Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Мемлекет және құқық теориясының пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1.2 мемлекет және құқық теориясынданы әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Мемлекет және құқық теориясының пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 мемлекет және құқық теориясынданы әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.Әр ғылымның немесе оқу пәнінің өзіндік зерттейтін, оқытатын пәні болады. Ғылымның немесе оқу пәнінің өзегі - ол зерттейтін мәселелерінің жиынтығы.Мемлекет және құқық теориясының (МҚТ) пәні - бұл мемлекет пен құқықтың пайда болуының,дамуының және қызмет атқаруының жалпы заңдылықтары,олардың мәні,құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Ғылымның әдістері дегеніміз - пәнін танып анықтау үшін сол ғылымның зерттеу барысында қолданатын тәсілдері, жолдары мен амалдары. Міне осы бірлестік пе дербестік олардын мазмұнын, мақсатын қызметінің әдіс тәсілдерін, функцияларын жан - жақты зерттеуге ,жаңартуға ,дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады. Зерттелу деңгейі. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістерінің зерттеуінің тарихнамасы бірнеше ғасырлық дамуын басынан өткерді. Зерттеу жұмысын жазу барысында ізденуші заң ғылым саласындағы белгілі ғалымдар: Ресей зерттеушісі В.С. Нерсесянц , професор Т. Ағдарбеков , У.Д. Құдайбергенов , К.Маркс және т.б мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері туралы көптеген ой- пікірлерін калдырған. Жұмыстың мақсатыМемлекет және құқық теориясы жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және мемлекеттанудың бастапқы түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады.Ал солардың барлығын терең түсініп білу үшін біз мемлекет және құқық теориясын қандай да бір ғылым саласында сияқты пәні мен әдістерінен бастап оқуымыз тиіс.Мемлекет және құқық теориясын терең оқып зерттемейінше салалық заң ғылымдарын және басқару сипатындағы пәндерді жемісті игеру мүмкін емес.Және де бұл курстық жұмыстын мақсаты мемлекет және құқық теориясын жалпы түсіну үшін ,оның пәні , әдістері , қоғамда, заңда алатын орнынан бастап терең зерттеп түсіну. Жұмыстыңміндеті. -мемлекет және құқық теориясыныңпәнің, оның кандай тарауларға бөлінетінің, қандай функция атқаратының қарастыру; -мемлекет және құқық теориясының әдісінің мазмұның ,қандай әдіс- тәсілдерден тұратының толық қарастыру; -мемлекет және құқық теориясының қоғамдағы және заң ғылымындағы алатын орнын қарастыру Жұмыстың құрылымы. Менің курстық жұмысымның құрылымы 2 (екі) бөлімнен, 3 (үш) бөлімшеден және пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері.

1.1 Мемлекет және құқық теориясының пәні .
Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде кұрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне - предметіне айналады. Мемлекет және кұқық теориясы - қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория - мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын , мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді.Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы санқырлы күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағы, кұқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.Мемлекет және құқықты бір бірінен айыруға болмайды. Олар объективті тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ ты олар бір ғылымғы жатқанымен өздерінің нақты бағытттары болады. Мемлекет қағамның саяси- экономикалық құрылысымен шұғылданады. , құқық-нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.Міне осы бірлестік пен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс- тәсілдерін, функцияларын жан- жақты зерттеуге , жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады. Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құлиелену , феодалдық , буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде болашақта мемлекет пен құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдылықтарын , әдіс- тәсілдерін зерттейді . Осы үш дәуірде болған және мемлекет пен құқықтын өздерінің даму процесінде болған жақсы тәжіриебелерді жинақтап қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.Мемлекет және құқықтың пайда болуы , олардың даму заңдылығы құқық, құқықтық қатынастар, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқық жасаушылық , құқық бұзушылық мемлекеттің формалары , сот билігі сияқты көптеген категориялық аппаратты қалыптастырады . Осыған орай қазіргі жаһандану кезеніңде саяси құқықтық ілімдер мен тұжырымдамаларда мемлекет пен құқықытың жалпы даму бағыты, ішкі қозғалысының мәні мағынасы өзінің шешімін табуда. Зерттеу объектісі мынандай мәселелерді шешуді талап етеді:
-Жаһандану заманыңда мемлекеттердің даму бағыттары қандай
-Федерация құрамындағы ұлтық республика , афтаномия немесе ұлттадын жеке тәуелсіз мемлекет құру идеясының болашағы қандай ;
-Ұлттық мемлекет құруда дәстүрлік саяси құқықтық институттарды еңгізу мяселесі;
-Құқықты реттеу функцияларының мүмкіндіктерін арттыру , тиімді болуының тетіктерің жасау
-Адам құқығының аяққа тапталмуының демократиялық сипаттағы үлгісін жасау, субъективизм мен валюнтаризмге жол бермеу;
-Құқық бұзушылық пен жаңа тұжырымламасы мен теориясын қалыптастыру , оны әлеуметтік рпактикада пайдалану ;
Бұл проблеммаларды шешу үздіксіз зерттеуді талап етеді. Мемлекет пен құқықтын негізгі міндеті мемлекет пен құқықтын дамуын тану , қисынды мағынада менгеріп , оның заңдылықтарын ашып көрсету болып табылады.Бұл көрініс біртұтастықты тек бөліп алып зерттеу арқылы іс жүзінде асырылады . Тану барысында мемлекет пен құық біртұтастық өзінің барлы күрделі байланыстарымен қозғалыстын дамудын формасы ретінде танылады.Сонымен қатар мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының интеграцияланған саласы болып табылады .Олай дейтін себебіміз егер біз мемлекет және құқықтың барлық салаларын бір арнаға тоғыстырсақ мемлекет және құқық теориясын қалыптастыра алмаймыз.Тануда, зерттеуде тек қана білімдегі ең негізгі қорытынды , бағыттар арқылы мемлекет және құқық теориясының категорияларың қалыптастыра алмймыз . Сондықтан интеграцияланған деп айта аламыз .Себебі қайсы бір ғылым саласы болмасын өзінің пәнін зертеп білу арқылы объективтік мағынада және жан- жақты ашып көрсете алады. Жалпы пән ұғымы арнайы ғылым саласы нені оқытады , қоғамның , табиғаттың қандай құбылыстарын зерттейді деген сауалға жауап береді . Белгілі ресей зерттеушісі В. Нерсесянц өз зертеулерінде былай деп қорытынды жасайды : "Ғылыми зерттеу объектісінің ғылымның пәнінен айырмашылығы бар. Бір объект бірнеше ғылымдармен зерттелуі мүмкін және әр ғылым сол объектіні өзінің ерекше пәні және әдісімен зерттейді... заң ғылымдарының объекті мемлекет және құқық болып табылады, ал оның пәні-құқық пен мемлекеттің негізгі мәндік қасиеттері.[1;4] Сонымен қорыта айтқанда , мемлекет және құқық теориясының пәні деп арнайы қоғамдық өндірістік қатынастар мен тарихи дәстүрлерге байланысты қалыптасқан мемлекет және құқықтың негізгі категорияларын пайда болып , зандылықпен дамып, заң ғылымының іргетасы болып таңылатын білім жүйесінің жиынтығын айтамыз. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекет және құқық теориясының оқулықтары жарық көрді және оларда пәннің анықтамасы бір мағынада берілген : Мемлекет және құқық теориясының пәні-бұл мемлекет пен құқықтын пайда болуынан, дамуының және қызмет атқаруының заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институтттары[2;16] Басқа афторлардың пікірлері бойынша жалпы теорияның пәні - мемлекет пәні құқықтың пайда болуының , дамуының және қызмет атқаруларының заңдылықтары , олардың мәні , құрылымы және мақсаты Профессор Т. Ағдарбеков : Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықта көрсетілген қоғамдық дамудын объективтік заңдылығын олардың , олардың әлеуметтік саяси мақсаттарын анықтайды, қоғамдық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеудін тетігін және оның даму мақсаттарын көрсетеді , - деп тұжырым жасайды . Ал , У.Д Құдайбергеновтің пікірі бойынша: Мемлекет және құқық теориясы - базалық жалпы теориялық заң ғылымы және заң рқу орнындағ оқу орындарынын бірі . Ол мемлекет және құқық сияқты күрделі әлеуметтік құбылыстардың міндеттері мен мәніне қорытынды фундаменталдық білім береді , олардың заңдылықпен дамуы мен қызметтерің , мемлекет және құқықтың қазіргі қоғамдағы , дүние жүзінің әр аймақтағы рөлің айқындайды.[3;10] Ресей зерттеушісі В.С Нерсесянц: Өзінің ғылыми мәртебесі бойынша мемлекет және құқық теориясы жалпы теориялық сипаты және маңызы бар фундаменталдық заң пәні болып табылады ...онда мемлекет және құқық туралы ғылыми теориялықой пікірдің ең елулі жетістіктері шоғырланған деген пікірге тоқтатылады.[4;72] Мемлекет және құқық теориясының пәні ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар . Біріншіден, біздің анықтамада көрсетілгендей , Мемлекет және құқықтың дамуы , бір сатыдан бір сапалысатыға көтерілуі еш уақытта өзінен өзі қоғамнан алшақ қалыптаспайды . Әсіресе өндірістік қатынастанрдың жиынтығы оның сипат , формаға ие болған ерекшеліктер - экономикалық детерминизмнің мемлекет пен құқыққа тигізетің ықпалы бар . Экономиканың заңдары қоғамның билеуші күші бола қала бермек . Мысалы: нарықтық қатынастардың бағаны белгілеуі . Бұл жерде мемлекет және құқық пассивті әрекет мәртебесіне ие . К Маркс былай деп жазды : Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда -өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар оладың материалдық өңдіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғаның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды және бұл қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді . Метериалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік,саяси және рухани процестерді туғызады .Адамдардың санасы олардың болмысын билемейді, қайта керісінше, олардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді.[5;522-523] Екіншіден, мемлекет және құқықтың пәніне ғасырлар бойы этникалық ұйымдастыру факторлары қалыптастырылған тарихи дәстүрлері, әдет ғұрыптары біршама әсер етеді . Оларды ескермей мемлекеттік билік жүргізу құқықтық жүйені қалыптастыру шиеленістерді тудыратыны хақ. Ойдан шығарылған жасанды сырттан теліген мемлекеттік- құқықтық институттар дәстүрлі қоғамдық қатынастарды дағдарыстарға ұшырататыны тарихтан нақтылы дәлелденген құбылыс .Мысалы . Қазақстанды отарлау барысында Ресейдің еңгізген реформалары қазақ қоғамын , ұлт санасын дағдарысқа ұшыратты , ішкі шиеленістерді күшейтті . Ресей әкімшілігі ұлттық , мемлекттік құқықық институттардың эволюциялық дамуын жасанды реформалармен қиратып , орыс бирюкратиясының жағымсыз көріністерін қазақ даласына күшпен мойындатты . Соның нәтиежесінде біркелкілік жүйенің негізі қаланды , көшпелі қазақ өркениетінің төл-тума құндылықтары , гуманистік мағынадағы құқықтық , әлеуметтік институттары табиғи қажеттерінен мүлдем айырылады . Бұл көрініс ұлттық сана дағдарысын ұрпақтын жалғастыруына негіз болды . Ұлы Мұхтар Әуезов өзінің Көксерек әнгімесінде заман шиелінісін , қасқыр адам образдары арқылы асқан шеберлікпен , философиялық мағынамен көрсете білген . Көк Бөрі көшпелі қоғамның ғасырлар бойы қабылдаған төтемі мен рухы , мифологиялық табыну символы жаңа даму сатысында сырттан телінген басқа жат құбылыстар дың әсерінең қанішер ,барып тұрған жауыз , рақымсыыз көріністін символына айналды . Соныңда өзі де өліа тынды . Бұл мағынада Ұлы ойшыл кошпелі қазақ құндылықтарын болашақта құрдымға кететіні асқан көрегенділік пен көрсеткен. [6;185] Үшіншіден, мемлекет және құқық теориясының танымдық мағынасы тарихтың даму ерекшеліктерімен байланысып отырады. Траихтың сабақтары мен қалыптастырған тұжырымдамаға теориялық деңгейде қорытындылар жасауға жаңа принциптер, ұғымдар мен анықтамаларды қалыптастыруға мүмкіндіктер туғызады. Төртіншіден, мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік құқықтық түсініктерді өзінің негізгі тақырыбы ретіңде зерттейді және бүкіл юриспруденция ғылымына әдістемелік маңызы бар пән болып табылады . [7;185] Бесіншіден: мемлекет және құқық теориясының пәні өзіне ғана тән құбылыстарды зерттеп , эмпирикалық санаға байқалмайтын ішкі мәнің , қозғалысын ашып көрсетіп , адам игілігіне жарату болып табылады .Мемлекет және құқық жүйесінің негізгі даму заңдылығын, мәнің , әр тарихи кезеңге тән сипаттары мен қызметтері диалектикалық тұрғыдан зерттеліп , теориялық қорытындылар жасалынады. Алтыншыдан , мемлекет және құқық теориясы салалы құқық жүйелерін (конституциялық, әкімшілік, қаржы, азаматтық ,салық, кедендік, экологиялық , жер , қылмыстық т.б) құқық салаларын оқудын , танудын іргетасы, негізгі өзегі. Жетіншіден, Бұл пән тәуелсіз қазақстанда болашақ заңгерлердің теориялық білімдерін терңдетіп , кәсіптік деңгейлерің жоғарғы рухани дәрежеде болып қалыптасуына өлшеусіз ықпалын тигізеді.
1.2 Мемлекет және құқық теориясынданы әдістері
Ғылымның әдістері дегеніміз - пәнін танып анықтау үшін сол ғылымның зерттеу барысында қолданатын тәсілдері, жолдары мен амалдары.Бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Әдіс терминің ғылыми тұрғыға ежелгі гректер еңгізген .Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай - ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерінтеңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді. Мемлекет және құқық теориясы тек қана ежелден сақталып келе жатқан ғылыми жүйе емес. Ол әр уақытта ізденісте жүретін , дамып тұратын , тірі ғылым. Әдіс және әдіснама (методология) деген түсініктерін ажырату керек. Әдіснама екі мағынада қолданылады: а)әдістер туралы ілім; б) әдістер жиынтығы. Мемлекет және құқық теориясының әдістері мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістері мен арнайы тәсілдерінің жиынтығы болып табылады.Мемлекет және құқық теориясының қолданатын әдісіне диалектикалық әдіс жатады. МҚТ диалектиканың үш заңына сүйніп зерделенеді. Олар: 1. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы. Дағдылы іс-тәжірибеде бұл мына жайттарды білдіреді. Кез-келген мемлекет өзінің қызмет ету барысында барлық жүйелерді дамытуды көздейді.Мысалы: құқық қорғау органдары құрылымында және тағы басқаларда Қазақстан республикасында 1995 жылға дейін тергеу ісіне байланысты әрекеттермен прокураура тереушілері де айналысатын .Қоғамдағы демократиялық процестердің дамуы барысында тереу ісі мен оны қадағалау ісін бір бір органнын қолына берудін дұрыс еместігі айқындалды. Осыдан соң Қазақстан республикасының Президентінің Прокуратура туралы Жарлығы жарияланып , онда прокуратура құзырына қылмыстық істерді жүргізуде қадағалау қызметтері қалдырылды.[8;167] 2. Теріске шығаруды терістеу заңы. Бұл заң бойынша қазіргі күнде теріске шығарылып жатқан қандай да бір құбылыс, ертең я болмаса оның арғы күні (яғни өз уақыты келгенде) қабылдануы және болмыста әске асуы ықтимал жайт деп саналады. Қазіргі заманнан біраз бұрын қоғам өміріндегі құбылыстарға мемлекеттің толығымен араласып, оған ықпал жасауы жалпы көпшіліктің бәрі танып мойындаған қағидатдеп келген болсақ, енді қазір қоғам өз болмысындағы құбылыстарға мемлекеттің араласып, ықпал жасау мүмкіндігін шектеуге талаптанғанын өзіміз іс жүзінде күнделікті өмірде көріп жүрміз. 3. Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы. Бұл заңның айқындауында белгілі-бір орында (жерде) және белгілі бір мерзімде бірін-бірі жоққа шығаратын құбылыстар болуы ықтимал екен. Мысалы: 1) Құқық бұзушылық және занды заңды жауаптылық құбылыстар бірге жүреді; 2) Өз бастан билік бөлінісі жүйесін жариялады. Сонымен қатар , мемлекеттік билік біртұтас , үш биліктің арасы тежемелік әрі тепе-тендік жүйесі арқылы жүзеге асырылады.[1;6] Мемлекет және құқық теориясының әдістері бірнеше түрге жіктеледі. Жалпығылымдылық әдістер : а)Диалектикалық әдіс (диалектика-даму); Диалектикалық әдісті қолданғанда, мынадай ережелерге негізделеміз: 1)Диалектикалық әдіс бойынша мемлекет және құқық пайда болған сәттен зерттеледі ; 2) Сонымен қатар, мемлекет және құқық басқа да қоғамдық құбылыстармен, яғни экономика, мәдениет, дің, саясатпен тығыз байланыста қарастырылады; 3)Диалектика әдісі абсолюттік ақиқат , шындық жоқ , ақиқаттың барлығы салыстырмалы деп үйретеді. Бұл дегеніміз қоғамдық ілімді білімді дамуды керек дегенді білдіреді. Мысалы: Кеңес мемлекеті жеке меншікті жоққа шығарып , жеке меншік адамға тек қана жаманшылық әкеледі , жеке меншік қоғамды тапқа бөледі, қарама - қайшылықты тудырады деп таныған Сондықтан 70 жыл бойынша Кеңес мемлекеті жеке меншікті жоққа шығарып жатқан. 4)Диалектикалық әдіс бойынша мемлекет және құқыққа әсер ететің факторлард, қозғаушы күштерді қарастыру жөн болады. б) Абстрактілік ойлаудан нақты ойлауға өрлеу әдісі. Мысалы: мемлекет нысаны (формасы ) деген ұғымды алып, мемлекеттің әр түрлерін талдай бастасақ, онда Мемлекет нысаны в) Тарихи әдіс. Бұл әдіс - мемлекет пен құқықтың тарихилығына, оның өзгермелілігіне және әрқашан да д амуда болатын құбылыс екендігіне негізделеді. Бұл әдісті қолдану барысында зерттелініп отырған мемлекет пен құқықтың өз қызмет бағыттарын атқарып отырғанда қандай тарихи ортада, қандай дәстүрлер мен қандай аумақтық ерекшеліктер және халықтар болатындығының ескерілуі қажет екендігін байыптаймыз; г) Жүйелілік әдіс. Мемлекет және құқық - құрылымы күрделі болып келетін жүйелілікті білдіретін ұғым. Мысалы, мемлекет пен мемлекеттік органдар жүйесінен, ал құқық - құқық салаларынан тұратын осы әдісті қолданып пайымдаймыз .Мемлекет құқықты бітұтас жүйе ретінде қарастырып зердерлгенде ғана оны толып тану білуге болады. Мемлекет және құқық теориясын зерттеп барып пайымдаудың арнайы және ғылыми дербес әдістері де бар: а) Формальды-логикалық әдіс. Бұл әдісті қолдану арқылы құқықтың ішкі құрылымы, қайнар көздері, оны (құқықты) жүйелеудің әдістері зерттеледі. Бұл әдіс мемлекет нысанын (формасын), сондай-ақ оның құрылымын талдағанда қолданылады; б) Салыстырмалы мемлекеттану мен құқықтану әдісі. Бұл әртүрлі елдердің мемлекеттік және құқықтық жүйелерін зерттеуде негізге алынатын әдіс; в) Нақты-әлеуметтік әдіс - нақты-әлеуметтік зерттеулерде негізделген әдіс. Бұл зерттеулерді жүргізгенде қоғамдағы заңдарға, мемлекеттің тікелей өзіне немесеоның құрамдас бөліктеріне қоғам қандай пікірде, қандай қайшылықтарда екендігі анықталынады. Бұл тәсілдерге тән амал-тәсілдерге:
-байқаужариялау; - анкета жүргізу (сұрақ-жауап); - сұхбаттасу; - тәжірибе (эксперимент) жасау жатады. Мемлекет пен құқықты бір-бірінен айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақта олар бір ғылымға жатқанымен өздерінің нақты бағыттары болады. Мемлекет - қоғамның саяси-экономикалық құрылысымен шұғылданады, құқық-нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.[1;7] Міне, осы бірлестікпен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс-тәсілдерін, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады. Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құлиелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, болашақта мем лекет пен құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның және мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процесіңде болған жақсы тәжірибелерді жинақтап қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.Сонымен, мемлекет және құқық теориясының пәні - адам қоғамынын өміріндегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мәні-маңызы, құрылымы және мақсаты. Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады: - Қоғамның қалыптасу, мемлекет пен құқықтың өмірге келу заңдылықтары; - Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары; - Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи маңызы, құрылымы, мақсаты. Мемлекет пен құқық теориясы іргелі-терең ғылым ретінде бірнеше Онтологиялық функция - (шын білім - грек...,) Адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен кұқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады.Сонымен қатар қазіргі замандағы мемлекеттің қырлары мен сырларын ашып ,ол туралы түсініктеме жасайды. Гносеологиялық функция - (гр... білім, теория). Таным теориясы арқылы мемлекет пен құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.
Заң ғылымының түп негізін білу нәтижесінде құқық , оның жүзеге асырылуы және барлық құқықтық құбылыстар танылады.Құқықтық болмысты талдау барысында құқықтық ұғымдар ,түсініктер , құрылмалар қалыптасады да , олар құқық құбылыстарды одан ары танып білудің құралдарына айналады . Құқықты тану үшін ерекше теориялық түжырым қолданады. Құқықтық бір мәселені зерттеп тану үшін өзара пікір таластыру нәтижесінде шындықты, ақиқатты айқындауға мүмкіндік туады. Мысалы , құқықтың қандай әлеуметтік құбылыс екеніне анықтама беру үшін оған норматифтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы теорияньің пәні және әдісі
Жалпы теорияның пәні және әдісі
ЖАЛПЫ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
Мемлекет және құқық теориясының пәні. Мемлекет және құқық теориясының әдістері
Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы
Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы туралы
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы
Пәндер