Сан қырлы Серік Қирабаев
Жоспар
1.Сан қырлы Серік Қирабаев.
2. Ұстаз.
1.Сан қырлы Серік Қирабаев.
2. Ұстаз.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тіл және әдебиеті кафедрасы
Пән Қазақ әдебиеті сынының тарихы
Баяндама
Тақырыбы: Сан қырлы Серік Қирабаев
Мамандығы: 5В020500-филология: қазақ тілі
Орындаған: Мирманова.А.Р.
11-322- 22 2ВПО
Тексерген: аға-оқытушы,
филолог-магистрі-Тулегенова.Ш.И..
Қостанай, 2013 ж.
Жоспар
1.Сан қырлы Серік Қирабаев.
2. Ұстаз.
Сан қырлы Қирабаев
Білім саласына, әдеби-мәдени және ғылыми ортаға танымал Серік
Смайылұлы Қирабаев – бүгінде ел ақсақалы, әдебиеттану абызы дәрежесіне
жеткен тұлға.
Әдебиет, мәдениет және білім саласы мамандары үшін академик
Қирабаев атанған абзал азаматтың кемі алпыс бес жылдан асатын шығармашылық
дәуірі ұлтымен бірге жасап, халқының рухани тағдырымен бірге өріліп келеді
десек жаңылыспаймыз.
Серік Қирабаевтың шекпенінен шыққан шәкірттерінің бірі ретінде қарт
ҚазПИ-дің ескі ғимараты мен сықырлаған парталары елестейтін тәтті түсімізде
ол кісіні ағай! деп ағаласақ та, өңімізде академик Қирабаев деп
мақтанатынымыз рас.
Қазір ғылым талабының қиюы
қашты ма, әлде адамдардың біліми талғамы әлсіреді ме, әйтеуір мәртебелі
академия дегенді де, ҚР ҰҒА дегенді де ұмыта бастағандаймыз. Қарапайым
шенеунік пен PhD үміткерлеріне түсінікті болсын, біздің Серік ағай – Қаныш
Сәтбаев құрған академияның академигі. ҚР ҰҒА – Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясы. Яғни, ғылымның тасы өрге дөңгелеген кезең
академиясының мүшесі.
Асылы, академик С.Қирабаев – бақытты ғалым.
Өйткені, ол қиындықты да, қиындықтан сабақ алған кезеңді де, сол сабақтың
кеңес заманы мен тәуелсіздік тұсындағы қызығын да, шыжығын да көрді және
көріп келеді. Ғалым осы үдерістің бәрін әдебиет аясында қарастырады.
Әдебиет – ұлттық мәдениеттің бір саласы. Оның дамуы ұлттың тілімен,
ділімен, ұғым-түсінігімен, парасатымен, дүниетанымымен тікелей байланысты.
Осының бәрі көркем туынды арқылы көрініп, халықтың санасына сіңген, оның
рухани өмірін қалыптастырған. Әдебиет туралы ғылым көркем әдебиеттің осы
жолдағы ізденісін, ойлау мен бейнелеудің жолдарын жинақтайды,
қорытындылайды, дейді ғалым.
Кейде XX ғасыр әдебиеті мен әдебиеттануы несімен
ерекшеленеді? деген сұрақ қойыла қалса, оған: Аталған ғасыр таланты
терең, қабілеті ерен ақын-жазушыларды шығарып қана қоймай, көркемөнерді
түптеп зерттей алған әдебиетшілерді дүниеге әкелді деп жауап қайырып
жатамыз. Әдебиет – арғы ғасырлардан жеткен сөз болса, әдебиетші – сол
ғасырдың сөзі. Ұлт руханиятында әдебиетті жеке-дара зерттеу нысанасы етіп
қарастыру XX ғасырдың басынан Ә.Бөкейхан мен А.Байтұрсынұлы бастаған Алаш
тұлғаларының еңбегінің арқасында ғылым арнасына түсті. Оның буыны беки
бастаған кезі – 20-жылдар болса, қаз-қаз тұрып, алға адымдаған шағы – 50-60
жылдар. Ұлт пешенесіне жазылған тағдыр солай болған шығар, әдебиет
зерттеуді ғылым арнасына түсірген Алаш зиялыларының бәрі дерлік 30-жылдары
тоталитаризм құрбаны боп кете барды. Ал бұл саланы қалыптастырған олардан
кейінгі екі буынға әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында жұмыс жасау оңайға
түспеді. Оның үстіне соңғыларының балалық шағы – қазақты жаппай қырған
ашаршылық жылдарына, жасөспірім-бозбала кезі – фашизмге қарсы соғыс
уақытына тура келді. Яғни, олар балалық бал дәуренімен, қамсыз бозбала
шағымен амалсыз ерте қоштасты. Бұларды еңбек ерте есейтті. Сондықтан да осы
толқын руханияттың еңбекторысы деген теңеуге әбден лайық.
Қазірде аға
буын аталып отырған оларды бүгінгі орта буын жиырма жетінің ардақтары деп
атайды. Бұл – бір мың тоғыз жүз жиырма жетінші жылы туған талантты
әдебиетшілер деген сөз. Осы буынның көшбасындағы азаматтардың бірегейі –
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Серік
Қирабаев екені жұртқа мәлім.
Руханият еңбекторыларының әдебиеттану
әлеміне алып келген не жағдай еді? Тарихқа сәл-пәл үңілейік. 1956 жылы
өткен коммунистік партияның XX съезінен соң ұлт рухына үңілуді тыйған
қатаң жағдай біршама түзуленді. Қуғын-сүргінге ұшырап, ондаған жылдар бойы
туған топырағынан күшпен, зорлықпен аластатылған зиялылар елге орала
бастады. Әдебиетте соны серпін, ерекше аяқалыс бірден көзге шалынды. 30-
жылдары тіптен айтуға мүмкін емес руханияттағы тылсым құбылыстар шетінен
сөз етіле бастады. Әдебиет пен мәдениеттегі ақтаңдақтар біртіндеп қайта
бағасын алып, халық игілігіне айналып жатты. Бірақ бұл үдеріс тым баяу,
қорғаншақтап жүрді. Коммунистік иерархияның ең жоғары баспалдағындағылар
И.В.Сталин қазасынан соң жеке басқа табынушылықты, орынсыз саяси қуғын-
сүргінді сын нысанасына алғанмен, тоталитаризмнің бет-пердесін ашу
бағытындағы жұмыстарды дәйекті жүргізуге кейбірінің батылы, қайсыбірінің
азаматтығы жетпеді.
Алайда, әдебиетіміз бұл жылдары
солақайлыққа ұрынбай, әсіре саясиланбай, көркемдік қуаты айрықшаланып, бел-
белестерге көтерілді. Әдебиеттану мен сынымыз да толысып, жүйелене түсті.
Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі мен 6 кітаптан тұратын 3 томдық
Қазақ әдебиеті тарихы жазылып, әдебиетке ынтызар қалың қауымға ұсынылды.
Әдебиетшілер әдеби үдерістің өткені мен қазірі жайында монографиялар,
іргелі зерттеулер жаза бастады. Бұл еңбектер бұрындары жазылған мақала-
зерттеулерден ғылымилығымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленді.
Әдебиеттану білімді, сындарлы пікірлі жас зерттеушілермен толықты. Сол жаңа
толқын әдебиет туралы шын сөйлей алды. 50-жылдары саяси айып тағылып,
қуғындалған Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев сынды қаламгерлер соны ойлы
әдебиетшілерге көшбасшы болды. 1955 жылғы желтоқсанда Қазақстан Жазушылар
одағы басқармасының II пленумында әдебиетші Айқын Нұрқатов Жас сыншылар
мен әдебиет зерттеушілердің еңбегі атты баяндама оқып, онда қазақ
сыншыларын әдебиеттің теориясы мен методологиясын тыңғылықты меңгеріп,
қаламгерлердің, шығармалардың жеке-дара ерекшеліктерін, артық-кемшілігін
дөп тауып, шынайы, бейсаяси тұрғыда зерттеуге шақырды.
Жеке басқа табынушылық әшкереленгеннен кейінгі уақыттағы
әдебиеттану мен сынның барысы сөз етіле қалғанда, алды сол шақта 30 жастағы
талантты әдебиетші һәм сыншы жастар легіне қарап жаңа толқын келді деп
тұжырымдаймыз. Бұл толқын – кешегі қаламгер ағаларының жазықсыз құрбан
болғанын білген, өздері де ептеп саясаттың содырлығын көрген,
әдебиеттанудың ақсап жатқан тұстарын аңғарған жастар еді. Олардың лек-
легімен әдебиеттануға келуіне, бір жағынан, халықтың рухани өрлеуі мен
серпілуі себепші болды.
Жаңа толқынның талантты өкілдері ретінде
Серік Қирабаев, Айқын Нұрқатов, Қалжан Нұрмаханов, Мырзабек Дүйсенов,
Мүсілім Базарбаев, Зейнолла Қабдолов, Рахманқұл Бердібаев, Тұрсынбек
Кәкішев, Зәки Ахметов, Сейділда Ордалиев, Баламер Сахариев, Бекмұрат
Уақатов, Әнуар Дербісәлин, Нығымет Ғабдуллин, Темірбек Қожакеев, Әбділхамит
Нарымбетов, Көбей Сейдаханов, Тұрлыбек Сыдықов, Шерияздан Елеукенов,
Шәмшиябану Сәтбаева, Үшкілтай Субханбердина сынды жастар шығармашылығы
айқын көрініп, халыққа таныла басталды. Отызында әдебиеттанудың ордасын
бұзбай қабырғасын қатайтуға білек сыбана кіріскен Серік Қирабаев жылымық
жылдары әдебиет тарихын зерттеу мен тұсындағы әдеби үдеріске сын жазуды
қатар алып жүрді. Ғалым әдебиет тарихына ағартушы қаламгер Спандияр
Көбеевтің есімін кіргізіп, 1958 жылы ол жөнінде монография жариялады. Сыншы
әдеби үдеріске жіті қарап, Ғабиден Мұстафин мен Мұқан Иманжановтың
қаламгерлік қабілет-қарымын анықтады. 1956 жылы Ғабиден Мұстафин атты
сыни-ғұмырнамалық әліптемесі жарық көрді. Ал 1959 жылы ол Мұқан
Иманжановтың шығармаларын жинастырып, алғысөз жазып жариялады. 1960 жылы
сыншының Өрлеу жолында атты жинағы жарық көрді. Ғалымның бұл жылдардағы
зерттеуінің бір бөлігі С.Сейфуллин шығармашылығымен байланысты.
Зерттеушінің 1962 жылы Сәкен Сейфуллин атты монографиясы басылып шықты.
Серік Смайылұлы осы кезеңде орта мектептің 9 және 10-сыныптарына арналған
Қазақ әдебиеті оқулығын жазуға да атсалысты. Бұл шақты академик былай деп
еске алады: 50-жылдардың басында Қазақстанды ұлтшылдықпен күрес науқаны
биледі. Мектеп оқулықтарынан қателер тауып, Қажым, Есмағамбет сынды
ағаларымызды ұстап әкетті. Мектеп оқулықсыз қалды. Сол кезде оқу
министрлігі мені, Мүсілімді, Айқынды, Зейнолланы жинап алып, оқулық
жаздырды. Кейін Қажекеңдер айдаудан келді. Ол кісіні авторлардың бірі
ретінде қалдырғанымда, қарсы болғандар кездесті. Мен дәлелдеп атын
қалдыруға себепші болдым. Сөйтіп өзі дүниеден өтсе де, оқулықтардағы аты
жаңа оқулық авторлары шыққанша түскен жоқ.
Ғалым сонымен бірге, жоғары оқу
орнының оқытушылары мен студенттеріне арнап XX ғасыр басындағы қазақ
әдебиеті (Б.Кенжебайұлымен бірігіп), Кеңес дәуіріндегі әдебиет атты
оқулық та жазды. Профессор С.Қирабаевтың оқулығынан сан мыңдаған қазақ
шәкірттері әдебиет пен әдебиеттанудың әліппесін үйренді.
Жалпы, академик С.Қирабаевтың ұстаздарына деген құрметі,
ниеті бәрімізге үлгі. Мысалы, ол академик Қ.Жұмалиевті іркері болмайтын,
барын шәкірттерінен аямаған ұстаз деп бағаласа, С.Аманжолов, А.Ысқақов,
Т.Нұртазин, Ш.Сарыбаев сынды профессорларды үйреткені көп ұстаздарым деп
ардақтап еске алады.
Дей тұрғанымен, әдебиет
алыптары атанған Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Ғабит
Мүсірепов секілді Секеңнің сыйлас, құрметтес ұстаз-ағаларын ілтипатпен атап
кетуінің жөні бар. Осы алыптармен аралас-құралас болып, әрқашан таланты
түгесілмеген Жазушылар одағының маңызды шараларының ортасында жүрген ғалым
әдеби қауым туралы ықыласты сөзін төмендегіше жеткізеді: Қырық жылдан
астам жазушылар ортасында болып, одақ жұмысының қыры мен сырына қанығу мен
үшін үлкен өмір мектебі еді.
Әдебиетке жиырма үш жасында келген талантты
жас сыншы, әдебиетші, ғалым А.Байтұрсынұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов,
Қ.Жұбанов бір кездері қызмет жасап, ғылымда мектеп калыптастырған Абай
атындағы ҚазПИ-де студент те, аспирант та болып, білім нәрімен сусындады.
Көп оқыды, көп тоқыды. Қазақ баспасөзіне студент күнінен араласты.
Аспирантурада оқи жүріп, Әдебиет және искусство журналының қызметкері
болды. Қаламгер сол тарихи 50-жылдардан бері ұлт баспасөзінің, Міржақып
Дулатұлынша айтқанда, ұлт үмесінің, қайнауында жүрді. Алғаш Пионер
журналын (қазір Ақ желкен) басқарды, кейін Социалистік Қазақстан
(бүгінгі Егемен Қазақстан) газетінің бөлімін меңгереді. 1958 жылдан күні
бүгінге дейін өзі түлеп ұшқан ҚазПИ-де ұстаздық етеді. Академик
Қ.Жұмалиевтен кейін жиырма жыл осы оқу орнының қазақ әдебиеті кафедрасына
жетекшілік етті. Бес жылдай институттың проректоры болды. 1988 жылдан 1995
жылға дейін Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер
институтына басшылық жасады. Осы ірі ғылым ордасының директоры бола жүріп,
институттың абайтану бөліміне жетекшілік етті. Астанада Елбасының
бастамасымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ашылғанда,
жасының егде тартып қалғанына қарамай, осы оқу орнының әдебиеттану және
алаштану саласын қалыптастырып дамытуға қол ұшын берді.
Жоғарыда аталған ірілі-ұсақты қызмет дәрежесіне
С.Қирабаев табан ақы, маңдай терінің арқасында жетті. Мысалы, әдебиеттің
көшбасшы мекемесіне ол кісіні институт ұжымы қалап шақыртып, көпшілік
дауыспен сайлағанын бүгінде зиялы қауым тегіс біле бермейді. Сыншы ретінде
Серік Смайылұлы 50-жылдардан Тәуелсіздік кезеңіне дейінгі әдебиетте өз үні
бар жасамыс та, жас та ақын-жазушылардың шығармаларына әділ талдау жасады.
Әдебиетші, айталық, марқұм Мұқан Иманжанов пен Жұмағали Саин
шығармашылығындағы шеберлік һәм ерекшелікті 50-жылдары-ақ дөп айта алды.
Сондай-ақ ол марқұм Оралхан Бөкеев прозасындағы психологизм сырын,
Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Б.Қыдырбекұлы, т.б. романдарындағы тарихи шынайылық
пен көркемдік шешім мәселесін, Қ.Аманжолов, Ә.Тәжібаев, С.Мәуленов,
Х.Ерғалиев, Ф.Оңғарсынова, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев поэзиясындағы лиризм,
пафос, философиялық ой-толғам жайын жан-жақты қарастырды. Зерттеуші
С.Қирабаев әркез әдебиеттің өткен жолы мен қазіргі бағыт-бағдарын салыстыра
отырып талдау жүргізді. Бұл ретте ол ХVІІІ-ХІХ ғасыр ақын-жазушыларының
шығармаларына, әсіресе зар заман әдебиетінің өкілдеріне, Абай мен оның
төңірегіндегі ақындарға, Шоқан мен Ыбырайға, Сәкен, Ілияс, Бейімбет,
Мұхтар, Сәбит, Ғабит мұрасына қайта-қайта оралып, өз тұсындағы қаламгер
еңбегіне алдыңғылардың биігінен қарады. Әдебиетіміздегі көркемдік пен
шеберліктің эволюциясына ғылыми сипаттама беруге көп қайрат жұмсады.
Ғалымның Өрлеу жолында, Октябрь және қазақ әдебиеті, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz