Жұматай Сабыржанұлының сатиралық шығармалары
Жоспар
1. Жұматай .сатирик жазушы./Әминамен сұхбат/
2. Жұматай ұсынған баталар.
3. «Өкпелесең өзің біл» атты кітабы .өшпес туынды./үзінділер/.
4.Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тіл және әдебиеті кафедрасы
Пән: Қазіргі қазақ әдебиеті
Бақылау жұмысы
Тақырыбы: Жұматай Сабыржанұлының сатиралық шығармалары
Мамандығы: 5В020500-филология: қазақ тілі
Орындаған:
Мирманова.А.Р.
11-322- 22 2ВПО
Тексерген: аға-оқытушы,
филолог-магистрі-Тулегенова.Ш.И.
Қостанай, 2013 ж.
Жоспар
1. Жұматай –сатирик жазушы.Әминамен сұхбат
2. Жұматай ұсынған баталар.
3. Өкпелесең өзің біл атты кітабы –өшпес туынды.үзінділер.
4.Қорытынды.
От ауызды, орақ тілді журналист, тілі тиген жерін ойып түсетін Жұматай
Сабыржанұлы марқұмның мақтанышпен жазған бір сөзі ойға оралып тұр. Қаламым
қырт болмапты дейді. Онысы аз жазсам да, саз жазыппын дегені. Қазақта
сөз киесін дәл осылай, Жұматайша қастерлеп өткен, қаламын ұсақ-түйекке
былғамай кеткен журналист қадау-қадау.
- Әдетте, қалам ұстаған қазақты Алматыдан iздейтiнбiз. Таланттар тек
Алатаудың бауырынан табылуы керек сияқты көрiнетiн бiзге. Ақиқатында, қын
түбiнде жатқан қылыш ел iшiнде аз емес-тi. Солардың бiрi – жезкиiгi
жосылған Арқада ана тiлдiң сөлiн таңдайына татырған торғайлық Жұматай
Сабыржанұлы едi. Қалың елге Ана тiлiндегi қысқа, нұсқа хабарларымен кең
танылған Жұматай ағаның алғашқы туындылары қашан, қай басылымда жарық
көрдi?
- 1969 жылы мектеп бiтiрген соң мен Аманкелдi аудандық Тың шұғыласы
газетiне мәшiңкешi болып орналастым. Төселiп алған соң шығармашылық жұмысқа
араласып, жеңiл-желпi хат қорыта бастадым. Көп ұзатпай редакторымыз
Бөгетбай Әлмағамбетов әдеби қызметкер етiп қабылдады. Журналист тапшы. Бiр
күнi Жұматай деген жiгiттiң Шофер назы деген өлеңi түстi. Редакторымыз
Өлең жазған адам мақала да жаза алады. Бiзге тiлшi керек деп жұмысқа
шақырды. Екеумiз бiр кабинетте отырамыз. Ақкөңiл, қалқам, қалқам деуден
аспайды. Мен де оның бес жас үлкендiгiн ескерiп, аға тұтып, сыйладым.
Мақаласы өте қысқа, алпыс жолдан асырмайтын. Өзгелердiң толтырып екi бет
жазғанын екi сөйлеммен түйiп айта бiлетiн дарыны бар. Бiрақ, өзi аздап
жалқаулау екен, запас бермейдi, газет шығатын күнi бiр-ақ әкеледi.
Ауданымыздағы сын мақаланың шеберi Мүсiлiм Сәпиевке елiктеп, Шаншар деген
сықақ беттi жүргiздi. Оған шыққандарды бiреулер жөн-ақ қой деп риза
болып, ендi бiреулер ойпырмай, тағы не жазды екен? деп баспалап оқитынға
жеткiздi.
Аты ауызға iлiге бастады. Кейiн екеумiз үйленiп, Арқалыққа, облыстық
Торғай таңы газетiне ауыстық. Мансап, қызмет қуған жоқ, қаламына,
қарымына сүйендi. Өресiнiң жетер жерiн жетiк бiлдi. Жақсыға қуанатын,
жамандыққа, аярлыққа жаны қас. Басың кетедi деген сайын, өршеленiп, iзiне
түсiп, iндетiп, маңдайы тасқа тисе де, қоймады. Өзiнiкi дұрыс болса,
табандылықпен, өжеттiкпен дәлелдейтiн. Құмырсқаның да сауыры бар деген
тұңғыш әңгiмесiн өзi қызмет етiп жүрген газетке өткiзе алмай, Социалистiк
Қазақстанға жiбердi. Оған шыққан соң Торғай таңы мұның талантын
мойындаса да, қорықса да, әйтеуiр, көшiрiп басты. Ол жерде он жетi жыл
еңбек еттiк. Облыс жабылып, арнайы жолдамамен Целиноград облыстық газетіне
орналасты. Сөйтiп жүргенде тәуелсiздiк туып, жаңа ашылған Қараөткел
газетiнде Алдан Смайыловпен бiрге қызмет еттi. Кейiнiрек Ауыл газетiне,
Аруанаға, сосын Ана тiлiне ауысты. Астана болған Ақмолада күнде бiр
жаңалық, күнде кемi бiр проблема... Ақпарат, хабарларды түйдек-түйдегiмен
Алматыға жолдап тұрды. Жазу стилiне бола жұмысқа алған Жарылқап
Бейсенбайұлын қатты сыйлайтын. Бес жыл бойы редакторын көрмей жұмыс
iстеген Қазақстанда жалғыз мен шығармын деп күлiп жүретiн. Он үш
редактормен қызметтес болды. Менiң редакторларым деген кiтап жазамын
деушi едi. Еркелiгiн көтерген де, қиқарлығын түсiнген де, жаны ашыған да,
жанын ауыртқан да басшылар болды ғой...
Жұматайдың бiр жақсы қасиетi – кәсiбiне адал. Аудандық, облыстық, астаналық
деп бөлмей, газеттiң бәрiне сапалы мақала берiп тұрды. Онсыз да қысқа
жазатын адам, кiшкентай хабардың өзiн кемi үш рет қайтара көшiретiн. Менiң
қысқа жазғыштығым газеттiң сын-сықақ бұрышын жүргiзгеннен дейтiн. Бiрақ
оның қиындығы да болды. Қазақ ақпарат агенттiгiнде тiлшi болып жүргенде
ақпараттың табиғатын мойындағысы келмей, қаламын безеп, хабардың соңына сын
түйреп тастауға қолы жүгiрiп тұратын. Бұл жер сын айтатын орын емес! деп
түсiндiрсе де, көкейiмдегiнi айтқызбадың деп басшыларға өкпеледi. Жоғары,
төмен ресми билiктiң тiрлiгi тез арада төрт аяғынан тең басып, қоғам жедел
дами қоймады, соны жаза қоймадым деп бұлқынып, ноқтаға басы сыймады.
Әйтеуiр сыннан басқаны танығысы келмей өттi ғой дүниеден.
- Ұлы адамның үнiн естi де, үйiне барма деген. Жаратылысы жайдары жан,
бiрақ жазған сындары алдынан келгендi тiстеп, артынан келгендi теуiп
тұрған кiл асау. Табиғатында қандай едi ол кiсi?
- Жұматайды әкесi Асауқара деп айтатын. Анасынан гөрi әкесiне пейiлдi
едi. Оның себебi бар. Алдындағы перзенттерi шетiней берген соң ырымдап,
мұны Рахима деген үлкен енемiздiң бауырына салып, сол ананың емшегiн емiп
өсiптi. Қазақ әйелi, әдетте, өзге ата-анаға берген баланы менен туды екен
деп көзiнiң қиығын салуға батпаған ғой. Кейiн iзiнен iнiлерi ерiп, бала
тұрақтаған соң әкесi мұны ерекше жақсы көрген. Арғы аталары батыр, басынан
сөз асырмайтын намысқой әрi заманында саятшы болған екен. Сол қасиеттер
Жұматайдың қанына бiтiптi. Ақкөңiл жаратылған жан, бiрақ, бiреудiң,
әсiресе, әкiм-қара, ұлықтардың адамгершiлiктен аттағанын көрсе, қиылып
кетсе де, тiлiн тiстеп, қарап отыра алмайтын. Кей шенеунiктiң өресiздiгi
мен айналадағы, қоғамдағы келеңсiздiктерге шыдамай, арпалысамын деп өзiне
жау тауып ала бердi. Дегенмен, ...айға шабар арыстан, артқы аяғы мерт болар
деп жыраулар айтқандай, алдау-арбау, көзбояушылық Жұматайды да жуасытып,
еңсесiн басқан да кезi болды...
Мен өзi әп деп мақала жазуды сыннан бастаған қарағыммын дейтiн Жұматай. 6-
класта оқып жүргенде Араға Клубта құлып тұр деген сын мақаланы
жiберiптi. Журналға шығады деп жүрсе, олар хатты аудандық атқару комитетiне
тексертуге жолдап, аудан ауылды, ауыл мектептi қысқан. Мұғалiмдер қарғадай
баланы мектеп линейкасына салып, ауылымызға ұят келтiрдiң, мектептiң
қабырға газетiн, аудан, облысты менсiнбей, аяқты Алматыға саласың деп, бар
оқушының көзiнше жер-жебiрiне жеткен. Шындық екенiн iшi бiлсе де, мұнысы –
тентектiк деп, тауын шақты. Кейiн Япыр-ау, жалған намысқа жығу, ақиқатшыл
адамды басып, адымын аштырмау дегенге мен сол кезде-ақ ұрынған екенмiн ғой
деп қыжылын айтып жүрдi. Бала күнiнде маңдайға тимеген нәрсеге қауiп-
қатерге қарсы шабатын, тас шайнап, от бүркiп тұрған жiгiт шағында бой бере
ме?! Бiр Жұматай түгiлi, жүз Жұматайдың өзегiн өртеген кеңестiк жүйеге тап-
тап берiп, Совет одағының ажалды ауруы – өзiн-өзi алдау деп тiс
қайрайтын.
1974 жылы Торғай таңы газетiндегi Аспаннан қозы түстi деген фельетонның
iзiмен Правдаға шыққан Кого уколили строки деген мақала облыстың
басшыларын ойбайлатқаны бар. Сонда да қанағаттанбай ақиқатын бәрiбiр
айтпай отыр, бiрiнiң көзiн бiрi шұқысын ба, өз дәретiн өзi көмiп қоятын
мысық құсап жапты, бiттi дейдi. Тiлi у ғой өзiнiң. Оның осы тiлi талай
жерде басын жұта жаздады. Ол уақытта мен – тележурналиспiн. Күйеуiмнiң
мақаласы шыққан күнi қызметке елден бұрын келемiн. Жұмысымды мұқият
атқаруға тырысамын. Бiрақ бәрiбiр жоғары-төменгiлер мiн табады. Жұматай
отыра қалып, бiрдеңе жаза бас-таса, мазам қаша бастайтын. Әй, сен, осы
елдi алатайдай бүлдiрiп тағы не жазып жатырсың? Тiлiңнiң тiкенiн қадамай,
ешкiмге тиiспей тыныш отыршы? Бала-шағаңа қайғысыз қара су iшкiзесiң бе,
жоқ па! Елде нең бар-ей? десем, Әй, ендi кiм айтады? Жарайды, мен
айтпайын, анау айтпасын. Бiр адам басын тiгу керек емес пе? Жеке басына
тиiсiп жатқан жоқпын, қолындағы жұмысын дұрыс атқармаса қалай шыдайсың?
Дамыған елдерде сынды жақсы қабылдайды, қуанады дейдi. Өй, бiздiң адамдар
нәзiк. Президенттiң өзi жақсы қабылдар, айналасындағылардың өресi жеткен
жоқ. Қой деймiн!!! Аналар тағы да сенiң үстiңнен арыз түсiрiптi. Олар
бастыққа жақсыатты болады, күйе жағылып сен қаласың десем, Мейлi, олар,
керек десең, маған қарыздар! Өйткенi ұлықтарға жағынатын ретiн тауып
бердiм. Бастықтар да кiмдi айтақтауды бiледi. Бәрiбiр менiкi – жөн, менiкi
– ақиқат деп тiлiн безеп, айбат шегуiн қоймады.
- Рас болса, басы жұмыр бiз пенде өмiр сүрiп жатқан бұ жалғанда ақиқаттың
аяғы – ақсақ, көзi – соқыр көрiнедi. Ана заманда аталарымызды бойымдай
бой болса да, ойымдай ой жоқ деп шарасыз еткен қоғам талай талантты iштен
тынуға мәжбүр еттi... Болмаса, журналистиканың жонынан тiлiп алған таспадай
шамырқанған шымыр ақпараттың көшiн түзеп, Марат Қабанбай, Жұматай
Сабыржанұлы жастарға бiлгенiн үйретiп, бас болып жүрер едi ғой бүгiн...
- ... Бiрақ ол сөйтiп жүрсе-дағы, өзiнiң өткiрлiгiне көңiлi толмай өттi.
Әмина-ау, маған бекер ұрсасың? Менiкi тек қаулаған өтiрiктi қайтсем
азайтамын деп өңмеңдеу ғана. Соның өзiнде аузымды толтырып айта алмай,
кiжiнуiмен жүрген жоқ па күйеуiң байғұс! дейдi. Сын жазса сындырып
жiберердей болғанымен, тiсi батпаған кезде маған сөйтiп шағынатын. Сондай
кезде аяймын, босқа арамтер болып жүргенiн өзi де бiледi, мен де бiлемiн.
Жалпы, жүрегi жұмсақ. Арқалықта тұрдық дедiм ғой. Олардың Крупская ауылынан
қалаға бiрiншi болып қоныс тепкен бiз екенбiз, елден келгендердiң бекетi
бiздiң үйiмiз болды. Барын бөлiп, жоғын басқалардан қарызға алып берiп
жүретiн. Менiң, Жұматайдың бауырлары бiздiң үйден ержетiп, бойжетiп шыққаны
өз алдына. Екi бөлмелi үйiме сыймай қалады құлақшыным да деп, Торғайдың
бiрiншi хатшысы Еркiн Әуелбековке өлеңмен хат жазып, кең үй алатынымыз сол
кезде. Одан кейiн үйсiз-күйсiз Целиноградта жұтап жүргенде бермесе, ел
алдында ұялтамын деп қорқытып үш бөлмелi пәтер алғанбыз. Сын жазба, ащы
сөйлеме дейсiң, ақиқатын айтпай, бұқпантайлап жүре берсек, алар едiң, иә!
қоқиланып, сынның пайдасын мойындатып қоятын. Жағымпаз болсаң, баяғыда
төрт бөлмелi берер едi деп ши жүгiртсем, жүрегiмдi айнытпашы-ей деп тас-
талқан болатын. Кiшкене жұмсарсын, көппен бiрдей болсын деп, сен шынымен
қатыгезсiң, ел дұрыс айтады дегенiме е, десе, десiн, жағымпаз демесе,
болды, әйтеуiр! Мендегі қатыгездiк жағымпаздықтың жанында қаһарман дегенмен
бiрдей!, – деп одан сайын қисаятынын қайтерсiң!
- Қанша турашыл, өр болса да, өз еңбегiнiң еленгенiн тәуiр көрмейтiн пенде
бар ма! Әйтеуiр жағымпаз атандырмаса, болды дегеннен басқа ешқандай
мақтау-марапатты қажет етпедi ме шын мәнiнде?
- Неге жақсы көрмесiн, ол да өзектi пенде ғой...
Анау бiр, Ана тiлiнде еңбек еткен жылдары Жұматайды Қазақстан Журналистер
одағы сыйлығына ұсынған. Әдейi ме, әлде бұйырмасы солай ма, Марат Қабанбай
да қатар ұсынылды. Марат марқұм алып, Жұматай қағыс қалды. Сонда туу, осы
Мәкеңде толып жатқан лауреаттық атақтары бар едi ғой, осыны маған қиғанда
болатын едi деп көңiлi қалған. Өмiрiнде бiр-ақ рет соны айтты да қойды.
Оған дейiн де, одан кейiн де еңбегiм сiңiп едi деп, ешкiмнен ештеңе
дәметiп көрмептi.
Алайда оның бiр мақаласын анау-мынау жазушының кiтабына айырбастауға
қимайсың. Тiршiлiгiнде Жазушылар одағына үш кiтабы болмаған соң өте алмады.
Екi кiтабы көзi тiрiсiнде басылды. Үшiншi Мен таныған шындық деген
кiтабын өзi кеткен соң артында қалған жазған-сызғандарын топтап шығардық.
Бiр жылға дейiн қаламсабын да қозғауға қолым бармады. Ертең қайтып
келердей... Алақанының табы сiңген қолжазбаларын қолға алған сайын көзiмнiң
жасын төгiп жүрiп, былтыр алпыс жылдығына қарай жарыққа шығардық. Онда да
баспадағылар бiраз туындысын жоғалтып алыпты.
Ол дүниеге қызыққан емес. Айналасындағыларға ащы тiлi жақпаса да, басқа
жақтағыларға ұнайтынын естiгенде кәдiмгiдей марқаятын. Онысы мақтан
сүйгеннен емес, сөз қадiрiн бiлген адамдарға риза болғаннан. Бiреу
Жұматайдың тiлi керемет! десе, тiптi қуанатын. Соның өзiнде ертеңгi күнi
қазақ тiлiнiң шұрайын, қадiрiн бiлетiндер көбейсе екен! Соны көрiп өлсем,
мен үшiн дүниенiң қызығы сол дейтiн. Байғұс-ау, тiл көркейер, өзiңнiң
жаныңды ойласаңшы десем, Менiң жаным – тiлiмде дейдi. Уәжiң болса, айтып
көр! Тауып айтқыш адамды қатты құрметтейтiн. Атбасарлық Есенқұл
Рахымжановтың Именiп жүрiп көрген игiлiктен қайқайып жүрiп көрген қорлығым
артық дегенiне мынау тура мен ғой. Шiркiн-ай, бар болса, бiр қара беретiн
сөз-ақ екен деп риза болып жүрдi.
- Жұматай ағаның сынына риза болған, дұрыс екен деп жазған сынын
қуаттағандар болды ма?
- Әрине, ел iшi болған соң, аз болса да кездестi. Ана жылдары Торғай
театрының атағы Арқалық қана емес, бүкiл Қазақстанды дүрiлдетiп тұрды. Жаны
жәннатта болсын, Өзбекәлi Жәнiбековтiң өлшеусiз еңбегiнiң бiр парасы ғана
едi сол театр. Он жетi жыл бойы елдi сахнаға телмiртiп қою деген ғаламат
қой... Иә, сол театр күндердiң күнiнде қожырай бастады. Бақ тайды ма, кiм
бiлсiн, ұмытпасам, Қозы Көрпеш – Баян сұлу өте нашар шықты. Соны Жұматай
iреп тұрып сынады. Бiрақ, әншейiнде Жұматайды сүтке тиген мысықтай жек
көретiн театр әртiстерi қатты разы болыпты. Сол есiне түскен сайын Жұматай
әй, менiң еңбегiмнiң еш кетпейтiн кезi бар екен-ау, бiрақ, өнер адамдары,
онсыз да мәрт адамдар ғой деп желпiнiп алады да, мұндайлар, жалпы, аз
ғой, аз деп лезде қабаржып қалатын.
Жұматай КазГУ-дi сырттай оқыған. Дипломына жетекшiсi, журфак студенттерiнiң
құдайы Темiрбек Қожакеев риза болған. Қожекеевтiң көкейiнен табылу –
кәсiби бiлiктiлiктiң төрiне шығу деген сөз. Бұл арада, сөз жоқ, Жұматайдың
сын жазудағы шеберлiгi, сынның табиғатын тани бiлетiнi бағаланған. Менiңше,
Қожакеев студентiнiң көкейiндегiсiн тап басып, мұның сынға қоғамдық мән
бере бiлетiнiне сүйсiндi. Ақиқаты сол едi. Мәселен, жанұя деген мағынадан
жұрдай жасанды сөздiң ел құлағына сiңiп кетпеуiн Ана тiлiне сонша
шырылдап жазды, селт еткен ешкiм жоқ... Абайдың қазақтың қазақтан басқа жауы
жоқ... деп келетiн сөзiн кейбiреулер өз пайдасына қарай құбылтып, шолтитып
кесiп алып, қазақтың жауы – қазақ деп өңiн айналдырып айтатынына, ар
жағындағы мағынасына әдейi мән бермейтiнiне қатты ренжитiн.
- Жұматай ағаның қоғамдық сыны, әсiресе, астана Ақмолаға ауысқан кезеңде
қатты өрледi. Астанадағы тiл жайы, қазақ мәселесiмен арпалысамын деп талай
күйдi...
- Торғай облысы жабылған соң бәрiмiздi жолдамамен әр жаққа бөлдi. Бiз
Целиноградқа, облыстық Коммунизм нұры газетiне келдiк. Жұматайдың даңқы
бұл жаққа өзiмiзден бұрын жетiптi. Редактор Октябрь Әлiбековтің алдында
Жұматай Сабыржанов деген қызылкөздi жолатпаңдар деген табақтай арыз жатыр
дейдi. Амал қайсы, арыздың жазылу себебiн дәлелдеуге тура келдi. Аймақтағы
белгiлi қаламгер Алдан ара түсiп, жұмысқа алдырды. Өзiнiң поэзияға бейiмi
бар, мәдениет бөлiмiне жiберген-дi. Әке-көкелеп, ши шығармай тыныш жүршi
деген шырылым көпке барған жоқ, кiм жаман? Жұматай – жаман деген баяғы
әуен қайта басталды.
Бiрiншiден, сүйектен өтiп, жiлiк майымызға дейiн қазақылық сiңiп кеткен
бiзге орысы көп ортада тiрлiк ету оңай болған жоқ. Оның үстiне
қатайыңқырап, қырықтан асып келген соң ба, қала бiздi жатырқап тұрған
сияқты көрiндi. Ең қиыны осындағы қадау-қадау қазақтың өзi сын түгiлi, әзiл-
қалжыңды тосырқап, үдере қарайды. Ауыздығымен алысып туған Жұматай мұндағы
ақындардың не болса, соны өлең қылып жаза бергенiн ұнатпады. Тiптi
Арқалықтағыдай Қойыртпақ бетiн шығарып, жарамайтын өлеңдердi соған бассам
деп те бұлқынды. Оған кiм шыдасын, бұған дейiн шығып тұрған өлеңiмiз ендi
неге жарамай қалды? Сабыржанов деген қайдан шыққан? деп өре түрегелдi.
Сен неге Торғайдың өлшемiмен қарайсың? Мұнда басымызды ендi-ендi көтерiп
келе жатқан азғантай қазақпыз, осыған ырза бол, шырағым. Бiртiндеп
дұрысталамыз ғой дегенiне де тоқтамады: қашанғы жүремiз? Сәтi жеттi ғой,
маған ырық берiңдершi? Бұл өңешi қызарғанша айтысып, ақыры шыдамай: өлең
емес, өлеңнiң өлексесi деп салыпты. Не керек, сол бар, басқа бар, ақыры
жұмыстан шығып тынды. Тек ол газетке емес, өзге редакцияларға да сыймады.
Таңертең қызметiне кеткен адам түскi үзiлiске үйге шайға келсем, бiттi,
мен жұмыстан шықтым деп қарап отырады. Е, не болып қалды?. Мен мынаған
шыдай алмаймын. Әуелде ренжитiнмiн, кейiн үйрендiм, неге деп сұрамайтын да
болдым.
Қазақстандағы қазақ мәселесi немесе жаңа астанадағы рухани жағдай деген
мақаласы 1994 жылы 8-қыркүйекте Ана тiлiне, қазанның 1-i күнi Егемен
Қазақстанға шықты. Сол мақала шындықты жазған Жұматайға да, қорыққан
бұрын жұдырықтайды деп, сол кездегi облыс, қала басшыларына да сор болды.
Бұрын сыйласып жүрген азаматтармен ащы-араз болдық. Бас жарып, көз
шығармасақ та, қадалғандардың қарауылында жүрдiк. Ана тiлiне де оңай
тиген жоқ, ондағы жiгiттерге рахмет, аяғына дейiн бiзбен бiр болды. Заң
газетiнен Шарафаддин Әмiр келiп ара түстi. Не керек, Президенттiң
Ақмоладағы өкiлi ауысып, орнына келген Амангелдi Садырбековтің
азаматтығымен арада он бiр ай өткенде әзер тыншыдық. Тамыздың аяғында өткен
сотта ашық хат жазғандар кiнәларын мойындап, Жұматайдан кешiрiм сұрады.
- Әмина апай, күйiп-пiскен күйеуiңiздiң қасында өртенiп кетпей қалай
шыдағансыз? Өзiңiз ағалап жүрiп мiнезiн байқамай қалдыңыз ба?..
- Жұматай менi кездестiргенше жетi қызбен жүрген. Кейiн солар туралы Жетi
қыз деген повесть жазам дейтiн. Үйде солардың әрбiрiмен танысқан, қыз-
жiгiт болып қыдырған сәтi туралы тамылжытып жазған күнделiгi бар. Көркем
шығарма сияқты, бас алмай тұшынып оқисың.
Әңгiменi де майын тамызып айтқан кезде басың айналып қалады. Басқа қыздарды
қайдам, өз басым бiр сағат сөйлеген кезде-ақ арбалып қалғаным рас. Жұматай
о баста аудандық газетке келгенде осы бiр алдың-дұлдың шопыр жiгiт сенiң
күйеуiң болады десе, сенбес едiм. Әрi ағалап жүретiнiмнiң жөнi бар, өзi
Жетпiсбай, Сексенбай деген ағаларым қатарлы. Екеумiзде де бөгде ой жоқ,
ағалы-қарындасты құрметтен асқан емеспiз. Үстелiндегi шынының астында артқы
бетiне Менiң күлкiм – сенiң бақытыңның символы деп жазып қойған Райхан
деген қыздың суретi бар. Ол кабинетте жоқ кезде Ақжiбек деген мәшiңкешi қыз
екеумiз көрiп алып, сыртынан күлiп, екеуiн мазақтап жүретiнбiз. Бiр күнi
байқап қойып, екеуi туралы әңгiме айтып, аузымыздың суын құртты. Неге
екенiн қайдам, оған үйленген жоқ. Ол кезде КазГУ-де сырттай оқитын. Бiр
жолы бiрге оқитын қызылордалық Бақыт деген қызды алып келуге Сырдың бойына
кеттi. Ауыл келiн түседi деп күтiп отырса, қалыңдығы көнбей, бос келдi.
Бiрге жұмыс iстегенiмiзге бiр жарым жылдай уақыт болған, Мәшкура деген
кассир апай: Жұматай, сен қыз iздеп, бүкiл Қазақстанды неге шарлап жүрсiң,
қасыңда уылжып пiскен Әмина жүр. Не ол, қалқамдап қартайып жүргенiң? деп
оның, бес жас – бел құрдас, Жұматай – үйiнiң үлкенi. Әкесi ауданға
белгiлi шопан, қарның тоқ, көйлегiң көк болады. Тиiп ал! деп менің
құлағыма құятын болды. Екеумiздiң көкiрегiмiзге содан ұшқын түскен болуы
керек, жұмыстан кейiн шығарып салуға көштi. Тағдыр жазып, Жұматайға жар
болдым. Адамды елiттiрiп, әңгiменiң майын тамызып айтқан жiгiтке күйеуге
шықпау мүмкiн емес. Үш балалы болдық. Ыстық-суықты, жұқана-жоқшылықты бiрге
көрдiк. Бiрақ, қай кезде де Жұматайдың әңгiмешiлдiгi жойылған емес. Бiр жай
жерге барып келгенiнiң өзi керемет үлкен әңгiме. Амандықтан кейiн шәйдi
алдымызға алып: ал, баста! Не қызық болды, кiм не дедi, не көрдiң? деймiн
ғой. Тұра тұр, басынан бастайын. Мен осы үйден шықтым ғой... дейдi де,
автобусқа отырғанын, одан кейiн вокзалға барғанын, билет алып, қайда бет
алғанын, бәрі-бәрiн тәптiштеп ма-йын тамызып, баяндайды. Аузына қарап
отырып, кешегi, анау жолғы ренжiгенiң, айтқаныңа көнбей күйдiретiнi, бәрi
естен шығады. Шынын айтқанда, Жұматайдың әңгiмесi тыңдаған кiсiнiң жан
дүниесiн тазартып, байытады.
- Жетпiсiншi, сексенiншi жылдарғы қалам ұстағандардың өздерiне тән әдетi
болады екен, бiрi бильярд ойнаса, бiрi қалам жинайды. Жұматай аға ненi
қызықтап, не нәрсеге бейiм едi?
- Шахматты, преферансты жақсы ойнайтын. Арқалықта тұрғанда радиодағы
жiгiттермен карта ойнап, Жолбасар деген жiгiттен Қазақ Совет
энциклопедиясының жалғыз томынан басқасын түгел ұтып әкелген. Ақша салып
ойнауға журналис-терде артық қаражат жоқ қой. Әуелде бұл әдетiн бiлмеймiн.
Бiрде үйге бір совхоз директорын ертiп келдi. Әмина, ақша бершi, карта
ойнаймын дейдi. Нанға сақтап қойғаннан басқа қайдағы ақша?. Соны бершi,
ертең көресiң, еселеп қайтарам!. Қонақтың көзiнше ерегесiп отырасың ба,
амалсыз ұстаттым. Расында, ертесiне үстелдiң үстiнде 60 сом тұр! Өзiм де
дағдыланып алдым. Парторг, хатшылар келгенде бұрынғыдай бере қойшы? деп
жалынбай, ақша әкел! дейтiн болды.
- Жұматай ағаның бiрқағарын оқыған адамның ұмытуы мүмкiн емес. Бiрақ
кейбiреулер айтушысын өзгертiп алатын көрiнедi.
- Иә, ондайлары көп. Құшағымда қуаныш, қасымда сен өзiң деген әннiң
жолдарын қағытып, кейбiреулер құшағымда – қайнағам, қасымда сен өзiң деп
айтып жүр. Ол – Жұматайдың шығарғаны. Расында Қуаныш деген жақын қайнағам
бар. Маған әзiлдеп, Әмина, осы әндi айтсаң, абайла, Қуаныштың атын атап,
ұят болмасын, құшағымда – қайнағам де деп өсiрiп жүрген де Жұматай. Сол
елге тарап, бүгiнде өзiм естiген кезде күлем де қоям, Жұматайдiкi едi деп
ешкiм аузына алмайды.
- Бұ жалғаннан төрт құбылам тең, армансызбын деп өткен адам бар ма,
бiлмеймiн, Жұматай ағаның жасы жиған-тергенiн елеп-екшеп, елге берер, ұл-
қызығының қызығын көрер кез едi. Немере-жиендерiнiң iшiнде өзiне ұқсап
туған бiрi бар ма?
- Жұматай кiтабым шықса деп едi, жаман ұлы Саяты әкесiнiң көзi тiрiсiнде
Өкпелесең, өзiң бiл деген кiтабын қолына ұстатты. Немере сүйсем, ұл
болса, атын Нарату, қыз болса, Қосбұрым қояр едiм деп армандайтын.
Тұңғышымыз Саят кештеу үйленiп, өз кiндiгiнен өрген Жәниясын көре алмай
кеттi. Айнұры мен Гүлнұры тұрмысқа шыққан. Бес жиенiмiз бар. Ешқайсысын
көрген жоқ. Бiрақ аманатын орындайық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz