Оқулық құрылымы мен мазмұны



Кіріспе
І. Негізгі бөлім.

1.1. Оқулық теориясындағы маңызды мәселе: құрылым мен мазмұн
1.2. Оқулық мазмұнындағы дамыта оқытудың маңызы

Қортынды
Әдебиеттер тізімі

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оқулық құрылымы мен мазмұны

Орындағын: Дауренбекова Р.

Тексерген: Тажибаева С.Г.

Алматы,2007

Мазмұны

Кіріспе

І. Негізгі бөлім.

1. Оқулық теориясындағы маңызды мәселе: құрылым мен мазмұн
2. Оқулық мазмұнындағы дамыта оқытудың маңызы

Қортынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын,
білім, іскерлік және дағдыларды меңгере отырып, мақсатты қалыптастыру мен
дамыту процесі. Оқыту – қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты бағдарланан
жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың
даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны
белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп,
оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты
қызмет атқаруын және тұлғаны соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның
қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқтыу процесіндегі негізгі
мазмұнды игеру тетігі - өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты
ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың
мазмұнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатқа ие
болады. Оқтыу процесіінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты
екі мақсатқа негізделіп топталған, пеадгогикалық еңбектердің ең жақын
дидактикалық мақсаттары:
- Білім беру – бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін
меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір
білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, белгілі бір
білімдердің , дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани,
денелік және нңбек жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды
игеруін көздейді.
- Тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді
шығармашылығынжәне әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі
үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе
дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс бірдей
мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педагогикалық
құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретінде ауысып
отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін,
міндетін білдіретін қызмет тығыз байланысты.

1. Оқулық теориясындағы маңызды мәселе: құрылым мен мазмұн

Оқулық – оқу бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына
сай нақты оқу пәнінің мазмұны ғылыми негізде, жүйемен баяндалатын кітап.
Оқу пәнінің толық мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында баяндалады.
Оқулықтар оқу орындарының типіне ( бастауыш, орта, кәсіптік-техникалық,
жоғары) қарай жасалады. Оқулықтарға мынадай педагогикалық талаптар
қойылады: оқу материалдарының қазіргі ғылым мен иехниканың дәрежесіне
сәйкес баяндалуы; жоғары идеялылығы; оқулықтар мазмұнын ұғынуғалайықты
болуы; Оқулықтар материалдарының жүйелі және бірізді түрде оқушылардың жас
және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы ; оқулықтарда дәл және анық
тұжырымдалған қорытындылар, ережелер, заңдар мен анықтмалардың баяндалуы,
тілінің жатық, әдеби және ықшамды болуы, оқушылардың ұғымына сәйкес келуі;
оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей суреттердің, диаграммалардың,
сызбалардың болуы; оқулықтың сыртқы пішіндерінің ретті көркемделуі. Негізгі
оқу пәндерінің қосымша жаттығулар кітаптары, анықтамалар, сөздіктер, оқу
кітаптары, таихи және графикалық карталар және т.б.
Құрылым туралы ұғым объектінің құрылысы, оның ішкі-сыртқы
ұйымдастылуы туралы түсінік екендігі бәрімзге белгілі. Сондықтан аталған
ұғым-құрылым кез-келген күрделі объект үшін маңызды болып табылады.
Қазақ тілінің шет тілі ретіндегі немесе екінші тіл ретіндегі оқулығы
да – басқа оқулық сияқты осындай күрделі объект (жүйе).
Оның күрделілгі оқытудың негізгі құралы реінде бірнеше ерекше
факторлармен тереңдей түседі: 1) оның көмегімен тек қана білімді ғана
емес (мысалы, география, тарих) бірнеше әрекеттерді оқытасыз; 2) жай ке-
келген әрекеттің бір түрін ғана емес (мысалы, ән айту, сурет салу),
күрделілігі көп, компонентті басқа тілдегі сөйлеу әрекеттерін немесе
сөйлеу әрекеттерінің бірнеше түрін (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым)
оқытасыз; 3) тіл үйренушінің жоғарыда аталған әрекеттерді жүзеге асыруы
үшін тіпті эмпирикалық құралдарды (лексикалық, фонетикалық,
грамматикалық) меңгермегеніне қарамастан, өзінің туған тілін оқытқандағы
сияқты оқытасыз. Өгге тілді оқыту міндетінің, нақтырақ айтқанда, қатысым
құралы ретінде басқа халықтың рухани құндылықтарымен өзінің араласу
құралы ретінде екінші тілді меңгеру мақсатының қаншалықты күрделі
екендігі осыдан-ақ көрініп тұр. Орта жоқ жағдайда, мысалы, қазақ тілін
Ресей, Франция, Америка оқытса, оқулық рөлінің өзгеше, ерекше екендігі
айқындала түседі. Сондықтан да тілді оқыту барысында кездесетін көп
қиындықтарға қарсы тұра алу үшін және олардың көмегімен педагогикалық
процестердің дамуына жәрдемдесу үшін бар білімді оқулық түзу практикасы
мен теориясы аймағына пайдалана алуымыз маңызды. Нақ осы себепті қазақ
тілінің екінші тіл ретінде немесе шет тілі ретіндегі оқулықтарының
мазмұны мен құрылымы мәселелерінің жаңа шешімдерін іздеу маңызды.
Аталған ұғымдарды нақты қарастырмас бұрын осы мәселелерді қамтитын
бағытымызды айқындап алайық.
Оқулық теориясы ерекше зерттеу саласы ретінде соңғы кездерде
баспасөз беттерінде көптеп жазыла бастады. Оқулық теориясының
қалыптасуына ғылыми техникалық прогресс және ақпараттың қаулап өсуі,
білім саласының күн тәртібіндегі осы ақпаратты тиімді ұйымдастыру
мәселесі, білімнің интегерациясы мен дифференциациясы, оның оқу
материалындағы қажетті нүктелерінің көрінісі, тағы басқа көптеген
мәселелер жол ашты.
Сонымен оқулық теориясы маңызды дидактикалық мәселелердің бірі
болды. Оқу пәні ерекше болған сайын, оны меңгеру процесі де күрделі, оны
оқыту үшін көбірек шеберлік талап етіледі, бұл оқулық теориясын
жасауда ад байқалады, әрбір оқу пәнін оқытудағы табысты оқулық
айқындайды.
Егер теория құбылыстың детерминациялануынан туындайды деп
түсінсек, оқулық теориясы аумағында да өз жемісін кейін берері белгілі,
қордаланып қалған теориялық мәселелер бар екенін мойындауымыз керек.
Мысалы, екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы теориясына қойылатын
талаптар айтылып, жазылып жүр. Оқулық компоненті, елтанымдық аспектінің
орны мен рөлі, оқулық түзудегі ұстанымдар және тағы басқа мәселелер де
қаралады. Философтардың пайымдауынша, категориялық құрамы және оның
элементтері арасындағы қатынас анықталса теория айқындалған болып
табылады. Осыған байланысты оқулық теориясын түзуде мынадай да бағыт
болған: негізгі әдістемелік категорияларды анықтау, олардың оқулықтағы
көрінісі.
Осығна орай шет тілін оқыту жүйесінің алғашқы түсінігі үш деңгейде
қарастырылды. Бірінші деңгей – макробағыт; әдістеме ғылым ретінде және
оның барлық объективтік – пәндік аймағы талданды. Екінші деңгей – негізгі
әдістемелік категориялар бөлшектей талданды, концептуальды әдістемелік
жүйе жасалынды, мұның нәтижесі – ғылыми еңбек, оқулық. Оқулықты тілдік
орта ретінде пайдаланатын оқытушы мен оқушының өзара әрекеті,
педагогикалық кезең.
Үшінші деңгей – оқушы мен өзара әрекеті ретінде қарастырылатын
педагогикалық кезең. Бұл жүйенің, кезеңнің нәтижесі – екінші тілді оқушы,
яғни, басқа тілдік білім, біліктілік. Оқулықтың негізгі сипаты белгілі
бір мөлшерде оның құрылымын көрсетеді.
1. Макробағыт деңгейіндегі оқыту жүйесінің оқулығы белгілі бір тарихи
кезеңдегі оқытудың практикасы мен теориясын байқатады, сондай-ақ ол
ғылымның қазіргі даму деңгейін көрсетіп, тиісті мөлшерде практиканы
талдап қорытукерек.
2. Белгілі бір концептуалдық жүйенің моделі болып табылатын оқулық негізі
әдістемелік категорияларды тарату жүйесі болып табылады: мақсат,
мазмұн, әдіс және оқыту құралдары.
3. Педагогикалық процеске енгізілетін оқулық функциясы күрделі. Ол осы
кезеңге өзгерістер алып келуімен қатар, өзінің басты қызметі – оқытушы
мен оқушының өзара әрекетіндегі материалдың құралы болуымен қатар –
оқулық педагогикалықпроцесті қатаң, жеткілікті модельдей алуы керек,
ақпараттылық, мотивациялық, прагматикалық, бақылаушылық. Ақпараттылық
ұғымға екінші тілді меңгеру аймағына қатсыты білім, біліктілік және
эксрталингвистикалық ақпараттар жатады. Оқулықтың мотивациялық қызметі
– тілдік ортаның жоқтығын жоқтатпау, мүмкіндігінше орын толтыру және
ішкі және сыртқы мотивацияны құруға бейімдеу. Оқулықтың прагматикалық
қызметі – коммуникативтілігі, тіл үйренушінің екінші тілде
коммуникативтілігі, тіл үйренушінің екінші тілде коммуникативтік
әрекетінің жүзеге асуына мүмкіндік жасау. Оқулықтың бақылаушылық
қызметі – бақылауды, өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру.
Оқулықтың құрылымы мен мазмұны туралы ұғымды нақтылайды. Оқулықтың сыртқы
және ішкі құрылымы бар. Сабақтың құрылымы – бұл оқулықтың компоненттері.
Қазіргі шет тілі оқулықтарына да келді. Мұндай оқулықтар оқушы кітабынан,
мұғалім кітабынан және басқа құралдардан, мысалы, үй дәптерінен, оқу
кітабынан, аудио-бейне көрнекілктерінен тұрады. Оқулықтың сыртқы құрылымына
оқулық рубрикасы да жатады, яғни, тарауға, бөлімге бөлу(параграфтар,
сабақтар, қосымшалар және т.б.), сабақтастық, сыртқы ұйымдастырылуы
педагогикалық процестің негізгілерінің бірі, яғни, вербальды материалдардың
(сөздің, сөз тіркесінің, әріптердің, мәтіндердің, ережелердің, көрнекі
материалдар – суреттердің, сызбалардың, кестелердің, шартты белгілердің)
Орналасуы. Осы факторлардың оқулық макетін жасаудағы маңыздылығы жоғары.
Мысалы, оқулық рубрикасы педагогикалық кезеңдегі сабақ құрылымын білдіреді.
Оқулықтың сыртқы құрылымын жасауда кейбір шартылықтар болады, бірақ мүлдем
еркін емес немесе оның ішкі құрылымымен белгілі бір мөлшерде сәйкес болуы
тиіс.
Оқулықтың ішкі құрылым – оқытудың жалпы стратегиясын, ұстанымдарын
таңдауда көрінетін жүйелі байланыстар, сондай-ақ міндеттер мен мақсаттардың
иерархиясы, яғни осы оқу жылындағы оқытудың түпкі мақсаты, аралық мақсаттар
( мысалы, тақырып аясындағы сөйлеу әрекетінің түрлері), әрбір сабақтағы
нақты міндеттер. Жүйелі байланыстар әрбір жаттығу, тапсырмалардың
нұсқауларынан көрінеді, жаттығу дегеніміз тіл үйренуші мен оқытушы үшін
басқа тілдік оқу материалы тілдік орта болып табылатын кез-келген өзара
әрекет, жаттығулардың бірізділігі, олардың өзара қатынасы. Сондай-ақ жүйелі
байланыстар сабақ құрылымын, олардың типологиясының да ара жігін ажыратады.

Оқулық теориясының маңызды мәселесінің бірі – екі құрылым түрі – ішкі
және сыртқы құрылым. Ал оқулық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар
Электронды оқулық құрылымы
Электронды оқулықты пайдалану
Borland Delphi ортасында электронды оқулық жасау
Жаңа формалар мен оқытудың әдісі
Химияны оқыту құралдарын топтастыру
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Информатика пәнінен әдістемелік құрал
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Электрондық оқулықты пайдалану саласы
Пәндер