Омонимдер
Жоспар
1.Омоним және оның түрлері.
2.Омонимдердің пайда болу жолдары.
3.Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің айырмашылығы. Қорытынды ӘДЕБИЕТТЕР

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тіл және әдебиеті кафедрасы
Пән:Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы
Бақылау жұмысы
Тақырыбы: Омонимдер
Мамандығы:5В020500-филология: қазақОрындаған: Мирманова.А.Р. 11-322- 22 1ВПО
Тексерген: аға-оқытушы, филолог-магистрі-Абубакирова.Г.Н
Қостанай,2011ж.
Жоспар
1.Омоним және оның түрлері.
2.Омонимдердің пайда болу жолдары.
3.Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің айырмашылығы.
Сөздің шығу этимологиясы (тегі) жағынан да, беретін мағыналары жағынан да бір - біріне ешбір ұқсастығы , жақындығы жоқ, әр мағыналы сөздердің сыртқы т ұлғалық көрінісі, дыбысталуы бір болып келсе, ондай сөздерді омоним сөздер дейді.1
Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздерді бірімен - бірін шатастыруға болмайды. Көп мағыналы сөздердің әр сөйлемде, контексте беретін мағыналары әр түрлі болғанмен, негізі бір түбірден, бір ұғымнан шығады. Ал омоним сөздердің мағыналық жағынан және жасалуы, шығуы жағынан түбір туыстығы болмайды.
Жақ - дене мүшесі,сүйек.
Жақ - етістік(от жақ )
Жақ - қару,құрал.оғым жоқ, жағым жоқ(оғым жоқ, жағым жоқ. )
Жақ - бірлік, одақтық (жақ болу, жақтасу ).
Жақ - бағыт.(оң жақ, сол жақ , ық жақ.)
Жақ - етістік( қара бояу жақ.)
Омоним сөздер қазақ тілінде, өзге тілдермен салыстырғанда өте көп деуге болады.Омоним болатын,көбіне ,қазақтың байырғы сөздері.
Дыбысталуы, сыртқы тұлғасы бірдей, бірақ ешбір мағыналық байланысы жоқ сөздер омонимдер деп аталады. Мысалы: Біз 21-ші жылы қысқа қарсы келдік (Ж. Ай.). 2. Етікші бізге жарымайды (мақал).
Осы келтірілген мысалдардағы есімдік біз деген сөз бен құралдың аты, зат есім біз деген сөздің дыбысталуы, тұлғасы бірдей, ал мағыналары әр басқа сөздер.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің өзара жақындығы бар. Осыдан келіп, кейде оларды бір-бірінен айыру қиындыққа соғады. Бірақ көп мағыналы сөздерден омонимдерді айырудың қиындығы барлық омонимдерге бірдей қатысты емес. Мысалы, -- өкпе (өкпесі қабыну) деген сөз бен реніш деген мағынаны білдіретін өкпе деген сөздін омонимдес сөздер екені бірден ашық аңғарылады. Көп мағыналы сөздер әр түрлі заттың атауы болғанмен, олардың арасында қанда да мағыналық жақындық, ұқсастық болады. Ал омоним сөздер арасывда ондай мағыналық жақындық, ұқсастық болмайды.
Омоним сөздердің айырықша бір түрі есебінде омофондар мен омографтардың сөз тіркестеріндегі орфографиямен, opфоэпиямен қарым қатынасын ескермей болмайды.
Омофондар дегеніміз -- біркелкі айтылып, түрліше жазылатын сөздер. Мысалы, Асшы -- ac даярлайтын адам. Ащы -- қарсы мағынасы -- тұщы. Екеуінің де айтылуы -- ашшы. Қарала -- қарама-қарсы мағынасы -- ақта. Қapa ала -- Қapa mүc пен ақ түстің аралас келуі; екеуінің айтылуы -- қарала.
Омографтар дегеніміз -- біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер. Мысалы: бөлме (үйдің бөлігі) бөлме (бөл деген етстіктің болымсыз түрі), mapmna (столдық қағаз салатын жәшігі), mapmna (тарт деген етістіктің болымсыз түрі). Жұп-жүбымен келген осы секілді ографтардың сыңарлары айтылуда екпін арқылы ажаратылады. Екпін аталған сөздердің зат есім сыңарларының соңғы буынына түседі де, етістік сыңарларының бас буынына түседі.
Басқа түркі тілдері сияқты, қазақ тілінде де, сөздік қорының бір қатарын омонимиялық лексемалар мен мағыналық бірліктер құрайды. Омонимия құбылысы тілдің мағыналық потенциясын, аз сөзбен көп мағына беру мүмкіншілігін арттырудың құнарлы бір бұлағы болып саналатыны жұртшылыққа мәлім. Ғылым жүзінде жалпы омонимия құбылысына тұлға-тұрпаты бірдей, бірақ әр алуан мағына беретін сөздерді жатқызады. Бұл - омонимияның жалпы принципі. Ал, оны тәптіштеп, талдап-таратып қарайтын болсақ, бұл құбылыстың да әр түрлі қыры мен өзіндік сыры бар екендігін көреміз. Бұл проблеманы орыс тілі негізінде көбірек зерттеген ғалым проф. Е.М. Галкина-Федоруктың арнайы жазылған еңбегіне сүйенсек, омонимдерді жасалуына, шығу тегіне және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай үлкен үш топқа бөліп қарайтынын көреміз. Олардың:
бірінші тобына сөздердің "омоформалар" деп аталатын, яғни бір-бірімен ды-бысталуы жағынан бірдей, бірақ басқа грамматикалық формаларына қарай ажы-расып кететін сөздер; мысалы: "пасть" (зат есім) және "пасть" (етістік) т.б.;
екінші тобына шығу тегі басқа-басқа, бірақ формалануы жағынан барлық жағдайда бірдей келетін сөздер жатады. Олардың қатарында орыс тілінің сөздері де, шеттен енген ауыс-түйістер де болуы мүмкін;
үшінші тобына бір негізден жасал-ған, яғни шығу тегі бір, мағынасы бөлек-бөлек сөздер жатады делінген.
2.Омонимдердің пайда болу жолдары.
Бұл құбылыс орыс тілінде де, басқа тілдерде де, соның бір тобы түркі тіл-дерінде де қалыптасқан қағида ретінде қабылданады. Демек, омонимия тілдердің бәрінде бар әмбебап (универсалды), жер-жүзілік (глобальды) бір типті (монолитті), ортақ (общий) құбылыс деген сөз.
Біздің қарастырып отырған объек-тіміз осы жіктеудің үшінші тобына жатады да, оның тілдік табиғатына өзек болып, өзгермей тұратын критерий, аяқ тірер принцип - олардың бір негізінен тарауы, не бір түбірден өрбіген түбірлестігі. Омонимдерді ғылыми әдебиетте "гете-рогенді" (әр текті) және "гомогенді" (бір текті) деп бөлу де, міне, осы ортақ түбір мәселесіне байланысты. Айта кету керек, бұл мәселелер жөнінде айтылып, бірін-бірі толықтырып жатқан пікірлер де, бір-біріне кері-қия, тіпті екіұдай, қарама-қарсы ойлар да жоқ емес. Бірақ, қалай болғанда да, гомогенді омоним категориясы осы көр-сетілген статусында қалыптасқан әрбір тіл табиғатынан табылатын, өте көне, әрі жаңа, баяғыдан келе жатқан байырғы құбылыс болса да, тілдік сөздік қорында және күн-делікті қолданысында бар, сөйлеу процесінде проблема тудырмайтын тіл дәстүріне айналған құбылыс қатарына жатады.
Cондықтан да болар, агглютинативті (жалғамалы) түркі тілдерінде, солардың бірі - қазақ тілінде гомогенді омонимдер табиғатын тануда атойлап алдыңнан шығар оның алғашқы мәселесі - жалпы түбір және оның әрбір тілде (қазақ тілінде де) қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері.
Әрине, қазақ тілінің сөз қоры мен туынды сөз құрамында кездесетін гомогенді түбір тұлғалардың барлығын бірдей түркі тілдерінің төл элементі деп үзілді-кесілді тұжырымдауға болмайтынын ескерткен ғалымдардың бірі - акад. Ә. Қайдар ескерткен болатын. Аталмыш еңбекте көрсетілген дерек бойынша 2704 қазақ тіліндегі бір буынды түбірлердің тең жартысы (1352 ед.) қазақ тіліне шет тілдерден еніп, сіңіп кеткен элементтер де, сол 1352 единицаның тағы жартысы бүгінде қазақ тілінің өзінде мағынасы күңгірттеніп, жеке-дара қолданылмайтын, қолданылса да сөз құрамында ғана кездесетін томаға-тұйық элементтер екен.
Гомогенді омонимдерді түбір деңгейінде қарастырғанда ең алдымен, міне, осы деректі көз алдына елестетіп алуды ұмытпау керек деген сөз.
Бұл келтірілген деректер ГО түбір-лерін зерттеушілер үшін белгілі дәрежеде қиындық туғызары сөзсіз. Өйткені 1352 бір буынды түбір сөздің жартысындайы мағынасы күңгірттенген, жеке-дара қолданылмайтын, қолданылса тек сөз құрамында ғана қолданылатын түбірлер болғандықтан, оларды айқындау үшін әрқашан этимология жәрдеміне жүгінуге тура келеді. Екінші қиындығы, әрине, түбір сөздердің өзара жіктеліп кеткен мағыналарының арасындағы мотивтік байланысты және даму өрісін айқындауға да қатысты.
Айта кетуіміз керек, тіліміздегі мыңдаған гомоомоним мағыналары ішінен біз тақырыпқа қатысты, талдауға негіз боларлық гомоомонимдерден жарым-жартысы әдеби тілде, екінші жартысы диалектілік қолданыста жүргендерін ғана алғанның өзінде, 390 гомогенді ұя құрып тұрған тірек түбірлердің өздері де құрамы (буын саны) жағынан әр қилы:
бір буындылары-58 единица;
екі буындылары-259 единица;
үш буындылары-75 единица екен.
Тіл дамуының ең өнімді, әрі құнарлы көздерінің бірі ғасырлар бойы қалыптасқан сөзжасам модельдері арқылы негізгі сөздік қорының дамуына ұйытқы болып келе жатқан, қалыптасқан ілкі, көне де байырғы түбірлер екендігі жұртқа мәлім. Сөздердің түбірден өрбуі жалғамалы тілдер үшін cолардың ішкі даму заңдылығына жататын объективті де нәтижелі құбылыс. Қазақ тілінде осы жолмен пайда болатын жүздеген, тіпті мыңдаған гомогенді омоним қатарлары да, міне, осы құбылыстың жемісті бір нәтижесі болып саналады.
Демек, жалпы түркі тілдерінің өз негізінде тосыннан, спонтанды түрде туын-дап, гомогенді омонимдер қатарына қос-ылып, жеке-дара сөз "құқығына" ие болып, әрбір тілдің өзіне қызмет етіп жатқан лексикалық топтың төркінін айқындаудың ең тиімді тәсілі - ретроспективті-морфемалық талдау болып саналады.
Гомогенді омонимдердің табиғатын, түп-төркінін айқындаудың: 1) омонимдік түбірлердің ортақтығын, біртектілігін анықтау; 2) іштей жіктеліп, бір-бірінен біртіндеп қашықтап барып, алшақтап кетуінің себеп-салдарын айқындау; 3) олар-дың жеке-дара сөз ретінде қалыптасып, әр-түрлі тақырыптық топқа қатысты болып өмір сүруін зерделеу; 4) әдеби тіл нормасы мен жергілікті тіл, не жалпыхалықтық тіл аясындағы қолданысын анықтау тәрізді төрт бұлағы, аяқ тірер төрт тұғыры бар десек, солардың ең бастысына омонимдік қатардың түбірлестігін, бір тектілігін, ортақтығын айқындауды жатқызар едік. Бұл мәселенің аныққанығына көзімізді жеткізіп алмай, гомогенді омоним туралы сөз қозғаудың өзі де артық.
Біз осы пікірімізді айқындай түсу үшін қазақ тілінің әдеби нормасы мен жергілікті тіл ерекшелігі (диалектизм) ретінде қалыптасып, қолданылып жүрген біраз омонимдік қатарларды түбір тұр-ғысынан қарастырып, олардың төркінін айқындаудағы ретроспективті-морфемалық (түбір тұлғасын) талдау принцип терінің тиімді екенін дәлелдеуге тырысамыз.
Алдымен түбір тұлғалы гомогенді омонимдер табиғатына байланысты жалпы түркология ауқымында айтылып жүрген кейбір теориялық көзқарастар мен арнайы зерттеулерге назар аударып көрейік.
Бүгінгі таңда түркі тілдерінің өз негізінде пайда болған гомогенді омо-нимдердің қатарына енген туынды атау-ларды тереңірек зерттеуші ғалымдар, олар-дың бәрі болмаса да басым көпшілігі, бір кездегі бір буынды ілкі түбірлерден тарап, әрбір тілдің өзінде, сондай-ақ түркі тілдердің бәрінде болмаса да біразында түбірлес ортақ омонимдік топ құрап тұратындығын ескертеді.
Осы тұрғыдан алып қарағанда проф. Ә. Қайдар мен проф. Е. Қажыбековтің "Гомогенные корни и их лексико-семантическое развитие" атты еңбегі ерекше назар аударады. Онда авторлар Qa=~Qa бір буынды синкретикалық түбірді этимологиялық тұрғыдан талдап-таратып, оның бүкіл түркі тілдерінде ортақ түбір ретінде дүниеге келіп, тұлға жағынан да, мағына жағынан да дамуының кең шеңберге ие болғандығын көрсетеді. Бұл еңбектің де және онда айтылған теориялық тұжырымның да біздің зерттеуімізге тікелей қатысы бар. Онда түркі тілдерінде кең тараған өте көне синкретикалық Qа=~Qa (о баста: 1) "сундук"; "ящик для пищи"; "чехол"; "карман"; "чрево"; 2) "складывать"; "закрывать" т.б. мағынасында қолданылған) түбірден туындаған екінші деңгейдегі ("вторичные производные") мына сияқты; Qap=~Qap, Qaw=~Qaw, Quw=~Quw, Qay=~Qay, Qag=~Qag, Qas=~Qas, Qaz=~Qaz, Qat=~Qat, т.б. туынды түбір сөздер болып, олардың түркі тілдерінде әрі есімдік, әрі етістік (синкретизм) мағынасын беретін ерекшеліктері көрсетіледі. Жоғарыда келтірілген қатардағы синкретикалық гомогенді омонимдердің жалпы түркі тілдері бойынша осыншама көп этимологиялық тіларалық инварианттарға ие болуының басты себебі мына дыбыс-тардың [p~w~s~z~y~g~t]- сәйкестігі екендігі сөз болады. Екінші және одан кейінгі даму деңгейде бұл келтірілген гомогенді синкретикалық түбірлерден туындаған жеке-дара сөздер ендігі жерде әрбір түркі тілінде бір текті мағына шеңберінде қалыптасып, қолданыс өрісін кеңейте түсетіні бұл аталған еңбекте анық көрсетілген. Олар, әрине, гомогенді омонимдердің тіларалық этимологиялық инварианттарын құрап, қалыптастырады.
Енді осы айтқанымызды нақтылы мысалдармен дәлелдеп көрейік. Мәселен, қазақ тіліндегі: қап, қапша, қапшық, қақпа (о баста- қапқа), қақпан (о баста-қапқан), қабық, қабысу, қабақ (асқабақ), қауышу, қауыз, қауға, қуық (көне түркіде- қауық) т.б. осы тәрізді туынды негіздердің барлығы, жоғарыда келтірілген еңбек тұрғысынан қарайтын болсақ, түбірлес сөздер, яғни бәрі де о бастағы Qa=~Qа синкретизміне барып саяды екен.
Ал, осы туынды тұлғалардың іштей семантикалық даму нәтижесінде бір сөздің екі мағынаға жіктеліп, омонимдік қатар құруы-ықтимал құбылыс. Міне, осындай жағдайды о бастағы ілкі түбірінің ортақ, яғни біртекті, гомогенді екендігін білу қажет-ақ. Мұндай жағдайда зерттеуші үлесіне түбірлес сөздердің гомогендігін емес, гомогенді омоним қатарының пайда болу уәжін (мотивін) ғана анықтау міндеті тиеді. Мәселен, қазақ тілінде Qa=~QaQap синкретикалық көне түбірден туындаған қапсырма сөзінің әдеби және диалектілік қолданыс омонимдік екі мағынасы бай-қалады: қапсырма I - "әйелдердің сыртқы киімінің екі өңірін бір-біріне қауыстырып, іліп тұратын әшекейлі күміс ілгек; қап-сырма II - "екі жаққа жарыла ашылатын, қапсырыла жабылатын жарма есік".
Бұл екеуі о бастағы Qa=~Qa~Qap синкретизмінен туындаған гомогенді омо-ним екендігі талас тудырмаса керек. Екеуіне де ортақ мотив - қапсыру процесі, айырмашылығы - олардың екі тақырыптық топқа жататын екі түрлі зат, бұйымға айналып кетуі.
Тағы бір мысал. Әдеби тілде: Қапшық 1 - "азық-түлік немесе басқадай заттарды салуға арналған ыдыс, кішірек қап". Жергілікті тілде: Қапшық I - (Алм., Жамб., Шығ. Қаз., МХР) "әмиян, ақша салғыш"; Қапшық II - (Алм., Жамб.) "папиростың қабы"; "Қазыбектің қапшы-ғы". Бұл мысалдарда да: о бастағы Qap=~Qap түбірінен туындаған үш омо-нимнің тегі бір "ыдыс", бірақ олар әр түрлі тақырыптық топқа жататын бұйым болып кетуі байқалады.
Міне, гомогенді омонимдерді анықтаудың ғылыми негізі бар тәсілдерінің бірі - "әр нәрсені түп-тамырына қарап барып анықта" (Кузьма Прутковтың "Зри в корень" деген сөзіндей) принципіне барып саяды.
Тіліміздегі гомогенді омоним қатарларының дүниеге келіп, қалыптасуын біз күрделі полисемиялық процестердің нәтижесінде жүзеге асырылатын, яғни жеке-дара түбірлер мен сөздердің іштей жіктеліп, алдымен мағына реңкіне, одан соң дербес мағыналарға бөлініп, дараланып, бұл процестің шарықтау шегіне жеткеннен кейінгі соңғы нәтижесі деп қараймыз. Бір түбірдің (сөздің) екі, не одан да көп дербес түбірге (сөзге) айналуы бұл тәрізді күрделі процесті басынан кешірмейінше оп-оңай бола салуы мүмкін емес.
О бастағы бір түбірдің, не туынды түбірге айналған сөздің екі, не одан да көп түбірге (туынды түбірлерге) айналуы әрбір түркі тілінің ішкі даму заңына байланысты, оның мағыналық (мазмұндық) байлығын толассыз толықтырып отыратын, өзінен-өзі (спонтанды) тоқтаусыз болып тұратын тұрақты құбылыстарына жатады дедік. Бұл қазақ тілінде де кеңінен өріс алған құбылыстардың бірі.

Тілдегі бір сөз, негізінде, бір мағынаға ие болады.Әр сөзді сөйлемде өз орнына,өз мағынасында дұрыс қолдану үшін сөздің негізгі мағынасын білу өте қажет.Сөздердің мағынасы сөйлем ішінде белгілі контексте ғана айқындалады.Тілдегі сөздердің барлығы бірдей дербес ұғымды, бір мағыналы болып келмейді.Кейде бір сөздің әр сөйлемде әр түрлі сөздердің тіркесіне қарай беретін мағыналары құбылып, көп мағыналы болып та келеді.Мысалы, Жер бір тәулікте өзінің осін бір айналып шығады.Егіншілер жер жыртуға кірісті.Олар екеуі екі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz