Кәсіпкерлік құқық субьелтілері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Алматы Заң Колледжі
Кәсіпкерлік құқық
СӨЖ
Тақырыбы: Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2012 ж
Жоспар
І Кіріспе
1. 1 Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Жеке кәсіпкерлік
2. 2 Кәсіпкерлік әрекеті несиелендіру мен қаржыландыру
2. 3 Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдану
ІІІ Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері
Кәсіпкерлік құқық субъектілері бұл шаруашылық құқықтармен міндеттерге ие болатын тұлғалар. Олардың негізгі белгілері мыналар:
- белгіленген тәртіпке тіркелуге тиісті.
- шаруашылық өкілеттікке ие болуға тиісті.
- дербес мүлкінің болуы.
- дербес мүліктік жауапкершілікке ие болу.
Кәсіпкерлік құқық субъектісінің құрылымы мынадай:
1. Құрылтай өкілеті тәсілі. Бұл тәсіл мемлекеттік кәсіпорындарды құру кезінде қолданылады. Мұндай кәсіпорындарды құру кезіндегі шешімді үкімет қабылдайды.
2. Құрылтай тәсілі бір ғана қатысушы бар коммерциялық ұйымдарды құру кезінде қолданылады.
3. Құрылтай шарттық тәсіл. Бұл тәсіл екі немесе одан да көп қатысушылардын коммерциялық ұйымдарды құру кезінде қолданылады.
Коммерциялық ұйымдарды құру мынадай сатылардан тұрады:
- құрылтайшылар белгіленеді;
- жалпы жиналыс өткізіледі;
- құрылтай құжаттарына қол қояды;
- коммерциялық ұйымдар өздерінің тандап алынған ұйымдастық құқықтық нысана байланысты келесі құрылтай құжаттарын бірін қабылдайды;
- жарғы (қоғамдар, кооперативтер, кәсіпорындар) ;
- құрылтай шарты және жарғы (қосымша немесе шектеулі жауапкершілігі бар қоғамдар) ;
- құрылтай шарты (тек қана серіктестіктер) ;
- коммерциялық ұйымдардың атауы беріледі;
- ұйымдардың орналасқан жері белгіленеді;
- тіркеу үшін мынадай құжаттар әділет органдарына тапсырылады.
- тіркеу жөніндегі өтініш;
- құрылтай құжаттары;
- жарғылық копиталдардың төлену фактосын растайтын құжат;
- тіркегені үшін төленетін мемлекеттік баж салығы мен тіркеу жиынның төленгенін растайтын құжат;
- ұйымның атауының қайталанбайтындығы жөніндегі құжат;
- белгіленген мысалдарды тіркеу карточкасы;
- тапсырылған құжаттардың құқықтық сараптамасы жүргізіледі, яғни олардың заң талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Мұндай тексерілу үш күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Бұдан кейін заңгер сатаптама қорытындысының негізінде құжаттардың заң талаптарына сәйкестігі жөніндегі өзінің қорытындысын береді.
- ұйымға кезекті номерді береді;
- тіркелуге жататын ұйымның мөрі дайындалып, тіркеледі;
- ұйым статистика органдарында тіркелуге жатады;
- салық органдарында есепке алынады;
- ұйым банкте өзінің шотын ашады.
Лицензиялау тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді.
Лицензия беру орган лицензиятқа қатысты мынадай іс-әрекеттері жүргізуге құқықты:
1. лицензияттың қызметтік тексеруге;
2. лицензия беруге қажетті түсініктемелер мен анықталад;
3. тексеру барысында құқық бұзушылық анықталатын жағдайда тексеру қорытынды негізінде акт жасауға құқықты лицензия атқару билік органдарымен бес жылдан кем мерзімге беріледі. Лицензия мерзімсіз уақыт қана берілуі мүмкін.
Лицензия алу үшін өкілетті органдарға келесі құжаттар тапсыруға тиісті:
- лицензия беру жөніндегі өтініш.
- құрылтай құжаттарының және мемлекеттік тіркеуден өткені жөнінде куәліктін көшірмесі.
- салық органдарда есепке тұрғаннан растайтын куәліктің көшірмесі.
- лицензия жиынды төлегенін растайтын құжат.
- лицензия алушының біліктілігі жөніндегі куәлік.
Қажетті құжаттар тапсырмасын күннен бастап лицензия беруші орган 60 күннен аспайтын лицензия беру немесе бермеу жөнінде мерзімін, шешімін қабылдайды. Егер лицензия беруші орган құқық бұзушылықты анықтаса, онда 6 ай мерзімге дейін берілген лицензия күшін тоқтата алады.
Лицензия мынадай жағдайларда өзінің заңды күшін жоғалтады:
- заңды тұлға жаратылған жағдайда;
- заңды тұлға қайта құрған жағдайда, сонымен қатар лицензия мынадай жағдайларда жойылуға жатады;
- әкімшілік тәртіпке, яғни лицензия алушы тұлға алынған лицензия үшін 3 ай мерзімге дейін лицензиялық жиынды төлемегені үшін;
- соттық тәртіпте жойылуы мүмкін, яғни лицензиянт өзінің кәсіпкерлік іс-әрекеті жөніндегі азаматтық құқықтарына, мүдделеріне және деңсаулығына, сондай-ақ мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтірген жағдайда, сондай-ақ лицензия талаптарын өрескел бұзған жағдайда.
Қайта құру бұл - ұйымның құқығымен міндеттерін басқа тұлғаларға көше отырып іс-әрекетінің тоқтатылыуы болып табылады.
Заңды тұлғаның қайта құрудың 5 тәсілі:
- Қосу.
- Біріктіру.
- Бөлу.
- Бөліп шығару.
- Өзгерту.
Қайта құру құрылтайдың өзара келісімен немесе соттық шешімімен жүргізілуі мүмкін. Қайта құру ерікті немесе мәжбүрлі түрде.
Қайта құрылған заңды тұлға міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет.
Таратылу құрылтайшылардың өзара келісімімен немесе соттық шешіммен жүргізілуі мүмкін.
Заңды тұлға соттың шешімін мынадай жағдайда таратылады:
- банкрот болғанда;
- заңды тұлғаны құру кезінде заңдарды түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол беруіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайда.
- заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған жағдайда.
Жеке кәсіпкерлік
Жеке кәсіпкерлік бұл жеке кәсіпкерлік субъектінің кіріс алуға бағытталған және жеке кәсіпкерлік субъектінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектінің атына олардың тәуекелдігімен сондай-ақ мүліктік жауаптармен жүзеге асырылатын қызмет.
Жеке кәсіпкерліктің меншігі заңмен қорғалады және оған қол сұғуға жол берілмейді. Жеке кәсіпкерліктер болып табылатын шаруашылық етуші субъектінің әрекетінен тоқтату немесе мәжбүрлі түрде тарту тек қана соттың шешімімен жүргізіледі.
Басқа мемлекеттің адамдары мен заңды тұлғалар сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар. Жеке кәсіпкерлік аумағында Қазақстандық азаматтарымен заңды тұлғалардың құқықтырымен міндеттерге ие болады.
Жеке кәсіпкерлікті шектеу мемлекетінің ерекше құзіретіне жатады. Мемлекет заңды сақтау қоғамның және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау экологиялық, санитарлық және өрт қауіпсіздік нормаларын сақтау мақсатында кәсіпкерлік әрекетті шектеу мүмкін.
Жеке қауіпсіздік субъектілеріне мыналар жатады:
- дара кәсіпкерлік субъектілері;
- шағын кәсіпкерлік субъектілері;
- орта кәсіпкерлік субъектілері;
- ірі кәсіпкерлік субъектілері.
Дара кәсіпкерлік субъектілері бұл жеке тұлғалардың кіріс алуға бағыттайтын, сондай-ақ жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғаның атынан олардың тәуекелімен жүзеге асырылатын қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүргізілуі мүмкін.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір ғана жеке тұлға өзіне тиесілі мүліктердің негізінде, сондықтан мүлікті пайдалануға немесе билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік мынадай нысанада жүргізілуі мүмкін:
- ерлі зайыптылардың ортақ меншігі негізінде жүргізілуін ерлі зайыптылардың кәсіптілігі.
- шаруа қожалықтардың ортақ бірлескен меншігі негізінде отбасылық кәсіпкерлік.
- жеке кәсіпкерлік ортақ, үлестік, меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері бұл заңды тұлға құрмаған жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнанаспайтын дара кәсіпкерліктер және кәсіпкерлік қызыметін жүзеге асыратын, сонымен қатар жыл бойындағы активтердің орташа жылдық құны 60 мың айлық есептілік көрсеткішінен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Орта кәсіпкерлік субъектілері бұл заңды тұлға құрмаған жұмысшының жылдық орташа саны 50 адамнан астам дара кәсіпкерліктермен жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын және жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны 325 мың айлық есептілік көрсеткіштерін заңды тұлғаларды айтамыз.
Ірі кәсіпкерлік субъектілері бұл жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұмысшылардың саны жылдық орташа саны 250 адамнан артық және жыл бойғы активтердің жалпы құны 325 мың айлық есептілік тұлғаларды айтамыз.
Жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауда Үкімет мынадай іс-әрекеттерді жүргізеді:
- Жеке кәсіпкерлікті қолданудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады.
- Үкімет жанынан жеке кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі кеңес беретін органдарды құрады.
- Жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативті құқықтық актілердің жобаларын сарапшылық кеңестерде қарауын ұйымдастырады.
- Мемлекеттік мұқтаждар үшін шағын кәсіпкерлік субъектілер үшін сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көлемін бекітеді.
- Шағын кәсіпкерлердің дамуын ынталандыру.
- Бәсекеге қабілетті салаларды құру мен жетілдіруді сондай-ақ олар шығаратын өзінің сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
- ҚР экономикасына инвестицияларды ұлғайту және иновацияларды өңдіруде жеделдету мақсатында даму институтын құрады.
- Жеке кәсіпкерлік субъектісінің келісімді бірлескен саясатты жүргізуге ынталандырады.
- Жеке кәсіпкерлік субъектісіне ішкі және сыртқы нарықтың жай-күйі туралы экономикалық ақпарат беруді ұйымдастырады.
- Жеке кәсіпкерлік проблемеларын шешу үшін ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруды және бұл зерттеулерді қаржыландыруларды.
- Республиканың экономикасы үшін білікті кадрлар дайындау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу оның тұрғылықты жері бойынша салық органында дара кәсіпкер ретінде есепке қою арқылы жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкерліктерді тіркеу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
- Өтініш.
- Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін төленген төлемді растайтын құжат.
Өтініш қабылданғанан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерліктерді тіркеу өткізіледі. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлік Субъектілерінің мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін тіркеуші орган қажетті өкіметті органдардан кәсіпкер ретінде тіркелгені жөнінде 10 күннің ішінде хабарласуға міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеру ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі. Алдымен тексеруді тағайындау түрінде акт жасалады. Мұнда мына жағдайларда көрсетіледі:
- актердің номері, күні;
- тексеру жүргізудің мемлекеттік органдардың атауы;
- тексеруге өкілетті адамдардың аты-жөні, лауазымы;
- тексерудің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атауы;
- тағайындалған тексерудің мәні;
- тексеру жүргізудің құқықтық негіздері көрсетіледі.
Тексеру жүргізу мерзімі 30 күннен аспайды. Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар лауазымды адамы екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Кәсіпкерліктің дамуы
1. Кәсіпкерлік эволюция ұғымы .
2. Кәсіпкерлік принциптермен функциялар.
3. Кәсіпкерлік қызмет негізі, пәні әдістемелері.
Кәсіпкерлік ұғымы 1-ші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді(1680-1734 ) . Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды. Француз эко-ті Жан-Батисг Сейн(1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен риск үшін қызмет атқарды деп түсіндірді. Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.
Әйгілі ағылшын эко-ті Адам Смиг(1723-1790) кәсіпкерді жекеше қызмет атқаратын жеке меншікке және оның қызметін кәсіпкерлердің жеке қызығушылығымен байланыстырды. Бұл негізді кәсіпкер өзі жоспарлау өндірісті өзі ұйымдастырып және алынған пайданы өзі бөліуі тиіс болды.
Ағылшын эк-ті Давид Ричардо(1772-1823) кәсіпкерді қарапайым капиталист ретінде қарастырды.
Кәсіпкерлікке бағалы жаңа бағаны ХІХ ғ. соңында ағылшын э-ті Аллон Маршал берді(1824-1924) . Бұдан соң толық кәсіпкерлік мінездемені өз жұмысында американ э-ті Йозеф Шумпетер берді.
Кәсіпкерліктің отандық теориямен тәжіребиеден келесідей
маңызды принциптері бар.
1. Қызметтің еркіндік негізінде еркін таңдалы.
2. Кәсіпкерлік қызыметке оның қаржысы мен мүлкіне заңды және заңсыз тұлғаларды тарту.
3. Қызмет бағдарламасын өз еркінен құру, тұтынушылармен қызметті ұсынатын товарларды дайындайтын, өндіретін өндірушілерді өз еркімен құру және т. б.
4. Жұмыскерлерді еркін қабылдау.
5. Маталарды техникалық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды пайдалану оларды тарту.
6. Заңға сәйкес экономикалық қызметтердің кәсіпкер мен еркін сезінуі оны жүзеге асыруы.
Кәсіпкерліктің маңызды функциялары болып табылатындар мыналар.
1. Новаторлық функция техниканың ұйымдастырылған және басқарылған жұмыс процесіндегі жаңа идеялардың жүзеге асыуы, тәжірбиелі конструкторлық өндеулер, жаңа товарлар мен жаңа қызметтердің пайда болуы.
2. Ұйымдастырылған функция өндірісті ұйымдастыруда жаңа формалар мен тәсілдерді еңгізу жаңа жалақы формасын, өндірістік жүйенің негізгі элементтерін енгізу.
3. Шарауашылық функциясы еңбек материалды қаржылық интелектуалдық және оқылықтың ресурстарды тиімді пайдалану.
4. Элементтік функция қоғамға қажетті элементтің заңдар талабына сәйкес товарлар мен қызметтерді ұсыну.
5. Тұлғалық функция кәсіпкердің жеке мақсатын іске асыру мақсатында, өз қызметінен қанағат алу барысында өз-өзін жүзеке асыру.
Кәсіпкерлік қызмет теориясы экономикалық пәндер қатарына жатады. Кеңінен қолданылатын кәсіптік теория пәні көбіне адамдардың қызметін үйретумен байланысты болады. Кәсіптік қызмет теориясының пәні - кәсіпкерлердің іс-әрекетін негізін, яғни өндіріске қажетті ресурстарды таңдауда, айырбастауда, бөлуде, түрлі товарлар мен қызметтерді пайдалануда анықталады.
Кәсіпкерлік қызметің әдістемесі болып, зерттеу әдісі, яғни жүйелі құрылымдық анализдің маңызды элементтері, тарихи және логикалық жолдары, қарсылық принциптері, анализ және синтез және т. б. жатады.
Кәсіпкерлік қызмет теориясының методологиялық базасы деп диалектикалық зерттеу тәсілі б. т. жүйелі құрылымының анализдің элементі, тарихи және логикалық бағыттары, анализ және синтез, абстракциялық тәсіл және басқаларды жатқызамыз.
Жүйелік бағыт дегеніміз - кәсіпкерлік қызмет топтарының кешендік мінездемелік негізгі бөлімшелерің білдіреді.
Логикалық бағыт дегеніміз - кәсіпкердің қызметіндегі негізгі іс шаралардың анықталуын көрсетеді. Кәсіпкерлік идеяның тууынан, оны жүзеге асыруға дейінгі аралықтағы процесс.
Анализ тәсілі - жалпы процестің жеке тарауларың анализдеу бағытында анықталып бұдан соң, синтез этапы п. б.
Абстракциялық тәсіл -өмір сүрмейтін әрекеттермен құбылыстардың пайда болуынан тыс, екі жақтың процесінен бас тарту, яғни тұрақты байланыстардың, құбылыстың ішкі мақсаттарын алуда пайда болды.
Кәсіпкерлік әрекеті несиелендіру мен қаржыландыру
Қаржыландыру және несиелендіру кәсіпкерлік әрекетті ақша қаражатымен қамтамасыз етудің бір түрі болып табылады.
Қаржыландыру бұл - түрлі нысаналар қандай да бір әрекетті жүзеге асыру үшін ақша қаражатын қайтарусыз ақысыз табыстау.
Несиелендіру бұл - қаржыландыру сияқты қаржылық мұқтаждықты қамтамасыз етеді. Бірақ несиелендіру қайтарымды, ақылы, сипатта болады.
Қаржыландырудың мынадай түрлері бар:
1. Мемлекеттік бұл қаржыландыру бюджет есебінен жүргізіледі.
2. Өзін-өзі қаржыландыру бұл шаруашылық субъектілерінің өзінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Қайырымдылық бұл қаржыландыру жеке меншік несиелерінің жарналары есебінен жүргізіледі. Осы қаржыландырудың ішіндегі мемлекеттік қаржыландыру қатаң түрде мақсатты сипатта болады және бұл қаржыландыру мемлекеттік органдардың актілерінде белгіленеді.
Мемлекеттік қаржыландыру есебінен берілген ақша құжаты үшін мынадай жауапкершіліктер белгіленеді:
1. Бюджет қаражатын мақсатына қарай пайдаланбағаны үшін.
2. Ақша қаражаты жөнінде қажетті мәселелер мен есеп берулерді табыстамағаны немесе өз уақытында табыстамағаны үшін.
Жауапкершілік шаралары тағайындалады:
- Ескерту.
- Айыппұл.
- Төлем тұрақсыздығын төлету.
- Бюджет қаражатын даусыз тәртіпке алып қою.
Мемлекеттік қаржылықтың негізгі бағыттарының бірі мемлекет мұқтаждықты ақша қаражатымен қамтамасыз ету. Мемлекеттік мұқтаждық бұл - елдің қорғанысы, қауіпсіздігі және өзге де маңызды мәселелерді шешу үшін қажетті өкімге мұқтаждық немесе сұранысы болып табылады.
Мемлекеттік мұқтаждықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мақсатты бағдарламалар қабылданады. Бұл бағдарламаларда елдің экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени және өзге де аумағындағы ғылыми зерттеу конструкторлық, өндірістік, шаруашылық, кешені беріледі. Осы бағдарламадағы жұмысшыларды ұйымдастыру және оны орындау үшін мемлекеттік тапсырыс берушілер тағайындалады. Мемлектке тапсырыс берушілер бағдарламаны орындау үшін заңды және жеке тұлғалармен мемлекеттік контракт бекітіледі.
Кәсіпкерлік әрекетінің өзін-өзі қаржылындыру бұл - кәсіпкер мен өзінің қаражаты есебінен өңдірістік шаруашылық әрекетін қамтамасыз ету өзін-өзі қаржыландыру екі жолмен жүргізіледі.
- Өндірілетін өнімнің құнына кеткен шығындарды енгізу арқылы.
- Кәсіпкердің билігінде қалған кіріс есебінен жүргізіледі.
Кәсіпкер өндірілген өнімнің құнына өндірістік шығындарды тек белгіленген ереже бойынша ғана енгізе алады. Тауардың құны есебінен сол тавар материалдарына кеткен шығындар еңбек ақыны төлеуге қатысты кеткен шығындар, әлеуметтік мемлекеттік қорларға төленетін төлемдерге қатысты шығындар қаржыландырылмаған.
Шаруашылық етуші субъектілермен алынған кіріс салық салудың қайнар көзі болып табылады. Кәсіпкердің билігінде қалған қаражат кіріске қатысты салықты өтегеннен кейін түрлі мақсаттарда құрылған қорларға салынады. Ұйымның кірісі кәсіпкерлік әрекет субъектісінің өзінің жеке мұқтаждығын қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
Кәсіпкерлік әрекетті мемлекеттік несиелендіру тәртібі ақша қаражаты берілетін субъектіге байланысты болады. Мемлекеттік кәсіпорындарға несие пайыздың немесе пайызсыз шарттар лемит тәртібінде берілуі мүмкін. Шаруашылық етуші субъекті мемлекеттік кәсіпорын болып табылмаса, онда несие шарттық негізде қайтарымды, мерзімді, ақылы және қамтамасыз етілу қағидаларына сүйеніеп беріледі. Несиені берудің міндетті шарты. Несие алушының қаржылық жағдайын алдын ала тексеру болып табылады. Несие бұдан бұрын қайтарымды негізде алынған несиелер бойынша қарыздар жоқ немесе төлем мерзімін бұдаған тұлғаға ғана беріледі.
Мемлекеттік несие мынандай жағдайларда жеңілдікпен беріледі:
- агро өндірістік ұйымдарға: жем, тұқым, жанар-жағармай алу үшін;
- ақ өсіруші кәсіпорындарға: жем алуға қажетті жеңілдіктер;
- балық кәсіпорындарына.
Банкілік несиелендіру:
- қайтарымды;
- ақылы;
- мерзімді қағидаларға сүйене отырып жүргізіледі.
Сонымен қатар несие шарты берілген несиенің мақсаты қағидасына сүйене отырып және несиені қамтамасыз ету шарттарына негізделе отырып бекітіледі. Кредитті пайдаланғаны үшін пайыз есебінде ақы алу несиенің ақылығын білдіреді. Алынған ақша қаражаты кредиторға қайтарылуы тиісті. Бұл несиенің қайтарымдылығын білдіреді.
Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдану
Жек кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негігі бағыттары.
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- жеке кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;
- жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктерді, индустриялық аймақтарды және жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін құру және дамыту;
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекекеттік қолдау және дамыту:
- мемлекеттік органдардың жанынан жеке кәсіпкерлік проблемаларын зерделеу және дамыту ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институттарын құру;
- орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;
- жеке кәсіпкерлік қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру;
- бизнес-инкубаторлардың жеке индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру;
- жер учаскелерін, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
3. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мыналарды:
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды пайдалану үшін жағдайлар жасауды;
- шағын кәсіпкерлік дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеуді;
- оңтайлы салық салу режимін белгілеуді;
- шағын кәсіпкерлікке кредит берудің бағдарламаларын қабылдауды;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды, тарту мен пайдалану жүйесін жасауды;
- мемлекеттік мұқтаждар үшін товарларды сатып алудың кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуді;
- жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын консалтингтік ұйымдар мен шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды қоса алғанда, ос баптың 1- тармағында көрсетілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік даму институттары Қазақстан Республикасында және кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы иновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғарғы технологиялық, ғылымды қажетсінетін өндірістерді, өндірістік инфроқұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға жәрдемдесу мақсатында құрылады.
5. Индустриялық аймақтар жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Индустриялық аймақтардың міндеттері:
- өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу;
- жаңа өңдірістер инфроқұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;
- өңдіріс тиімділігін арттыру;
- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
6. Мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскелерін, ғимараттарды, үй-жайларды сатады, не жер учаскесінің нысаналы мақсатын Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өзгертіледі, не Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес сатып алу-сату шартына не рұқсатқа қажетті инфрақұрылымға қосудың техникалық шарттарын міндетті түрде қоса отырып, тұрғын үйді тұрғын емес қайта жабдықтауға рұқсат береді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің одан әрі инфрақұрылымға қосу сатып алу-сату шартына не рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz