ. Ал қазір Арқа атауының бұрын қандай түсінік бергендігіне тоқталамын.
Арқа сөзінің бізге мәлім мағынасынан басқа да көптеген мағыналары бар.Қазақ тіліне бір табан жақын қырғыздарда арка тұлғасы солтүстік, одан әрі якут тілінде арғғаа-батыс, батыс жақ, туваларда арга - бірде таулы, екінші жерді қылқан жапырақты ағаш, тунгус-маньчжур тобындағы тілдердің кейбіреуінде аргаа - батыс ол монғолдарда: ара + сөзі солтүстік сияқты ұғымдарды меншіктенеді. Осы мағыналардың ішінде мына жер атауы - Арқаға сәйкес келетіні батыс немесе солтүстік ұғымдары. Тарих шыңына бой ұрсам, түркі халықтарының көбірек шоғырланған қоныстанған мекені монғол даласы мен Алтай төңірегі деп танысам, мына сөз болып отырған жер, дұрысында да, олардың батыс, солтүстік жағында болғандығын аңғару қиын емес. Осымен байланысты бұл жерді сол кезде - ақ Арқа деп атаса керек.
Қорасан - Қостанай облысындағы Тобыл өзенінің бір саласы. Бұдан басқа мұндай атауды Батырлар жыры және ел аузындағы аңыз әңгемелерден ұшырастырамыз. Бұларда көбіне Қарасан тауы тіркесінде айтылады. Аты естер құлақтарға таныс, үйреншікті болғанымен, жеме-жемге келгенде, қорасан сөзінің дәл мағынасын әркім біле бермейді. Сөз төркініне түркі тілдерінен дерек кездестіре алмадық. Бірақ араб тілінде осы тұлғаға жақын, хорошун дыбыс құрамындағы сөз, қазақ тіліндегі - шың, биік тау екенін білеміз. Ал Тобыл өзенінің саласы Орал тауының бір биік шыңынан бас алғандықтан Қорасан аталуы ғажап емес.
Қызбел - Торғай облысы, Жангельді ауданы жеріндегі қырқа атауы. Ел аузындағы аңыз бойынша, қыратты жерге алыстан қарағанда жатқан қыздың бейнесін елестетіп, орта шенінде жотажіңішкере келіп, қыз белін ұқсатуына Қызбел атауына ие болған. Қазақ совет энциклопедиясында - Қызбелтау болып аталған. Биіктігі 200 метрден астам ғана дөңес. Мұнда сарқырап ағып жатқан бұлақ суы да тапшы.
Осы сипатын еске ала және тілдік деректерге сүйене отырып, Қызбел атауының пайда болуына мынадай болжам айтамын.Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде қыз сөзінің бірнеше мағынасы бар. Соның бірі - сараң, сығырдаң. Бізше Қызбел біріккен сөзінің біріншісіне осы мағына сәйкес көрінеді. Өйткені мұнда бұлақ көзі тапшы. Ал бел сөзіне келсем, ол қырат, төбе мағынасында тек бізде ғана емес, сарай, қойбол сияқты түркі тілдерінде де пел қалпында айтылып, төбе, төмпешік ұғымын иеленеді. Осыларға сүйене отырып, Қызбелді қазіргі түсінігімізге сәйкестесек, Сараң төбе болмақ. Жорамалым аталған жер табиғатына жуықтай түсер деген ойдамын.
Обаған - Қостанай облысындағы өзен, Тобылға құяды. Өзен атауының пайда болғандығы жөнінде пікір айту үшін мына бір тіл деректерін негізге алуға тура келеді. Түркі тілдері ішінде шор,сағай, қайбол тілдерінде оба тұлғалы сөз біздегі сияқты төбе, үйінді мағыналарында кездеседі.
Монғол тобына жататын тілдерде: қалмақта ова - тас үйіндісі, монғол тілінде овоолох - ою мағынасын білдіреді. Ал тунгус-маньчжур тобындағы маньчжурларда оба тау төбесіндегі шоқы, ал эвен тілінде оова ойпат, ойпаң жер, осы топтағы тілдің екінші біреуінде убгэн дыбыстық құрамындағы сөз - өзен табанында кездесетін тас мағыналарында ұшырасады. Обаған өзені ағып жатқан жерлерден тас үйіндісін немесе өзен табанынан тас кездестіру қиын. Осы ерекшелікті ескере отырып, өзен ағып жатқан жердің ойпаңдығын жорамалыма негіз етпекпін. Бұл ретте Обаған өзені дегеніміз Ойпат өзені болып түсіндірілмек.
Саға - Торғай облысы, Жангельді ауданындағы елді мекен атауы.
Саға сөзінің жер-су атауларына байланысты қазіргі кезде екі түрлі анықтамасы бар. Бірінші Қазақ совет энциклопедиясында - Өзеннің басқа өзенге, көлге, бөгенге құяр жері. Екіншісі Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде - Өзен, я болмаса тау сілемінің қабысып-түйіскен жері сөз тіркесінде сағаны - тау сөзімен байланыстыру, кейін бейнелеуден пайда болған туынды деп қаралады. Шындығына келсем, саға өзенмен ұштасып жатады. Тілімізде кейде саға сөзінің болмасы ретінде қолтық тұлғасы да қолданылады. Әрине, бұл ұқсату нәтижесінде келіп шыққан. Қазақ тілінде қолтық-тың нақты мағынасы - иықтың астынғы жағы екені белгілі. Біздегі осы қотық мағынасын монғол тілінде суга дыбыстық құрамындағы сөз меншіктенеді. Бұған қарағанда, біздегі саға монғолдардағы суга бір ғана дыбыстық өзгеріске ұшыраған (а - у) төркіндес сөздер. Бұл - саға сөзінің алғашқы мағынасы еместігіне тағы да бір тілдік дерек куә болғандай. Ежелден түркі тілдерімен туыстас монғол тілінде цуг тұлғасы біздің тіліміздегі қосу, қосылу сияқты түсініктерге меңзейді. Сол тілдегі қолтық мағынасындағы суга-ның түп-тамыры осы цуг болуы да мүмкін. Бұған адам денесіне қолдың қосылған жері - қолтық (бізде), суга (монғолдарда) аталуы айғақ болғандай. Шынында да, белгілі бір өзеннің теңіз, көлдерге келіп қосылуы денеге қолдың келіп бірігуіне сәйкес, ұқсас. Осы бейнелеу арқылы тіліміздегі саға, қолтық іспеттес жер-су қалпын бейнелейтін атаулар шыққан. Қорыта айтқанда, саға сөзінің ең алғашқы мағынасы - қосу, қосылу етістіктері болған да, одан бері келе, ұқсатудан қолтық мағынасына ие болған. Сөйтіп өзеннің басқа бір су қорына келіп қосылуы - ертедегі айтылуы саға осы күнге дейін сақталған әрі жер атауын иеленген.
Тобыл - Қазақстанда Қостанай облысы және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жеріндегі өзен. Осымен аттас Түмен облысында қала, Қостанай облысында поселке және темір жол станциясы бар. Тобыл сөзінің алғашқы мағынасы, тек - төркіні туралы ауыз толтырып айтарлықтай зерттеу жұмысы бұған дейін болған жоқ.
В.В. Радловтың айтуынша, телеуіт тілінде: тобыл тұлғасы - биік, айбынды мағыналарында көрінсе, якутша - тобул, қазақ тіліндегі тазарту, жарып өту, бұзып өту ұғымында жұмсалады. Бұл өзенге құятын салалар да баршылық. Тасыған кезде суы мол, сондықтан да жолындағы кедергіні бұзып өте берерліктей күші бар. Міне осындай қасиеті үшін Тобыл атауы берілген болса керек.
Тоғызақ - Қостанай облысы жеріндегі өзен. Сөз төркіні қайдан, қалай пайда болғандығы жөнінде зерттеу кездестірілмеді.Сырт қарағанда, сан есім - тоғызбен байланысы бар тәрізді. Онымен байланыстыруға тиянақты тілдік дерек ұшыраспады. Алайда, түркі халықтары үшін тоғыз саны киелі сан екенін салтымыздағы бас тоғыз, үш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz