А.Байтұрсынұлы – әдебиет танытқыш кітабы



Жоспар.

1.А.Байтұрсын.ұлы .әдебиеттанушы.

2. «Әдебиет танытқыш» кітабының зерттелуі.

3.Сөз өнерінің ерекшелігі.

4.Шығарма сөз жүйесіндегі стилистикалық айшықтар тілі.

5.Қара сөз бен дарынды сөз жүйесінің трактовкасы.

6.Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Тіл және әдебиеті кафедрасы

Пән:Әдебиеттануға кіріспе

Бақылау жұмысы
Тақырыбы: А.Байтұрсынұлы - әдебиеттанушы.Әдебиет танытқыш кітабы

Мамандығы: 5В020500 - филология: қазақ тілі

Орындаған: Мирманова.А.Р. 11-322- 22 1ВПО
Тексерген: аға-оқытушы ,филолог-магистрі-Уразгалиева.С.Б.

Қостанай
2011ж

Жоспар.

1.А.Байтұрсын-ұлы -әдебиеттанушы.

2. Әдебиет танытқыш кітабының зерттелуі.

3.Сөз өнерінің ерекшелігі.

4.Шығарма сөз жүйесіндегі стилистикалық айшықтар тілі.

5.Қара сөз бен дарынды сөз жүйесінің трактовкасы.

6.Қорытынды.

1.Ахмет Байтұрсынов - әдебиеттанушы

Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы "Әдебиет танытқыш" ("Теория словестности") деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.
"Әдебиет танытқыштағы" қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты -- әуезе, лириканы - толғау, драманы - айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз, уағыз, көсемсөз (публицистика). Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі: ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш - бұлар бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме - бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел - бұлар үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата - бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр - бұлар бесінші топ. Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап, саралауға мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, салттама, ғұрыптама, қалыптама деген терминдер қазіргі ұғымымызға өзі сұранып тұр.
Қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлуде де толып жатқан жаңалық бар. Хисса, хикаят, насихат, мінажат, мақтау, даттау, шығармаларды діндар дәуір әдебиетіне жатқызса, сындар дәуір әдебиетіне ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), әңгіме кірмек. Лирика түрлерін саф толғау, марқайыс толғау, налыс (мұңайыс) толғау, намыс-таныс толғау, сұқтаныс толғау, (даттау, қаралау, наз) деп жіктеу, мазақ, мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп саралау, тартыс түрлерін әлектеніс, әуреленіс, азаптаныс деп таратып әкетуге де қайран қаласыз.
Қысқасы, "Әдебиет танытқыш" кітабындағы бірқыдыру термин, ұғым, категория әдеби тілімізге, ғылыми оралымға кезінде кіргенін айта отырып, бұл еңбекте эстетикалық ойлау жүйемізді әлі де байыта түсетін тамаша қазына, ересен тапқырлықтар бар екенін көрсетуіміз қажет. Сонымен Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым екендігін мойындамау шындық алдындағы қиянат болар еді.

2. Әдебиет танытқыш кітабының зерттелуі.

Жұмыста ірі энциклопедист ғалым, қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдебиет теориясының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының - сөз өнерінің теориялық сипаты жөніндегі тұжырымдары талқыланып отыр. Жұмыста ғалымның теориялық пайымдары негізінен ХХ ғасыр басындағы ресей және дүниежүзілік әдебиеттану ғылымының контексінде (Б.В.Томашевский, В.М.Жирмунский, А.И.Белецкий, Г.О.Винокур, Ю.Н.Тынянов, Р.Якобсон, В.Кайзер, Г.Г.Гадамер, В.Б.Шкловский, М.М.Бахтин, Цв. Тодоров, Р.Уэллек және О.Уоррен, Ю.М.Лотман, М.Гаспаров) талданады. Сонымен қатар, қазіргі әдебиеттану ғылымының теориялық және әдістемелік тәсілдері де бұл жұмыста қамтылды. Зерттеу барысында ғалымның сөз өнерін зерттеуге арналған әдістемелік ұстанымы басшылыққа алынды. Негізінен мұндай тәсілдің яғни, Әдебиет танытқыштағы жүйенің сақталу себебі - пән талабынан шығып отыр. Кітап басындағы Аңдату тарауындағы өнердің жүйесінен бастап, драманың қасиеттеріне дейінгі аралықта - А. Байтұрсынұлы сөз өнерінің ішкі спецификасын жан-жақты аналитикалық талдаудың озық үлгісін көрсетеді. Әдебиет танытқыштағы бұл зерттеу жүйесі бүгінгі күн талап тұрғысынан да шығып отыр.
1989 жылы ғылыми айналысқа қайта оралған Әдебиет танытқыш ұлттық әдебиеттану ғылымында өзінің лайықты бағасын алып үлгерді. Еңбектің теориялық салмағын саралай келе академик З. Қабдолов Әдебиет танытқыштың ең бір құнды жері деп, жекелеген әдеби-теориялық категориялардың этимологиясын, олардың мән-мағыналық жүгін төл әдебиетіміздің өз ішінен тапқандығын дөп баса айтады. Мәселен, ..әдебиеттің Аристотель белгілеген негізгі үш тегін, яки жанрын (эпос, лирика, драма) грек тілінен түп-түгел қазақ тіліне ауыстырып алады да (А. Байтұрсынов Дарынды сөз тарауында: эпосты - әуезе, лириканы - толғау, драманы - айтыс деп атайды - Ұ.Е.), әр жанрдың түрлерін өзіміздің төл әдебиетімізден іздейді. Мысалы, лириканың алғашқы үлгілерін қазақтың сонау тұрмыс- салт жырларынан іздеп табады. Сонда, ең жеңілі жоқтау - эпитафияға, мақтау - одаға, даттау - сатираға балама болып шыға келеді. Дәл осы ретпен әдебиеттің үшінші тегін Аристотельше драма деп емес, Ақаңша айтыс-тартыс деп алады да, осы жанрдың түрлерін, айталық, трагедияны - мерт, яки әлекті тартыс, драманы - сергелдең, яки азапты тартыс, комедияны - арамтер, яки әурешілік деп атайды [1, 25-26]. Академик З. Ахметов болса, Әдебиет танытқышта қазақ өлеңінің ырғақтық құрылыс-жүйесін айқындайтын өлең сөздің бунақ, тармақ, шумақ сынды категорияларының алғаш қалыптасқандығын атап айтады [1, 64].
А. Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышы - қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен көрсеткіші болуымен қатар, теориялық ой-жүйесіне мықтап түрен салған, қазақтың парасатты толғамын, ойшылдығын эстетикалық таным-білігінің молдығын танытқан кезеңдік туынды [2, 275] екендігі еңбектің жалпы гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі бөлекше орнын білдірсе, автордың төңкерістер дәуірінде өмір сүрсе де, әдебиет мәселелеріне саясатты, партия мақсаттарын, араластырмай негізінен ғылыми өлшем, талғам арқылы, жеке бөлшектерге, бұтақтарға, тармақтарға назар аударуы, қазіргі терминологиямен айтқанда, структуралық поэтика тұрғысынан талдау жасап, қорытындылар шығаруы; үнемі дәлдік пен деректің бірінші қатарға шығуы [3, 51], әр категорияның өзінің логикалық дамуы, қалыптасқан жүйесі бар түсінік ретінде айқындалуы .., яғни, әр тұжырымның ішкі заңдылықтары ашылып, парадигма ретінде дәлелденуі [4, 26.] - Әдебиет танытқыштың ғылыми тереңдігі мен зерттеушілік стратегиясының ауқымдылығынан хабар білдірсе керек.
Еңбектің құндылығына жан-жақты тоқтала келе әдебиет сыншысы Т. Кәкішев: Мұндай еңбек бізде бұған дейін де, бұдан кейін де қайталанған жоқ. Ол - әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымының міндет-парызын қатар атқарып, біздің алдыңғы ағаларымыздың эстетикалық сауатын ашуға мұрындық болған жүйелі оқулық. Ондағы анықтамалар мен терминдердің өзі күні бүгінге шейін біздің ғылыми арсеналымыздан орын алатын құнды қағидалар мен атаулар. Көркемдік әлеміндегі сөз өнерінің сай-саласын ұғындыратын Әдебиет танытқыш - қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған өміршең қондырғы-фундамент [5, 210-211] деп жазады.
Зерттеу барысында Әдебиет танытқыштың теориялық тұжырымдарын талдау - автордың ұсынған нұсқасы бойынша, яғни, А. Байтұрсынұлының сөз өнерін жүйелеу тәртібі мен көркем сөз теориясын пайымдау әдісіне сәйкес жүргізілді.
Әдебиет танытқыштың құрылымдық ерекшелігі - тараулардың, жекелеген тұжырымдардың реті бір-бірінен туындап отыратын қисындылығында. Мәтіндегі теориялық әдіске негізделген баяндау тәсілінің бірден-бір ерекшелігі - нәрсенің анықтамасын айтудан бұрын оның қасиетін айтатынында. Яғни, кез-келген категорияны түсіндіру барысында біз үйреншікті дедуктивті әдіспен емес, көбіне сол дедукцияның өзіне негіз болып келетін жолды ұстанып, нәрсенің анықтамасынан қасиетіне қарай емес, керісінше, нәрсенің қасиетінен анықтамасына қарай баяндалады. Және оны пәлсәпалық һәм филологиялық ұғым-түсініктердің ішінде - қарапайым түсінікті тілмен дәл әрі шумақтап (обобщение) беріледі. Еңбектегі роман, повесть, әңгімеге байланысты тұжырымдар мен Тіл көрнекілігі тарауындағы категориялардың анықтамалары осы айтқандарымызға дәлел бола алады. Сонымен қатар Әдебиет танытқышта әдебиеттану ғылымының қай кезеңінде болса да қажеттілігінен айнымайтын сөз өнерінің теориялық негіздері көптеп кездеседі.
.

3.Сөз өнерінің ерекшелігі деп аталатын жұмыстыңүшінші бөлімінде - пәннің өзіндік ерекшелігі сөз болып, сөз өнерінің өзге де өнерлерден ерекшелігінің арақатынасы белгіленеді. Еңбектегі сөз өнерінің мәнін көрсететін қысқа тұжырымдамада пән болмысының классикалық үлгісі жасалады: Сөз өнері - деп жазады ғалым, - адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге Өнер жүйесіндегі бастапқы үш негіз құрамды осылай нақтылып алған соң, былайша ой қорытады: Ақыл ісі - аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі - түю, талғау [9, 168].
Сөз өнерінің мұндай саналы қасиеті адамдардың іс-әрекеті және ойлары мен мінездеріне жалпы алғанда қатысты екенін кезінде Аристотель тайға таңба басқандай атап көрсеткен (әрине, ең алдымен сюжетке байланысты - Ұ.Е.) [11, 23-31].
Жоғарыдағы тұжырымдармен қатар Байтұрсынұлының: Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйгенін түйгенінше айтуға жарау [9, 168] деген ғылыми тұжырымы психолингвистикалық мәселелер аясында сараланды. Бұл ретте, Байтұрсынұлы тезисінің (Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек) мәні А.С. Выготский, А.А.Леонтев, Джонатан Каллер, Г.Пірәлиева секілді ғалымдардың әдебиеттегі психологизм мәселелеріне байланысты пікірлеріне сүйене отырып ашылды. Аталмыш тезистегі синтездің (поэтика мен лингвистика; психоаналитика мен герменевтика; поэтика мен герменевтика т.с.с.) көрінісі нақты мысалдармен дәлелденді деген қорытындыға келуге болады. Ал Әдеби шығарманың құрылымдық сипаты. Шығарма сөз атты тараушада әдебиет түсінігінің терминдік әрі семантикалық мағынасы ашылады. Және шығарма сөз терминінің спецификасы әлемдік әдебиеттану ғылымының шеңберінде мәтін, әдеби шығарма, дискурсс терминдерімен бірлікте қаралады.
А. Байтұрсынұлы сөз өнерінің бір парасы болып табылатын әдебиет сөзінің ауқымын кең шеңберде ашып береді: Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып көбінесе шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын, бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда арабша әдебиет, қазақша асыл сөз дейміз [9,170].. Яғни, Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын, бәрі шығарма болады дейді. Ал біз білетін көп қолданыстағы әдебиет (litteratura - жазылған, littera - әріп сөзінен келіп шығады) түсінігінің ақындық өнер, поэзия түсініктерінің орнын алмастырып келгені белгілі. Байтұрсынұлының бұл жерде асыл сөздің баламасы ретінде айтқан арабша әдебиет, қазақша асыл сөз дейміз деуі де жай емес. Себебі, бұл терминдердің таза мағыналық өлшемін таразылағанда, асыл сөзге жақын болып шығатыны латын тілінен келгенінен гөрі араб тілінен келгені (түбірі أدب әдеп, көркем мінезді иемдену, әдептілік, әдепті сөйлеу, сұлу сөйлеу т.б. мағыналарды білдіреді, осы мағыналардың барып тірелер шыңы - асыл сөзден тіптен де алыс емес). Мағыналық жағынан соңғысының шеңбері кең болып тұр. Адамға рухани қажеттілік - сөздің асылы ғана дегенге саяды. Ал, асыл сөздің ғылыми анықтамасына келсек оған қазіргі әдебиеттану да нақты жауабын бере алмай отыр. тектес қаншама .
Шығарма сөздің синкреттік сыпаты мен көркемдік сыпаты бір нәрсе емес. Және де бұл екеуі тіптен екі бөлек те нәрсе емес. Еңбектегі бұл тараушаның негізгі нысаны шығарма сөздің (әдеби шығарманың, литературное произведение) құрылымы болып табылады: Шығарма сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселері: 1) тақырыбы, 2) жоспары, 3) мазмұны, 4) түрі.Әрине шығарма сөздің ауқымы кең екені бұл жерде тағы да айқындала түседі. Ғалым айтып отырған шығарма сөздің тысқы нәрселері тек әдеби туындыға ғана емес, театр, музыка секілді өнердің басқа түрлеріне де қатысты. Дегенмен А. Байтұрсынұлы түсіндірмесіндегі бұл жүйе негізінен әдеби шығармаға қатысты айтылып тұр. Шығарма сөздің тақырыбына қатысты А. Байтұрсынұлы былай дейді: Тақырып әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе тақырыбы болады. Бұл жерде ғалым тақырыптың тікелей, терминдік мәнінен таратып отыр. Яғни, түбірі грек сөзіннен келіп шығатын тақырып түсінігінің мағынасы - негізге салынған нәрсе (греч. thema - то что положено в основу). Негізге салынған нәрсені А. Байтұрсынұлы пікір деп отыр. Пікір не нәрсе туралы болса дегенді сюжеті не жайында болса соны тақырып дейміз деп те ұғуға болады. Егер тақырыптың көркемдік шындықтың мәндік жағына қатыстылығымен байланыста қарасақ мәселе солай болған болар еді. Алайда А. Байтұрсынұлы анықтамасында әңгіменің пікірінен туындайтын тақырып пен оқиғаның, сол секілді тақырып пен идеяның ара жігі ажыратылмаған. Бәлкім, шығарманың бұл компоненттердің бәрін де ғалым пікір ұғымына сыйдырып тұрған да болар. Себебі көп жағдайда олардың ара-жігін ажыратып жату да артық. Ал керісінше детективті шығармаларда оқиға пікір не тақырыптан да маңызды болып кететін жерлері тағы бар. Және бір қырынан келгенде бұл жердегі пікір сөзі ішкі тақырып ұғымымен де баламалас келеді.
Жалпы тақырып сөзін термин ретінде қарастыратын болсақ, әдебиеттану ғылымында оның мағынасы әрқалай. Бір ғалымдар тақырыпты өмірдің шынайы материалы деп көрсе, келесі бері тақырып деп - негізгі қоғамдық проблемаларды айтады. Осылардың ішіндегі салмақтысы деп, яғни әдеби шығарманың фундаменті болатын тұжырым деп авторлық пікірлеуді айтады. Мұны бүгінгі әдебиеттану тілімен айтқанда - автордың бастапқы мақсұты, ой талғамының озығы. А. Байтұрсынұлы да барар жолын ашып айтпағанымен, тоқ етерін дөп басып айтқан әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе тақырыбы болады. Б. В. Томашевский пікірі де осыған саяды, ол шығарманың басты тақырыбы деп сол жоғарыда айтқан авторлық талғамды айтады. Сол талғам пікір тудырады. Ал шығармадағы сол пікірлер жиынтығы шығарма тақырыбын құрайды әрі әрқайсысы өз алдына оқырманды тарта біледі. Және де, Томашевскийдің ойынша, сол пікірлер көркемдік құрылымындағы компоненттерді де біріктіріп тұр. Махаббат, өлім, төңкеріс сияқты жиынтық ұғымдарды ғалым содан шығарады [15, 176-178]. Бірақ, осы қисынды пікірдің алғышартын айтқанда орыс ғалымы Байтұрсынұлыдан алшақ кетеді. Яғни, қазақ ғалымы тақырып анықтамасына қатысты ә дегеннен пікір сөзін қолданып, мәселенің мағына шеңберін кеңейтіп жібередіҚорыта айтқанда, А.Байтұрсынұлы шығарма сөздің аясында тақырыптың нақты әрі негізгі екі аспектісін ғана баяндайды. Бірі ауқымы кең мағынадағы пікір тақырыбы да (a), екіншісі тікелей мағынадағы (яғни, мағына ауқымы тар) шығарманың басына қойылатын тақырып жөнінде (b).

4. Шығарма сөз жүйесіндегі стилистикалық айшықтар тілі аттытөртінші бөлімі теориялық поэтиканың негізгі бөлігі стилистика ұғымына арналған. Бұл тақырыпқа қатысты Әдебиет танытқыштағы (дәлірегі Тіл қисыны тараушасы) негізгі тұжырымдар негізінен ХХ ғасыр басындағы орыс әдебиеттану ғылымының өкілдерінің [Эйхенбаум (1924, 1927), Шкловский (1925), Томашевский (1925-1931), Винокур (1925), Жирмунский (1928), Медведев (Бахтин) (1928), Тынянов (1929), Виноградов (1930)] көзқарастарымен бірлікте сараланады. Бұл тақырып ішінде қарастырылған түсініктердің аталым мағынасының басын ашып алғандай болсақ ол төмендегідей болады: а) Байтұрсынұлының Тіл қисыны дегенін - стилистика ғылымымен, нақтысы поэтикалық стилистикамен; Ә) поэтикалық семантика (сөз мағынасының ауысуы, яғни, троптар мен өзге де көркемдік айшықтар; көбіне мұны аталмыш ғалымдар поэтикалық лексиканың аясында қарайды) ұғымын Байтұрсынұлының Тіл көрнекілігімен, анығы сол бөлімге кіретін категориялармен қатар қарастырылды. Б) Ал Сөз талғау тарауына кіретін Сөз дұрыстығы, Тіл тазалығы, Тіл анықтығы, Тіл дәлдігі деген тараушалар көбіне поэтикалық синтаксиспен балама ретінде алынды. Және осы бөлімде, қарастырылған категориялардың барлығы үш аспектіде қаралды. Оны түйіндей айтқанда жекелеген категориялардың - генезисті, семантикасы және прагматикалық функционалдығы тұрғысынан деуге келеді. Стилистикаға қатысты Әдебиет танытқыштағы тұжырымдардың мәні нақты салыстыру үлгісімен де талданды:
Тіл қисынының лебіз ғылымына тікелей қатыстығы жөнінде В.М. Жирмунский : Поскольку материалом поэзии является слово, в основу систематического построения поэтики должна быть положена классификация фактов языка, которую дает нам лингвистика [17, 28] деген тұжырым жасайды. Ахмет Байтұрсынұлы поэтикасының да стилистикалық шарттармен ғана шектелмейтіні белгілі. Автор, дұрыс әңгіме жазу үшін тілдік шарттарды білу аз дейді, оған қоса жазушы қиялға бай, пікірге шебер болса дейді, сонда ғана шығарма пікірлі, әсерлі әдемі болып шықпақ [9, 176] дейді. Пікірлі, әсерлі, әдемі шығарма деген түсініктер: Байтұрсынұлы - лебіз ғылымының мақсатын тек тіл білімінің негіздік категориялырының аясында ғана емес, күрделі пәлсапалық және эстетикалық теориялармен бірлікте, өте кең түсінгендігінен хабар береді.
Томашевский тропты антикалық поэтиктердің тәпсіріне сай қарайды. Оларға дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынов аудармалары, мысалдары, әдебиеттері
Әдебиет танытқыштың әлемдік әдебиеттану ғылым контексіндегі көрінісі
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тарихи маңызы
Ахмет Байтұрсынұлы өмірбаяны
А.Байтұрсынов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ БІЛІМ
Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары
Ғалым, ағартушы, тілші - Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынұлы автобиографиясы
Пәндер