Оқушыларға экономикалық тәрбие беру



Кіріспе

І. Негізгі бөлім. Экономикалық тәрбие мен білім берудің педагогикалық негізі.
1.1. Оқушыларға экономикалық тәрбие берудің міндеттері мен
мазмұны
1.2. Экономикалық тәрбиенің формалары мен әдістері
1.3. Оқушыларға экономикалық білім беру курсын оқыту мәселелері

Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І. Негізгі бөлім. Экономикалық тәрбие мен білім берудің педагогикалық
негізі.

1.1. Оқушыларға экономикалық тәрбие берудің міндеттері мен
мазмұны

1.2. Экономикалық тәрбиенің формалары мен әдістері

1.3. Оқушыларға экономикалық білім беру курсын оқыту мәселелері

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін
жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру үрдісі әрбір
қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің
орындалуы оның экономикалық күш қуаты мен саясатына тәуелді екендігі
белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемелекет
мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау
болып табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны
әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық, философиялық ой
–пікірлер пайда болып қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең
басты мәселеге айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің
негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады,
білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері
қарастырылады.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу
деп қарастырады. Тұлғаны жан - жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу
мен практикалық еңбектің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының
біртұтастығы деп түсінуге болады.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне
байланысты. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері – теориялық білімді
еңбекпен , өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне

баулу, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар
беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат, тәрбиеге тікелей қатысы бар
адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын
жете түсінуі қажет. Осыған орай, тәрбиенің негізгі мақсаттары: а)
оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене
қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін
қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына
белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін
байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл-ой
тәрбиесі, құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық
тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б.
Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі
болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

1. Экономикалық тәрбие мен білім берудің педагогикалық негізі.

Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық
тәрбие. Экономикалықтәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Оқушының
еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін,
саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру
экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады.

Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен
қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру өндіріс, айырбас,
бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды
тәжірибеде меңгерту деп түсінуге болады
Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуібүкіл оқу-тәрбие жүйесіне
жаңа талаптар қояды. Республикамызда экономикалық бағдарлама енгізіліп,
жастар экономиканы терең игеруге, нарықтық экономика саясатын түсінуге,
бағалауға және оған ойдағыдай қатысуға бағыт алуда. Жалпы білім беретін
мектептердегі мұғалімдерге тренинг семинар ұйымдастырылып, экономика
пәнінің мұғалімдері даярланып жатыр. Қолданбалы экономика пәні бойынша
семинарда екі мыңнан астам мұғалім білімін жетілдірді.
Жыл сайын 300 мың бала мектеп бітіріп, жолдама алады. Осылардың көпшілігі
өз бетінше шешім қабылдап, дербес әрекет етуге дайын емес. Әсіресе қазақ
жастарының арасында әрекетсіздік басым. Демек, бұл көзқарас түбегейлі
өзгертіліп, нарықтық қатнасқа бейімдеу ісі бастауыш сыныптан бастап
жүргізілуі тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларына экономикалық тәрбие беру саласында шетелдерде
белгілі бір дәрежеде тәжірибе жинақталған, біз олардың жекелеген жағымды
жақтарын өзіміздің теориямыз бен практикамызда қолдану мақсатына
тоқталмақпыз.
Дамыған капиталистік елдерде экономикалық тәрбиенің бай тәжірибесі бар
екені белгілі. Бастауыш мектептің өзінде бададарды экономикалық білім
негіздерімен таныстырып, қазіргі заманғы өндіріс пен мамандықтар туралы
түсінік береді.

АҚШ – та экономикалық тәрбие беру мәселелеріне ХХ ғасырдың алпысыншы
жылдарында айрықша назар аударыла бастады. Американ экономистері,
педагогтері мен өкімет ұйымдары өздерінің істерін, бизнесін дұрыс басқару
үшін барлық адамдарға өте-мөте қажет негізгі экономикалық түсініктер мен
дағдылар өнерін меңгерудің, сондай-ақ азаматтың саясатқа
жауаптылықпен қатысуының және қоғамның жалпы игілігін қолданудың зор маңызы
бар екенін түсіне отырып, бүкіл халықтың экономикалық сауаттылығын алдыңғы
орындардың біріне қойды. Американ мамандарының пікірі бойынша, экономикалық
білім беру бастауыш мектептің бірінші сыныбынан басталып, балалардың
жыныстық және жас, этникалық және мәдени ерекшеліктері ескеріліп,олар
мектеп бітіргенге дейін жүргізілуі керек.
Экономикалық білімді тарату үшін қолда бар барлық құралдар: сабақтар,
әңгімелесулер, консультациялар, конференциялар, зертханалақ сабақтар,
зерттеу әдістемелері қолданылып, экономикалық тәрбие беру жөніндегі журнал
шығарылады, мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастырылады, әдістемелік
материалдар таратылады, теледидар кеңінен пайдалынады. Алайда, негізгі
міндет мектепке жүктеледі.
Чехия, Внегрияда, Болгарияда, Германияда балалр еңбекке ерте араласады,
олар ата-аналарымен бірге мемлекеттен жалға алған жеке қожалықтарда жұмыс
істейді, ол шаруашылықтар бай және жұмыс қолына өте зәру болады. Балалар
сөз жүзінде емес, іс жүзінде ерте жастан еңбек етуге тартылады, шаруашылық
қамына, экономикаға ден қойып, жұмысты шығын емес, пайда әкелетіндей етіп
ұйымдастыруды үйренеді. Егер балар жеке қожалықтарынан басқа жерде еңбек
етсе, онда олар істеген жұмысы үшін ақша алады. Тапқан ақшасын өз бетінше
жұмсай отырып, өз кірісі мен

шығынын жоспарлауды, қажеттіліктерін мүмкіндіктерімен үйлестіруді
үйренеді. Ерте жастан еңбекке баулу отбасы мен ел экономикасына үлес қосып
жүрген балалардың жеке тұлға ретінде дамуына игі ықпал етеді. Бірқатар
елдердің әлеуметтік-экономикалық саясатында әркімнің өз еңбегінің түпкі
нәтижесіне қызығуына мән береді. Басты нәрсе – адам мүддесін қоғам
мүддесімен ұштастыру, оларды бір-біріне қарсы қойып алмау. Әрбір жеке
азаматы дәулетті болған сайын халық шаруашылығы да бай бола түседі деп
септеледі.
Германияның жоғары оқу орындарында Экономикалық педагогика деп
аталатын ғылыми пән оқытылады, ол экономика мен түрлі жас кезеңдеріндегі
жекелеген адамдарға тәрбие беру арасындағы байланыс мәселесін, экономиканың
тәрбие жүйесіне ықпалын, түрлі дәуірлердегі тәрбие беру мен экономика
арасындағы байланыс ерекшеліктерін зерттейді.
Біз қазіргі уақытта әлемдік нарыққа біртіндеп шыға бастадық, бұл орайда
мұндай мүмкіндік толық дербестік шеңберінде кәсіпорындар мен
кооперативтердің еншісіне тиіп отыр. Дей тұрғанмен, біз әлі де болса
көптеген қиыншылықтарға тап боламыз, оны жеңу үшін экономикалық
мәдениетімізді көтеруіміз қажет. Шетел педагогтерінің тәжірибесін мұқият
бізге өскелең ұрпақты экономикалық сауатты іске дайындауға көмектеседі.
Бұл біздің елімізге дүниежүзілік экономикалық, саяси және әлеуметтік
мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мынадай негізгі мәселелер назар
аудартады:
1. Мектеп экономикалық тәрбие жүйесіндегі басты, бірақ бірден-бір буын
емес.
2. Жас және жыныс ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық тәрбие мен
білім мәселелерін шешу.

3. Экономикалық материалды оқу пәнедері бойынша оқу құралдарына енгізу.
4. Мұғалімдердің экономикалық даярлық жүйесі.
5. Экономикалық білім мен тәрбие бойынша ұйымдар құру және түрлі
мамандардың: экономистердің , бизнесмендердің, журналистердің,
социлогтердің көмегімен және қатысуымен бұл жұмысты үйлестіруге күш
салу.
6. Экономикалық тәрбие бойынша ғылыми және әдістемелік сипатта көптеген
кітапша- жинақ , кеңінен танымал оқу құралдарын шығару.
7. Экономикалық ағарту мақсатында оқу және оқудан тыс жұмыстардың түрлі
нысандарын, оның ішінде теледидар мен баспасөзді пайдалану.
Экономикалық тәрбие беру мәселесі А.С. Макаренконың, В.А. Сухомлинскийдің
еңбектерінде, А.Ф. Амед, Г.П. Александров, И.А.Малышев, М.П:Мельникованың
жұмыстарында, еңбекке баулу және өндіріс жағдайындағы экономикалық білім
беру Л.А.Фридман, А.Х.Сатаров, еңбектерінде, мектеп оқушыларының жас
ерекшеліктерін ескеріп, экономикалық тәрбие беру мәселесі Т.Е.Сергеева,
Н.Б.Кулакова, В.С.Зайцев еңбектерінде қатыстырылған.
Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин мектепте берілетін
экономикалық тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде
бағалады. Оқу ағарту ісіне Ыбырай енгізген жаңалық – қазақ жастарына
кәсіптік мамандаққ беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының
экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді:
қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.

Ы.Алтынсарин еңбектің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре білді.
Оның еңбек тақырыбына жазған әңгімелерінен бала жанын жазбай танитын нәзік
психолог екенін аңғаруға болады.
Ағартушының танымдық көзқарасы бойынша, экономикалық табыс, елдің
және жеке адамның ырысының мол болуы әр адамның белсенді еңбек етуі арқылы
бақытты өмір сүруге ұмтылуына байланысы.
Оқушыларға нарық экономикасын түсіндіру үшін және еркін кәсіпкерлік
жүйесінде өндірісті басқарудың кейбір сарамандық дағдыларын меңгеру үшін
экономикалық білім берудің маңызы зор. Бірақ, біз оқушыларға бүгінге дейін
даяр білімді меңгертумен ғана шектеліп келдік. Сондықтан өмір талап етіп
отырғандай, қазіргі өтпелі кезеңде әрбір отбасының күнделікті күн көруіне
қажетті табыс көзінің қайдан келетінін үйреткеніміз жөн. Оқушылар кез-
келген затты сатып аларда, оның көңілін екі нәрсеге аудартуымыз қажет.
Біріншісі, керекті затты сатып алу үшін ақша табу, екіншісі, сол тапқан
ақшаны қалай жұмсау керектігін ойланту. Табыс табудың екі жолы бар:
біріншісі-жұмыс істеп ақша табу, екінші- қолда бар байлықты пайдаланып,
табыс табу. Дегенмен, табыс табуды алыпсатарлықпен шатастыруға болмайды.
ҚР Білім туралы заңында білім жүйесінің нарық жағдайында қызмет
етуінің нақты механизмін анықтауға ұсыныс жасалған. Оқушыларды еңбекке
баулудың сан алуан жолы бар. Солардың бірі – оқушыларға экономикалық білім
беру.
Экономикалық білім беру деп – оқушының еңбекті қажетсінуін,
еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін
және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру мақсатында берілетін білім.
Оқушыларға экономикалық білім берудің мақсаты – қоғамның

экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну
шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжирибеде меңгерту.
Экономикалық білім теориясы қоғам өмірінің материалдық негіздерін түсінуге,
қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осының негізінде оқушылар қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынып, қоғам мен
жеке адам мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа көзқарастарды
қалыптастыруы керек. Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі кездегі өте
кешенді мәселелердің бірі. Сондықтан, оларды халық шаруашылығының әр түрлі
салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-
техникалық, гуманитеарлық білімдермен қаруландыру керек.
Ендеше қазіргі нарықтық экономика, шаруа қожалығының пайда болуы, жерді,
өндірісті жеке адамдарға беру, т.б. талап – талғамдарды оқушыларға оқып-
үйрету талап етіледі. Алайда көптеген мектептердің материалдық базасы
бүгінгі таңда төмен. Оқушылар жеке саудаға көшті. Осы сауданы дұрыс
ұйымдастыру үшін әрбір мектепте оны молайтудың жолдарын іздестіру қажет.
Бұрын мектепте шеберханада жасалатын бұйымдар, берілетін сабақ теориялық
тұрғыда айтылып, тәжірибелік жұмыстарда кесу, тесу, сүргілеу немесе
өсімдіктерді өсіру, күту, жинау әдістеріне ғана үйрететін. Экономикалық
білім беруге назар аударылмайтын.
Оқушы өзі жасап жатқан заттардың өмірге қажеттілігі, жасауға кететін
материал шығыны, оны жасайтын еңбек қөұралдарының құны, қалдықсыз өнім
өндірудің пайдасынаназар аударылмайтын. Практика ретінде мектептегі еңбек
пәні мұғалімдерінің арасында: Сіз сабақта оқушыларға экономикалық есеп пен
талдау туралы қарапйым түсініктерді неге айтпадыңыз?- деген

сұраққа Оны мен өзім де білмеймін, оған дайындығым жоқ -деген жауаптарды
да еститін жайлар кездеседі.
Бұл кездейсоқ нәрсе емес. Педагог мамандардың өздерінің экономикалық
білімі, мәдениеті жеткіліксіз. Содан барып оқушы жастар да күнделікті
тұрмыстан алатын үстүрт түсініктерімен шкетеледі. Қазір өмірдің өктем
талабы оынау баға жетпес теориялық және практикалық тұрғыда қажет нәрсені
білуді талап етеді. Әзірге мектеп оқушыларының экономикалық сауаттылығы,
тәрбиелігі төмен дәрежеде. Жас ұрпақтарға экономикалық білім беруге жаңа
қадам жасау керек. Өйткені экономика мен мәдениетіміздіңдамуы, халықтың әл-
ауқатының өсуі осы мәселелермен тығыз байланысты. Бірақ, экономикалық
білімділік адамдардың қоғамдық байлыққа деген ұқыптылығын, үнемділігін,
тиянақтылығын өзінен-өзі қалыптастыра салмайды. Мұндай қасиеттеркейде
жекешілдік пен тұтынушылық сипатта көрінуі де мүмкін. Біз оқушыларды оқыту
кезінде қазірге дейін материалдық байлықты жасаушы ретінде емес, оны
пайдаланушы ретінде ғана білім бердік. Соның нәтижесінде олар осы мерзімге
дейін қыруар шығын шығарып жинақталған материалды кесу, тесу, жөндеу,
үйренуші ғана болды. Мәселен, жәшік жасауды ойыншық жасаудай көрді. Оны
жасау үшін қанша материал, еңбек, техника, күш, электр қуаты, т.б. шыққан
шығын, түскен апйдамен ешқандай жұмысы болмады.
Баршаға мәлім, елімізде оқушыларға 1986-2000 жылдарға арналған құатта
еңбек тәрбиесі мен экономикалық тәрбие берудің материалдық базасын нығайту
шаралары белгіленгені мәлім. Мектеппен қоса отбасында да экономикалық білім
беру баланың еңбекке сапалы көзқарасының қалыптасуына, еңбекті тиімді
ұйымдастыра білуге, табыс пен пайданы анықтап алуға үйретеді. Тапқан
табысты қоғамдық мақсатқы тұтыну, табысты кәдеге жарату, қоғамдық тұтыну
қорларын пайдалануды тек ересек адамдар ғана балаларға үйрету, айырбастау,
өндіру, сату, оның пайдасын отбасын мүшелеріне еңбек бөлісіне қарай бөлу,
олардың өмір сүруі үшін табыстың қайдан келетінін түсіндіру қажет.
Сондықтан жаңадан қабылданған Білім туралы заңда оқушыларға базалық
бағдарлама негізінде оқу жэоспарына қосу арқылы экономикалық білім беру
механизмі енгізіліп, жүзеге асыру керек деген талап қойылды.
Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін
түсіндіреді. Адамзат қоғамы өмірінің құпия сырын ұғынудың, қоғамды қайта
құрудың обьективті негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ғылым адам
және оның экономикалық қатынастарын зерттейді.
Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың
экономикалық ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде оқушылар қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынуы, қоғам және
тұлғаның мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды
қалыптастыру керек. Бастауыш мектеп, негізгі базистік мектеп және бағдарлы
мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарына экономикалық тәрбие мәселелерін жүйелі
өндіру мүмкіндігі туып отыр. Бастауыш мектептегі қол еңбегі барысындағы
құнттылық, еңбек барысындағы үнемшілдік, бағдарлы мектептегі салалық
еңбектің экономикалық негіздері тәрбие жұмысын жаңа негізге көшірудің
құралына айналуда.
Халыққа білім беру біздің елімізде мемлекет тарапынан қамқорлыққа
алынған. Мемлекетіміздің экономикалық саясатына өзгерістер енуіне
байланысты білім беруді қаржыландыру да қолға алынуда. Білім берудің
мемлекеттік стандартына сай оның белгілі бір мөлшерде қаржылануы
сақталады. Қаржылангдыру кезі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін
оқушылардың төлемімен құрылады.
Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте
көкейкесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі
салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық,
гуманитарлық білімдермен қаруландыру.

1.1. Оқушыларға экономикалық тәрбие берудің міндеттері мен
мазмұны

Экономикалық тәрбие және білім беру шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың
өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті және маңызды шарты.
Мұның негізгі міндеттері мемлекеттің жүргізіп отырған экономикаылқ
саясатымен айқындалады. Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік-
экономикалық тәрбиесі мен білім алуына жоғары талартар қойып отыр. Себебі
бұрын қалыптасқан экономикалық саясат, экономикалық қатынастар күйреп, жаңа
– рыноктық, экономикалық саясат пен қатынастар орын тебуде.
Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп
төмендегідей міндеттерді ескереді:
1. Қоғамның рыноктық экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің
түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылықтары жөніндегі
білімдері игеру.
2. Мемлекеттің экономикалық теориясы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Экономикалық тәрбиенің әдістері
Мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие берудің маңызын анықтау
Экономикалық тәрбие
Оқушыларға экономикалық білім берудің әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларына математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру мүмкіндіктері
Экономикалық білім беру
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Бастауыш мектеп оқушыларына математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру
Экономикалық тәрбие ұғымы
Пәндер