Ламарктың эволюциялық концепциясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ламарктың эволюциялық концепциясы

1. Ламаркимнің тарихи негіздемесі

2. Ламарктың деңгейлік ілімі.

3. Қоршаған ортаның ағзаға әсерін ламаркша түсіндіру.

1. Таритағы органикалық әлемнің ең алғашқы эволюциялық теориясын француз ғалымы Ж. Б. Ламарк түзді. Ол өзінің еңбегін 1809 жылы "Зоология философиясы" деген атпен жариялады. Ламарк осы еңбегінде алғаш рет жүйелі түрде органикалық формалардың эволюциясын түсіндіруге тырысты. Ламарктың көзқарасы салыстырмалы түрде шығарылған терен ойлы біртұтас эволюция концепциясы болып табылды. Ол идея бойынша материя бірінші және пассивті, материяны қозғайтын сыртқы күш. Ламрктың концепциясы ойдан құрастырылған конструкцияда негізделді. Тірі табиағатқа сараптау зерттеулерден алынған деректерге емес өзі қабылдаған постулаттарға негізделді.

Ламарк өз заманының адамы болғандықтан, сол кездегі көз қарастың көлемінен шыға алмады. Оның постулаттары илеалистік тұрғыда болды. Ол табиғаттағы тіршілікке алғашқы құдіреттік бастама қойды. Барлық материяның ішінде алғашқы қозғаушы күші болады деді. Ал ғылыми деректерден алынған фактілерді осы постулаттардың айналасына орналастырып түсініктеме берді.

Ж. Б. Ламарктың эволюциялық ілімінің алдындағы еңбегін атап өтпеуге болмайды Ол ө зінің алдындағы идеяларға қарағанда, материяға бірқалыпты қозғалыссыз күйде емес, олардың үнемі қозғалыста, дамуда және өзігерісте болатынын айқындады. Бұл Ламарктың еңбегіндегі ең басты прогрессивтік идея болатын.

2. Тірі тіршіліктің сан алуан түрлілігін түсіндіру кезінде Ламарк олардын табиғатта ха остық түрде емес, белгілі бір реттілікте болғанын байқалды. Ол оларды белгілі деңгейлерге бөлгісі келді. Оны қалай негіздеуге дерек іздеді. Ол ағзаларлын бірте-бірте күрделенуін байқап, ең қарапайыдарынан ең күрделісіне қарай әртүрлі - 14 класстан тұратын 6 деңгейлерге орналастырады. Онда, 1-деңгейге политер мен инфузорияларды, 2-деңгейге құрттар мен сәулелерді. 3-деңгейге өрмекші тәріздестер мен насекомдарды. 4-деңгейге моллюскілерлі, мұртаяқтыларды, үшкірлерді және шаяндарды, 5-деңгейге бауырымен жорғалаушыларды және балықтарды, 6-деңгейге сүтқоректілер мен құстарды орналастырды. Бұл шешімді негіздеу үшін ол алғашқы екі постулаттарын қабылдады: 1) ағза түрлері уақыт бойында бір қалыпты емес, олар өзгеріп отырады; 2) ол өзгерістер белгілі бір заңдылықтармен іске асады. Ағзалар үнемі дамуға бейімді, даму жолында әрдайым қарапайым қалден күрделі және жетік жағдайға жетілуге ұмтылады деді. Осы баяу ұмтылысты Ламарк деңгей деп атады. Деңгейлік дамудағы табиғаттың қозғалтқыш күші ретінде Ламарк «табиғаттың прогресске» ұмтылуын санады. Оның теориясы бойынша, бұл ұмтылу қабілеттері ағзаға құдірет күшімен қондырылған. Сондықтан, табиғат өздігінен дамуга бейімді деп түсінді. Ол ағым, кейін автогенез деген атқа ие болды. Автогенздік тұжырымға сәйкес, тірі табиғат даму барысында қоршаған ортаның әсерінен мүлдем тәуелсіз болып табылды.

3. Ж. Б. Ламарк ағзалардың даму кезіндегі қоршаған ортаның әсеріне де түсініктеме беруге тырысты. Ол өзінің «прогрессивтік эволюция» теориясын дәрістеп болғаннан кейін, табиғаттағы бар түрліліктерді түсіндіру қажет болды. Табиғатта ең қарапайым және өте жоғары күрделіліктегі ағзалар қатар өмір сүретіні белгілі жай. Сол үшін, ол қоршаған орта алдын ала белгіленген деңгейлік үйлесімді бұзып ауытқулар туыдырады деді. Аталған прогрсессивтік ұмтылыс қоршаған ортаның өзгеріссіз, бірқалыпты жағдайында дұрыс және қалыпты жүреді, ал қоршаған ортаның өзгерістері оны тура жолдан ауытқулар түзудің арқасында ағзаларда бейімделушілік қасиетінін пайда болуына соқтырады деген уәж айтты. Бұл кезде, сол тура жолдан ауытқушылыққа ұшыраған ағзалар дамусыз немесе өте баяу дамудын нәтижесінде өте қарапайым деңгейде қалып койған (қарапайым ағзалар мен күрделі ағзалардың бірдей кездесетіндігіне түсініктеме), жақсы бейімделген немесе қоршаған ортаның қатты әсеріне ұшырамаған ағзалар күрделі деңгейге дейін дамып жеткен деді Ламарктың түсінігі бойынша, қазрігі кезде жойылып кеткен, көне заманда өмір сүрген ағза түрлері қазіргі кездегі ағзалардың (ешқандай ұқсастығының жоқтығына қарамай) ата тегі болған.

Кейінгі еңбектерінде Ламарк қоршаған ортаның әсерін толығырақ түсіндіру үшін, өзінің үшінші постулатын қабылдады: «барлық ағзаларға қоршаған ортаның әсеріне бейімделу қабілеті оларға алдын ала берілген». Алдыңғы постулаттағы ағзалардың прогрессивтік дамуға қабілеті сияқты, бұл постулатта кез келген ағзаның ішкі қасиеті ретінде қабылданды. Өсімдіктердің қоршаған ортаның әсеріне бейімділік реакииясын мысал ретінде пайдалану кезінде, ол қазіргі заманда дәлелденген модификациялық өзгергіштікті тұқым қуалаушылық қасиетімен шатастырды. Өсімдік белгілі өзгеріс жағдайында болса, онда пайда болған белгі міндетті түрде келесі ұрпақта, қандай жағдайда өсседе, тұрақты көрінеді деді. Жануарлар ағзасынлағы мұндай өзгергіштіктерді де Ламарк солай түсіндірді. Орталық нерв жүйесі бар жануарларла бейімделушілік өзінше жүреді. Оларға тіршілік ортасы әсерлерін тікелей емес, жанама жасайды. Тіршілік ортасы жануарларлын мінез-құлқына әсер жасайды. Әсер ұзақ уақыт болса, өзгеріске байланысты жануарларда жаңа әледер пайда болады. Әдетке байланысты жануарлар бір органдарын жиірек, бір органдарын жирегірек пайдалана бастайды. Жиі пайдаланған органдар қарқынды дамып өзгерсе, сирек, не пайдаланылмаған органдары бірте-бірте нашарлап, ақырында жойылып кетеді. Мысалы, Ламаркша көл, су жағалап тіршілік ететін құстар батпаққа батып кетпеу үшін аяқтарын ылғи созып жүрген. Нәтижесінде олардың аяқтары эволюцияланып, ұзарып кеткен. Ламарк мысалдарынан жирафтың мойынының құмырсқа жегіштің тілінің ұзаруын, жүзетін құттарда жүзу жарғақтарының пайда болуын атауға болады. Ламаркша, жоғарғы сатыдағы организмдер өзгерісінің негізін олардың жігерленуі мен жаттығу принцнптері қалайды. . Ламарктың ойынша, жануарлар жігерленгенде олардың нерв жүйесінен сол органдарға флюидтер құйылып, олардың қарқынды дамуын қамтамасыз етеді. Бұғылар аналықтарға таласып, қақтығысуына байланысты флюидтер олардың

мүйізіне келіп құйылып, аталықтарының мүйіздері үлкен болған. Нерв флюидтерін атмаған органдар шынықпайды да, ақырында жойылып кетеді. Осылайша көртышқандардың көзі, жыландардың аяғы, көптеген насекомдардың қанаттары жойылып кеткен.

Қорытындылай келе, Ламарк қоршаған ортаның әсерін активті (эктогенез - қоршаған ортаның жеке дара өзгергіштік тудыратын қасиеті ) түрде сипаттады.

Ал ағзаның оған берер жаубын пассивті түрде қарастырды. Осыған орай, Ламарктың автогенездік пікірі эктогенздік пікірімен қарама-қайшылықта болды.

Ағза сыртқы әсерге қарай пасоивті бейімделеді деді. Ламарктің концепциясы бойынша, эволюциялық үрдістін басты екі факторы өзара диалектикалық байланыста емес, қатар, бірақ тығыз байланыссыз болып қарастырылды.

Ламарктың қателіктерінің ішкі себебі ретінде, оның жеке ағзаларды қарастыруын санауға болады. Ол зерттеу нысаны ретінде тек жеке ағза туралы айтты. Табиғаттағы өзгерушіліктің себебін түр ішінен немесе популяциялық тұрғыдан қарастырмады.

Дегенмен, қазіргі замандағы эволюциялык ілімнің алғашқы даму сатысы Ж. Б. Ламарктің эволюцияық теориясының басталады. Ламарк өз еңбегінде эволюцмя ілімінің негізгі проблемаларын қоя білді. Ол оны өзінше шешуге де тырысты. Дәл осының өзі Ламарктың ұлылығын көрсетеді. Ламарктың жануарлар градациясы Боннэнің тіршілік сатысымен салыстырғанда жаңадан алға бір қадам басқандық болып табылады. Градация негізінде Ламарк организмдердің тарихи даму принципін ұстанды. Боннэнің иерархиялык сатысы Ламарк жануарлар градациясында тарихи сатыға айналды. Оның әрбір текпішегі бір-бірімен тығыз байланыста болды. Оны генеологиялық жалғастық деп атауға болады. Ұлы ғалым эволюцияның әртүрлі бағытта жүретінін көрсетті. Соньің арқасында, тірі дүние бір жағынан күрделіленсе, екінші жағынан бір класстың өзінде әртүрлі жіктелулер жүріп отырады Осының арқасында, дүниенің алуан түрлілігі пайда болган. Ламарк эволюиияның адаптивті, бейімделу бағытында жүретінін атап көрсетті. Ламарк әрі анизмдердің тіршілік ортасына морфологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да бейімделетінін байқады. Оның организмдердің

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ламарктың Зоология философиясы еңбегі
Ламарк ілімі
Органикалық дүниенің даму мәселелері
Алғашқы эволюциялық теория
Эволюция теориясы
Филогенетика казыргы кезеңі
Эволюциялық идеялардың даму кезеңдері
Эволюциялык идеялар
Эволюциялық ілім
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz