Тəрбие процесінің мазмұны


1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар
Тұлға мəдениетінің негізі оның жалпы адамзаттық құндылықтарға қатынасынан көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, əлеуметтік жəне мəдени мəн-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам қызметіндегі заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады, яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық , шындық пен жалғандық, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз болған тəсілдер мен өлшем-шектер субъектив баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Қалыпты тəртіптік ұғым формасына енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар жəне бағалар, бұйрықтар мен шектеулер, мақсаттар мен жобалар.
Сонымен, заттай жəне субъективті құндылықтар адамның өзін қоршаған дүниеге болған құндылықты қатынастарының екі қарама-қарсы (полярлы) шегін аңдатады. Адам іс-əрекеті құрылымындағы құндылықты тараптар танымдық жəне еріктік құндылықтармен өзара тығыз байланысқан.
Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым (формация) өзіне тəн құндылықтар жиынтығымен ажыралады. Ал одан түзілген жүйе əлеуметтік реттеудің аса жоғары деңгейі сипатында көрінеді. Бұл жүйеде қоғам не əлеуметтік топ мойындаған өлшем-шек, талаптар (критерии) белгіленеді. Тұлғалық деңгейде меңгерілген бұл талаптар тұлға қалыптастырудың негізіне алынып, қоғамды қалыпты тəртіпте ұстауға жəрдемдеседі.
Қоғам өмірінің кезеңдерінде құндылықтар жүйесі өзгеріске түсіп, ауысып барады. Құндылықтар өзіне тəн ерекшеліктерге ие. Олардың кейбірі тарихтың қай кезеңінде де өз маңызын жоймайды. Мысалы, ежелгі дүниенің тарих сахнасында өшкенімен, онда мұрат етілген эстетикалық

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 14 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге




Тəрбие процесінің мазмұны

1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар
2. Тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыру
3. Бала құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттар идеяларының тəрбие
мазмұнында ескерілуі

1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар
Тұлға мəдениетінің негізі оның жалпы адамзаттық құндылықтарға
қатынасынан көрінеді. Құндылық термині болмыстың белгілі құбылыстарының
адами, əлеуметтік жəне мəдени мəн-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам
қызметіндегі заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат
құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған бағалы заттар
сипатында іс-əрекетке қосылады, яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық
, шындық пен жалғандық, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік
жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз
болған тəсілдер мен өлшем-шектер субъектив баға түрінде қоғамдық сана мен
мəдениетте бекиді де адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Қалыпты
тəртіптік ұғым формасына енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар жəне
бағалар, бұйрықтар мен шектеулер, мақсаттар мен жобалар.
Сонымен, заттай жəне субъективті құндылықтар адамның өзін қоршаған
дүниеге болған құндылықты қатынастарының екі қарама-қарсы (полярлы) шегін
аңдатады. Адам іс-əрекеті құрылымындағы құндылықты тараптар танымдық жəне
еріктік құндылықтармен өзара тығыз байланысқан.
Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым (формация) өзіне тəн құндылықтар
жиынтығымен ажыралады. Ал одан түзілген жүйе əлеуметтік реттеудің аса
жоғары деңгейі сипатында көрінеді. Бұл жүйеде қоғам не əлеуметтік топ
мойындаған өлшем-шек, талаптар (критерии) белгіленеді. Тұлғалық деңгейде
меңгерілген бұл талаптар тұлға қалыптастырудың негізіне алынып, қоғамды
қалыпты тəртіпте ұстауға жəрдемдеседі.
Қоғам өмірінің кезеңдерінде құндылықтар жүйесі өзгеріске түсіп, ауысып
барады. Құндылықтар өзіне тəн ерекшеліктерге ие. Олардың кейбірі тарихтың
қай кезеңінде де өз маңызын жоймайды. Мысалы, ежелгі дүниенің тарих
сахнасында өшкенімен, онда мұрат етілген эстетикалық құндылықтар əлі күнге
дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Ортағасырлық ағару (просвещение)
дəуіріндегі гуманистік, демократиялық идеялар бүгінгі заман қызметіне
жарауда.
Қоғамдағы құндылықты қатынастардың аса маңызды элементтерінің бірі –
құндылықты бағыт-бағдар.
Құндылықты бағыт-бағдар – бұл стратегиялық өмір мұраттары жəне жалпы
дүниетанымдық алғы шарт ретінде танылған құндылықтардың адам санасында
бейнеленуі.
Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағыттарының жиынтығы тұлға
тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген əрекет-қылық жəне
іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді. Осыдан,
құндылықты бағыт тұлға сеп-түрткілеріне (мотивтеріне) себепші, реттеуші
маңызды жағдаят (фактор) ретінде іске қосылады. Құндылықты бағыт-
бағдарлардың негізгі мазмұны – адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық),
адамгершілік наным-сенімдері, терең əрі тұрақты бейімділіктері, қылық-
əрекет, мінез принциптері. Осыдан, қай қоғамда да тұлғаның құндылықты бағыт-
бағдары тəрбие жəне мақсатты ықпал жасау нысаны ретінде қарастырылады. Олар
арқылы еріктік күш салу, зейін, ой-өріс бағдарлары анықталады.
Құндылықты бағдардың дамуы –тұлға кемелінің белгісі, оның
əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның
келесідей сапаларының дамып, орнығуына себерші болады: тұлғаның тұтастығы
мен сенімділігі , белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар
мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік,
өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен
өжеттік.
Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет-қылық пен мінездегі
тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағыт-бағдардың мешеуленуі адамның
селқостығы мен енжарлығына себепші болады.
Бүгінгі күнде əлем елдерінде əрқилы құндылықтар жүйесі қабылданған.
Осы заманғы гуманистік педагогика олардың арасында жалпы адамзаттық
келесідей құндылықтарды аса маңыздылар қатарында алға тартады: адам құқы,
адамды ең жоғары құндылық ретінде тану, бала тұлғасы мен оның қадіріне
құрмет; бала еркіндігі мен даму құқын қорғау; білім жəне тəрбиедегі
демократиялық принциптерді берік ұстану.
Адам құқы жəне еркі – жалпы адамзаттық құндылық, себебі олар
адамзаттың жалпы мүдделерін танытады, əрқилы халықтардың , діндер мен
дəуірлердің рухани мұраттарын жақындатады əрі туыстырады. Барша халықтар
туындыларын сыйлауға, бағалау мен қорғауға үйрену – бұл ұлттық жəне
ұлтаралық ынтымақтың белгісі ретінде қабылданған жалпы адамзаттық
құндылықтарды сезіну жəне қабылдау нышаны.
Бүгінгі Қазақстандық қоғамда құндылықты бағыттар қатарында
ұлтжандылық, отаншылдық сезімдері, яғни өз халқымызды, оның салт-дəстүрін,
тілін, мəдениетін, əдеттерін, туған ел табиғатын құрметтеп білу- жоғары
маңызға ие болып отыр. Сонымен бірге əрбір адам үшін жоғары құндылық – бұл
өмір, тіршілікке болған қамқорлық, гуманистік қатынастар негізі - əр
адамның өз басын сыйлауы, өз адамгершілік сапаларына болған құндылықты
қатынас; ата-ананы, туған-туысқанды, отбасы, бала-шағаны ардақ тұту,
табиғатты аялау жəне ең жоғары инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір ету.

Жалпы адамзаттық құндылықтар арасында ұлттық құндылықтар шегерілмейді.
Керісінше, осы ұлттық құндылықтар арқылы көрінеді. Алғашқыда осы ұлттық
формада көзге түскен қайталанбас соны жетістіктер уақыт өте жалпы
адамзаттық құндылыққа өтеді (мысалы, жақын уақыттың өзінде қазақ домбырасын
жетекші күй аспабы ретінде танытқан Ұлытау триосының Голливуд жеңімпазы
аталып, бүкіл əлемге танылуы).
Қоғамдағы азаматтық, гуманистік құндылықтардың бекуі, өз міндеттері
мен құқықтарының өзара тəуелділігін сезінуші əрі азаматтық ұстанымы бар
ерікті тұлғаны қалыптастыру көбіне тəрбие жəне оқу жүйесіне байланысты.
Заман ерекшелігін ескерумен түзілген құндылықты бағыттардың дамуынан əр
адам өзін планета азаматы, əлем адамы санатында сезінуге мүмкіндік алады.
Жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіне танудың негізі қоғамға
бағытталған идеялардың, сезімдердің, ұғымдардың қалыптасуына; ұлттық жəне
жалпыадамзаттық құндылықтарды байланыстыра білуге; қоғамға жəне басқа
адамдарға болған қатынастарға орай құқы мен міндеттерін зерттеп тануға;
азамат құқы мен міндеттерінің бірлігін түсінуге; азаматтық мінез-құлық пен
сезімдерді тəрбиелеуге; пікір жүргізу еркіндігінің дамуы мен көңіл-күй
ортақтығын сезінуге жəне т.б. орайлас келеді.
Жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыт-бағдар тəрбие мазмұнының
ажыралмас бір бөлігі.

2. Тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыру
Соңғы педагогикалық зерттеулерде тұлғаның базалық мəдениеті түсінігі
қабылданған. Адамның іс-əрекеті барысында жүзеге келетін білімдер ,
ептіліктер, дағдылар, ой-өріс, адамгершілік жəне эстетикалық даму деңгейі,
ортақтасу əдістері мен формалары- бəрі қосылып, тұлғаның базалық
мəдениетін құрайды.
Тəрбие тұлғаның аталған мəдениетін дамытушы əрі қалыптастырушы бірден
бір құрал. Соңғы педагогикалық əдебиеттерде тұлғаның базалық мəдениетін
түзуге көмектесетін бірнеше жеке элементтер аталады:
- табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тəрбиесі, тұлға сапасы
ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау);
- өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын жəне оның құндылық
мəнін дəріптеу; бақыт, еркіндік, ар-намыс, əділдік-теңдік, туысқандық жəне
т.б. сынды құндылықты категорияларды қалыптастыру);
- қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамның құқықтық негізі жəне оның
саяси құрылымымен танысу; қоғамдағы жеке адам проблемасын зерттеу: Мен
жəне қоғам, отаншылдық тəрбиесі);
- еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету).
Дəстүрлі педагогикада тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыруға орай
жүргізілетін тəрбиелік іс-əрекеттердің бірқанша бағыттары аталады.
Ғалымдардың көбі тəрбиелік істердің келесідей бағыттарын ұстанады
(Б.Лихачев, В.А.Сластенин, М.П.Подласый, т.б.):
- ғылыми дүниетаным қалыптастыру;
- азаматтық тəрбие;
- еңбек тəрбиесі;
- адамгершілік тəрбиесі;
- эстетикалық тəрбие;
- дене тəрбиесі.
Тəрбиелік істердің кейбір жетекші бағыттарының мазмұнын ашайық.
Ғылыми дүниетаным тəрбиесі. Дүниетаным негізі – əлемді түсіну, яғни
қоршаған болмыс жөніндегі білімдер тобын меңгеру. Бұл білімдер мен ұғымдар
ертеңге де, бүгінге де, алыс болашаққа да қатысты. Олардың бəрі адамдардың
рухани дүниесінің кəусар көзі. Дүниетаным құрамы күнделікті өмір барысында,
өнерде, əдебиетте, ғылым мен дінде қалыптасатын белгілі мұраттар мен шындық
бейнелерінде көрінген болмыстық қабылдаулардан құралады.
Дүниетаным наным, сеніммен байланысты. Дүниетаным көзқарастары адамның
ұзақ уақыт айналысқан күрделі ақыл-ес жұмыстарының негізінде орнығады. Бұл
көзқарастар тұлғаның рухани өмірінің тұғырына, оның Мен мəніне айналып,
өмірлік ұстанымын айқындауға негіз болады.
Дүниетанымның қалыптасуы кездейсоқ жəй, тұрмыстық тəжірибеден не
əрқилы дүниетанымдық ұстанымдар тоғысынан, немесе саналы, тұғырлы идеялар,
мұраттар мен принциптердің теориялық зерт-теулері арқасында болуы мүмкін.
Адам дүниетанымында əрқашан белгілі уақыт, заман белгілері көрініс
береді. Əлем жөніндегі бүгінгі ұғым, дүниетаным бүкілдей ғылым
жетістіктерінің негізінде қаланды. Біздің қазіргі дəуірімізге тəн
дүниетанымдық көзқарастар: демократия құндылықтары жəне адам құқын, оның
экономикалық жəне саяси еркіндіктерін, ар-намыс жəне дүниетанымдық
еркіндікті бүкіл əлем болып қолдап-қуаттау жəне қорғау. Күннен күнге білім
құндылығы артуда. Қоғам болашағы да осы білімге иек артады, стратегиялық
əлеуметтік бағдарламалар да көбіне білімді негізге алып түзетілетін болды.
Ғылыми дүниетаным қалыптастырудағы басты мақсат –мына күрделі де
қайшылықты өмірде адамға өз бетінше дербес іс-əрекет жасаудың бағдарын
беру.
Азаматтық тəрбие мəні – кемелденудегі ұрпақты отаншылдық, құқықтық,
адамгершілік сезімдеріне баулып, өз қадірін, тұлғалық еркіндігін,
тəртіптілікті, басқа азаматтар мен мемлекеттік билікті сыйлауды үйрету,
сонымен бірге жүктелген міндеттерді орындау, отаншылдық, ұлтжандылық жəне
ұлтаралық сыйластық сезімдерін үйлесімді байланыстыра білу қабілетін
дамыту.
Азаматтық тəрбие мақсаты – əр адамда қоғамның адамгершілік мұраттарын,
Отанға деген сүйіспеншілік, бейбітшілікке ат салысу ықылас –ниеттерін
қалыптастыру. Азаматтықтың негізгі элементтері – мемлекет жəне басқа
азаматтарды құрметтеуге байланысты өз міндеттерін орындауға мүмкіндік
беретін адамгершілік жəне құқықтық мəдениет. Кемелденген азаматтықтың
белгісі – сөз бен істің бірлігі. Адам тұлғасының дамуына бағытталған
гуманистік қадамдар да – осы азаматтық сезімдердің деңгейімен бағаланады.
Азаматтық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны: əрекет- қылықтың
конституциялық жəне құқықтық талаптарын зерттеу, үйрену; бейбітшілікке,
зорлау күшін жұмсамауға тəрбиелеу; қоғам жəне тұлға мүддесін танытушы
қоғамдық сананың бір формасы азаматтың сезімін, ұлтаралық ортақтасу жəне
құқықтық қатынастар мəдениетін, еліміздің жетістіктері жөніндегі білімдер
жүйесін, адамның қоғамда өз мүмкіндіктерін іске асыруға себепші азаматтық
тəжірибесін қалыптастыру.
Азаматтық тəрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей
жетістіктерді қолға түсіруіміз мүмкін:
- азаматшылдық идеяларын қабылдаудың психологиялық кейіп жағдайлары
жасалады;
- азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады;
- бірлікті өмір сүруге дағдыланады;
- өз талаптарында , əрекет-қылықтарында , əдеттері мен əрекеттерінде,
ниеттері мен қалауларында астамдылыққа бармауға үйренеді;
- басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады;
- қоғамдағы бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тəртіптілік
сақтау үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау мен
қадағалау жүргізуге бейімделеді.
Отаншылдық тəрбиесі. Бұл тəрбиенің мақсаты – оқушыда ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Тəрбие процесінің мазмұны туралы
Тəрбиенің міндеттері мен қызметтері, тəрбие процесінің ерекшеліктері
Тəрбие əдістері
Тəрбие принциптерi
Тəрбие мəн-мағынасы
Тəрбие мəн-мағынасы туралы
Тəрбие əдістері туралы
Тəрбие құралы – əлеуметтік орта
Тəрбие əдiстерi мен тəсiлдерi
Тәрбие процесінің жалпы заңдылықтары және тәрбие процесінің мазмұны
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь