Нұрғожа Ораздың шығармашылығы



Жоспар

1. Қарғыс атқан қаталдық./Өз отбасы,ағайындары жайлы естеліктер,Оразов атануы/
2. Парасат биігінде./Шығармашылығы/
3. «Тел өскен асыл құрдасым»./Кәкімбек Салықовтың өлеңі/.
4.Ақын Нұрғожа Ораз .80 жаста.Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тіл және әдебиеті кафедрасы

Пән: Қазіргі қазақ әдебиеті

Баяндама
Тақырыбы: Нұрғожа Ораздың шығармашылығы.
Мамандығы: 5В020500-филология: қазақ тілі

Орындаған: Мирманова.А.Р.
11-322- 22 2ВПО
Тексерген: аға-оқытушы,
филолог-магистрі-Тулегенова.Ш.И.

Қостанай, 2013 ж.

Жоспар

1. Қарғыс атқан қаталдық.Өз отбасы,ағайындары жайлы естеліктер,Оразов атануы
2. Парасат биігінде.Шығармашылығы
3. Тел өскен асыл құрдасым.Кәкімбек Салықовтың өлеңі.
4.Ақын Нұрғожа Ораз -80 жаста.

1.Нұрғожа ОРАЗ. Қарғыс атқан қаталдық.

Нұрғожа ОРАЗ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Қазекең ақкөңіл, ақ пейілді халық қой, "жазылмайтын жара жоқ, серпілмейтін аза жоқ" дейді. Ол рас. Тек аққа қара жаққандай адал адамға қисынсыз жабылған жала арыла қоймайды. Өйткені, ол жала жауыздықтың оғына айналып, абзал адамды өмірден кенет әкетіп жатады. Сол жаланың қара күйесін әлгі абзал адамдардың саясаттан бейхабар туыстарына, жанында жүрген достарына, тіпті кездейсоқ бір кеште кездескен таныстарына жағып жатса, КГБ туыстарын өкшелеп бақылауға алып, оған тиесілі несібесін біреуге зорлап алып беріп, өсер жолын кескестеп жауып, бойын жаздырмаса әлгі жара да, аза да жазылмайды, серпілмейді екен.
Менің қазіргі фамилиям - Ораз. Туғанда, репрессия жылдарына дейін Таукин болыпты. Ораздың әкесі Тәуке бай болса керек. Оның төрт баласы Ораз, Өтеген, Ыбырай, Кәрібай заман ағымын тамыршыдай дәл басып, бағып отырған сергек жандар болған ғой, балаларын қазан төңкерісіне дейін-ақ мұсылманша сауатын ашқан соң орыс мектебіне берген. Олар әуелі екі сыныптық-төрт жылдық мектепте (двухклассная приходская школа) қазақша, Тілес Федоровка деген селода орысша оқып, төрт жылдан кейін Пресногорьковкада жеті жылдық жоғары-бастауыш мектепте оқыған (семилетняя высше-начальная школа), одан әрі қалаған мамандығы бойынша білім жолына кеткен.
Әкемнің інілері - сол ағалардың екеуі - Махмет, Мүсінбек Таукиндер жоғарыда аталған оқу орнында қазақ әдебиетінің классигі, ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповпен бірге оқыған. Ол жайлы Ғабең өзінің "Суреткер парызы" атты кітабындағы "Мен жазуды қалай бастадым" деген мақаласында анық айтқан. Сәбит Мұқановтың "Өмір мектебі" кітабында да жазылған оқиға желісінде аттары аталып отырады. Олардан кішірек Нұғыман өз бетінше оқыған. Ол өзі бір жүйе әңгіме.
Осы ағалар байдың ұрпағы бола тұра, арғы аталарында үш ұрпақ елін, жерін жаудан қорғаған батырлар (Мама батыр, би - оның баласы жоңғарларға қарсы жаугершілікте Түркі сардар атанған Бөкенбай батыр және би, оның ұлы Сағындық батыр - Тәуке байдың әкесі), яғни тектілер ұрпағы бола тұра қазан төңкерісінен кейін ақ пен қызыл араласқан тұста "қай жақта болу керек" деген сұрақ алдарына көлденең тартылған ғой. Сонда "қызылдар қызыл өртше қаптап келеді, түбінде елге билік жүргізіп, халықты қолға алатын осылар болады, сондықтан халықтың ортасында болуымыз керек" деген шешім қабылдаған екен.
Әкем Нарынбай айтады (1887-1980): "1918 жылы Мүсінбек елден аттанған, содан хабарсыз, қайда екені белгісіз болып кетті. Бір жыл өткен соң енді атаусыз қалмасын, жылын берейік, деп мал сойып, елді жинап ас бергелі жатқанда өзі келді, үсті-басы сапсары-ала - әписер, қылыш тағынған, белінде нәгәні бар. Жиналған жұрт ондай шені бар қазақты бұрын көрмеген ғой, қуаныштан шуылдасып, мәз болдық та қалдық. Сұрастырсақ, қызылдардың кәмәндірі екен. Қостанай маңына жеткен соң бірер күнге сұранып ауылға келіпті". Әкем сол кезді жыр қылып айтатын. Соның бір үзік сыры осы.
Енді бірде ол кісі Махмет жайын жыр етеді. Мақаң өзі жүрген ортада ерекше иықтанып көрінеді екен. Сөз сөйлесе сампылдап, маңайындағыларды орыс-қазағын табындырып қоятын көрінеді. Төңкерістен кейін Урицкий уезд орталығы болғанда сондағы земствоны басқарған. Қостанай губерния болған кезде 1929 жылға дейін сол губернияның прокуроры, ал Қазақ автономиялық республикасының астанасы Алматыға көшкенде республика Бас прокурорының бірінші орынбасарлығына тағайындалған екен. Мақаңның мемлекеттік билік сатысында шарықтап өсуіне кедергі келтірген оның арыз беріп большевиктер партиясының қатарынан өз еркімен шығуы екенін әкем сыбырлап айтатын.
Осы кейінгі жылдарда Қостанай қаласында тұратын туысым, жас жағынан аға Омар Баймағанбетов әр нәрсені түртінектеп іздеп жүретін әдетімен сол жердегі мұрағаттан Мақаңның партия қатарынан шығу туралы берген арызын және оның өтініші орындалғаны туралы құжатын тауып, соның ксерокөшірмесін маған салып жіберіпті. Арызда былай делінген: "Мен әуелде халыққа адал қызмет ету үшін большевиктер партиясының қатарына еніп едім. Енді байқасам, мен мұндай аса жоғары адалдық талап ететін партияның қатарында болуға құқығым жоқ екен. Өйткені, мен байдың баласымын, арғы аталарым батыр болған, ел билеген адамдар. Осындай тұқымнан екенімді жасыруға правом жоқ. Сондықтан партия қатарынан өз еркіммен кетуге рұқсат етіңіздер".
Әрине, бай десе ит көрген ешкідей тікірейе қалатын большевиктер оның өтінішін орындайды. Ал осы арызы үшін тұтқыннан аман қалуы, біріншіден, өзі мойындап отыр, екіншіден, жүрген ортасында беделді болған адамды партия басшылары да "дос" ретінде қаталдыққа бармаған ғой. Мақаң осындай жайлармен мемлекет басшылығына көтерілмеді, бірақ репрессия кезінде екі інісі атылып кеткенде бұл аман қалды, алдын ала көрегендігі сақтап қалған сияқты.
Дегенмен, інілерінің қайғысы болар, ел-жұрттың кездескен апаты да азаматтың қабырғасына батқан болар, ауруға шалдығады. Соғыс кезінде Алматы қалалық соты болыпты. Төсек тартып жатса да қызметін тоқтатпаған. Фаэтон арба есік алдындағы басқышқа тақалып тоқтайды екен, соған отырып сот залына барады, сот процесін жүргізгеннен кейін қайтып келгенде әлгіндей тоқтаған арбадан түсіп, төсегіне жатады. Бұл жайды Жаслима апай тәптіштеп айтатын. Менің әке-шешем, бір Нұрыш деген ағайым Мақаңның қолында болған екен. Жаслима екеуі бірге өсіп келе жатқанда Нұрыш 16 жасында қайтыс болған.
Мақаң 1946 жылы қыста репрессия кезінде атылған інісі Нұғыманның әйелі Қазима шешейді, яғни келінін шақырып алдырыпты. Шешеміз қайнағасын үш айдай күтіп, сол жылы май айында Мақаң қайтыс болған соң Алматыда жерлеп оралды. Жерлеу кезіндегі қаралы жиынды қабірге дейін және асы үстінде Сәбит Мұқановтың өзі басқарыпты.
Мүсінбек қызыл армияның құрамында командир болып, 1933 жылға дейін, яғни большевиктік үкімет "басмашыларды" түгел талқандағанға дейін әскер қатарында болған екен. Олардың армия бөлімі сол кезде Қырғызстан жерінде тұрып, сол жерде таратылыпты. Менің қолымда 1926 жылы әскери киіммен түскен суреті бар. Әскерлік өмірінің соңғы кезіндегі суреті сақталмаған. Әйелі Разия шешеміздің айтуында ол дивизия командирлігіне дейін көтерілсе керек. Разия шешеміз татар жұртынан (Бішкектің жанындағы Тоқмақ қаласынан еді) болса да бауырмал еді. Репрессияға дейін қырғыз елінде комсомол орталық комитетінде жауапты қызметте болған.
Армия бөлімі таратылған соң Мүсінбекті Қырғызстанда РКИ (рабочекрестьянская инспекция) төрағасы етіп тағайындайды. Бұл бақылау ұйымы жиырмасыншы жылдардың бас кезінде Лениннің бастамасымен дүниеге келген көрінеді. РКИ жергілікті жерде республиканың ешбір партия орнына, басшыларына қатыссыз, тек қана КСРО совнаркомы төрағасының алдында есеп береді екен. Сонда олар республика өміріндегі барлық істі ешбір жалтақсыз бақылап отырады. Әрине, қазір бізде де сондай ұйым болса, өтірік ақпарат берушілердің жолы кесілер еді, коррупциялар ашылып, монополистер ауыздықталар еді. Бұл естеліктен туған жол-жөнекейі ой ғой.
1936 жылы КСРО-да үлкен өзгеріс болғаны белгілі. Қазақстан, Қырғызстан автономиядан өсіп, Кеңестер Одағында өзгелермен құқығы тең республика болды. Сол кезде Мүсінбек Таукин Қырғызстан коммунистік партиясы Орталық комитеті хатшыларының бірі болса керек. Бірақ келесі жылы репрессия басталғанда бірінші құрбан болғандардың қатарында кеткен.
Әкем айтады, Мүсінбек жасында жауырыны жерге тимеген палуан еді, деп. Ал ұсталғаннан кейін камерадан тергеуге әкелгенде қан құсып, сөйлей алмай қалады екен. Адалдық үшін күрескен ардагер жалақорларға көп қарсылық көрсетіп, қинаудың неше атасына ұшыраған ғой. Ақыры ол тергеу үстінде өліп кетеді. Бірақ кейіннен атылғандардың тізімі шыққанда солардың қатарында болады.
Нұғыман Оразұлы Таукин - әкемнің ең кенже інісі. Баласындай бауыр басқан, алаңсыз оқуына мүмкіндік жасаған, жарық дүниеден жалалы оқ мезгілсіз жұлып әкеткенге дейін еншісі бөлінбеген сол інісі әкемнің өмірдегі жан тынысындай екен. Соған орай оның қайғысы әкемнің жүрегіне тас шемен болып байланды да өмірінің соңына дейін "уһілеген" үні бір тынбай өтті.
Нұғыман ағаның білімі төңкеріске дейін-ақ сол кездің сұранысына сай биіктен танылады. Ол жаңадан орнап жатқан Кеңес өкіметін жергілікті жерде құрысып тұрақтандыруға жоғарыда айтылған ағаларындай белсене атсалысады. Урицкий уезіндегі кеңестік милиция бөлімін басқарып, өкіметтің сұраныстары ел ішінде бұлжымай орындалуына еңбек еткен.
Қостанай губерниясында да сол қызметке жоғарылайды. Сол тұста осы губернияға басшылыққа келген қазақтың белгілі мемлекет қайраткері, Колчактың Омбыдағы тұтқын лагерінде Сәкен Сейфуллинмен бірге болған, Сібір өкіметін құлатқан қызыл армия қатарында Владивостокқа дейін барып, одан еліне оралып, Қазақстандағы жауапты қызметтерде болған Абдолла Асылбековпен достасады. Сол аяулы достық Нұғыман ағаның арсыз ажал оғына байланар себептерінің бірі.
Жиырмасыншы жылдардың аяғында Кеңес өкіметінде адал қызмет атқарып келе жатқан Нұғыман Оразұлын Оралға Батыс Қазақстанға облыстық сот төрағасы етіп жібереді. Бұл кезде Голощекиннің жауыздық саясаты белең алған шағы еді. Әкем інісінің "Малды құрт, қолыңдағы молотилкаңды (бір жерде тұрып астық бастыратын комбайн тәрізді машина), лобогрейканы, маккормокты (шөп шабатын) сатып жібер, қолыңда бір мал ғана қалсын", деген ақылымен бәрінен арылып, қол қусырып отырған ғой. Бірақ көре алмайтын жыбырлақ ауызды ағайындар жай отыра ма? Әкеме үш қайтара салық салынады. "Ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерінен салынған бірінші салықты қолымдағы барыммен төледім. Екінші рет салынған салықты маңайдағы орыстардан сатып алып төледім. Үшінші рет салық салғанда Қорған қаласы жағына барып, сол жақтан сатып әкеліп төледім. Төлемесең киіз үйдің есігін теріс қаратып тігеді де мәйкот (бойкот) жариялайды. Он күнде төлемесең кулак деп жер аударады. Төртінші салықты күтпей Нұғыманға жетіп жығылайын деп елден қаштым. Бір сиыр мен жалғыз көк атты орталыққа алды. Жол бойында көрмеген қорлығым жоқ, кіші жүз жеріне жеттім", дейді әкем ішіндегі шерін ақтарған бір тұста.
Бірақ Кеңес өкіметі жанталастың үстіндегі ел ғой, білімді азаматтардың қызметін жиі ауыстырып, қай жерде олқылық бар сол жерге апарып тірек етеді. Нұғыман ағаны сол облыстың артта қалыңқыраған бір ауданына партия комитетінің бірінші хатшысы етіп жібереді, одан біраз уақыт өтісімен Алматыға КазЦИК-ке жауапты қызметке шақырады.
Әкем сол облыста Жымпиты ауданындағы Бұлдырты өзенінің бойында бір совхозда қалған екен. 1935 жылдың маусым айында Нұғыман аға Кисловодск курортынан келе жатып ағасына әдейі бұрылып келеді де өзімен бірге көшіріп алып кетпекші болады. Бірақ әкем "Жол-жөнекей көшудің реті болмас, барған соң біреуді жіберіп көшіріп аларсың", деп інісінен ақырғы рет айырылып тұрғанын сезбей аттандырады.
Соның алдында ағамыздың қызмет бабында біраз өзгерістер болған.
Қарағанды облыс болып бөлінген тұста Абдолла Асылбеков облыстық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалады да ол өзінің досы Нұғыманды "бірге қызмет істейік" деп шақырып алған екен. Достықты қадір тұтқан ағамыз Алматыдағы қызметін қиып, Қарағанды облысының жаңадан құрылып жатқан Жаңаарқа ауданының атқару комитетіне төраға болып тағайындалады. Сол ауданның ол кездегі аумағын алып қарасаңыз, қазірде жабылып қалған Жезқазған облысының көлеміне тең еді. Соншама жерді аралап, елді, шаруашылықты басқару оңай болмаған. Аудан орталығына темір жол келгенде митинг ұйымдастырып, сөз сөйлегенін көзі көрген қарттар рахаттана айтады.
Нұғыман ағамыз жайлы Ақмола қаласының құрметті ақсақалдарының бірі - Төкен аға Сүлейменов көп әңгімелейтін. Сонау жас кезінде Жаңаарқа райкомында қызмет атқара жүріп ағамен дос болған екен, үй ішімен араласып көңілді шақтарын өткізіпті. "Алғыр, сауатты азамат еді ғой, райкомның бірінші хатшысы Мәжит оқымаған, жұмысшыдан көтерілген жігіт еді, мәжіліс кезінде оның жөні келмейтін терминдерді орынсыз қолданғанын әжуа етіп, залда күлкі туғызатын, - дейді Төкең. - Нұғыман-ау мұның не, өзі шала сауатты, кешегі жұмысшы байғұсты тәлкек қыласың, десек, - олай болса өз орнын білсін, халықтың басын қатырмасын, - дейтін. Сәкен, Қаныштар қонақ болған кезде де бірге болдым. Сөз жүйесі жарасып, мәжі-лістері асқақтап тұрушы еді, әр әңгімелері тыңдаушыларына ат мінгізгендей әсер ететін", - дейтін Төкең. Ол кісі мен көрген тұста сексенге еркін келген адам еді, қуғын-сүргін кезінде бой тасалап жүріп кейіннен мұғалім, мектеп директорлығынан зейнетке шығыпты. Досы жайлы естелік жазды. Төкеңнің айтуынша сол Жаңаарқа ауданы ерекше қасірет көрген екен. Аудандық ГПУ-дің бастығы Тондықұлов деген жексұрын, азаматтарды баудай орып жатса керек.
Естелік жазған ағалардың бірі Баймұқан Алтынбеков еді. Ол кісі көзіне жас алып отырып, Нұғыман ағаның өзіне (жетім өскен балаға) жасаған жақсылығын айтатын. Қашан сұрапыл қырғын сүріндіргенше Ақмолада оқып жүрген Баймұқанды Жаңаарқаға алып барып, әуелі комсомол ұйымында жұмыс істетіп тәрбиелеп, кейіннен атқару комитеті төрағасының орынбасарлығына дейін көтерген екен. Соғыста ерліктер көрсеткен Бәкеңнің омырауы түгел толған ордендер мен медальдар, өзі денелі, тұлғалы ағаның айбынын асырып тұратын еді. Соғыстан келгеннен кейін Ақмола қаласында, облысында басшы қызметтерде болған. Нұғыман аға жайлы естелігі жүрек толқытады.
Әкем көшіріп әкететін адам жібереді деп жүргенде төбесінен найзағай оғы ұрғандай "Нұғыман Оразұлы Таукин халық жауы" деген хабарды естиді. Жұрт осынау сұмдық сөзді естіген кезде өз көлеңкесінен өзі қорқатын халге келген ғой. Әкем "Қазақстанның он бес жылдығы" совхозының Қоскөл деген бөлімшесінде тұрады екен, суық сөз сол жердегі жұртқа жайылмай тұрғанда жылжып, Қобда өзенінің шығыс жағындағы Ақтөбе облысына қарайтын "Жирекқора" ет совхозы деген жерге көшеді. Еліне - Қостанайға көшуге тағы жол жоқ, ағайындары мына сұмдық сөзді естіген. Ақыры дүрбелең басылған соң келесі жылы еліне - Қостанай облысының Урицкий (Сарыкөл) ауданындағы туған ауылы - Отыншоққа (кейіннен "Маяк" совхозы болған) көшіп келеді. Ауылында ес жиған соң Нұғыманның үй ішін - Қазима келіні мен інісінің жалғыз ұлы Нариманды қолына көшіріп алады. Тағдырдың ғаламатын қараңыз, ағасын қолына көшіріп алмақ болған інісінің үй ішін енді керісінше менің әкем көшіріп алды.
Әке-шешемнің шерменде күйін көріп өстім. Ішіндегі қайғысын туыстарына көрісіп, ақтарып тастай алмай булығып жылайтын, түнде көрпенің астында тұншығып жылайтын. Сол елден ала бөтен ала қайғы менің ішіме де түсіп, бала күнімнен жан-жағыма жалтақтап қараумен жалтақ болып өстім. Өзге емес, ағайындар "Халық жауының тұқымы!" деп көзге шұқитын.
Бала кезімде әкемнің ұйқысырағаны ма екен, күбірлегенінен оянып кетіп жүрдім. Бірде: "Шығады қойға мүйіз сүйек жарып, сағындым мен бауырымды етім арып", деген сөздерін есіме сақтап қалдым. Енді бірде: "Шөмшеңдеп қараторғай тоймайды екен, айрылған бауырынан оңбайды екен", дегені құлағымда қалды. Қайталап сұрауға дәтім шыдамайды, әкеммен бірге іштей тебіренемін, әке-шешемнің сол шерменде күйі түгел маған көшкендей - әлі күнге ағаны еске алсам толқып кетіп, көз жасыма ие бола алмай қаламын. Сірә, сол қайғы менімен бірге қара жерге кіретін болар. Ағалардың сонау бір сұрапыл жылдарындағы жазықсыз жаза тартқанын сол күйінде сезініп, сол күйінде тебіренетін адам біздің тұқымда жалғыз мен ғана, өзгесінің бәрі де дүниеден өтті.
1958 жылы Жоғарғы сотқа сұранып жүріп "өлген соң ақталды" деген хабар алып, жылап-еңіреп жүріп асын бердік, құран оқыттық. Жетпісінші жылдардың ортасында "атылғандар" тізімінен ағаны көріп және қайғының шоғына қақталдық. Бұрын "жиырма жылға немесе жиырма бес жылға кеткен болар, Сібірдің бір жерінде тірі жүрген шығар" деп өзімізді өзіміз ауалайтынбыз. Алғашқы хабардан мына соңғы хабардың "атылды!" деген сұсты сөздің түсі суық екен. Адам баласының басына бермесін!
Кейіннен, еліміз егемендік алған соң Ақмола облысының ҰҚК бастығы - генерал Тастанбеков Абылайға өтініш етіп, Нұғыман ағамның і-сқағазын бұрынғы КГБ-ның мұрағатынан алдырдым. Қалыңдығы қарысқа жақын папка екен, сол мекеменің бір бөлмесінде отырып қарадым. Бірақ ештеме көшіріп ала алмадым, қараймын да жылаймын, қараймын да жылаймын. Жұбайым Айманды алып барып оқытып көрдім, мендегі қайғы оған да ауғандай, ол да көз жасымен егілді. Сөйтіп жүргенде бір ай өтіп кетіпті , құжат кері қайтарылыпты. Абылай ініме айтып тағы да ағаның іс-қағазын қайтарып алдырдым. Бұл жолы қызым Салтанатты алып барып, негізгі жерлерін оқытып диктофонға жаздырып алдым.
Бірақ мақала жаза алмадым, қолыма алсам болды , толқып кетем. Папкадан ағамызды алдына тура қаратып, қырынан түскен суреттерін, паспортын алғанмын. Сол қиналып жүргенімді байқаған ғой, редакциямызға ("Сарыарқа" журналы) жиі келетін Клара Әмірқызы дейтін апай:
- Нұрғожа, қалқам, сен қиналып жүрсің ғой, осы тақырыпты маған берші, мен жазайын, - деді. Қуанып кеттім, мойнымнан бір ауыр жүк түскендей болды. Жазды. Сол құжаттан байқап таңқалғаным - ағамыз өзінің досы Абдолла жайлы аузына да алмайды, "Мансұр Гатауллин айтты, Гатауллин тапсырма берді", дейді. Сол кезде ұсталғандардың сырын бұрынырақта - алпысыншы жылдарда Қазақстан Жазушылар одағының облысаралық бөлімшесін (тың көтерген бес облыс) басқарып жүргенімде орыс әдебиеті бойынша кеңесші болған Александр Абрамович Дубовицкий дейтін ақсақалдан естіп білгенмін. Ол кісі отызыншы жылдарда Алматыда шығатын "Әдебиет майданы" журналының орыс тілінде шығатын қосымшасы бойынша бас редактор Сәкен Сейфуллиннің орынбасары болған адам. 1937 жылдарда Қарағандыда статистика басқармасының бастығы болған екен. Бұл да революцияға қатысқанына қарамастан үй тұтқыны болыпты. Сол кісі қалай сақтағанын кім білсін, "Индустриальная Караганда" газетінің 5-6 нөмірін сақтап қалыпты. Бір сырласып отырғанда үйінен әкеліп көрсетті.
Газетте обкомның екінші хатшысы М.Гатауллин мен облыстық атқару комитетінің төрағасы А.Асылбековтің тергеушіге берген жауаптары жарияланыпты. Гатауллин: "Ие, ұлттық фашистік партияның болғаны рас (национальная фашистская партия), оған мына адамдар мүше болды", деп жиырма шақты адамның тізімін береді. Енді Асылбеков оның партия жөніндегі көрсеткенін қайталайды да "Гатауллин толық айтпай отыр, біздің партияда мына адамдар да мүше болды", деп тағы да жиырма шақты адамның тізімін береді. Мен қатты ренжіп, "Мыналар жынданған ба, өмірде болмаған партияны зорлық көрген соң "бар" десін, жарайды. Ал соншама адамды еселеп-еселеп неге ұстап береді!" десем, Александр Абрамович: "Сен олай ренжіме. Ол тізім бұрын дайындалып қойылған, тізімге енген сол адамдарды бұлар білмейді де. Қинаудың түр-түрін қолданып, естерінен ауған тұста "қолыңды қой" деп алдына тосады. Біреулері есеңгіреп отырып қалай қол қойғанын да аңғармайды, екіншілері қинаудан титықтаған кезде "әй, бәрібір өлемін ғой, тым болмаса бір сәтке жаным тынышталсын", деп қоя салады. ГПУ-дің қинауы ортағасырлық инквизиторлардан да, фашистерден де әрі өткен. "Құдай оны енді қайталатпасын!" дейтін жабырқап.
Әлгі ағаны қаралаған құжат папкасының соңғы бетінде 1938 жылы 11 мартта Алматының жанында (С. Сейфуллиндер атылған жер болса керек) атылғаны, оқ қай жерден қалай кіріп, қалай шыққаны, тесіктің орны қанша миллиметр екені көрсетіліп, жаны шыққан уақытына дейін жазылып жасалған акт жүр. Кәдуілгі колхоз кезінде өлген малға акт жасайтын еді ғой, тура сол сияқты.
Осы уақытқа дейін жаза алмай жүрген қайғы сырының бір ұшы осындай еді, толық жаза да алмаспын, тек осынау қаралы күндерде сол абзал ағаларымның аты бір аталып, оқырмандарды сәл уақытқа болса да ойландырсын деген оймен тебіреніп отырып қалам тарттым, ауыр ой үстінде көзім бұлдырап, сөзім іркістеніп кетсе, халқымнан кешірім сұраймын! Әкем мені інісіне жабылған қара пәледен аулақ қыламын деген болар - інісі Нұғыман Оразұлы Таукин болса, маған "Оразов" деген фамилияны жазыпты.

2.Парасат биігінде

Адамдық мәртебесі - білім-білік, ой-сана дәрежесіне, кісілік, әдептілік мә - де - ниеті - не, тә - лімгерлік өнегесіне, ұшан-теңіз тындырған ең - бегіне, елге жа - саған қызметіне орай өл - шенеді. Ел ағасы, көркемсөз құлжасы атану, атаның жүгі - атанның жүгі дегенге лайық болу - ақын, майталман журналист, әдебиет зерттеушісі, халық мұрасының бі - лім - пазы, ұлы Әуе - зовтің шәкірті Нұр - ғожа Ораздың маң - дайына бұйырған бақыт!
Сөз зергерінің қолынан 50-шақты кітап жазылған. Бұл бір байтақ көркемдік дү - ниесі. Соның ішінде Шұғыла (1970), Кө - ңіл көк - темі (1975), Тың түлегі (1977), Қырандар ұясы (1979), Тың ыр - ғақтары (1984), От кешкен балалық (1986), Өрімталдар (1989), Сарыарқа сыр - лары (1999), Мәң - гілік махаббат (2000), Дәуір додасы (2001), Мама батыр (2002), Ай-Марал (2006), Үш - та - ған (2012) дейтін жыр жи - нақ - тарының әрқайсысы алуан-алуан сыр шертіп, қия - лыңды қозғайды. Адамзат пен ғалам - зат - тың біртұтастығы, сонымен қатар барлық пен жоқтықтың, жастық пен қарттықтың, уайым мен шаттықтың, әділет пен әді - лет - сіздіктің, жақсылық пен жаманшылықтың қарама-қарсылығы жалғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі. Көркемдік ізденістер. Р. Мұқанова, Т. Ахметжан, Н. Ораз шығармаларын талдау
Жазушы шығармашылығы және жариялануы
Қазақ әдебиетінде проза жанры
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин
Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Тұманбай Молдағалиевтің өмірбаяны
Ақан серінің махаббат лирикасы және Құлагер тұлпардың қазасы
Қорқыт ата жыры және қазақ әдебиеті
Қалижан Бекхожин өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың басым бөлігі - романдар
Пәндер