Кеңес дәуірі әдебиетіндегі әңгіме жанры



Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.8

2. Негізгі бөлім

І тарау
ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының дамуы мен қалыптасуы ... 9.21

ІІ тарау Кеңес дәуірі әдебиетіндегі әңгіме жанры ... ... ... ... ... ... ... ... 22.34

ІІІ тарау Қазіргі қазақ әңгімелерінің жанрлық ерекшеліктері ... ... ... ... 35.42

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43.44
4. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45.46

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...3-8

2. Негізгі бөлім

І тарау
ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының дамуы
мен қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 9-21
ІІ тарау
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі әңгіме жанры
... ... ... ... ... ... ... ... .22 -34

ІІІ тарау
Қазіргі қазақ әңгімелерінің жанрлық ерекшеліктері ... ... ... ... 35-42

3. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...43-44

4. Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45-46

Кіріспе

Әдебиеттану ғылымында әдеби жанр мәселесі жан-жақты зерттелініп
келеді. Әдеби жанр (французша genre – тек, түр) термин ретінде шартты түрде
екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2)
әдеби шығарманың түрлері – әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия
т.б.
Әдебиеттанушы Г.Н.Поспелов жанр мәселесі туралы: „Термин жанр
употребляется в нашей науке в двух разных смыслах. Жанрами нередко называют
то что издавно было принято называть „родами” литературы – эпос, лирику,
драму. Но это нарушает давно сложившуюся традицию называть словом „жанр”
не роды литературы, а те более частные ее образования, которые существует в
пределах различных ее родов такие как например: эпопея, роман, рассказ,
новелла, ода, очерк, трагедия” [1;230], – дейді.
Байқап отырғанымыздай, жанр мәселесінің маңында шартты пікірлер көп.
Әдебиет теориясы жайлы жазылған кітаптардың көбінде әдебиеттің тегі – жанр,
әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда, эпосты – жанр деп
білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын
көлемді эпикалық түрге – очерк, әңгімені т.б. жатқызамыз.
„Литературные жанры обладают структурными, формальными свойствами,
имеющими разную меру определенности. На более ранних этапах на первой план
выдвигались и осознавались как доминирующие именно формальные аспекты
жанров. Жанрообразующими началами становились и стиховые размеры и
строфическая организация и ориентация на те или иные речевые конструкции и
принципы построения,” [2;372] – деген В.Е.Хализовтың пікірінше әрбір
жанрлық туындының жанр түзуші белгісі болады.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық
шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып,
олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса,
біздің бітіру жұмысымыздың нысаны „...шағын көлемді эпикалық жанр әңгімеде
өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір
немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын
қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір
үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын,
ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында көрінеді.
Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы шығарма сыртында – баяндаудан да,
суреттеуден де тыс. Авторлық материал – нағыз қажетті детальдар мен
штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы даму үстінде
емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі, композициясы
да – жинақы, үйірімді, ширақ келеді,” [3;290]– дейді белгілі әдебиеттанушы
ғалым З.Қабдолов.
Шағын көлемді эпикалық түр әңгіменің жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып
өтейік. Қазақтан шыққан тұңғыш әдебиеттанушы-ғалым А.Байтұрсынұлы 1926
жылы жарық көрген мәні мен маңызы өте терең, сан-салалы әдебиет табиғатын
жан-жақты ашып, талдап түсіндірген „Әдебиет танытқыш” атты еңбегінде жазба
әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін айта келіп, оны: 1) әуезе, яки әңгіме 2)
толғау тобына қарайтын сөздер, 3) айтыс-тартыс тобына қарайтын сөздер деп
үш түрге бөліп қарастырады.
Осы топтағы әуезе немесе әңгімеге анықтама бере келіп,
А.Байтұрсынұлы:
„Бұл топқа кіретін сөздер толып жатыр. Оның бәрін түгендеудің қажеті
жоқ. Басты-басты түрлерін алғанда, олары мынау болады:
1. Ертегі жыр 2. Тарихи жыр. 3. Әуезе жыр. 4. Ұлы әңгіме (роман). 5.
Ұзақ сөз. 6. Аңыз өлең немесе әңгіме. 7. Көңілді сөз. 8. Мысал.
9. Ұсақ әңгімелер” [4,32], – дейді.
А.Байтұрсынұлы ұлы әңгіме, яғни романға жанрлық жағынан сипаттама бере
келіп, „ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі „Ұзақ әңгіме”, ал одан
шағындау түрі „Ұсақ әңгіме” деп аталады”, – деп нақтылай түседі. Одан әрі:
„Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-кішілігінен
ғана. Мазмұндау жүйесі бәр-бәрінде де бір, айтылу аудандарында айырма бар:
ұлы әңгіме сөзі алыстан айдаған аттар сынды жайыла бастайды, ұзақ әңгіме
жақыннан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұсақ әңгіме мүше алып, оралып
келе қоятын аттарша бастайды”, – деп „әуезе түрлерін” одан әрі қарай
жіктеп, жүйелеп береді.
А.Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқышындағы” „ұлы әңгіме” деп отырғаны –
роман, „ұзақ әңгіме” деп отырғаны – әңгіме жанры екені түсінікті.
Жалпы алғанда, „Әңгіме деген не?” деген сауалға А.Байтұрсынұлына
дейінгі әлем ойшыл-оқымыстылары да, одан кейінгі отандық зерттеушілеріміз
де тынбай жауап іздеп келеді. Осы сала бойынша жарық көрген еңбектерді екі
түрлі жүйе бойынша топтастыруға болады. Біріншіден, әңгіме жанрының өзіндік
сыр-сипатын сараптауға, жанрлық ерекшелігіне „мінездеме” беруге арналған
теориялық тұрғыдағы зерттеулер, ой-пікірлер, мақалалар; екіншіден, мерзімді
баспасөз беттерінде немесе әдеби шығармалар жинақтарында жарияланған,
жазушылардың қаламынан туған әңгімелерге байланысты жазылған шолу
мақалалар, сындар, арнайы зерттеу еңбектер.
Сомерсет Моэмнің пікірінше, „Әңгіме, – ұзын-қысқалығына қарай он
минуттан бір сағатқа дейін оқып бітіруге болатын, әбден аршылып алынған бір-
ақ нәрсе, бір ғана оқиға немесе бірігіп кеткен бірнеше оқиғалар тізбегі
туралы жазылған шағын шығарма. Әңгімені еш нәрсе қосуға да, алуға да
болмайтын етіп жазу керек”. Бұл жерде әңгіме жазудың екі түрлі ерекшелігі,
біріншіден, оның қысқа жазылуы керектігі, ал, екіншіден, шебер жазылуы
қажеттілігі басты назарға алынып отыр.
Академик З.Қабдолов бұл жанрдың сипатын былай ашып көрсетеді:
„Әңгіме – қиын жанр. Алдымен, көлемі шағын. Ол – жазушыдан барынша
жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды бірден үйіріп әкету үшін,
сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі
қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене бастаған бетте-ақ оқырманның көз алдына
іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе
бастауы керек. Ол адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл даралана
беруге тиіс. Адам тұл көрінбейді; оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге
түсуі, сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт.
Әлгі адам – соның өкілі, типтік тұлға болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан
өмірді терең білумен қатар, шұрайлы сөз байлығын, жіті бақылағыштықты,
асқан талғампаздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда,
қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса
кемел идеяға апарар терең білім мен мәдениетті талап етеді. Мұның бәрі –
күрделі, қиын жұмыс, сондықтан болуға тиіс, қаламгер қауым әңгіме жазуды
шеберлік шыңдау деп ұғады.
Әңгіме – әдемі дүние: жауынгер, ұшқыш, өмір құбылыстарына шұғыл үн
қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір, икемді, сүйкімді жанр. Ұзақ поэманың
қасындағы қысқа лирика секілді, көп актілі драманың қасындағы бір актілі
пьеса тәрізді, әңгіме де романнан тез жазылып, шапшаң тарайды. Жақсы
әңгімені сахнадан тыңдауға, дала қосында қарауға, жайлауда жатып оқуға,
қалтаға салып, жолға алып шығуға болады. Әдебиет сүйетін адамға әр жерде-ақ
сыршыл серік, сырмінез дос боп кетеді; оның ойын тербеп, қиялын қозғап,
жанына жалын қосады. Бұл – әңгіменің эстетикалық күші” [3;297].
Академик З.Ахметовтың пікірінше: „Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға
негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көлемді шығарма. Әңгіменің жанрлық
ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік
құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. Әңгімеде әдетте бас-аяғы
жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Әңгімеде басқа жанрлар секілді,
алдымен адам – оның өмірі мен тағдыры көрінуі тиіс. Аса маңызды деген оқиға
суреттелуі керек. Сөйтіп әңгіме көлемі шағын шығарма болғанымен, қаламгер
үшін нағыз шеберлік мектебі екеніне сөз жоқ. Оған қатысатын кейіпкерлер де
көп болмайды. Сюжет желісі бір арналы, ширақ келіп, тақырыбы мен идеясы
айқын болады. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп
баяндауға, ұсақ-сонар суреттеме беріп жатуға орын жоқ. Бір оқиға, тартыс-
қақтығысты бейнелеумен кейіпкерлердің мінез-тұлғасы толық, айқын көрініс
тауып, маңызды ой түйіндер жасалуы қажет. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп
жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді” [5;89].
Сыншы-әдебиетші Қ.Ергөбек шағын жанр әңгіменің шарты – өмірдің бір
кешін, көңілдің бір сәттік сезімін, т.б. бейнелеу деп санайды [6;112].
Әңгіме жанрының өзіне тән өзгеше сипатын және әңгіме жанрының жай-
күйін анықтап, жетістіктері мен кемшіліктерін ашып, өресі мен өрісін
саралап отыру мақсатында кезінде „Қазақ әдебиеті” газетінің беттерінде
„Қазіргі қазақ әңгімесі” деген тақырыпта пікір талас ұйымдастырылып, оған
жазушылар Ә.Тарази, Т.Нұрмағанбетов, Т.Әлімқұлов, сыншылар Т.Қожакеев,
Т.Жұртбаев және т.б. белсене ат салысты [7;166].
Осы пікірталасқа үн қосып, онда ортаға салынған ой-пікірлерге шолу
жасап, талдау арқылы „Қазіргі әңгіме хақында” атты мақала жазған сыншы
Б.Сарбалаев қазақ әңгімесіне жетіспей жатқан кемшін тұстар қатарында мына
мәселелерді атап көрсетеді: бұл жанрдағы басты кемшілік – көптеген
қаламгердің әңгімешілік талантының тапшылығы; көлемі жағынан көсіліп
жатқанымен, көбіктік танытуы, жақсылығы аздығы, қайталаудан аса алмауы, бір
емес, бірнеше қайнауы кем дүниелер болып келуі; жауапкершілік жетіспеуі,
салдыр-салақтық салдарынан жіберілген кемшіліктерді саралап қарағанда: а)
оқиға, ой, детальдар ысырабы; ә) кейіпкер табиғаты мен іс-әрекеті
арасындағы қайшылық, қисынсыздықтар; б) тілдік мін-мүліктер.
Сондай-ақ, әңгіме жанры мен оның әдебиеттегі көрнісі жайында қазақ
әдебиет зерттеушілері көптеген өзекті мақалалар мен монографиялық зерттеу
еңбектер жазып, жариялады.
Атап айтқанда, жеке монографиялық зерттеулер мен диссертациялар
қатарында З.Қабдоловтың жазушылық шеберханасы мәселелерін талдауға арналған
„Қазіргі қазақ әңгімесі” (1961) атты филология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясын [8], Б.Наурызбаевтың
„Бейімбет Майлиннің эпикалық жанрдың шағын түрлері” (1963) атты тақырыптағы
кандидаттық диссертациясы мен „Бейімбет Майлин шеберлігі” (1974) атты
докторлық диссертациясын [9], Б.Байтанаевтің фольклор мен әңгіменің
арақатынасын тексеруге арналған диссертациясын (1974), С.Шарабасовтың
қазіргі қазақ әңгімелеріндегі характер мәселесін талдауға арналған (1981)
диссертациясын [10], М.Әдібаевтың М.О.Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы
повестері мен әңгімелерінің поэтикасы туралы (1987) кандидаттық
диссертациясын [11], А.Құлымбетованың қазақ әңгімелері мен повестері мен
стиліне ғылыми сараптама жасалған (1993) докторлық диссертациясын [12],
Ш.Уәлихановтың С.Мұратбеков шығармашылығы негізінде жазылған „Қазіргі қазақ
прозасы шағын түрлерінің поэтикасы” (1997) атты кандидаттық диссертациясын
[13], А.Жұмағұлованың „Ғабит Мүсірепов әңгімелерінің лексика-грамматикалық
ерекшеліктері” атты (1998) кандидаттық диссертациясын [14], Г.Балтабаеваның
„Қазіргі қазақ әңгімесі (1980-1990-шы жылдар)” атты (1999) кандидаттық
диссертациясын [15] жатқызуға болады.
Ал әңгіме жанры жайында сөз етілген еңбектер қатарында М.Қаратаевтың
[16], Н.Ғабдуллин [17], З.Қабдоловтың [18], А.Исмақованың [19],
Р.Рүстембекованың [20], Г.Пірәлиеваның [22] және тағы басқа ғалым-
зерттеушілердің зерттеу еңбектерін атап өтер едік.
Жоғарыда аталған еңбектердің барлығында әңгіме жанры түрлі қырынан
зерттелініп, талданды. Бітіру жұмысымызда қазақ әдебиетінде әңгіме жанрының
тууы, дамуы мен қалыптасуына кеңінен тоқталамыз. ХХ ғасыр басынан бастап,
кеңес дәуірі тұсындағы қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрынан бастап 1991
жылы тәуелсіздік алғаннан бергі әдебиетіміздегі әңгіме жанрының даму
жолдарындағы жанрлық ерекшеліктерін жан-жақты талдауды мақсат еттік. Жанр –
даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанрдың түп негізін сақтай
тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер әр
әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз байланысты болса, әр жазушының
әлеуметтік орта мен әдеби процестегі атқарар роліне, алар орнына
байланысты. Өткен ғасыр басындағы Б.Майлин мен замандасымыз Д.Амантай
әңгімелерінен жанрлық ұқсастықтар көре тұра, жер мен көктей айырмашылықтар
байқаймыз. Қым-қиғаш оқиғаларға толы ХХ ғасыр әдебиетіндегі әңгіме жанры
бүгінде жаңа ғасыр белесінде талай өзгерістерді басынан кешті. Демек,
қазіргі қазақ әңгімелерінің жанрлық ерекшеліктері жан-жақты зерттеуді қажет
ететін өзекті тақырып. Зерттеу барысында бітіру жұмысымызда алдымызға
мынадай мақсат-міндеттер қойдық:
– қазақ әдебиеттану ғылымындағы қазақ әңгімелері туралы зерттеу, сын
еңбектерін негізге ала отырып, назардан тыс қалған мәселелерді қарастыру;
– қазақ әңгімесінің өсу, өркендеу жолына баға беру;
– қазақ әңгімелеріндегі жанрлық ерекшеліктері мен көркемдік ізденіс
сипаттарына талдау жасау;
– қаламгерлердің әңгімелерінің әдеби процестен алатын орнын, көркемдік-
идеялық деңгейі мен жетістіктерін, эстетикалық қуатын айқындау.
1980-90-шы жылдар еліміздің тарихында ерекше орын алады. Елде ұлы
өзгерістер жасалатынын, әміршіл-әкімшіл жүйе күйрейтінін, Кеңес Одағы
ыдырап, оның орнына тәуелсіз мемлекеттер орнайтынын ешкім болжап білмесе
де, әйтеуір өзгерістердің болатыны сезілетін. Бұл ең алдымен қоғамымыздың
ең сезімтал құбылнамасы – әдебиет айналасынан байқалады. Әсіресе, елгезек
не жаңалықты барлағыш, оперативті әңгіме жанрында келешек жаңалықтардың
әлдебір сілемдері, нұсқалары сезіледі. Кері кеткен тоталитарлық жүйенің
сетінеп, құрып бара жатқан белгілерінен, солардың әдебиеттен ащы шындық
ретінде бейнеленуінен көрінді.
Қазіргі егемендік жағдайымызда біз болашақ қадамдарымызды нық,
сенімдірек басу үшін, алдымен өткен жолымызды біліп алуымыз керек. Ондай
танымды қазіргі қазақ әдебиетіндегі әңгімелер молынан береді. Бұл тақырыпты
зерттеудің зәрулігі міне, осында.
Зерттеу жұмысымызда әр дәуірдегі әңгіме жанрының хас шебері Б.Майлин,
М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов әңгімелерін талдаймыз. 1980-90-шы жылдардағы қазақ
әңгімесінің есеюі мен дамуын, көркемдік-реалистік бағытын тану үшін, осы
кезең аралығындағы қазақ әңгімесінің деңгей, дәрежесін белгілейтін О.Бөкей,
Д.Исабеков, М.Ысқақбаев, С.Мұратбеков туындылары зерттелді. Қазіргі қазақ
әдебиетіндегі жас толқын Д.Амантай, А.Алтай, А.Кемелбаева сынды
жазушылардың әңгімелері алдыңғы толқын жазушыларының әңгімелерімен
салыстыра қарастырылады.
Қорыта айтқанда, әдебиет зерттеушілерінің пікірінше, әңгіме – бес жүз
бет роман емес, көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Сергей Антонов, мәселен,
бұл жанрдың үздік үлгісі – жеті-сегіз беттік әңгіме деп біледі. Қалай
болғанда да, әйтеуір, әңгіме оқу үшін бір жеті керек емес. С.Моем
айтқандай, бір-ақ сағат жетуі мүмкін.
Ал мұншалық қысқа мерзімде оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру
тек шебер жазушының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма
көлемінде үлкен өмірдің бір бөлігін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман
алдында қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп, жақсысына сүйсінтіп,
жаманынан түңілтіп отыру – ірі шеберлік.
І тарау

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде әңгіме жанрының
дамуы мен қалыптасуы

Әдебиетте жазушылардың барлығы дерлік шығармашылық жолын әңгіме
жанрынан бастайды. ХХ ғасырдың басында қазақ прозасының дені әңгіме
болатын, прозадағы ұнамды кейіпкерлер де сол әңгімелерден басталған.
Белгілі әдебиеттанушы ғалым З.Қабдолов әңгіменің хас шеберлері ретінде
Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтерді атайды, олар көркем әңгіменің
классикалық үлгілерін туғызды.
Әңгіме – қиын жанр. Алдымен, көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы
болуды талап етеді. Оқушыны бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі
өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс.
Мұның бәрі күрделі, қиын жұмыс екені рас. Бірақ қиындықтан қашқан адам
қаламгер бола ала ма? Әр жазушы өз ісінің шеберлігіне талпынады. Ал әңгіме
– шеберлік мектебі. Ірі жазушылардың бәрі қаламын осы „мектепте” ұсталып
шықты. Әлем әдебиетінде М.Горькийді алып қараңыз. М.Шолохов, А.Фадеев,
А.Толстой – бәрі де романнан бұрын әңгіме жазған адамдар. Олардағы зор
шеберліктің бір ұшы осында жатса керек.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының шеберлері
М.Майлиннің, М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің бірнеше әңгімелерін, талдап
көрелік.
– „Өй, өзі де Шұға десе – Шұға еді-ау!”
Қасымжан әңгімесін осылай аяқтайды. Әңгімені бір сағат оқыдық па, жоқ
па, тез бітті. Амал жоқ, кітап бетін жабасыз, еңсеңізді көтересіз. Бірақ
қиғаш қызық әсерлерден айығар емессіз. Жаңа ғана өзіңіз кезіп өткен өмір,
өзіңіз сезіп білген шындық құбылыстар көз алдыңызға қайтатын тізбектеле
береді: дала, жазғы күн, айлы түн, ауыл, алты бақан, ән, күлкі, мінездер,
іс-әрекеттер, тағдырлар тартысы...
Шұға!.. Ақыр аяғында, міне, сұлу Шұға дүниден кетті. Есіл аяулы
ерке!..
Жүрегіңіз елжіреп, баяу лүпілдейді. Көңілде құйын ұйтқып жүр: арман
бар, өкініш пе, әйтеуір бір мұң, бір сыр... Осы кірбіңнің өзі бір түрлі
жайлы, рақат. Тіпті осы халден арылғыңыз келмейді. Көзіңізді жұмып, тағы да
ұзақ ойға шомылыңыз. Не деген күшті әсер! Бас-аяғы бір-ақ баспа табақ шағын
әңгімеге қаншалық мол тіршілік, зор шындық сиып кеткен. Тоқтаусыз төгілген
тіл қандай әсем, көлдей шалқыған сыр, жалындай шарпыған сезім қандай
ғажап!.. Қас пен көздің арасында қандай кісілермен танысып, білісіп, ұғысып
үлгергенбіз. Кейбіреулермен мүлде сырлас дос боп кетіппіз. Әбдірахман
арманда қалды, оқырман өкініште қалды. Шұға да зарлап өтті:
Жолыңа құрбан қып ем жан мен тәнді,
Дариға, айтылған серт болмай қалды.
Қайран ару! „Шұға десе – Шұға, өй, шіркіннің өзі де келбетті еді-ау...
Аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара... Өзі үріп ауызға салғандай еді. Ажары
қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала
емес. Сөйлеген сөз, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау шіркін!..”
Біз Шұғаны алғаш рет Есімбектің бір отауынан көріп, келбетінен көз ала
алмаған едік. „Апыр-ай адамзатта да ондай сұлу болады екен-ау!.. Аққудың
көгілдіріндей, осы аппақ... Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын
неше түрлі ілгектермен безеп тастаған қызыл пүліш камзол, басында үкі
таққан түлкі бөрік; өзі сұлу адамды мүлде жандандырып, құбылдырып тұрады”.
Түрі мен мінезі осындай Шұғаның лебізі қандай әдемі! Бүкіл әңгіменің
өз бойында үш-ақ рет тіл қатып, сараң сөйлейді. Әбдірахманды көрген бетте
іште тулай қалған бір оқыс толқынын жасыра алмай, отауға кіріп бара жатып:
„жап-жас жігіт екен ғой”, – десе, сол Әбдірахманды болысқа еріксіз әкетіп
бара жатқанда жолдан кездесіп: „Қош, қалқам, қалқам! – деп кемсеңдеп жылап
отыра кетті”. „Өлем деп арман қылмаймын, – дейді Шұға ақырғы минуттарының
бірінде: – жалғыз-ақ арманым бар – түнеугі көргенімде Әбдірахман бір ауыз
сөз айта алмады. Бір көріп сөйлесіп, жаным шығарда „Шұғам” деп бетіме бетін
тигізсе, бір арманым бітіп, дүниеден армансыз өтер едім. Әй, ол жоқ, қой!..
„Міне, осынау аз ғана лебіз Шұғаның сөз мәнерін, сөйлеу ерекшелігін әрі
айқын, әрі дәл танытады. Оқушыда „бұл тұста, мына жағдайда Шұға болса,
былай дер еді...” деген бағдар анық түйіліп отырады. Әңгімеші жігіттің
авторлық баяндаумен астасқан аңыздауы, сол кездегі қазақ аулына тән салт,
сана, ауыл адамдарына тән әдет, ғұрып, жастарға лайық ой, арман, үміт,
сезім сырлары, ең арғысы табиғат көріністеріне дейін Шұғаны мегзеп, соның
тұлғасын даралап, бейнесін бедерлеп жатады. Осының нәтижесінде оқушының
Шұғаға деген ілтипаты арта келе оны соншалық ұнатады. Сондықтан Шұға
ғашықтық құсасымен дүниеден көшкенде оқушы көңілін де кірбің, мұң басады,
оқушы көкейінде де өкініш сезімі қалады. Не істеу керек? Жоқ істер амал
жоқ. Әбдірахман да қайтсін, оның қолынан келер не бар?
Жүзі құбыла, сөзі құран Шұғамның,
Бір Шұға үшін жанды құрбан қыламын, –
деп басын тауға да ұрады, тасқа да соқты, ешбір айла таппай, зарлап қалады
да барды. Бұл жағдай оқушы көңіліндегі кірбіңді көбейте түседі.
Шұға – Шұға ғой! Әбдірахманды да өз алдына қоя тұралық. Екінші
пландағы кейіпкерлер де әңгіме жанрының талаптарына сай нақты, ерекше
сомдалған. Тіпті сұлу Зәйкүлді қараңызшы. Қандай әсем жеңге: бақытсыз
ғашықтарға ортақ бар сырдың үнсіз куәсі. Осы кісімен де оқушы жақсы ұғыспай
ма? Ал Күлзипа бейшара ше? Мұның тағдыры да бірер толқытпай қалмайды.
Қилы-қилы мінез-қылықтарды жазушы шебер суреттеген. Шұғаның бір өзін
алсақ, неткен сән-салтанат, ақыл-парасат, ажар-көрік. Тіпті өзі де өкінеді:
Әуре боп неге біткен ажар-көрік,
Ішіңе от түсірдің, қалқам, көріп.
Неткен сырлы, нұрлы тұлға. Расында да „Шұға десе – Шұға еді-ау!”
Бұл әншейін Қасымжанның ғана тамсануы дейсіз бе? Әлде Шұғаның
жаназасына жиналған жұрттың ғана „аһ” ұруы ма? Әрине, екеуі де. Сонымен
бірге, сол екеуінен де бұрын, бұл – авторлық позиция, тенденция. Қандай
шебер астасқан. Енді бұған оқушы тұжырымы қосылады. Өйткені оқырман бұл
әңгімедегі әрбір мотивке, детальға қалтқысыз иланады, нық сенеді. Оқырман
Шұға тағдырына тебірене отыра, қыздың тағдырын түсінеді, ұғады. Сондықтан
да оқырман әлгідегідей бағаға, қорытындыға келеді:
– Өй өзі де Шұға десе – Шұға еді-ау!..
ХХ ғасырдың басында-ақ қазақ әдебиетінде әңгіме жанрында осындай
тамаша туындылар болған. Аса шебер жазылған әңгімесі арқылы Б.Майлин
белгілі бір дәуірдің кезеңдік, кесек шындығын алдымызға жайып, ескілік
құрбаны болған қазақ қызының бедерлі бейнесін жасады. Міне, Ы.Алтынсариннен
басталатын әңгіме жанрын Б.Майлин осылай жетілдіріп, қазақ прозасының шағын
түрінде жиырмасыншы-отызыншы жылдарда М.Әуезов пен Ғ.Мүсірепов жасаған
классикалық үлгілерге ұштастырды.
Мұхтар Әуезов таланты әлемге танымал эпопеясына дейінгі шығармашылық
жолында әңгіме жанрында шыңдалды. М.Әуезовтің әңгімелер шоғырындағы жазушы
талантын танытатын ерекше туындысы „Қорғансыздың күні” әңгімесі 1921 жылы
жазылған. Бұл әңгімені оқыған адамды ең алдымен, жиырманың аз-ақ үстіндегі
жас жазушының шеберлігі қайран қалдырады. Оның сол кездің өзінде батыс-
шығыс әдебиеті үлгілерімен терең таныстығы, білімі мен мәдениеті танылады.
„Қорғансыздың күні” оқырманның көз алдына қазақ аулындағы кедейлер
өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңімен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз
жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауырпалықты аса
шыншылдықпен әсерлі жеткізеді.
Әңгіме аса әсерлі табиғат суретінен басталады: „С. Қаласының
оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық
деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге
Арқалық алыстан көрініп дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында созылып жатқан
көлденеңі он шақырымдай, бірақ ұзыны тәуір болғанмен енсіз кереге сықылды
жалғыз жал. Не бауыр, не сыртында ықтасын жер жоқ. Арқалық жадағай жалғыз
болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да, оңынан соқса да панасы
болмайды. Қыстың басынан екі жағын қар алып, жұмыртқадай қылып тегістеп
тастайды” [22,25].
Алыстан қарағанда бұдыры жоқ жалаңаш, көруге аса көңілсіз Арқалықтың
осы түрі оқушыны бірден-ақ бір түрлі оқыс, оқшау сезімге салып, сүреңсіз
табиғаттың әлдеқандай бір беймәлім сырынан секем алғызады. Құлазыған құла
түз, жалаңаш тау, қаһарлы қыс, бұрқыраған боран... бәрі бұл өңірдегі
табиғаттың осы көріністері арқылы әлдебір жұпыны, жоқ-жітік халдің
хабаршысындай адамға ауыр ой салады. Сонда бұл сурет тек қана табиғат
көрінісі емес, сол кездегі заман сипаты, адам тағдыр-тіршілігінің түрі
тәрізденеді. Ізінше осы бір әсерлі суретке жалғаса келіп, Күшікбай батыр
жайлы аңыз әңгімеленеді. Бұл да бір тартымды оқиға, әңгіменің фабуласымен
ұтымды ұштасып кеткен қызық эпизод. Жазушы ар-намысты өмірден де жоғары
қоятын батыр Күшікбайдың ерлігін баяндай келе, дәл осы асуда қайтыс болған
батыр өлімін болатын оқиғаға байланыстырады. Күшікбай батырдың ұрпағы,
батырдың қанынан тараған қорғансыз Ғазиза да рухы берік, батыл қыз. Дәл
осы тұста автордың екі түрлі қасиетін анық тануға болады; біріншіден
шындықты бейнелеудегі шыншылдық, екіншіден, ортаны танытудағы ұлттық
ерекшелік. Осы екі қасиет әңгімеге нақтылық, нұсқалылық және заттық сипат
береді. Мысалға қараңыз: „Күшікбайдың кім екендігін, басынан қандай дәурен
кешкендігін әрі-бері өтіп жүрген керуеннің көбі білуші еді. Оларға
білдіретін заманның шежіресі, дәурені өтіп, кедейлік басқан, көңілсіз
салқын өмірге түскен кәрілер болатын”. Әсіресе, соңғы сөйлемнен аңғарылатын
шындық адамға айрықша әсер етсе, енді мына үзіндіні оқып көріңізші:
„Ақсақал мал қоралап болып жайланып, шайын ішіп, қазан аспаның аузында
кейде жылтылдап, кейде лапылдап жанып жатқан отты көріп, бұрқылдап қайнап
жатқан еттің иісі мұрнына келіп отырғанда серпіліп әңгіме бастайтын”. Бұл
арадағы суреттен танылатын тұрмыс-тіршілікте де, мінез-ғұрыпта да аса айқын
ұлттық бояу бар. Бұл ерекшеліктер шығармадағы шындықты жақсы типтендіріп,
характерді аса шебер даралап тұр.
Күшікбай туралы аңыздан кейін әңгіменің негізгі арқауы басталып, өріле
береді: ғинуар айының батар күні дүниені қызыл сәулесіне бөлеп, тағы да
оқушы көз алдына өзгеше сурет жаяды. „Күнге жақын тұрған ұзынша жұқалаң
бұлттардың түсі қалың өртке қызған темірдей қып-қызыл” болса, одан алысырақ
тұрғандары „асыл нұрдың буын жалатқандай”. Бұл бұл ма, „күннің қызыл
сәулесі даланы да, тауды да өз өңіне кіргізген”, тіпті „күнбатыс жақтан
бораған ұсақ қар да күн астынан қызғылттанып көрінеді”. Бұлардың бәрі –
пейзаж. Ал, пейзаж – проза мәдениетіне фактор, „Қорғансыздың күніне”
дейінгі қазақ прозасында аспан, жер, ай, күн сияқты табиғаттың әр алуан
суреттері жасалатын, бірақ жалаңдау және жалпылау жататын еді. Ал мұнда
олай емес, мұнда нақтылық және жинақтау мол. Жазушы аспанды аспан, жерді
жер қалпында түгел, тұтас алып, әдеттегі машықпен әйтеуір суреттей беруді
мақсат етпейді. Бұл тұста автор батар күннің қызыл сәулесін әдейі алып,
күллі дүнені осы нұрға арнайы малып отыр. Осынау жасын төгіп, түгесіп
болған көздей қып-қызыл күн, алау өрт шарпыған қанаттай қысқы бұлт, борай
ұшқан қызыл қиыршық қар – бәрі жиылып келіп дүниеге тағы да бір ғажайып
терең сыр береді: әңгімеде жан-жақты көрінген бейшара жетімдердің
жіңішкеріп, жұқарып барып үзілер соңғы үміт көріністері тәрізді... Бұл –
тамаша символ! Нағыз шебер қолдан шыққан пейзаж оқушы көз алдына осылай
жайылып, оқушы сезіміне осылай әсер етсе керек.
Енді міне, „Күшікбайдан асатын қара жолдың үстінде Арқалықты бетіне
алып, қала жақтан бір пар атты келер жатыр. Жайдақ сары шанаға биіктеп
салған жеңіл жүгі бар, жақсы киінген екі жігіт”. Екі қоңыр аттың
қажығандығын білдірмей, көшір божы қаққан сайын „ығыса жөнеліп сары желіп”
келе жатқанын суреттеген жерлерді оқығанда дәл осы шана үстінде бейне
өзіңіз отырғандай боласыз. Қар үстінде жайлы жылжыған жайдақ шананы қос
қоңырдың божы қағылғанда жылдам тартып, ызғыта бере „ығыса жөнелгені”
соншалық түйсіндіреді. Мұндағы сурет те жадағай емес, дәл, жазушы өзінің
кенеулі ойын, керек суретін беретін орамдар мен детальдарды ғана таңдап
алған.
Пейзаждан, басқа жай-жағдайды суреттеуден кейін автор жолаушылардың
кескін-кейіпіне ауысып, оны мінез-құлқымен астастыра тағы да әсем суреттер
жасайды. Портрет беруде де әлгі бір сарабдал талғампаздық ұтымды ұсталық:
„Жолаушының бірінің торғын түсті жаңа тұмағы бар. Қалың киімінің сыртынан
киген сұр түсті шекпен, жағасы қара барқыт. Байпағының қоншын барқытпен
көмкерген жаңа қара етігі бар. Алғашқы көрген жерден-ақ мынау мырза екен
дегізгендей”. Ақан мырзаның сырт түріне тіпті киім киісіне де назар
аударып, егжей-тегжейін мұнша ұқыпты бергенде жазушыда және бір мәнді
мақсат бар екенін ескеруіміз керек. Жазушы кейіпкердің сырт бітімі арқылы
оның қай жердің қазағы екенін ғана аңғартып отырған жоқ, қай мезгілдің
адамы екенінде дәл танытып отыр. Демек бұл суретте уақытпен кеңістік сыры
жатқанын ұмытпауымыз керек.
Ал осы кім, қандай адам? Білу қиын емес мына үзіндідегі жанды
портретте бәрі сайрап тұр: „Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы,
дөңгелек денелі, қысқа мұрынды, шоқша сақалды, сұрғылт беті дөңгелек,
жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу, өткір көзді және түксиген
қабағында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз-қабағына үйлеспейді. Бұл
адамның күлгендегі пішіні құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұрады”.
Ақан болыстың сырқы түр-пішінінен ішкі сыр-бітімі ап-анық көрініп қалады.
Қасына ерткен серік қосшысы Қалтайдың мінезі мен ісі де Ақанға ұштастырыла
көрсетілген. „Ақанның түндегі жүрісіне өте ыңғайлы әрі жылпос, әрі ер жігіт
еді”. Ақан көбіне үнсіз жүреді, әлденені терең толғанғандай ойлы, тұйық
қалыпта келе жатады. Бірақ бұл тек түрі ғана, ал сыры қай жерде дейсіз
ғой!.. „Ол көбінесе қадалып ойланғанда қиялында бір сұлу әйелдің суретін
тауып алып соған пәлендей деп сөйлесіп, әзілдессем, сондай қылып
құшақтасам, сүйсем деп, соны ермек қылушы еді”. Іңірде шайтан көшкендей
ызың-шу, ду-дырду қыз ойнақ желіктерін бастан көп кешкен құмарпаз серінің
құлқы керемет шебер суреттелген емес пе? Ой өрісі, мақсат мүддесі-қарға
адымындай ғана қарғыс атқаннан қандай қасиет күтуге болады? Бұл секілді
арман-тілегінің бар болғаны бір-ақ уыс жүгенсіз нәпсі, көзсіз құмарлық құлы
бота тірсек боз балаға тән анайы қылықтың қандайына болса да әзір шығар,
бірақ бұдан кісілік күту қиын. Міне, сырты жылтыраған мырзаның ішкі
характері осылай ашыла келе тіпті тірі адамдай тұлғаланып, дараланады.
Ақанға сыртқы түрімен де, ішкі сырымен де қарама-қарсы образ – Ғазиза.
„Сыпайы, нәзік өскен Ғазиза жіңішке, сұңғақ бойлы, аз ғана сепкілі бар,
дөңгелек ақсұр жүзді. Ғазиза көрген көзге алғашқы жерден-ақ сүйкімділігін
сездіретін уыз жас. Жалғыз-ақ ұяң жұмсақ қарайтын қара көзінде және ылғи
шытынған, кірбеңдеген қабағында қалың уайымның ізі бар. Пішіні мұңды жүдеу.
Жас басына орнаған қайғы, жүрегін жеген дерт сыртына шығып тұр” [22,26].
Уыз жас Ғазиза, оның басындағы қайғы-қасірет оқушыға ерекше әсер етеді де,
оқушының ықылас-назары осынау жас қызға ауады, онымен қалтқысыз сыралғы
дос, оны есіркейтін қорғаныш, қамқор серік боп кетеді. Ғазиза басындағы
ауыр уайым не? Жазушы оны да жан-жақты ашып, енді оқушыны Ғазизаның сыртқы
түріне ішкі сырына алып енеді: Ғазизаның „уайымы осы үйдегі үш әйелге ортақ
болған жесірлік, жетімдік. Бұлардың басынан тағдырдың дауылы жаңада ғана
соғып өткен. Қораның алдындағы жас бейіттер сол дауылдың салдарынан туған.
Бұл әйелдің қуаныш-қызығы да, үміт қорғаны да сол суық қабірге өліктермен
бірге көмілген. Ол қабірде жатқан Ғазизаның әкесі Жақып және жаны туысқан
жалғыз кішкене бауыры Мұқаш... Иесіз қорада қуатсыз, қорғансыз үш әйел
құлазып зарлап қалғанда, маңайынан жиналған көрші-қолаң ғазиздерінің
сүйегін суық қабірге бергенін ойлағанда, әрқашан Ғазизаның жүрегі шаншып,
өңі қашып, көзінен ыстық жасы тамшылап кетуші еді”. Жан түршіктірер ауыр
хал, қатал шындық. Адам бұл тұста алуан сезімге түседі, сан түрлі ойға
шомылады. Тағдыр неткен қатал? Қорғансыздар тұрмыс-тіршілігі неткен ауыр?
Тағдыр талқысы қандай шытырман!.. Осы аянышты халге кеудесінде жүрегі бар
адам бір тербелмей өтпес еді. Ал, Ақан болыс ше? Ақан болыс бұған міз
бақпайды. Сексеннен асқан кәрі кемпір соқыр келіннің қасында отырып,
„тақырлау сұйық қабақтың астынан көрінген кішкене өткір көздерін қажыған
салқын жанармен жалтылдатып” қойып, өздерінің адам айтқысыз ауыр тағдырын
шешіле баяндағанда Ақан түк шімірікпейді, ойы құла далада жатады. Жалғыз-ақ
арсыз сезім жетегінде, айуандық құмарлық құшағында отырады. Жазушы кемпірді
бостан-бос сөйлетпейді. Ол ұзақ сөйлейді. Үш жетім әйелдің жай-жағдайы түп-
түгел кемпір аузымен айтылады. Бізде бір түрлі орынсыз пікір бар: диалог
қысқа болсын дейміз. Ол дұрыс бола бермейді. Қысқа диалог та керек шығар.
Ал мынау кемпір сөзі кітаптың бірнеше бетіне созылады. Алайда, ешбір
ұзақтығы сезілмейді, демек, гәп диалогтың ұзын-қысқалығында болмасқа керек.
Жетім кемпірдің әңгімесін Ақан болыс шынында тыңдап отырған жоқ, өзіне
тән арсыз сезім, көзсіз құмарлық жетегінде ғана отыр еді. Кінәсіз кішкене
Ғазизаның жүріс-тұрысын мысықша баққан Ақан мен Қалтай ретін тауып, шөп
қорада жас қызға сұмдық зорлық жасайды. „Сезімі жоқ жауыз қара күштің
қылған күнәсі, зұлымдығына қатты жер, суық балшық, өзендей қап-қараңғы
дүние куә болды”.
Ақыр аяғында Ғазиза әкесімен бауырының қабіріне барып үсіп өледі.
„Қорғансыздың күні” – қазақ әдебиетіндегі көркем әңгіменің таңдаулы
үлгілерінің бірі. Мұндағы автордың шұрайлы тілі, дараланған адам
характерлері, оқушысын тебіренте тоқытып отыратын терең сыр мен сезім,
нақты әлеуметтік ортаның айқын сипатын беретін мөлдір шындық С.Мұқановтың
дәл айтылған дұрыс тұжырымын сөзсіз растайды: „Қорғансыздың күні” атты
алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын мағынасындағы европалық прозаның дәрежесіне
көтеріледі” [23,13].
Әңгімедегі шебер құрылған композиция, қызық сюжет, тартыс пен
тағдырлар болмысы қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың прозадағы
шағын жанрда еңбек ететін әр жазушыға көрсеткен тамаша өнегесі болып
табылады.
Біз Мұхтар Әуезовтың барлық әңгімелерін түгел талдауды мақсат
еткеніміз жоқ. Әйтпесе, оның „Қараш-қараш” жинағындағы, немесе алты
томдығында жарияланған әңгімелерін сөз етсек, осылардың өзіне бүтін бір
кітап жазуға болады. Жазушының күллі әңгімелерінің ішінен „Қорғансыздың
күнін” ғана алып, оның да сыр-сипатының тек кейбір жақтарына назар аударған
себебіміз – тағы да қазақ әңгімесінің тарихында осындай әсем үлгі бар
екенін атап қана өту еді.
Қазақ әдебиетінің тарихын шолып, үлгісін іздегенде біз бұл саладағы
Ғ.Мүсірепов туындыларына соқпай өте алмаймыз. Теңіз сыры тамшыдан танылады
дегендей, Ғ.Мүсіреповтың да әңгімелерінің мән-жайын, жазушының өзіндік
ерекшелігін, оның жалпы қаламгерлік тұлғасын барлық әңгімелерін түгел
талдау арқылы емес, тек бір ғана әңгімесіне үңілу арқылы дәлелдеп көрсетпек
ойымыз бар.
„Талпақ танау” – жазушының кеңес шындығына – колхоз тақырыбына
арналған әңгімелерінің бірі. Сөз түйінін тура және бірден айтқымыз келеді:
„Талпақ тану” – шебер жазылған әңгіме. Бұл әңгіме 1933 жылы жазылған. Осы
бір әңгіме арқылы көркем сөздің ірі шебері Ғабит Мүсіреповтың бүкіл
шығармашылық бітіміне тән ерекшелікті – сұлу нақысты, мөлдір мағынаны,
терең мазмұнды, жан біткенді тұтқындап алатын „сиқырлы” тілді, өңшең
күмістен құйылып тастағандай жұп-жұмыр стильді анықтауға болады. Ғабит –
мықты стилист адам. Ал егер, жазушы атаулының бәрі поэтикалық тілге Ғабитше
қарар болса, әдебиетіміз шын мәніндегі сөз маржанынан ғана түзіліп тұрар
еді...
„Талпақ танауды” оқыған адам бір дегеннен жібектей майда, мағыналы,
шынайы тіл арқылы кітап бетінде әсем өрнектеліп тұрған суретке тап болады;
сурет оқырманды философияға, терең толғамды ойға тартып әкетеді. Сөйтіп
отырғаныңызда көңіл жайлауыңызда біртүрлі бір шуақ, сәуле, нұр таралып
жатқандай болады: ол – әңгімеде бастан аяқ үзілмейтін бір өзгеше нәзік
шұғыла – юмор. „Сары атан ойлай алса, әрине, атанша, ойлар еді... Даланың
баяу ғасырларымен бірге баяу аяңдасам да басқа түліктерден кейін қалған
кезім жоқ дер еді. Дәмдес болған елінің екі сұлуына „Ботагөз” деген, ең
жүйрігіне „бота тірсек” деген ат бере алған жануардың мақтанары да аз емес
қой...”. Осы бір ғана үзіндіде әлгі айтқан үш сыр түгел тұтасып жатыр:
мұнда есілген еркін, „сымға тартқан күмістей” әсем тіл бар, оқығанды ой
тереңіне тартар философиялық мазмұн бар, шұғыла шыққан сырлы юмор бар.
Бірақ, әрине, сары атан ойлай алмайды. ”Сары атанның арбасында
іркілдеп жатқан екі үлкен шошқа да түк ойламастан келе жатыр. Бауырындағы
жеті торайы анасының болжыраған боз емшектерін қомағайлана түрткілеуден
басқа ешнәрседен хабары жоқ. Көздері кілбиген ақ кірпік балапандарда
жалпақ тұмсықтарымен анасын керуден басқа ой барлығы байқалмайды.
Сөлекеттеу де қолбаң, надан жаратылған жануарлар секілді. Анда-санда талпақ
танаулардан жалпы түрде жабыла бір қорсылдап қойып, бұрынғы дұшпан еліне
тәуекел етіп, тартып келеді...„ Осы тұста тілдегі дәлдікке, мергеннің
оғындай нысанаға мүлтіксіз тиіп жатқан дәлдікке назар аударсаңыз, орнын
тапса ойнамайтын сөз жоқ екенін көресіз. „Іркілдеп жатқан шошқа”, – қандай
дәл табылған – „іркілдеп” деген бір сөз семіз шошқаны көз алдыңызға әкеп,
былқ еткізіп тастай беретін тәрізді. „Болжыраған боз емшектер” ше?
„Кілбиген ақ кірпік” көздер ше? Ақыр аяғында жазушы „сөлекеттеу де қолбаң,
надан жаратылған жануарлар секілді” дегенде жападан-жалғыз отырып мырс етіп
күлгеніңізді аңдамай қаласыз да, маңыңызда кісі жоғын аңғарып, ұялғаннан
әрең тыйыласыз. Бірақ маңыңыз кісі орнына „талпақ танаудан жалпы
қорсылдаған” әлгі жануарларға қайта толып кеткендей болғанда, енді кісі
жоғына да қарамастан қарқылдай жөнелмеске шараңыз жоқ. Мұншалық күшті
әсерді тек шебер қолдан туған суретті сөздер ғана әкелер болар.
Михаил Шолохов өзінің елу жылдығында үлкен аудиторияға арнап екі-үш
ауыз ғана сөз айтыпты. Бұл тірі классик өз жайын көп сөйлеп, мақтануды
ұнатпайды.
„Мен әсерсіз сөз жазбаймын, – деді жазушы, – Мен өзім жазған әр
сөйлемнің үстінде жан-жүрегіммен тебіренемін. Менің шығармамды оқыған адам
өз басынан сол менің тебіренуімді, сол менің басымнан өткен әсерді қайта
өткізсе, мен үшін тіршілікте бұдан асқан сый, награда болмас еді”.
Керемет сөз! Осыған орай, „Талпақ танаудың” әр сөйлемін оқыған адам
Ғабит Мүсіреповтің сол сөйлемді жазған шақтағы әсерін, тебіренуін
қайталайды десек, бұл артық айтқандық болмас еді.
„Талпақ танау” – аса мәдениетті прозалық туынды. Мұндағы баяндау,
суреттеу, мінездеу, портрет, диалог дегендеріңіздің қай-қайсысы да сол
автордың мінез мәдениетіне куә. Сонымен қатар, бұлардың қай-қайсысында
болмасын, роль ойнамайтын, автордың ой-мүддесіне қызмет етпейтін сөйлем де,
сөз де жоқ. Юмордың үлгісі де осы тұста. Басқасын қоя тұрыңыз, сіз бір
кезек мынау диалогты ғана оқып, ұғып көріңізші:
„Шошқаны алып келген колхоз бастығы Сәден:
– Кәне, жігіттер, мұны енді арбадан нетісіңдер... Несіне осқырасыңдар,
бұ да мал ғой... – деді аз ғана езу тартып. Даусы аса сенімді
шықпады,әрине.
– Мүмкін, мал шығар...
– Орыстар мал деп асырайды ғой, әйтеуір...
– Танауы талпақ екен...
– Аузы малға ұқсай да берер ме екен өзінің?..
– Жоқ, тұяғы айыр, қойға ұсайды...
– Тек, қойға теңемеші кәпірді... Бауыры толған қаз-қатар емшек, қай
жері қой болушы еді?
– Сәден осыны мал деп тұрсың-ау?..
– Мал емес деп кім айтты?
– Мүмкін мал шығар... Бағып көрмеген малымыз...”
Осылар жай сөйлеу үшін сөйленіп тұрған сөз бе? Жоқ. Тек осылай ғана
айтылуға тиіс диалог. Мұнда әр адамның тілінен мінезі танылып тұр. Бәрі
қосылып бір бөлек қауымның, әлеуметтік ортаның, дәлірек айтқанда, белгілі
бір кезеңге тән қазақ аулының психологиясын танытып тұр.
„Талпақ танауда” әбден дараланған екі характер – Сәден мен Есен.
Колхоз председателі Сәден – орнықты кісі, іскер азамат, ақылды басшы.
Бұл образға да жазушының шуақ юморы мықтап дарыған: оның сөзі мен ісі
оқушыны ылғи жадыратып, езу тартқызып отырады. Бірақ, қимылының бәрі
орынды. Шошқа деген жануардан жүрексіну, бойын аулақ салу алғашқы кезде
Сәден басында да болған. „Совхоздан берілген малдарға қосып, екі шошқа
алуға уәделескелі екі ай болса да, әкетуге келгенде талай тайып шыға
беретін.
Сәден, шошқаларыңды алып кетсейші, – деп, ферма бастығы талай
ескерткенде:
– Жүре тұрсын... Келесі жолы алармын... – деп, ылғи тастап кететін.
Айни-айни, қобалжи-қобалжи бүгін әрең келіп тұр. Шошқаның жолына
қарап қызықса да, аузы салтақ-салтақ, бауыры толған күлтілдеген емшек...
Тұмсығы бір түрлі өзінің... Құлағы анау... Бірақ, әйтеуір тұяғы айыр...
– Әй, арам шығарсың-ау, антұрған... – дейтін ішінен”.
Бірақ, Сәден ойлай-ойлай келе, көп толғанып, ол қобалжуды жеңеді.
„Жаңа жол” колхозына бесінші түлік боп қосылғалы тұрған шошқаны ақыры
ауылға өзі алып келеді. „Тәңірісі берген тәкаппар басын қақшитып жоғары
көтеріп алып, баяғысындай баяу аяңдап, ауылға жақындап келе жатқан” түйенің
арбасында шошқа ғана емес, қазақ аулына өзгеше бір жаңалық келе жатыр.
Әрине, ол жаңалықты ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ аулының психологиясы
жатырқауы сөзсіз, ол Сәденнің өз мінезінен де көрініп тұр. Бірақ Сәден одан
гөрі әрегірек ойлайтын адам. „Арам деген не? Молдалардың қыртылы! Орыс
жылқы етін жемейді, қазақ шошқа етін жемейді!.. Бәрі молданың, діннің
жұмысы. Оған тек надан ел ғана сенуге тиісті. Мәдениетті елдің бәрі де
жейді. Кеңес үкіметі керек болса, шошқа совхоздарын құрып жатыр. Біздің
жаңа дініміз – кеңес үкіметі неге бастаса, сол!” Бұдан артық дәлел Сәденде
де жоқ. Колхозшыларға осы ойын өз сөзімен айтып, қалайда түсіндіруге бекем
бел буған. Олардың түсінетініне Сәден сенеді де, сондықтан шошқаларын
ауылдың нақ ортасына арбалап әкеп, өзі бас боп түсіріп жатады. Жұрт үркеді,
жиренеді. Шошқамен қоса Сәденді мазақ етушілер де көп. Бірақ Сәденнің ең
ірі қасиеті – өз ісіне деген сенім. Сенім бар жерде күш бар. Түбінде Сәден
– өз ойын қалай да іске асыратын кісі, өз дегенін мығым ұстанатын басшы. Ол
ұрыспайды, ақырмайды, істе дегенін істетпей және қоймайды. Қашанда өзі бас
болып істей бастаған соң, басқалар еріксіз екпіндеп, жұмысты көтеріп
әкетеді... Сәден қазір де соны істейін деп тұр. Үндемей шошқаларды айналып
жүргені, өзінің үйреншікті әдісін тағы қолданады деген сөз. Шошқаны әкелген
екен, оны мал етіп шығаруында дау жоқ. Ол істейді. Өйткені, беті бүлк
етпейді,сенімді. Мұндай басшының маңына жұрт үйірілгіш. Ақыры Сәден өз
дегенін істеп шығады, шошқаға жұрт көзі үйренеді, шошқа „Жаңа жолға” жаңа
түлік боп қосылады. Осы шындықты суреттеген жазушының көркемдік деректері
әрі сенімді, әрі ұтымды. Сәден оқушының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбының даму, қалыптасу тенденцияларын, ислам дінінің ұлттық құндылыққа айналу жолындағы әдебиеттің маңызын анықтау
Қазақ және Жапон әдеби байланыстары
Классикалық араб әдебиеті
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдардың ерекшелігі
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Пәндер