Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов



Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы.демократ Ш. Ш. Уәлиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады.Оның қысқа да жаркын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденіністерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой.сана, пікір.тұжырым биіктей өркендеуіне ыкпал ет ті.Шоқан (шын аты — Мұхаммедханафия) Шынғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың ноябрь айында Құсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың әулетті семьясында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігін сақтауға едәуір еңбек еткен ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал.айласы мол, Орта жүз ханы болған. Оның үлкен ұлы Уәли (Шоқанның туған атасы) қайтыс болғаннан кейін хан шаңырағы, хандық билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалған. «...Айғаным мен оның балалары Россияға адал ниетін сақтап қалды. Уәли канның осы жесіріне Александр I аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті. Сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді» — деп жазды П. П. Семенов Тян.Шанский. Жасында Шоқан әжесі Айғанымның ықпалында болған.1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға орналастырады. Жабық әскери оқу орны болғанмен, онда көптеген пәндер оқытылуы, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ беруі, Омбының көзі ашық оқыған адамдарының семьяларымен араласуы, көп оқып білімін тереңдете түсуі Шоқанның рухани өсуіне, келешек тағдырына едәуір ықпалы болған.«Корпуста ой.өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озьш отырды. Екі.үш жылдан кейін.ақ Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды» — деп жазды онымен бірге оқыған досы Г. Н. Потанин. Сібір кадет корпусында оқуқық соңғы жылддрындд.ақ Шоқан биік саналы, терең ойлы, жан.жақты білімді, дүниеге көзқарасы қалыптасқан, халқының қажет.мұқтаждарын пайымдай да, түсіне де алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге дайын мақсатшыл жас болып қалыптасқаны оның алғашқы ғылыми еңбектері болып есептелетін «Проф. Н. И. Березинге хат», "Профессор Н. И. Березиннің «Хан жарлықтары» кітабына рецензия», «Рашид.ед.дин» т. б. жұмыстарынан да байқалады. Жап.жас Шоқанға мұғалімдері де, құрбылары да болашақ ғалым, зерттеуші деп қарағандары, жоғары бағалағандары естеліктерде де айтылған.Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, атты әскер корнеті атағын алып шыққан соң Сібір қазақ.орыс әскерінің 6.атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір генерал.губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік.батыс аймағының генерал.губернаторы Г. X. Гасфорттың

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады.Оның қысқа да жаркын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденіністерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырым биіктей өркендеуіне ыкпал ет ті.Шоқан (шын аты -- Мұхаммедханафия) Шынғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың ноябрь айында Құсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың әулетті семьясында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігін сақтауға едәуір еңбек еткен ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол, Орта жүз ханы болған. Оның үлкен ұлы Уәли (Шоқанның туған атасы) қайтыс болғаннан кейін хан шаңырағы, хандық билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалған. ...Айғаным мен оның балалары Россияға адал ниетін сақтап қалды. Уәли канның осы жесіріне Александр I аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті. Сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді -- деп жазды П. П. Семенов Тян-Шанский. Жасында Шоқан әжесі Айғанымның ықпалында болған.1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға орналастырады. Жабық әскери оқу орны болғанмен, онда көптеген пәндер оқытылуы, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ беруі, Омбының көзі ашық оқыған адамдарының семьяларымен араласуы, көп оқып білімін тереңдете түсуі Шоқанның рухани өсуіне, келешек тағдырына едәуір ықпалы болған.Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озьш отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды -- деп жазды онымен бірге оқыған досы Г. Н. Потанин. Сібір кадет корпусында оқуқық соңғы жылддрындд-ақ Шоқан биік саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, дүниеге көзқарасы қалыптасқан, халқының қажет-мұқтаждарын пайымдай да, түсіне де алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге дайын мақсатшыл жас болып қалыптасқаны оның алғашқы ғылыми еңбектері болып есептелетін Проф. Н. И. Березинге хат, "Профессор Н. И. Березиннің Хан жарлықтары кітабына рецензия, Рашид-ед-дин т. б. жұмыстарынан да байқалады. Жап-жас Шоқанға мұғалімдері де, құрбылары да болашақ ғалым, зерттеуші деп қарағандары, жоғары бағалағандары естеліктерде де айтылған.Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, атты әскер корнеті атағын алып шыққан соң Сібір қазақ-орыс әскерінің 6-атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағының генерал-губернаторы Г. X. Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Сонымен қатар Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оған айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарайды. Бұл қызметтерде Шоқан бюрократтық аппараттың мансапқор, парақор, тоң мойын, жүгенсіз кеткен чиновниктері мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді көреді, оларға қарсы батыл пікірлер де айтады, ресми басшылықтармен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Ол бұл қызметтерден Омбыдан кетуді, туған халқына пайдасы тиетін істерге араласуды армандайтыны туралы сол кезде танысып, достасқан орыс жаззушысы Ф. М. Достоевскийге, досы К. К. Гутковскийге хаттар жазғаны белгілі. Шоқанның : қоғамдық және әдебиет саласындағы белсенді қызметі осы жылдардан басталады.1854 -- 1857 жылдары Yenлы жүз қазақтары мен кейбір қырғыз руларын Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Россияға бейбіт Ш. Ш. Уәлиханов оны жан-жақты зерттеуі, географиялық сипаты, саяси құрылысы, мәдениеті мен тұрмыс-салт ерешеліктері туралы мағлұмат-деректерді әлемге, ғылымға ашып беруге тиіс болды.Ержүрек саяхатшы бұл сапарда талай-талай қиындықтар мен кедергілерден өтеді, жалған атпен Әлімбай болып керуен басының туысы ретінде аттанады, Тянь-Шань биіктерінін, бірі Сырт деп аталатын хауіпті әрі адам қадам баспаған биік асуларында түтекке тұншығып, суыққа тоңып, қарлы жаңбырда тайғанақтаған ат-туйелері де біраз шырынданып, кейде алыс ауыл тұрғындарының қауесет-сенімсіздіктеріне де кездесіп, талай бөгеттерді өткеріп, керуен 1858 жылдың 27 сентябрінде Қытай шекарасынан өткен.Қашғарияда Шоқан 1858 жылдың 1 октябрінен 1859 жылдың март айының ортасына дейін болған кезде бұл аймақты -- Қашғар қаласы мен Алты шаһар елін терең зерттейді. Ол кезде алты шаһар деп солтүстіктен Тянь-Шань, оңтүстіктен Күн-Лунь тауы қоршап тұрған Қашғар, Ақсу, Учтурфан, Янысар, Жаркент, Хотан қалаларын айтады екен. Қоқан ханының Қашғардағы сауда консулы, әрі саяси резиденті, егде тартқан ресми адаммен Шоқанның сыйлас, құрметтес болуы сапар нәтижелерінің өнімді де пайдалы болуына едәуір жәрдемдескен.Ш. Уәлиханов Қашғарияның экономикалық -саяси құрылысын, тарихын, этнографиясын рухани өмірін зерттеген, бұл аймақтың өткені мен сол кездің қалпын жақсы білетін адамдармен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп, мағлұматтар жинаған, шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсіріп алған, нумизматикалық және тау жыныстарының коллекциясын, гербарий жасаған. Солардың бірінде Мирджай тауы мен Қарақаш өзені аңғарынан шығатын нефрит асыл тасының текшелері болған. Зерттеуге қажет деп саналған талай бұйымдар да жиналған. Сөйтіп, бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де ғылымға да пайдалы бай материал мен сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп көріп Шоқан керуені 1859 жылдың апрелінде елге оралған.Қауіп-қатері мен қиыншылығы мол сапардан ауырып қайтқан Шоқан Петербургке үсті-үстіне шақыртып жатса да, Омбыда экспедиция материалдарын жүйелеп, қорыту ісімен біраз айналысады да, Петербургке келеді. Ш. Уәлихановтың Петербургке келу кезі әр-түрлі жазылып жүр, 1860 жылғы февральда, енді бір мәлімет бойынша 1859 жылдың аяғында. Ол 1860 жыл бойы астанада болған.Қашғария сапарының нәтижелі жемісі -- Ш. Ш. Уәлихановтың Алты шаһардың яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаланың жайы .атты еңбегі Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналып жазылған ғылымның биік деңгейіндегі тұңғыш зерттеу жұмысы болды. Сондықтан орыс ғалымдары мен саяси қайраткерлері оны шығыстың тарихы мен географиясы туралы Европа ғылымын толықтырған шын мәнісіндегі географиялық жаңалық, ал Қашғарияға салар нағыз ерлік деп таныды.Қашғария сапарының ғылыми нәтижелері туралы Ш. Ш. Уәлиханов Орыс География қоғамында мәлімдеме жасағаннан кейін-ақ, оның материалын Германияда неміс тілінде басып шығарды. 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарияланды. Бұл Ш. Ш. Уәлиханов енбектері Батыс Европада жорары бағаланушының айғағы еді.Қашғария экспедициясының қорытындылары нәтижелері ресми үкімет тарапынан да аталып өтті. Оған дәлел 1860 жылғы 8 апрельдегі Үкімет указы бойынша ..пооручик сұлтан Шоқан Уәлихановқа штабсротмистр әскери атағы, 4-дәрежелі Ізгі Владимир ордені және бір жолғы көмек ретінде 500 сом күміс ақша берілсін -- делінген. Шоқанның ұсынысы бойынша, осы экспедицияның жұмысына қатысы бар 22 адам қоса наградталған, оның ішінде керуен басы Мұсабай, Семей көпесі Бұқаш, К. К. Гутковский т. б. бар.1860 жылы астанада болғанда, Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінде қызмет істеген, Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінде, Орыс География қоғамында қызметте болған, талай ресми қайраткерлермен, шығыстанушылармен, әдебиетшілер тобымен кездескен. Олардың ішінде Ішкі істер министрі граф Д. Н. Блудов пен Синодтың обер-прокуроры граф А. П. Толстой сияқты ресми қайраткер, Ф. Р. Остен-Сакен, В. В. Григорьев, И. И. Захаров, В. В. Вельяминов-Зернов, М. А. Казем-бек, А. Н. Бекетов, А. Н. Майков, В. Крестовский тағы басқалары бар. Олардың біразымен Ш. III. Уәлиханов сыйлас дос болған бұрынғы достары Ф. М. Достоевскиймен, Г. Н. Потанинмен араласқан.Ш. Ш. Уәлиханов Петербургте болғанда өнімді ғылыми жұмыс жүргізеді. Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша ол Орта және Орталық Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. Оның редакциясымен Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы", "Іле сырты өлкесі бөлігінің рекогноссировкасы, "Құлжа қаласының жобасы, Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта, Қытай империясының батыс өлкесінің картасы" т.б. дайынлады, Ш. Ш. Уәлихановтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Ыбырай Алтынсарин - өткен заманның биік тұлғасы, қазақ педагог ағартушысы
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Уәлиханұлы
Ұлы ойдың адамы ( Шоқан Уәлиханов )
Ш.Уәлихановтың педагогикалық және философиялық ой-пікірлері
Шоқан ғылымға не қосты
Орыс ғалымдары ХІХ ғасырдың Қазақстан өндіргіш күштері мәдениеті мен тұрмысы
М.Дулатовтың педагогикалық-психологиялық көзқарастары
ХІХ-ХХ ғ.ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы мен тарихи кезеңдері
Пәндер